Инфоурок Классному руководителю СтатьиДоклад«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».                                                                                                                                                   

Доклад«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».                                                                                                                                                   

Скачать материал

                          

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы аудандық білім беру бөлімі

Қ. Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ.

(Ауыл мектебі жағдайында ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану)

 

 

 

 

 

 

 

 

         Дайындаған: Қ. Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі-

Сыдихова Аяжан Жақсығалиқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     2015- 2016 оқу жылы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

                                                                                                                                                  Н. Ә. Назарбаев

            Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.

           Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.

           Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

            Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Қазіргі білім беру жүйесінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға немесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекетімізге және жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу педагогтардың басты мақсаты болып отыр. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ойлау дағдыларын жетілдіру үшін, белгілі бір жағдаят көлемінде бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қамтуды қарастырады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49- бет)

Мектептегі білім беруді ұйымдастыру сабақ процесі болса, сол сабақты түрлендіріп, жаңашылдықпен ұйымдастыра алуы мұғалім шеберлігі екені сөзсіз. Сондықтан мектептегі оқу процесінде сыни ойлауды дамыту бойынша семинардан  алған білімдерімді қорытып, үйренген әдіс- әсілдерді пайдаға асыруға тырыстым. Әр түрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан оқи білуге үйретіп, қойылған сұрақтарға өмірмен байланыстыра отырып жауап беруге дағдыландыру үшін тізбектелген сабақтарымда сыни ойлау элементтерін пайдаланудамын.  9- сыныпқа оқу бағдарламасына сай өткізген сабақтарымда оқушыларды сыни ойландыра алатындай сабақ жоспарларын құрған болатынмын. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              белсенді жүргізілгенде ғана олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын дәлелдейтін зерттеулер де көбейе түсуде. Осылайша балаларды ХІХ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттермен қаруландыру- мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 51- бет) «Шешендік өнер» деп аталатын  сабағымда сыни ойлауға бағытталған сұрақтар дайындадым.  Сабақтың кіріспе бөлімінде оқушыларды топқа бөлген соң, топқа бөлу кезінде кездескен кісі есімдері мен нақыл сөздер туралы не білесіңдер? Би- шешендердің халық ауыз әдебиетіндегі алар орны қандай? Топқа бөлу кезіндегі шешендік сөздердің бүгінгі сабақпен байланысы бар ма? Берілген нақыл сөздердің берер тәрбиелік мәні қандай? деген сұрақтарды ортаға тастадым. Бұл сұрақты қоя отырып, оқушыларды сыни ойлауын, өткен сабақ пен бүгінгі тақырыпты байланыстыра алу мүмкіндігін бақыладым. Сұраққа жауап беру кезінде оқушылар өз бетімен жауап берді. Н есімді оқушымның жауабы: Біз қазір халық ауыз әдебиеті тарауын оқып жатқандықтан шешендер мен шешендік сөздер осы тараудың бір тармағы деп білемін.  Шешендік сөздер көбіне ақылдылыққа, шешендікке, сыйластыққа тәрбиелейді деп жауап берді.   Ал сабақ соңында үй тапсырмасы ретінде және шешендік сөздердің қазіргі кездегі үлгісін құрастырып келуге оқушыларға тапсырма берілді. Қазіргі заманға «Не қымбат?», «Не тәтті?», «Не жақын?»  сынды тіркестермен шешендік сөздерді құрастыруда ұтқырлық танытқан оқушылар болды. Мысалы: Г есімді озат оқушы:

                              Не қымбат?

«Армандаған арман қымбат

Өтіп жатқан уақыт қымбат

Білім берген мектеп қымбат

Өмірдегі бәрінен

Зымыраған ғұмыр қымбат» немесе

                Не тәтті?

«Ызылдаған ара үшін бал тәтті

Ыңылдаған бала үшін сүт тәтті

Өмір сүрген адам үшін жан тәтті

Ал мен үшін бәрінен де ана тілім  тәтті» деген өлең жолдарын өз жанынан шығарып, оқып берді. Оқушы жұмысы мені таңқалдырды. Себебі ол қоршаған ортаға сыни көқараспен қарау арқылы түрлі құбылыстарды байқап, өлең жолдары арқылы жеткізген. Бұндай тапсырмаларды бұрын оқушыларға беруге дайындамайтын едік, сөйтсек  осы проблемалық сұрақтарды ортаға тастасаң, оқушылардың ойлау деңгейі бізден де артып түсетініне  көзім жетті. Алдағы сабақ жоспарларымда осы сынды тапсырмаларды көптеп дайындауым керек деп ойладым. Бұндай тапсырмаларды оқушыларға беру арқылы мұғалім де оқушы да сыни ойлауға үйрене алады.

Ал берілген осы тапсырмаларды орындауда қабілеті жетпей, шығармашылық тапсырмаға дайын емес оқушылар да кездесті. Алайда тапсырманы түрлендіріп беріп, төмен дәрежелі оқушылардың да сыни ойлауын дамытуын жолға қою керек деп ойлаймын. Бұл cұрaқтaрды қою мaқcaтым оқyшылaрдың сыни ойлауын дамыту, өздiгiнен iзденy, өз бетінше жұмыc жacay, тығырыққa тiрелгенде өзiндiк шығy жолдaрын қaрacтырy, ой бөлicy, өзiндiк диaлогтaр жacaй отырып cыни тұрғыдaн ойлayғa бaғыттay болaтын. Кейінгі сабақтарымда да сұрақ қоя отырып, оқушы жауаптарын талдап, саралап көрдім. Мысалы: «Мектебіміз үшін бүгінгі күнгі өзекті мәселе қандай?» деген        тақырыпта ойталқы жүргізген болатынмын. Топ мүшелері өз арасында қызу талқылау жүргізді және ойларын ортаға салып жатты. Топтар мектеп үшін  өзекті мәселе қандай? деген сұраққа қазіргі кездегі мектеп проблемаларын ортаға салды. Сабақ оқу үшін мүмкіндіктердің жоқтығын атап өтті. Мысалы: Б есімді оқушы мектебіміздегі қысты күндері сыныптың температурасының сабақ оқуға мүмкіндік жоқтығын, оқулықтардың жетіспеушілігін, ыстық тамақпен қамтылмауын, пән мұғалімдерінің жетіспеушілігін мектеп проблемасының өзекті мәселелері ретінде қарастырды. Сонымен қатар өзекті мәселелер мен қатар мектебіміз аудан орталығындағы алдыңғы қатардағы мектеп атанып келе жатқандығы қуантарлық жетістік екенін де атап өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.

Кейінгі сабағымда айтыс тақырыбымен танысқан болатынбыз. Сондықтан «Сен ақын болсаң, жырлар тақырыбың қандай болмақ?» деген сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырма берген болатынмын. Бұл тапсырманы рөлдік ойын ретінде қарастыруға да болатын сияқты. Себебі Б мен Қ. есімді оқушылар айтыс үлгісін көрсетпек болып ортаға шықты. Б есімді оқушы айтыстың сәлемдесуден басталатындығын қатерге алғандығы көңілімнен шықты. Бірақ әрі қарай айтысты өрбіте алмады. Бұл тапсырмаға оқушылар дайын болмай шықты. Бұл тапсырмада жауапкершілік танытпаған оқушылармен бірге оқушыларды сыни ойлатуға үйрете  алмағандығым деп түсіндім. Оқушылар айналадағы оқиғалар мен көрініске сыни көзқараспен қарай алмайтындығын ұқтым. Сондықтан әр сабағымды сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтар немесе сыни ойлауға дағдыландыратын дайындап келу керектігін түсіндім.

Сыныптағы қарым- қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара іс- әрекеттестік үлгілері, зерттеушілік әңгіме, диалогтің мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс- әрекетке тартылуымен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттері өрістеуіне және зияткерлік қырларының дамуына ықпал тигізетіндігін көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, Александер, 2001-2008 ж) Сыни тұрғыдан оқыту модулінде сонымен қатар талантты және дарынды балаларды оқыту моделін ықпалдастыруға болады деп ойлаймын. Сабақ процесі кезіндегі оқушы мүмкіндіктеріне қарай ұйымдастырылған тапсырмаларды орындату арқылы оқушы деңгейін анықтауға болады деп ойлаймын. Себебі сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар қойылған сұраққа дәлелдеме іздестіреді, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша және жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады.

Әр тізбектелген сабақтарымда талантты және дарынды балалардың білім сапасына көз жеткіздім. Бұндай оқушылардың мүмкіндіктерін мойындай отырып, кеңейтілген тапсырмалар беру немесе «Конверт сұрақ» әдісі арқылы жоғары дәрежелі сұрақтарды бағыттап отырдым. Сонымен қатар шешендік сөздер, айтыс тақырында ұйымдастырған сабақтарымда интеллект карта, постер жасауды тапсырдым. Жұмыстарды орындау барысында оқушылар тақырып бойынша біледі, мағынаны түсінеді, жан- жақты талдайды, білімдерін жинақтайды, бұрын таныс материал болса, білгенін қолданады, яғни Блумның барлық процесі осы кезде жүзеге асады. Сондықтан шығармашылық жұмыстар бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын, өзіндік көзқарасын, өзіндік пікір, шығармашылық қабілетін қалыптастырамыз. Интеллект карта жасауда бұрын таныс емес әдіс- тәсіл болғандықтан және АКТ мүмкіндігін пайдалану арқылы жасақтайтын болғандықтан оқушылар қызығушылықпен атсалысты. Топтасып, ынтымақтастықта жұмыс жасау кезінде оқушылардың бір- біріне деген қолдауын, топ ішіндегі бірлікті байқадым. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлау арқылы ойларын жүйелеп, нәтижелі жұмыс көрсете білді. Және сол жұмыстарға сай оқушылар өзара «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айта отырып, топ арасында бағалады. Ал соңғы тізбектелген «Біржан- Сара айтысы. Қазіргі заман айтысы» тақырыбында өткен сабағымда оқушылардың жаңа сабақ бойынша немесе өткен тақырыпты пысықтау мақсатында «Серпілген сауал» әдісін пайдаландым. Бір- біріне сұрақ қоя отырып, әр оқушының деңгейін ескере отырып, бір- бірінің жауап берулеріне қарай оқушылар өз- өздерін бағалады. Қабілеті жоғары оқушыларды өз іштерінде саралап, жоғары дәрежелі сұрақ қойған оқушыларда болды. Ал сол қойылған сұрақтарға сыни ойлап, ұтымды жауап айтқан оқушылар да болды. Мысалы: А есімді оқушым «Біржан- Сара айтысы мен қазіргі заман айтысының арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы айтып бере аласыз ба?» деген сұраққа Б есімді оқушым халық ауыз әдебиетінің үлгісіне жатқызатынын, айтыс белгілі бір тақырыпқа сай құрылатындығын, сөз сайысы екендігі, ал айырмашылық жағынан айтыс тақырыптары бұрынғы заманғы әйел теңсіздігі мен қазіргі айтыста қоғамдағы түрлі әлеуметтік- саяси оқиғалар баяндалатындығын айтып өтті. Оқушының жауабына өз басым қанағаттандым. Бұл оқушының сыни ойлау қабілетінің дамып, жан- жақты көзқарастарды қамтитындай өз ойын айта алатын жеке тұлға ретінде қалыптасып келе жатқандығына риза болдым.

       Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда өзін- өзі бағалау және өзара бағалау тиімді әдіс екені сөзсіз. Оқыту үшін бағалау- оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін- өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарды айқындайтын үдеріс. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндіктері бар. Олар өзін және бірін- бірі бағалайды, бұл тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды. Оқушыларға сабақтың қорытынды бөлімінде рефлексия парақтары таратылып берілді. «Бес саусақ», «Блоб ағашы», «Рефлексия парақтары» таратылып берілді. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз білім деңгейлері мен түсінбеген сұрақтары бойынша парақшаларды толтырады. Тізбектелген бірінші сабағымда «Блоб ағашы» рефлексия парағы бойынша оқушылардың жауаптарын шолып шықтым. М есімді оқушы Блоб ағашының ортаңғы бөлігінде екенін, әлі де болса білімді терең игермегенін, тақырып бойынша ізденетіндігін осы сабақ бойынша өз- өзіне сыни көзқараспен қарап, бүгінгі сабақ бойынша деңгейін анықтай алды. Оқушының өз- өзіне қанағаттанатындай баға бере алатыны көңілімнен шықты. Осы сынды оқушылардың жауаптарын сабақ баысында көптеп тыңдадым. Оқушыларды өз бетімен жұмыстандырып, өзін- өзі бағалауға мүмкіндік берсек, өзінің пікірін ашық айтуға тәрбиелесек алдағы уақытта оқушыларымыз сыни ойлауы қалыптасқан, қоғамдағы түрлі жағдаяттарға сыни көзқараспен қарай алатын тұлға қалыптасатыны сөзсіз.

Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мәнмәтіндерді, тұжырымдылық пен әдістер және критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қбылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дғдылрмен қоса мұғлімдер:

·  Білім беру бағдарламасы мен оқыту үдерісін түсіну үшін қажетті теориялық базаны ;

·  Қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың тиісті әдістері мен технологияларын дамыту керек.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша және жзбаша көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 54 бет)

           Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

          Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

- сенімділікпен жұмыс жасау;

- бар ынтасымен оқуға берілу;

- пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

- өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

- мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

- осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

- осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

- маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

         Еліміз өркениеттілікке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз мына сөздер оралады: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлай білуге үйрету» (Эдисон)

           Қазір Сын тұрғысынан ойлау сабақ-тарында оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, ойлауға үйренуді өзіміз де үйрене бастадық. Сын тұрғысынан ойлау жобасымен бір жыл көлемінде ғана жұмыс істегеннің өзінде біраз жетістіктерге қол жете бастады. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе, елес құшағында, торлы талқылау, раундробинг, РАФТ, INSERT, болжау, қолжазба күнделігі, еркін жазу, кубик, дөңгелек үстел, қолжазба, кержез, дәлелді эссе сияқты стратегиялардың берері көп.

Бұл модуль бойынша өткізілген сабақтар оқушылардың білімге деген қызығушылық қабілеттерін арттырып , шығармашыл , ізденгіш , біреудің пікірін сыйлай білетін, ұтымды пікір айта алатын, ұжымшыл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

         Жалпы оқу процесі барысында ұққаным, оқушыларға әрқашан, үнемі сабақ барысында кеңейтілген тапсырмалар, сыни ойлауын дамытатындай жоғары дәрежелі сұрақтарды үздіксіз беріп отыруымыз керек екендігін ұқтым. «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» деген тұжырымда айтылғандай, мұғалім өзіндік ойлау қабілетін қалыптастырып алған жағдайда ғана жаңашыл идеялар мен тың бастамалардың жаршысы бола алады. Оқушылар әрқашан жаңалыққа бейім болып келеді, сондықтан сыни ойлауын дамытуға жол ашылып, ақпараттарды талдап, саралап, салыстыра жүріп проблемаларды шынай шешуге тырысады. Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін  арттыру курстарының  бағдарламасы.  Мұғалімге арналған нұсқаулық.

          Үшінші базалық  деңгей.  Үшінші басылым.

         «Назарбаев Зияткерлік мектебі»  ДББҰ, 2012

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».                                                                                                                                                   "

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.11.2016 1885
    • DOCX 66.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна
    Сыдихова Аяжан Жаксыгалиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10933
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 365 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 286 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек