Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Әдебиеттік оқу пәнінен Мұхтар Шахановтың "Төрт ана" сабақ жоспары (3 сынып)

Әдебиеттік оқу пәнінен Мұхтар Шахановтың "Төрт ана" сабақ жоспары (3 сынып)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m6dc66802.gifhello_html_m2a084aae.gifhello_html_m50766f06.gifhello_html_255162f9.gifhello_html_m676d8311.gifhello_html_5457b9a2.gifhello_html_m66f9a643.gifКүні: 20.11.15

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ақын Мұхтар Шахановтың өмірі, шығармашылығы туралы айта отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: Отансүйгіштік сезімдерін молайту, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, математика, дүниетану

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, оқулық, А4 парақтары, түрлі-түсті маркерлер, стикер, суреттер, видеоролик.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Әдебиеттік оқу сабағы.-Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.

-Ендеше, бүгінгі сабақта көңіл-күйлеріңіз қандай?

Көңіл күй сипаты:

Орташа- 1 шапалақ;

Жақсы- 2 шапалақ;

Өте жақсы- 3 шапалақ;

Үй тапсырмасын тексеру:

1- қатар: «Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел»
2-қатар: Ертегіні сахналау
3-қатар: Алауыздық сөзіне кластер


Үй тапсырмасын бекіту:

Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

-Ертегі не жайлы?

-Неліктен құстар айтысы деп аталған?

-Негізгі ойы қандай?

-Қандай құстар айтысты?

-Осы сабақтан біз не түйдік?

Жаңа сабақ

Қызығушылығын  ояту. Рахмет, өте жақсы! Үй тапсырмасына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ендеше қазір барлығымыз, көзімізді жұмып, барлығымыз әсем ән тыңдайық. «Ана» өлеңін тыңдату

  • Ән ұнады ма?

  • Осы өлеңде не жайлы айтылған?

Ана дегеніміз кім?

  «Күн шұғыласы» ойын өткізу.

 өмір сыйлаушы           ақылшы               сырласың        

 

     тәрбиешің                   Ана                отбасының берекесі

 

             ұстазың                             досың

Тарихта қалған аналарымыз

Домалақ ана - Шын есімі Нұрила – есімі ел ұранына айналған Абыз аналардың бірі. Ол 660 ж өмірге келген. Немересі Үйсіннің "ұлысбегі" болған Дулат (723-816) Бұхарадан ұста алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.

Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955) – қазақтың әйгілі күйші композиторы. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматықаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Тастанбекқызы, Сара (1878-1916) - айтыскер ақын. Туған жері қазіргі Алматы облысының Қапал ауданы. Руы Найман. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А.Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А.Ғалымбаева «Дастархан», «Қостанай перамидалары» картиналарын жазды. Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29.12.1917 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік ауылында дүниеге келген - 2008 жылы қайтыс болды) Қазақ қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш рет игерген және қазақтың халық суретшісі атағын да бірінші болып алған кескіндемеші-суретші. 

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин Атырау облысы 21 мамыр 2008, Алматы қаласы) —Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы

Роза Бағланова (қаңтардың 1, 1922, Қазалы, Қызылорда облысы — Ақпанның 8, 2011, Қызылорда облысы) — Роза Тәжібайқызы Бағланова – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық артисі (1967), Халық қаһарманы (1996).Қызылорда облысының Қазалы қаласында 1922 жылы бірінші қаңтарда туған. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар менстуденттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912-1957) - қазақтың әйгілі әншісі (лирика-колоратуралық сопрано), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949).Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

Камшат Байғазықызы Дөненбаева (15.09.1937 жылы, Қостанай облысы,Ұзынкөл ауданы, Ленин совхозы) — ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосқан атақты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері (1975).

Жиенқұлова Шара (Гүлшара) Баймолдақызы (18.8. 1912, Алматы — 5.1991, Алматы) — биші, педагог. Қазақстанның халық артисі (1938; 1936 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артисі). 1929 — 30 ж. ҚазПИ-дің тарих факультетінде оқыды. Өнер жолын Қазақ драма театрынан бастады.

Бөкеева Хадиша (21.02.1917 - 31.01.2011, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталовка ауылы) — актриса. Қазақстанның халық артисі (1957), КСРО халық артисі (1964), профессор (1974). Актрисаның туған жерінде музей ашылған, бас көшеге есімі берілген. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.

Өмірзақова Әмина Ерғожақызы (8 наурыз 1919 жылы, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында туған -26 қыркүйек 2006 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті) – театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі(1965).

Фарида Шәріпова 1936 жылғы 16 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай киностудиясы түсірген “Хасен-Жәмила” көркем фильмінде басты рөлді орындап, өнерімен танылған ол 1955 жылы атамекені Қазақстанға оралды. Аса дарынды актриса, көрнекті өнер қайраткері Фарида Шәріпованың жарқын бейнесі халықтың жадында әрдайым сақталады 24.9.2010

Сара Алпысқызы Назарбаева (Қонақаева) (12 ақпан, 1941 жыл, Қызылжар ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) — Қазақстанның қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыңзайыбы [1]. Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы. «Өзіңді өзің таны» атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.

- Ана – бәріміздің ақылшымыз, қамқоршымыз екен.
- Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіңдер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған – Ана. Бала – ананың бауыр еті дейді. Ана баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі, өмірдің суығына тоңып, ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым, кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ. Тіпті жан - жануар да баласына мейіріммен қарайды. Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый - құрмет көрсетсе, ақын оған арнап өлең жазады. Жазушы әңгіме жазады, ал сазгер ән - күй шығарады. Яғни, барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

-Қалай ойлайсындар неліктен біз ана туралы айтып жатырмыз?

-Дұрыс, өйткені біз бүгін Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңімен танысамыз?

Даласындай дарқан халық ел,
Білгің келсе бізге досым, жақын кел,
Қазақ халқы – Мұхтарымен жазушы
Қазақ халқы – Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқанша сыр ағытты,
Кім Мұқанша бағындырар бағытты
Қазақ халқы - Мұхтарымен Алатау
Қазақ халқы – Мұхтарымен бақытты. –дей отыра М.Шахановтың өмірдерегіне назар салайық.

Мағынаны тану

Мұхтар Шаханов (2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.

Мұхтар Шаханов - «Қырғыз Республикасының халық ақыны», жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының, Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», Түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері. 2002 жылы М.Шахановқа «Жазагер жады космоформуласы» атты шығармасы үшін Калифорния Ғылым, Индустрия, Білім және Өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы Алтын медалі мен Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» атағы берілді. «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.

-Ендеше неліктен өлең «Төрт ана» деп аталғандығын білу үшін, ақын атамызды тыңдап көрейік. (бейнеролик)

-Өз анасынан басқа әр адамда тағы қандай аналары болады?

-Дұрыс, яғни туған тілі, туған жері, салт-дәстүрі, тарихы.

-Қалай ойлайсындар неліктен біз оларды анаға теңейміз?

-Іштей оқу

-мәнерлеп оқу

-топппен оқу

Дәптермен жұмыс.

-Ендеше барлығымыз дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазамыз.

-Қарашаның жиырмасы. Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

Сөздік жұмыс

Ғұмыр-өмір бойы
Жебеп жүрер- қорғау, қамқор болу
Тағдырыңның тынысы – өмір сүруі

Шығармашылық тапсырма

1-қатар: Тіл туралы мақал-мәтел

2-қатар: Туған жер эссе жазу

3-қатар: Қазақтың салт-дәстүрлері кластер құру. Бір салт-дәстүрді сипаттап беру

Тарихи оқиғалар

550- қазақ хандығының құрылғаны

170-Абай Құнанбайұлының туғанына

20-ассамблеяның құрылуына, Ата заң

70-Ұлы жеңіске

4- маусым рәміздер күні

16-желтоқсан тәуелсіздік күні

22-қыркүйек тілдер күні

Қорытындылау

-Өте жақсы!

-Сонымен біз бүгін қандай ақынның шығармасымен таныстық?

-Мұхтар Шаханов кім?

-Қандай өлеңімен таныстық?

-Ол не жайлы?

-Әр адамда өз анасынан басқа тағы неше анасы бар?

Сызбамен жұмыс



Бес жолды өлең «Ана»

Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
— Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
— Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
— Төртінші жолда- 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
— Бесінші жолда - тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.

Ана
Ақылды, сұлу
Асырайды, қорғайды, тәрбиелейді
Ана - ең қымбат адам
Шеше

Жүректен жүрекке

Қоштасу рәсімі

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ- демекші өз тарихымызды ұмытпай, салт-дәстүрімізді сақтап, тілімізді құрметтеп, ата-бабамыз қызғыштай қорғаған жерін қорғау келешек ұрпақ сендердің қолдарыңда.Білімдеріңді шыңдай беріңдер деген тілекпен бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді «Алма ағашы» әдісі арқылы сипаттайық.  
• Оқушылардың алдарында екі түсті “алма” жатады. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Сары түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Жасыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

Бағалау: гүлдерің санау

Үйге тапсырма: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жаттау.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 30.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров1327
Номер материала ДВ-213201
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх