Инфоурок Логопедия, Дефектология Другие методич. материалы"Фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығы бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын мен ойын тәсілдерін қолдану"

"Фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығы бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын мен ойын тәсілдерін қолдану"

Скачать материал

 

Фонетикалық-фонематикалық  дамымаушылығы  бар  балалардың

сөйлеу тілін  дамытуда ойын мен ойын тәсілдерін қолдану.

Дусаева Камчат Каиргалиевна, Қобда ауданындағы ППТК-ң мұғалім- логопеді

       Фонематикалық қабылдау  қабілетінің қысқаша сипаттамасы және анықтамасы.Сөйлеу қабілеті сөйлеу жүйесінің басты афферентті бөлімі болып есептеледі. Сөздік және сөздік емес қабілеттер өз бетінше жұмыс жасайтын қабілет жүйесінің формасын ұсынады.

      Сөйлеу тілі құрылымының негізгі бөліктері, дыбыстар, сөздіктер және грамматикалық құрылысы болады.

Сөйлеу  қабілеті  өмір  сүрудің  барысында  қалыптасады  және  осы  қоршаған  ортаның заңдары бойынша құрылады.

Сөйлеу  тілінің  фонетикалық-фонематикалық  дамымауы.

Сөйлеу  тілінің  фонетикалық-фонематикалық дамымауы-бұл сөйлеу жүйесіндегі дыбыс айту үрдістерінің қалыптасуындағы бұзылыс, ол әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар балаларда дыбыс айту мен қабылдаудың бұзылу салдарынан болады.

 Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы ауытқушылықтардың барлық түрі екі  категорияда  біріктіріледі-фонетикалық және фонематикалық  (фонологиялық)  бұзылыстар.

Сөйлеу  тілінің  фонетикалық  бұзылысы  моторлы  механизмдермен,  ал  фонологиялық-сөздің дыбыстық қатарының тілдік бағдарлану операцияларының толық болмауымен байланысты деп саналады.  Сөйлеу  тілінің  дыбыстық  қатарының  қалыптасуындағы  бұзылыстарға  себепші механизмдердің 7 түрін қарастыру қабылданған:

1. Артикуляциялық мүшелердің бұзылысы (неврологиялық механизм);

2. Артикуляциялық праксистің қалыптаспағандығы;

3. Сенсорлы (перцептивті) бұзылыстар (көбіне есту);

4. Аралас сенсомоторлы механизмдер;

5 .Артикуляциялық мүшелер мен тісжақ аппаратының анатомиялық аномалиясы;

6. Функциональды бұзылыстар;

7. Ақыл-ой дамымаушылығы;

Фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығы бар  балаларды түзете оқыту жүйесі мектеп жағдайындағы логопедиялық пункттерде жұмыстағы негізгі бағыттардың бірлігі қарастырылады: жоқ немесе дұрыс айтылмайтын дыбыстарды қою, қойылған дыбыстарды сөзде қолдану және сөздің дыбыстық құрамын талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.

     Дыбыс айту мен фонематикалық қабылдаудың қарастырылған ерекшеліктермен қатар,фонетикалық–фонематикалық  дамымаушылығы  бар  балаларда  сөздің  түсініктілігі  мен айқындылығының дамымаушылығы байқалады.

Фонематикалық  қабылдауды  қалыптастыру  бойынша жұмыс  ең  алдымен  сөздік  емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Арнайы ойындар мен жаттығулар үрдісінде балаларда сөздік емес дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттілігі дамиды.

Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды,  кейінірек-буындарды  және  қазақ  тілінің  фонемаларын    ажыратуды  үйренеді.

    Жұмыстың соңғы кезеңінің міндеті балаларды қарапайым дыбыстық талдаудың қалыптасуы-сөздегі  буындардың  санын  анықтай  білуі,  екпінді  буынды  бөлу,  дауысты  және  дауыссыз дыбыстарға талдау жасау болып табылады.

Фонематикалық  дамымаушылығы  бар  балалар  тек  дыбыстарды  ажыратқанда  ғана қиналмайды, сондай-ақ  сөздің  дыбыстық  құрамының  анализдерімен  бірге  сауат  ашуды қиындықпен үйренеді. Сөйлеуінде бұзылысы бар балаларда ең көп таралған қателердің қатарына бір әріпті басқасымен ауыстыру жатса, екінші топқа әріптерді тастап кету жатады.

Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығын тексерудің мектепке дейінгі логопедиялық жұмысы бұзылысты түзетумен қатар, сауаттылыққа оқытудың жалпы қабылданған аналитика-синтетикалық  әдісін  игеруге  дайындықты  және  кейбір  сауат  ашу  элементтерін қарастырады. Фонематикалық қабылдауды дамытуға арнайы уақыт бөлінеді, қойылған дыбысқа байланысты әр түрлі жаттығулар немесе айтылған дыбысты есту, сондай-ақ есту қабілетін дамыту.

Фонетикалық-фонематикалық  сөйлеу  бұзылысы–сөйлеудің  дыбыстық  жағын қалыптаспауының нәтижесі лексикалық-грамматикалық қатардың дамуының дамымаушылығының салдарын күшейтетін жүйелі бұзылыс. Яғни, мұндай балалар тек сауат ашу, жазу мен оқу процесінде ғана емес, сондай-ақ толығымен бастауыш оқыту бағдарламасын меңгеру қиынға соғады. Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қорының жетіспеуі,  мәнерлеп айту тәсілдерін дұрыс қолданбау, сондай-ақ «шамадан тыс бос сөйлеу» жатады, осыған байланысты сөйлеу тілінің құрлымы мен оларды балалардың ақылмен қолдануына аса назар аудару керек.

Ойын-мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекет түрі. Н.И.Крупская мектепке дейінгі жастағы бала үшін ойынның алатын орны ерекше деп жазған: олар үшін ойын, оқу, еңбек, тәрбиелеудің бір түрі.А.С.Макаренко да ойынның орнына үлкен мән берген: баланың ойнауға деген құштарлығы бар, соны қанағаттандыру керек. Балаға ойнау үшін уақыт беріп қана қоймай, оның бар өміріне ойынды сіңірту керек оның өмірінің барлығы бұл ойын. Ойын барысында бала қоршаған әлемнен алған әсерін, кітаптан алған әсерін көрсетеді; құрдастары мен үлкендермен қарым-қатынасы дамиды. Ойын ұжымшылдық, елестету, мақсат ұмтылу, жинақылық  сияқты қасиеттерінің  дамуына  әсер  етеді.  Ойын  барысында  баланың қоршаған орта  туралы дағдысы бекиді; қабылдау, елестету, зейін, сөйлеу, сияқты қабілеттері дамиды. Ойын баланың көңіл-күйін көтеріп, сергітеді.

Мектепке  дейінгі  ойынның  түрлері: дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастырушы, драматизмдер, мағыналы-рөлдік ойындар. Ойын баланың психикалық және ақыл-ой дамуына жақсы әсер етеді.

Сөйлеу тіліміздегі ақаулықтыр еріксіз ойынға да әсер етеді. Мұндай балаларды ойынға қосу қиындайды. Зерттеу бойынша дамымаушылығы бар балалар әлсіз, ойында алдына мақсат қоя алмайды.  Олар  көбіне  көрермен  болады  немесе  орындаушы  рөлін  алады. Күрделідамымаушылығы бар балалар құрдастарымен ойнаудан бас тартады.

Толық еместік сезім балада ұжымға деген теріс көзқарас тәрбиелеуі мүмкін. Сөйлеу тіліміздегі кемістік, қимылының бұзылысы-балалық толық қанды ойынға араласуына кедергі болады, екінші жағынан бала өз кемшілігіне аса мән береді. Сөйлеу моторинасы мен ұсақ моторинасындағы  бұзылыстардың  салдарынан  бала  ойын  барысында  тез  шаршайды,қимыл бұзылысы, тез шаршау ұжымдық ойынға араласуы да қиындайды.

Бұлардың барлығы мектеп жасындағы  фонетикалық-фонематикалық  дамымаушылығы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстарда ойынды қолдану керектігін көрсетеді.

Логопедтің  алдына  қойған  мақсатына  байланысты  логопедиялық сабақта  да олардың аралығында да әр түрлі ойындар қолданылады. Бірінші жағдайда ойын дұрыс сөйлеу туралы білім алуға, оларға қажетті дағдылар мен білімдерді тәрбиелеуде ұжымға деген дұрыс қарым -қатынас қалыптастыруда көмектессе. Екінші жағдайда баланы іс-әрекеттің бірінші түрінен екінші түріне ауыстыруға,  сондай-ақ  демалуына,  сабақ  барысында  алған  білімін  еш  мәжбүрсіз бекітуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы логопедия бойынша әдістемелерді мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыстарда ойынды қолдану ұсынылған. Авторлар ойынды сөйлеу тілін дамыту және түзету мақсатында қолдануды ұсынған.

Мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдебиеттерде ойынның түрлерін бөлген; дидактикалық, қимылды, шығармашылық құрастыру, драматизм ойындары, рөлдік-мағыналық.

Дидактикалық ойындар. Бұл ойынды белгілі ережесі мен мазмұны бойынша үлкендерұйымдастырады. Дидактикалық ойындардың міндеті  балалардың бағытталған және ортақ іс -әрекетін ұйымдастыру.Оқытушы ойындар. Бұл ойын барысында бала еш мәжбүрсіз,байқамай қажетті білімдерді алады.Балалар ойын тапсырмаларына қызыға көңіл бөледі. Табу, айту, атау, ойын тапсырмасын сапалы шешуге көңіл бөледі: сұлбаны әдемі құрастыру, суретті дұрыс таңдау 5  жастаға  бала  дидактикалық  ойын  барысында  заттардың  саны  мен  сапасын  оның атауларды, оларды сыртқы бейнесі бойынша салыстырып, есте сақтауды үйренеді. 6 жастағы бала ойын тапсырмасын сапалы шешуге қызығушылығы арта түседі. Ал 7 жасқа таман бұрынғысынша ойын әрекеті қызықтырады, бірақ көбіне  ойынның  нәтижесі қызықтау болады. Бұл кезде өзіндік ұйымдастыратын, бағалау, өзін-өзі бақылау сияқты қасиеттерін дамытуға ықпал ететін ойындар қолданылады. Бұл жастағы балалар үшін аспапты таны, дыбыстарды қайтала, өзің сүйетін әуенді орында деген сияқты музыкалық дидактикалық ойындар қолданылады.

  Шығармашылық ойынның бір түрі құрылыс заттарымен ойнау. Бұл ойынға баланың кеңістікте бағдарлануына көлем мен сан, сапа туралы түсінігін дамытуға әсер етеді.

Құрылыс ойындарында кубиктер, қораптар, баулар, құм, сазбалшық, т.б. қолданылуы мүмкін  және  де  құрылыс  ойындарын  сондай-ақ  түзету  мақсатында  да  қолданады:  баланың байсалды мінезіне, сабаққа өзгерту енгізу үшін.

Құрылыс ойындарын  бірінші  логопедиялық  сабақтарда  ғана  қолдануға  болады.  Бұл баланың сөйлеуімен байланысты. Жеке заттарды атайды, сұрақтарға жауап береді.

Драммалық ойындары өте қызықты өтеді. Бұл кезде балалар сүйікті ертегілерін айтады, ертегі кейіпкерлерін салады, диалог жүргізеді. Егер қажетті киімдер мен бетперделер дайындалса ойын  одан  әрі  қызығырақ  болады.  Драммалық  ойыны  бала  бақша  қуыршақтары  мен  де жүргізіледі.

Бұл ойын бала дұрыс сөйлеуге үйренгеннен кейін ғана ойнатылады. Ойынды өткізу үшін жақсы  дайындалу  керек.  Алдымен  балаларға  ертегіні  оқиды,  сұрақтар  қояды,  қимылдарды бейнелейді. Осыдан кейін ғана барып ойынға кірісуге болады.Мағыналық -рөлдік ойындарда баланың өмір туралы түсінігі кеңейеді. Мағыналық –рөлдік ойындардың тақырыбы әртүрлі әрі балаға жақын болуы керек. Логикалық сабақтарда рөлдік ойындар бала еркін сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ойнатылады. Демек баланың дұрыс дыбыстау мәселесіне отандық және шығыс Педагогтары үлкен көңіл бөлген.

   Фонетикалық  фонематикалық  тілдік дамымаушылығы -бұл ана тіліндегі дыбыстарды дұрыс емес айтылуы.

Баланың сөйлеу тілінің дамуы баланың сөздік қарым - қатынас жүйесін қалыптастыруға бағытталады. Бірақ қазіргі кезде мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілердің 50% да сөйлеу тілінде ақаулығы болады және мектепке толық дайын емес болады. Балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулығы айқын көрінуі де мүмкін, сондай ақ сөйлеу іс-әрекетінің деңгейлерін қамтитын ерекшеліктері де болуы мүмкін.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды Р.Е. Левина, Р.М. Боскис,  Н.Х.Швачкн,  Л.Ф.Чистович,  А.Р.Лурия  сияқты  психологтар,  дефектологтар  және педагогтар  зерттеулер  жүргізді.  Г.А.Каше,  Т.Б.Филичева,  Г.В.Чиркина  сияқты  педагогтар фонетикалық -фонематикалық тілдік дамымаушылығы бар баланы тәрбиелеу мен оқыту жүйесін жасауға көп көңіл бөлді.

Фонетикалық-фонематикалық  тілдік  дамымаушылығы-бұл  әртүрлі  сөйлеу бұзылыстарының салдарынан баланың ана тілінде дыбыстау жүйесінің қалыптасуының бұзылысы.

Фонетикалық-фонематикалық тілдің  дамымаушылығы бар алты жасар баланың сөйлеу тіліндегі  негізгі  көрінетін  белгі  дыбыстарының  қалыптаспауы.  Бұл  балаға  тән  белгі фонематикалық қабылдау қабілетін қалыптасуының жеткіліксіздігі болып табылады. Лексикалық-грамматикалық дамуы да кешеуілдейді. Мектепке дейінгі жаста ойын бала

іс-әрекеінің негізгі түрі болып табылады. Баланың дұрыс емес сөйлеу тілі мен мінез -құлқындағы ерекшеліктері олардың ойын іс -әрекетіне әсер етеді.

Осылардың барлығы фонетикалық-фонематикалық  тілдің дамымаушылығы бар мектепке дейінгі жастағы  балалармен  жүргізілетін  логопедиялық  сабақтарда  ойынды  қолдану  қажеттігін дәлелдейді.

Логопедтің  алдына  қойған  мақсатына  байланысты  әр  түрлі  ойындар  логопедиялық сабақтарды да, олардың аралығында да қолданылуы керек. Бірінші жағдайда ойын балаға дұрыс сөйлеу мен мінез құлық туралы қажетті білім береді, балада ұжым мен  ондағы өз орнына дұрыс қарым қатынасты, қажетті дағдылар мен қабілеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.

Әдебиет

1.Закон  Республики  Казахстан    «О  социальной  медико-педагогичической    

   коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» за No 343–2 от  

    11.07.2002 года

2.Жалмухамедова  А.К.  «Оказание  ранней  коррекционно-Развивающей помощи  детей 

    сограниченными возможностями». / Под. ред. Сулейменовой Р.А., 2008.

3.Диагностика нарушений речи у детей и организация логопедической работы в

   условияхдошкольного образовательного учреждения: Сборник методических

    рекомендаций. СПб.:ДЕТСТВО-ПРЕСС, 2001.

4.Коррекционно-педагогикическая работа в дошкольных учреждениях для детей с

    нарушениями речи.  /Под ред. Ю.Ф. Гаркуши.  М.: Секачев В.Ю., 2000.

5.Новоторцева Н.В.  Развитие речи детей  2.  Ярославль: Академия развития, 1997.

6.Флерова Ж.М.  Логопедия.  Ростов н/Д., 2000.

7.Эльконин Д.Б.  Развитие речи в дошкольном возрасте.  Москва–Воронеж, 1998.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығы бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда ойын мен ойын тәсілдерін қолдану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 12486
    • DOCX 33 кбайт
    • 124 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дусаева Камшат Каиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дусаева Камшат Каиргалиевна
    Дусаева Камшат Каиргалиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16720
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Прессовщик кирпичного чая: основные аспекты деятельности

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система международных валютно-финансовых отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Влияние социально-психологических факторов на задержку речевого развития ребенка дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек