Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚазақ тілі пәнінен "Болымды және болымсыз етістік" сабақ жоспары

Қазақ тілі пәнінен "Болымды және болымсыз етістік" сабақ жоспары

Скачать материал

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты: 

1.     Оқушыларға етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінетінін, қалай жасалатынын түсіндіру.Сөз мағынасын түсіндіріп, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.

2.     Салыстыру, талдау арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.      Тыйым сөздер арқылы адамдық қасиетті бойына сіңіре отырып,жақсы іс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы:  

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткен сабақты қайталау

«Білім-теңіз, оқу-кеме, барар жерге тез жетеміз»,- демекші морфология елінің етістік қайығына мініп, етістік еліне саяхатқа барамыз.

v Суретпен жұмыс

Мына суретте не көрдіңдер, не естідіңдер? Суретке қарап қимыл іс – әрекетті білдіретін сөзді атаңдар. Атаған сөздерің қай сөз табына жатады?

Ø Етістік дегеніміз не?

Ø Етістік қалай бөлінеді?

Ø Құрамына қарай қалай бөлінеді?

Ø Тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

v Топпен жұмыс

І топ: дара етістікті жазып, лексика – грамматикалық мағынасына талда.  

Барма, бөл. (тұлғасына қарай туынды, негізгі, құрылысына қарай дара, күрделі) ережесін пайымдау.

ІІ топ: күрделі етістік жазып, лексика – грамматикалық мағынасына талда.

Келе жатыр екен, асықпай кел. (тұлғасына қарай туынды, негізгі, құрылысына қарай дара, күрделі) ережесін пайымдау.

ІІІ топ: негізгі етістік жазып, лексика – грамматикалық мағынасына талда.

Жаз, көр (тұлғасына қарай туынды, негізгі, құрылысына қарай дара, күрделі) ережесін пайымдау.

 

v Тақтамен жұмыс. (Мұғалім өзі оқып тұрады, оқушы тақтадағы кестеге жазып, талдайды.)

Туынды етістіктің жасалуы.

1.     Зат есімдерден етістік тудыру

Ойла, тұзда, істе, гүлде, емде, сабында, була, тісте

2.     Сын есімдерден етістік тудыру

Ақта, ұсақта, көркемде, жақсыла, жаңала, іріле

3.     Сан есімдерден етістік тудыру

Екеуледі, бірлесті

4.     Етістіктен етістік тудыру

Ойна, сөйле, күл, жаз, жібер, айт

Ойна – ойнама, сөйле – сөйлеме, күл – күлме, жаз – жазба, жібер – жіберме,

айт – айтпа

 

ІІІ. Жаңа сабақ

28-жаттығумен жұмыс.

·        Осы етістіктердің ішінен іс – әрекеттің жүзеге асун білдіретін әрекеттерді ата.

·        Іс – әрекеттің жүзеге аспауын білідретін етістіктерді ата.

·        Қандай жұрнақтармен жасалып тұр?

·        Қандай тұжырымдар жасайсыңдар?

Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді.

Болымды етістік

Асық, жүгір, кешік, теп, ұмыт, бар, кел, ойла, жама, қама, күрме, серме.

Болымсыз етістік

Асықпа, жүгірме, кешікпе, теппе, ұмытпа, барма, келме, ойлама.

Негізгі түбірге ма, ме, ба, бе, па, пе жұрнақтары жалғанған немесе жоқ, емес сөздердің тіркесуі арқылы жасалатын, істің болмайтындығын, болмағандығын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік деп атаймыз.

Істің болып жатқандығын, болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік деп атаймыз.

 

v Салыстыру

Болымды етістік: Айқайла, Қама, Сөйле, Биле, Жама, Ойна, Шула,Жазала      

Болымсыз етістік: Айқайлама, Қамама, Сөйлеме, Билеме, Жамама, Ойнама,

  Шулама, Жазалама

v Оқулықпен жұмыс

29-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жазу, грамматикалық талдау жасау. Болымсыз етістіктерді табу.

31- жаттығу

Мақал – мәтелдермен жұмыс. Жаттап, жатқа жазу, грамматикалық талдау жасау.

32- жаттығу.

Тыйым сөздермен жұмыс.

 

v Ой сергіту

Оңға қарай оқыса да, солға қарай оқыса да етістік болатын сөздерді тап.

Шаш, қақ, қыс, қыз, бар, кел, отыр, жүр, біл, көр,

Айтылуы бірдей, мағынасы әр түрлі етістік те, зат есім де болатын мысалдар келтірейік.

33- жаттығу

Жұптық жұмыс

Мен асықпадым                     Мен жонбадым                      Мен тимедім

Сен асықпадың                      Сен жонбадың                       Сен тимедің

Сіз асықпадыңыз                   Сіз жонбадыңыз                    Сіз тимедіңіз

Ол асықпады                          Ол жонюады                          Ол тимеді

 

IV.Бекіту .

1қатар 2қатарға болымды етістік айтады, олар болымсызға айналдырады.

2қатар 3қатарға болымсыз етістік атады, олар болымдыға айналдырады.

 

V. Қорытынды

Алдымызда биылғы жылы қандай айтулы мерекелер күтіп тұр?

1.Президент сайлауы

2.Қазақ хандығына  550 жыл

3.Аналар мерекесі

4.Наурыз мерекесі

5.Ұлы Жеңістің 70  жылдығы

6.Ұландар күні

Осы айтулы мерекелерге арналған алтын сөз құрайық.

Алтын сөз құрау

                   Тәуелсіздік әперген

                   Елбасыңды ...

                   Елдігіңді сақтаған

                   Хандарыңды ...

                   Халқын жаудан қорғаған

                   Батырларды ...

Жарық күнді сыйлаған

Ата – анаңды ...

Ата – баба дәстүрі

Наурызыңда ...

Ұсақ .., ірі ...

Өз ортаңның гүлі бол

Керекті сөздер: Сайлап ал,еске ал, дәріпте,қадірле, той-тойла, болма , бол.

 

VI. Бағалау

VII. Үйге тапсырма

         30,34- жаттығу.

 

Мұғалімі: Шөкеева Гүлжанат Жақсылыққызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі пәнінен "Болымды және болымсыз етістік" сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 9993
    • DOCX 20.8 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шокеева Гульжанат Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18564
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Основы инженерной подготовки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе