Инфоурок Дошкольное образование КонспектыБала тәрбиесіндегі халықтық педогогика Воспитательница Базарбаева Анар

Бала тәрбиесіндегі халықтық педогогика Воспитательница Базарбаева Анар

Скачать материал

Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік.  Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.

Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани адамгершілік тәрбие -  тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.

       Еліміздің егемендік алған уақыт ішінде қоғамда қаншама өзгерістер болды. Сол өзгерістер туғызған соңғы жаңалықтар бала өміріне тікелей әсерін тигізіп жатқаны  белгілі. Ел ертеңі, ұлт болашағы   үшін этнопедагогика мен этнопсихология ілімдерінің жетістігін тәрбие құралына айналдыру – бүгінгі күннің басты сұранысы. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп шығудың бірден  бір жолы  — өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады. Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам  дамуының алғашқы сатыларында-ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас  болғандығын, мақсатқа сай  тәрбиеленудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді.

      Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

 Егемендігіміз баянды болып, ел ертеңі жарқын болсын десек, ұлт ұрпағына дұрыс тәрбие беру — парыз!   «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»!

Тәрбиелеп отырған жас жеткіншекке бала деп қарамай, кішкентай  күнінен бастап оның елін сүйер бүлдіршін,  ұлтын ұлық тұтар ұлан,  мақ­та­нышымызға айналар отан­шыл азамат болып қалып­тасуына тырысуы­мыз қажет. Бала бойына тәрбиенің ұрығын себетін, ең алдымен, ата-анасы болса, одан к­ейін, балабақшасы. Тіпті есін білер-білмес шағы­нан бастап күнұзаққа бала­бақ­ша­да жүретін бала үшін ба­ла­бақшаның ықпалы ба­сым­дау десек те болады. Ен­де­ше, балабақшаларымыз балалардың ұлтына сай азамат болып қалыптасуы жолында тәлімді тәрбие бере алып отыр ма?!

     Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», — дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында — ата-анасынаң мектепке дейінгі ұйымда – тәрбиешіден  талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.   

      Адамгершілік – қоғамдық өмірдің тарихи – әлеуметтік заңдылықтарына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін реттеп отыруға негіз болып табылатын қауымдық, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескерту арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру үрдісінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасы балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке деген дайындығын қарастырады.

     Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің бірден-бір парызы.

   Қазірге кезде өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.

    Халықтық педагогика – ұлттар мен ұлыстардың ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық өдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілерінің жиынтығы.

    Бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, өз ұрпақтарымызды адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі қасиетті, ар ожданды қылып өсіру тәрбиешінің, ата-ананың басты міндеті. Сондықтан саналы, салауатты, халқымыздың барлық дәстүріне, әлем мәдениетіне қанық, ел тізгінін берік ұстай білетін  ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына және мектепке дейінгі ұйымдағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты.

     Қазақстан Республикасының білім беру саласы бүгінгі басты міндеттерінің бірі-ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жас бүлдіршідерге терең білім мен тәрбие беру керек деген. Мектепке дейінгі тәрбиенің 2009 жылғы жаңа оқу стандарты бойынша «Біз мектепке барамыз» бағдарламасында  ұлтжандылық пен халқымыздың мәдени –тарихи дәстүрлері кезінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтарын  дамыту міндеттері кіргізілген.  Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері бағдарламаларға сүйене отырып, өзіміздің  білім мен тәрбие беріп отырған мектебімізде халық педагогикасы негізінде жұмыстар жүргізіледі. Әр саланы, бөлімді оқыту кезінде қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, үлгілі дәстүрлермен шебер ұштастырып, бала бойына ұлттық мақтаныш, ұлттық патриоттық сезім қалыптастыру, оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да пәрменді жүргізуге күш салу әр тәрбиешінің басты міндеті. 

     Қазіргі таңда қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы серпінді өзгерістер білім беруді әлемдік кеңістікпен ықпалдастыру талабын қойып отыр. Жаһандану дәуірінде ұлт ретінде жойылып кетуге соқтыруы мүмкін рухани мәңгүрттіктен сақтану және халықтық тәжірибеге тән тәрбиенің мазмұнын сақтап қалу үшін өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды зерделеуге, рухани құндылықтарымызды саралап, оны білім беру жүйесіне кешенді ендіру арқылы ұрпақ тәрбиесін ұлттық негізде құруға басты мән беру өте маңызды. Қазақ халқының тарих қойнауында қанша ғасыр өтсе де, тәлім- тәрбиелік мәнін жоғалтпаған  ұлттың болмысына, сана-сезіміне, тұлғалық сипатына сай жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар қатарына жататын асыл дүниелер бар екені белгілі. Осындай рухани құндылықтарды тәрбиенің мазмұнына  арқау ету жетілген тұлғаны қалыптастыру мәселесі педагогика ғылымының тарихына жаңаша көзқарасты қажет етеді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бала тәрбиесіндегі халықтық педогогика Воспитательница Базарбаева Анар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.03.2016 970
    • DOCX 38.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кажынова Айнагуль Канагатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кажынова Айнагуль Канагатовна
    Кажынова Айнагуль Канагатовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17685
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 107 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 555 человек

Курс профессиональной переподготовки

Дошкольное воспитание в условиях реализации ФГОС

Помощник воспитателя

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Робототехника в школе: конструирование и программирование

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе