Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ертеңгілік "Қош сүйікті Әліппем!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ертеңгілік "Қош сүйікті Әліппем!"

библиотека
материалов

Ертеңгілік. Қош сүйікті Әліппем

Сабақтың мақсаты. Оқушылардың әліппеге деген сүйішпеншілігін арттыру, оқушылардың білімін тиянақтау. Сөзік қорын байыту, ойлау қабілеттерін жетілдіру .

2.Туған жерді , Отанды сүюге, адамгершілікке , әдептілікке үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

3.Мәтінді түсініп оқуға , оз сөздерімен айтуларын дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері. Шарлар ,әліппе оқулығының макеті. Оқу –білім туралы жазылған өсиет сөздер . Сандар.

Сабақтың барысы.

Мұғалім.Құрметті ата-аналар , ұстаздар , оқушылар.

Бүгін 1-сынып оқушылары қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін, 4 ай ішінде меңгерген ,үйренген білімдерін көрсетіп сүйікті оқулықтары әліппемен қоштаспақшы . Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы.

  • Ең алғашқы қолға алып оқыған оқулықтарың қалай аталады.

  • Әліппе

  • Олай болса, әліппені ортаға шақырайық

  • Келіңіз әліппем .

Әліппе. Менің атым әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Бауыржан да,Мәлік те

Жанель. Әліппе. М. Мақатаев

Бар кітапқа бас болған ,

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған ,

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау класың

Осында 10 жыл тұрасың,

Тарыдай болып кіресің ,

Таудай болып шығасың.

Асылжан . Анам менен әкем де ,

Атам менен апам да.

Шопан, ұшқыш,ғалым да

Небір мықты дарын да

Ашқан алғаш Әліппе.

Жанель . Алфавитті біліңдер

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде

42 әріп бар.

Асылжан.

Ата –ананың тілегі

Адам болып өскенің

Адамдықтың тірегі.

Адам болып өскенің.

Арман.

Әлияны тербетіп,

Әжесі отыр әндетіп,

Әлди- әлди, әлди ай

Әйбатсың-ау,Әлия-ай

Әзір титтей сәбисің

Әжеңді әзір танисың

Әлі- ақ тәй- тәй жүресің

Әр нәрсені білесің

Ақсұнқар.

Бал бұтақтың басында,

Бір бәйтерек басында

Бұлан, бұғы келіпті

Бір-біріне кезікті.

Жанель.

Есті бала ер жетіп

Елдің қамын ойлаған

Ессіз бала кер кетіп

Есерлігін қоймаған.

Ырысбек.

Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасымнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Нан қиқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспандар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

Аружан

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз

Шаршы топ алдында,

Шығарып мақтаймыз.

Нұрлыбай.

Отан-менің ата- анам,

Отан-досым бауырым

Отан –өлкем астанам,

Отан-туған ауылым

Ақбота.

Келді көктем көңілді,

Көкпен бояп өңірді

Көкжиектен кешкілік,

Кемпірқосақ көрінді

Ақсұнқар.

Бақшаға біз барамыз,

Қарбыз үзіп аламыз

Жаз қызығы керемет,

Түнде асыр саламыз.

Нұрдаулет.

Балалардан именіп,

Ұшады екен инелік

Еркін сайран салсын деп,

Инелікке тимелік.

Мейірлан.

Щетка,щетка,шеткалар,

Неше түрлі щетка бар

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

Мұғалім. Әліппе оқулығының әр сабағында жақсы сөздермен таныстық. Сыпайылық сөздер әдептілікке , кішіпейілдікке үйретеді. Осы бала кезден әдепті болып өссеңдер , есейгенде ата-ананың , өз отанының , ұстазыңның мақтанышы боласың.

Әдептілік әлемі Ақбота.

Сыйлап үлкен ағаны

Сәлем берген баланы

Кім дейміз.

Бәрі әдепті екен бұл дейміз.

Нұрдаулет.

Кітап ,дәптер, қаламы,

Бір шалмаған баланы

Кім дейміз.

Бәрі ұқыпты екен бұл дейміз.

Арман .

Таудан биік талабы

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз

Бәрі үлгілі екен бұл дейміз.

Асылжан .

Бұғынбаса қорғалап

Үлкенге болар колғанат

Кім дейміз.

Бәрі шыншыл екен бұл дейміз.

Мейірлан.

Өтірік сөз айтпаса

Уәдесінен кайтпаса

Кім дейміз.

Бәрі шынщыл екен бұл дейміз

Ақсұңқар.

Асықпай іш тамақты

Жалама ыдыс табақты

Нұрлыбай

Саусағыңды салма

Салдыр- салақ болма.

Ырысбек

Қарсы ал ерте күн көзін

Төсегіңді жина өзің

Мейірлан

Салма аузыңа инені

Үзбе жұлып түймені

Аружан

Сыйлап үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал кішіні.

Ақбота

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді.

Мұғалім. Қазақтың тәрбие құралының бірі тыйым сөздер.

Ақты төкпе. Бос бесікті тербетпе.

Үйге жүгіріп кірме .Малды басынан ұрма.

Мұғалім.

-Әліппе оқулығымен қатар қандай пәнді оқыдық.
- Математика.

- Математика сабағынан не үйрендік.

Хор Есеп сабағы.
Нұрдаулет.

Мені білгің келсе

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастар

Ең басында тұрмын.

Жанель

1-ден кейін тұрамын

1-ден кейін тұрағым

1-ге 1-ді қосқанда

Мен шығамын шырағым.

Арман

Екі ден соң әрқашан

3 саны мен тұрамын

Орныма барамын

Екі айшық саламын.

Ақсұнқар.

Үш сызықтан таяғым

Оқушылар қояды

Төрт дегенің баяғы

Төрт түлкінің аяғы.

Ырысбек.

Төрттен кейін 5-ті

Білу оңай десті

Санашы 1қолыңның саусағын

Оңай табасың десті.

Нұрлыбай

Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын

Басым бірден басталып

Нөлмен бітер аяғым.

Мейірлан

Қара мына қызықты.

Кесеуді кім ұмытты

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортамнан сызықты.

Аружан

Менің атым сегіз

7-ден соң деңіз

Жазылғанда қос дөнгелек

Мен боламын сегіз.

Ақбота.

Сегізден кейін тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда мен боламын тоғыз.

Асылжан

Әліппеде о ға ұқсаймын

Санда нөлге ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ

Бірді алдыма ұстаймын.

Санамақтарға сөз берейік

Нұрдаулет.

1-дегенім білім

Білім жарық күнің

2-дегенің еңбек

Еңбек бәрін женбек

3-дегенім үміт

Үміт артар жігіт

4- дегенім талап

Талмайтын қанат.

5-дегені бірлік

Бірліксіз жоқ тірлік

6-дегенім арман

Атар таңым алдан

7-дегенім жігер

Жеңер жолын білер

8-дегенім сенім

Сүйенішің сенің

9-денім талғам

Тура жолға салған

10-дегенім отан

Отанды сүй, ботам.

Ақсұнқар

1-дегенім бесік

Шықтым содан өсіп

2-дегенім елім

Далам, тауым, көгім

3-дегенім үміт

Үміт артар жігіт

4- дегенім төзім

Төзе білім өзім

5-дегенім бақыт

Бағалайтын уақыт .

6-дегенім ақыл

Тыңдағаның мақұл

7-дегенім жалау

Жүректегі алау

8-дегенім сөзің

Серт беретін кезің

9- дегенім тоқтау

Елдің жолын жоқтау.

10- дегенім отан

Отанды сүй, ботам

Математикалық жұмбақ есеп

Табақта 3 алма қолымда екі алма

Қосқанда барлығы болады неше алма.

Шығармақ боп кеше есеп

Жиналды бес есек

Үшеу ұйықтап отырды

Ынталысы неше есек.

Қолымда 7 алма

Біреуі атама

Біреуі апама

Нешеуі қалады.

Ойын . Кім жылдам

Мысалдар шығару.

Әліппе. Оқушылар мені оқып тауыстыңдар,әріптерді жақсы меңгердіндер енді ана тілін ортаға шақырамын .

Ана тілі . Балалар әліппеден көп нәрсе үйреніпсіндер енді мені де жақсы оқындар мен сендерге көп ертегі әнгімелер арнаймын , сауатты жазуға үйретемін әліппе досымызға не айтамыз .

Қыздар . Балаларға ақ тілек

Ұлдар . Болашаққа бақ тілеп .

Бәрі . Бізге білім үйреткен

Әліппе, саған рахмет.

Ән . Көңілді ән. Асылжан

Гүлжазира Қазақстан. Жанель

Би . Жастар биі.-ұлдар .

Қамажай биі- қыздар.

Ән. Жарқын жүзді ұстазым- ұлдар

Би. Қуыршақ биі- қыздар

Хор. Менің Қазақстаным

Ертеңгілікті аяқтау.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 15.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров94
Номер материала ДВ-343551
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх