Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Дарабоз интелектуалды сайысы" (8 сынып)

"Дарабоз интелектуалды сайысы" (8 сынып)



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Дарабоз

Мақсаты:

Білімділік: Интеллектуалдық сайысқа қатынасушы оқушылардың тарихи білімдерін дамыту.

Дамытушылық: Қазақстан тарихы пәніне оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны қалыптастыру.

Түрі: Танымдық ойын сабағы

Көрнекілігі: Мультимедия, білім туралы даналық сөздер жазылған парақша, «Дарабоз» деген лента, сайыстың аты жазылған плакат, шарлар.

Сайыстың барысы:

I. Кіріспе бөлім:

Ұйымдастыру кезеңі

а) Сайысқа қатысушылардың дайындығын тексеру

ә) қазылар алқасын сайлау

II. Негізгі бөлім:

Сайыстың шарттары:


Самғау кезеңі:

А) « Тапқыр болсаң тауып көр»

Ә) «Менің сүйікті пәнім»

Б) «Екі жарты» сәйкестендіру тесті.


Шарықтау кезеңі:

А) Тарихи басқатырғыш

Ә) «Ойды аяқтау»

Б) «Тарихи көмбе»


Шырқау кезеңі:

А) «Суреттер сыр шертеді»


Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау)


VI. Қорытынды бөлім:

Қазылар алқасының берген қорытындысы.

Сайысқа қатысушы оқушыларды марапаттау.


І жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

ІІ жүргізуші: Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

І жүргізуші: Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

ІІ жүргізуші:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына – деп бүгінгі бақ сынасар сайыскерлерімізді қол соғып, қошеметтеп ортаға шақырайық (ортаға сайыскерлер шығады)

І жүргізуші: Сайысымызда білімі мен тапқырлығымен сыналатын қатысушыларымызбен таныстырар болсақ, №1 қатысушымыз 11 сынып оқушысы__________________: – қандай сынақ болсадағы беріспе, әрқашан да үміткер бол жеңіске.

ІІ жүргізуші: №2 қатысушы 11 сыныбының оқушысы______________________:

Досқа жан –тәнімен берілу сенімді тірек,бақытқа барынша ұмтылуда білімде керек.

І жүргізуші: №3 қатысушы 11 сыныбының оқушысы____________________: Білімнен асқан қазына жоқ, Қазына құпия. Ол ақыл, біліммен ғана ашылады.

ІІ жүргізуші: №4 қатысушы 11 сыныбының оқушысы__________________: Бақытты болашақтың қамы үшін, барыңды сал, Тәуелсіздік таңы үшін.

І жүргізуші: №5 қатысушы 11 сыныбының оқушысы__________________: Білімдінің күні жарық,білімсіздің күні қаріп.

ІI жүргізуші: №6 қатысушы 11 сыныбының оқушысы____________________: Білекті бірді жығар,білімді мықты жығар.

Бірге: Сайыскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!

І жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі,тапқыр алар

Кім өнерлі, кім тапқыр - шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нақ саналар - дегендей кез – келген сайыс бағалануы тиіс.

ІІжүргізуші: Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Әділ халқым берсін әділ баға

Өнері мен өренін салыстырып

Төрағасы, төбе билер, жюрилер

Әділетпен кеңес құра біліңдер!

Әділ бағасын беретін әділғазымыз:

1.

2.

3.

І жүргізуші:

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі. - дей отырып кезекте амандасу рәсімі сайыскерлер өздеріңді таныстырып өтсеңіздер!



ІІ жүргізуші: «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау» – дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтcек.

Өткел кезеңі:

А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)

Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

Б) Тарихи оқиғалар ( Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)

Осы кезең қорытындысы бойынша ең аз жинаған екі оқушы ойыннан шығарылады.

Самғау кезеңі:

А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Тарихи тұлғалардың шын есімдерін ата (Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

Ә) «Менің сүйікті пәнім» ()

Б) «Екі жарты» сәйкестендіру тесті. (Дұрыс жауабын тапса) 4 балл беріледі.

Осы кезең қорытындысы бойынша ең аз жинаған бір оқушы ойыннан шығарылады.


Шарықтау кезеңі:

А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)

Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады .Әр жауапқа 1 балдан)

Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу.Әр жауапқа 5 балдан қойылады)

Осы кезең қорытындысы бойынша ең аз жинаған бір оқушы ойыннан шығарылады.

Шырқау кезеңі:

А) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)


Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау)


І жүргізуші:

Білімдіден шығады алғыр шешен,

Шешендікпен болған ғой барлық көсем.

Сайра шәкірт, суырып шарықташы,

Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық.

Өткел кезеңі:

А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)

ІІ жүргізуші: Бұл жинаған ұпай сандарыңыз толығымен келесі турда сақталады. Ендеше, екінші кезекті бастасақ!

Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

І жүргізуші: Сайыстың бетін ашайық

Сұраққа шешу табайық

Жер ұйығы білімнің

«Тарих» деген ғылымның

Жәннат жеріне барайық

Бұл думанды кеште біз

Нәр білімді, бар өнерді

Көрсетіп бір қалайық!

«А». Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (археология)

«Ә». Абылай ханның шын аты ( Әбілмансұр)

Б” Әмір Темір қай тайпадан шыққан (Барлас)

В” Ежелгі мемлекеттің бірі (Вавилон)

Г” Тарихтың атасы (Геродот)

Ғ” 100 жылды өтпелі кезеңді қалай атайды?( Ғасыр)

Д” Қыпшақ даласы, ХІ-ХVI ғасырларда қолданылған географиялық ұғым? (Дешті Қыпшақ)

Е” Түркістанды астана еткен хан ( Есім хан)

Ж” Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет( жоңғар)

З” Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні? (Зороастризм )

И” Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлург

К” Киіз үй сүйегінің шеңберлі төменгі қабырғасы қалай аталады? (Кереге )

Қ” Жоңғар хандығындағы ең жоғарғы билеуші, хан? (Қонтайшы )

Л” Ортағасырлық Англиядағы жер иеленуші феодал? (Лорд )

М” Әмір Темірдің мемелекеті (Мауренахр)

Н” Сегіз тайпа бірлестігі (наймандар)

О” Әмір Темір қай жерде қаза болды( Отырар)

Ө” 1720 жылы Ертіс бойына салынған әскери бекініс (Өскемен)

П” Тасқа салынған сурет( петроглифтер)

Р” Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет?( Ресей)

С” Қасым ханның басты мақсаты қай жердегі қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу болды (Сыр бойындағы)

Т” Қазақстан жеріндегі алғашқы түркі тілдес мемлекет ( Түрік қағанаты)

У” Абылайдың бас мирасқоры( Уәли сұлтан)

Ұ” Сауда – керуен жолдарының жалпы атауы? (Ұлы Жібек жолы )

Ү” Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген (Үркер)

Ф” Крамоньондық адам қай жерде табылған? (Франция)

Х” Сақтардың сусын дайындайтын тобы (Хаомаварга)

Ц” Қытай мемлекетінің басқаша атауы (Цинь)

Ч” Үйсіндердің астанасы( Чигучен)

Ш” Ғұндардың мемлекетінің билеушісінің титулы( Шаньюй)

Ы” 1731 жыл орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың ордасы қай жерде болды (Ырғыз өзенінің бойында)

І” Шыңғыс хан әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер қалай аталады (Інжу)

Э” Мыстытас дәуірі (Энеоллит)

Ю” Византия императоры І Юстинианның заңдар жинағы қалай аталады? (Юстиниан заңдары)

Я” Оғыз мемлекетінің астанасы? (Янгикент)

Б) Тарихи оқиғалар ( Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)

Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім.

Ешбір адам ұмытпайтын елесін

Сырға толы әрбір саны қарасаң

Сол жылдардан қандай құпия білесің?

1773-1775жж – Е.Пугачев көтерілісі

1783-1797жж – С.Датұлы көтерілісі

1723-1727жж – «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары

1837-1847жж – Кенесары Қасымұлының көтерілісі

1836-1838жж – Исатай мен Маханбеттің көтерілісі

1771-1781жж – Абылай хан билік құрған жылдар

1711-1781жж – Абылай ханның өмір сүрген жылдары

1856-1857жж – Жанқожа бастаған көтерілістің болған уақыты

1914-1918жж – І дүние жүзілік соғыс

1939-1945жж – ІІ дүние жүзілік соғыс




Самғау кезеңі:

А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Тарихи тұлғалардың шын есімдерін ата (Әр жауапқа 1 балдан қойылады)

1. Домалақ ананның шын есімі ( Нұрилә)

2. Әйтеке бидің шын есімі (Айтық)

3. Абылайдың шын есімі (Әбілмансұр)

4. Қабанбайдың шын есімі (Ерасыл)

5. Шоқанның шын есімі (Мұхаммед Қанапия)

6. Мәншүк Мәметованың шын есімі (Мәнсия)

7. Абайдың шын есімі (Ибраһим)

8. Ақан серінің шын есімі (Ақжігіт)

9. Сәкен Сейфуллиннің шын есімі (Сәдуақас)

10. Ыбырайдың шын есімі (Ибраһим)



Ә) «Менің сүйікті пәнім»

Қазақстан тарихы


10 балл.Тастағы сурет қалай аталады? (Петроглиф)


20 балл. Ява аралынан (1890-1892 жж) табылған қаңқасы қалай аталады? (Питекантроп)


30 балл. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатыспаған ру? (Қаңлы)


40 балл. Исатай қаза тапқан шайқас? (Ақбұлақ)

50 балл. Алакөл деген жерде болған шайқас? (Аңырақай шайқас)


Дүние жүзі тарихы


10 балл. АҚШ- тың тұңғыш президенті. (Дж.Вашингтон)


20 балл. 1792 жылы 22 қыркүйекте республика болып жарияланған мемлекет? (Франция)


30 балл. Қосөзен бойын алғаш мекендеген халықтар (Шумер және Аккад)


40 балл. Ең ежелгі жылнаманы қай елдің патшалары жаздырған? (Египет (Мысыр) патшалары)


50 балл. Жапониядағы ұсақ дворяндардың әскери-феодалдық сословиесі? (Самурай)


Құқықтану


10 балл. 30 тамыз қандай күн? (Конституция күні)


20 балл. XVIII ғасырдағы әдет –ғұрып заңы қалай аталды? («Жеті Жарғы»)


30 балл. БҰҰ Бас Ассамблеясы «Адам құқығының жалпыға ортақ декларациясын» қай жылы қабылдады? (1948 жылы 10 желтоқсан)


40 балл. Қазақстан Республикасының басқару формасы қандай? (Президенттік Республика)


50 балл. Сенаттың неше депутатын президент белгілейді?


«Аспан» немесе «жұлдыз» тасы деп аталған элемент

1

Корунд, боксит, каолинит қай элементтің минералдары?

2

Литий

г

Кальций

р

Судың кермектігін тудыратын элемент?

3

Никель

а

Металдардың электрохимиялық кернеу қатарында бірінші тұрған элемент қайсысы?

4

Алтын

н

Ең қиын балқитын металл қайсысы?

5

Темір

б

Темірден басқа магниттік қасиеті бар металл?

6

Алюминий

е

Қандай металдың 1 кг ұзындығы 3 420 метрлік сым жасауға болады?

7

Вольфрам

м

Б) «Екі жарты» сәйкестендіру тесті. Дұрыс жауабын тапса 4 балл беріледі.

1

2

3

4

5

6

н

а

м

г

р

е

б

7

Шарықтау кезеңі:

А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)

Тарих түпкірінен сыр іздейміз

Ғажайып, сырлы әлемге кіргендейміз

Бабалардың жүріп өткен сансыз жолын

Тарихтың әр бетінен көргендейміз


БЫАЙЛА – Абылай

ХНА ОДРАЫС – Хан ордасы

НБЛАҒАСҰ – Баласағұн

РАҢАҚЫАЙ – Аңырақай

АНХ ҒСЫҢЫШ – Шыңғыс хан

АРЛАШДОА – Алаш Орда

ҚӘРІАБЫЙЛ – Әбілқайыр

ІТЕЖ РЫЖАҒ – Жеті Жарғы

ДРОА ЛЫНАТ – Алтын Орда

ВРАЗЕНАБА – Назарбаев


Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады .Әр жауапқа 1 балдан)

Өмір өзі мінбесінен сөз берді,

Тебіреніп толғанатын кез келді

Тарихты көрмесек те кешегі

Айтамыз біз естігенді, сезгенді.


Атақты күрішсі – Ыбырай Жақаев

Атақты тары өсіруші – Шығанақ Берсиев

Атақты Шопан – Жазылбек Қуанышбаев

Шоқынған қазақ – Яков Беляков

Тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров

Тұңғыш шахтер – Түсіп Күзембаев

Қазақтың соңғы ханы – Кенесары

Қазақтың биші қызы – Шара Жиенқұлова

Қазақтың бұлбұл қызы – Майра Шамсутдинова

Қазақ халқының ұраны – Алаш

Отырардың билеушісі – қайырхан

Отбасының қамқоршысы – Ұмай ана

Кіші жүздің биі – Әйтеке би

Ұлы жүздің биі – Төле би

Орта жүздің биі – Қазабек би

Үш жүздің басын қосқан хан – Тәуке хан

Ең жас дін – Ислам діні

Киіз үйдің төбесі – шаңырақ

Пулеметші қыз – Мәншүк

Мерген қыз – Әлия


Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу.Әр жауапқа 5 балдан қойылады)

Сардоба – Құдық үстіне салынған құрылыс

Дың – Киіз үй тәріздес құрылыс

Гурхан – Қарақытайлардағы билеушінің титулы (хандардың ханы)

Харадж – жер салығы

Жабғу – оғыздардың билеушісінің титулы

Диаспора – өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топ

Репрессия – түп тамырымен жою,басып,жаншу жазалау шарасы

Гуньмо – үйсіндердің билеушісінің титулы

Иқта – сыйлыққа берілетін жер

Беклербек – әскери істерді басқарушы

Қара будун - қарапайым халық

Ташнау – лас суларды ағызытын құбыр (канализация)



Маған айтып берсең – ұмытып қалармын,

Көрсетіп берсең – есте сақтармын,

Өзіме жасатсаң – үйреніп алармын.

Шығыс нақылы

Шырқау кезеңі:

А) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)

Бұл тур екі оқушының тапқыр, озық ойларына негізделген. Екі жеңімпаз бір-біріне қарама-қарсы бағытта жайғасады. Екі ойыншының алдына 2 картинадан сурет беріледі. Өз алдарына берілген картинадағы суретті қатысушы көрмейді, картина төңкеріліп орналасқан. Ойын басталған сәтте ойыншылар алдарындағы картинадағы суретті бір-біріне көрсетеді, бірақ өздері көрмейді. Содан соң берілген сурет бойынша бір-біріне сұрақтар бере отырып картинасында бейнеленген суреттің не екенін табуға мүмкіндік жасайды. (мысалы, ғалымдардың картинасын жасыру барысында ғалымның өмірінен, ғылыми еңбек жолдарынан мысалмен, сұрақтар беру арқылы). Әр ойыншы өз картинасында бейнеленген суретті тапқан кезде ойын тоқтатылады.

Бағалау критерийі.Жасырып отырған оқушының берген сұрақтарының теориялық білімі мен ой-ұшқырлығы, тарихи тілде сөйлеу мәнері 2, 3, 4, 5 деген балдармен бағаланады.

Қорытынды

Сайысымыз өз мәресіне жетті, алдымен бүгінгі сайысқа қатысушылардың әрбірінің жеңімпаз екенін ескеріп барлық қатысушылармызды құттықтап, қол соғалық.


Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші

Оқушылар дарабозы деп жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті

Ал, білімді жастарға сәттілік тілейікші.

Құттықтайық ал енді,

Дарабоз болған ұланды.

Өрге жүзіп өнерлі,

Тауға өрлесін талабы.

Қуаныштан жанары

Шоқтай болып жанады, – дей отырып бүгінгі «Дарабоз» атты интеллектуалды ойынымызда өз мәресіне келіп жетті.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.10.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров448
Номер материала ДВ-108156
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх