Инфоурок Начальные классы Научные работыБастауыш сынып оқушысчына ғылыми жоба тақырыбы "Карона-макарона"

Бастауыш сынып оқушысчына ғылыми жоба тақырыбы "Карона-макарона"

Скачать материал

«Науырзым аудандық білім беру бөлімінің

Жамбыл бастауыш мектебі» ММ

 

 

 

Ғылыми жоба

Описание: 1325

 

«Корона-макарона »

Секция: Дүниетану

 

 

Орындаушы: Жексенбай Нұрдана

4 «Б» сынып оқушысы

Жамбыл бастауыш мектебі

Қостанай облысы

Науырзым ауданы

Қараменді селосы

Ғылыми жетекшісі:

Асхат Қазбек Абайұлы

бастауыш сынып мұғалімі

 

                                                                 

Қараменді селосы, 2017 ж.

Зерттеудің мақсаты:  : Әлем елдерінің жоғары сұранысына ие болып отырған «Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айта алатын өнімнің  біздің туған қаламыздан шығарылатынына өзім сияқты жас жеткіншектердің өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тудырып, оның біздің дастарханымызға қандай жолдармен  келетіні жөнінде танымдық ақпараттарды жинастыру. Қостанай қаласындағы Корона макарон фабрикасын жан-жақты зерттеу.

Зерттеу міндеттері: - Көпшілік сүйіп жейтін бүгінде әрбір қостанайлықтардың екінің бірінің дастарқанынан табылатын, сүйікті асына  айналған макаронның шығу тарихын, оның құрамын, өндірілу жолдарын анықтау.

- Қостанай қаласындағы Корона макарон фабрикасының өндірісіне тоқталу.

- Корона макарон фабрикасының өндірісінің тарихына және шығарылатын өнімдері мен даму көрсеткіштеріне тоқталып өту.

Зерттеудің өзектілігі:

Макарон әр ошақта күнде немесе күнара тұтынылатын тағам болғандықтан сол тағамның қалай өндірілетінін, адам ағзасына пайдасын өскелен ұрпаққа және барлық жандарға жеткізу, дәріптеу мақсатында жаздым.

Әдіс-тәсілдері: зерттеушілік жоба, сұхбат, тәжірибе, шығармашылық тапсырмалар, видеофильм түсіру, презентация құру, кітапша жасау.

Зерттеу нәтижиесі:            

 Макарон өнімінің соның ішінде «Корона»  макаронының жоғары сұрыпты екенің, қант диабетіне шалдыққын адамдардың макарон өнімдерін тұтынуға болмайтындығы жайлы, сонымен қатар макарон өнімдерінің  құрамында ақуыздар, қышқылдар, көміртектер, дәрумендер және минералды заттар бар.  Сондай-ақ көңіл күй гормоны серотонин дәл осы макаронды тұтынған кезде пайда болады екенін білдім. Осы ақпараттар барлық жандарға дұрыс өнімді таңдай білуге септігін тигізеді деп ойлаймын.  «Асымыз-адал, басымыз-аман болсын» деген халық даналығын естен шығармау.

 

 

Мазмұны

Аңдатпа ................................................................................................................................4

1.Кіріспе................................................................................................................................5

2.Негізгі бөлім......................................................................................................................6

2.1. Макаронның шығу тарихы..........................................................................................6

2.2 Макарон цехы................................................................................................................9

2.3 Буып - түйілу ...............................................................................................................10

3.Макаронның пайдасы мен зияны, құрамындығы заттар............................................11

3.1. Сапасы мен дәмі..........................................................................................................12

4.Қорытынды......................................................................................................................16

5.Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................................17

Сын пікір..................................................................................................................18

 Ғылыми зерттеу журналы......................................................................................19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Андатпа

Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Карона-макарона » деп аталады.

Жұмыстың мақсаты: Әлем елдерінің жоғары сұранысына ие болып отырған «Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айта алатын өнімнің  біздің туған қаламыздан шығарылатынына өзім сияқты жас жеткіншектердің өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тудырып, оның біздің дастарханымызға қандай жолдармен  келетіні жеткізу.

Ғылыми жұмысқа ақпаратты интернет желісінен, газет – журналдар, кітаптар, ғылыми мақалалардан жинақтаған. Бұл ғылыми жұмыс оқушыны тағамдарды ажырата білуге, адам ағзасына пайдалы заттар мен зиянды заттарды ажырата білуге  өздігінен ізденуге дағдыландырады.

 

Аннотация

Тема научной работы автора "Карона – макарона ".

Цель работы: Посветить всем пройзвотство который  пользуется большим спросом во всем мире, а так же  сказать с гордостью что оно  «Сделано в Казахстане», рассказать о том что этот продукт   производится в нашем родном городе.

Информация  для научной работы взята из  сети интернета,  газет , журналов, книги и из накопленных научных работ.  Изучая эту научную работу ученик узнал  много нового и смог разлечить полезный продукт от вредного для своего организма.

Annotation

Theme of the scientific work of the author "Karona - macaroni".

Purpose of work: To inform everyone about the production that is in great demand all over the world, and also to say with pride that it is "Made in Kazakhstan", to tell that this product is produced in our hometown.

Information for scientific work is taken from the Internet, newspapers, magazines, books and from accumulated scientific works. Studying this scientific work the student learned a lot of new things and was able to treat a useful product from harmful to one's body.

1.     Кіріспе

Бұл «Астық  индустриясы» компаниясының төртінші макарон фабрикасы -  қуаттылығы жөнінен тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы макарон шығаратын ең ірі кәсіпорын болып табылады.

Қостанай ұн комбинаты мен макарон фабрикасынан шығарылатын «Корона» ұны мен макаронының сапасы елімізбен қатар сырт жерлерге де белгілі. Қостанайдың құрамында протеині көп бағалы бидайынан италиялық үздік жабдықпен шығарылған макаронның сапасы қандай бәсекеде де алдына қара салмайды. Қостанай қаласындағы Корона макаронының қалай өндіріліп, қаншалықты дамып келе датқаны мені қызықтырды. Сондықтан да менің ғылыми жобамның тақырыбы «Корона макароны» деп аталады.

Зерттеу жұмысымның негізгі мақсаты: Әлем елдерінің жоғары сұранысына ие болып отырған «Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айта алатын өнімнің  біздің туған қаламыздан шығарылатынына өзім сияқты жас жеткіншектердің өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін тудырып, оның біздің дастарханымызға қандай жолдармен  келетіні жөнінде танымдық ақпараттарды жинастыру. Қостанай қаласындағы Корона макарон фабрикасын жан-жақты зерттеу.

Зерттеу барысында алға қойған міндеттерім:

- Көпшілік сүйіп жейтін бүгінде әрбір қостанайлықтардың екінің бірінің дастарқанынан табылатын, сүйікті асына  айналған макаронның шығу тарихын, оның құрамын, өндірілу жолдарын анықтау.

- Қостанай қаласындағы Корона макарон фабрикасының өндірісіне тоқталу.

- Корона макарон фабрикасының өндірісінің тарихына және шығарылатын өнімдері мен даму көрсеткіштеріне тоқталып өту.

 

 

 

 

2.Негізгі бөлім

Макарон тағамдары құрамында белогы көп жоғары сортты ұннан жасалады. Макарон тағамдары: түтікшелі (макарондар, рожки), фигуралы (алфавит, жұлдызшалар, қауашақтар, құлақшалар, шығыршықтар тәрізді т.б.),вермишель (кәдімгі жұқа және өрмек, бантиктер тәрізді т.б.), кеспе сияқты түрлерге бөлінеді. Макаронның дәмдік қасиеттері ұзақ сақталады. Өте жұғымды, тез әрі оңай дайындалады. Макарон тағамдарын қайнаған тұзды суға (100 г құрғақ макарон тағамдарына 3 стакан су, жарты шай қасық тұз) салып пісіріп, бұдан кейін кепсерге салып алады да, жабысып қалмауы үшін суық сумен шаяды немесе бірден май салады. Ірі макарондарды шамамен 25—35 минут, кеспені 15—20 минут, вермишельді 12—15 минут, ал ең жіңішке вермишельді 5—10 минут пісіреді. Піскен макарон тағамдарына сары май салады, үгітілген сыр сеуіппомидоркөкөнісет өнімдерін қосады; сондай-ақ жұмыртқа,томат қосып та пісіреді. Макароннан пісірілетін тағамдардың бәрін дерлік кестелеп, вермишель мен рожкиден де жасауға болады.

2.1. Макаронның шығу тарихы

Қостанай облысындағы нысандардың ішіндегі бірі де бірігейі «Қостанай ұн комбинаты» АҚ - ның макарон шығаратын фабрикасы. Бұл «Астық  индустриясы» компаниясының төртінші макарон фабрикасы -  қуаттылығы жөнінен тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы макарон шығаратын ең ірі кәсіпорын болып табылады. Мұнда Италиядан шығарылған «РАVАН»  макарон желісі орнатылған. Қостанай ұн комбинаты мен макарон фабрикасынан шығарылатын «Корона» ұны мен макаронының сапасы елімізбен қатар сырт жерлерге де белгілі. Қостанайдың құрамында протеині көп бағалы бидайынан италиялық үздік жабдықпен шығарылған макаронның сапасы қандай бәсекеде де алдына қара салмайды. Бұл серпінді индустриялық инвестициялық жоба бүгінгі нарық талабына толық жауап береді. Алған адам сапасынан да, дәмінен де, сыртқы безендіру көркінен де инедей мін таба алмайтын макарон «Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айтуға лайық. Қазақстандық мазмұн, қазақстандық бренд осылай жасалса керек-ті! Оның сыртында фабрика тек макаронмен ғана емес, 80 адамды жұмыс орнымен де қамтамасыз етеді. Комьютерлендірілген цехтардың ішінде жұмысшылар көлде жүзген ақ қаздардай аппақ желеңмен ғана жүріп жұмыс істейді. Алып фабрикадан сағатына 4200 тонна макарон шығарылады. Ал әр отбасының  дастарқанынан күн сайын табылатын сүйікті азық түрінің жылына 30 мың тоннасы өндіріледі. Фабрика бір макаронның кеспе, ұзын, қысқа, ұлу түрінде кесілген 20-дан астам түрін тұтынушыға ұсынады. «Қостанай ұн комбинаты» акционерлік қоғамы жылына «Корона» деген брендпен экспортқа 35 пайыз сапалы ұнын және макаронның 5 пайызын шығарады. Қазақстанның жоғары сапалы ұны мен макарон өнімдеріне Ресейден, Тәжікстанмен, Ауғаныстаннан, Қытай мен Моңғолиядан, Түркіменстаннан, Грузиядан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан сұраныс артып отыр.

Макаронның шығу тарихы көптеген қызықты аңыздармен, мифтармен байланысты. Италия мәдениетінде макаронның,  нақтырақ айтатын болсақ пастаның пайда болуы  туралы аңыздар Құдайларға негізделген. Италия елінде макаронның  600-дей түрі бар және олар бірігіп келіп «паста» деген ұғымды білдіреді. Дегенмен, итальяндықтар «макаронды біз ойлап таптық» деген жаңсақ пікірде жүр . Тарихшылар осы қамырдан жасалған жолақтың     ең алғаш Қытайда жасалғаны жөнінде мағлұмат береді, ал Италияға оны  XIII ғасырда   Қытай жерінен атақты саяхатшы Марко Поло әкелген. «Макарон» – грек сөзі  «makros» - ұзын және «makаrеs»-қасиетті.

Үндістердің айтуына қарағанда олар макаронды 1200 жылдан бері дәмді ас ретінде ұнатып қалай дайындау керектігін білген және оны sevika яғни жіп деп атаған.

XIII ғасырда макаронды кептіру тәсілі пайда болған. Құрғақ макаронның пайда болуы үлкен бір қажеттіліктен туындаған еді, себебі сол уақыттағы өріс алған теңіз саудасында айлар бойы кеме бортында сақтауға келетін мүмкіншіліктегі ас қажет болды.

Франция макарон жөнінде тек   XVIII ғасырда Екатерина Медичидың арқасында ғана білген. XIX ғасырдың аяғында -  XX ғасырдың басында макарон өндірісі толық автоматтандырылды.

Ал, біздің жерімізде ұнкомбинаттың тарихы 1902 жылы Қостанай қаласында көпес Михаил Архиповтың диірменінің пайда болуынан бастау алады. Көпес Архипов жериеленуші, өңдеуші және саудагер болған. Ол ұнмен қатар сол кездегі Европа және Азия елдерінің арасындағы кең тараған макарон өндірісімен айналысқан. 1917 жылғы көтеріліс болмаса Михаил Петрович Қостанай қаласын «макарон қаласына» айналдырары сөзсіз еді.

Қостанай уездінде Кеңестік билік орнағаннан кейін  жұмысшы, жауынгерлік, шаруалық және жергілікті депутаттық Қостанай кеңесі құрылды. Қостанай қаласының диірмені ұлтшылдандырылып, есепке алынып Кеңеске және жергілікті кәсіптік Одаққа берілді. Сол кезде көпес Архиповтың диірмені «Москва серіктестігі № 2-б диірмені» болып аталды, ал 1924 жылы Қостанай мемлекеттік Акционерлік Қауымдастығы бөлімінің   «Хлебопродукт» атымен аталды. 1935 жылы диірмен «№ 6 «Главмука» ұн өндірісі деген атаумен белгілі болды. Ол кезде оның директоры А. К. Федоров, ал бас есепшісі Помещиков Тихон Никифирович болды. Сол кезде жұмыскерлер ұжымы тек 150 адамды құрайтын, оның 18 инженер - техниктер, ал 28 әйелдер болды.     

Пайда болу тарихы сонау ертеден бастау алса да макарон – бүгінгі күнде де де өзінің көз тартарлық кескін - пішінімен, түсімен сатып алушылардың қызығушылықтарын арттыруда. Түрлі дәмдеуіштерді қосу арқылы дәстүрлі макарон теңдесі жоқ жаңа бір қайталанбас, дәмі  тіл үйірер дербес асқа айналғаны сөзсіз.

 Макарон сенің де сүйікті асың болуы мүмкін!  Оның қалай жасалатыны сені де толғандырары анық! Неліктен макарон сондай дәмді, ал оның түсі- есіңе  күнге шағылыса өскен сары бидай алқабын елестетеді?

Астықты  құрғатады, тазартады, сұрыптайды  және содан кейін элеватордың бункерлеріне орналастырады. Бұл жерде олар диірменге жөнелтіледі. Арнайы макарон диірмендері бар, онда сенің сүйікті макароның  үшін ұн дайындалады. Сондай-ақ, нан наубайханалары бар, онда астықты ұнға айналдырып одан аналарымыз тәтті тоқаштар, құймақтар, ал нан комбинаттарында нан пісіріледі.

Макаронды дайындау  рецепті өте қарапайым: тазартылған су және бидайдың қатты түрінен жасалған ұн. Макарон өнімдері үшін ерекше ұн пайдаланылады.  Макарон ұны едәуір ірілеу, ол әсіресе мәни түйіршіктеріне ұқсас келеді, сондықтан оны кей жағдайда «түйіршік» деп те атайды. Және оның түсі күн нұры тәрізді - сары.

Біздің диірмендеріміздің құпиясы сол, олар астықты  аса  қамқорлықпен өңдейді. Макарон өніміне қатты бидайды пайдаланатынымыз есіңде шығар, олай болса ол біздің ағзамыз үшін өте бағалы тағам. Сондықтан диірмендер біздің бидайымыздың пайдалы сапасын сақтап қалатындай дәрежеде орналасқан.

Айтпақшы, мәни түйіршіктері де бидайдың қатты түрлерінен дайындалады, және ол ботқа тәттілігімен қатар, өте пайдалы да.

 

 

2.2. Макарон цехы.

Тағы да өндіріске қайта оралайық. Ұн дайын болған кезде оны макарон цехына жөнелту керек. Қостанай ұнкомбинатында – 2 макарон желісі бар және әрқайсысында макаронның бірнеше түрі өндіріледі. Макарон өндірісінде ерекше тазалық орын алған. Бұл жерде ағаларымыз бен апаларымыз жұмысты ақ желеңмен  жүріп атқарады. Макарон желісі толық автоматтандырылған болса да, тазалыққа қойылатын талап күшті.

Макарон желісіндегі месильдық камерада тазартылған су мен макарон түйіршіктері мұқият араластырылады. Макаронымыз сүйкімді әрі тәтті болып шығуы үшін бізге вакуум көмектеседі, онда дайын қамырдан ауаның артық көпіршіктері айдап шығарылады. Одан кейін қамыр арнайы қалып- матрицаға жіберіледі. Қамыр матрицадан өткеннен кейін «бұлт» немесе «кеспе», «ұлу» пішіндес түрге енеді. Қостанай ұн комбинатында макарон өнімінің 30 – дан астам түрі жасап шығарылады.

Әдетте  бумаға макаронның бір ғана түрін – «спираль», «түтікше», «қанат», «ұлу» оралады.

Түрлі қалыпты иеленген макарондар таңғажайыптарға кез болады. Қалыпты   жылумен өңдеуден кейін пайда болған жеңіл қабығы ұстап тұрады.  Макаронды 80-900 С қыздырады. Бірақ олар әлі де жұмсақ, егер осындай макаронды алақанымызға салып қыссақ, олар үгітіліп қалады. Осындай жағдайлар орын алмас үшін оларды арнайы лента бойымен жылжытып, жеңіл «секіртіп» орналастырады.  Мұндай макарондарды орамдарға буу әлі ертерек. Олар температурасы мен ылғалдылығы қатаң ескерілген арнайы камераларда жоғары температурада негізгі кептірілуден өтеді. Кептіру- жауапты іс. Өте жоғары температура оларды сынғыш етсе, ал тым төменгі температура артық ылғалдың булануына мүмкіндік бермейді. Ұзақ уақыт кептірілген макарондар тәттірек болады. Толық дайын макарон партиясы матрицадан өткеннен кейін 2 сағаттан кейін дайын болады. Макарондар дайын болғаннан кейін оларды орамдайтын кезең күтіп тұрады.

 

2.3. Буып - түйілу

Макарондарды автоматтар буып- түйеді.  Әрқайсысының өз міндеті бар: бірі макаронның қажет мөлшерін белгілеп алса, енді бірі буманы мөртабандайды, үшіншісі сапасын анықтайды, төртіншісі дайын бумаларды қорапқа орналастырады, бесіншісі қораптарды тасымалдау үшін арнайы платформаларға орналастырады.

Өндірілген өнімнің нақты салмағы комбинаттың аумағында заманауи электрондық таразылармен өлшенеді.

Содан кейін автокөліктер дайын макарондарды қоймаға апарады. Бұл жерде макарондар шет елдерге, еліміздің түкпір – түкпіріндегі дүкендерге жөнелтіледі.  Макарон тек сенің  ғана  сүйіп жейтін асың емес – ол әлем елдерінің де жоғары сұранысына ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Макаронның пайдасы мен зияны, құрамындығы заттар.

Макорондардың құрамында ақуыздар, қышқылдар, көміртектер, дәрумендер және минералды заттар бар. 

Сондай-ақ көңіл күй гормоны серотонин дәл осы макаронды тұтынған кезде пайда болады екен. Сол себепті егер көңіл күйлерінің әр дайым көтеріңкі болсын десеңіз макарон жеңіздер.              

Макарон өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін анықтаймыз. Сапасына байланысты ылғалдылығын, сынғыштығын, қышқылдығын, ал қауіпсіздігіне байланысты ауыр металлдарды, пестицидтарды, метатоксиннің бар жоғын анықтаймыз.

бидайдың қатты сұрыптарынан жасалған макарондар онкологиялық және жүрек ауруларының алдын алуына көмектеседі. Ал қант диабетімен ауыратындарға мүлдем макарон жеуіне болмайды.  Негізінен макарон өнімдері жұмсақ бидай сұрыптардан дайындалған. Олар тегіс емес бет пішіндері және өте ашық сары түсті болып келеді. Сонымен қатар қораптың ішінде үгітілген ұнның қалдықтарын және макарон қалдықтарын кездестіруге болады.   

Ал қатты бидай сұрыптарынан дайындалған макарон өнімдері – олар ақшыл сарғыш түсті, олардың пішіндері дұрыс, беттері тегіс болып келеді және бұл өнімдерде қара жабдақтар кездесуі мүмкін. Бұл қара дақтар бидайдың қатты сұртынан дайындалған екендігінің белгісі болып есептеледі. 

Бұл бірден-бір семіздіктің көзі болып саналынады. Сондықтан да макарон өнімдерін еттермен, ет өнімдерімен, шұжықтармен, колбасалармен қабылдаған және гарнир ретінде қабылдаған дұрыс емес. Өйткені ауыр тағам болып есептеледі және организмде оның қорытылуы өте қиын болады. Сондықтан да бұл макарон өнімдерін жеке тағам ретінде қабылдап, көкеністермен, жеміс жидектермен және саңырауқұлақтармен қабылдаған өте дұрыс болып есептеледі.  

 

3.1. Сапасы мен дәмі

«Қостанай ұн комбинаты» үлкен кәсіпорын және макаронды көп көлемде шығарады. Ал осы макаронды түстікке, кешкі асқа дайындайтын сатып алушылардың көңілінен шығу үшін фабрика оның сапасын қатаң қадағалайды. Сондықтан да «Қостанай ұн комбинаты» АҚ - ның макарон шығаратын фабрикасы  мемлекет тарапынан үздік марапаттарға ие.

«Корона» макароны және ұны халықаралық және республикалық өндіріс көрмелерінде: халықаралық «Food-Expo-2000» және «Агропродэкспо-2000» алтын медальды, ал IX Орта – азиялық халықаралық «Пищевая промышленность - 2006» көрмесінде жоғары марапатты иеленді.  Сондай-ақ жақын арадағы жетістіктеріне тоқталсақ: 2008 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген «Алтын сапа» республикалық сайысында жеңіппаз атанса, «Нұр Отан» ХДП және Ұлттық тұтынушылар лигасының табыстаған ұлттық сапа белгісі «Безупречно» дипломымен марапатталды. Сондай-ақ өткен жылдың қыркүйегінде Астана қаласында өткізілген Қазақстан Республикасының 20-жылдығын тойлату аясында Қостанай облысының мәдениет күндері өтті. Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасымыз

Н. Назарбаевтың өзі тамашалаған облыстың үздік кәсіпорындарының көрмесі өтті. Үздіктер қатарына біздің комбинатымыздың «Корона» макароны да шықты.  

Қостанай облысында екінші жарты­жыл­дықта пайдалануға беріліп отырған индустриялық нысандар туралы облыс әкімі Сергей Кулагин Мемлекет бас­шысын жан-жақты хабардар етті. Сол нысандардың ішіндегі бірі де бірегейі «Қостанай ұн комбинаты» АҚ-тың макарон шығаратын фабрикасы еді.

Бұл қуаттылығы жөнінен тек Қа­зақ­станда ғана емес, бүкіл Орталық Азия­дағы макарон шығаратын ең ірі кәсіп­орын болып табылады. Инвестициялық жоба негізі келесі жылы жазда тап­сы­рылу керек деп жоспарланған болатын, ал ол қазір ырғақты жұмыс істеп тұр!

Жаңа фабрикада шығарылатын «Корона» макароны Қостанайдың жоғары сортты, сапалы бидайының ұнынан иле­неді. Көп көлемде өндірілген әрі өзіндік құны да шығанға шықпаған бұл азық дәл қазіргі қымбатшылыққа қара­ғанда арзан көрінеді. Базар толған түрлі азық-түліктің арасынан тұтынушының Қостанай макаронын іздеп тұратыны да оның құнын арзандатып отыр. Өйткені тауардың сөреде іркілмей тез өткені оның жұрттың қалтасына ауыр тимегенін де дәлелдесе керек.

Бұл серпінді индустриялық инвес­ти­циялық жоба бүгінгі нарық талабына толық жауап береді. Алған адам сапа­сынан да, дәмінен де, сыртқы безендіру көркінен де инедей мін таба алмайтын макарон «Қазақстанда жасалған» деп мақ­танышпен айтуға лайық. Қазақ­стан­дық мазмұн, қазақстандық бренд осы­лай жасалса керек-ті! Оның сыртында фабрика тек макаронмен ғана емес, 80 адамды жұмыс орнымен де қамтамасыз етті. Компьютерлендірілген цехтардың ішінде жұмысшылар көлде жүзген ақ қаздардай аппақ желеңмен ғана жүріп жұмыс істейді. Алып фабрикадан саға­тына 4200 тонна макарон шығарылады. Ал әр отбасының дастарқанынан күн сайын табылатын сүйікті азық түрінің жылына 30 мың тоннасы өндіріледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік сапармен Қостанай облысына келді. Қостанайға кеше түстен кейін келген Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев “Қостанай ұн комбинаты” акционерлік қоғамындағы макарон фабрикасының ашылу салтанаты­на қатысты. Мемлекет басшысы ірі өндірістің тетігін іске қосты. Ма­карон фабрикасы Қостанай облысында жылдың екінші жар­тысында жүзеге асуға тиісті бес инвестициялық жобаның бірі болып табылады. 1 681 миллион тең­ге қаржымен біткен кәсіпорын­ның қуаты да таңқалдырғандай. Фабрика сағатына 4200 кило­грамм, жылына 30 000 тонна ма­карон шығарады. Инвестициялық қаржы көзі негізінен “ҚазАгро” акционерлік қоғамынан алынды, ал оның 15 пайызын “Астық ин­дустриясы” компаниясы өзі қосты. Құрылысы былтыр жыл аяғында басталған ірі өндіріс кәсіпорны үстіміздегі жылдың үшінші тоқ­санында пайдалануға берілуі тиіс бо­латын. Міне, жыл тәулігіне жет­пей ол ел игілігіне айналып үлгерді.

Бұл – “Астық индустриясы” ком­паниясының төртінші макарон фабрикасы. Мұнда Италиядан шы­ғарылған “PAVAN” макарон желісі орнатылды. Ол республикамыз ғана емес, Орталық Азиядағы макарон өндіретін ең ірі кәсіпорын болып саналады. Қостанай ұн комбинаты мен макарон фабрикасынан шығарылатын “Корона” ұны мен макаронының сапасы елімізбен қатар, сырт жерлерге де белгілі. Қостанайдың құрамында протеині көп бағалы бидайынан италиялық үздік жабдықпен шығарылған ма­каронның сапасы қандай бәсекеде де алдына қара салмайды. Бұған дейін астық пен сапалы ұн өндіруде көшбасшыға айналған компания енді сапалы макарон өнімдерімен осы деңгейден көрінбек. “Қазақ­станда жасалған” деген брендпен ұнның 35 пайызын, макаронның 5 пайызын экспортқа шығарады. Қазақстанның жоғары сапалы ұны мен макарон өнімдеріне Ресейден, Тәжікстан мен Ауғанстаннан, Қытай мен Моңғолиядан, Түркі­мен­станнан, Грузиядан сұраныс артып отыр.

Жаңа фабрика 80 адамға жұмыс орнын ұсынды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев фабрика жұмысшылары­мен кездесті.

– Мемлекет ауыл шаруашылы­ғы­на, аграрлық секторға үлкен қол­дау жасап отыр. Ет пен ұн, сүтті ұқсату кәсіпорындарын салуда. Бұл мол­шылыққа бастайды, айлық жал­ақы өседі, әлеуметтік сала нығаяды. Ауыл шаруашылығына 225 мил­лиард теңге бөлінді. Жо­ғары сапа­лы тұқым, тыңайтқыш пен герби­цидтер үшін субсидия берілді. Биыл бар жерде ыстық, қуаңшы­лық болып тұр. Адамдар аянбай еңбек етіп жатыр. Мем­лекет қол­дауы­ның арқасында ал­қаптарда қуатты техникалар, озық техно­ло­гиялар пайдаланылады. Біз биыл қиын жыл болғанмен де 14-15 мил­лион тонна астық жи­наймыз. Оның 7 миллион тоннасы қорға қалады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қостанай облысындағы ауыл шаруашылығында жыл басынан бері өндірілген жалпы өнімнің көлемі 60865 миллион теңгені құра­ды. Физикалық көлем индексі 100 пайыз болды. 2010-2015 жылдың ара­сында облыста 17 инвестиция­лық жоба жүзеге аспақ. Соның ішін­де ауыл шаруа­шылығында атқарылар жұмыс­тардың үлесі де қомақты болмақ. Биылғы жылдың қуаңшылық болуы қостанайлық диқандарға да оңай болған жоқ. Дегенмен, астық жинау науқаны бұл күнде үлкен ыждағаттылықпен жүруде. Сапалы ұн мен дәмді макаронға жұм­салатын алтын астықты жинауға биыл техника 99 пайыз дайын­далды.

Қазақстанның экономикасы ырғақты дамып келеді. Президент ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау бола береді деді. Бірақ ел іргесінің берік болуын Нұрсұлтан Әбішұлы фабрика ұжымымен кездесуде Қазақстандағы бейбіт өмір­мен және халықтар досты­ғымен байланыстырды. Адамдар­дың барлығы достықта, бір-біріне деген сеніммен өмір сүреді. Тату өмір мен бірлік Қазақстан ұстанып отырған саясаттың басты нысанасы екенін айтты Елбасы.

– Жылдан жылға жағдайымыз жақсарып келеді. Макарон фаб­ри­касынан ж­ұмыс орнымды таптым. Мұнда барлығы да компью­тер­лендірілген. Жұмысты баяғыдай шаңның астында емес, ақ желең­мен жүріп атқарамыз. Айлық жала­қым да отбасымды асырауға же­теді. Ал біздің кәсіпорын өндірген макаронның түсіне қарап тойған­дай­сың. Дәмділіге де, сапасы да кімге де болса ұнайды. Осының бар­лығы да Қазақстанның эконо­ми­калық дамуының, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған сындарлы саясаттың арқа­сы. Жұмысымыз бар, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк дегендей, жақ­сы тұрмыста тұрамыз. Мұнан артық адамға не керек? Еліміз, жеріміз, Елбасымыз аман болсын. Нұрсұл­тан Әбішұлымен кездесу маған ыстық әсер қалдырды, – деді ма­карон фабрикасының жұмысшысы Виктор Воронцев.

Макарон фабрикасының ашы­лу салтанатында Елбасымен бірге облыс әкімі Сергей Кулагин, “ҚазАгро” АҚ басқармасының төрағасы Асылжан Мамытбеков, Astana Grup президенті Нұрлан Смағұлов болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Қорытынды

Қорыта келе, Бұл серпінді индустриялық инвестициялық жоба бүгінгі нарық талабына толық жауап береді. Алған адам сапасынан да, дәмінен де, сыртқы безендіру көркінен де инедей мін таба алмайтын макарон «Қазақстанда жасалған» деп мақ­танышпен айтуға лайық. Қазақстандық мазмұн, қазақстандық бренд осылай жасалса керек-ті!

Корона макароны - күнделікті сұраныстағы тауар. “Қазақ­станда жасалған” деген брендпен ұнның 35 пайызын, макаронның 5 пайызын экспортқа шығарады. Қазақстанның жоғары сапалы ұны мен макарон өнімдеріне Ресейден, Тәжікстан мен Ауғанстаннан, Қытай мен Моңғолиядан, Түркі­мен­станнан, Грузиядан сұраныс артып отыр.

«Корона» макароны Қостанайдың жоғары сортты, сапалы бидайының ұнынан иле­неді. Көп көлемде өндірілген әрі өзіндік құны да шығанға шықпаған бұл азық дәл қазіргі қымбатшылыққа қара­ғанда арзан көрінеді. Базар толған түрлі азық-түліктің арасынан тұтынушының Қостанай макаронын іздеп тұратыны да оның құнын арзандатып отыр. Өйткені тауардың сөреде іркілмей тез өткені оның жұрттың қалтасына ауыр тимегенін де дәлелдесе керек.

Осы ғылыми зерттеу жұмысын дайындауға көмектескен, “Корона” макарон фабрикасына апарып, көрсетіп бақылатқан ата-анама үлкен алғыс білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Корона INFO №1 (10) 2011ж.

2 КоронаINFO №2 (9) 2011ж. 5.03

3 Зерновая индустрия: десять лет успеха 2006ж.

4 Қостанай таңы газеті 2009ж.

5 Қостанай газеті 2010ж.

6 АО «Костанайский мелькомбинат»

7 «Қостанай облысының шағын кәсіпорындары статистикалық жинақ 2002-2007ж.ж.» Қостанай 2008ж.

8 Арынов Ж. «Қазақстанның өнеркәсіп тарихы» //ҚазҰҰ Хабаршысы. №2 2006ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жамбыл бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асхат Қ.А. оқушысы Жексенбай Нұрдананың  «Карона –макарона» атты ғылыми-зерттеу жобасына

 

Сын пікір

 

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев : «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», - деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген. Бұл жобада оқушымыз Нұрдана  барлығы сүйіп жейтін, жоғары сұранысқа ие болып отырған макарон өнімдерін және оның адам ағзасына қандай пайдасы бар сол жайында анықтап зерттеген.  Оқушы макарон өнімдері  жайлы жаңа мәліметтер іздестірген. Қолда бар ақпараттарды пайдалана отырып жоғары сұрыпты өнімді нашар тауардан ажырата білуғе және пайдалы жақтаррымен зиянды жақтарында атап көрсеткен.  Бұл ғылыми жоба кіріспеден,  тараулардан, қорытынды және ұсыныстар, қосымшадан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.  Оқушының алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, осы жоба арқылы үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспін.

 

Сынып жетекші: Асхат Қ.А.

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми зерттеу журналы

Жұмыстың тақырыбы: «Карона –макарона »

Уақыт мерзімі

Жүргізілген қызмет түрлері               

Нәтиже

Қыркүйек

Жұмыстың түрін, тақырыптарға  таңдау жүргізіліп, ғылыми жетекшімен кездесу болды

Ғылыми жұмыстың тақырыбын талқыланды, мақсат қойылды.

Қазан

Кітапханаға барып, ғылыми журналдардан , кітаптардан, газет-журналдардан материалдар қарастырылды, интернет жүйесінен ақпараттар алынды, жинақталды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімін , материал жинақталды.

Қараша

Жиналған материалдар компьютерге теріліп, жинақталды. Жаңа ақпараттар қосылды

Жұмыс бастау алды

Желтоқсан

Қостанай қаласындағы ұн комбинатына мәлімет алу үшін, қызықты материалдар жинақтау үшін бару.

Ғылыми жобаға жаңа материалдар, суреттер қосу.

Ақпан

Макарондағы пайдалы заттар мен зиянды заттарды анықтау үшін,  Қостанай қаласындағы  макарон өндірісіндегі  жауапты тұлғалармен тілдесу.   

Макаронның пайдасы мен зияны жайлы ешкім білмеген жаңа ақпараттарды қосу

Наурыз

Мектепішілік  жобалар сайысына қатысу

Жобаны қорғау

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып оқушысчына ғылыми жоба тақырыбы "Карона-макарона""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 004 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 3603
    • DOCX 150.9 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асхат Казбек Абайулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асхат Казбек Абайулы
    Асхат Казбек Абайулы
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8520
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психосемантика и социальная психология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек