778676
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыДаярлық топпен қоштасып,біз мектепке барамыз!

Даярлық топпен қоштасып,біз мектепке барамыз!

библиотека
материалов

«Жезкент кентінің мектеп - лицейі» КММ





Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз!»

0 «Ә» сынып

hello_html_m46a0923f.jpg





Мектепалды даярлық тобының

жетекшісі: Беркимбаева А.З

Жезкент 2015 жыл

Тақырыбы: Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз!

Мақсаты Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.


Әдісі: Ертеңгілік.


Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )

- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз !» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Тәрбиеші:

Өсті міне бойларың

Өсті ақыл-ойларың

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!


Айналайын, балалар,

Алда мектеп- ана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар

Дильназ:

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың,

Ер жетті деп бөбегім,

Ата-анамыз қуансын.



Кәусар:

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер-білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Мариям:

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Би биледім, ән тыңдап

Алаңдауды білмедім.

Дамир:

Енді мен үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқанын,

Миыма құйып аламын.


(Есік қағылып , «5»-тік баға кіреді.)

- Сәлеметсіңдер ме,балалар! Мені сендерге «Білім ханшайымы» балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда «Білім ханшайымының» беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремім.

І тапсырма Сұрақтарға жауап беру.

ІІ тапсырма Сауат ашу сабағынан

ІІІ тапсырма Өз өнерлеріңді көрсетіңдер.

ІҮ тапсырма Математика сабағынан.


І тапсырма

- Біз қай елде тұрамыз?

«Біздің Қазақстан».

- Біздің тұратын жеріміз қалай аталады?

- Мектебіміз қалай аталады?

- ҚР рәміздерін кімдер атап береді?

«Елтаңбасы елімнің» , «Қазақстанның байрағы»

- Неше жыл мезгілі бар?

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Тірі табиғатқа нелер жатады?



Ж а р а й с ы ң д а р б а л а л а р !


ІІ тапсырма

  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

  • Дауыссыз дыбыстарды ше?


  • Сөздерді буынға бөліп оқып бер. (Бо-та, қа-ла, да-ла)


  • Жаңылтпаштар кім айтады?


(Әдептілік-әдемілік)

  • Тура және кері санап бер.



ІII тапсырма

(Өнерлеріңді тамашалайық)

Талай қызық той өткіздік,

Бірақ орны ерекше.

Даярлықпен қоштасатын,

Бүгінгі той ерекше.


ХОР: «Мектебім аяулы, мектебім!»


Шырын:

Нағыз білім ырыс бақ,

Дүниені тұр ұстап,

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.


Аслан:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып даярлық топпенен

Біріншіге барамыз.

Ақерке:

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім,

Мектепке барам мен енді,

Даярлық топ қош енді.





Ән: «Үгай -ай» Дамир


IV тапсырма: «Математика сабағынан»

Тәрбиеші:

Ретімен тізбелі,

Әрбір санды даралап.

Қайсың барсың бізге енді

Айтып берер санамақ.

(Санамақтар айтқызу)

1 саны-Нұрай

2 саны-Азамат

3саны-Аида

4саны-Сезім

5саны- Ислам 6саны- Адия

7саны- Расул 8саны-Диас 9саны- Ануар

1 – саны Нұрай

Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін

Барлық санға жол бастап

Ең басында тұрамын


2 саны- Азамат

Бірден кейін тұрағым

Бірден кейін тұрамын

Бірді-бірге қосқанда

Мен шығамын шырағым


3саны- Аида

Екіден соң арқашан

Үш санымен тұрамын

Орныма барамын

Екі айшық саламын


4саны- Сезім

Үш сызықтан аяғым

Оқушылар қояды

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы


5саны-Ислам

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті

Санашы бір қолымның саусағын




6саны- Адия

Мен өзімді қатарға

Бестен кейін тұрамын

Басым бестен басталып

нөлмен бітер аяғым


7саны- Расул

Қара мына қызықты

Көсеуді ұмытты

Жазылғанда қос дөңгелек

Бел ортамнан сызықты



8саны - Диас

Менің атым сегіз

Жетіден соң десеңіз

Жеті болам бір тартсаң

Мен боламын сегіз


9саны-Ануар

Сегізден кейін тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда боламыз тоғыз


Алтынай:

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Ақерке:

Ән салайық бас қоса

Даярлықпен қоштаса.

Қалам, дәптер, өшіргіш,

Кітаптармен қоштаса.


Би: «Көбелек» Айым


Айым:

5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Сая:

Қуанбаймыз неге біз,

Күліп күн де тұр асқақ.

Оқығалы келгенбіз,

Біз бірінші сыныпқа.



Бақтияр:

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз.

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз.

КӨРІНІС «Ормандағы мектеп»

Кірпі: Сәлеметсіздер ме балалар? Кәне отырыңдар. (Аңдардың бетбейнесін киген балалар ағаш түптеріне отырады.)


Кірпі: Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз,

Қане, көжек ойланып,

Екіге үшті қоса ғой!


Көжек дірілдеп, қалтырап орнынан тұрып былай дейді:


Аида: -Білмедім мен шешуін

Мүмкін құлап кетуім.


Кірпі: Қос көрінер қорыққанға,

Қорқу деген жаман іс.

Екіге үшті қосқанда ,

Шығады міне үлкен «5».

Кірпі тақтадан «5» санын көрсетеді.

Енді түлкі сен келші,

Өнеріңді көрсетші.

Екіге екіні қосқанда

Не шығады тез айтшы

Түлкі жалма - жан дәптерді ақтарғыштайды.


Кірпі : Дәптерге өйтіп қарама,

Алдауға бізді бола ма ?

Аспай –саспай ойланып,

Шешуін тап толғанып.

Енді қонжық келе ғой,

Үшке үшті қоса ғой.

( Аю орнынан тұрып, басын екі алақанымен соққылап бір орында теңселіп, айналып шығады.)

Аю:Үшке үшті қосқанда у –у –у


Кірпі : - Көп ойландық достымай

Жауабың сенің осыма – ай.

Осы кезде шыбын өз орындығын айналып ызылдап ұша бастайды.


Кірпі: Ал,шыбыным ызылдайсың.

Жаздың айқын белгісі.

5 пен 5-тің қосындысын

Келеді жұрттың білгісі.

(Шыбын 10 рет ызылдайды).


Кірпі: Міне дұрыс жауап бердің,

Сұрағымды беске білдің.

- Бақа кезек саған келді.

Шешуін айт мына өрнектің.

(Кірпі 4+4 карточкасын көрсетеді). Бақа 8 рет бақылдайды.

-Сен де дұрыс жауап бердің

Асықпай-ақ тауып кеттің.

Кірпі қасқырға қарап.- Қасқыр, енді өзің айт.

Аңдарда бар неше аяқ?


Қасқыр: - Оң аяқ пен сол аяқ,

Болады міне екі аяқ.

Барлығы міне 4 аяқ.

Білеміз мұны айтпай-ақ.


Кірпі: -Міне осылай тапқыр бол,

Ақылды бол, күшті бол.

Сұрақ бердім саспадың,

Осы еді ғой тосқаным.

Сабақ бітті осымен,

Сау болыңдар достарым!


Балназар:

Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламым.


Арсен:

Шықтық бүгін алға енді,

Даярлық топ қош енді.

Қадам бастық есейіп,

Қызық өмір алда енді.

Аружан:

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Өнер білім үйреткен,

Өзіңізді сыйлаймыз.


Альбина:

Оқимыз, білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Даярлық топпен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.


БИ:Мектеп Вальсі. Дильназ, Аслан, Кәусар, Дамир


( Хормен барлық бала айтады.)

Еткен еңбек жемісі,

Ақталды деп санаңыз.

Білім, әлем көгіне,

Қанат қағып ұшамыз.

Балаларға алғыс хат тапсыру.

Келесі сөз кезегі: Оқу ісінің меңгерушісі : Гүлнара Дүйсенбаевнаға


Сүйікті балғын бала шақ.

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар



Қорытынды

- Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізі мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.





Дильназ біздің ізденгіш

Талпынады биікке

Кәусар біздің жан-жақты

Білімді жыйды салмақты!

Спортта үздік үнемі

Тобымыздың бұл бір жүрегі

Дамир мен Бақтиярды кім біліпті?



Мынау біздің Мариям

Тұрған бойы ибалы!

Ибалы, инабатты

Альбина мен Сезім біздің сыйға батты.

Балназар мен Сая

Бойына шаң жуытпайды,

Сабағында ұмытпайды.

Расул мен Арсен

Кіршіксіз пәк жүрегі

Көңілді әр кез жүреді.

Ануар мен Ислам

Сегіз қырлы, бір сырлы

Өнері бар сан түрлі.

Ақерке

Табиғатты сүйеді

Білімге бас иеді. Аружан мен Нұрай

Берген өлең,тақпақты

Лезде жаттап алады

Тек жұлдызша алады.

Аслан

Математика десе

«ішкен асты жерге қояды»

Тек есепті тереді.

Айым

Сабағын жақсы меңгерген

Жақсылықты көп түйген.

Адия мен Аида

Топтағы әр баланы

Бауырындай көріп жүреді.

Диас және Азамат

Жетелеп жүріп түрлі арман

Білімімен шыңдалған!

Шырын

Білімге құштарлықпен бас ұрады,

Білгенін шыдамайды ақтарады.


Әр саладан білікті

Алтынайды кім біліпті?




hello_html_498fc2cb.jpg

Курс профессиональной переподготовки
Воспитатель детей дошкольного возраста
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Воспитание и социализация учащихся в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс повышения квалификации «Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы ФГОС»
Курс повышения квалификации «Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.