Инфоурок Всеобщая история СтатьиБаяндама: ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ – САЯСИ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ

Баяндама: ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ – САЯСИ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ

Скачать материал

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ – САЯСИ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ

 

 

 

     Қазақ халқы өз басынан тар жол, тайғақ кешулерді көп өткізді. Оған тарих куә, өмір жолындағы күрес дәлел.

     Байлық көзі тұнып тұрған бақ далам,

     Бабам сайын, ақ үмітін ақтаған.

     Жүрген жолы шым-шытырық тарихта,

     Дана халық салтын мәңгі сақтаған – демекші саяси - тәуелсіздіктің биік белесін бағындыру баршамызға басқа қонған бақ болып келгені рас.

Кез келген ұлт пен ұлыс үшін баға жетпес асыл құндылық саналатын тәуелсіздік — бағасы аса қымбат, сан ұрпақтың төгілген қаны мен шүмектетіп төккен терінің бодауына келген өтем екені даусыз. Бүкіл ғұмыры жаугершілікпен өткен қазақтың киіз үйінің белдеуінен бұрындары байланған қазанат үзілмесе, қолынан үкілі найза түсіп көрген емес-ті. Арғы ата-бабаларымыз құлан тұяғы мүжіліп, құс қанаты талатын, құлашын кеңге жайып жатқан ұлан-ғайыр сайын даланы сыртқы жаудан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап қалып, артқы ұрпағына “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” қазіргі Жерұйық — Қазақстан жерін мирас етіп қалдырып кетті. Тәуелсіздікті баянды ету үшін төккен тер сор татитындықтан, бар ғұмырын азаттық күресі жолында өткізген қазақ ұлты үшін тәуелсіздік — тәу етер киелі ұғым. Оның халыққа не бергенін тәптіштеп айтып жатудың өзі артық. Өйткені, бүгінгі ұрпақ арғы ата-бабаларымыз сан ғасыр көшінде қол жеткізе алмаған еркіндіктің жемісін көріп, саяси тәуелсіздіктің бостандығының дәмін татып, төрткүл әлемнің басқа елдерімен терезесі тең өмір сүріп, өркениет өркешіне қол созып отыр.

       Тарихи өлшем бойынша егемендікке ие болғаннан бергі аз ғана уақыт ішінде Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық елдері арасынан өз орнын ойып алды. КСРО ыдырауына Алматы қаласында 1986 жылдың 16-18 желтоқсан күндері аралығында орын алған жастар көтерілісі айрықша ықпал етті. Желтоқсан көтерілісін қазақ даласына келген тәуелсіздік қарлығашы деп атаса артық болмайды. Саяси елдің еркіндігі қалыптасқан да осы уақытқа тұспа-тұс. Көтерілген жастар қылышынан қан тамған қызыл империя үстемдігіне ғана қарсы шықпай, өзінің ұлттық ар-намысын қорғауды бірінші орынға қойды. Осыдан кейін-ақ КСРО кеңістігіндегі елдерде дүрбелеңдер жиі орын алып, мұның арты “ақ дегені — алғыс, қара дегені — қарғыс” саналып келген компартияның тарих сахнасынан кетуіне әкеліп соқты. Бұрынғы Одақ шекпенінен шыққан республикалар өз тәуелсіздіктерін жариялап, жеке шаңырақ көтерді. Ал, Қазақстан халқының саяси санасының өсуі олардың республикадағы саяси-экономикалық ахуалдың барысына қанағаттанбайтындығының, олардың осы дағдарыстан шығу жолын ортақтасып іздеуінің шынайы көрінісі еді.

      Тарих қойнауын тереңнен таразылайтын болсақ, қазақ халқы көрген қасірет, басынан кешірген қиындық, теуелсіздік жолында жан алысып, жан беріскен әрекеттері тізіле бастайды. Ұлтымыз артқа тастаған қиындық осының бір дәлелі іспеттес. Өмір кешуіміз енді екпін ала бастаса болды, қызғана қараған, ала көздерімен айбатын шаққан, адуыны мықты елдермен де, ел үшін, жер үшін, ұрпаққа табыстайтын асыл аманат үшін қасқалдақтай қандарын төккен, тәуелсіздік тұмарын тағынған батырларымыз баршылық. Міне, осы батырларымыздың бастамасымен қазіргі саяси бостандық елімізге жеткелі қашан. Елдің азаттығы үшін тіпті өздерінің шыбын жандарын ешбір аяусыз шүберекке түйген, бойларында намыс оты ұшқын алған азаматтарымыз елдің тірегі, лүпіл қаққан жүрегі болды емес пе? Жаугершілік заманда жаудың бетін қайтарған, қанды қырғын қырылыстарда ұрпақтың бейбіт болашағы жолында, соңына дейін қандарын сорғалатты емес пе? Осы ерліктердің барлығы ата – баба аманатына қиянат қылмау мақсатында жасалғаны айтпаса түсінікті. «Соңғы демім еркіндік үшін тыныстаса да мен үшін бұл жалғанда одан асқан арман жоқ»,- деп жан түршігерлік ерлікке барды. Дәл қазағымның батырлары жасаған жорықтарды ешкім де қайталай алмас, сірә. Оның үстіне жеке бастарының қамы үшін емес, ұлтының бостандығы үшін бастарын қатерге тігетін жандар табыла қоймайды. Осындай қазақ үшін қиын қыстау заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жеңіске деген сенімге сес келтірмеген де менің бабаларым. Азаттық үшін арыстанша арпалысып, күні-түні болсын ошақ отын ойламай, жаудың жігерін күл қылып, екі аяқтарын бір етікке тығып, келмеске кетіріп түре қуған да біздің бабаларымыз. Ұлан-ғайыр жерімізді өзгеге табан тіретпес үшін табандылық танытқан тарландарымыз қазақ тарихының төрінен орын тебеді. Әлбетте, осының барлығы екі қолға бір күрек табылмай еріккендіктен емес, ар-намысымыз аяқ-асты тапталмас үшін жасалған ерлік. Ел үшін еңіреп, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку шер шалған да менің аталарым. Осы уақыттан бастап, тәуелсіздік үшін тартыстық. «Ұлымыз туылса құл боламын деп туылмайды, қызымыз туылса күң боламын деп туылмайды». Міне, осы сөздің өзі өзгелерге үлгі боларлықтай тауып айтылған сөз екені рас. Бойында батылдық, батырлық бар менің бабаларым дос болғанға құшақ жайған кеңпейіл болса, қас болғанға қиып өтер қылыштай өткір болған. «Кімде-кім қазақ елінің жеріне рұқсатсыз аяқ басатын болса, өмірге келгеніне өкіндіріп, мәңгі келмеске кетіреміз», - деп кей кездері қолға қару алмай – ақ, өздерінің ащы тілдерімен жаудың қарқынын қайтарған шешен болған.  Үш тұғырымыз бола білген  үш биіміз де нағыз шешендер еді ғой. Бір ауыз сөзбен ел арасындағы дауды келісімге келтіре отырып, шұрайлы жерімізге иелік еткісі келген жауды да тауып айтылған сөздің құдіретімен кейін қайтарған. Сөз қадірін ұққандықтан ұлы бабаларым осындай келісімге келумен, бейбітшілік аңсаған армандары екенін жаһанға жар салып, нағыз мардымды әрекеттерімен жеңіс туын дер кезінде желбірете білді. Жігер – күштерінің арқасында бүгінгі ұрпақ бақыты бізді аттап өтпеді.  Отанға деген сезімге ерік беріп, ерлікке де Отан үшін барды, отқа түсті. Өзгелерге тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ештеңені аямайтындарын, тосқауыл болам деп, кім-кімде жолымызда кездесетін болса, түпкі тамырымен құртып қансыратамыз деп қайсарлықтың қайыспас қырын көрсетті. 

        Хан Абылайымызда дипломатиялық келісімнің һас шебері бола тұрсада, туған жерін қалай қызғышша қорғау керектігін жауға аттанған жауапты жорықтарымен айқындап кетті. Ата жауларымыздың өзі үш жүзіміздің басы қосылмай, ел ішінде араздық туындаса да біздің қамалды қақ жарып дегендеріне жете алмады. Үш жақтан басымыз бірікпесе де, үшеуіміздің де көксегендеріміз бір мақсат болғандықтан, берік қаланған босағамызды бұзуға олардың құдіреттері қай жағынан болмасын жетпегеніне тарих өзі куә. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сынды біртуар батырларымыз болашақтың берік қалануын ойлап, жаудың қарқынын сан соқтырып, қазақ баласының келер күні өз жерінде күннің батқанын, таңнын атқанын  қарсы алсын деген ниетпен жауға қарай еркіндік үшін жосылды. Ұлтымыздың тамырын тереңге жайғанын меже тұтты. Елдің еңселі егемен ел болуын басты назарға алған, Махамбет, Исатай батырларымыз тағы бар. Екеуі де жандарын  азаттық үшін кез келген уақытта мүдірместен пида ететін нағыз нар тұлғалы азаматтар еді ғой. Төрт жақтан қыспаққа алса да артында қалған ақ жаулықты ананың ақ сүтінің қадірін біліп, әкенің ақ арманының пәктігін сақтап қалу үшін, бауырларының сеніміне сес келтірмес үшін мың өліп, мың тірілді. Осындай орны ерекше оқиғалардың арқасында қазақ баласы екендігі, көк түріктің ұрпағы екендігі, болашақтың тақтасына алтын әріптермен жазылып та үлгерді. Батырларымыз қолдарына қару алып елдің тыныштығын қамтамассыз етсе, қаламгер дарындарымыз да нағыз батырға лайық әрекет жасап кетті. Өйткені, таршылық кезеңді басынан кешіріп отырған туған халқына деген өздерінің рухани қолдаулары орынды әрекет болатын. Зар-мұңдарын, халықтың көз жастарын, еркіндікті зарыға күтіп, асыл армандарының қаншалықты қымбат екендігін қалам қайрап, тебірене толғап та үлгерді. Қалайда қазақ мемлекетін өзге елдермен иық теңестіретін дәрежеге жеткіземіз, қалайда болсын өз тұғырымызды биік белестермен бағындырамыз деп бастарын тауға да тасқа да соқты. Қазақ екендігіміз, қайсар мінезді халық екендігіміз дүйім елге белгілі болды. Абайдан бастап, Шәкәрім жалғаған ізгі жол, сара жол осы тәуелсіздік туын барынша биікке көтеру болатын. Осы жолда мыңмен жалғыз күрескен Абай болатын. Халық жауы атанған арыстарымыздың да аңсаған ақ армандары да осы еркіндік екеніне ешкім дау айта қоймас. Бес арысымыз қолдарына қалам алып, қарапайым халықтың қалын ойлап, үкімет басшыларына қалам сермеу арқылы қазақты өзге елдің бодауынан босауына себепкер болды. Сиясы кеппеген салиқалы шығармаларымен қыр көрсетті. Батырларымыз деп осы кісілерді атауға болады. Халық атынан сөйлеп, келер ұрпақтың бақытын сақтап қалу жолында жан қиды. Көксегендеріне де жетті...

    Ата – баба аманаты, асыл жақұты жарқырап төрімізде тұғыр алды. Құдайға шүкір еркіндікті тіл үйірер тәтті дәмін қазіргі ұрпақ біз татудамыз. Осы тұста бодандықтың ащы дәмін кімдер татқандары айтпаса да айқын.

       Отанымызда ордамызды құрып, басшымызды да сайладық. Әлем алдында саяси тәуелсіз ел болдық. Қаншама жылдың қойнауынан қайнап шыққан бұл бостандық қазіргі мақтанышымыз. Еркін елдің қанаты қалықтап, көкжиектерге көз тігетін кемелді, келісті сәттерінің бірі – саяси тәуелсіздіктің бостандығы іспеттес. Бірте-бірте зар жылатқан уақыттың өлшемімен халқымыздың арманы орындалды. Айтылған мақсаттардың барлығын байыппен бағындырдық. Тыныштық орнаған заманда елдің еңсесін көтеріп те үлгердік. Осы ретте  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың : «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – Қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деген сөзі азаматтығымыздың қадір-қасиетін көрсеткендей. Бүгінде еліміздің Ата Заңы орныққан, шекарасы айқындалып бекінген, төл теңгесі шыққан, мемлекеттік рәміздері бекітілген. Ел басқарып отырған ел басының салиқалы саясаты жүзеге асып, әлемдік көште кенже қалмай, алдыңғы қатарлы мемлекет болып отырғанымыз ойып алар орнымыздың бар екендігін айқындайды. Тіпті осындай аз уақыттың ішінде елімізді ғана емес, өзге елдердің ұйымына да басшылық жасап үлгердік. ЕҚЫҰ- на төрағалықты ойдағыдай аяқтап, әлем алдында абыройымыз көкке жетердей асқақтады. «Астана» деклорациясын 57 елдің зиялыларына мойындатып, саяси мықты мемлекет екенімізді екі еттірмедік. Жас, бірақ кеңге қанат жайған қайсар ұлт екендігімізді көр соқырдың өзі көріп, кереңнің құлағына да жеткен секілді. Саяси еркін ел – біздің мемлекет. О бастан осы үшін күрескен батырларымыз тәуелсіздіктің биік белесіне жол бастаушы тұлғалар болып қала бермек.

       Тәуелсіздік - бұл кешегі күнде ойылып қалған бұжыр іздердің бірі, бүгінгі күннің басынан кешіріп отырған бас айналдырар бақыты, ертеңгі күннің ұрпаққа табыстар асыл аманаттарының бірі, ең қасиеттісі. Еркін еліңде тыныстап, сар далаңда гулеген самал желге орану, сылдырлаған бұлағының әдемі үнін есту, көз жетпес асқар шыңдарына шығу осының барлығы ата – баба сыйлаған сыйдың ең қымбаттысы. Асыл маржаны. Сарқылмайтын саф алтыны. Бізге жүктелген міндет ол тәуелсіздікті баянды ету, өтеуі қымбат аманатқа қиянат қылдырмау. Жүсіпбек бабамыз айтқандай мәуелі бәйтерегімізді өзінің нық орнынан құлатып алмау. Сонда ғана еркіндігіміз баянды болып, бақытты күндеріміз әлі алда екендігіне сенуге болады. ХХІ ғасыр сыйы мәңгілік меншігіміз бола бермек. Сөз соңын мына бір жүрекжарды жыр-шумағыммен аяқтағанды жөн көрдім:

 

Талай қиын ғасырларды өткіздің ғой басыңнан,

Ресей, жоңғар, немістерің жауың болды басынған.

Сондадағы жоғалмапсың қайсар менің қазағым,

Қыр гүліндей жайнап тұрсың бағың енді ашылған.

     Саясаттың оң бағытын ұстанған елімізден саяси – тәуелсіздік таймасын деген ниетте болайық!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама: ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫ – САЯСИ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БИІК БЕЛЕСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 839 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 756
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Игенова Асель Баймусаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Игенова Асель Баймусаевна
    Игенова Асель Баймусаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7238
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Курс повышения квалификации

Федеральный государственный образовательный стандарт ООО и СОО по истории: требования к современному уроку

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 278 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 156 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек