Күні:07.12.2015
Мектеп:№8
мектеп
Сынып:2
Ә
Пән:
Әліппе
Әдіскер:Жахметова
Б.К. Практикант:Нұрділда
Айгерім Мұғалім:Бакирова
А.Ә.
Тақырыбы: «Чч» дыбысы және әріпі
Мақсаты: Білімділік:
Дидактикалық материалдардыпайдаланып,оқушылардың біліміне білім
қосып,әрі қарай білімдерін тереңдету.Осы «Чч» әріпіне нақты
тоқталу. Дамытушылық:Оқушылардың
ой-өрісін дамыту,соны жетілдіру. Тәрбиелік:Тиянақты
оқуға,өз ойларын анық жеткізуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:суреттер,сөйлем,әріптер.
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме,балалар!Бүгін әліппе
сабағынан мен Нұрділда Айгерім беремін.Бүгінгі көңіл-күйлерін қалай? -Жарайсыңдар!Олай
болса сабағымызды жақсы көңіл-күймен
бастайық. Психологиялық
дайындық: Арайлап
таң
атты.
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды
күніміз
Жарқырайды даламыз,- деп бәріміз сабағымызды бастайық. Өткенді
қайталау:
-«Цц» әріпі қандай
дыбыс?
-Осы әріпке байланысты сөздер айтыңдаршы? Сөздің
қай жерінде кездеседі?-Жеке-жеке оқыту. «Цирк»
мәтінің мазмұндау,сұрау.
- (Аю не істеді?, Иттер не ойнайды?) Сергіту
сәті:
Шаршасаңдар балалар
Қолдарыңды созыңдар
Бір,екі,үш,төрт,бес
Саусақтармен ойнаңдар
Денелерің шынықсын
Саналарың
тынықсын.
-Балалар бойларын сергіп қалдыма,олай болса сабағымызды
жалғастырамыз.
Жаңа сабақ:
Балалар бүгінгі сабағымыз, алдыңғы сабақтарға қарағанда ерекше өткелі
жатыр.Сол себепті барлығымыз ат салысып қатысайық. Бәріміз
3 топқа бөлінеміз.
1 топ «еңбек»орталығы, 2
топ:
«оқу»орталығы,
3 топ: «жазу» орталығы деп бөлінеміз. Балалар,бүгін бізге «Чебурашка»
қонаққа келді.Чебурашка сендерге өз тапсырмасын ала келіпті.
-Кәне чебурашканың хатын ашып,сендерге арнаған тапсырмасын көрейікші.
-Бәрекелді! «Чч»дыбысы және әріпі.
Олай болса , «Чебурашка»деген сөзде «Чч» дыбысы барма?-жарайсыңдар!
-Ендеше,бүгін өтетін тақырыбымыз «Чч» дыбысы және әріпі. «Чч» дыбысы дауыссыз.Балалар
«Чч» әріпіне байланысты чемпион,чемпионат,чек деген сөздер бар,оны барлығымыз
білеміз,иә.Балалар,чек деген сөзді талдайықшы. Чек-деген бәріміз
білетіндей,дүкеннен зат немесе төлем ақы алған кезде берілетін қағазды айтады.ЧЕК
дегенде «Ч»дауыссыз, «Е»дауысты, «К»дауыссыз.
Оқулықпен жұмыс:
1.Оқулықтағы сөздердіоқу,оқушыларға
жеке-жеке оқыту;
2.Оқулығымыздың
107 бетіндегі «Болашақ чемпиондар»өленің оқу.
Мен оқимын,ал сендер мұқият тыңдаңдар.Сосын сендер оқисындар.
3. «Болашақ чемпиондар» мәтінің мазмұндау
Тақтамен
жұмыс:
-Балалар,барлығымыз тақтаға назар аударайықшы.Тақтадағы суреттермен
жұмыс.Мына сөздердің дауысты немесе дауыссыз екенін анықтайықшы.Көк белгілермен
белгілейміз. Ойын:
«Шебер болсаң»деп аталады.Ойынның шарты:1-топ;берілген ермексазбен,мына
чупачупсты жасайды,ал 2-топ;берілген сөздерді есте сақтап орындарын ауыстырмай
жатқа айтады. Ал 3-топ «Ч» әріпінен келетін 4 сөз жазады да оқиды.Ал мен
сендердің шеберліктерінді тексеремін.
Сергіту сәті: Бір,
екі, үш
Жинап алдық күш
Төрт, бес, алты
Біз жазамыз мықты
Дәптерімізді ашайық
Көрсетілген үлгіге,
Әдемі етіп жазайық
-Бойларын сергіп қалды ма?Олай болса
дәптерімізді ашып,әдемілеп жазайық. Дәптермен
жұмыс: Мынау
«Чч» баспа түрі,ал мынау «Чч» жазбаша түрі. Кәне,барлығымыз ауаға
жазып көрейікші. Сергіту
сәті:
Біз
чемпоион
боламыз,
1,2,3.1,2,3.
Торғайда біз боламыз чирик-чирик-чирик-чирик
Оқушы боп орнымызды
табамыз.
Қорытынды:Ал
енді, чебурашканың тапсырмасын орындайтын сәтте келді.Мына чебурашканың
қолындағы гүлдердің ішінде сұрақтар бар,соны осы гүлді ала отырып сұраққа жауап
береміз. -Бүгін
біз қандай әріппен
таныстық?
-«Чч» әріпі дауысты ма,дауыссыз ба?
-«Чч» әріпіне байланысты сөздерді
атайықшы?
Әдіскер:
Мұғалім:
Баға:
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.