Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДипломдық жұмыс "Бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері"

Дипломдық жұмыс "Бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері"

Скачать материал

Кіріспе

Бүгінде еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті дамыған елу ел қатарына енуді мұрат етуі халыққа білім беру жүйесіне, оның ішінде, білімнің негізгі іргетасы қаланатын бастауыш мектептегі оқу үрдісіне қойылар талаптарды қайта қарауды, түбегейлі жаңартуды қажет етеді. Өйткені білім беру жүйесі қоғам дамуының қай кезеңінде болса да, сол уақыттың талабына сай үздіксіз жүзеге  асатыны белгілі.

Білім беру жүйесін сапалы дамыту мәселесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында [1], Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»  стратегиялық бағдарламасында [2] және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» [3], Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында маңызды орын алады. Бағдарламаға сәйкес, қазақстандық білім беру жүйесінің маңызды міндеті - халықтың барлық жіктері үшін сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілді басым дамыту; білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында «оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын» делінген [4].

         Алайда, оқыту әдісін қайта құру – күрделі үрдістің бірі. Әр пән, тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді таңдау қажеттігі туындайды.

Осы орайда А.Байтұрсыновтың: ²Қай әдіс жақсы?² деген еңбегіндегі:  ²Әр әдіс өз орнында жақсы. Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай² - деген қағидасын басшылыққа алған жөн [5].

Соңғы уақытта білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері зерттеушілердің назарын ерекше аударып отыр.  Осы күні мектепте әлеуметті жағынан белсенді, еркін ойлай алатын, өз бетінше жаңа ақпаратты меңгере білетін, саналы адамдар тәрбиелеуге талап қойылуда. Осыған байланысты қазіргі жағдайда мектеп оқушысының төменгі сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын, танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім сапалы оқытуға негізделген жаңа бағдарламамен, жаңа технологиялармен оқыту қажет.

Жоғарыда аталғандардың көкейкестілігі әлеуметтік сұранысымен, сондай-ақ адамның қазіргі ақпараттық қоғамда өзін-өзі анықтауы және өзіндік пікірін білдіру қажеттілігімен анықталады.

Жалпы интерактивті оқыту теориялық та, практикалық тұрғыда зерттеуді қажет ететін дидактика міндеттерінің бірінен саналады.

 Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту оқушыларды сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен таныстыру, өз ойын, пікірін еркін жеткізе алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу» — деп атап көрсеткен.

         Бастауыш мектептің қазақ тілі  сабақтарында саналуан әдістерді, оның ішінде интерактивті әдістерді пайдалану оның уақыт талабына сай түрлерінің жаңаруымен баса назар аудартады.

Осының өзі оқыту әдістерін қайта қарастыру қажеттігінің туындағанына дәлел болады, бірақ қазіргі таңдағы өзгерістерге орай енгізілген жаңасын көрсету қажет. Мәселен,  ақпараттық технологияны қолдану оқу үрдісінде алуан түрлі тұсау кесерлер жасауға мүмкіндік берді, яғни бұрын соңды мектептерде қолданылмаған, көрнекіліктер тобына жататын әдістер пайда болды. Кітаппен жұмыс әдісі ауқымды ақпараттармен жұмыс, оның ішінде Интернет желісінен ақпараттар іздеу, оны өңдеу және қолдану әдістерімен толықтырылды.

Десек те, қазіргі таңда бастауыш оқыту жүйесінде оқытудың интерактивті әдістерін таңдау мен оның із жүзінде іске асырылмауы арасында қайшылық бар екендігі байқалады.

Атап көрсетілген мәселелер мен олардың шешімін табудың арасындағы қарама-қайшылық зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері» деп алуға біден-бір себеп болды.

         Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптың  қазақ тілі   сабақтарында   ақпараттық-мультимедиялық технологияларды, интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық негіздемесін жасау және оларды оқыту үрдісінде  

қолдану жолдарын көрсету

Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда    интерактивті әдістері қолдану үрдісі.

Зерттеу пәні – қазақ тілін оқыту үрдісін жетілдіруді қамтамасыз ететін интерактивті әдістердің дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау жолдары.

         Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында интерактивті әдістерді қолдану тиімділігі  мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: сабақта интерактивті әдістер жүйелі қолданылып, оқушылардың жас ерекшелігіне, материал мазмұнына сәйкес іріктелініп алынса, олардың байқампаздығы, пәнге деген қызығушылығы, абстрактылы ойлауы дамиды. Уақыт талабына сай интерактивті құралдар (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы т.б.) оқушылардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігін  қамтамасыз етеді, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Зерттеу міндеттері:

- білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының жай-күйін талдау;

- бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану  маңызын  анықтау;

-  «интерактивті әдіс»  ұғымын ғылыми негіздеу, оның сабақтағы рөлін анықтау;

- қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған интерактивтік оқыту технологиясын тиімді қолданудың дидактикалық негіздерін жасау.

 - бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында  интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру  жолдарының тәжірибесін талдау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту үрдісінде интерактивті әдіспен оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Мультимедиялық тақта сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.

Зерттеудің  әдіснамалық негіздері: Оқыту әдістері дидактиканың ғылым ретінде қалыптасу сәтінен-ақ  педагог-ғалымдардың  назарынан тыс қалған емес.          Я.А.Коменский, А.Дистервег, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов т.б. оқыту әдісінің негізін қалағаны белгілі.   

Оқыту әдістерін ғылыми негіздеп, теориясын дамытқан Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак, Т.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников, М.А.Данилов, Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, Б.П.Есипов, Н.П.Гончаров, И.П.Зверев, М.И.Махмутов.  

Оқу-тәрбие үрдісін оқушының психологиялық ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырудың жолдары И.П.Подласый, Л.С.Выготский, В.В.Давыдовтың, ал ұлттық психология мәселелері Х.Досмұхамедұлы., М.Жұмабаев., Ж.Аймауытов., М.Мұқанов еңбектерінде талданған.

Ал Қазақстандық педагогтар Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова; Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев; Т.С.Сабиров, С.Ахметов т.т.б еңбектерінде де оқыту әдістері айрықша орын алады. Мәселен, Сабиров Т.С. «Оқыту теориясының негіздері» деген еңбегінде практикалық әдістердің бір түріне – ойындарды жатқызды [8]. Қазақ тілін зерттеу мәселесі төңірегінде докторлық диссертация қорғаған С.Рахметова, Г.Уәйісова, Қ.Қадашева, Р.Шаханова, К.Жақсылықова т.б. еңбектері белгілі.

Қазіргі таңда дидактикалық оқыту жүйелерін қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бірі – ақпараттық-мультимедиялық технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану болып отыр. Оқытуда ақпараттық-мультимедиялық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілері Ю.Н.Егорованың, дидактикалық аспектілері Н.В.Клемешованың, тұжырымдамалық аспектілері О.Г.Смолянинованың т.б. еңбектерінде зерттелінді.

Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми жаңашылдығы:

- білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының жай-күйін талданды;

- бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану  маңызы  анықталды;

-  «интерактивті әдіс»  ұғымы ғылыми негізделіп, оның сабақтағы рөлі анықталды;

- қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған интерактивтік оқыту технологиясын тиімді қолданудың дидактикалық негіздері жасалынды.

 - бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында  интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру  жолдарының тәжірибесі талданды.

Осы жұмыстың практикалық маңыздылығы қазақ тілі сабағында интерактивті оқыту әдіс-тәсілдерін практикалық тұрғыда қолданудан; оқыту  тәсілдерін өзгерту, толықтыру және жетілдіру мүмкіндіктерін нақтылаудан тұрады.   

Зерттеудің теориялық негізіне айналды:

- дидактика, психология, мектептің бастауыш білім беру әдістемесі саласындағы еңбектер;

- жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі қазақ тілін оқыту бағдарламалары;

- танымдық қызығушылықты дамыту мәселелері жөніндегі зерттеулер;

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

1-кезең - әдістемелік әдебиеттермен, озық тәжірибелермен танысу, зерттеудің теориялық базасы, оның мақсат-міндеттері, болжамдарын негіздеу, тәжірибеге алынған оқыту әдістерін анықтау. 

 2-кезең - бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі интерактивті әдістердің ерекшелігін талдау. Бастауыш сынып та қолданылатын интерактивті оқыту әдістерінің теориялық негізін анықтап, жүйеге түсіру. 

3-кезең - зерттеу жұмысын талдау және қорыту, педагогикалық тәжірибе кезіндегі ғылыми ізденіс нәтижелерін қолжазба түрінде әзірлеп, алдын-ала қорғауға ұсыну.

Зерттеудің негізгі әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттермен танысу және талдау; оқушылардың сабақ барысындағы оқу іс-әрекетін бақылау, қазақ тілі сабағында ұсынылған интерактивті материалдардың тиімділігін айқындауға арналған педагогикалық эксперимент.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі тұрады.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында интерактивтік оқыту әдістерінің теориялық негіздері бойынша теориялық материал нақты баяндалған. Оқыту үрдісінде ақпараттық-мультимедиялық технологияны қолдану қажеттілігі сипатталды. Интерактивті оқыту әдістеріне жалпы түсінік берілді және интерактивті оқыту әдістерін таңдау шарттары  қарастырылды.    

Екінші тарау бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық негіздері қарастырылып, интерактивтік тақтаны пайдалану мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді. Интерактивті тақтамен жұмыс істеуде пайдаланылатын жаттығулар жүйесі жасақталды. Бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану тиімділігін айқындау жөніндегі №3 мектептің 4 «А» и 4 «Б» сыныптарында жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысы сипатталған. 

Қорытындыда зерттеу жұмысыныңтың нәтижелері тұжырымдалып, ұсыныстар берілді. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі тіркелді.

Қосымшада зерттеу мазмұнына қатысты жұмыстардың үлгісі берілді.

 

 

 

1. ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ақпараттық-мультимедиялық технологиялардың  мәні

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезеңінде ақпараттар ағынынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, екшеп пайдалана білуі – бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың санасын саналуан ақпараттармен улап, ой-өрісінің дамуын дүбара күйде қалдырмаудың басты шарттарының бірі. Осыдан келіп туындайтын мәселелердің бірі – жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мектепте оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру; оқытудың жаңа технологияларын іздестіру; оқушыны ақпаратты талдай білуге, ақпараттық, мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету.

Еліміздегі саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм  беру жүйесiне де әсер етуде. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде.  

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс – әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс.

Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету – өндірістік мәселе.

Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас жаңаша ойлау қалыптасуда. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, білім беру мекемелерінде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды осы мәселе жөнінде Елбасымыз өзінің кезекті Қазақстан Халқына жолдауында баса айтқан болатын.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

      Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Білімді ақпараттандыру — бұл білім беру саласын методологиямен және практикамен қамтамасыз ету, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған қазіргі немесе ақпараттық технологияларды құру және оңтайлы қолдану үрдісі.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» – деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран » болып табылады.

      Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

      Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды  қалыптастырудың бір жолы.

 Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу – тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

      Мектепте оқытудың негізгі мақсаттарының бірі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудан тұрады. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың басты сипаттамасы оқытуды дифференциациялау және даралау, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық танымдық белсенділігін дамыту мүмкіндігі болып табылады.

         Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

      Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Оқу үрдісін қазіргі ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру үшін көптеген оқу бағдарламалары мен оқу құралдары дайындалды. Десек те әр мұғалім өз бағдарламасын, оқу және дидактикалық материалдарын  өзі дайындайтыны шындық. Мектептегі оқыту жүйесінде қолдануға арналған бірқатар компьютерлік бағдарламалар жинақталған.

Осындай бағдарламалардың ең маңыздыларының  бірі кем дегенде екі қатысушы арасындағы диалогта ақпарат алмасуды көздейтін интерактивтік оқыту бағдарламалары болып табылады. Сондай-ақ дамытушы бағдарламалар оқушыларды оқу проблемасын шешуге баули отырып, олардың интеллектуалдық деңгейін дамытады. Компьютерлік бағдарламалар электронды және мультимедиялық оқулықтарды бірлікте жиі қарастырады, яғни  біріктіреді.

Оқушыларға информатиканы оқытудың және қазіргі ақпараттық технологияларды меңгертудің әдістемелік жүйесін құру қажеттігі туындап отыр. Ол үшін ең алдымен, оқыту формалары мен әдістерін құру және жетілдіру қажет. Мектеп оқушыларының жетекші білім жүйесін нәтижелі меңгеруіне, оларды тәрбиелеу және дамыту тиімділігіне бағыттауы тиіс. Мектептерде қолданыс тапқан әдістемелер оқытудың идеялық-философиялық тұстарын, дүниетанымдық аспектілерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін және білім беру құндылықтарын қарастыруы тиіс. Информатиканың функциясы ақпараттық үрдістің тірі табиғаттағы, техникадағы, қоғамдағы ролін ашуымен, компьютерді оқу міндеттерін шешу құралы ретінде қолдану дағдыларын қалыптастырумен, оқушылардың кәсіби бағдар міндетін жүзеге асырумен байланысты.

Дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдері мен құралдары  қазіргі сабақ үлгісіне көшу барысында талапқа сай модификациялануы тиіс. Сонымен қатар оқыту мақсатына жетуді оқытудың дәстүрлі және жаңа тәсілдерінің кешені қамтамасыз етеді.

Компьютерлік техниканың дамуы осы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, десек те қолданыстағы электронды түрдегі материалдар орта деңгейдегі тұтынушыларға бағытталған. Мектептегі оқу үрдісін жетілдіру және академиялық ғылымымен интеграциялау мақсатында электронды тасымалдауыштарда интерактивтік оқу материалдарын шығаруды жолға қою қажет.

Компьютерлік оқулық әдеттегі оқулықтардың барлық артықшылықтарын тез тираждау және үзіліссіз жетілдіру мүмкіндігімен біріктіреді.  Компьютерде компьютерлік графика көмегімен жүргізілетін зертханалық (лабораториялық) жұмыстар артық шығынсыз ең күрделі процестерді үйренуге мүмкіндік беретінін көрсетті.

Бүгінгі күні оқытудың ең күрделі мәселесі мектептегі, оның ішінде, бастауыш мектептегі оқу үрдісін оңтайландыру болып табылады. Бастауыш мектептегі информатика курсы бастауыш мектептің оқыту аясында бала өміріне шектеулі түрде енетін дамытушы, қолданбалы сипатта болуы тиіс.

Бір мезетте қазақ тілін, әдебиеттік оқуды, математиканы, музыканы т.б. оқытып жүрген мұғалім, басқаларға қарағанда саналуан пәндер мен технологияларды интеграциялау үрдісін меңгеруге дайын болады. Тек мұғалім  компьютер ұсынған шектеусіз мүмкіндіктерді өзі түсінуі және қабылдауы қажет.

Саналуан объективті себептер (ескі дәстүрлер, бағдарлама талаптары т.б.) мұғалімге өзін өзгертуге кедергі келтіреді. Информатика сабағына дәстүрлі мектеп сабақтарында қиындықпен енгізілген ақпараттар  енгізіліп отыр.

ХХI ғасыр – ақпараттық қоғам заманы. Жаңа білімнің, ақпараттық сауаттылықтың, өз бетінше  білім алудың  қажеттілігі білім берудің жаңа түрінің – инновациялық білім берудің пайда болуына ықпал етті. Онда ақпараттық технология жүйетүзуші, интеграциялаушы рол атқарады деп көзделген.

Оқушылар жыл өткен сайын ақпараттық технологиялар тұрғысынан жан-жақты дамып келеді.

Ақпараттық-мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда.

Мултимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда компьютер дамытушы пәндік ортаның сапаландырылған және түрленген элементі болуы тиіс. Өйткені дәл осы жаста баланың ақыл-ой қабілеті қарқынды дамиды, оның әрі қарайғы зияткерлік даму іргетасы қаланады.

Бастауыш мектепте заманауи ақпараттық технологиялар мүмкіндігін сауатты қолдану ықпал етеді:

·   мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекетін белсендендіруге, үлгерім сапасын арттыруға;

·   бастауыш мектеп сабақтарында қолдануға арналған заманауи электрондық оқу материалдарының көмегімен оқыту мақсатына жетуге;

·   бастауыш сынып оқушыларының өз білімін жетілдіру және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға;

·   оқушылардың бойындағы дидактикалық қиындықтарды азайту;

·   бастауыш сынып оқушыларының сабақта белсенділігі мен бастамашылдығын арттыруға; ақпараттық ойлауын дамытуға; ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;

·   бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, компьютерде жұмыс жасау дағдыларын меңгеруіне.

АКТ қолдану арқылы өткізілген сабақтардың нәтижелілігі өте жоғары.

Қазіргі техника мен оқытудың оңтайлы әдістерінің арқасында әр балаға білім әлеміне «саяхат жасауға» мүмкіндік берілген. Мәселен, ол қандай да бір ойын қойылымы бойынша саяхат жасайды, бұл дербес танымдық белсенділікті дамытуға жаңа қуатты  импульс береді.

 Дәстүрлі бастауыш білім беруде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әлеуметтік маңызы бар және көкейтесті мәселе болып табылады, бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту үрдісін дифференциациялауға, шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімге оқу ақпаратын ұсыну тәсілдерінің аясын кеңейтуге, оқу үрдісін икемді басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 Әсіресе жаңа материалды түсіндіру кезеңінде мұғалім әңгімесін иллюстрациялау үшін мультимедиа-технологияны қолдану өте қызықты.  Компьютерлік бағдарламалар саналуан көрнекі иллюстрациялар мен дыбыстық қостауды құруға көмектеседі, бұл оқытудағы көрнекілік принципін жүзеге асыруға ықпал етеді.

 Үлкен экранға шығарылған слайдтар – бұл сабақты жандандыру үшін қолданылатын тамаша көрнекі материал.  Осы материал саналуан түрде берілуі мүмкін (қарапайым иллюстрация (1 сыныпта)); слайдтарда анимацияларды қолдану; мультимедиа – панорама (көрнекіліктің ең қызықты тәсілі).

 А.Зверевтің мақаласында сипатталған зерттеулер [14;125-б], американдық социологтар жүргізген әдеттегі эксперименттен басталды. Олар түрлі елдердегі мектепті жаңадан бітірген жастарға саналуан оқу курстары бойынша сұрақтар ұсынып көрді. Нәтижесінде сұрастырылғандардың орташа есеппен  10% ғана барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген. 

К. Роджерс, мектептегі оқыту тиімділігі жөнінде ойлана отырып, жазады: «Мен оқытуға тырысқанда, оқыту ойдағыдай жүріп жатыр десек те, жеткен нәтижеміздің соншалықты болмашы екенідігіне жаным түршігеді» [15;29-б].

Мектептегі педагогтың педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігі сол оқушылардың 10% ғана сипатталады. Түсіндіру өте оңай:

«адамдардың тек 10% қолдарына кітап ұстап оқуға қабілетті»

Басқаша айтқанда, дәстүрлі мектепте қолданылатын әдістер оқушылардың 10% үшін ғана тиімді.  Оқушылардың қалған 90% да оқуға қабілетті, бірақ қолға кітап ұстап емес, басқа әдістермен: «өз әрекеттерімен, шынайы істерімен, барлық сезім мүшелерімен» қабілетті [18; 150-б].

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық – технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады.

 Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

 Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивтісөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Осы зерттеулердің нәтижесі оқыту басқаша, яғни барлық оқушылар оқитындай үлгіде құрылуы тиіс деген түйінге әкеледі. Оқу үрдісін ұйымдастыру нұсқаларының бірі – педагогтың өз қызметінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдануы.

1.2 Интерактивтік оқыту әдістері туралы жалпы түсінік

Педагогикалық тәжірибеде «оқытудың белсенді әдістері мен формалары» термині ертеден қолданылып келеді.  Ол оқушылардың оқ іс-әрекеті белсенділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізетін педагогикалық технологиялар тобын біріктіреді.

Соңғы уақытта «интерактивтік оқыту» деген тағы бір термин кеңінен қолданыла бастады. Білім беру туралы заманауи ғылым педагогикалық технологиялар құру қажеттілігі туындаған сәтке де келіп жетті. Ол білім беру үрдісінде ең бастысы әр оқушының тұлғасын, оның белсенділігін дамытуды қамтамасыз етеді. Оқыту шарттарын оқушылар өз жұмысының жаңа нәтижелерін алуға ұмтылатындай және оны әрі қарай практикалық іс-әрекетінде оңтайлы қолдана алатындай құру қажет. Бүгінгі күні біздің оқушыларымызды не күтіп тұрғанын ойламасқа болмайды. Болашақта олардан таңдаған мамандығы ғана емес, сондай-ақ қазіргі технологиялар саласына да қатысты ауқымды білім қоры талап етілетіні белгілі. Бүгінде жұмыс туралы көптеген ұсыныстар аз да болса компьютерлік білімді талап етеді. Сондықтан мектеп оқушыларын оқыту барысында қазіргі ақпараттық технологиялардың мәні артып келе жатқандығын ескеру өте маңызды.

 Республикамызда білім беруді ақпараттандырудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы мақсатта  оқытудың дәстүрлі әдісінен басқа бірнеше жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде. Алайда  қай оқытудың түрін алайық барлығы бірдей шығармашылық тұрғыда белгілі бір деңгейде тұлғаны дамыту. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибелерге еніп, нәтижелер беруде. Олар дамыта оқыту, саралап оқыту, сын тұрғысынан оқыту, ақпараттық технология т.с.с. Бүгінгі сөз болғалы отырған оқытудың түрі ол ақпараттық технологияның бір түрі  интерактивтік оқыту.

Бүгінгі таңда педагогикалық тәжірибеде бірнеше ондаған жаңа стратегиялар, оқыту әдіс-тәсілдері, оның ішінде интерактивтік оқыту әдісі құрылды және қолданылып келеді. Қазіргі заман педагогы оқытатын пәніне қарамастан интерактивтік оқыту әдістерінің қажетті «арсеналдарын» меңгеруі және оларды оқу үрдісінде қолдана білуі тиіс.

«Интерактивті» деген сөз энциклопедиялық сөздікте көрсетілгендей, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал «интеракция» термині (ағылш. тілінен. Interaction - өзараәрекет) алғаш рет әлеуметтану және әлеуметтік психология саласында пайда болды. Ол жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма кезек өтуі дегенді білдіреді.

Мұғалім мен оқушы арасындағы интеракция әрекет жүйесін 5 сатыға бөлуге болады:

1)    Мақсат қою.

2)    Жұмысты жоспарлау

3)    Тапсырманы бөлу.

4)    Оқушылар әрекетін бақылау.

5)    Бағалау.

Интерактивтік оқыту – бұл білім беру үрдісін ұйымдастырудың арнайы формасы, оның мәні әрбір проблеманың жалпы, бірақ маңызды шешімін табатын оқу материалын меңгерудегі, білім, идея, іс-әрекет тәсілдерімен алмасудағы оқушылардың ортақ іс-әрекеттен тұрады.

Интерактивтік оқыту стратегиясы – педагогтың білім беру үрдісін нақты жолдардың, әдіс-тәсілдер жүйесінің көмегімен ұйымдастыруы, ол негізделеді:

-     педагог пен оқушылардың субъект-субъектілік қатынасына (паритеттік, яғни екі жаққа да тең);

-     көпқырлы коммуникацияларға;

-     оқушылар білімін құруға;

-     өзіндік бағалау және кері байланыс орнатуға;

-     оқушылардың белсенділігіне.

«Интерактивтік оқыту әдістері» категориясының мазмұнын толық ашу үшін біз дәстүрлі оқыту мен белсенді оқытуды келесі параметрлерді таңдай отырып, салыстырамыз:

-     Мақсаттары

-     Оқушылар мен педагог ұстанымы

-     Оқу үрдісінде коммуникацияны ұйымастыру

-     Оқыту әдістері.

-     Интерактивтік ықпал принциптері

-     Оқытуға деген дәстүрлі және интерактивтік ықпал мақсаттарын салыстыру.

Дәстүрлі оқытудың мақсаты: оқушыларға ауқымды білім көлемін беру және меңгерту. Педагог оқушылардың өздері түсінген және дифференциялаған ақпаратты жеткізеді, қажетті дағдыларын анықтайды.   Білім алушылардың міндеті – өзгелер құрған білімді толық және дәл қайта жаңғырту.

Осындай оқыту үрдісінде алынған білім саналуан оқу пәндері бойынша нақты ақпарат көлемін ұсынатын энциклопедиялық сипатқа ие болады, ол оқушы санасында әрқашан мағыналық байланыста бола бермейтін, тақырыптық блок түрінде болады.

 Көптеген педагогтар өз пәнінің мазмұнын оқушылардың басқа оқу пәндерінен алған білімдерімен байланыстыру мүмкіндігінің болмау мәселесімен бетпе бет келеді. Осындай жағдайда оқушылардың оқу материалын қаншалықты терең түсінгендігіне және оны мектеп шеңберінен тыс жағдайларда қолдану мүмкіндігіне күмән туады. Осы күмәнді сейілту өте қиын, өйткені оқушы мен педагог арасындағы кері байланыс ретінде тағы да оқу материалын қайта жаңғырту үрдісі шығады.

Интерактивтік оқыту тұрғысында білім басқаша формаға ие болады. Бір жағынан, олар қоршаған әлем туралы нақты ақпаратты ұсынады. Осы ақпараттардың ерекшелігі оқушы оны педагогтан дайын жүйе түрінде емес, өзіндік белсенділігі барысында алады. Педагог оқушыларды белсендендіретін, өздері сұрап, әрекет ететіндей жағдай құруы тиіс. Осындай жағдайларда «оқушы басқа оқушылармен бірлесе отырып, туындаған проблеманы немесе кедергіні жеңу үшін білімін толықтыруға мүмкіндік беретін қабілеттерге ие болады».

 Екінші жағынан, оқушылар сабақ барысында басқа оқушылармен өзара әрекеттестік барысында педагогтың жетекшілігімен өзіне, әлеуметке, жалпы әлемге деген қарым-қатынасы турасында сыннан өткен іс-әрекет тәсілдерінің жүйесін игереді, білімді іздеудің саналуан механизмдерін меңгереді. Сондықтан оқушылардың алған білімі бір мезетте олардың  өз бетінше тапқан құралы болып табылады.

 Демек, белсенді оқытудың мақсаты – бұл оқушылардың білімді өзі ізденіп, меңгеріп, құрастыруына педагогтың жағдай құруы. Бұл белсенді оқыту мақсатының дәстүрлі білім беру жүйесі мақсатынан принциптік тұрғыдағы айырмашылығы болып табылады.

   Белсенді оқыту стратегиясында қол жеткізген мақсаттар туралы әңгімемізді нақтылау үшін педагогикалық қоғамастықта белсенді талқыланып жүрген Б. Блумның когнитивтік (танымдық) мақсаттар таксономиясын қолданамыз [16;71-б]. Егер Б. Блум құрастырған таксономияларға сүйенсек, онда білім -   бұл осы иерархияның ең бірінші, ең қарапайым деңгейі. Одан әрі мақсаттардың тағы бес деңгейі жүреді, оның алғашқы үшеуі (білім, түсіну, қолдану) төменгі реттегі, ал келесі үшеуі (анализ, синтез, салыстыру) – жоғарғы реттегі мақсаттар болып табылады

 Когнитивтік бағдардың жүйеленуі, Б. Блум бойынша келесі үлгіде ұсынылуы мүмкін:

1.  Білім: фактілерді, қабылданған терминологияны, критерийлерді, әдіснамалық принциптер мен теорияларды енгізе отырып, арнайы ақпаратты тану, қайта жаңғырту қабілеті.

2.  Түсіну: кез келген хабарламаның мағынасын дәлме-дәл түсіну қабілеті. Б. Блум түсіну реттілігінің үш түрін жіктеп көрсетті:

-     аудармабаяндалған материалды қабылдау және басқа формаға (басқа сөзге, сызбаға және т.т.) ауыстыру;

-     интерпретация (талау, түсіндіру) идеяны жаңа кескін үйлесіміне қайта құру;

-     экстраполяция – бұрын алынған ақпараттарды ескере отырып, бағалау және болжау[16;с.75] .

3. Қолдану: сыртқы ықпалдың нұсқауынсыз-ақ бұрын танысқан принциптерді немесе үрдістерді жаңа жағдайда қолдана білу. Мысалы, әлеуметтік-ғылыми қортындыларды жекелеген әлеуметтік проблемаларға қолдану  немесе практикалық жағдайларда жаратылыстану ғылымдарының немесе математикалық принциптерді қолдану.

4. Анализ: материалды олардың қатынасын белгілей отырып және оларды ұйымдастыру моделін түсіне отырып, жекелеген құрауыштарға бөлу. Мысалы, көркем жұмыстардағы тұжырымдалмаған кемшіліктерді табу, себеп-салдарлық байланысын айқындау және формалары мен тәсілдерін тану.

5. Синтез: бөліктерді немесе элементтерді жаңа бір бүтінге біріктірудің шығармашылық үрдісі. Бұл – кәсіби эссе жазу, әлеуметтік жағдайларда қолданылатын болжамдар мен теориялар тұжырымдамасын тексеру тәсілдерін ұсыну.

6. Бағалау: идеялар, шешімдер, әдістер т.б. туралы құнды пікірлерді өңдеу процесі. Бұл бағалар сандық және сапалық болуы мүмкін, бірақ олар критерийлерді не стандарттарды қолдануға негізделуі тиіс.[16, 81]

Сонда ғана дәстүрлі оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер білім беру үрдісінде мақсаттардың алғашқы үш деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқулықтың кез келген тарауларының соңында берілген тапсырмаларды үлгі ретінде қарастырайық. Көп жағдайда осы тапсырмаларды орындау үшін оның мазмұнын қарапайым қайта жаңғыртудың өзі жетіп жатыр. Оқушылардан білімді (мақсаттың екінші және үшінші деңгейін) түсіну мен қолдануды талап ететін тапсырмалар, әдетте қандай да бір таңбамен (белгімен) белгіленеді және оны педагог әрқашан қолдана бермейді.  

Интерактивтік оқыту әдістері алғашқы үш деңгейдегі мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді, оның үстіне дәстүрлі оқыту жүйесіндегі әдістердің тиімділігін арттыра түседі. Нәтижесінде дәстүрлі парадигмамен жұмыс жасаған педагогтар оқушыларға ақпаратты жақсы меңгерту үшін интерактивтік оқыту әдістерін жиі қолданады. Бұл жағдайда дәстүрлі білім беру үрдісін оңтайландыру туралы мәселе қозғалады. Осы мәселе өте маңызды болып табылады, өйткені мұғалімге қандай стратегиямен жұмыс жасау қажеттігін айқындауға мүмкіндік береді

Интерактивтік оқыту әдістері білім беру үрдісінде көбінесе жоғары реттіліктегі (4-6 деңгей) мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.  Сонымен бірге осы әдістер мақсаттардың тағы бір блогынан тұрады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігін (пікірталас, дискуссия жүргізе білуі, топта жұмыс жасау, дау-дамайды шешу,өзгелерді тыңдай білу т.т.б.) дамытуға ықпал етеді.

Интерактивтік оқыту оқу үрдісін іс жүзінде барлық оқушылар таным үрдісіне қатысатындай ұйымдастыруды көздейді. Интерактивтік тәртіппен өткізілетін сабақ құрылымы 8 сатыдан тұрады. Олардың әрқайсысын ұйымдастыру ерекшелігіне тоқталайық.

Мотивация. Мотивация құру үшін проблемалық мәселелер және тапсырмалармен қатар сахналауды, сөздіктерді, газет материалдарынан үзінді  оқуды,  статистикалық мәліметтерді (мысалы, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын дамытудың олардың одан әрі оқуына ықпалы туралы) тыңдауды, бір ұғымның саналуан анықтамаларын қолдануға болады.

 Осы сатыны ұйымдастыруда бір себептер оқушының белсенді әрекетін оятып, қызу реакциясын туғызуы мүмкін де, ал екінші бір оқушыға онша әсер етпеуі әбден мүмкін. Сондықтан әр сабақта мотивация тәсілдерін алмастырып, оларды түрлендіру қажет.

Мақсаттарды хабарлау. Интерактивтік оқыту сабақтарының мақсаты дәстүрлі оқыту сабақтарынан ерекшеленеді. Ең алғашқы орынға оқушылардың біліміне қатысты мақсаттар қойылады: функционалдық стилдердің белгілерін атау, қазақ графикасында орын алған өзгерістерді атау, орфография, орфограмма үғымдарына түсінік беру.  Содан соң біліктілікті қалыптастыруға қатысты мақсаттар қойылады: қазақ орфографиясының әрбір принципіне бағынатын жазу үлгілерін айқындау, мәтіннің стилистикалық құрамын анықтау, топтық жұмыс нәтижесін көпшілік алдына ұсыну.  Үшінші орында құндылықтарды атайтын мақсаттар тұрады: орфоэпия нормаларының бірлігін сақтау қажеттілігіне деген өзіндік көзқарасын білдіру, сауатты жазудың мәні туралы өз пікірін айу, алынған білімнің практикалық мәні туралы шешім қабылдау.  

Жаңа ақпараттарды ұсыну. Біздің оқытып отырған түсініктеріміз қандай да бір мөлшерде оқушыларға таныс, сондықтан осы сатыны миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Сауаттылық сөзі қандай ассоциация туғызады?», «Қандай үғымдар орфография сөзімен байланысты?».  Негізгі ойды білдіретін сөздерді тақтаға бір бағанға жазылып, номірленеді. Жұмыстың осы түрі оқушыларға таныс, бірақ шындығында әлі де түсініксіз ұғымдарды іріктеуге көмектеседі. Осы жұмысты басқаша өткізуге болады: тақтаны арғы бетіне алдын-ала негізгі, яғни кілт сөздерді  жазып қояды, мысалы, орфоэпия, оның жан-жағына сөздер орналастырылады: орфоэпиялық сөздіктер, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөз, сөздік қателіктер. Содан соң оқушыларға кілт сөзбен байланысты ұғымдарды таңдау ұсынылады. Оқушылардың оқытылып отырған ұғымдар туралы түсініктері жеткіліксіз болса, онда бұл нұсқа тиімді.  

Жаңа ақпарат Жұмыс парағымен ұсынылады, оның жоғарғы бөлігіне сұрақтар мен тапсымалар жазылады, ал төменгі бөлігіне ақпарат орналастырылады. Ақпаратты жеткізу көзі ретінде оқулықтар, сөздіктер, монографиялық мақалалар, мұғалімнің сөзі де қолданылады.

Интерактивтік жаттығулар. Интерактивтік жаттығулар ретінде шағын топтардың жұмысын тәжірибелеуге болады. Осы сатыны өткізу көптеген қиындықтар туғызады. Ауысымдық құрамдағы топтарда осы мәселелер ротация көмегімен шешіледі: белсенді топтан пассивті топқа, пассивті топта белсенді топқа ауыстырамын. Топ құрамы 5-6  адамнан артық болмауы тиіс, өйткені құрамы көп топтарда кейде барлығының сөз сөйлеуіне уақыт жетпей қалады, өзгелердің артында «жасырынып қалуға» оңай болады, оқушылардың белсенділігі төмендейді, сабаққа деген қызығушылығы жойылады. Ең дұрысы, әр топқа осы пән бойынша ақпараттану дәрежесі түрлі деңгейдегі оқушылар біріктіріледі, бұл олардың өзара бірін-бірі толықтыруына мүмкіндік береді.

Рефлексия. Бұл саты оқушылар іс-әрекетіне қорытынды жасауды көздейді.   Рефлексияда келесі сұрақтар қойылады: - Ерекше не ұнады? Нені үйрендіңдер? Болашақта осы білімді қалай пайдалануға болады?  Бүгінгі сабақтан қандай түйін жасауға болады? Осы сұрақтар оқушыларға сабақтан үйренген басты, жаңа деректерді білуіне, білім қалайша және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екендігін ажырата білуге көмектеседі.   

Бағалау. Бұл интерактивтік тәртіппен жұмыс жасайтын мұғалім үшін ең күрделі мәселе болып табылады. Бағалау келесі сабақта  оқушыларды ынталандыруы тиіс. Алғашында, егер барлығы да белсенді жұмыс жасап отырса, топтағы барлық қатысушылардың жоғары ұпайға лайықты екендігі атап өтіледі. Әрі қарай бағалауды топ жетекшісіне тапсыруға болады. Бағалауды ұйымдастырудың осы тәсілінің кәсіби бағыттылығы бар – оқушыларды өзгелердің жұмысын бағалауға үйретеді. Келесі тұрғыда да бағалауға болады: топтың әр мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни топтағы әрбір жолдастарының бағалау парағына белгі қояды. Мұғалім парақты жинап алып, орташа ұпайын шығарады. Нәтижесінде оқушылар жұмысының өзіндік бағалауын пайдалануға болады.

Үй тапсырмасы. Интерактивтік тәртіппен сабақ өткізген соң оқылған материалды шығармашылық тұрғыда түсінуді талап ететін тапсырмалар ұсынылады: тақырып бойынша шығарма жазу, мәселеге қатысты өз көзқарасын айту, стилистикалық эксперимент жүргізу. Осындай тапсырмалар интерактивті оқыту табиғатына сәйкес келеді.   

Дәстүрлі оқыту жүйесінде мұғалім мен оқулық білімнің негізгі, әрі ең құзыретті қайнар көзі болды, ал жаңа парадигмада мұғалім оқушылардың өзіндік таным іс-әрекетін ұйымдастырушы, құзыретті кеңесші және көмекші ролін атқарады, ал оқушылар білімді өзінің белсенді танымдық іс-әрекетінің нәтижесінде алады. Интерактивті жұмыс барысында ынтымақтастыққа және өзараәрекеттестікке деген коммуникативтік дағдылар, қабілет қалыптасады, сыни ойлау дамиды.

Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

Пассивті (енжар) әдіс – бұл оқушылар мен мен мұғалімнің өзараәрекетестік формасы, онда мұғалім басты әрекет етуші тұлға және сабақ барысын басқарушы, ал оқушылар мұғалімнің нұсқауына бағынатын пассивті, яғни енжар тыңдарман болады; оқушы оқытудың «обьектісі» (тыңдау және көру) ролін атқарады  (сурет 1).

Белсенді (активті) әдіс – бұл оқушылдар мен мұғалімнің өзараәрекеттестік формасы, онда мұғалім мен оқушылар  сабақ барысында бір-бірімен өзараәрекеттестеді, оқушы пассивті тыңдарман емес, сабаққа белсенді қатысушы болып табылады (сурет 2). Бұл жерде оқушы оқытудың «субьектісі» болып шығады (өзіндік жұмыстар, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс).

Осы технологияны қолдану артықшылығы. Дәстүрлі жүйеде мұғалім әдетте мықты оқушыға сүйенеді, өйткені ол материалды тез «қағып алады», оны тез еске сақтайды, ал әлсіз оқушы сабақта «отырып қалады». Интерактивтік режимде өткізілген сабақтар барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тартуға мүмкіндік береді, әр оқушының проблеманы шешуге  бірлесе қатысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде әлсіз оқушылардың өз күшіне деген сенімі ұялайды, мықты оқушылар жолдастарының материалды түсінуіне көмектесе отырып, өзінің көмегі, пайдасы болғанын сезінеді.

«Интерактивтi» -  (ағылшынның  «inter» - бұл «аралық», «өзара», «act»- әрекет ету деген сөзінен шыққан) – бір-біріне әсер ету немесе сөйлесу тәртібінде болу, бір нәрсемен (компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалогта болу дегендi бiлдiредi. Оқыту үрдісі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субьектісі болып табылады.Демек, интерактивті оқыту дегеніміз мұғалім мен оқушы арасында қарым-қатынасты қалыптастыратын  диалогты  оқыту.

 Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi. Сонда Интерактив – "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, жеке тұлғаны дамытуға бағытталады. 

Демек, оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Интерактивті әдіс кезінде:

- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;

- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Демек, интерактивті әдіспен сабақ өткізу кезінде мұғалім-кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Ал топ белсенді түрде әрекет ете отырып, бірін-бірі қолдау, толықтыру арқылы сұхбат құруға үйренеді.

Мұғалім сондай-ақ сабақ жоспарын құрады (әдетте, бұл интерактивтік жаттығулар мен тапсырмалар, оларды орындау барысында оқушы материалмен танысады, меңгереді) [17,c.88].

Интерактивті оқытудың негізгі құрауыштары оқушылар орындайтын интерактивті жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың әдеттегі жаттығулар мен тапсырмалардан айырмашылығы сол, оқушылар оларды орындай отырып, өтілген материалды бекітіп қана қоймай, жаңа материалды меңгереді. 

 

Сурет  1. Пассивті әдіс сызбасы

 

Сурет  2. Белсенді әдіс сызбасы

Сурет 3. Интерактивтік әдіс сызбасы

 

Интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға уйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда оқушылардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:

1) мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);

2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);

3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4) белгілі бір топпен,аудиториямен (сауалнама алғанда)

5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).

         Интерактивті әдістің ерекшелігі – оқушы өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:
1) олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады;

2) өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады;

3)  мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады;

4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады;

5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады.

     Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.

Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.

Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекетті арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.    

       Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.

       Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы

·       тұлғаның қызығушылығын туғызады;

·       әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

·       әрбір тұлғаның сезіміне назар аударады;

·       оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

·       тұлғаға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді;

·       тұлғаның пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

·       мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.

 1.3 Интерактивті оқыту әдістерін таңдау шарттары

Оқушыларды біліммен қаруландыруда оқыту әдістері маңызды рөл ойнайды және де сабақтың тиімділігі көп жағдайда әдістерді дұрыс таңдай білуге байланысты болады. Оқыту әдісінің көмегімен дамытушылық, білім берушілік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асады [32]. 

Оқу материалдарын оқушы санасына қалай жеткізуге болады?  Балалардың білім, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін олардың белсенді танымдық іс-әрекетін оятатын қандай жолды таңдаймыз? Осы сұрақтардың шешімін табу үшін әр мұғалім сабаққа дайындала отырып, оқыту әдісін таңдау мәселесін шешеді.

Бұл таңдау неге байланысты? Педагогиканың дәстүрлі барлық оқулықтарында әдісті таңдауға әсер ететін бірінші фактор оқытудың жалпы мақсаты деп аталады. Әйтседе мұғалім нақты сабақтың оқыту әдістерін таңдауды білім берудің жалпы мақсатымен сәйкестендірмейді. Мұғалім оқыту әдісін шынайы оқу материалының мазмұнына қарай таңдайды [16,124б]

Қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсарин  баланың жас ерекшелігімен және өзіндік ерекшелігімен санаса отырып былай деген: «Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы  олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс, - деген болатын [33].  Бұл жерде білім беруде ұстаздың әдіс-тәсілді жете білуін нұсқайды.

        Интерактивті оқыту мұғалімнен қажетті әдістемелік және психологиялық білім мен іскерлікті қажет етеді. Мысалы, оқу процесіндегі барлық қатысушыларды талдауға жұмылдыру, оқушылардың психологиялық  дайындығын қамтамасыз ету, жұмыс кезеңдерін уақытпен белгілеу, негізгі түсініктерді визуализациялауды ұйымдастыра алуы қажет. Интерактивті оқыту әдісін қолданатын  мұғалім осы талаптарға сай болуы,  яғни үйренуі керек.         

Оқыту әдістерінің көптүрлілігі, олардың бірте-бірте жетілуі ұстаз алдына нақты сабақта тиімді әдістерді анықтап, қолдану керектігі туралы күрделі мәселе қояды.

Көптеген педагог ғалымдар оқудағы үлгермеушіліктің себебі ең алдымен оқыту әдістерінің жетілдірілмегені деп көрсетеді. Бұған келіспеуге де болмайды. Жаңашыл педагогтар В.Н.Шаталов, С.Н.Лысенкова және басқаларының еңбек тәжірибесі осы көзқарастың дұрыстығын дәлелдейді [34].

Әрбір жеке сабақты өткізу әдісін таңдағанда ұстаздар белгілі бір тақырыпты үйрену үшін қандай әдістерді жақсы оқып үйренуге болатынын тереңінен ойластыруы қажет. Өйткені, әр пән, тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше әдіс-тәсілдерін талап етері анық.

Әдісті таңдап алу мұғалімнің қабілетіне, шығармашылық ізденісіне, ең алдымен оның әдістемелік шеберлік дәрежесіне байланысты. Үнемі ізденісте жүретін ұстаз қай сабақта қай әдісті кеңірек қолдану керектігін оқушылардың мүмкіндігіне және тақырыптың ауыр-жеңілдігіне қарай ыңғайластырып, тиімді пайдаланады. 

Әйтседе, сабақта қолданылатын оқыту әдістерін таңдап алуда мыналарды ескерген жөн.

1.     Ең алдымен сабақтың нақты дидактикалық міндеттері мен мақсаттары

ескерілуі тиіс.

2.     Таңдап алынған бір ғана оқыту әдісінің өзін ұйымдастырылатын

танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай түрліше қолданылуын ойластырған жөн.

3.     Қолда бар оқыту құрал-жабдықтарын тиімді пайдалану тұрғысынан

іріктелген оқыту әдісін жан-жақты бағалау да артық болмайды.

4.     Таңдап алынған оқыту әдісінің бүкіл сынып оқушыларымен, олардың әр -

сымен не топ жұмыс ұйымдастыру мүмкіндігін ойластыру да керек болады.

5.     Таңдап алынған оқыту әдісінің сыныптың дайындығының нақты

деңгейіне, балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне мейлінше сәйкес болуы ескерілуі тиіс.

Оқыту жұмысының нәтижелі болуы оқыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуге байланысты [17,275б]. Оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап алу үшін төмендегі шарттарды басшылыққа алған жөн:

1.     Әдістердің оқыту заңдылықтары мен  ұстанымдарына сәйкестігі;

2.     Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;

3.     Оқыту әдістерінің тақырып мазмұнына сәйкестігі;

4.     Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және дербес

ерекшеліктеріне, дайындық деңгейіне, сынып ұжымының ерекшелігіне) сәйкестігі;

5.     Әдістердің  мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне (тәжірибесі, білімі, қабілеті, жалпы білімдарлығы) сәйкестігі;

6.     Оқыту әдістерінің мектептің материалдық және техникалық базасына

сәйкестігі;

7.     Әдістердің сыртқы жағдайлардың (географиялық, өндірістік орта)

ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Енді осы аталған өлшемдердің кейбіреуіне нақты түсінік берейік. Мәселен, оқыту әдістерінің дидактикалық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін мына 1-кестеден көруге болады.

Оқу әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Бұл жерде олардың жас және дербес ерекшеліктері еске алынады. Мысалы, бастауыш сыныптарда түсіндіріп оқыту әдісі, сауаттылыққа оқытудың аналитикалық-синтездік әдісі қолданылады, ал жоғары сыныптарда лекция, өз бетінше жұмыс істеу әдісі, лабораториялық бақылау және басқа әдістер пайдаланылады.

Сыныптағы оқушылардың білім дәрежесі, дербес қабілеті әр түрлі болады. Сондықтан оқыту үрдісінде дайындығы күшті оқушылар тапсырманы мұғалімнің бақылауымен өз бетінше орындайды, ал дайындығы нашар оқушылар тікелей мұғалімнің басшылығымен орындайды.

Оқытудың сапасы мектептің оқу-материалдық және техникалық базасына байланысты. Оқыту әдістерін және құралдарын үйлесімді пай-далануда оқу пәндерінің ерекшелігі, мектеп лабораторияларының, оқу кабинет-терінің түрлі көрнекі және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі ескеріледі [17,27б].

Кесте 1 - Оқыту әдістерінің дидактикалық мақсат-міндеттеріне

сәйкестік шарты

 

Дидактикалық мақсат

Оқыту әдістері

 

 

1. Оқушылардың жаңа білімді қабылдауы

1. Мұғалімнің сөздік әдістерімен білімді баяндауы.

2. Оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары:

а) кітаппен немесе басқа әдебиеттермен жұмыс істеу;

ә) бақылау және тәжірибе.

2. Білімді, іскерлікті, дағдыны бекіту

- Материалды қайталап оқу

- Қайталау жаттығулары

- Қайталау, қорытындылау әңгімесі

3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру

 - Ауызша сұрақ

 - Жазбаша бақылау жұмысы

 - Лабораториялық, практикалық, графикалық жұмыстар

 

Оқыту әдістерін таңдау ертеден-ақ дидакт-ғалымдарды толғандырып келеді. Осы мәселеге қатысты танымал ғалымдардың көзқарасын қарастырып көрелік. Ю.К.Бабанский «Оптимизация педагогического процесса» атты еңбегінде оқыту әдістерін оңтайлы таңдау мәселесіне тоқтала отырып, бірақатар сұрақтарға жауап іздеген [35].

Оқыту әдістерін оңтайлы таңдау үшін нені басшылыққа алған жөн?

Әдістерді оңтайландыру оқытуды оңтайландырудың маңызды да, ең қиын элементі болып табылады. Ол оқыту әдістерін саналы таңдауды және олардың бөлінген (не қажетті) уақыт аралығында оқу-тәрбие нәтижесін алуға мүмкіндік беретін үйлесімділігі мен ара-қатынасын қарастырады.

Қолданыстағы оқыту әдістерін («барлығынан аз-аздан» немесе «барлығынан тең», болмаса «талап етілгенін») таңдауға деген көзқарастан айырмашылығы оңтайландыру барысында  оқыту әдістерінің әрқайсысы нақты дидактикалық міндеттер шеңберін шешуге бағытталады. Осы орайда басқа да міндеттерді шешуге жанама әсер етеді, бірақ бұл қандай да өзге әдістердің көмегімен шешілуі мүмкін міндеттерді көздемейді.

Оқыту әдістерін оңтайлы таңдауды жүзеге асыру және оларды тиімді үйлестіре білу үшін мұғалім педагогикадағы барлық әдістерді, олардың (таңдауға қажетті) тұтас классификациясын білуі тиіс.

Мұғалімнің әдістердің алуантүрлілігі жөнінде түсінігі қаншалықты мол болса, оның оқушылармен қарым-қатынасы соншалықты көпқырлы, ғылым негіздерінің мазмұны туралы білімі соншалықты терең де, ауқымды, оның үстіне таңдалатын әдістер кешені жанды, әрекетті, саналы, сондықтан да тиімді болады.

Осылайша, оқыту әдістерін оңтайландыру мұғалімді келесі жағдайларды ескере отырып, саналы және негізделген таңдау жасауға бағыттайды:

а)  сабақ міндеті (білім беру, тәрбие, даму);

б)  сабақ мазмұны;

в)  материалдың күрделілік деңгейі;

г)  сыныптың дайындық деңгейі;

д)  оқытудағы түрлі әдістердің мүмкіндіктері, мықты және әлсіз тұстарының

     салыстырмалы сипаттамасы;

е)  мұғалімнің өзіндік ерекшелігі, тұлғалық мықты тұстары;

ж) оқу кабинетінің мүмкіндігі;

з)  оқу уақытының болуы;

и)  мектепте орнаған моральдық-психологиялық жағдайлар т.б. [35,100-101б].

Оқыту әдістерін таңдауға деген осы тектес ықпал мұғалімді жекелеген әдістерді даралаудан, нақты сабақта жетекші, басым түскен әдістерден негізсіз бас тартудан сақтандырады.

Ю.К.Бабанский нақты оқу міндетін шешуде оқыту әдісінің салыстырмалы тиімділігін есепке алу қажеттігін атап өтті. Мәселен, оқушылардың теориялық білімін қалыптастыру міндетін шешу үшін сөздік әдістер орынды болмақ. Егер танымдық сипатын ескерсек, онда теориялық білімді қалыптастыру үшін Ю.К.Бабанский мәселелі-ізденіс әдістерін ұсынады [36].

Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін таңдауды мұғалімнің жауабын қажет ететін сұрақтардың жиынтығы ретінде ұсынады (кесте 2).

Оқыту әдістерін таңдау мәселесін В.И.Загвязинский нақтырақ қарастырған [37]. Ол тәжірибеде оқыту әдістері бей-берекет таңдалатынын атап өтті. Таңдау мұғалімнің өзіндік тәжірибесінің шекарасында, «барлығынан аз-аздан» деген қағидамен анықталады. Педагогикалық негізделген әдістерді таңдауды жүзеге асыру үшін барлық оқыту әдістерінің мүмкіндіктері мен шектеулерін және нақты оқыту әдістерімен шешілетін міндеттерді білу қажет.

 

Кесте 2 - Оқыту әдістерін таңдау жолдары

 

1-сұрақ.      Тақырыпты үйретуді оқушылардың өзіндік жұмысы әдісімен ұйымдастыруға бола ма?

 Егер мазмұны өз бетінше оқуға қолайлы, түсінікті жеңіл; оқушылар тақырып бойынша өзіндік жұмысқа дайындалған; сабақта оқушылардың өздігінен оқуына уақыт берілсе ұйымдастыруға болады.

Егер материал күрделі болса; оқушылар оқулықпен өздігінен жұмыс жасауға дайын болмаса; сабақта оқушылардың өздігінен тақырыпты оқуына уақыт жетпесе, онда ұйымдастыруға болмайды.

Мұғалімнің таңдауы:мұғалім оқушылардың оқулықпен өзіндік жұмыс әдістерін немесе оның басшылығымен оқу жұмысы әдістерін (әңгіме, әңгімелеу, лекция) таңдайды

2-сұрақ.     Осы тақырыпты оқытуды проблемалық-ізденіс әдістерімен ұйымдастыруға бола ма?

Егер материалдың күрделілігі орташа деңгейде болса; оқушылар білімді проблемалық меңгеруге дайындалған болса; сабақта проблемалық әңгіме ұйымдастыруға уақыт болса, әрине болады.

 Егер материал өте күрделі;  оқушылар осы тақырып бойынша проблемалық жағдай-ларды өздігінен шешу үшін білімдері жеткілікті болмаса; проблемалық әңгімеге қажетті уақыт болмаса ұйымдастырмайды.

Мұғалім таңдауы: егер, мүмкін болса, проблемалық-ізденіс әдісін ұйымдастырады, болмаса, репродуктивтік әдісті қолданады

3-сұрақ.       Тақырыпты оқытуды дедуктивті әдістермен ұйымдастыруға

бола ма?

 Егер оқулықтағы материал мазмұны дедуктивті баяндалса; егер баяндау логикасының дедуктивтіктілікке өзгеруі оқулықпен салыстырғанда оқушылар үшін үлкен қиындық туғызбаса, осы әдісті қолдануға болады.

 Егер оқулықтағы материал мазмұны индуктивті ұсынылған болса, баяндау логикасын қайта құру тақырыпты меңгертуді қиындатса, онда бұл әдісті қолданудың қажеті жоқ.

Мұғалім таңдауы: егер мүмкін болса, дедуктивті әдісті таңдайды, болмаса – индуктивті оқытады.

4-сұрақ.          Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістерді үйлестіруге бола ма?

Негізгі міндеттер мен тақырып мазмұнының ерекшелігі мүмкіндік берсе; мұғалімнің оқу-материалдық мүмкіндігі болса, онда үйлестіруге болады.

Шешілетін міндеттер мен тақырып мазмұнының ерекшелігі әдістерді үйлестіре жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе; қажетті құрал-жабдықтар болмаса, онда үйлесім таппайды.

Мұғалім таңдауы: мұғалім сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің ең дұрыс үйлесімін таңдайды.

5-сұрақ.    Мектеп оқушыларының оқуын ынталандыратын және түрткі болатын қандай әдістерді қолдануға болады (ойындар, эмоционалды ынталандыру)?

 Егер оқушылар қызметін белсендендіру, оқылатын материалға қызығушылығын арттыру қажет болса; тақырып мазмұны осындай әдістерді қолдануға мүмкіндік берсе;   рациональды әдістерді қолдануға болады

 Егер оқушыларда ерекше ынталандыру тәсілдерінсіз-ақ қызығушылық пайда болмаса; тақырып мазмұны ойындарды ұйымдастыруға мүмкіндік бермесе; бұл әдістер қолданылмайды.

Мұғалім таңдауы: мұғалім оқушылардың іс-әрекетін ынталандыратын және түрткі болатын мақсатты түрдегі әдістерді таңдайды.

6-сұрақ.      Қандай бақылау және өзін-өзі бақылау әдістерін қолдану қажет?

Мұғалім таңдауы: мұғалім бақылаудың негізгі мақсатына, материал мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай  және лабораториялық жұмыс өткізуге арналған  материалдық базаның жеткіліктілігіне қарай ауызша, жазбаша, лабораториялық бақылауды таңдайды.

7-сұрақ.    Сабақ барысын түзету үшін қандай «қосымша» оқыту әдістері қолданылады?

Мұғалім таңдауы: егер сабақ жоспарлағандай өтпесе, онда мұғалім қолданып жүрген әдістерін таңдайды.

 

Оқыту әдістерін таңдауды жеңілдетудің екі жолы бар [16,128б]:

1.     Таңдау  бірліктерін ірілендіру және олардың санын оқыту әдістерін біріктіру

арқылы шектеп, алдын ала таңдалған критерийлер бойынша үлкен топтарға біріктіру. Бұл жолды Ю.К.Бабанский құрастырды.

2.     Ең ірі, тұтас дидактикалық құрылымдарға  - қазіргі оқыту (әдістемелік)

жүйесіне көңіл бөлу: хабарлау, бағдарламалау, мәселелі, релаксопедттік және т.б.  Бұл жолды В.И.Загвязинский ұсынды.

В.И.Загвязинскийдің пікіріне сүйеніп, оқыту типтерін таңдау факторларын ұсынайық:

1) оқыту мен тәрбиелеудің жетекші мақсаты, сондай-ақ тақырыпты, бөлімді оқытудың нақты міндеттері;

2) оқылатын материалдың сипаты, оның білім берушілік, дамытушылық мүмкіндіктері;

3) оқушылардың дайындық деңгейі, оқытылатын тақырыпқа қызығушылық дәрежесі [37,74-75б].

      В.И.Загвязинский оқу материалының оқыту типіне және мүмкін болатын оқыту әдістеріне сәйкестігін (кесте 3) келтірген.

 

Кесте 3 - Оқу  материалының  оқыту  типіне және мүмкін болатын                                                             оқыту әдістеріне сәйкестігі

 

Материал сипаты

Мүмкін болатын оқыту типтері

Мүмкін болатын оқыту  әдістер

Тұтас, сипаттау-фактологиялы

Хабарлау, бағдарламалау

Ақпараттық әңгіме, мәтінмен жұмыс, оқыту бағдарламасымен жұмыс

Тұтас, логикалы-дәлелді

Хабарлау, проблемалы

Талқылап баяндау, эвристикалық әңгіме, лекция

Тұтас, образды-эмоциялы

Хабарлау, проблемалы, релаксопедтік

Сипаттау-әңгіме, проблемалы баяндау, көркем мәтінді оқу

Дискретті, сипаттау-фактологиялы

Хабарлау, бағдарламалау, догматикалық

Ақпараттық әңгіме, оқыту бағдарламасымен жұмыс, әңгімелесу.

Дискретті, логикалы-дәлелді

Хабарлау, проблемалы, бағдарламалау

Талқылап баяндау, эвристикалық әңгіме, оқыту бағдарламасымен жұмыс

 

Оқыту әдістерін таңдау мәселесін И.Я.Лернер білім беру мазмұнын іріктеудің теориялық тұжырымдамасының негізгі идеяларымен бірлікте шешеді.

Білім беру мазмұнының құрамына төрт құрауыш кіреді: сабақ, іс-әрекет амалдары, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі, әлемге деген эмоциялық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесі. И.Я.Лернер осы құрауыштарға түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік әдістерді, проблемалық баяндау, эвристикалық, зерттеушілік әдістерді енгізеді [38]. Білім беру мазмұнының қандай да бір құрауыштарын меңгертуде нақты әдіс не анықтауыш, не көмекші рөл ойнайды.

Интерактивтік оқытудың нақты және болжамды мақсаттары болады. Осындай мақсаттардың бірі – оқытуға жайлы, ыңғайлы жағдай құру, яғни оқушы өзінің жетістігін, интеллектуальдық дербестігін сезінетіндей жағдай, бұл оқыту үрдісінің өзін нәтижелі ете түседі.

Сабақтағы интерактивтік іс-әрекет өзаратүсіністік, өзараәрекеттестік орнататын диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруды және дамытуды көздейді. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жеке, жұптық және топтық жұмыс, зерттеу жобалары, ролдік ойындар, құжаттармен және сантүрлі ақпарат көздерімен жұмыс, шығармашылық жұмыс, суреттер т.б. жұмыстар ұйымдастырылады.

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек:

- тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

- тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

- оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

- педагогикалық қолдау көрсету.

Интерактивтік әдістерді қолдану келесі жағдайларды не шарттарды құруға мүмкіндік береді:

-   саналуан шешімдерді іздеуді және талдауды талап ететін мақсаттар мен міндеттер қоюға;

-   күтілген нәтижеге жету үшін саналуан тәсілдерді таңдауға;

-   коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытуға; атқарылған жұмыстар туралы ойлануға;

-   шапшаңдық және ептілік секілді маңызды  әлеуметтік дағдыларды дамытуға;

-   шешім қабылдау барысында ойлануға, мәселеге сын тұрғысынан қарауға;

-   өзгелердің пікірін құрметтеуге, топта, командада тиімді жұмыс жасай білуге, жаңа жағдайларға, жаңа ұжымға, өзгермелі ортаға тез бейімделуге.

Интерактивтік оқыту бір мезетте бірнеше міндеттерді шешеді:

-   коммуникативтік біліктілік пен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалды байланыс орнатуға көмектеседі;

-   ақпараттық міндеттерді шешеді, өйткені оқушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді, олай болмағанда ортақ іс-әрекетті жүзеге асыру мүмкін болмас еді;

-   жалпы оқу біліктілігі мен дағдыларын (анализ, синтез, мақсат қою т.б.) дамытады, яғни білім беруші міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді;

-   тәрбиелік міндеттерді қамтамасыз етеді, өйткені топпен, командамен жұмыс жасауға, өзгелердің пікірін тыңдауға үйретеді.

Интерактивтік оқыту тағы да бір маңызды міндетті шешеді. Сөз релаксация, жүйкеге түсетін жүктемені жою, зейін қою, іс-әрекет формасын алмастыру т.т.б. туралы болып отыр.

Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген процесс.

      Интерактивтік оқыту технологиялары.

1.     Жұптық жұмыс.

2.     Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3.     Карусель – Айналмақ

4.     Шағын топтармен жұмыс.

5.     Аквариум.

6.     Аяқталмаған сөйлем.

7.     Миға шабуыл.

8.     Броундық қозғалыс.

9.     Есептеу ағашы

10. Өз атынан сот.

11. Азаматтық тыңдау.

12. Ролдік (іскерлік) ойын.

13. Пресс (сығымдау) әдісі.

14. Өз қағидаңды ұстан.

15. Дискуссия.

16. Дебаттар.

Қазіргі уақытта әдіскерлер мен мұғалімдер бірқатар топтық жұмыс формаларын дайындады. Олардың ішінде кең тарағаны - "үлкен шеңбер", "желқаңбақ", "аквариум", "миға шабуыл", "дебат". Алдыңғы сабақтардағы білімдері немесе өмірде алған тәжірибелері негізінде аздаған хабары бар қандай да бір мәселе толығымен талқыланатын болса ғана, интерактивті  оқыту формасының тиімділігі жоғары болады. Одан басқа, қарастырылатын тақырып жабық немесе тар мағыналы болмау керек. Мысалы, ұрлық үшін жауапкершілік қандай болу керек немесе салық мөлшері қанша  болу керек деген сияқты сұрақтарды топ алдында талқылаудың мағынасы жоқ. Талқыланатын мәселенің деңгейі тар экономикалық (құқықтық, саяси, тарихи т.б.) сұрақтардан мәселені кеңінен қоюға көшуге мүмкіндік жасайтындай болу керек.

Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданады.

            Мысалы: Топтық өзара әрекеттестіктің ең қарапайым формасы - "үлкен шеңбер". Жұмыс үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең. Топ орындықтарға үлкен шеңбер құрып отырады. Мұғалім проблеманы тұжырымдайды.

Екінші кезең. Нақты уақыт аралығында (шамамен 10 минут) әр оқушы жеке, өз парағына проблеманы шешуге арналған ұсыныс шараларын жазады.

Үшінші кезең. Шеңбер бойымен оқушылар өз ұсыныстарын оқиды, топ үнсіз тыңдайды (сын айтылмайды) және әр бөлім бойынша пікірлер тақтаға тіркеліп жазылады – оны жалпы шешімге қосу не қоспау туралы дауыс береді. Сұрақтың шешімін табу жолдарын тез анықтау мүмкін болғанда ғана "үлкен шеңбер" тәсілі оңтайлы болады. 

"Аквариум" - диалог формасы, онда бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды. Шеңбер ішіндегі оқушылардың проблема бойынша диалогтарын шеңбер сыртындағы оқушылар көрермен ретінде қарайды. Бұл әдіс-тәсілдің «Аквариум» аталуының өзі осыдан шыққан.

Осы ұйымдастырылған әдіс-тәсіл мектеп оқушыларына өз құрбыластарын сырттай, бір қырынан көруге мүмкіндік береді:

- олар қалай қарым-қатынас жасайды,

- басқалардың ой-пікірін қалай қабылдайды,

- туындаған дау-дамайды қалай шешеді,

- өз ойын қалай жеткізеді т.б.

Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырыбы бойынша ақпарат жинайды.

Есептеу ағашы – сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

«Өз қағидаңды ұстан» - деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар «Иә» немесе «Жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз ұстанымдарын түсіндіргені дұрыс.

Мұғалім мен оқушының интерактивті шығғармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан әдістемелік инновациялар оқытудың интерактивті әдісімен байланыстырылған.

            Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда мынадай шарттар орын алуы тиіс: Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім оқушылардың топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық көз жеткізуі керек.

Сабақта интерактивітік оқытуды ұйымдастыру ережесі.

Бірінші ереже. Жұмысқа шамасына қарай барлық қатысушылар (оқушылар) қатыстырылуы тиіс. Осы мақсатта барлық қатысушыларды талқылау үрдісіне қатыстыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолданған пайдалы. Екінші жағынан, мұғалімнің белсенді оқыту әдістерін меңгеруі қандай да бір форманы тікелей енгізбейінше мүмкін еместігін ұмытпаған жөн. Белсенді оқыту әдістері туралы көптеген әдебиеттерді оқуға болады, бірақ оларды тікелей қолдануы, яғни өзінің ойынға, пікірталасқа т.б. қатысуы арқылы үйренеді

Екінші ереже. Қатысушылардың психологиялық дайындығын да ойластырған жөн. Яғни, оқушылардың осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындау қажет. Сабақққа келген оқушылардың барлығы бірдей қандай да бір жұмыс формасына «тікелей енуге» психологиялық тұрғыда дайын болмайтынын ұмытпаған жөн.  Осыған орай қатысушыларға өздерін еркін сезінуі үшін түрлі жаттығулар жасатып, сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап, оқушының өз-өзінен ашылуына мүмкіндік беру пайдалы

Үшінші ереже. Интерактивтік технологияны қолдануда оқушылар саны көп болмауы, яғни 30 адамнан аспауы тиіс. Осы шартты ұстанғанда ғана шағын топтың жұмысы нәтижелі болады. Өйткені топ мүщелерінің әрқайсысының қарастырылған мәселе бойынша пікір айтуға, сөз сөйлеуге мүмкіндігі болуы тиіс.

Төртінші ереже. Жұмыс жасайтын (сабақ өтетін бөлменің) орын талапқа сай болуы тиіс. Яғни, оқушылар топ, жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп-тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушылар бір-бірін таңдау, тақта, көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін, ыңғайлы қозғала алатындай жағдайды алдын ала қарастыру. Шығармашылық жұмысқа қажетті құралдар немесе үлестірмелі материалдар алдын-ала дайындалып тұрғаны дұрыс.

Бесінші ереже. Қаралатын мәселелерді және атқарылатын жұмыстарды сабақтың ең басында талқылау қажет және оны бұзбауға тырысқан жөн.  Мысалы, барлық қатысушылар кез-келген айтылған көзқарастарға шыдамдылық, сабырлылық танытып, әрқайсысысының сөйлеу құқығын құрметтеу қажеттігін келісіп алған дұрыс.  

Алтыншы ереже. Қатысушыларды топтарға бөлу еркін таңдау негізінде құрылғаны дұрыс. Содан соң кездейсоқ таңдау принципін қолданған орынды.

Топтық жұмыс барысында мұғалім саналуан функцияларды орындайды:

-         топтағы жұмыс барысын бақылауды;

-         сұрақтарға жауап береді;

-         жұмыс тәртбін, қарсы пікірлерді не дау-дамайды реттейді;

-         қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға немесе топқа көмек көрсетеді.

Тәжірибе көрсеткендей, топтық жұмыс – іс-әрекетті ұйымдастыру формасы, ал ең бастысы топтың іс-әрекет мазмұны болып табылады. Сондықтан осы жұмыс формасын тиімді қолданғанда шешілетіндей мәселелерді қарастыру қажет, яғни ойлауды дамытуға арналған жағдай құру қажет, материалды «жеңілден күрделіге қарай» принципімен іріктеу керек. Топтық жұмыс үшін алғашқы біліктікті меңгергеннен кейін шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қарастыру қажет.

Жұмыс барысында интерактивтік оқыту технологиясын жүйелі қолдану  мүмкіндік береді –

оқушыға:

 тұлғалық рефлексияны дамытуға; ортақ жұмысқа саналы түсінстікпен араласуға; оқу іс-әрекетінде белсенді субьективті ұстаным қалыптастыруға; қарым-қатынас дағдысын дамытуға; адамгершілік нормалары мен ортақ іс-әрекет ережелерін қабылдауға; танымдық белсенділігін арттыруға.

сыныпқа:

 сыныпты топтық бірлік ретінде қалыптастыру; танымдық қызығушылықты арттыруға; топтық рефлекция кезінде талдау және өзіндік талдау дағдыларын        дамытуға;

мұғалімге:

білім беру үрдісін ұйымдастыруға деген стандарттан тыс көзқарасына; оқу ғана емес, басқа да жағдайларда тұлғааралық өзараәрекетке деген мотивациялық дайындығын қалыптастыруға.

Педагогикалық компьютерлік бағдарламалық құралдарды (ПКБҚ) құрастырып қолданамын деген мұғалім келесі талаптарды ескеру керек:

ПКБҚ базистік курстың бағдарламасын қамту керек;

ПКБҚ жүйелі түрде де, эпизодтық түрде де қолданылу керек;

ПКБҚ оқыту, бақылау, ізденіс функцияларын орындау керек;

ПКБҚ мазмұнының көлемі ресми оқулықтардың көлемінен асып түсу керек;

 5. ПКБҚ дидактикалық мазмұнын компьютерсіз оқытуда да қолдану үшін, бағдарлама басып шығаратын өніммен қамтамасыз етілуі керек. [17]

Интерактивті оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенуіне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да, жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды. Бұл педагогикалық үрдісті демократияландыруға жол ашады. Оқыту нәтижесі оқушылардың бір-бірімен байланыс бірлігінен көрініп, оқушылар оқу нәтижесін бір-бірінің жауаптылығын сезінеді.

 

ІІ. Қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

 2.1 Бастауыш мектептің қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолдану жолдары

Бастауыш оқу – білім берудің ең негізгі саласы. Бастауыш білім жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында не бастауыш сатысында оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы арқылы қамтамасыз етіледі. Негізгі мектеп пен жоғары сынып оқушылары осы жерден дағды алып, алғашқы және негізгі дайындықтардан өтеді.

Бастауыш сатының өзіндік ерекшелігі – ғылымның негізгі салаларының бастапқы түсініктері осы жерде беріліп, интеграцияланған пәндердің, сараланған оқыту жүйесінің болуында. Сонымен қатар оның өзіндік оқыту теориясы, өзіндік әдіснамасы қалыптасқан [45].

Жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұнын жаңарту, оны жаңа деңгейге көтеру тәжірибесінде әдістерді жаңаша көзқараспен қолдану басты талаптардың бірі. Себебі дұрыс ұйымдастырылған оқыту үрдісі – білім мазмұнын сапалы меңгертетін бірден бір жол. Ал оқушыға терең де тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруде қазақ тілінің алатын орны ерекше.

Қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты сапалы да, саналы білім беру – мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады.  Орынды және дұрыс қолданылған әдістер сабақтың алдына қойылған мақсатын анықтайды, оқушылардың шығармашылық қабілетін жетілдіреді

Білім беру әдістері сан алуан. Қазақ тілі әдістемесі осы әдістерді қолданады, өз пәні тұрғысынан қайта қарастырады. Сондай-ақ «Қазақ тілі» пәнінің ерекшелігіне қарай өз әдістерін құрады және енгізеді. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсеткенде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Әрине, білім беру әдістерін таңдап қолдану, оны қай уақытта іске асыру және білім беру әдістерін қай материалға байланысты сұрыптап алу - әдістеменің қиын, әрі күрделі мәселесі. Сондықтан оқушылардың жас ерек-шеліктерін, сауаттылық деңгейлерін, танымдық, логикалық ой-өрістерінің дамуын ескеріп, оларға ұсынылатын тілдік материалдардың көлемін таңдау аса қажет. Оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу білім беру әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді.

Мемлекеттік тілді меңгеру және құрметтеу өзекті мәселе. Сондықтан өскелең ұрпақты ана тіліне оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа әдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай  әр мұғалім қазақ тілін оқытуда жаңа әдістемелік технологияларды қолданып жас ұрпақтың тілге деген ынтасын, көзқарасын, біліктілігін арттыру мақсатын алға қояды. Әрине, тілді меңгертуде әлі де көптеген қиыншылықтар жетерлік.   Ол негізінен жеке тұлғаны түрлендіріп оқытудың жетіспеушілігінен туындайды.   Тілді меңгертудің негізі- есту, көру қабілеттілігінің байланысын түрлі жаттығулар арқылы дамытып, оқушымен жеке жұмыс дағдысын қалыптастыру. Яғни, жеке тұлғаны қалыптастыру жолы. Қазақ тілін оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген. Бұл принциптің негізі: оқытуда ең бірінші негізгі түйін - оқушы, ал ұстаз – мұғалім ғана емес – ол тану әрекетінің дамытушысы. Демек, қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалана отырып әрі нәтижелі әрі қызығарлық сабақ жүргізу, интерактивті тәсілді пайдалану – біздің басты міндетіміз.

Ғалым С.Р.Рахметова «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқу құралында   зерттеуші ғалымдардың оқыту әдістерін топтауын басшылыққа алып, әр топтаудағы жекелеген әдістерге тоқталды.  «...әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады» - деп, әдістердің тиімді жолдарын таңдауды мұғалімдерге жүктейді [48].

Мектептің бастауыш сатысында оқытудың мақсаты:

- оқытудың келесі сатысындағы оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабілеттерін және біліктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететін қарапайым білім негіздерін меңгерту;

- негізгі оқу іс-әрекеті дағдыларын қалыптастыру;

- ұлттық ділін, өз елінің мәдени-тарихи ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескере отырып, отандық және әлемдік мәдениетті таныту.

Жалпы бастауыш білім (1-саты) оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетінің негізгі біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерін, оқу әрекеттеріне  өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениетін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгертуді қамтамасыз етеді.

         Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес

дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.

Мектептің бастауыш сатысында ²Филология² білім саласына ²Сауат ашу², ²Қазақ тілі², ²Әдебиеттік оқу² пәндері енеді.

Бастауыш сатыда ²Филология² білім саласын оқыту жүйелі-концентрлі ұстанымға негізделіп, мазмұны жағынан кешенді сипатта болады. Оқытудың бұл құрылымы тілді оқытудың коммуникативтік – іс-әрекеттік бағытын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі тілдік білімнің жаңаша сапасын қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.

Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзіндік мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының тілдік іс-әрекеттерге ауызекі және жазба тілдегі толыққанды дайындығын қамтамасыз етеді.

 Қазақ тілі пәнінен оқытудың басты мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға үйрету, негізгі тілдік ұғымдармен  таныстыру, өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу.

Қазақ тілін оқытуда сөйлеу туралы түсінік беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілдік құбылыстарды талдау, орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелерді практикалық тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту міндеттері қойылды.

Қазақ тілі пәні білім берудің негізгі бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. «Қазақ тілі» оқулықтары жаңартылып, жаңа мазмұнда дамыта оқытуға негізделіп құрылған. Бағдарламалық материалдардың ²Тіл және сөйлеу², ²Фонетика², ²Лексика², ²Сөзжасам², ²Морфология², ²Синтаксис², ²Мәтін², ²Пунктуация² бөлімдерінен құрылуы негізгі тілдік ұғымдарды бір-бірімен тығыз байланыста қарастыруға мүмкіндік береді. Осы арқылы теориялық білімді ұғыну мен оны сөйлеу әрекетінде практикалық тұрғыдан меңгеру үрдістерінің бірлігіне қол жеткізілді. Қазақ тілі пәні 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады, оқу жылында 136 сағат.

Қазақ тілін оқытуға бөлінетін сағат бастауыш сатының мектеп компонентіне (таңдау пәндер) бөлінген сағаттар есебінен көбейтілуі мүмкін.

     Қазақ тілінен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізімі:

1.     ²Қазақ тілі² оқулығы (2-4 – сыныптар).

2.      Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар).

3.      Қазақ тілінен үлестірмелі дидактикалық материалдар (2-4-сыныптар).

4.     Диктанттар жинағы (2-4-сыныптар)

Қазіргі білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге орай бастауыш сыныпта оқытуды жетілдіру әр ұстаздан дамыта оқытудың әдіс-амалдарын меңгеруді, оқыту ісін оңтайландыру жолдарын тәжірибеге енгізуді талап етеді.

 Бүгінгі таңда әдіс түрлерін жетілдіруге және ең тиімділерін ұстаздардың таңдап алуына толық еркіндік берілген. Осыған орай мектеп мұғалімдері соңғы кезде интерактивті әдістерді жиі қолдана бастады

Оқытудың интерактивтік әдістеме элементтерін белсенді ендіру жұптасып, шағын және үлкен топтарда жұмыс жасауды көздейді.

Оқытудың интерактивтік әдістемесі мұғалімнен етене сіңген көптеген ықпалдарды қайта қарауды талап етеді. Мысалы, сыныпта оқушылардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасын орнату жеңіл секілді.  Бірақ өзара сыйластық болмаса, бірін-бірі тыңдай білмесе, ортақ дұрыс басшылық болмаса сабақты өткізгенмен еш нәтиже алынбайды.

 “Интерактивтік оқыту әдістемесі” – ағылшын тілінен. “interact” – өзараәрекетестікте болу, бір-біріне әсер ету; ауыспалы топ құрамында өзараәрекеттесу арқылы оқыту дегенді білдіреді.

      Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде интерактивті тақта  оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.

      Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал – жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу технологиясындағы автономды түрде меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік береді.

       Интернет, мультимедиялар, электрондық сөздіктер, электрондық оқулықтары есебінен оқытушыларға «тақтаның алдында тұрып түсіндіру».

Егер сабақ барысында оқушылар арасында, сондай-ақ оқушылар мен мұғалім арасында өзара әрекетестік жоғары деңгейде көрініс тапса, онда біз оқыту мен оқуды интерактивті деп атаймыз. Осындай өзараәрекеттестік әдетте қандай да бір мәселені қалай шешу қажеттігін және ұсынылған шешім қаншалықты тиімді екенін талқылау формасында өтеді

Ең бастысы бұл жерде проблеманы шешу үрдісі ұсынылған шешімнен де маңыздырақ екенін түсінген маңызды. Өйткені интерактивтік әдістеменің мақсаты жай ақпарат беру емес, оқушылардың жауапты өз бетінше таба білу дағдыларын қалыптастыру.

 Топтың сандық құрамы оқудың немесе өзараәрекеттестік сапасын анықтамайды. «Өзараәрекетестік» әдісінің негізгі ерекшелігі сол, ол Ашылу үрдісін ұсынады, оның мәні оқушылардың өзараәрекетестік арқылы оқу дағдыларын меңгеруінен тұрады.

Ең нәтижелі оқыту дәл өзараәркеттестік үрдісінде жүзеге асады. Мектеп оқушылары дискуссия, яғни пікірталас кезінде тез үйреніп, жақсы еске сақтайды деген пікір бар. Бұл келесі себептер жүзеге асады:

-    оқушылар ақпарат алып қана қоймайды, олар басқа нұсқаларға қарағанда, өздерінің шешім қабылдаудағы жолы және шешімнің өзі неліктен дұрыс деп есептелді деген сұрақтарға логикалық түсініктеме беруге мәжбүр;

-    Оқушылар идеяны тереңінен қарастырады, өйткені олар негізсіз құрылған қорытындының талас туғызатынын біледі;

-   Оқушылар проблеманы шешу барысында өзінің және өзгелердің тәжірибесін қолданады. Осындай ортақ білім қоры кез-келген жеке оқулықтағы білімнен артып түседі;

-   Мұғалім де оқушылардан бір жаңалықты ести отырып, үйренеді.

Көптеген сыныптарда тек ең үздік, озат оқушылар сұрақтарға жауап береді, ал қалғандары үнсіз қалатыны тәжірибе жиі байқалады. Оқушы сынып алдында еркін шығып, әсіресе, қандай да бір фактілерге қатысты сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен жеткілікті деңгейде сізге сенім артуы тиіс. Бәлкім, сіз “сендер білесіңдер ме?” деген дәстүрлі сұрақтың орнына “сендер не ойлайсыңдар?”  деген сұраққа оқушылар әдеттенгенге дейін    жеке оқушылармен өзараәрекеттесуден бас тартуды жөн көретін шығарсыз. Оның орнына оқушылардың өзараәрекеттесуіне негізгі күшіңізді салыңыз.

Оқушылар өз пікірі мен идеяларын өз қалауымен ашық айтуы үшін мұғалім келесі пайдалы тәсілдерді қолдануы қажет:

1) Әрқашанда олардың айтқан пікіріне алғыс білдіріңіз.

2) “Берілген жауап дұрыс емес деп есептеймін“ деп айтпаңыз, оның орнына басқа оқушылар осы пікірмен келісе ме, сұраңыз. Егер бүкіл сынып талқыланған сұрақты дұрыс түсінбесе, онда сізге оларға өз көзқарасыңызды түсіндіруіңізге болады

3) Пассивті оқушыларды таңдауға тырысыңыз. Кейде кейбір оқушылар пассивті болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың да өзгелерден ұтымды өзіндік ойы не пікірлері болуы және сыныптың талқыланатын мәселеге деген басқаша көзқарасын туғызуы мүмкін.

Интерактивтік әдістеменің, кез-келген оқыту әдістемесі секілді топтағы өзараәрекеттестікті ұйымдастыруға ықпал ететін көптеген тәсілдері бар. Бұл тәсілдерді төмендегідей классификациялауға болады:

Сәйкестікті іздеу

Рейтинг

Топтастыру

Дұрыс/дұрыс емес

Дұрыс немесе өзгерісті талап етеді

Артықшылығы мен кемшілігі

Сіз қалай ойлайсыз?

Зерттеу және есеп беру

Ролдік ойын

Миға шабуыл

Дебаттар

Сондай-ақ интерактивті болатын көптеген тапсырма түрлері де бар, оның барлығы мұғалімнің шығармашылығына байланысты.

Мәселен, Сәйкестікті іздеу тәсілін қарастырайық. Оқушылардан осы тапсырманы орындау барысында сипаттау сөзінің не сөйлемнің сәйкестігін анықтау талап етіледі және де бұл тапсырманы күрделі мәтіндермен таныстыруды бастағанға дейін орындау ұсынылады. Бұл ұғымдардың мағынасын бекіту үшін таптырмас тапсырма.

Тапсырма  “Сәйкестікті іздеу”. Жұптасып жұмыс жасай отырып, қандай жануардың қандай төлі бар екенін анықтаңдар.

Кесте 4

Жануарлар

Төлі

1. Ит

2. Қой

3. Жылқы

4. Сиыр

А) Қозы

Б) Бұзау

В) Күшік

Г) Құлын

 

Кесте 5.   Тапсырма  “Ертегілер 

Пікірлер

Менің пікірім

1

2

3

4

5

6

Ертегілер оқуға жеңіл, тез жатталады.

Оларды ересектер де, балалар да жақсы көреді.

Ертегілер түрлі ғажайыптарға толы.

Олар қашанда жқсылықпен аяқталады.

Мен де ертегі жаза аламын.

Мен ертегі оқығанды жақсы көремін.

 

 

Дұрыс/ дұрыс емес тәсілі бойынша

Бұл тәсілді орындау  барысында оқушылар айтылған пікірді мұқият қарастырады да, дұрыс не дұрыс емес деп шешім қабылдайды. Бұл бұрын меңгерген ұғымдарын бекітудің, оқушыларды қажетті жауапты іздеуге бағыттаудың және олардың түсінігін тексерудің жақсы тәсілі. Нәтижесінде біраз пікірталас туындайды.

Дұрыс немесе өзгерту қажет. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар айтылған пікірді талдай отырып, дұрыс не қате екендігін шешеді. Егер қате болса, онда пікірді дұрыс жауабы боларлықтай жазу қажет.

Кесте 6

Пікір

Дұрыс/Дұрыс емес

1.

2.

3.

А.Құнанбаевқазақтың ұлы ақын.

Абайға әжесі Зере ертегілер оқып беретін еді.

Ертегі  – бұл ойдан шығарылған әңгіме

 

Кез келген жағдайда теориялық және практикалық материал оқыту үрдісі үшін түсінікті, ыңғайлы сипатталуы тиіс.

Материалдарды құрастыру, оны білім беру бағдарламасы ретінде ұсыну идеясы бағдарламалап оқыту (60-жылдары) және компьютерлік оқыту (80-90 жылдары) жүйесінде айқын көрініс тапты [50,219б].

Бағдарламалап оқыту әдісі өзіне көрнекілік, әрі практикалық әдісті енгізеді. Сондай-ақ бағдарламалап оқыту өзіндік нақты ерекшелігі бар оқыту түрі, технология ретінде қарастырылады. Бағдарламалап оқыту әдісінің де өзіндік ерекшелігі бар, бірақ оның негізінде мәтінмен жұмыс, практикалық жұмыстың қандай да бір түрі, оқытудың сұрақ-жауап әдісі жатыр.

     Бағдарламаланған оқытудың көздеген  үш талабы бар:

а)  ұсынылатын материалдың айқын, дәл құрылымы;

ә) материалды оқушыға аздаған мөлшермен беру: әр мөлшер – білімді меңгеру «қадамы»;

б) кері байланыс, яғни әр қадамнан кейінгі өзіндік бақылау.

Материал оқушыға жеке беріледі, әрқайсысы өз қарқынымен жұмыс істейді. Өзіндік бақылау мұғалімнің не компьютердің берген сұрақтарымен алмастырылады [50,220б].

Өкінішке орай, бағдарламаланған оқыту бастауыш мектепте кеңінен қолданылмады. Шетел тәжірибесінде эксперименттік оқу құралдары шыға-рылып, қолданыс табуда. Отандық тәжірибеде бағдарламаланған оқыту әдіс-темесін құру өзекті мәселелер қатарынан өз шешімін табуы тиіс.

Ал компьютерлік бағдарламалар соңғы онжылдықта қарқынды дами бастады. Десек те, қазақ тілі әдістемесіне қатысты компьютерлік бағдарламалар бүгінгі тәжірибемізде сұранысқа айналып отыр.

Қазіргі уақытта мектепте не үйде компьютерді қолдану келесі жағдайлармен шектеледі:

- компьютер оқушының сұрағын қабылдайды және экранда мәтін, сызба,

модельдер түрінде жауап береді;

- оқушы компьютер бағдарламасына енгізілген тапсырмаларды орындайды, ал компьютер жауаптарды жинақтай отырып, олардың дұрыстығын бағалайды [50,220б].

Әйтседе, осы салада, оның ішінде теория саласында оқытудың компьютерлік әдістемесін құру қажеттігі туындайды.

Технологияның дамуына орай интерактивтік тақтаны қолдану туралы әдістемелік нұсқаулар дайындалып ұсынылуда. Бұл бастауыш сыныптарға да қажетті құрал, өйткені интерактивті тақта оқушылардың оқуға деген қыызығушылығын туғызады, әрі мектепте оқытылатын білімді тиімді меңгертуге ықпал етеді. Бастауыш мектепте келесі факторларды ескерген жөн: балалардың балабақшадан соң мектеп табалдырығын аттап, сабақтарда өзін-өзі ұйымдастыра білуі және орасан зор ақпараттарды меңгеруі өте қиын.  Бұл жағдайда, бастауыш мектептегі сабақтарда интерактивтік тақтаны қолдану педагог үшін оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы ажырамас көмекшісіне айналады.

Білім беруде интерактивтік тақтаны қолданудың үш басты бағытын қарастырайық:

-   Презентациялар, яғни тұсаукесер, демонстрация және моделдеу. Сабақта оқу материалын түсінуді жақсарту үшін интерактивтік тақтамен бірге талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру және басқа да ресурстар  қолданылады.

-   Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру. Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану оқушылардың белсенділігін арттырады.

-   Интерактвтік тақтаны қолдану барысында сабақ қарқынын (темп) арттыру. Интерактвтік тақтаны қолдану сабақты жоспарлауды жақсарта түседі және оның қарқынын арттырады.

1.     Презентациялар, демонстрация және моделдеу

Интерактивтік тақта – тұтас сыныпты оқытуға арналған құнды құрал. Бұл – сабақты оқушылар үшін жанды, әрі қызықты ұйымдастыруда мұғалімге көмек боларлық визуалды ресурс. Интерактивтік тақта визуалды құралдардың кең диапазонын (карталар, кестелер, сызбалар, диаграммалар, фотосуреттер және басқалары) қолдана отырып, оқушыларға ақпарат беруге мүмкіндік береді.

2.     Сабақта оқушылар белсенділігін арттыру.

            Көптеген мұғалімдер интерактивті тақтаны қолданған сабақтарда оқушылар сабаққа деген қызығушылық танытып, белсенділік көрсетеді деген пікір білдіреді. Оқушыларға берілген ақпарат қолжетімді, әрі түсінікті, бұл сыныптың түсіністік атмосферасын жақсартады.

3.Сабақ қарқынын ұлғайту. Егер сіздің сабағыңызда интерактивті тақта болса, онда оқушы тақтаға тапсырманы қашан жазып болады деп күтудің қажеті жоқ және ол уақыт алар еді. Мұғалім экранға алдын-ала дайындалған материалды шығарып қоя алады, сабақтың уақыты да үнемделеді. Қалған уақытыңыз берілген тапсырманы орындуға ғана жұмсалады

Интерактивті тақтадағы барлық жазбаларды компьютерде сақтап қоюға болады, оны келесі сабақта өтілген материалды қайталау барысында қайта ашуға болады.

Толықтай  функциялайтын интерактивтік тақта әдетте 4 компоненттен тұрады:

-   компьютер

-   мультимедиялық проектор

-   талапқа сай бағдарламалық қамсыздандыру

-   интерактивтік тақта.

Мультимедиялық проектор және интерактивтік тақта компьютерге қосылады. Компьютердің мониторындағы бейнелер проектор арқылы интерактивтік тақтаға түсіріледі.  

Интерактивтік тақталар тура және кері проецияланған болуы мүмкін.  Интерактивті тақтаның қымбат моделдері проекторды қолданбайды, оның сенсорлық плазмалы панельдері болады.

Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:

1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды

 2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.

 3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады

 4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады

 5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.

 7. Сабақтың өнімділігі артады.

 8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді

Интерактивтік тақтаның негізгі артықшылығы мен кемшілігі, білім беруде интерактивтік тақтаны қолдануды көздегенде туындайтын кедергілер 7-кестеде салыстырмалы талданып берілген.

7-кесте

Интерактивтік тақтаның артықшылығы мен кемшілігі

Кемшілігі

Артықшылығы

Интерактивтік тақта стандартты тақталарға немесе экранды проекторларға қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады

Интерактивтік тақталар әдеттегі тақталарға ұқсайды, сонымен қатар  ол мұғалімге сыныппен үнемі байланыста бола отырып, оқыту құралдарын оңай және еркін қолдануға көмектеседі.

Интерактивтік тақтаның беткі қабаты зақымдануы мүмкін, зақымдалған беткі қабатты ауыстыру өте қымбат (оны жөндеу жаңа тақтаның бағасына тең болуы мүмкін).

Интерактивтік тақта электронды оқыту құралдарын кеңінен қолдануға көмектеседі, өйткені олар стандартты құралдарға қарағанда  тыңдармандарға ақпаратты тез жеткізеді.

Интерактивті тақтаның беткі қабатында берілетін бейнелерді тақтаның қасында тұрған адам денесімен жауып тұруы мүмкін.

Интерактивті тақта мұғалімге сабақтағы  иллюстративті материалдың (интернеттен алынған сурет немесе ірі масштабты кесте, мәтіндік файл немесе географиялық карта) көлемін ұлғайту есебінен материалды қабылдауын да арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің сабақтағы оның сөзін толықтыратын таптырмас серігі болып табылады.

Көшірілмелі интерактивтік тақталар (проекторлар) ұрлықтан, бүлдіру, яғни зиян келтіруден т.б.  сақтандырылуы қажет.

Интерактивті тақталарды нақты аудиторияларға бейімдей отырып, материалды түсіндіру барысында әдістемелік материалдардағы қандай да бір кемшіліктерді тура сабақ үстінде түзетуге мүмкіндік береді.

Көшірілмелі тақталарды қолдану барысында жаңа орынға көшірген сайын тақтаны (тепе-теңдігін сақтап) орнатып отыру қажет.   

Интерактивті тақталар оқушыларға қызықты да, қызу талқылаулар жасап, топтық дискуссияларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаның кеңейтілген функцияларын сауатсыз қолдану экрандағы ақпараттың дұрыс көрініс таппауына әсер етеді.

Интерактивті тақталар оқушыларға ортақ жұмысты орындауға, мұғалімнің ұсынған тапсырмаларына орай ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақталар оқушыларға ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі

 

Аталған кемшіліктердің басым көпшілігі маңызды емес, яғни білім беру үрдісінде интерактивті тақтаны қолданудан бас тарту туралы ой туғызбайды.

Бастауыш мектепте дыбыстың және бейнеәсердің көмегімен интерактивті тақтамен жұмыс жасау ойынның жалғасы іспеттес. Өйткені саналуан магнит қаламды, лазерлік таяқшаны, «ғажайып» таяқшаны қолдану логиканы, шығармашылық ойлауды, моториканы дамытып қана қоймай, өз жұмысына қайта оралып, жіберілген қателіктерді талдауға мүмкіндік береді.

Интерактивті әдістермен өткізілген сабақтардан кейін оқушылардың ойлау қабілеті артады және келесі бағытқа қарай дамиды:

1. Жекеден жалпыға

2. Тәуелділіктен тәуелсіздікке

3. АКТ қолдану дағдыларына

4.  Интиуциядани логикаға

5. Ортақ ойдан баламаға

6. Шығармашылық пен визуальды әсерге

7. Тәуелсіз зерттеу жұмысын жүргізу дағдыларының эволюциясына

8. Талдау, зерттеу, меңгеру және ой қорыту қабілеттері артады

9. Бізді қоршаған кез-келген объектіні сипаттау қабілеті қалыптасады 

11. Оқушылар компьютерлік бағдарламалармен танысады

12. Жеке зерттеулерін презентация, яғни тұсаукесер формасында ұсыну қабілеті қалыптасады

13. Көпшілік немесе аудитория алдында еркін сөз сөйлеу қабілеті қалыптасады.

          Бүгінгі білім сапасы үшін басты бағыт - ақпараттарды тек білу ғана емес, оны дұрыс қолдана білу. Электрондық ақпарат туралы жаңа технологиялардың түрін, қолданылуын оқушыларға іс жүзінде пайдалану үшін, әр мұғалім өз уақытында ізденіп, білімін жетілдіріп отыру қажет. Осы тұста ерекше атап тоқталатын құрал – интерактивті тақта.

       Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал.

   Интерактивті тақта 1991 жылы SMART Technologiesins фирмасында ойлап табылды. Тақтаға аса жоғары баға берген тек мұғалімдер ғана болды.

Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.

ACTIVboard(Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.

Активті қалам – дегеніміз не?

Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.

ACTIVwand указкасы

    Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. “Оң қол” сонмен бірге “сол қолмен” жұмыс жасауға қолайлы құрал.

  Интерактивті тақта арқылы сабақты түрлендіріп, қызықты, көркем қылуға болады. Экранға қаламмен қол тигізіп қана, жұмысты жүргізуге болады. Мұнда бор, сүрткіштің қажеті жоқ.

  Интерактивті тақта – мектептегі жай тақтаның көлеміндей үлкейтілген компьютер. Енгізілген мәлімет төңірегіне қарай көптеген дайын, әсем, тартымды бейнеленген көрнекілік пен оқытудың барлық жағдайын қолдануға болады.Интерактивтік тақта мультимедиялық компьютер бола алады, өйткені ол тек мәтін жазып қана қоймай, қозғалмалы әртүрлі көрнекілік, жануар, құстардың дыбыстауын, теңіз толқынының дүбірін, таза табиғат көрінісін т.с.с мүмкіндіктің бәрін ұсынады.

  Интерактивті тақта шет елде пайда болғандықтан Қазақстан Республикасының менталитетіне сай көрнекілік жоқ. Сондықтан сабақтың тақырыбына сай көрнекіліктерді сканер арқылы дискіге енгізіп, интерактивті тақтаның кітапхана ресурсына қосып енгізуге болады. 

Кез-келген сабақтың екі субьектісі болады, ол – мұғалім және оқушылар. Тақта үшінші субъекті бола алмайды. Тақта емес, мұғалім оқытады. Сыныпта интерактивтік тақтаның болуы сабаққа дамытушы сипат бермейді, оны айқын мақсаты бар, тиімді әдістерді қолданатын мұғалім ғана дамытушы сипатқа айналдыра алады. Ал тақта – бұл мұғалімнің қолындағы пайдалы құрал. Ең алдымен, материалды іріктеу, оны әдістемелік және техникалық өңдеу қажет.

Қазір бірінші сынып оқушыларының көпшілігінде ұялы телефон, сынып оқушыларының 75%-да арнаулы компьютер бар. Балалар телефонның,компьютердің пернетақталарының тетігін еркін меңгерген, сондықтан тақтаға үйрету үшін арнайы білім талап етілмейді, балалар мұғалімді жай бақылай отырып, жұмыс тәсілдерін тез меңгереді.

Бүгінде  оқушылардың визуалды ақпаратқа деген қажеттілігі артып отыр. Интерактивтік тақта сабақтың қандай мақсатына, қай кезеңінде қолданылатынына қарамастан деректерді визуалды ұсыну құралы (кіші мектеп жасында көрнекі-әрекеттік және көрнекі-образды ойлау басым келетініні ұмытпаған жөн) болып табылады. Бұл тақта ақпаратты әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсінеді және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, сызбаларды беруде өте ыңғайлы.

 Бүгінгі таңда көптеген мектептерде мұғалімдер компьютерлік файлдарды көрсететін ақ экранды электрондық проектормен жұмыс жасауда. Интерактиті, яғни экранды тақтаның әдеттегі тақтадан айырмашылығы ол компьютерге қосылған, оны экраннан алыстамай басқаруға болады.

Оқыту үрдісінде ИТ қолданылады:

-   күнделікті сынып жұмысына арналған әдеттегі тақта ретінде  (тек бор электронды қарындашпен алмастырылған);

-   оқу ақпаратын визуализациялау үшін демонстрациялық экран ретінде (слайд, көрнекі материал, фильм көрсету);

-   интерактивтік құрал ретінде - цифрлық түрде дайындалған арнайы бағдарламалық материалдарды қолдану жұмысы;

Тұтас сабақ барысында тақтаны қолдану міндетті емес, сабақтың нақты бір кезеңінде қолдануға болады.

 

DSC00477

Сурет  4.  

 

Кіші мектеп оқушылары интерактивтік тақтамен қызыға жұмыс жасайды.  Олар тақтаға шығуға қорықпайды. Егер қате жіберілген болса, онда маркердің көмегімен қателескен бөлігін кетіре алады, сондықтан балалар өздерін интерактивтік тақта алдында еркін, сенімді сезінеді. Мұғалімнің берген сабағын оқушылар тақтадан анық көре алады, олар енді өзге жаққа алаңдамайды. Оның үстіне бұл оларға қызықты, сондай-ақ сабақ барысында мотивациясы артады.

Сабақ барысында жүргізілген барлық жұмыстарды, барлығы тақтаға орындаған, жазылған жазбалар мен белгілерді компьютерде келесі сабаққа дейін сақтауға болады.

Интерактивті тақта жұмыстың фронтальды формасын түрлендіруге және дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде жеке үйлестіруге мүмкіндік береді

Интерактивті тақта мұғалімнің сыныптағы әрбір оқушыға  ақпаратты тиімді жеткізуіне көмектеседі. Осы визуальды ресурс жаңа материалды өте жанды, әрі қызықты баяндауға көмектеседі.

Интерактивті тақтада компьютерде жасайтын жұмыстарды да жасай аласыз: мәтінді теріп және сақтай аласыз, фильмдер мен слайдтар көрсете аласыз, интернеттен қажетті ақпараттар іздестіре аласыз.

Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Осылайша, интерактивті тақтаны пайдалану мүмкіндігін қолдана отырып, мақсатқа жетуге болады.

Қай сабақта қандай әдістер таңдалса да, балалардың танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқушылардың жас ерекшелігін ескеруге негізделеді [54].

Қазақ тілін, ана тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді екенін мұғалімнің өзі айқындап алып, іріктеп қолданады.

Ю.Б. Зотов өзінің «Организация современного урока» атты еңбегінде де осы мәселе төңірегінде өз пікірін білдіре отырып, қазіргі сабақ жүйесінде оқыту әдістерін таңдау мұғалімнің шеберлігіне байланысты екендігін атап өткен [55].

Демек, мұғалім әрқашанда өзінің білімі мен біліктілігін, шеберлігін жетілдіруі тиіс. Сонда ғана оңтайлы оқыту мәселесіне қатысты тиімді әдістерді таңдау және қолдану аралығында қарама-қайшылықтың болуына жол бермейді.

Сабақта интерактивті тақтаны қолдану  оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға  ықпалын тигізеді.

Біз қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерді таңдай отырып, оны қолдану  арқылы оң нәтижеге жетуге болатынына көз жеткіздік.

 

 2.2 Интерактивті тақтамен жұмыс істеуде пайдаланылатын жаттығулар жүйесі

Бастауыш сыныпта практикалық әдістер тобының жиі пайдаланылатыны - әр түрлі жаттығулар. Өйткені бастауыш сыныптарда тілден берілетін білім негізінен практикалық тұрғыда болып келеді, яғни жаттығулар негізгі қызмет атқарады. Сондықтан грамматикалық орфографиялық ережелерді оқушыға түсіндіру үшін әдетте, жаттығу материалдарын жетекшілікке аламыз.

Жаттығулар – білімді бекітудің, іскерлік пен дағдыны игерудің және оқушылардың ой-өрісін дамытудың негізгі әдісі. Бұл әдісті жаттығу жұмысында тиімді қолдану үшін біріншіден, жаңа материалды (әсіресе, ережелерді, анықтамаларды) саналылықпен меңгеру, есте сақтау, екіншіден, алған білімдеріне сүйеніп, тапсырмаларды орындау, жаңа мысалдар іздестіру, дәлелдеу қажет. Сондықтан грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалдарды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен (терминді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен құбылыстарына тасымалдай алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуі тиіс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез, әрі  дәл қолдана алу дағдысына ие болады.

Қазақ тілінен жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін, сол берілген білімді оқушының санасына бекіту үшін жаттығудың бірнеше түрін: ауызша, жазбаша, сондай-ақ тақтаға шығарып, кітаппен жұмыс істеу, сурет, карточкалар, техникалық құралдарды пайдалану т.б. бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, жаттықтырудың тиімді әдісін іздестіру қажет.

Білімді бекіту үшін жүргізілетін жаттығудың бірнеше түрі дұрыс та, қызықты ұйымдастырылса, оқушы білімі солғұрлым берік және есте қалып нығая береді. Осылайша түрлендіріп оқытудың әдістері оқушыларға сапалы білім беруге қол жеткізеді [53, 40б].

Ауызша жаттығу қазақ тілі материалдарын тікелей көрсету негізінде орындалады. Сондықтан дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын түсіндіруде мына секілді көрсету аппаратына назар аударылады:

- дыбыстың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы көрсету;

- дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік фонетиканың материал-дары негізінде тәжірибелеу.

Сабақты осы әдіспен өткізуде оған қойылатын мына сияқты талаптарды ескерген жөн: қазақ тілі материалдарының мақсаты, тақырып айқындылығы, көрнекі құралдардың күні бұрын дайын болуы, материалды қалай түсіндірудің жұмыс барысы және керекті сөйлемдер мен мәтіндердің тақтаға жазылуы. Сондықтан да тәжірибе әдісінде оқушы мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынасы тікелей сезіледі. Мәселен, а – о дыбыстарының айтылу ерекшелігін түсіндіргенде,  о  дыбысы еріннің алға қарай сүйірленіп, созылуынан пайда болатынын айтады т.б. Мұнан кейін мұғалім осы дыбыстардың жасалуын оқушылардың өздеріне айтқызып, тәжірибе жасатады. Оқушылардың көздерін жеткізіп, саналы меңгерту мақсатында бұл дыбыстардың сөз ішінде буынға бөліп талдау арқылы сөйлеу мүшелерінің әрекетін ұқтырады.

Бастауыш сынып оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін түсіндіргенді қайталап айтып беруге баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алынған білім мен дағды көп уақыт өтпей-ақ ұмтылады.

Жаттығу тек оқулықта берілген жаттығу түрімен шектелмейді. Сонымен бірге жаттығу мына сияқты жұмыс түрлері бойынша да жүзеге асады:

1)    мұғалімнің дайындаған карточкалары бойынша;

2)    мұғалімнің арнайы жинап жүрген мысалдары негізінде;

3)    картинка және сурет негізінде;

4)    сызбалар мен кестелер бойынша;

5)    арнайы дайындалған мәтіндер бойынша;

6)    дидактикалық материалдар негізінде.

 Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С.Рахметова былай деді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс»[53].

      Интерактивті тақтамен жаттығулар орындау барысында оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау қажет.

      Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.

     «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта:  «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетіледі.

      Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.

      Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады.Оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; әрі өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы керек.

Қазіргі таңда электрондық - есептеу техникаларын кеңінен пайдалану сол немесе өзге елдердің экономикасы мен технологиясын дамыту көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Компьютерлік техниканың үдемелі, қарқынды дамуына байланысты қоғамның ақпараттану процесі дамудың материалдық, энергетикалық қөздеріне қарағанда маңызды факторға айналуда. Сондықтан, мектеп алдына оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің қайта қаралуын талап ететін жаңа міндеттер қойылады: ол өсер ұрпақты қоғамның толық комьютеризациялау шартындағы жұмысқа, өмірге дайындау.

       Бастауыш мектептің білім саласындағы комьютеризация мәселесі біріншіден, комьютерлік оқудың тиісті материалдық базасын, яғни техникалық күрделіліктерден хабары жоқ пайдаланушыға қажетті операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін сенімді, кеңінен таралған комьютерлерді жасау, екіншіден, оқушыларды информатика мен есептеу техникалары негіздерімен таныстыру, үшіншіден, компьютерді оқу процесінде қолданудың бағдарламалық, оқу-әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етілуін әзірлеу және пайдалану болып табылады.

     Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін интерактивті тақтаны пайдалану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады:

1.     Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді.

Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты,бейнетехниканың барлық заманалы құралдарын қолдану қызметтің іс жүзіндегі жағдаятын жасауға мүмкіндік береді.

2.     Компьютер оқу мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс

шешімдерін кеңейтіп, сонымен қатар педагогтардың оқушыға жиі қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.

3.     Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп қана қоймай,

оқушылардың жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі;

4.     Жұмыс барысында  оқушылар тарапынан жасалатын қателерге

диагностика жүргізу мүмкіндігімен  кері байланыстың болуы- оқытудың дәстүрлі түрлерінің  негізгі  кемшіліктерінің бірі мұғалімнің  оқу  қызметінің аса маңызды сәттерін бақылауға алуына  мүмкіндіктерінің жоқтығынан болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа Заңында «Жастардың жалпы орта білімін одан әрі жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс жағдайын жақсарту туралы» қаулысында «Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты дамытудың негізін қалауға: шапшаң түсініп, мәнерлеп оқудың, есептей білудің, сауатты жазудың, жақсы сөйлеудің, мәдениетті мінез-құлықтың берік дағдыларының қалыптастырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Ол оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке адал көзқараспен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге тиіс» делінген.

Олардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие жұмысына аса күшті назар аударуымыз керек. Оқу процесін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері көп.

Интерактивті тақтамен жұмыс істеу - ол заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр сипатын, сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс.

Ұлы Абай: «Адам баласы.... көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілімен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады» деген даналығы педагог классиктердің пікірлерімен ұштасады. Сонымен қатар, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ы. Алтынсарин шәкірттердің барлық сезім мүшелері- көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру баланың барлық қабілетін көрнекілік арқылы, жаттығулар арқылы жұмыс істеу керектігі жайында әдістемелік нұсқау береді.

Сонымен, интерактивті тақтаны пайдалану сабақтың негізгі тапсырмаларын білуді жеңілдетеді, заттар жөніндегі мәліметтерді, деректерді есте берік сақтауға ықпал жасайды. Оқушылар өтетін тақырыппен жұмыс жасауға әуес, ынталы келеді. Сондықтан да, интерактивті тақтамен жұмыс жасау оқушылардың белсенділігін дамытуға әсер етеді, олардың назарын белгілі бір бағытқа жұмылдырады.  Білімді игеру үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуға, ғылыми білімді игертуге, деректерді есте сақтауға әрбір сабақ үстінде интерактивті тақтаны пайдалану қажет-ақ. Өйткені, берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге септігін тигізеді.

Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

1.     Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы жөн.

2.     Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.

3.     Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы қажет.

4.     Шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болуы қажет.

       Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады.

      Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.

      Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:

1)    оқушы өзі танып – білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;

2)    оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілермен саналы түрде танысады;

3)    оқушы нақты қандай заңдылықты «ашу» қажеттігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады.

     Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.

       Оқушыға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан кейбір үлгілер көрсетейік.

 

    1-жаттығу. Бірінші бағанға кім? деген сұраққа, екінші бағанға не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді жаз.

     Үлгі:             дәрігер               қалам

                           ...........                 .........

                           .............              ............

   2-жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.

1. Алдияр далаға шықты.  2. Күн бұлттанды.

3. Ағаштың жапырақтары сарғайды. 4.  Айсұлу сабаққа дайындалды. 5. Темірлан мектепке ерте барды.

 

  3-жаттығу. Бірінші бағанға у дауысты болатындай, екінші бағанға дауыссыз болатындай сөздер жаз.

    Үлгі:          қурай                   тауық

                       ..........                   ..........

                       ..........                   ..........

                       ..........                    .........

  Буындар тақырыбын  өткен кезде мынадай тапсырмалар беруге болады.

 

  4-жаттығу. Берілген буындардан сөз құрастырып жаз.

      Ар -…, өк -…, қа -…, жа -…, ү -…,  … - кі, … -рек, … - лат.

 

  5-жаттығу. У – ұ  әріптерінің тиістісін қойып, 3 сөйлем құра.

      Б…ын, қ…лақ, жа…ын, ш…ақ, сә…ір, …ршық.

 

  6-жаттығу. Жұмбақтарды шеш. Көп нүктенің орнына  й,и әріптерінің  тиістісін қойып жаз.

         1)      Ти   десем, тимейді,

                  Тиме  десем   тиеді.

 

 

         2)      Аттан     биік,

                  Қойдан    аласа.

    7-жаттығу. Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құрастырып  жаз.

 

1)    атама,  тақия,  мен,   сыйладым.

2)    қияр,  тұздады,  Мадина.

3)    түнде,  болады,  бүгін,  аяз.

4)    бұзуға,  құстардың,  болмайды,  ұясын.

 

8-жаттығу.

Аталған тақырып және тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырып жаз.

   Тақырыбы: «Су -  тіршілік көзі».

Тірек сөздер: Сусыз – тіршілік жоқ,  судың пайдасы, суды үнемдеу.

 

  9-жаттығу. Бас әріппен жазылған сөздердің астын сыз. Неліктен бас әріппен жазылғанын  түсіндір.

      Әсем – үздік оқушы. Ол қаладан  ауылға қонаққа  келді.

-         Алыс жолдан жол жүріп келдің,

-         Үлкендерге сәлем беріп, амандас,-деді апасы Әсемге. Қонақ қыз Бәтен, Патша апаларға, Бақтыгерей, Сәбит аталарға барып сәлемдесті.

 

   Осы көрсетілген грамматикалық - тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындату барысында мұғалім мынадай дидактикалық- әдістемелік міндеттерді шешеді.

-сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін біледі;

-сөз мағыналары меңгереді;

-шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті әдістердің тиімділігін айқындау жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік зерттеу

Зерттеу жұмысында ұсынылған теориялық деректерді негіздеу  мақсатында эксперименттік тәжірибе жұмысы жүргізілді, онда бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында қолданылатын интерактивті әдістердің  тиімділігін дәлелдеу көзделді  

Эксперименттің мақсаты алға ұсынылған болжамды тексеру және бағыттау, бекіту болып табылады, яғни, егер оқыту әдістерінің мәнін сипатайтын түсініктер мен деректерді меңгеру қамтамасыз етілсе; бір әдістілік пен біржақты асыра сілтеушіліктен арылуды көздейтін тәжірибелер  пайдаланылса; оқыту әдістерін таңдау және жетілдіру жолдары қолдау тапса, оқыту әдістерін мақсатты, жүйелі және жоспарлы ұйымдастырып зерттеуге болады, бұл бастауыш сынып оқушыларын оқытудың тиімді, интерактивті әдістерді таңдауға, жетілдіруге және қолдануға сәйкес келеді. Болжам нақты интерактивті әдістерді таңдай отырып, жұмыстың тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады [56].

Педагогикалық эксперименттің маңызы, мақсаты мен мазмұны, ішкі құрылымы мен олардың жүргізілу тәртібі және нәтижелері талданып, сынып оқушыларына қазақ тілін оқытуда интерактивті оқыту әдістерінің сапалылығы мен нәтижелілігі практика жүзінде  сыннан өткізілді. Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту әдістерін таңдап алуда эксперименттен  өткізілу жолы анықтау кезеңі, қалыптастыру және бақылау кезеңдерінен тұрады. Олардың әрқайсысының өткізілу жүйесі сақталып, мазмұны нақтыланды.

Педагогикалық эксперимент тірек ретінде алынған Атырау қаласындағы №3  мектепте жүргізілді.

Экспериментті жүзеге асыру барысында қолданылды:

-         Сабақты өткізудің интерактивті әдістері;

-         Интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар жүйесі;

-         Оқушылардың сөздік қорын белсендендіруге бағытталған тапсырмалар.

Жүргізілген педагогикалық эксперимент барысындағы бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту үрдісін ұйымдастыру шеберлігі мен оқушылардың білім деңгейін талдау көрсеткіші оқыту әдістерін тиімді таңдау және қолдана білу білім сапасын көтеретіндігіне дәлел болды.

Жинақталған материалдарды қорытып, талдай отырып, келесі тенденцияларды байқадық.

Эксперименттің бірінші кезеңі  - анықтау кезеңі деп аталды. Бұл кезеңде интерактивті оқыту әдістерінің ерекшеліктері мен теориялық негіздемелері туралы танысулар жүргізіліп, мектеп жоспарынан тыс, өз тарапымыздан сауалнамалық тест  ұйымдастырылды (қосымша А).

Сауалнамалық тестіге бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Бұл әдіс мұғалімдердің оқыту әдісі туралы көзқарасын айқындады: 20% мұғалім оқыту әдісін теориясы мен практикасын байланыстырып, жете білу қажет десе, 28% практикалық тұрғыда әдісті жетілдіру қажеттігін, ал 42% оқыту әдістері туралы толығырақ білгісі келетіндігін жеткізді.

Педагогикалық эксперименттің бастапқы сатысы білім беру жүйесіндегі оқыту әдістерінің қазіргі жай-күйін ашып, сондай-ақ мұғалімдердің оқыту әдістерінің алуантүрі және олардың салыстырмалы айырмашылығы туралы білімдерінің өте жоғары деңгейде еместігін көрсетті.

Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде біз келесі міндеттерді қойдық:

-         Бастауыш мектептің оқу үрдісіндегі интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігін тексеру;

-         Бастауыш мектеп оқушыларының білім деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін  қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарын құру;

-         Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардың іс-

тәжірибесінде дамыта оқыту жүйесімен оқыту әдіс-тәсілдерінің қалай жүзеге асырылып жатқандығын  бақылау.

Интерактивті оқыту әдістерінің тиімділігіне түйін жасайтын зерттеу үрдісінде   алынған мәліметтерді математикалық өңдеу.

Қалыптастырушы эксперимент әдістемесі интерактивті оқыту әдістерін   қолдануға негіз болатын формалар мен әдістерді қолданудан тұрады. Осы міндеттерді жүзеге асыру сынып сабақтарын ұйымдастыру арқылы жүрді.

Бақылау топтарында қазақ тілі пәні бойынша сабақтар дәстүрлі әдістермен (сынып жетекшісінің жоспары бойынша) жүзеге асты, ал эксперимент топтарында осы пән бойынша интерактивті әдістер таңдаулы түрде алынып жүргізілді.

Экспериенттің қалыптастырушы кезеңінің материалдары  4 сынып оқушыларының ауызша және жазбаша жұмыс жасау барысында интеллектуальды деңгейінің көрсеткіші ретінде шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.  Интерактивті сабақты құру негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмыстың қажеттілігін айқындайтын әдістемелік тұжырымдама жатыр. Осы орайда бірқатар сабақ үлгілерін қарастырайық.

          

      Ашық сабақ         4 «б» сынып       Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма  сөз        189-192 жаттығу

Сабақтың мақсаты.

Білімділігі: Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.

Дамытушылығы: Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы дамыту. Шығармашылық қабілетін,байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.  

      Сабақтың типі:      Аралас сабақ.

      Сабақтың әдісі:     Сұрақ-жауап, тірек сызба, топпен жұмыс, логикалық тапсырмалар.

      Сабақтың құрал-жабдықтары, көрнекілігі:

      Интерактивті тақта, тірек сызбалар, түрлі-түсті фишкалар.

      Сабақтың түрі:      Дәстүрлі емес сабақ

      Сабақтың барысы:

I Кіріспе бөлім: а) Ұйымдастыру кезеңі;  (Сәлемдесу)

                               Хормен:  Жақсы оқып сабақты

                                                Әдеп сақтау сәніміз.

                                                Сәлем бердік сіздерге

                                                Бас иіп бүгін бәріміз.   

                            ә) Психологиялық  дайындық;

                            б) Сабақтың топтық сайыс түрінде өтетінін хабарлау.

 

II Үй тапсырмасын сұрау: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері    188-жаттығу

1) Ереже сұрау

2) Мысал келтіру,сөйлем құрау.

 

III Үй тапсырмасын қорытындылау:  (Тірек сызба)

 

Свиток: горизонтальный:                                   Бірыңғай мүшелер                                                                                            

 

 

 

 


Стрелка: пятиугольник: Бір сұраққа жауап береді, бірдей тұлғада айтылады.                                         

Стрелка: пятиугольник:    Шылаулар арқылы    жазылады. 

 


                               

Прямоугольник: скругленные углы: Қосымша әрқайсысына не соңғы сөзіне жалғанады.  Прямоугольник: скругленные углы: Жеке сөзден де,сөз тіркесінен де жасала береді.                                                                                                                                               

 

 

 

                                                                                         

Жеке-жеке тоқталып мысал келтіру.

188 – жаттығуды тексеру.

 

IV  Жаңа сабақ:  а) Мюнстенберг әдісі бойынша жаңа сабақты хабарлау.

                                 

Ж

К

У

Қ

Ы

С

Т

Ы

Р

М

А

К

Р

Е

С

Ө

З

Ж

П

Н

 

                             ә) Жаңа сабақты түсіндіру. Сөйлем талдау арқылы.

 

 дау жоқ

 
                       Ертең                                     ,  қансонар  болғалы тұр. 

                  

                           

 

  б) Тірек сызба.

 

 

Блок-схема: знак завершения:         Оқшау сөздер      

 

 


Қаратпа сөз                                                                    Одағай сөз

Блок-схема: знак завершения:          Қыстырма сөз 


                                                     

 

 

 


                                                    

                                                   

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 


в) Оқулықпен жұмыс    189-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып,оқу.

                  - Не байқадың?

         Құрамында сөйлем мүшесі емес сөздерді табу.

г) Дәптермен жұмыс     190-жаттығу. Топтық тапсырма:

 

I топ: 1,2-сөйлем                       II топ: 3,4-сөйлем                         III топ: 5,6-сөйлем                                                                    

                                                   

                                                                                                                

атқарды         жақсы 

 

   

     ...........

 

                  бүгінгі

 

кезекшілікті     Дәурен

 
                                              

      р               б                                                   «қысқасы» сөзінен сөз 

Блок-схема: узел: Сөз                                                                             тудыру.  Сол сөзтумаларға

е                            ә                                             қыстырма сөз қосып

                                                                            сөйлем құрау.

   і                 с                

                

Сөз құра, сөзден

 сөйлем  құра.

 

191-жаттығу     Өлеңді мәнерлеп оқу.  Шарты бойынша ауызша орындау.     

 Шығармашылық тапсырма: Өлеңді қара сөзге айналдырып, шағын мәтін жазу.

III Қорытынды бөлім: Жаңа сабақты бекіту.    Пысықтау сұрақтарын беру.

- Қыстырма сөз дегеніміз не?

   - Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?

   - Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?                                                            (мысал келтір)

IV Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау,192-жаттығу.

V Оқушылар білімін бағалау:

          Үш топтағы конверттерден жиналған фишкаларды санау арқылы топтың ұпайын                                          шығару.

          Қызыл    - 5,                     көк     - 4,                          жасыл   -3                              

 

а) Жеке оқушыларды бағалау.

ә) Топтық сайысқа баға беру,марапаттау.

б) Оқушылар пікірін тыңдау, әрқайсысының қарсылас                                                           тобына талдау жасау.                 

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау. Сан есім.

Сабақтың мақсаттары: Сан есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Жан-жақты білім беру.

Тәрбиелік мәні: Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, суреттермен, қима қағаздармен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, суреттер, жұмбақ, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

Өтілген сабақтармен жұмыс. Үй тапсырмасын сұрау. Сөз таптарының анықтамасын қайталап шығу.

Сан есімді атап өту. Сан есімді атап көрсету.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге  Қанша? Неше? Нешенші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз екінші, он алтыншы.

Сан есімге байланысты жаттығу орындаймыз.

412-жаттығу. Сандарды жазумен жазамыз.

5 - бес, 6 - алты, 7 - жеті, 10 - он, 20 - жиырма, 90 - тоқсан.

18 - он сегіз, 23 - жиырма үш, 54 - елу төрт, 66 - алпыс алты, 77 - жетпіс жеті.

2. Үйге тапсырма. 413-жаттығу.

Сергіту сәті.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ.

Кітаппен жұмыс. 414-жаттығу. Көп нүктенің орнына сан есімдерді мұғалімнің көмегімен жазумен жазып, сызып шығу:

Асқар сегіз жаста. Шопан – қойшы, бәйге – жүлде

Түсіндіру. Бағалап шығу.

145-жаттығу. Оқу, сан есімді табу. Тақтадан орындау.

Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

Қыңыр – қайсар деген сөзді білдіреді.

Интерактивтік тақтамен жұмыс.

Қай көшеде тұрасың?

Үйіңнің нөмері нешінші?

Пәтеріңнің нөмері нешінші?

Отбасыңда қанша адам бар?

417-жаттығу. Суретке қарап әңгіме құру.

Жұмбақ.

Бір талда 12 бұтақ бар,

Әр бұтақта 30 жапырақ бар.

Бір жағы қараңғы, бір жағы жарық.

(12 ай, 30 күн, күн мен түн)

Сабақты қорыту.

 

Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаттары: Құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, жай сөйлеммен салыстыра отырып құрмалас сөйлемнің өзіндік ерекшеліктерін таныту; оқушыларға жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыру жолдарын тұлғалық жағынан байланыстыратын, құрылымдық ерекшеліктерін, жасалу жолдарын меңгерту, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, танымдық, зерттеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, плакаттар, кесте.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

А) Сөйлем дегеніміз не?

Ә) Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

Б) Лепті сөйлем дегеніміз не?

В) Жалаң сөйлем дегеніміз не?

Г) Жайылма сөйлем дегеніміз не?

Жай сөйлем                                        Құрамалас сөйлем

Күн жылынды.                                    Күн жылынды да,

Қар еріді.                                             қар еріді.

Жер көгерді.                                       Жер көгерді де,

Мал өріске шықты.                            мал өріске шықты.

Кестенің бірінші бағанындағы сөйлемдер оқушыларға ауызша талдатылады. Талдау барысында оқушылар бұл сөйлемдердің бәрі де жай бір ғана ойды білдіретін жай сөлем екенін айтып тұрлаулы мүшелерді табады. Содан соң кестенің екінші бағанындағы сөйлемдерге оқушылардың назарын аударып, алдыңғы сөйлемдермен салыстыра отырып, олардың екі жай сөйлемнен құралып күрделі ойды білдіріп тұрғаны, әр жай сөйлемнің, өз бастауышы мен баяндауышы бар екені, жай сөйлемдердің ара-жігі бір-бірінен үтір арқылы бөлінетіні байқалады.

Оқулықтағы 150-жаттығудағы осы мақсатқа пайдалануға болады.

151-жаттығу. Өлеңді оқы, құрмалас сөйлемдерді тап, әрбір құрмалас сөйлем құрамында неше жай сөйлем барын анықта.

«Сөйлемді аяқта» ойынын ойнату.

Мен далаға.....

Қалың қарды...

Төңіректі қараңғылық...

Аспанда жұлдыздар...(жымыңдай бастады).

Содан соң жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айнадыра айтқызу.

53-жаттығу. Құрмалас сөйлемдерді оқып, неше жай сөйлемнен тұратынын айт.

Сәуле бармай, Әсия келмейді.

Қарлығаш төмен ұшса, күн жуады.

Жаз ыстық болса, қыс суық болады.

Құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемнің баяндауышын тап.

Шығармашылық жұмыс.

Әр топқа құрмалас сөйлемге байланысты мақал-мәтел айтқызу.

Жұмбақ жасыру.

Таңмен көзін ашады, әлемге нұр шашады.

Құрмалас сөйлемнің ішіндегі жай сөйлемдердің арасына үтір қойып, көшіріп жаз.

Сабақты бекіту сұрақтары. Оқушылардың білімін бағалау. Үйге тапсырма беру - 152-жаттығу. 

Мұғалімдердің сабақ үлгілерін талдай отырып, олардың негізінен оқыту әдістері классификациясын білім көзіне қарай және оқушылардың танымдық қызметі сипатына қарай қолданатынын байқадық. Кейде олар осы екі классификациядан да алынған әдістері тобын қарастырады, сонда мұғалім нақты сабақта оқыту әдісі ретінде ішінара-ізденіс әдіс, әңгіме, әңгімелесу, жаттығу, репродуктивтік әдіс деп ажыратады, ал соның ішінде әңгіменің өзі ішінара-ізденіс, ал жаттығу репродуктивтік болатынын түсінбейді. Оқыту әдістерін білім көзіне қарай ажыратып және оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипаты турасында түсініктемесін қосып жазғанда, дидактикалық тұрғыда сауаттырақ болар еді.

Мұғалім үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Ал оқыту әдістерін тиімді таңдау барлық көзделген шарттарды (мақсат, мазмұн, оқушының жас және жеке ерекшелігі, мұғалімнің жеке тұлғасы) және оқыту әдістерінің мықты және әлсіз тұстарын, яғни оқыту міндеттері мен оларды қалай шешу жолдарын қарастырады [32,92б].

Бақылау және эксперимент топтары арасында білім сапасы тестілеу арқылы салыстырылды. Нәтижесінде экспериментальды топ бақылау тобына   қарағанда тест тапсырмаларын тез және сапалы орындады. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі төмендегідей болды.

Эксперимент топтың оқушылары белсенді және бастамашыл болып, оқу материалын меңгеруде жоғары деңгейді көрсетті. Бақылау және эксперимент топтарындағы оқушылардың экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі білім деңгейін көрнекі диаграмма түрінде ұсынамыз.

Диаграммадан көріп отырғанымыздай, экспериментальды топ оқушыларының білім пайызы бақылау топтарына қарағанда  жоғары (сурет 5).

Эксперименттің соңғы бақылау кезеңінде анықтау экспериментінің кезінде  қорытынды бақылау кесіктері жүргізілді, оның нәтижесі бойынша білімді меңгеру коэффициенті шығарылды (кесте7 ).

Кесте 8 - Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау экспериментінің көрсеткіші

 

  Деңгей

Эксперименттің басында

Эксперименттің аяғында

Эксперим.топ

Бақылау тобы

Эксперим.топ

Бақылау тобы

Жоғары

13%

6%

38%

7%

Орташа

35,7%

43,4,0

51%

44,5%

Төмен

51,3%

50,6

11%

48,5%

     

                Экспериментке дейін                              Эксперименттен кейін

                         Жоғары      Орташа     Төмен

                                  

Интерактивті негізде құрылған сабақтар ең алдымен, оқушылардың оқу материалына деген қызығушылығын туғызды. Өйткені әдеттегі сабақтардың үйреншікті жұмыс тәртібін өзгертіп, әр оқушыға енжар тыңдарман ролінде емес, белсенді қатысушы ролінде болуға мүмкіндік берді.

Қорытынды

Интерактивтік оқыту қатысушылардың күтілетін проблемаларды шешуде мотивациясын арттырады, одан әрі қарайғы ізденіс белсенділігіне эмоциональды түрткі болады, оларды нақты әрекетке жетелейді. Интерактивтік оқытуда оқушылардың әрқайсысы жетістікке жететіні, топтық жұмыстың жалпы нәтижесіне өз үлестерін қосатындығы ешкімді бей-жай қалдырмайды, оқыту үрдісі мағыналы және қызықты бола түседі.

Сонымен қатар, интерактивтік оқыту проблемалық стуацияларды өзінше көріп, одан шығу жолдарын жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады: өз ұстанымын, өзінің өмірлік құндылықтарын негіздеу – өзгелердің көзқарасын тыңдай білу, ынтымақтаса білу, серіктестік қарым-қатынасқа түсу секілді қасиеттерін дамытады.

Интерактивтік оқыту барысында педагог  ақпарат көзінің бірі ретінде көмекші қызметін атқарады; оның қызметінде басты назарда индивид ретіндегі жеке оқушы емес, бірін бірі ынталандырып, белсендендіріп отыратын, өзара әрекеттесуші оқушылар тобы болуы қажет.

Осылайша, мұғалімнің проблемалық-ізденушілік әдістерін меңгеруі – бұл оқушылардың шығармашылық-ізденушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың ең дұрыс жолы, демек, бұл - интерактивтік оқыту.

Бүгінде мұғалімнің шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың репродуктивті әдістерінен продуктивті әдістеріне көшу өте маңызды, онда оқушы оқылған құбылысты түсінгендігін көрсетіп қана қоймай, тапсырмалардың себеп-салдарлы байланысын аша отырып, шешімін табады, оқылған материалды тәжірибемен, өмірмен байланыстырады.

Осы орайда оқушылардың дербес шығармашылық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін мұғалім «кез-келген бала жетістікке ұмтылады» деген ұстанымда тек бағыттаушы әсерлермен шектелуі қажет.

Сабақтарда жетістік ситуацияларын құру үшін келесі ережелерді ұстанған жөн:

-     Барлық оқушылар материалды меңгеруге, біліктілік пен дағдыны игеруге қабілетті;

-     Оқушылар мұғалімнің өздеріне сенетінін білуі тиіс;

-     Мұғалім танымдық белсенділікті көтермелеуі қажет; білімді ешқашанда дайын күйінде ұсынбай, оқытуда проблемалық-ізденіс ықпалын қолданады;  механикалық түрде еске сақтау емес, түсініп алуға көңіл бөледі.    

Педагогикалық қызметтің басты жетістіктерінің бірі сабақта жетістік ситуациясын құру деп есептеледі, ол шығармашылық қабілеттерді белсендендіруге мүмкіндік береді және оқушылардың оқу нәтижесін арттыруға ықпал етеді.

Зерттеу жұмысымызда:

- білім беру жүйесінде интерактивтік оқыту әдістерін қолдану проблемасының жай-күйін талданды;

- бастауыш сыныптағы қазақ тілін оқытуда интерактивтік әдістерді қолдану  маңызы  анықталды;

-  «интерактивті әдіс»  ұғымы ғылыми негізделді, оның сабақтағы рөлін анықталды;

- қазақ тілін оқытуды жетілдіруге бағытталған интерактивтік оқыту технологиясын тиімді қолданудың дидактикалық негіздері жасалды.

 - бастауыш сыныптың қазақ тілі сабақтарында  интерактивті оқыту әдістерін жүзеге асыру  жолдарының тәжірибесін талданды.

    Эксперимент барысында мұғалімдермен  сауалнама-тест жүргізіп,

интерактивті оқыту әдістері туралы түсініктерін, білімін, біліктілігін анықтадық. Озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатыстық және өз тарапымыздан сабақ үлгілерін талқыладық. Оқушылардың оқу үлгерімін, екі топта нақты бір тақырыпты өту әдіс-тәсілдері мен оқушылардың білім деңгейін салыстырмалы талдадық.

Интерактивтік тақтаны қолдану барысында әдеттегі сабақ тиімділігі және сабақ қарқыны арта түседі, бейне әрекет, ақпаратты шұғыл алу мүмкіндігі ашылады. Интерактивтік тақта көмегімен оқыту дәстүрлі оқыту әдістерінен айтарлықтай ерекшеленеді, десек те, сабақты нәтижелі өткізудің негізі бірдей. Ең алдымен, кез-келген сабақтың, оның ішінде интерактивтік технологияларды қолдану арқылы өткізілген сабақтың анық жоспары мен құрылымы болуы, нақты мақсаттар мен нәтижелерге жетуі тиіс. Осының барлығы оқушылардың материалды жақсы меңгеруіне және оны өзінің осыған дейін білетіндерімен сәйкестендіруге көмектеседі. Мұғалім мен оқушының интерактивтік шығармашылығы шектеусіз. Ең бастысы оны қойылған оқу мақсаттарына жету үшін бағыттай білу маңызды.         

Жүргізілген зерттеу жұмысымызды түйіндей отырып, мынандай ұсыныстар айтуға болады:

1.          Бастауыш сыныпта денсаулық сақтай отырып білім беру үрдісін практикалық тұрғыда жетілдіру қажет.

2. Зерттеу нәтижесінде алынған материалдарды бастауыш сынып оқушыларын оқытуда жетекші нұсқау ретінде ұсынуға болады.

Интерактивтік әдістерді және АКТ-ды қолдана отырып, қазақ тілі сабағын жүйелі өткізу оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту міндеттерін ойдағыдай шешеді деген түйін жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен бастауыш сынып оқушыларын оқытуда интерактивті әдістерді тиімді қолдану жолдары ғылыми-теориялық және педагогикалық тұрғыдан айқындалып, негізделді. Берілген ұсыныстар бастауыш сыныптардың оқу үрдісінде тәжірибеден өткізіліп қолдау тапты. Орындалған жұмыстың ғылыми-теориялық деңгейі алынған нәтижелермен дәлелденді.

       


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы және оны жүзеге

    асыру жөніндегі негізгі құжаттар. – Астана, 2000.

1.     Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997

2.     Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан, 16 қазан,2004ж.

3.     ҚР бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны мен тұжырымдамасы. Алматы. 1998.

4.     Байтұрсынов А. Шығармалар жинағы. – Алматы, 1989

5.     Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. –Алматы: РОНД, 2002. -136-бет.

6.      Моляко В.А. Психологические проблемы творческой одаренности.//Киев. Знамя. 1995.

7.      Занков Л.В. Наглядность и активизация учащихся в обучении - М.:

 Знание, 1960г. 162с.

8.      Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной  

 общеобразовательной школе - М.: Просвещение, 2003г.

9.      Закон РК «Об образовании» от 27 июля 2007 года № 319-III

10.  Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей. – М.:  

   Академия, 2002. - 320с.

11.     Новые педагогические и информационные технологии в системе  

  образования. Е. С. Полат, М. Ю. Бухаркина, М. В. Моисеева, А. Е.

           Петров - М.: Издательский центр «Академия», 2004

12.     Выготский Л.С. Вопросы детской психологии. - С.-Пб.: Союз, 2002.

13.     Лордкипанидзе Д.О. Принципы организации и принципы обучения.    

  М., 1957.

14.     Бабанский Ю.К. Методы обучения в школе - М.: Просвещение 2006г.

15.     Ковалева Т.М. Инновационная школа: аксиомы и гипотезы. – М.:  

  Издательский дом Российской академии образования, 2003.

16.     Кажигалиева Г.А., Васенкова М.В. О принципах и методах  

  технологии интерактивного обучения русскому языку в средней

           школе//Педагогика, 2005, №2.

17.        Зверев А. 10 и 90 - новая статистика интеллекта Знание - сила -  

  1997г.\ №4

18.        Роджерс К. Вопросы, которые я бы себе задал, если бы был учителем

  \\ хрестоматия по педагогической психологии сост. Красило А. И. и    

           др. - 2005г.,

19.        Низамова, М.Н. Когнитивные предпосылки усвоения русской

   грамматики в начальных классах//Білім берудегі менеджмент

   =Менеджмент в образовании. – 2005. - № 2. – С.71-75.

20.        Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной  

   общеобразовательной школе - М.: 2005г

21.        [Эльконин Д.Б. Психология обучения младшего школьника. –М.:  

   Знание, 1974. –230с

22.        Выготский Л.С. Вопросы детской психологии.– М.:Педагогика, 1983. – т.4ю – 358с.

23.        Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – М.: Педагогика,

  1986. – 230с.

24.        Занков Л.В. Избранные педагогические труды. – М.: Педагогика,

   1990.

25.        Козыбаев, Е.Ш. Какой быть модели образования XXI // Начальная

   школа Казахстана. – 2005. - № 6. – С. 16-19

26.        Назарова, Г. Дидактические познавательные игры / Г. Назарова

   /Қазақстан мектебі. – 2005. - № 5-6. – С. 57-59.

27.        Нестандартные задания на уроках русского языка.// Русская

   словесность. №5, 2000, стр.16-19.

28.        Майтанова Н.Е. Возможности индивидуального подхода к учебной

   деятельности младших школьников : педагогические исследования /

   Н.Е. Майтанова, С.Н. Муканова, К.Ж. Туребаева // Начальная школа

            Казахстана. - 2004. - № 5. – С. 6-11.

29.        Гишкевич, Л.А. Русский язык. 3 класс : урок – соревнование : [тема :

   «Закрепление знаний о проверяемых и непроверяемых безударных

   глассных в корне слова»]// Начальная школа Казахстана. - 2004. - №

    4. – С. 42-49.

30.        Айкинбаева, Г.К. Одаренные дети: выявление, обучение и развитие /

   Г.К. Айкинбаева // Воспитание школьников (РК). –2005. № 3. с 20-21.

31.        Богоявленская Д.Б. Психология творческих способностей. – М.:

  Академия, 2002. - 320с.

32.        Булдыбаева, С. «Кто быстрее? Кто лучше? Кто больше?» :

  лингвистический турнир на уроке русского языка : [тема урока :

  «Звуки и буквы»] / Сынып жетекшісі= 2005. - № 3. – С.31.

33.        Ильичева, О.Н. Имя существительное : нестандартный урок //Орыс

   тілі мен әдебиеті: мектепте, колледжде және ЖЖО-да оқыту=Русский

    язык и литература: преподавание в школе, колледжах и вузах. – 2005.

   - № 3. – С. 12-

34.        Каражигитова, Т.А. Личностно - ориентированное обучение –

   современный подход к реализации в практике работы школ // Білім

   берудегі менеджмент. – 2005.  № 2. с. 193-196.

35.        Сухомлинский В.А. О воспитании - М.: Просвещение, 1975г.

36.        Ушинский К.Д. О наглядном обучении. – И Чучин-Русов А.Е.

   Образование и культура // Педагогика, - 1998г. №1 с12.

37.        Шаталов В.Ф. Точка опоры. - М.: Педагогика, 2007г.-160с.

38.        Шилов И.И. Литература для учителя // Казахстан 2003г. №9 стр.57-59

39.        А.А. Аладьина, М.Е. Минайдарова, Х.Т.Абдрахманова Роль интерактивных методов обучения в формировании креативной личности, Таразский государственный педагогический институт, г.Тараз

40.         Горлова Л.А. Нетрадиционный урок – урок творчества: [из опыта работы школы-гимназии № 12 г. Талдыкоргана. Предлагаются схемы, выводы по итогам] / Л.А. Горлова // Открытая школа (РК).- 2005. - № 3. – С. 18-19.

41.  Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы: «Өлке» баспасы, 2005.

42. Құлмағамбетова Б. «Қазақ тілі» сабағында техникалық құралдарды пайдалану. Алматы, 1975.

43. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. Алматы, 2001

44. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Ана тілі, 1991.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша А

 

Интерактивтік тақтаның артықшылығы мен кемшілігі

Кемшілігі

Артықшылығы

Интерактивтік тақта стандартты тақталарға немесе экранды проекторларға қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады

Интерактивтік тақталар әдеттегі тақталарға ұқсайды, сонымен қатар  ол мұғалімге сыныппен үнемі байланыста бола отырып, оқыту құралдарын оңай және еркін қолдануға көмектеседі.

Интерактивтік тақтаның беткі қабаты зақымдануы мүмкін, зақымдалған беткі қабатты ауыстыру өте қымбат (оны жөндеу жаңа тақтаның бағасына тең болуы мүмкін).

Интерактивтік тақта электронды оқыту құралдарын кеңінен қолдануға көмектеседі, өйткені олар стандартты құралдарға қарағанда  тыңдармандарға ақпаратты тез жеткізеді.

Интерактивті тақтаның беткі қабатында берілетін бейнелерді тақтаның қасында тұрған адам денесімен жауып тұруы мүмкін.

Интерактивті тақта мұғалімге сабақтағы  иллюстративті материалдың (интернеттен алынған сурет немесе ірі масштабты кесте, мәтіндік файл немесе географиялық карта) көлемін ұлғайту есебінен материалды қабылдауын да арттырады. Интерактивті тақта мұғалімнің сабақтағы оның сөзін толықтыратын таптырмас серігі болып табылады.

Көшірілмелі интерактивтік тақталар (проекторлар) ұрлықтан, бүлдіру, яғни зиян келтіруден т.б.  сақтандырылуы қажет.

Интерактивті тақталарды нақты аудиторияларға бейімдей отырып, материалды түсіндіру барысында әдістемелік материалдардағы қандай да бір кемшіліктерді тура сабақ үстінде түзетуге мүмкіндік береді.

Көшірілмелі тақталарды қолдану барысында жаңа орынға көшірген сайын тақтаны (тепе-теңдігін сақтап) орнатып отыру қажет.   

Интерактивті тақталар оқушыларға қызықты да, қызу талқылаулар жасап, топтық дискуссияларға, пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаның кеңейтілген функцияларын сауатсыз қолдану экрандағы ақпараттың дұрыс көрініс таппауына әсер етеді.

Интерактивті тақталар оқушыларға ортақ жұмысты орындауға, мұғалімнің ұсынған тапсырмаларына орай ортақ шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Интерактивті тақталар оқушыларға ақпаратты тез қабылдауға көмектеседі

 

Қосымша Ә

 

Сауалнама

Оқыту әдістерін тиімді таңдау және қолдану

 1. Әдіс дегеніміз –

А) педагог пен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеті

В) танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру жолдарын көрсететін логикалық категория

С) бұл мұғалімнен оқушыларға білім беруші ой ағыны бағыты

Д) барлық жауаптар дұрыс.

2. «Қай әдіс жақсы?» еңбегінің авторы:

А) Ы.Алтынсарин                           В) А.Байтұрсынов

С) Я.Коменский                              Д) Л.Занков

3. Көрнекілік әдістер тобына жататыны:

А) демонстрация, иллюстрация, кітаппен жұмыс

В) демонстрация, иллюстрация, бақылау

С) суреттер, түрлі жаттығулар, мәтінмен жұмыс

Д) барлық жауап дұрыс 

4. Оқу-тәрбие үрдісін оңтайландыру, оптимизациялау теориясының авторы:

А) Ю.К.Бабанский                          В) М.И. Махмутов

С) М.Н. Скаткин                             Д) И.Я. Лернер

5. Дискуссия дегеніміз:

А) оқыту принциптері                    В) оқыту заңдылықтары

С) оқыту формасы                          Д) оқыту әдістері

6.  Бейне әдісінің модификациясын көрсетіңіз:

А)  «электронды» мұғалім бақылауымен оқыту   В)  дәріс                               

С)  әңгімелеу                                                             Д)  иллюстрациялау

7. Оқушылардың ойлауын дамытуға неғұрлым әсер ететін әдіс:

А) жоспар құру                               В) репродуктивті әңгімелесу

С) эвристикалық әңгімелесу          Д) жатқа жаттап алу

8. Оқытудың практикалық әдісін көрсетіңіз:

А)  мазмұндау                                 В) тәжірибе

С)  пікірталас                                  Д) дәйек сөз келтіру

9. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің жолы:

А) оқыту әдістері                               В) өздігінен білімін көтеру

С) оқыту әдістемесі                           Д) өзін-өзі тәрбиелеу

10.   Оқыту әдісін анықтайтын факторлар:

А) жас шамасы, оқыту мақсаты, оқу қабілеттілігі, оқу материалының көлемі мен күрделілігі

В) жас шамасы                               С) оқыту мақсаты

Д) оқу материалының көлемі мен күрделілігі

11. Жаттығу, зертханалық жұмыс, практикалық жұмыс:

А) көрнекілік әдістер                        В) сөздік әдістер

С) практикалық әдістер                    Д) кітаппен жұмыс

12. Оқыту әдістерін жіктеудің негізгі шарты

А) әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі

В) әдістердің оқушылардың оқу мүмкіншіліктеріне сәйкестігі

С) әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сәйкестігі

Д) барлық жауап дұрыс 

13. «Оқыту әдістері ішінде ғылымилық таным әдістерін көрсетіңіздер, білім алушылардың ойлауын дамытыңыздар, оларға ізденімпаздық, шығармашылық, танымдық еңбекке қарай бағыт беріңіздер» ережесі мына принципке жатады:

А) беріктік                                         В) көрнекілік

С) ғылымилық                                   Д) теорияның практикамен байланысы

14.  Әдіс пен тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз?

А) екі ұғым бірдей                            В) тәсілдің әдіске қатысы жоқ

С) тәсіл  - әдістің құрамды бөлігі    Д) барлық жауап дұрыс 

15. Өз тәжірибеңізде жиі қолданатын әдістеріңіз:

А) сөздік әдіс                                    В) көрнекілік әдісі

С) практикалық әдіс                        Д)  тағы басқа өз жауабыңыз ....

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дипломдық жұмыс "Бастауыш сыныптың қазақ тілін оқытуда интерактивті әдістерді қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.12.2015 14477
    • DOCX 840 кбайт
    • 225 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абилова Орынгуль Асылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абилова Орынгуль Асылбековна
    Абилова Орынгуль Асылбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 217703
    • Всего материалов: 30

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе