Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыӘдебиеттік оқу Ақжайық 4 сынып

Әдебиеттік оқу Ақжайық 4 сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Ақжайық» А. Құдайбергенов

 

Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға  дағдыландыру. Мән-мазмұнын ашу. Ақжайық өзені туралы мағлұмат беру. Қазақстанның өзен-көлдері туралы айту;

ә) Дамытушылық: сөздік қорын, тілін дамыту. Өзен-көлдер туралы білімдерін кеңейту;

б) Тәрбиелік: туған  жерге деген сүйіспеншілікке, еңбекке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: техникалық құралдар, слаидтар

 

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: жаңа технологияның әдіс-тәсілдері

 

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

         Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

 

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен сіздерді

Қарсы аламыз біз.

 

Үй тапсырмасын тексеру

         1. «Туған жер» өлеңін жаттау

         2. Туған ел, туған жер туралы мақал-мәтел жаттау

         3. Ақын өлеңіне ұқсас өлең құрастыру

         4. Туған жер тақырыбында шығарма жазу

 

Үй тапсырмасын қорыту

Ø Жақсы, балалар, туған жері, туған елі туралы ән жазбаған сазгер, шығарма жазбаған жазушы, өлең шығармаған ақын, сурет салмаған суретші жоқ.

 

Қызығушылықты ояту

Ø Олай болса, біздің туған еліміздің қандай жетістігін білесіңдер?

Ø Тәуелсіздігімізге қанша жыл толды?

Ø Біздің еліміздің табиғаты көркем, әсем жерлері өте көп. Асқар тауларымыз, айдын өзен-көлдеріміз, қарасаң көз жетпейтін кең даламыз, еліміздің шығысынан батысына ұшқан құстың қанаты талатын, жүгірген аңның тұяғы сынатын байтақ жеріміз бар.

Мағынаны тану

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер бар. Оның көбі солтүстікке қарай орналасқан. Олардың ішіндегі ірілері: Каспий мен Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері. Бұлардың барлығы тұйық көлдер, көбінің суы тұзды, олардан тұз өндіріледі. Каспий ең үлкен тұйық су алабы. Оны үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мыңнан астам өзендер бар. Олардың ішінде ең ірі өзендер: Ертіс, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Есіл. Қазақстандағы барлық өзендер ішкі тұйық көлдерге құяды.

Осы өзендердің ішінде Жайық өзеніне тоқталатын болсақ, Жайық Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Жалпы ұзындығы – 2428 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1084 км. Қазақстан аймағында Орал тау жотасынан басталған. Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзенінің сол жағынан Елек өзені, Орал қаласының маңынан Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Ол Атырау қаласы тұсында каспий теңізіне құяды.

Жайық өзені онша енді емес, бірақ көктемде тасыған кезде бірнеше шақырымға жайылып кетеді. Айналасы жасыл желекті көптеген жайылма ормандар бар. Әсіресе, ақтеректер, қарағаштар, қайыңдар, емендер өседі. Балық шаруашылығы үшін Жайық өзенінің маңызы өте зор. Жайық өзенінде бекіре, майшабақ, шортан балықтары мекендейді. Жалпы 38-ден астам балық түрлері бар.

Олай болса, бүгін біз Айтмағанбет Құдайбергеновтың «Ақжайық» мәтінімен танысамыз.

 

Автор туралы мәлімет беру

Айтмағанбет Құдайбергенов 1930 жылы Маңғыстау ауданына қарасты Қызық ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген ол мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметтерін атқарған. Ол 1956 жылдары Маңғыстаудағы халық театрының негізін қалауға атсалысқан азаматтардың бірі. А.Құдайбергенов түрлі тақырыптарға қалам тартқан жазушы. Дегенмен шығармаларының басым бөлігі осы өңірдің тұрмыс-тіршілігі, табиғатына арналған. Ол өз туған жерінің тылсым табиғаты мен көркем белестерін әдемі кестелей білді. 50 жасында өмірден озған қаламгердің араға 30 жыл салып, туындылары жас ұрпаққа жетті.

 

Оқулықпен жұмыс

1. мәнерлеп оқып беру;

2. іштей оқыту (түртіп алу);

3. сөздік жұмысы;

4. дәптермен жұмыс;

5. тізбектеп оқу;

6. азат жол бойынша оқу;

7. тұтас оқыту;

8. сұрақтар қою.

Сұрақтар:

Ø  Өзеннің жарқабағында кімдер отыр?

Ø  Жайықтың сипатын әңгімеле.

Ø  Жайық басында қандай өзен еді, қандай өзгеріске ұшырады?

Ø  Баланың сұрағына әжесінің берген жауабын қандай мақал-мәтелмен түсіндірер едің?

Ø  Өсердің сұрағына әкесінің берген жауабына сен қалай қарайсың, сенің пікірің қандай?

 

Сергіту сәті, жұмбақтар шешу

                  


             Суда өседі, өнеді.

             Сыртқа шықса, өледі.

                                      (Балық)

 

             Күміспенен апталған,

             Теңгеменен қапталған.

                                      (Сазан)

 

             Қомағайлық жасайды,

             Шабақтарды асайды.

                                      (Шортан)

 

             Еш тесікке тұрмайды,

             Ол жоқта жер құрғайды.

             Бұйра жасап сан қилы,

             Сұйық жазық шалқиды.

                                      (Теңіз)

 

             Сынаптай жылтырап,

             Биіктен сырғиды.

             Ән салып, былдырап

             Іздейді ылдиды.

                                      (Бұлақ)

 

             Айдында жүзеді,

             Тірі күміс сүзеді.

                                      (Балықшы)


                                      (Су)

 

Сабақты қорытындылау

         1-топ. Еңбек туралы мақал-мәтел жаз

         2-топ. Өсердің әкесінің әңгімесіне ат қой, эссе жаз

         3-топ. Қазақстандағы немесе өз өлкеңдегі қандай өзен-көлдерді білесің, атап жаз

 

·          Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?

 

Үйге тапсырма

1.     Мәтінді оқу, мазмұндау;

2.     мәтін мазмұны бойынша сурет салу;

3.     өз өлкеңдегі өзен-көлдер туралы не білесің? Сипаттап жаз.

 

        

         Оқушыларды бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әдебиеттік оқу Ақжайық 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 220 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2016 3092
    • DOCX 20.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абжадилова Гулнар Адиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абжадилова Гулнар Адиловна
    Абжадилова Гулнар Адиловна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20595
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 532 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек