Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыДокумент на тему "Ата ана мен жумыс"

Документ на тему "Ата ана мен жумыс"

Скачать материал

 

 

                 

Баяндамалар

 

Бала оқуына ата-аналар басшылығы

 

      Балаңыз мектепке барам деп қуанғалы қашан...Міне, арманына да жетті, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.Оның балалық ермектеріне енді тіршіліктің жаңа қамы қосылды.Үй тапсырмасын орындауы керек, ертеңгі сабақтарға қажет оқулық, дәптер, жазу құралдарын әзірлеп, портфеліне салып қоюы керек.Оның алғашқы үй тапсырмалары, әрине, онша қиын емес.Ең алдымен үйде шәкірттің тұрақты жұмыс орны, жинақы столы, бойына шақ орындығы болуы керек, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс.Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу столына жақын сөреде болғаны жөн.Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз столының маңындағы көрнекі жерге  таблицалар, сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыш әзірленген дұрыс.

       Бала мектептен шаршап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.Екінші  маусымда да оқитындарға да ұйқы, ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады.

       Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде, оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн.

        Бала оқу еңбегіне әбден дайындалғанша ерінбей-жалықпай, ұрсып-зекімей, шыдамдылықпен күн сайын сабағын түсіндіріп оқуына көмектесу оның бірте-бірте өз міндеттеріне айналып, өзін соған қалыптастыруына мүмкіндік береді.Бала өзіне парасаттылықпен қарағанды ұнатады.Оған көмекті кеңес, ұсыныс түрінде берсе, жекіріп, бұйырудан әлдеқайда өтімді болмақ..«Баланы бастан»  деген халық ғибраты айтқандай, бастауыш сыныпта берік қаланған дағды,машық өз жемісін берері хақ.

    Жас баланы оқу еңбегіне дағдыландыру үшін оның оқу столының алдына мынадай ереже талаптарын жазып, іліп қою да артық емес.

1.                  Сабағынды күнде бір мезгілде ғана дайында.

2.                  Бөлмеңді желдетіп ал.

3.                  Теледидар, копьютор, ұялы телефоныңды ағытып қой.

4.                  Ертең қандай сабақтар болатынын анықтап, үй тапсырмасын күнделігіңе жаздың ба?

5.                  Алдымен оқитын оқулығыңды, дәптер, қаламсабыңды т.б. ал да, жазу столының сол жағына реттеп қой.

6.                  Енді стол үстіндегі артық заттардың, нәрселердің бәрін ал да, тиісті орнына қой.

7.                  Сабағыңа кіріс. Түзу отырып, оқулығыңды аш...

       Кейбір ата-аналар үй тапсырмаларын алдымен басқа қағазға, содан кейін ғана арнайы дәптерлеріне жаздырады.Бұл мүлде дұрыс емес.Ондай екі жұмыс баланы жалықтырып, шаршатып жібереді.

       Әрбір тапсырманы орындап болғаннан кейін бала 10-15 минут жазып, сергуі керек, бөгде бір іспен айналасуына да болады.Баланың тапжылмай, қимылсыз ұзақ уақыт отырып алуы денсаулығына зиян келтіреді.

      Мектеп практикасынан көріп жүргеніміздей, кейбір оқушылар бір немесе бірнеше пәндерден нашар үлгереді.Содан барып мұғалім алдында жалтақ, құрбылары алдында жасқаншаққа айналып, өзімен-өзі бөліктенуі ұшырасады.Бала бойындағы мұндай өзгерісті ата-аналар тез сезеді.Мұндайда балаға нақты және жүйелі көмек беру үшін істі оған қай пән, нендей тақырып қиынға түсетінін анықтап алудан бастаған жөн.Дереу мектеппен байланыс жасап, сынып журналымен танысып, баласының әлгіндей күйге түсуінің себептерін анықтауға болады.Ата-ана өз тарапынан не істеу керек екенін соған қарап шешуі тиіс.Сонда ғана олардың көмегінен күткен нәтиже шығып, баласының өзі тап болған қиыншылықты жеңіп, оқуға талпынуына игі ықпал ете алады.

      Дегенмен, көмектің де көмегі бар.Мектептен әрі шаршап, әрі көңілсіз келген баланы тамағын ішер-ішпестен желкелеп сабақ оқытып, отырғызып қоюдан келер пайда аз.Оны алдымен асықпай тамақтандырып, тынықтырып алу дұрыс.Қай пәннен болса да мұғалімнің кеңесі бойынша белгілі бір тақырыпты байыппен талдап, тиісті үзілістер жасай отырып, аспай-саспай түсіндіріп, оқушының сергек көңіл күйін сақтауды құнттау қажет.

Мысалы,оқушы математикадан  көбірек көмектесуге мұқтаж делік.

Мұндай жағдайда баланың шамасы жететін, бірақ өздігінен ойлануды керек ететін есептер шығарып үйретіңіз. Мысалы, мындай есеп беріп көріңіз: 2 кг конфет 6 теңге тұрады. Анаң барлық конфет үшін қанша ақша төледі? Бұл есептің жауабын табу үшін анасының  қанша конфет алғандығын білу қажет екенін тапса, оқушының ойлағандығы белгілі болмақ.

   Кейде баланың сабаққа үлгермеуі оның өз күшіне сенбеуіне, күдіктенуден, күдер үзуден де болады. Бірнеше рет қиын пәнді меңгере алмай, беті қайтқан бала қабілетінен айрылғандай болады, ондайда зекіп, ренжітпеуге тырысу керек.Қайта оны жігерлендіріп, рухын көтерерлік қамқорлық қажет.Жеңіл тапсырмалар орындатып, қысқа мәтін оқытып, ол үшін мадақтап, көтермелеп отырған жөн, бұл жас шәкірттің көңілін көтеріп, өз күшіне сенім нығайта бермек.Осылайша оқушы баланың біртіндеп жақсы үлгеретіндер қатарына қосылып кетуі оның әрі қарай талпына, талаптарына түсуіне негіз болады.

     Біз бүгін алғаш мектеп табалдырығын аттаған кішкентай шәкірттің бойында оқу дағдысын қалай қалыптастырудың қарапайым амалдары туралы ғана әңгімеледік.Өмірде әрбір отбасының өзіне ғана тән жағдай бар, араласатын ортасына қарай қалыптасқан дәстүрлері бар, үй тұрмысында орныққан әдет-салты бар.

   Бірақ баланың оқуға ынта-ықыласын қалыптастыруға күнде көңіл бөліп отыру, тиісті уақытта тапсырма орындап, сабақ пысықтауға отырғызып, оның нәтижесін қадағалау, күн режимін орындауды баланың дағдысына айналдыру-баласы мектеп табалдырығын аттаған барлық ата-ананың ортақ міндеті.

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі : Аяпбергенова А.Б.

 

 

 

Отбасында баланың рухани-адамгершілік сезімдерін дамытудағы ата-ананың беделі.

 

   Отбасы-адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады,оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.

   Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты,сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс.Отбасы-ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.Отбасында баланың тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген

жағдайлар болады.Мәселен,отбасы мүшелерінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді.

  Отбасында балалардың мүмкіндіктерін барынша дамытып,оны өмірде қолдана білуге,еңбек етуге,еңбектің қандай түрін болса да атқаруға психологиялық тұрғыдан даяр болуға,шығармашылық әрекетке даярлыққа,әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет.Жеке бастың пайдасы мен ұжымдық пайданың үйлесімділігін табуға,іскерлікке,ізгілікке,өздігінен ізденуге,өзін-өзі

жетілдіруге тәрбиелеудің мәні зор.

  «Баланың құқы жөніндегі конвенцияда» (1989) отбасында баланың құқын қорғау,оған қамқорлық жасау көрсетілген.Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық

қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың,отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын-

дағы мейірімділік пен махаббат қажет. Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана,Отанын,елін-жерін сүйетін,өз ұлтының салт-дәстүрін, соны- мен бірге жалпы адамзаттың мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп,өзінің кісі- лік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады.Бала отбасынан жақсыны да,жаманды да бойына сіңіреді.Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.

  Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады:

  -ынтымақтастық қарым-қатынас,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;

  -ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;

  -жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып,өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

  -жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып,өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

  -бәсекелестік,барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

  -түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

  Қазақ халқы баланы дүниедегі барлық асылдан жоғары бағалаған,болашағына,

Арманына балаған.Сондықтан да халқымыз: «Балалы үй-базар,баласыз үй-мазар», «Босағасын алтыннан соқсаң даперзентсүймей,адамның мейірі қанбас», 

«Ақыл-тойға келген қыз емес пе,байлық-қолға ұстаған мұз емес пе»,-деп барлық

асыл сөздерін арнаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Отбасы, мектеп, жұртшылық»

Тақырыптың жоспары:

1. Мектеп - тәрбие жұмысының орталығы.

2. Отбасы - бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланы дұрыс тәрбиелеу шарттары.

3.  Мектеп пен отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығы.

1. Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие алатын орны ерекше.

2. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру.

Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді.

Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке  мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.

Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.

Отбасында күн тәртібінің негізгі қүрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:

•  отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

•  тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

•  отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы  мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

•  ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.

•  қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.

• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.

Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.

Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, әлеуметтік жағдайының нашарлығы.

Ата-ана — бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Олар баланың жандүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшелікті жете білгені жөн. Отбасының жылылығы мен ынтымағын, бірлігі мен тыныштығын, қамқорлыққа, мейірімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып, сақтап отыруы керек.

Балалармен әңгімелескенде баланың пікірімен үлкен адамдай санасып, сөзіне көңіл қойып тыңдап, түсіне білген әрі әділ, шыншыл болған ата-ана баланың нағыз сырлас досына, үлгі алар өнегесіне айналады. Ата-ана бала дүниеге келгеннен бастап тазалық пен әдептілікке, айналасындағы заттарға дұрыс қарым-қатынасқа қалыптастырады, күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, кездескен қиындықты жеңуге қол ұшын беріп, еңбекке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа тәрбиелейді. Алайда, кейбір ата-аналар өз баласының тәртіпсіздігіне мән бермейді, жауапкершілікке тәрбиелемейді, есейген соң ақылы кірер деп еркінсітеді. Мүғалімдер айтқан сынға немқұрайды қарайтын ата-аналар қаншама.

Қазақ халқының ежелден келе жатқан өнеге – тәлімін де, салт-дәстүрін де, жастарды еңбекке баулу ерекше орын алады.Еңбекқор әкелер мен аталардың балалары да нәтижелі еңбек етіп жүргені елге мөлім.Сол орайда мектебімізде өткізілген сұхбаттарда ата-аналармен пікір алысқанда, әр отбасында балаларды еңбекке баулудың түрліше екеніне көзіміз жетті. Бұл орайда айтқым келетіні, балаға тапсырған жүмыс өзіне шақ болу керек, өйткені, қолынан келмесе де істеймін деп тырысқанмен, ауыр еңбек баланы жалықтырады,  қажытады.

Тәрбие жүйесіндегі тағы бір тиімді көрсеткіштердің бірі – баланың адамгершілігінің дамуы, оның рухани дүниесіндегі елеулі өзгерістер. Олар ба-лалардың кәдімгі және күрделі жағдайлардағы адамгершілік   мінез-құ-лықтарының тұрақты болуынан, ересектерді сырттай бақылауынан, салыстырмалы түрде тәуелсіз болуынан, өз қылықтарының салдарын болжай білуден, іштей бақылау сезімінің оянуынан және өзін адамгершілік қасиеттердің иесі ретінде сезінуінен көрінеді. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі – тәрбие жүйесінің нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі белгісі.

“Баланы жастан” деген сөз бар. Бала ақыл-есі толып, оңы мен солын ажыратқанша естігені мен көргеніне еліктегіш келеді. Жақсылық та, жаманшылық та тез жұғады.

Өмір сүрген ортасындағы залалды әрекеттерден сақтану үшін, әрине, әуелі ата-ана, отбасы тәрбиесі шешуші рөл атқарады. Баланың жүрегіне адамгершілік рухты – ар, ұят, қанағат, рақым, мейір, шапағат, қайсарлық, қайрат, жігер, еңбекқорлық, талап, талғамды ұялата отырып қалыптастыру үшін ата-ана өзін үлгі ретінде ұстау керек.Өйткені, ата-ана – отбасындағы жетекші тұлға. Отбасы мүшелерінің бүкіл тағдыры, болашағы, өмірде татар несібесі мен алар еншісінің үлес салмағы ата мен ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты құралады. Ата-ананың тіршілігіндегі көрген қызық, білген жақсылығының ең бағалысы, аса қымбаттысы – перзент. Халқымыздың “Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата-анаға бала қадірлі” деген аталы сөзі тегін айтылмаса керек. Баланың да мерейі – әке мен ана. Әке -отбасының қорғаны, қамқоршысы. Әкенің аялы алақаны, ыстық мейірімі, жылы жүрегі баланы барынша бақытқа бөлейді. Оның асыл бейнесі асқар таудай биік көрініп, көңіліне медет, ісіне бағдар сілтер тірек болып, әкеге тартуды, әкеге ұқсауды әр бала өзіне нысана ғып белгілейді. Әке – асауды ауыздықтайтын, тентекті жөнге салатын, елдікті сақтайтын, ерлікті жақтайтын, шаңырақты шаттыққа толтыратын тұлға. Ал ана тәрбиесі – кешенді тәрбие жинақталған аса тағылымды мектеп болуы керек.Сондай –ақ, отбасындағы  баланың   үлкенін  кішісіне қамқоршы, ақылшы ғып баулу керек. Ағаға қарап іні  өсер,   апаға  қарап сіңлі өсер деп бекер айтылмаған.   “Туа  жаман жоқ,  жүре  жаман  бар” деп халқымыздың даналары айтқандай, баланы есті,  саналы,  сергек етіп төрбиелеу отбасы мен мектептің бірлесіп істеген жұмыстарына байланысты.Әдет пен әдепке үйрену үй ішінде тамыр алады. Баланың мінез-құлық өзгерістеріне жауапсыз қарауға болмайды. Кездесе қалған оғаш көріністі қалт жібермеу керек. Соның анығына жетпей балаға кешірім жасай салу жарға жыққанмен бірдей. Сүрінген балаға ата-аналар, ұстаздар, бүкіл ел болып дер кезінде қол ұшын бермесе, ертеңіміз не болмақ?

Ұрпақ тағдыры — ел тағдыры екенін есте сақтай білейік.Сол үшін бала төрбиесінде мектеп, ата-ана, мұғалім — тұтас ұжым болып қалыптасса кез келген тұлға адамгершілігі мол, жан –жақты дамыған өз елінің нағыз патроиот азаматы болып өсері хаһ. Алайда, ондай әрекетті мектеппен байланыстыру мақсатында бала тәрбиесіне ата-ананы тарту үшін тоқсанына бір рет өтікізілетін сыныпаралық және жалпы мектепішілік жиналыстар аздық етеді. Сондықтан, әрбір тұлғаның жеке басын қалыптастыру үшін түрлі ұйымдар құрылып, сол ұйымдарға ата-аналарды басшылыққа алып жұмыстар жүргізілсе үлкен, тәжірибелі ата-аналарымыз жас отбасы ата-аналарымызға білгендерімен көргендерін айтып үйретсе, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз жайлы  жан-жақты біліп  ата-аналармен бірлесіп жұмыстар жүргізуімізге бірден-бір жол болар еді. Ол үшін ата-аналармен түрлі тақырыптарда: «Біз балаларымыздың досы кім екенін білеміз бе?», «Баланың физиологиялық есеюі», «Ата-аналардың азаматтық борышы» және «Балаларымыз кімді үлгі тұтады атты тақырыптарда бұрыштар ұйымдастырып, сауалнамалар жүргізіп, дөңгелек үстел басында сұхбаттасып, медбике, психолог мамандармен байланысып, пікір алысып отыруына ықпал етсек баланың дұрыс қалыптасуына өзіндік жол ашар едік.

Себебі, бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел тұтқасын ұстар азамат.

 

 

 

 

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі

Тәрбие отбасынан басталады, сондықтан бала тәрбиесін дұрыс жолға қоюды қалыптастыру ең маңызды іс екенін әрбір ата-ана біліп қана қоймай, шынайы еңбек ету керек.
Отбасы – баланың өмір тәжірибесін жинақтайтын қайнар бұлақтың бастауы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап сол ортаның бар-жоғына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетіп, өз отбасын құрады. Әр заманның ақыл-парасат алыптары өз заманында отбасы, ұрпақ тәрбиесі туралы келелі ой түйіндерін жеткізген. Қорқыт атаның мақалдары отбасындағы әрбір жанның келбетін толғайды:


Тізесін бүгіп отырған әйел көрікті;
Самай шашы ағарған баба көрікті;
Ақ сүтіне тойғыза емізген ана көрікті;
Жанашыр ағайын-туған көрікті;
Үлкен шаңырақ үйдің жанына тігілген келіннің отау үйі көрікті;
Өнегелі бала көрікті.
«Отбасы» деген терминнің өзіндік мағынасы бар. Бұлай дейін себебіміз, адам тіршілік процесінде қажеттілігіне байланысты от жақты, үй салды, жұптасып отбасын құрды, ұрпақ сүйіп, өмірін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырды. Демек, отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Сондықтан соңғы кезде жарық көрген күрделі еңбектердің мазмұнынан «отбасы» деген термин орын алған. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Өйткені баланың туған кезінен бастап, есейгенге дейінгі уақыт аралығында өміріне арқау болатын тәлім-тәрбие отбасы мүшелері арқылы беріледі. Олар баланы ата-бабаның өміріндегі еңбек және қоғамдық іс-әрекеттің барысында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінен өнеге алып, оны құрметтеуге, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым-қатынас жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған. Отбасы тәрбиесі туралы орыстың педагогы А.С.Макаренко: «Әрбір отбасы сырттан алынған даяр рецептілерді пайдаланбай, әрдайым өмір мен адамгершіліктің жалпы принциптік системасын пайдаланып, көптеген педагогикалық мәселені өзі шешуі керек», - дейді.

Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Балаға бар жақсы қасиеттерді, яғни қазаққа тән қасиетті бойына сіңіріп, дарыта білу ата-ананың тікелей міндеті. Себебі сол саналылықтың барлық сипаты сәбидің өмірге келген күнінен бастап сол отбасында бойына сіңеді. Кейін балабақша, мектеп, қоршаған орта және қоғамда болып жатқан әртүрлі жағдайлардың әсерімен қалыптасады. Жалпы, біздің қазақ халқындағы бала тәрбиесіне жете көңіл бөлінген. Баланы есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының парызы. Өйткені, «Ес түзелмей, ел түзелмейді», еліміздің болашағы отбасында бесіктен басталып, оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек.

Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процесін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Ал мұндай мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие мынадай міндеттерді шешуі тиіс:


Отбасында баланың денсаулығына қамқорлық жасау, тазалыққа үйрету;
Еңбекке деген сүйіспеншілігін баулу;Отбасы мүшелерімен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету;Үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу;Адамгершілікке, әдептілікке, инабатты болуға тәрбиелеу;
«Тәрбие тал бесіктен» дегендей бұл мақсаттардың барлығын жүзеге асыру үшін бала дүниеге келгеннен отбасында, қоршаған ортамен, қоғамда, мектепте тәлім-тәрбие бәріліп, іске асады.
«Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеден ақыл, анадан мейір» дегендей балаға ата-анадан артық жақын ешкім жоқ. Әрбір ата-ана баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды, оның қоғамда өз орнын тауып, өмір сүруін қалайды. Бірақ кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне үстіртін қарап, балабақша немесе мектепке бердім, солар тәрбиелесін деп өздерінен міндетті алып, білім мекемелеріне арта салатыны да бар. Осындай жағдайдан кейін ата-аналардың бала тәрбиесіндегі атқаратын қызметі не болмақ?
Бұл жағдайлардың алдын алу үшін мектептегі сынып жетекшісі, мұғалімі ата-аналармен біріге отырып жұмыс істеу қажет. Сынып жетекшісі ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, ата-аналар сайысы, ата-аналармен біріккен спорттық жарыстар, салт-дәстүрге қатысты сайыстар т.б. ұйымдастыру қажет.
Мысалы, ата-анасымен бірге оқушыны, ұстазын қатыстыра отырып «Ұстаз – бағбан, ақылшы – ана, бала – болашақ» деген тақырыптағы интеллектуалдық сайысын өткіздім. Бұл сайысты өткізудегі мақсатым ұстаз, ата-ана, оқушылар арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты дамыту. Оқушы қыз балалардың бойында ата-анаға және ұстазына деген құрметін арттыру.

Ата-ана мен мектептегі сынып жетекшісі бірігіп жұмыс істеп, тығыз қарым-қатынаста болуы өте жақсы нәтиже беретіндігіне сенімім мол деп айтуға болады.
Отбасы – тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан «Азамат қалыптастырамын десең бесігіңді түзе» деп, ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған.
Отбасындағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім, дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасатты тұлға дайындау – отбасы міндеті.Сонымен қатар бала тәрбиесінде отбасы ішіндегі кикілжің, ата-анасының ажырасуы да бала тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Үйлену, дүниеге ұрпақ әкелу, оны ішіп-жеммен, киіммен қамтамасыз ету, оқыту, балиғатқа жеткен соң үйлендіріп, тойын жасап беру, оның болашағына, бақытты ғұмырына жағдай жасау ата-ананың парызы, табиғаттың жазылмас заңдылығы болып табылады. Ажырасу балаға тәрбие берудегі қиындыққа да байланысты болады. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей ажырасқан жанұяда бала тәрбиелеу күрделірек. Басбұзар бала тәрбие бере алмаған отбасынан шығады. Кейбір балалар анасының, не әкесінің жайын түсініп өседі. Оған керісінше көмектесуге, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысады. Отбасындағы көңіл-күй бала санасына, тәрбиесіне әсер етеді. Ата-анасының екі айырылысуы баланың жанын жаралайды. Балада бар әлемге жеккөрушілік сезімі пайда болады. Ата-анасы өзін жақсы көрмейді деп ойлайды. Сондықтан мұндай балалар көбіне қатыгез болып шығады және мұның салдарынан психикалық денсаулығына қолайсыз кері әсер етеді. Ондайда олар ашуланшақ, күйгелек болып кетеді. Сондықтан балаға, оның тәрбиесіне салғырт қарамай, түсінушілік танытып, қолдау көрсету қажет.Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабына жастарды саналы, әдепті етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйеніп, ұлттық дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды, дінімізді, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті. Сондықтан бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше. Бала тәрбиесіне әрбір ата-ана жауапкершілікпен қарап, барлық қазақи қасиетті болмысын бойына дарыта білсе нұр үстіне нұр болар еді.

                            №2 Аманқарағай орта мектебі

 

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың атқаратын рөлі

 

                               (Баяндама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                       Дайындаған: Аяпбергенова А.Б

 

 

                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Документ на тему "Ата ана мен жумыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 064 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2015 1802
    • DOCX 896.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аяпбергенова Алмагуль Бахитжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49963
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 354 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек