Инфоурок Логопедия, Дефектология Другие методич. материалыБаяндама: "Халық ауыз әдебиетің қолдана отырып тіл кемістігі бар балалардың тілдерін дамыту"

Баяндама: "Халық ауыз әдебиетің қолдана отырып тіл кемістігі бар балалардың тілдерін дамыту"

Скачать материал

Логопед С Оспантаева

Тақырып: Тіл кемістігі бар балалардың тілдерін халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлерін мнемотехника арқылы дамыту.

Қазақ халқының отан сүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі – халық ауыз әдебиет түрлері. Себебі халық ауыз әдебиет мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Халық ауыз әдебиеті  мектепке дейінгі балалардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге т.б. уағыздайды.Халық ауыз әдебиет түрлері жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала -  жақсы үлгілердің алғы шарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.

Осы әдістемелік құралдың нәтижелерін теориялық тұрғыдан:

-        халық ауыз әдебиеті жанрларын классификақиялауда;

-        халық ауыз әдебиеті жанрларынан оқулық түзу үшін мәтіндер

алуда;

-        практикалық тұрғыдан:

-        мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері әрбір сабақтан тіл дамыту жұмыстарына;

    Мақсаты: Халық ауыз әдебиеті арқылы тіл кемістігі бар балалардың байланыстырып  сөйлеу тілін  дамыту.

    Міндеттері:         

*  тақпақта, жаңылтпашта, жұмбақтарда, мақал-мәтелдерде дыбыстарды анық айтуға үйрету.;

*  бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін;

* байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Әр логопедтің, тәрбиешінің алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақты ұлттық рухани біліммен қаруландыру.

Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.

Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын- бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.

         Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу тәрбиешілердің  міндеті болып саналады.Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы- мақал-мәтелдер,ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақтар, жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланатын дүниелер.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.

Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүние танымын кеңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілікке сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:

1.     Мақал-мәтелдер

2.     Жұмбақтар-жаңылтпаштар

3.     Ертегілер

4.     Аңыз-әңгімелер

5.     Тыйым сөздер

Организационная диаграмма

 

Халық ауыз әдебиетінің бала дамуына тигізер әсірі:

1.     Баланың қиялын,  шығармашылық қабілеттерін дамыту

2.     Әдеби образды тану, қабылдау әдісі қалыптасады.

3.     Ойын, ойнау, сөздік қорын, есте мақтау қабілетін, тілін дамыту.

4.     Баланы жеке тұлға ретінде дамытып, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде, интеллектуалдық дамуында, оның шығармашылық мүмкіндіктерін байыта түсуіне көп септігін тигізеді. Сол себептен, халық ауыз әдебиетімен таныстыруда әдіс-тәсілді қолданудың маңызы зор.

Осы әдістерді қолдануда тірек-сызбаның алатын орны бөлек, себебі сөздік қорының аздығынан және халық ауыз әдебиетінің мазмұны терең, күрделі болғандықтан тірек-сызба мен әдіс-тәсілдер жұмысты жеңілдетеді. Тірек-сызбаны қолдануды бастамас бұрын, алдын-ала жұмыс жүргізу қажет.

Тірек-сызбаны қолдану баланың дамуына тигізетін әсері мол. Оны мына таблицадан көруге болады.

 

Тірек-сызба баланың тіл байлығын жетілдіреді, белсенділігін арттырады, ол жан-жақты ізденеді, практикалық іс-әрекетте болады, шығармашылығы, тілі дамиды, құрбыларын тыңдауға үйренеді, еркін ойлауға мүмкіндік береді, өз ойын тұжырымдайды, өз ойын айтуға үйренеді.

Мектепалды балаларының сөйлеуін, ой-өрісін дамытуда, көзқарасын, тәлім-тәрбиесін қалыптастыруда халық ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал-мәтелдердің алатын орны ерекше. Мақал-мәтелдер  балаларға  терең  ой  салып,  көркем-образды  сөйлеуге  жаттықтырып,  сөздік  қорын  дамытады. Бала  тәрбиесіндегі  халқымыз  асыл  сөзін,  даналық  ойларын  мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге  ретінде  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіп  отырған.  Бала  тәрбиесіндегі  мақал-мәтелдерді  тақырыптық  жүйемен  топтап  ұсынған. Мысалы: «Оқу  білім  бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б. балаларға  арналған  мақалдар  білім  алуға,  оқуға  шақыра  отырып,  олардың  тілін  ширатуды  көздейді.  

Еңбек  ету,  білім  алу,  жақсы  азамат  болып  өсу  үшін  тәрбиенің  де  жақсы  болуы  керектігі  мақал - мәтелдерде  толық  қамтылады.  Мысалы: Адам  болар  баланың кісіменен  ісі  бар,  адам  болмас  баланың кісіменен  несі  бар», т.б  Мақал-мәтелдердің  адал,  достық,  жақсы  жолдастыққа  баулитын,  адамгершілікке  жат  мінезден  аулақ  болуға  да  тәрбиелейтін  тұстары  да  баршылық. «Жаман  аттан  аяғым  артық,  жаман  жолдастан таяғым  артық», «еңбек  түбі  зейнет» т.б. Бала  тәрбиесіндегі  басты мәселенің  бірі -  еңбек  ете  білуді,  үлкендер  еңбегін  бағалауды үйрету десек,  мақал-мәтелдерде  бұл  назардан  тыс  қалмаған.

Негізінен, мақал-мәтелдерді психикалық баланың сөйлеу тілін дамытуда көптеген әдіс-тәсілдер арқылы қолдануға болады.

 

 

1) Балаларға түсінікті болуы үшін мақал-мәтелдердің қысқа түрін алу қажет.

Мысалы: «Ердің атын еңбек шығарар», «Жылқы – малдың патшасы», «Отан оттан да ыстық» және т.б.

2) Мақал-мәтелдерді лексикалық тақырып бойынша қарастыру орынды.

3) Мектепке дейінгі балалардың мақал-мәтелдерді меңгеру деңгейі жоғарылаған сайын күрделендіріп беру керек, яғни алғашқыда қысқа түрдегілерін берсек, одан кейін кем дегенде екі жолдан тұратындарын беру керек.

    Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту үшін  мақал - мәтелдерді төмендегідей түрлерде қолдануға болады:

 

       

   

   

          

 

 

  Осындай тіректерді қолдану балаларды жалықтырмайды, керісінше олардың қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, тек қана сөйлеуін дамытып қоймай, олардың таным үрдістерінің дамуына да ықпалын тигізеді.

 

Мектеп   жасына дейінгі балалардың  тілін  дамытуда үзбей  жүргізілетін  және  тіл  дамытуға  мүмкіндік  беретін  халық ауыз әдебиетінің  бірі - жаңылтпаштар. Ол  баланың  тіліне,  оның  әрбір  сөздеріне  тартымды  қылықтарына  күле  отырып,  оларды  дұрыс  сөйлеуге  бағыттайды. Баланы  халық  жас  кезінен  бастап  дұрыс  сөйлеуге  үйретеді.

Жаңылтпаш -  халықтық  шығармалар  ішінде  баланы  дұрыс  та айқын  сөйлеуге  үйрететін,  тілін  дамытатын  жанр.  Ол  туралы С. Сефуллин: «Жастардың,  бала-шағаның  жиналып  ойын-күлкі  дүкенін  құрған  орында  айтылатын айтыстың  бірі –жаңылтпаш. Бұл  да  ертек,  өлең,   жұмбақ  айтысу  тәрізді  жастардың  тілге  ұстануларына,  ойнақы,  қырлы  сөздерді  тақпақша  атқылап,  билеп  еркін  сөйлеуге  төселу  ретінде  балаларға  жас  кезінен  сабақ-ойын  болатын  нәрсе  осы-жаңылтпаш.»- деген Жаңылтпаш  көбінесе мектепке дейінгі балаларға лайықты  шығарма. Олай  дейтініміз - жеке  дыбыстар  мен  айтылуы  қиын  кейбір  сөздерді  дұрыс  сөйлеуге  үйрету,  ол  көбінесе  балаға  ғана  тән  нәрсе.

Бүлдіршіндер балабақшаға келгенге  дейін  кейбір  сөздерді  не  жеке  дыбыстарды  айта  алмайды. Кейбір  ерке  өскен  балалар  сақаулана  сөйлейді. Міне,  осындай  балаларды жастайынан  дұрыс  сөйлеуге  үйретуді  көздеп,  халық  жаңылтпашты  пайдаланған. Балалардың  көбінесе,  дұрыс  айта  алмайтын,  тілі  келмейтін «р» дыбысы. Осыған  байланысты «р» дыбысын  құрайтын  дұрыс  айруға  бағытталған  жаңылтпаштар  да  көп.  Мысалы:

Ай, Тайқарбай,  малыңды  жадыраға  жай, Тайқарбай

Ай, Тайқарбай  дегенің  қай Тайқарбай т.б

Осы  жаңылтпашты  жылдам  айтқызғанда  бала  жаңылып,  «р» -дың  орнына «и»  дыбысын  айтуы  да  кездеседі

Қазақ  халқы  баланың  тілін  ұстарту  үшін  оған  сөз  үйретіп,  дүниетанымын  дамыту  мақсатында  жаңылтпаштар  ойлап  шығарған. Сәбидің  тілі  шығып алғашқы  сөздерді  айта  бастағанда  кейбір  дыбыстарды айта  алмай  қиналады. Тілін  мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу  үшін  қиналып  айтатын  дыбыстарды  және  сол  кездесетін  сөздерді  жиі-жиі  айтқызып,  жаңылмай  айтуға  жаттықтырған  жөн.  Сонда  ғана  бала  өз  ойын  толық,  жүйелі  жеткізе  алатын  болады. Жаңылтпаштарды  жатқа,  мүдірмей  айту  арқылы  баланың  сөздік  қоры  байып,  ой- қиялы  дамиды. Халық  жаңылтпашты  бала  тіліндегі мүкістікке  байланысты  шығарған.  Мысалы: «с» мен «ш»  дыбысын  дұрыс  ажыратып  айту  үшін:

Шеше, неше

Кесе  сынды кеше,

Сондай-ақ,  осы дыбысты шатыстырмай айтуға  үйретуге  байланысты,

Торта  қойдым,  орта  ойдым

Орта  қойдым,  жорта  қойдым,- деген  сияқты  көптеген  жаңылтпаштарды  айтуға  болады. Жаңылтпашты  айтқызуда  алдымен  оны  жаңылмай  тез  әрі  бірнеше  рет  қайталау  қажеттігін  ескерген  жөн.  Баланың  тілін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттыру  үшін  бірнеше  әр  түрлі  дыбысқа  байланысы  білетін  жаңылтпаштарын  жатқа  айтқызу  керек. Осы балалар категориясына  неғұрлым  жаңылтпашты  көп  қолданса,  соғырлым  олардың  тілі  тез  ширап,  дыбыстарды  анық  айтатын  болады. Дыбыстарды  анық,  дұрыс  айта  алса,  сөзді  дұрыс  айтып,  оның  мағынасын  меңгереді.  Сонымен  қатар,  сөздерді  бұрмалап  айтпау  үшін ойын  айқын  да  дәл  сөйлеуге  жаттықтырады. Жаңылтпаштардың  әр  сөйлеміндегі  баланың  тілі  келіңкіремейтін  сол «р», «с» дыбысының  әлденеше  рет  қайталанып  келуін  қарастырған.

  

 

 

Халық  ауыз  әдебиетінің  келесі бір  түрі - жұмбақтар. Халық ауыз әдебиетінде  жұмбақтар  баланың  ақыл-ойын  дамытып,  тіл  байлығын  жетілдіреді. Баланы  ойлауға, жасырған  нәрсенің  шешімін  табуға  жаттықтырады.  Жұмбақтың  шешуін  табуда  оның  құпиясы  баланы  қызықтырып,  шешімін  айтқызуға  мәжбүр  етеді. Жұмбақты  шешуде  бала  ойланады,  көп  нәрсені  есіне  түсіреді,  заттарлың  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын  іздестіреді,  байқауға  тырысады.  Зерттеуші  Ш. Ахметов  жұмбаққа  мынадай  анықтама  берген: «Жұмбақ  дегеніміз-  адамның  қай  затқа  болса  да  поэтикалық  көзқарасының қандай  екенін  сынау  үшін,  бір  затты  көркем  тілмен  жұмбақ  етіп  суреттеген, халықтық  жанрдың  бір  түрі». Жұмбақтың  тәрбиелік  мәніне  тоқтала  отырып,  балалардың  жас  еркешеліктеріне  қарай  тақырып  мазмұны  сәйкес  жұмбақтарды  таңдап  алып,  онда  балалардың  ақыл – ойын , логикасын,  тілін  дамытуға  мән  бердік. Баланың  ақыл-ойын  дамытуда  танымдық  қабілеттерін  арттыруда,  қиялын  шарықтатып,  тапқырлыққа  тәрбиелеуде  жұмбақ  таптырмайтын  құрал  болып  табылады. Жұмбақтар өз ішінде құстар, үй жануарлары, дала жануарлары,  өсімдіктер өлкесі, адам дене мүшесі туралы  т.б. түрлері болады.

                                                           

        

Қорытынды

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін, тіл байлығын дамытуға, сөз қорын байытудағы тәсілдердің бірі – халық ауыз әдебиетімен таныстыру.  Мына міндеттерді шешеді:

-         тірек кестелер мен белгілерді тез ұғынып, есте сақтап баланың өзіндік жұмыс жасауына жағдай жасау;

-         байланыстыра сөйлеу дағдыларын, суреттер, сызбалар арқылы дамыту;

-         балалардың көру, есту, ойлау қабілеттерін танымдық іс-әрекеттері арқылы жетілдіру;

-         қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп дұрыс, анық айтуға машықтандыру.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: "Халық ауыз әдебиетің қолдана отырып тіл кемістігі бар балалардың тілдерін дамыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 4044
    • DOCX 4.9 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспантаева Сафура Ермековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспантаева Сафура Ермековна
    Оспантаева Сафура Ермековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14953
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

От Зейгарника до Личко: путь к пониманию человеческой психологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика воспитания детей дошкольного возраста по системе Марии Монтессори

Монтессори-педагог

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 122 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс повышения квалификации

Работа в программе «1С:Зарплата и управление персоналом 8.3»

36/72 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 111 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 258 человек

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек