Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ғажайып жыл мезгілдері" (2-сынып)

"Ғажайып жыл мезгілдері" (2-сынып)

Скачать материал


Тақырыбы: «Достық туралы не білесің?»
Мақсаты: Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;

Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру, олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына,

өз ойын, пікірін баяндай жеткізе білулеріне көмектесу;
Оқушыларды достыққа адал болуға, имандылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Түрі: Тренинг элементтері аралас танымдық сағат
Көрнекілігі: Интереактивті тақта, нақыл сөздер,сызбалар.
Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау страегиясы, сұрақ-жауап.
Барысы.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз», кішіге де «сіз».
Баршаңызға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Кім достық туралы мақал біледі?
/Оқушыларды тыңдау/

1 – оқушы: Жүз сом ақшаң болғанша
Жүз жолдасың болсын.

2 – оқушы : Тәуір көрген досыңа
Тәуір көрген малын бер
Көре – көре сүйінсін.
Жаман көрген досыңа
Жаман көрген малыңды бер
Көре – көре күйінсін.

3 – оқушы: Жаман туғаның болғанша
Жақсы жолдасың болсын

4 – оқушы: Қажымалы мың жолдас жоқпен тең
Жаның қиған бір жолдас көппен тең


5 – оқушы: Досыңа өтірік айтпа
Дұшпаныңа сырыңды айтпа

6 – оқушы: Есептескен дос болмас

7 – оқушы: Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті жау алмас.

8 – оқушы: Досқа ат берме,
Ат берсең жай жүр деме

9 – оқушы: Дос деп сынамай сыр айтпа
Достың да досы бар

10– оқушы: Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады

11 – оқушы: Жақсы – жаныңа жолдас
Жаман малыңа жолдас

12 – оқушы: Жақсы дос пайдасын тигізеді, зиянын тигізбейді
Жаман дос алдыңды орап жүргізбейді

Мұғалім: Олай болса бүгінгі сынып сағатымыз «Достық туралы не білесің?» деп аталады.
Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
1-оқушы: Достық ізгі ниетті адамдардың бір-біріне тек жақсылық жасауға серттесіп, ниет қосып іс-әрекетке ортақтасуы. Достық ізгі қасиет.

2-оқушы: Достықтың нәрі оның қадіріне жете білу. Достық киелі ұғым.

3-оқушы: Жаны таза, жүзі жылы, жөні түзу, ақылды, парасатты болу-нағыз достықтың белгісі.

4-оқушы: Достықтың сенімі адамдардың бір-бірін қажетсінуі мен шынайы құрмет тұтуы.

5-оқушы: Адал достық – өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа.

6-оқушы: Достасу, серік табу адамның бақытына бақыт қосады.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Достық – аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гауһар тас. Жұлдызды да, гауһар тасты да ешкім кірлете алмайды. Достық адамды асқақтатады.
Нағыз достық адамға шабыт беріп отырады. Олар бір-бірініің қуанышында да, сәтсіздігінде де ортақтасып отырады.
Жалған достықтың ғұмыры қысқа болады. Олар бір-біріне шынайы болмайды. Бір-бірінің кемшіліктерін түземейді.
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу? - деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық ,екіншісі-амал достық, - дейді.
-Дұрыс -ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:

- Адал достық - өмірлік нұсқа, амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?
/Оқушыларды тыңдау/

Мұғалім: Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші. Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік.

Мысалы:
 Достық - адамдар арасындағы байланыс.


Айзат: «Дос болайық бәріміз» өлеңін оқиды.

Мұғалім: Дос деген кім?
Шарты: Өлеңмен жеткізу.


1 – оқушы: Достық – деген таусылмайтын қазына
Көктемде де солып қалар гүл емес
Қарамайды ол сыйдың көп пен азына
Нағыз достар тіпті сый да тілемес


2 – оқушы: Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда
Қиналады, сен қиналсаң болғаны
Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол – дағы


Мұғалім: Дос қандай болу керек?деген сұрағымызға ғұламаларымыз

Достық адам өмірінің тірегі. Толығырақ достық туралы даналық сөздеріне тоқтала кетейік!

/Оқушыларды тыңдау/
1 – оқушы: Адамның мінез – құлқы мен ақылы жайында дұрыс пікірге келудің сенімді тәсілі – оны кітап пен дос таңдауына қарай бағалау. К. Гельвеций

2 – оқушы: Қызмет пен достық – екі параллель сызықтар: қосылмайды.

3 – оқушы: Нағыз достар болу үшін бір – біріне сенімді болу керек.

4 – оқушы: Ұсақ-түйек кемшіліктерді бір – біріне кешіре алатын адамдар ғана шынайы достық байланыста бола алады.

5 – оқушы: Нағыз дос қана өз достарының осалдықтарына төзе алады.

6 – оқушы: Қартайғанда достар саны көбеймейді,
Жоғалғанның бәрі ол кезде қайта оралмайды.

7 – оқушы: Бір ғана жағдайда: мәселен досқа шындықты ашып айтып, сол арқылы оған өзінің адалдығын дәләлдеу жайында болып отырған кезде ғана – бізге достың намысына тиюден қорқатын ештеңе жоқ.

8 – оқушы: Достық ең алдымен шынайылық, жолдасының қателіктерін сынау керек. Достар жолдасы өзінің қатесін түзей алатын болу үшін бірінші болып қатаң сынау керек.

9 – оқушы: Егер сен досыңа ол туралы, оның қылықтары туралы, не ойлайтындығы туралы, ашықтан – ашық, тіпті қатаң түрде айта алмасаң немесе одан өзің туралы дәл сондай шындықты құлақ асып тыңдай алмасаң, онда сендер бір – біріңе шынымен сенбейсіңдер, бір – біріңді түсінбейсіңдер және құрметтемейсіңдер.

10 – оқушы: Тура шындықтың жанасқанына төтеп бере алмаған достық туралы өкініп те керегі жоқ. Қайда барса онда барсын.

11 – оқушы: Нағыз дос бақытсыздықта танылады.

12 – оқушы: Досыңды оңашада сөгіп, көп алдында мақта, көп алдында мақта

13 – оқушы: Өзіңнің достарыңды сақтаудың ең жақсы жолы оларға опасыздық етпеу

14 – оқушы: Достың қолы ғана жүрекке қадалған тікенді жұлып тастай алады.

15 – оқушы: Нағыз достық күншілдік дегенді білдірмейді.

16 – оқушы: Достықтың доңғалағына әдепті, сыпайыгершілік майын құйып отыру – даналық

17 – оқушы: Сенімсіз достар жазда ғана кездесетін қарлығаштар. Олар – күн сағаттары, олардан келер пайда күн сәуле шашып тұрғанда ғана.

18 – оқушы: Қорқақ дос дұшпаннан да жаман, өйткені дұшпаннан сақтанасың, досыңа сеніп қаласың

19 – оқушы: Қиын – қыстау жағдайда досын тастап кеткен адам, сол қиындықты кейін өзі тартады

Ән: «Достық» Орындайтын: 1-сынып оқушылары.

Көрініс: «Екі дос»


Қорытынды.
1. «Алақан» тренигі.
2. Жағдаяттар шешу.


*Саған досың өкпелі. Неге екенін білмейсің. 2 күн болды сені көрсе қашқақтайды. Сен не істейсің?
*Досың сенің жақсы көретін киіміңді күйдіріп алды Қандай шешім қабылдар едің?
*Сенің досыңды үлкен балалар қорқытып жатыр.Сенің әлің жетпейді. Не істейсің?
*Сенің досың өзінен кіші баланың телефонын тартып алды.Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр.Сен не айтар едің?
*Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастауыңды өтінді.Өзімен ғана дос болғаныңды қалады. Не істейсің?
*Досың сенің қимас ағаң сыйлаған сувеиріңді ұнатып қалды.Қайта-қайта оны қызықтаумен болжы.Қимас досың сұраса берер ме едің?

Хор: «Біздің сынып»
Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
      
Мұғалім сөзі:
Қорыта келгенде, менің сендерге айтарым:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
100 сом ақшаң болғанша 100 досың болсын дегенді ұмытпа!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғажайып жыл мезгілдері" (2-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 685
    • DOCX 17.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарсенбаева Бактыгул Аширбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6188
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе