Инфоурок Начальные классы СтатьиБаяндама "Оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін дамыту жолдары"

Баяндама "Оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін дамыту жолдары"

Скачать материал

Оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін дамыту жолдары

                                                                                       А.Амангельдина №16 ОМ

 

Мектеп – білім мен тәрбие берудің орталығы. Баланың өмірге көзқарасы, дүниетанымы, мінез-құлқы да мектепте қалыптасады.

Ұстаз! Осы сөзде қаншама құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін адам жоқ. Ендеше осы қасиетті сөздің иесі болу – бақыт.  Ы. Алтынсарин атамыз: "...жақсы мұғалім – мектептің жүрегі", - деген еді. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі.

Бүгінгі таңда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. 

Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

 «Құзырлылық» ұғымы  «жасай алу» деген мағынаны білдіреді. Құзырлылық – бұл күнделікті өмірдің нақты жағдайларында пайда болатын проблемалар мен міндеттерді тиімді түрде шешуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. Құзырлылықты білім, білік, дағдының өзара байланысы деп қарасақ, оның төмендегідей формуласы бар:

білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің оралымдылығы + ойлаудың саналылығы. Құзіретті – сай болу, қабілетті болу, құқықты болу мағынасын білдіреді.

Құзіреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттерінің қалыптасуы.

 В. А. Сухомлинский: "Сабақ жасөспірімдердің интелектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап-мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады"-деп айтқан екен.

 Бастауыш сыныпта оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде берілетіндігі, оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп орындайтын ортақ тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайтындығы, әрбір орындалған тапсырманың мақсатын анықтауы, т.б. мәселелер қамтылады. Оны іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді. Мұғалім өз оқушыларының пікірімен санасып, бірімен-бірі өзара достық қарым-қатынаста болса, оқу-тәрбие жұмысының да алға басатыны даусыз.  Өзінің кәсіби деңгейін көтеріп отыру – мұғалімнің қоғам және оқушы алдындағы басты міндеті. Тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаяттарына қолдана алатындай дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады.

Педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі тиіс.

Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

    Осымен байланысты мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін төмендегідей жұмыстарды жолға қойған дұрыс болар еді:

 Зерттеушілік жұмысты жандандыру;

        Педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасу;

        Мұғалімге әр түрлі формада педагогикалық көмек көрсету;

 Педагогикалық инновацияларды меңгеру;

Педагогикалық инновациялық технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Өз еңбегін талдай білген адам ғана тәжірибелі ұстаз бола алады. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып, сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдалану, тиімді, жүйелі түрде қолдану оқытушының шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген ғалым А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей критерийлерін анықтаған.

1.Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

2.Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

3.Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Нәтиже ретінде баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

4.Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Әр ұстаз шығармашылықпен еңбек ету керек. Іздену, жаңалыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай білуге, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдары ұсынылады. Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Мұндай сабақтарда оқушыға ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қатынас сақталады. Мұғалім бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интелектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Сабақ беру үрдісінде оқушыны  шығармашылыққа баулудың маңызы ерекше. Шығармашылық- өздігінен еңбектенудің,ізденудің жолы. Әр тақырып бойынша жүргізген  жұмыс  нәтижесі оқушының  тиянақты  ойлай, сөзді нақты жеткізе білуге үйретеді. Шығармашылық жұмыстың алуан түрлері бар.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолданамыз:

  1. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
  2. Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау.
  3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
  4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
  5. Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту.
  6. Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
  7. Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы)
  8. Өлең, мақалдар құрастыру.
  9. Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу.
  10. Кейіпкерге мінездеме беру.
  11. Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу,мүсіндеу.
  12. Рөлге бөліп оқыту.
  13. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус)
  14. Диалог-ертегі.
  15. Образға кіру

Мұғалім күнделікті сабаққа жете ізденіп, жаңа технологияны шебер пайдаланса, сабақ өз  мақсатына жеткен  шығармашылыққа бағдарланған,  оқушы дүниетанмын байытатын бірден-бір сабақ болар еді. Қай сабақ болмасын «мынау оның білімдік жағы,мынау тәрбиелік жағы»деп бөліп жаруға болмайды. Себебі білім мен  тәрбие-әркез егіз үрдіс. Шебер мұғалім осы екі қасиетті оқушы бойына дарыта оқыта отырып , оқыту әдісін, жаттықтыру жұмысын, қолданылатын көрнекілік түрлерін оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, қабілеті мен ынтасына қарай  таңдай білсе, өзі көздеген мақсатына жетеді.

Қазіргі мұғалім:

·         Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

·         Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

·         Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

·         Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

·         Білімді, іскер, шебер болу керек;

 Қазіргі оқушы:

·         Дүниетаным қабілеті жоғары;

·         Дарынды, өнерпаз;

·         Іздемпаз, талапты:

·         Өз алдына мақсат қоя білуі керек

 

 

Ол үшін:

1.      Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;

2.      Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;

3.      Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;

4.      Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру керек және жеке тұлғалық құзырлылықты дамыту жолында шығармашылықпен жұмыс жасау қажет.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

·         бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық, т.б);

·         мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);

·         оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);

·         коммуникативтік құзіреттілік ( адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);

·         ақпараттық-технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық обьектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);

·         әлеуметтік- еңбек құзіреттілігі (әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);

·         тұлғалық өзін-өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

 

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан- жақты болуы талап етіледі.  Егер педагог өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы М.О. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспірімдердің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына тікелей байланысты. Біз білім беру мазмұнына,  мектепке,  оқушы мен ұстаз тұлғасына,  олардың өмірі мен қызыметіне деген көзқарастар өзгерістерге ұшырап отырған кезеңде өмір сүрудеміз. Осындай кезеңде мектептегі барлық істі атқарушы басты тұлға мұғалім екені даусыз. Сондықтан да қиын да қызықты еңбектерінізге шығармашылық табыс тілеймін.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
  2. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж.
  3. Математикадан қызықты тапсырмалар Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаева
  4. Бастауыш білім журналы № , 2004 ж.
  5.  Муравьев Е.М.  Компетентностный подход как одно из оснований обновление образования//Народное образование, №5, 2003 ж.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Оқушы мен мұғалімнің құзіреттілігін дамыту жолдары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл баяндамада оқушы,мұғалім, құзіреттілік, құзіреттілік түрлері және оны дамыту жолдары туралы айтылады.

«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп заманымыздың заңғар жазушысы М.О. Әуезов айтқандай, ел болашағы қазіргі жасөспірімдердің қаншалықты білімді, тәрбиелі болуына тікелей байланысты. Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен ұстаз тұлғасына, олардың өмірі мен қызыметіне деген көзқарастар өзгерістерге ұшырап отырған кезеңде өмір сүрудеміз. Осындай кезеңде мектептегі барлық істі атқарушы басты тұлға мұғалім екені даусыз. Сондықтан да қиын да қызықты еңбектерінізге шығармашылық табыс тілеймін.


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2017 3299
    • DOCX 30.2 кбайт
    • 59 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амангельдина Айгуль Амангельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13455
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 110 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 484 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: эффективное общение и решение конфликтов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 844 человека из 78 регионов
  • Этот курс уже прошли 403 человека

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе