Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

   БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

      Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

      Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

     Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек.

     Шығармашылық —бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдардың ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.

      Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн.

    Бірінші—адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді.

     Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар.

     Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1.Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

 2.Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

    «Шығармашылық»  сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.

       Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

 

    Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.         Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы—ол баланың өзін-өзі қалып тастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды.

       Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсетсек:

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.

Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.

Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.

Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.

     

       Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

1.                 Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

2.                 Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

3.                 Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;

    Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

Күтілетін нәтиже:

1. Ойы, қиялы,есте сақтау қабілеті дамиды.

2.Шығармашылық қабілеті артады.

3.Қоршаған ортаны танып біледі.

4.Дүниетанымы, ой-өрісі кеңейеді.

5.Рухани адамгершілік құндылықтарды бағалауға үйренеді.

6.Өз ой-пікірін ашық, еркін айта білуге төселеді.

            Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісі мен өзі де оларды құрастыра алады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта  дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:

·                         Мәтін, әңгіме, ертегіні өз беттерінше аяқтау;

·                         Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша өз ойларымен аяқтау;

·                         Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу;

·                         Мәтін бойынша мақал құрастыру;

·                         Кейіпкерлерге мінездеме беру;

·                         Өлең құрастыру;

·                         Берілген ұйқастарды қолданып,өлең құрастыру;

·                         Әңгімелерді бөліктерге бөліп, ат қою;

·                         Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды тексеру(анаграмма, сөзжұмбақ, ребус, құрастырмалы ойындар)

·                         Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу

·                         Сурет бойынша мәтін құру;

·                         Эссе жазу;

·                         Ролге бөліп оқу, сахналау;

·                         Салыстыра отырып,сипаттау;

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу бала бойындағы қабілет көзін ашып,тілін байытуға, қиялын  ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Баланы шығармашылықпен жұмыс жасай білуі үшін алдымен ойын дамытып, әрбір жұмыс барысында ойлана білуге жетелеу керек. Онда балаларға ойлануға жетелейтін мынадай тапсырмаларды жиі орындату өз нәтижесін береді.

Зейінді дамытуға математикадан да бірнеше шығармашылық тапсырмалар орындауға болады.

1.                 Цифрларды өсу ретімен тауып, атау.

2.                 Кему ретін атау.

3.                 Тақ және жұп сандарды өсу және кему ретімен атау.

4.                 Цифрларды кезектесіп санау. 1, 3, 5, 7…(жұптасып) 2, 4, 6, 8…

5.                 Топпен жұмыс істеу. 1–5 тура және кері сана. 6-10 санау.

   Сиқырлы үшбұрыштағы бос орынды толтыр. Мақсаты: оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта  түсу.https://lh6.googleusercontent.com/k5ODYzviRGlVrCoSa_j1kb663gnAab0be5AFcLqUODlcbD-zh7Uyp8M4RoSwn05XtApqs5Dw-E5uv2lI-J3LkCqvQc9DDdWwLmZkt2ghYD5wNPG1_Ig6cr8bgvqCGbEyDntaats

     Дүниетану пәні бойынша «Су. Судың қасиеті»тақырыбында мынадай шығармашылық тапсырмалар орындатуға болады.

1-тапсырма

https://lh6.googleusercontent.com/8Inu80GYBXtXsVVZaAOaZf1rtrzQVGSSmfeDiFLfkgZwIy0Xuz88UF25duvPiPXgykMrIjimN0_FW4Q0qQd-XUhZjEu647gY8TpgY8DpIuw4FNulQZiw4hw9D5b1mBReBpp_Lk4

2-тапсырма

 «Су-тіршілік көзі» тақырыбында эссе жазу. т.б.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттік оқу пәнінен де ұсынылатын шығармашылық тапсырмалар

 

https://lh5.googleusercontent.com/iIKI4hNzehorP_U8AoESDqQu-rbxw5fogOjdoS2HXAQU_xNM3BPzIGf6nbSFHGdPfvOnoqjEF01RYkK0W0fwaeYxh1DToxcmLuCQq-MbOM3QKMRZoZtU6bTZQ2BvChbrOvFvHoY

 

 

Өлең  ұйқастарын қолданып,бір шумақ өлең құрастыру т.б.

 

 

 

 

       Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын, дамыта түседі. Мұғалім өз сабағын шығармашылықпен өткізе алса, өзінің білімін сарқып жұмсаса, үнемі ізденіс үстінде болса, шәкірттерді анасындай аймалап жүрек жылуын бәріне бірдей шаша білудің қорытындысы- бағбанның жақсы ағаштан жиған сапалы жемісі іспеттес.

Бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашылық адамы. Ол қанша ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалім күш- қуатын көңіл- күйін әрдайым жоғары көтере білсе, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.                 Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.

2.                 Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.

3.                 Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева

4.                 Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.

5.                 Математиканы оқытудағы методикалық көмек М. Сәтімбаева

6.                 Бастауыш сыныпта оқыту журналы №  1, 2, 2008 ж.

7.                 Мен және бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.

8.                 Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, Алматы, 2004 ж.

9.                 Бастауыш мектеп журналы, № 1, 2006 ж.

10.            Что такое развивающее обучение Н.В. Репкина «Пеленг», 1993

11.            Педогогическая риторика Пермь, 1995

12.            Оқушыларға тіліді меңгерту жолдары Алматы «Ана тілі», 1997 ж.

13.            Шешендік сөздер С. Негимов Алматы, «Ана тілі» 1997 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.11.2016 880
    • DOCX 59.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымбекова Орынгуль Бекарыстановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1705
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 829 человек

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек