Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Халықтық педагогика арқылы оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастыру»

«Халықтық педагогика арқылы оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастыру»

Скачать материал

Ата-аналар жиналысының тақырыбы:

«Халықтық педагогика арқылы  оқушылардың  ұлттық келбетін қалыптастыру»

Өтетін орны:

ШҚО, Семей қаласы «№27 ЖОББМ» КММ

Өткізді:

сынып жетекші Медеуқанова Лаура Қайнарқызы

Мақсатым:

Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы  ұлттық тәрбие негізін дәріптей отырып,ой-өрісі дамыған, шығармашыл тұлғаны  тәрбиелеу. 

Міндеттерім:

      Білім беру мен тәрбиелеудің жаңа құндылықтарына сай және ұлттық тәрбие беру

      Оқушылардың, ата-аналардың құндылық бағдарларын қалыптастыру

      Ұлтаралық, этникалық байланыстық мәдениетке тәрбиелеу

      Тәрбиелеу барысында отбасы, қоғамдық ұйымдар ынтымақтастығын қамтамасыз ету

      Педагогикалық ынтымақтастықты жетілдіру

      Инновациялық тәрбие технологияларын қолдану

Жиналыс барысы:

-Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар.

"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,                                      
Өнерiмен қуантады түбiнде.
Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - бiлiм берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан,
Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала – соларда",- деп,  ХI   ғасырда  Жүсiп  Баласағұн айтқандай, ата-аналар   балаларының  жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып,

соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi. Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.

          Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат. «Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын»  ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр.                    

          "Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады.
      Бала тәрбиесi–игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.

         

     Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.   Елбасының « Жас ұрпақ бойындағы ерлік пен елдіктің рухын себетін негізгі күш – туып өскен жері мен елі, ұлттық мұра мен ұлттық байлығымыз екені дау туғызбайды», - дегендей, тәрбиелеп жатқан жас ұрпақтың бойына  ұлтжандылық қасиетін дарыту, ұлттық санасын жетілдіру әр ұстаз, ата-ана үшін парыз деп білемін.  Ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті  өзара сабақтастыра отырып бүгінгі  ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлғаны қалыптастыру маңызды. Әрине,  ұлттық тәрбие негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеуде мектеп пен ата-ананың ықпалы зор.  Ар-намысты, ерлік рухты  ұл-қызды тәрбиелеу оқушының бойына ерік-жігер, батылдық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін дарыту  болып табылады.

Бүгінгі таңда сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысы жан-жақты жүзеге асуда, дүйсенбі  күні  сабақтың  алдында Мемлекеттік гимн орындалады. Сейсенбі саяси ақпарат беріліп, күнделікті  ата  заң  аясында өмір  сүру  үшін  мектептің ішкі  тәртіп ережесі  еске түсіріледі. Сыныппен жүргізілетін тәрбие жұмысы жоспарға сай сынып сағаттары, сыныптан тыс іс-шаралар, мерекелік іс-шаралар жоспарланып,  өткізілуде.

       Ендігі кезекте, бүгінгі дөңгелек үстелде Сіздердің ұлттық сана, ұлтық рух, отбасы тәрбиесі жайлы ой-пікірлеріңізді тыңдасақ

 

 

Рефлексия

-Ұлттық дәстүріміз арқылы елдік пен ерлікті насихаттаушы жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызы жайлы не айтасыз? 

 

АТА-АНА ПІКІРЛЕРІ:

-Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсат-мiндеттерiмен байланысты болуы керек. Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiнің өзін ерекше күткен. Мысалы, жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған. Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен., Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы деп түсінемін. Бүгінгі жиналыста осы ойды ортаға салып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келе жатқан  сынып жетекшіміз Лаура Қайнарқызына ризамын.

Исина Сезімгүл Кабишевна

 

-«Қазақ елі- мәңгілік ел» Елбасы идеясымен іске  асатын  қоғамдағы әр-түрлі қарым-қатынастар бала бойындағы ұлттық бейненің қалыптасуына негіз болатындығына сенемін. Ата –бабалардың мұрасы, аманаты –ұлттық тарихымызды, дәстүрімізді білу баршамызға парыз деп санаймын.  Мектеп балаларды үлкенді сыйлауға, Отанды, туған жерді сүюге, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Ұлттық сана-сезімін қалыптастырады. Еліміздің бейбітшүілігі мен бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың санасына елін, жерін қорғаған батырларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырдың ерлік істері жайлы айтып отыру қажет деп ойлаймын. Осы мәселеде сынып жетекшінің көзқарасымен толық келісемін.

 Едыгенова Гульназ Сериктаевна

 

- Лаура Қайнарқызы өз сөзінде,  ұлттық салт дәстүріміз арқылы өз отанын сүйетін, адамгершілігі мол, ар-намысты, ерлік рухты тұлғаны қалыптастыру жайлы айтқан ой-пікірімен де келісемін. Қазіргі қоғамда тәрбиеленіп жатқан балалардың санасына халықтық дәстүрді дарыту қажет. Сонымен, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, рухы мықты тұлға тәрбиелеу Сіз бен біздің қолымызда. Осы тұрғыда еңбек етіп жатқан сынып жетекші Лаура Қайнарқызына, мектеп әкімшілігіне алғысым зор. Бүгінгі жиналыстан алған әсерім мол.    

Карашева Гульмира Толеубековна

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Халықтық педагогика арқылы оқушылардың ұлттық келбетін қалыптастыру»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 699 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.05.2020 322
    • DOCX 937.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Медеуқанова Лаура Қайнарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Медеуқанова Лаура Қайнарқызы
    Медеуқанова Лаура Қайнарқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34660
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 745 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 012 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 98 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современное инвестирование: углубленное изучение инвестиций и финансовых рынков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека