Инфоурок Начальные классы КонспектыӘдебиеттік оқу Қ.Аманжолов "Туған жер"

Әдебиеттік оқу Қ.Аманжолов "Туған жер"

Скачать материал

Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі

Жарияланды 27-11-2015, 17:44 Категориясы: Бастауыш сынып 

Тақырыбы: Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі
Мақсаты: Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи отырып, «Туған жер» өлеңінің идеясын анықтау, мазмұнын ашу.
Оқыту нәтижесі: 1. Ақын өмірі мен туып өскен жері туралы мәлімет алады, «Туған жер» өлеңінің тақырыбын, идеясын ашады.
2. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады.
3. Өздері білетін мәліметтермен бөлісіп үйренеді.
4. Туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.
Әдіс - тәсілдер: Жұптық, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс
Ресурстар: Бейнежазбалар (Туған жер және «Туған жер» өлеңі), слайд, постер, стикер,

Барысы:
1. Психологиялық тренинг.
Балалар, бір - бірінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып тұрады, бір - бірімен сәлемдеседі. Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Бір - біріміздің қолымызды ұстағанда нені сеземіз? - Жылылықты сеземіз.
- Бір біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?
- Жақсы көңіл күйді қуанышты көріп тұрмыз. Қазір бәріміз бірге мына өлең шумағын айтып шығайық:
Кел, балалар, күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Балдырғанбыз демейік,
Өмір сырын білейік.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріңнің көңіл күйлерің жақсы екенін сезіп тұрмын. «Жақсы сөз жанға қуат береді»деген осы

2. Топтастыру. Ендеше мына қиықшаларды алып оқып, жинақтай қойыңдар. Нені байқадыңдар (Мақал - мәтелдер арқылы)

3. Бейнежазба қарау. (Туған жер туралы)
4. Ассосация. Туған жер сөзіне ассоцияция жасау

5. ҮҮБ түртіп алу әдісі. Қасым Аманжолов туралы не білесіңдер?
Олардың білімін толықтыру үшін бейнежазба қарайды.
Қ. Аманжолов 1911ж Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 1955 ж. 17 қаңтарда Алматыда қайтыс болды. Қасым жастайынан жетім қалып, Семейдегі балалар үйінде тәрбиеленген. Сонда бастауыш білім алған. Семейдегі мал дәрігерлік техникумын бітірген. Кейін Орал педагогикалық институтында білім алды. Ұлы Отан соғысына қатысып, жаудан елін қорғаған жауынгер.

6. Мәтінмен жұмыс. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі
а) Оқушыларға өлеңді жеке мәнерлеп оқыту
ә) Жұптық оқыту (Сұрақ - жауап)
в) Әр шумақты әр топқа мәнерлеп оқыта отырып, ондағы негізгі ойды табу.
1. Кең даланы қанша шарласа да шаршамайтыны
2. Туған жер алтын бесігің, Осындай туған жердің қадірін білмесем, кешіре гөр!- деп
кешірім өтінуі.
3. Мақтаныш сезімі
4. Туған жердің байлығы, жомарттығы.
г) Өлеңнің шумақтарын өздерімен бірлесе отырып мазмұнын ашу
1. «Туған жер» өлеңінің тақырыбы - сүйікті Отанымыз жайлы.
2. Идеясы - туған жерге деген сүйіспеншілік.
3. Басты кейіпкері - ақын және жер.
4. - Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі қандай өлеңге жатады?
- Лирикалық өлеңге жатады.
Лирика дегеніміз ақынның сезімін, көңіл - күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман - аңсарын, өмірге деген көзқарасын ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең екенін есіне салу.

Қасым Аманжоловтың сазгер екенін естеріне сала отырып «Туған жер» өлеңін әнімен тыңдату.
Топтастырудағы жұмысты толықтыру.

4. Топпен жұмыс.
1 - топ. Туған жер туралы мақал - мәтелдер айту.
2 - топ. Өлеңдегі теңеу сөздерді табу.
Теңеу дегеніміз не? Теңеу дегеніміз затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі.
Ұқсайсың жас балаға - теңеу
Өзіңдей байтақ едім, кең едім - теңеу
3 - топ. Туған жер туралы сурет салу.
4 - топ. 5 жолды өлең құрастыру
Әр топ презентация қорғайды.
Өмірмен байланыс
1. Ал, балалар сендердің туған жерлерің қалай аталады?
2. Сендердің туған жерге деген сезімдерің қандай?
3. Ауылдарыңда өздерің мақтан ететіндей жерлер бар ма?
4. Саған туған жерің несімен ыстық?

5. Ой толғау. «Туған жер - топырағы» атты эссе жазу. (Автор орындығы)

6. Түйінді идея: Өлеңнің негізгі түйіні, бұл өлең арқылы әр адам өзінің туған жерге деген сүйіспеншілігін білдіріп, туған жердің ыстық, қымбат екенін біліп, оны аялап, қадіріне жетуге тырысады.
1) Қасым Аманжолов - ғажап ақын. Ол жазған өлеңдерді сүйіп, қастерлеп оқыңыздар!
(Мұқтар Әуезов)
2) Отанын сүйсе, осы Қасым ағадай сүйсін! Не деген патриот! Бір басына азаматтық, патриоттық, ақындық, композиторлық, домбырашылық өнердің сыйып тұрғанына таң қаласын.
(Қасым Қайсенов )

7. Бағалау. Әр топтың, әр баланың қанша үлес қосқанын санау арқылы топпен жеке оқушыны бағалау.
Кері байланыс. (Ағаш суретіне сикерлер арқылы өз тілектері мен ұсыныстарын жапсырады)

8. Үйге тапсырма беру.
1. Өлеңді жаттап, әнін үйреніп келу.
2. «Туған ауылым» тақырыбына әңгіме жазып келу немесе өлең құрастыру.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу Қ.Аманжолов "Туған жер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 2066
    • DOCX 14.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухамеджанова Айгерим Кыдырбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5762
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 199 человек

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека