Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы"Қазақ хандығына 550 жыл" топтық сайыс

"Қазақ хандығына 550 жыл" топтық сайыс

Скачать материал

Тәуекел Кеңескүл

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,№130 Абай орта мектебі

Қазақ хандығына  550 жыл” топтық сайыс.

Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

  2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

  3. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;

Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа даярлаған үстел,слайд, видеоролик.

Түрі: Топтық сайыс.

Барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7А,Б,В сыныптар оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :

Әділқазы, аққазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді бар әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.

Видеоролик (Қазақ хандығы)

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, білім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі, - дей келе сайысымыздың 1- кезеңін бастаймыз. Әр топқа 14 тесттік сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І. Тапқырлар тобы

1. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:

А) қазақ-қырғыз

В) өзбек-қазақтар

С) қырғыздар

D) қыпшақтар

Е) еркін кезбелер

2.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы:

А) зор, күшті, көшпелі

В) еркін, азат, алып

С) мықты, берік, алып

D) көшпелі, алып, еркін

Е) күшті, еркін, мықты

3.«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:

А) XVII ғасыр

В) XVI ғасыр

С) XVIII ғасыр

D) XIV ғасыр

Е) XV ғасыр

4.«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:

А) Таңбалы Еділ

В) Таңбалы Есіл

С) Алтын Орда

D) Ноғай Ордасы

Е) Таңбалы Нұра

5.Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі:

А) Топтасып өмір сүру үшін

В) Басқару тиімділігінен

С) Өз жерін қорғау үшін

D) Өз ішіндегі келіспеушіліктерден

Е) Ымырластықтың болмауынан

6.XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер:

А) Түркістан аймағы

В) Тараз аймағы

С) Отырар аймағы

D) Ақмешіт аймағы

Е) Сайрам аймағы

7.««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы:

А) М.Қозыбаев

В) Рузбихан

С) Ә.Марғұлан

D) К.Ақышев

Е) Б.Е.Көмеков



8.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:

А) Еркін, кезбе

В) Мықты, берік

С) Алып, күшті

D) Еркін, берік

Е) Мықты, күшті

9.Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз:

А) Қыпшақ

В) Өзбек

С) Алаш

D) Үйсін

Е) Түрік

10.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан:

А) В.Рубрук

В) Ш.Уәлиханов

С) М.Дулатов

D) Б.Е.Көмеков

Е) Рузбихан

11.Қазақ жүздерінің құрылу себебін жазған ғалым

А) А.Құнанбаев

В) Ы.Алтынсарин

С) Ш.Уәлиханов

D) С.Торайғыров

Е) Левшин

12.XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы:

А) Фольклор

В) Музыка

С) Философия

D) Этнология

Е) Этнография

13.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:

А) Ер Тарғын

В) Қобыланды батыр

С) Ер Қосай

D) Орақ-Мамай

Е) Ер Төстік

14.Қазақстанның байырғы тұрғындардың түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы:

А) Жаратушы

В) Пір

С) Аруақ

D) Көк тәңірі

Е) Тәңірге сиыну



ІІ.Алғырлар тобы

1.XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан:

А) Тәуке ханВ) Тоғылық-ТемірС) Хақназар ханD) Әбілқайыр ханЕ) Қасым хан

2.XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты:

А) «Оғызнама»В) «Хұсрау мен Шырын»С) «Кодекс куманикус» D) «Жүсіп – Зылиха»Е) «Мухаббатнама»

3.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:

А) «Қамбар батыр»В) «Ескендір»С) «Мухаббатнама» D) «Хұсрау мен Шырын»Е) «Жүсіп – Зылиха»

4.XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты:

А) «Хұсрау мен Шырын»В) «Жүсіп – Зылиха»С) «Мухаббатнама»D) «Ел айрылған»Е) «Оғызнама»

5.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

А) Ер ТарғынВ) Орақ - МамайС) Ер ҚосайD) Шора батырЕ) Құламерген

6.XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі:

А) СаудаВ) ҚолөнерС) Жер өңдеу кәсібіD) Мал басынан алындыЕ) Егіншілік

7.XV ғасырдың ІІ жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш:

А) Алаша хан кесенесіВ) Арыстан баб кесенесіС) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесіD) Аяққамыр күмбезіЕ) Білеулі ғимараты

8.Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер:

А) Алаша хан кесенесінің ішіненВ) Ақыртас ғимаратынанС) Боран мұнарасынанD) Білеулі ғимаратынан

Е) Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен

8.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді:

A) Түркістан мен Қаратау аралығындаB) Іле, Шу, Талас өзендері бойындаC) Ұлытаудан Есілге дейін жерлердеD) Жетісуда

E) Ертістен батысқа қарай, Орталық Қазақстанда

9.XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының ... әсер етті.

A) Ұлттық мемлкет болып құрылуынаB) Сыртқы саясатының дамуынаC) Күшейуіне

D) ӘлсіреуінеE) Бірігуінің аяқталуына

11.Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:A) Әбілхайыр мен ӘбілмәмбетB) Жәнібек пен Жолбарыс

C) Керей мен ЖәнібекD) Есім мен ТұрсынE)Қасым мен Тұрсын

12.Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған:

A) Есенбұға ханB) Есім ханC) Әбілхайыр ханD) Орыс ханE) Мұстафа хан

13.«Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»

деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма:

A) Мұхаммед Хайдар Дулати «Та’рих-и-Рашиди»B) ОғызнамаC) Кодекс куманикус

D) Шежірелер жинағыE) Тарих-и-Абулхаир-хани

14.Қазақ хандығының алғашқы территориясы:

A) Іле өзеніB) Жайық өзеніC) Шу мен Талас өзендері маңыD) Дешті Қыпшақ жеріE) Сарыарқа


ІІІ. “ Білімділер тобы ”

1. Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны:

A) 350 мыңB)370 мыңC) 400 мыңD) 200 мыңE) 150 мың

2.XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы:

A) КөшімB) Шайбани ханC) Жүніс ханD) Әмір ТемірE) Уайс хан

3.Қазақ хандығының құрылған уақыты

А) 1458-1460 ж.В) 1465-1466 ж.С) 1466-1467 ж.D) 1468-1469 ж.Е) 1470-1471 ж.

4.XV ғ-ң соңына қарай Қазақ хандығына енген қалалар

А) Созақ, СығанақВ) Яссы, Үзгент

С) Отырар, АркөкD) Шаш, АшнасЕ) Суяб, Бозкент

5.XV ғасырдың 70 жылдарында қазақ хандарының басып алған жерлері

А) Сырдария мен Қаратау өңіріВ) Сібір хандығының жерін

С) Қазан хандығынD) Астрахан жерінЕ) Моғолстанды

6. Қасым хан тұсындағы бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін көшірілді:

A) Түркістан қаласынаB) Суяб қаласынаC) Ташкент қаласына

D) Сауран қаласынаE) Сайрам қаласына

7.XVI ғасырдың I жартысындағы Қазақ хандығы тәуелсіз, дербес мемлекет есебінде белгілі болды:

A) РесейгеB) Орта АзияғаC) Орта Азия мен Шығыс Еуропаға

D) Шығыс ЕуропағаE) Иран шахына

8.Хақназар хан билеген жылдар:

A) 1480-1511B) 1523-1532C) 1524-1537D) 1532-1538E) 1538-1580

9.Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:

A) 1578B) 1579C) 1580D) 1582E) 1589

10.1583 жылы «Ант беріскен шартты » бұзып, Тәуекел хан Өзбек ханнан қайтарып алған қалалар:

A) Сауран, Түркістан, Отырар, СайрамB) Суяб, Ташкент, Түркістан, Отырар

C) Қойлық, Үзгент, СығанақD) Суяб, Сығанақ, ТашкентE) Отырар, Сайрам; Сауран

11.Тәуекел ханның беделін және күш-қуатын арттырған жеңіс:

A) Сыр бойы қалаларын қайтарып алуы

B) Ташкент қаласының түбіндегі Абдаллах ханды талқандауы

C) Баба сұлтанды жеңуіD) Түркістан қаласының түбіндегі жеңіс

E) Жетісу жерін қайтарып алуы

12. Қазақ хандығы мен Өзбек хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың нәтижесі:

A) Қазақ хандығының жеңілуі

B) Сыр бойындағы қалалардан айырылуы

C) Қазақ хандығының жеңіске жетіп, Ташкентті қосып алуы

D) Сауран, Түркістан, Отрар, Сайрам қалаларын қайтарып алуы

E) Қазақ хандығы экономикалық жағынан әлсіреді

13.Есім ханның билік құрған жылдары:

A) 1511-1518B) 1523-1532C) 1532-1537D) 1598-1628E) 1580-1582

Кім жүйрік ойға, сол алда – деп келесі 2-кезең «Жұмбақ жылдар» кезеңін бастаймыз. Мына үш парақта тарихи оқиғалардың жылдары берілген. Сол жылдары қандай оқиғалар болды соны жанына жазасыңдар. Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Қазақ ордасының, құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері: Қасым хан, Хақ-Назар хан, Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан, ұлы ғалымымыз Шоқан, Алаш-Орда көсемі Әлихан Бөкейхан – барлығы да осы әулие Әз-Жәнібек ханның тікелей ұрпақтары.

Қазақ хандығының хандары

1. 1456-1473ж.- Керей

2. 1473-1480 ж.- Жәнібек

3. 1480-1511ж.- Бұрындық

4. 1511-1518ж.- Қасым

5. 1518-1523ж.- Мамаш

6. 1523-1533ж. -Таһир

7. 1533-1534ж.- Бұйдаш

8. 1535ж. -Қожа Мақмұт

9. 1535-1537ж.- Тоғым

10. 1538-1580ж.- Хақназар

11. 1580-1582ж. -Шығай

12. 1582-1598ж.- Тәуекел

13. 1598-1628 (1645) ж.ж. - Есім

14.1628(1645) – 1652(1680) жылдар. -Жәңгір (Салқам Жәңгір)

15. 1680-1718 ж.- Тәуке

16.1718-1726(1729) ж.- Батыр

III. «Тарих дөңгелегі» танымдық сұрақтар.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - дей келе сайысымыздың 3- кезеңінбастаймыз. Әр топқа 8 сұрақтан қойылады, әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

І. Тапқырлар тобы

1.Қазақ хандығы қашан құрылды? /1465-66жж./

2.Қазақ хандығы қай жерде құрылды? /Қозыбасы деген жерде/

3.Қазақ хандығын құрған сұлтандар? /Керей мен Жәнібек/

4.Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады? /Моғолстан, Өзбек хандығы, Сібір хандығы, Орыс хандығы/

5.Қазақ халқы неше жүзге бөлінді? /Үш жүзге - Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз/

6.Тәуекел хан болғаннан кейін алдына қандай мақсат қойды? /Сыр бойындағы қалаларды қазақ хандығына қайтару /

7.Шығай ханның баласы? /Тәуекел/

8. «Жеті жарғыны» шығарған хан? /Тәуке хан/

ІІ.Алғырлар тобы

1. Тұрсын ханның астана деп жариялаған ханы? / Ташкент/

2. Тұрсын хан кімнің ұлы? /Жалым сұлтанның/

3. Бұхараның ханы кім? /Абдаллах/

3. Абақ хан қай жерлерді биледі? /Жаркент пен Қашқари/

4.Бұл дүниеден өтер кезде: «Қазақтың ұраны бірлік» деп көзін жұмған хан ол кім? /Әз-Тәуке хан/

5.Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды? /Қатаған қырғын/

6.Қазақтың үш биін атаңыз? /Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке би/

7.1710 жылы Кіші жүзде сайланған хан? /Әбілқайыр/

8.Есім ханның шығарған заң атауы? / «Есім ханның ескі жолы»/


ІІІ. “ Білімділер тобы ”

1.Есім ханөзінң астанасы етіп жариялаған қала? /Түркістан/

2.Қазақстандағы ең биік шың? /Хан Тәңірі/

3.Тарих сөзі қандай мағына білдіреді? /зерттеу, өткен оқиғалар жайлы деген әңгіме дегенді білдіреді/

4.Тұрсын ханды жақтаған ру? / Қатаған/

5.Қасым ханның әкесі? /Жәнібек /

6.Хақназар ханнан кейін хан тағына кім отырды? /Шығай /

7. Алғашқы қазақ –Бұхар соғысы қай жерде болады? /Айғыржар/.                                                

8.Есім ханның ең жақын жорық жасауы? /Марғасқа/.









IV.Қорытынды.

Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті, бірақ сол бұрынғы-соңғы тарихта орны бөлек екі адам бар десек, бұлар – Қазақ Ордасының негізін салған әуелгі екі ханымыз – Керей мен Жәнібек. Бұлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы деуге болмайды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қазақ хандығына 550 жыл" топтық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Хранитель музейных предметов

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәуекел Кеңескүл

Қызылорда облысы,Сырдария ауданы,№130 Абай орта мектебі

“Қазақ хандығына 550 жыл” топтық сайыс.

Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

1.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;

2.Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;

3.Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;

Көрнекілігі: Безендірілген сынып, нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа даярлаған үстел,слайд, видеоролик.

Түрі: Топтық сайыс.

Барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7А,Б,В сыныптар оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :

Әділқазы, аққазыға бір сәлем!

Әділдікке басиеді барәлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімін бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық.

Видеоролик (Қазақ хандығы)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2015 1396
    • DOCX 33.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы
    Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4688
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 84 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 544 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе