Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБаяндама - Бастауыш сыныптарда интерактивті оқыту әдістері

Баяндама - Бастауыш сыныптарда интерактивті оқыту әдістері

Скачать материал

Қ. Нұрмаханов атындағы №95орта мектеп

 

 

 

БАЯНДАМА

 

Интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін бастауыш сыныбында қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін  арттыру жолдары  .

 

 

     Орындаған:                  Алдамжарова    Іңкәр

Қ. Нұрмаханов атындағы №95 орта

мектептің  мектепалды

даярлық тобының жетекшісі

 

 

 

2014 жыл .  Мамыр

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы

 

     І. Кіріспе.

1.2 .  БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТІН             ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................1-5 беттер

ІІ. Негізгі бөлім.

 2.2 Балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы Оқыту үрдісіндегі іс – тәжірибем...........................................................................6-9 беттер 

ІІІ. Қорытынды.

3.3. ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕМ. ...................................................................................................................10 бет

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................11 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе

1.2 . БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТІН             ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

     Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл  тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.Баланың шығармашылығын дамытатын әрбір ұстаз  өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.  Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайды баланы жалықтырып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

  *Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

  * Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

  * Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

  

   Әр ұстаз  алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам. Сәбиді жоғары деңгейдегі білім мен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойында барлық асыл қасиеттердің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін көріп түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, қабілетті, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық менгерген, өз ісінің шебері болуы керек:

   Баланың  шығармашылық қабілетінің  ашылуы үшін;

1. Ұстаз  білімін ұдайы жетілдіріп, кәсібі шеберлігін шыңдауы тиіс.

2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыру қажет.

4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.

5. Баланы өмірге бейімдеуде дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлінуі керек.

 

   Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәт те естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болады. Ол жайлы Әл – Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың  қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»-деген.

   Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері іздестіру балалар психологиясының маңызды міндеті. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және экспиримент. Осы орайда балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытында түрлі технологиялық әдістерден тиімдісін таңдап алған жөн.  Осы орайда жаңа технологияның орны ерекше .   Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жетілдіру, оқу әдістемелік кешендерге көшу, т.б.), жаңаша ойлау қалыптасуда.
Бұл технологияның өзін мұғалім түрліше (орташа дәрежеде, ұқыпты, дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен) іске асыру мүмкін. Бұл жерде технологияны жүзеге асырушының тұлғалық компоненті, белгілі бір ерекшеліктері елеулі түрде әсер етеді, сонымен бірге балалардың  әрекеті – оның қабылдауы, ынтасы, құштарлығы негізгі рөл атқарады.
Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Әсіресе, технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған және оқытудың жаңа технологияларын мемлекеттік стандарт-
қа және білімдік өзгерістерге қарай топтастыруға болады.
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңарту идеясы алынған.
Оның мазмұнына:
1)оқытудың жалпы мақсатын қою;
2)жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3)балалардың  білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау;
4)оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс);
5)нәтижені бағалау енеді.


Жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және
танымдық үрдістерді: яғни, жадының (ес) алуан түрлерін – есту, көру, қимыл және т.б. ойлауды, ынтаны,қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар ар-қылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) дамытуға бағытталуы

 Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету.

Бұл күнделікті ұйымдастырылған іс – әрекетке  де қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.
Интерактивті әдіс кезінде:
-сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
-ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені тал-қылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
-онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1)мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);
2)өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
5)кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады.  Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1)олар мол мағлұмат алып, өздері айт-қан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;
2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;
3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;
4)бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;
5)шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады
;
Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:
1)фактілерді еске алу;
2)ойлану;
3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;
4)талдап, синтездеп үйрену (бір ортақ шешімге жету үшін, барлық идеяларды біріктіру);
5)баға беру (сапасын анықтау).

Бұл әдіс осылай жастарды жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады. Бұл ретте ең алдымен оқытудың формалары мен түрлерін, әдістерін түрлендіріп, жаңартып отыру, білім беру ісін технологияландыру (озық техникаларды мысалы: ғаламторды, интерактивті тақтаны, электронды оқулықтарды т.б. пайдалану) керек. Ең бастысы білім алушыларды оқу әрекетінің субьектісі ретінде дамуын қаматамасыз ету керек. Олардың оқу әрекеттерін ынталандыруда барлығының көзқарастарына көңіл бөлу керек, пікірлеріне шынайы қызығушылық танытып, келісуі оларды белгілі бір шешім қабылдауға мәжбүрлемеу, пікірлерін сынауға, жоққа шығаруға, кемсітуге жол бермеу керек.
Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;
-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.
Сонымен,
интерактивті оқыту технология-
сы – бұл ұжымдық , өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс
.
Интерактивтік оқыту технологиясы:
1.жұптасып жұмыс істеу;
2.шағын топтармен жұмыс;
5.рөльдік (іскерлік) ойын;
6.пікірлесу;
7.өзара бірін – бірі оқыту, өзара көмек .

  Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу тәрбиесі үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас, өзгеше менталитет пайда болуда.

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы Оқыту үрдісіндегі іс – тәжірибем.

    Ұстаз  бала  бойындағы шығармашылықты ашуға ең алдымен көп ізденуі, көп оқуы, білімді болуы және уақытты нәтижелі пайдалана білуі көмектеседі. Шығармашылықты ашудың бірден бір жолы білімділік, ізденімпаздылық. Ұстаз балалардың  мінез құлқын, жұмыс нәтижелерін талдап, өзінің ұстаздық саласындағы бағытын біле алады.  Үнемі ақпараттарға шолу жасау, өзара сабақтарға қатысу да өз жемісін береді. Осыған орай өз сабағымда қолданатын жаңа деңгейлі бағдарламаға сай  курстан өтпесем де сындарлы оқытудың 7 модулін ықпалдастыра өткіземін. Себебі жаңа деңгейлі бағдарламаға сай оқыту заман талабы. Қазіргі таңда бала  бұрынғы балалармен  салыстырғанда өзгеше сипат алуда. 

Осыған орай әрбір сыныбымда өтетін оқыту процесінде жаңа  деңгейліп оқыту бағдарламасына сай қысқа  мерзімді жоспар құруда 7 модульді ықпалдастыра отырып құрамын.

Бағдарламаның 7модульдері:

1.­Оқыту мен оқудағы  жаңа   тәсілдер.

2.­Сыни  тұрғыдан   ойлауға   үйрету.

3.­Оқыту   үшін  бағалау   және   оқуды  бағалау.

4.­Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық   коммуникациялық технологияларды   (АКТ) пайдалану.

5.­Талантты  және дарынды   балаларды  оқыту.

6.Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес оқыту және  оқу.

7.­Оқытуды басқару және  көшбасшылық.

Жаңа деңгейлі бағдарламаға сай технологияны қолдану нәтижесінде интерактивті оқыту технологиясымен өте тығыз сабақтас екендігін аңғаруыма болады.  Осыған орай өз сыныбымда өткен сабағымды ұсынып отырмын.

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:9.04.2014ж

Сабақтың тақырыбы

Ұ ұ дыбысы мен әрпі

 

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Ұ ұ әрпінің жазылуы мен айтылуын таныстыру.Осы әріпке қатысты жаңа сөздермен танысу.Оқушылардың өз бетінше топта ,жұпта жұмыс жасау дағдысын жетілдіру.

Оқыту нәтижесі

Ұ әрпінің айтылуы мен жазылуын біледі. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасай алады.Өзгенің пікірін тыңдап санасады.Өз сөзін дәлелдей алады.

Әдіс-тәсілдер

.Миға шабуыл (суретке қарап әңгімелеу),түсіндіру,қолдану,топтық жұмыс,ойын,бағалау.

Құрал-жабдықтар немесе көрнекіліктер

Интербелсенді тақта,көрнекі суреттер,шар,смайликтер,кіші тіректер, дәптер,қалам.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі                                 (2минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын

Тексеру (3минут)

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ(10минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңберін ұйымдастыру

 

 

 

 

 

Топқа бөлу(сурет таңдату арқылы )

 

 

 

-Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық, еске түсірейікші?

-Ол қандай дыбыс?

-Ол қандай текшемен белгіленеді?

-Л дыбысын кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

 

 

Ұұ  дыбысы және әрпі

-Балалар «Күнді бұлттан арылту » ойынын ойнайық

- Ұлан да өлең жаттады                                        - Ұлжан да өлең жаттады                            - Қай әріптен басталған                                -Екеуінің аттары ?...

Міне сіздер тапсырманы дұрыс орындағаннан  кейін  күн бұлттан арылды

Сәлем менің алтын күнім,

Сәлем аспан көгілдір.

Сәлем менің туған жерім.

Қуанышты күн бүгін!

 

 

 

І-ші топ «Ұя» тобы

ІІ-ші топ «Ұшақ»тобы

 

 

-Л дыбысымен және әрпімен таныстық.

 

-Дауыссыз дыбыс.

-Көк текшемен белгіленеді

Лақ,леген,лимон,алмұрт,бал,

лас,люстра т.б

 

 

Суретте көрсетілгендей бұлтты арылту арқылы  қандай дыбыстан басталғанын білеміз .

Ол Ұ дыбысы

 

Ұ дыбысын естіп тұрмыз.

 

 

 

 

 

 

Бағалау /1 мин /

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау / 1 мин /

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бағалау /1 мин /

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау / 1 мин /

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау / 1 мин /

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау / 1 мин /

 

Қорытындылау

 

 

 

 

 

Бағалау / 1 мин /

 Дұрыс айтасыңдар, Ұ дыбысын естіп тұрмыз

Шапалақ арқылы бағалаймыз

-Бүгін біз жаңа сабақта Ұ ұ дыбысымен және әрпімен танысамыз.

-Ұ,ұ дыбысы дауысты  дыбыс.

-Ол,кедергіге ұшырамай айтылады.Бірге айтып көрейікші.

«Ұ» әрпімен танысқан соң ұ дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді.

Ұя, ұлу, ұшақтың

Басын бастап беремін.

Құс, жұмыртқа , бұтақтың

Ортасында келемін.

 

Келесі балалар «Суретті сөйлетейік » ойынын ойнайық   / шығармашылық қабілетін арттыру /

- Суретте ұя, ұстаз, ұшақ суреттеріне балалар сөз құрайды.

 

 Бас бармақ арқылы  бағалау

 

 Балалар, енді «Мен қайдамын? » ойыны

 

Ана тілің арың бұл ,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл.

Өз тіліңді  құрметте.

 Жеке оқушыларды стикер арқылы бағалау

 

- Сергіту сәті

 ( қай сөзде ұ дыбысы 2 рет естіліп тұр) 

 

 

 

 

 

“Құстарға     көмек” ойыны  

  1. Ұ дыбысы қандай дыбыс?
  2. Ұршық сөзін буынға бөл?
  3. Құстар  сөзіне сөйлем құра?

 

Бағдаршам әдісі арқылы бағалау

 

 «Қуанамыз бірге» ойыны

—  №1 тапсырма :

А   Ұ     И      Ы        Ұ      Ү      А     У     О    Ұ   Ө

 Ұ дыбысын естігенде қолыңды екі рет шапалақта

—  №2 тапсырма :

У У У   А А А     ООО

—  ҰҰҰ    ИИИ    ННН  ҰҰҰҰ

—  Ұ дыбысын естігенде маған қосылып әндет....  

Мадақтама сөздер арқылы бағалау

 

“Алтын сандық ”   ойыны

Екі сандық беріледі

Суретке қарай отырып Ұ дыбысы басында келген сөздерді

 №1 сандыққа салу

Суретке қарай отырып Ұ дыбысы ортасында келген сөздерді

 №2 сандыққа салу

Бас бармақ арқылы бағалау

 

Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Көркем етіп жазайық


(дәптермен жұмыс  жасайды)

Дәптерге жақсы сауатты, таза жазған оқушылар стикер арқылы бағаланады

-Сонымен балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

-Ұұ  дыбысы қандай дыбыс екен?

-Ол қалай белгіленеді?

-Сабақ барысында қандай

Ойындар ойнадық

Бір – бірімізге көмектесіп, бірлікте боламыз ба?

Сендерге көп-көп рахмет!

 

 

 

Балалар қол шапалақтап бағалайды.

 

 

Ұ ұ дыбысын дыбыстайды.

 

 

 Сурет арқылы Ұұ дыбысының сөздердің басында , ортасында кездесетін жерлерін тауып көрсетеді.

 

 

.... Ұяда жұмыртқа тұр .

..... Ұшақ аспанға ұшты

...... Ұстаз бізге сабақ береді.

 

 

 

 Топ бір – бірін басбармақ арқылы бағалайды.

 

Берілген өлең жолдарынан  балалар ұ дыбыс естілетін сөздерді табу қажет...

Бұл, тұр, ұятың , құрметте.

 

Сұраққа жауап берген топтағы оқушыларды стикер арқылы бағалайды.

 

Орындаймыз.

Ұшты , ұшты  сұңқар ұшты ,

Ұшты, ұшты тұлпар ұшты

Ұшты, ұшты үйрек ұшты

Ұшты, ұшты бүйрек ұшты

Ұшты, ұшты , бұлбұл  ұшты

 

Балалар сұрақтарға жауап беру арқылы құстарды ағаш басына қондырады.

 

 

 Топтар бірлесе отырып бір – бірін бағдаршам арқылы бағалайды.

 

 

 

Балалар тапсырманы бірге орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім топтарды жарайсың, жақсы сөздері арқылы мадақтау айта отырып бағалайды.

 

 

 Балалар топқа бөліне отырып топтық тапсырманы орындайды. Жылдам жауап беруге тырысады.

 

 

 

Топтар бірі – бірін бас бармақ арқылы бағалайды.

 

Ұ дыбысын ауада жазады.

 

Ұ ұ дыбысын дәптерге жазады.

 

Жеке оқушылар бағаланады .

 

 

 

 

дыбысымен таныстық.

-Дауысты  дыбыс.

-Кызыл текшемен белгіленеді.

-Ұ ұ дыбысына сай көптеген ойындар ойнадық

 -Әрине ,бір-бірімізге көмектесеміз.

Үйге тапсырма :

 / 1 мин /

 

Ұ дыбысына сөздер ойлап келу

Ұ дыбысына сөздер ойлап келеді.

Кері байланыс/ 2 мин /

«Менің бәйтерім»

Постерде салынған бәйтеректің суретіне  үш түрлі стикерді жапсыру .

«Өте жақсы» стикерін  - бәйтеректің жоғары жағына  жапсыру

«Орташа »  - бәйтеректің орташа жағына  жапсыру

«Төмен» бәйтеректің төменгі  жағына  жапсыру

 

 

 Балалар постерде көрсетілген бәйтерек ағашына 3 түрлі стикерді жапсыру арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерін көрсетеді.

 

 Жаңа деңгейлі бағдарламаға сай топтық түрде сабақ өткіземін. Топтық негізде өткен сабақты үнемі қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам.

  • Топтар алдын ала мұғалім басшылығымен жасақталады;
  • Көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады;
  • Топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды;
  • Жеке оқушының емес, топтың жұмысы бағаланады;
  • Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не мұғалім таңдайды;
  • Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.
  • Сонымен қатар бағалаудың түрінің бірі қалыптастырушы бағалауды бас бармақ, шапалық, мадақтама, стикерлер т.с. с  әдістерін қолдану арқылы баланың ынтасын қалыптастыра аламын.  Интерактивті оқыту әдістерін пайдаланып балалардың шығармашылық қабілетін дамыту  бастауыш үшін өте тиімді әдіс.

ІІІ. Қорытынды

3.3  ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕМ.     

Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, балаларға  педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен балалардың  іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы
*тұлғаның қызығушылығын , шығармашылығын туғызады;
*әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
*әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;
*оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
*тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
*тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;
*мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Интерактивті әдісті қолдануда мұғалімнің ескеретін жағдаяттары :          

·            Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;

·           Өздерін – өздеріне бағалату;

  •   Іс – әрекет барысында білім алу;

  Оқушы  өз  ойын  еркін  айту  үшін  мұғалім  мына  тәсілдерді қолдануы тиімді.

  •   Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;
  •   Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда
  •             тек сыныптан    « келісесіздер ме» деп сұрау;
  •    Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.

     Интереактивті оқытудың тиімді жақтары:

  • Оқушылар   ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді.
  • Оқушылар  ойларының тереңдігіне талпынады.
  • Мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.                                    

Қорыта айтқанда, әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.. Мұғалім ізденісі -  білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады. Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

 

 

              

 

 

                         Пайдаланған әдебиеттер:

 

    1.  Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау

    2.  Қазақстан Республикасының Білім Заңы

   3. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-

     педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001.  -75б.

  4.  Білімдегі жаңалықтар // 2007.   №4 26-28 б.

  5.“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл

  6. «Бастаушы мектеп»  әдістемелік журнал  . Алматы 2006-2010ж.ж

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама - Бастауыш сыныптарда интерактивті оқыту әдістері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.11.2015 2323
    • DOCX 47.3 кбайт
    • 31 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алдамжарова Инкар Магзамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алдамжарова Инкар Магзамовна
    Алдамжарова Инкар Магзамовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7801
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1471 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 800 человек

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе