Тақырыбы: Берілген санның проценттін табу.
Мақсаты: Оқушыларды
елжанжылыққа, ұлттық салт-дәстүрді құрметтей білуге, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
ә) Процентті жай бөлшекпен, ондық бөлшекпен және бөлшекті процентпен жаза
білуге, берілген санның процентін таба білуге үйрету;
б) Оқушылардың логикалық ойлау дәрежелерінің жоғары болуына, ізденушілікке
баулу, ауызша Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
- Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі. 3 топқа бөлінеді.
- Үй тапсырмасын
тексеру
- Зымыран сұрақтары
- Деңгейлік
тапсырма
- Сергіту сәті
- Шығармашылық есеп
- Оқулықпен жұмыс
- Тесттік тапсырма
- Бағалау
- Үйге тапсырма
Саяхат
сабағы "Алдар көсе" ертегі желісі бойынша өтеді. Әр ауылдан
өткенде берілген тапсырмаларды орындайды.
Зымыран сұрақтары
- Процент дегеніміз?
- Процентті қалай санға айналдырамыз?
- Санды процентке айналдыру үшін не істейміз?
4. Берілген санның процентін қалай
табамыз?
Әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
В деңгей
1 топ
1. 500- дің 15%
2. Теңіз суының 75% таза су болса, қалғаны
тұз. 15 т теңіз суында қанша тұз бар?
2 топ
1. 40-тың 75%
2. Ыдыстың - і су құйылған. Ыдыстың неше процентіне
су құйылған? Неше проценті бос?
3 топ
- 45-тің 9%
2. Жинақ қассасына
жылына 15%-тік өсіммен 90 000 тг ақша салынды. Жинақ кассасындағы осы ақша бір
жылдан соң неше теңге болады?
С деңгей
1 топ
1. Балмұздақтың
40%-і су, 8%-і сары май, қалғаны қант. 4,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше
грамм қант керек?
2 топ
1. Тракторшылар
бригадасы үш күннің ішінде 450 га жер жыртты. Бірінші күні олар бүкіл егістің
25%-ін, екінші күні 34%-ін жыртты. Үшінші күні бригада қанша гектар жер жыртты?
3 топ
1. Пішіші тік
төрбұрыш тәрізді жер бөлігінің ұзындығы 500м, ал ені оның ұзындығының 42%-і. 1
гектардан 40 ц өнім алатын болсақ, барлығы қанша өнім аламыз?
Топпен жұмыс.
Сиқырлы суреттер .
Оқулықпен жұмыс:
№ 1381, №1382
- Бекіту.
Тест
тапсырмалары
1. 30 оқушының 30%
қыз болса, ұлдар нешеу?
а) 21 в)
22 с) 12
2. 110-ның 25 % тап
а) 26,5 в)27,5 с)25,7
3. Кітап 150 беттен
тұрады. Асан 30 % оқыса, неше беті оқылмай қалды?
а) 110 в)105 с)
115
4. Процентке
айналдыр 1,12
а) 112 % в)0,112
% с)11,2 %
5. Процентті санға
айналдыр 1,5 %
а) 0,0015 в)0,015 с)0,15
Сергіту . Неше кубик бар?
Бағалау.
«3» - 3-10 ұпай
«4» - 11-20 ұпай
«5» - 21-26 ұпай
Үйге тапсырма :
№1392, №1395
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.