Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБастауыш сыныпқа арналған 8 наурыз

Бастауыш сыныпқа арналған 8 наурыз

Скачать материал

Жүргізуші:

Құрметті асыл аналар,

Қадірлі ұстаздар, оқушылар.

Көгімізде көктем шуағы төгілгенде мейірім мен әсемдік сыйлайтын аналар мерекесі. Ендеше бүгінгі 8 наурыз мерекесі құтты болсын. Баршаңызды көктем мерекесімен құттықтаймын. Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәрімізде де ананың ақ сүтімен нұр алып, өсіп - өніп келеміз. Күллі дүние абзал да, асыл жандардың алдында бас иеді. Ол «Ана» Үш - ақ әріптен құралған «Ана» сөзінің астарында үлкен мән жатқанын кез - келген салалы азаматтың ұғынары сөзсіз. Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің кәусар бұлағы – Ана есімінен артық қасиетті, киелі ештеңе жоқ. Әлемге әйгілі ақын жазушылар мен ғұламалардың Ана жайлы тәрбиеленіп, жазып қалдырған асыл сөздері қаншама. Баласының ақылды, саналы, әдепті болып өсуін кез - келген ана қалайды. «Ананың алдында асқар тау да аласа» деген халық сөзі бекер айтылмаса керек.

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі.

Армысыздар қасиетті аналар.!

Қадірлі аналар,ұстаздар,оқушылар бүгінгі 8ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Асыл аналар» атты концерт сайысына хош келдіңіздер.

Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме , анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Абуғалиева Ақмарал апайға  береміз.

Жүргізуші:

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім дей келе мерекелік кешімізді шағын орталық тобынның Ақ мамам әнімен басаймыз.1

    Жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын қабыл  алыңыздар.

1-оқушы:Кәусар

Әжем менің алтын ғой,

Тұнып тұрған асыл ғой.

Әжемді жақсы коремін

Айтқанына көнемін

2-оқушы:Аяна

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

3-оқушы:Исмайл

Сен жалықпай жетектеп;

Мен арманға жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін

4-оқушы:Айару

Ақ сүт беріп аялаған

Менен бәрін аямаған

Жанашырым саялаған

Ол менің-аяулы анам

Жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті  Шағынорталық тобының оқушыларының «шужаларим» биін тамашалаңыздар2

5-оқушы:Әмина

Айналайын анашым;

Асқар таудай панасың

Күн көзіндей күлімдеп,

Құшағыңа аласың.

6-оқушы: Арманбек

Ұн қатасың бар тілмен,

Еркелеймін әр күнмен.

Құттықтаймын анашым;

Сегізінші наурызбен

7-оқушы:Аяулым

Қош келдіңіз, аналар

Ән-жырымыз арналар

Тек бақыт тілейді

Сіздерге балалар

8-оқушы:Қуаныш

Айналайын анашым,

Бәрімізге панасың.

Құтты болсын мереке

Құттықтаймын мамашым

Жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға МАД мен ШО тобының орындауында"Құттықтаймын мама" әнімен.3

Жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.-деп кезекті МАД тобының оқушыларына береміз.

9-оқушы:Ералы

Сабағымнан калмаймын,

Бес аламын бәрінен.

Озат оқып әрдайым,

Қуантамын анамды.

10-оқушы: Армангүл

Ойнаймыз, күлеміз,

Жарқылдап жүреміз.

Ананы сыйлаймыз

Айтқанын тыңдаймыз

10-оқушы:Айнара

Қамқорсың ана өмірде,

Қуатым сенсің көңілге

Әлпештен мені өсірдің,

Ұшармын ертең көгінде.

Жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған ШО тобының бишілері Қамажай биімен №4

11:Айдана

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым,

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

12:Малика

Бойға қуат береді,

Әй,жарайсың дегені

Мен анамнан әр кезде

Соны естігім келеді

13:Айза

Ақыл құйған санама,

Күннен артық расында

Күн алыста, ал анам

Ылғи менің қасымда

14:Ерсұлтан

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз

Жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы – деп алдарыңызға МАД тобының оқушысы Набидоллаева Армангул мен Ш О тобының тәрбиеленушісі Жәнібекұлы Арманбектің орындауында  "Бал балалық"әнін  қошеметпен қабыл алыңыздар.5

15:Жанесен

Анам менің тірегім

Жайдары жаз күніндей

Ән айтқанда үні оның

Нағыз бұлбұл үніндей

16:Жантөре

Ақ сүт беріп аялап,

Өсірген ақ анашым,

Түнде ұйқыдан оянып,

Жұбатқан сен данасың

17:Ерболсын

Әжем менің әдемі

Тойға барса кәделі

Кәмпит әкеп береді 

Мені жақсы көреді

Жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп кезекті 1-сынып оқушыларына береміз

18:Жанерке

Ана деген асқақ ән

Орындайтын әрқашан

Анадай қымбат сыйлықты

Таба алмайсың ешқашан

19:Жанайым

Ана деген ақылшың

Анаң барда батырсың

Қасыңда кім болса да

Тек анаңа жақынсың

20:Исрафиль

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

"Құлыншағым,күнім"дейтін

Жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем биін тамашалаңыздар№6

21:Аманжан

Айналайын әжем,

Мәпелеген жастан.

Менің қымбат данам,

Көңілі көк аспан.

Балдай тәтті әжем,

Сіздей жан жоқ маған.

Қуантса екен сізді

менің бестік бағам

22:Бегалі

Ұл-қызыңа ерген,

Немерең біз әже.

Немереңнен ерген,

Шөберең біз әже.

Жүргізуші:

Әке асқар тау, ана бұлақ, бала жағасындағы құрақ демекші алдарыңызда 1 сынып оқушылары Тұрғанбай Гүлгүл мен Ғайсақызы Жанеркенің орындауында «Қос бәйтерегім» әнін қабыл алыңыздар

23:Гүлгүл

Жылылықтан жаралған

Құшағы оның таң мекен

Менің айдай анамнан

Асқан сұлу бар ма екен

24:Асылжан

Мейірім нұр төгілген

Күн көзіндей жанары

Ойымды оқып өңімнен

Дірілдейді қабағы

Жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 2-сыныптың байсалды да байыпты ұлдарының "Әкелер" әнін қабыл алыңыздар.№7

25:Ерасыл

26:Расул

27:Өтеген

Жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.    Расул Қапсих «Анашым» әнімен№8

Жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып 3сынып оқушылары "Анашым"әнімен№9

Жүргізуші:

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым-деп 3 сынып оқушыларының өлең-шумақтарын тыңдайық

28:Данабек

29:Айбибі

30:Сұлтан

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып 3сынып оқушыларының әке- аналарға арналған  "Әке-ана" атты әнін тыңдайық№10

Жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән: «Ару ана» орындайтын 4 сынып оқушылары Серікбайұлы Әділхан және Мұхаммедияров Нұржігіт.№11

жүргізуші:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. -дей отырып мерекелік кешімізді   сөзді ата-аналар комитетинің төрайымы  Ақмарал Жұбановаға береміз.

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныпқа арналған 8 наурыз"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2016 11339
    • DOCX 19.3 кбайт
    • 198 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Губашева Данагул Аманкелдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52254
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 415 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Методика поддержки физкультурно-спортивной деятельности для людей с ограниченными возможностями здоровья

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек