Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Научные работы / Ғылыми жоба. "Аяқ киімнің адам денсаулығына әсері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ғылыми жоба. "Аяқ киімнің адам денсаулығына әсері"

библиотека
материалов

Рудный қаласы











Тақырыбы: Аяқ киімнің адам денсаулығына әсері.

Бағыты: медицина.









Авторы : Жультуков Есен

Сынып: 4 «А»





Жетекшісі: Баймағамбетова Д. А.

қазақ тілі мұғалімі





Рудный 2016 жыл

Аннотация

Жұмыстың мақсаты: Адам аяқ киімді дұрыс кимегендіктің әсерінен,

аяғын майтабандылыққа , организмін әр түрлі

потологиялық ауруларға әкелетіндігін дәлелдеу.

Гипотизасы: Аяқ киімнің түрі көп. Бірақ біз оны дұрыс таңдай ала-

мыз ба? Кейбір адамдар ақ киімді дұрыс кие білме-

гендіктен, денсаулығына әр түрлі жайсыздық тудырады.

Сондықтан оны әр түрлі тәсілмен дәледеге болады.

Зерттеу кезеңдеррі: Ғылыми жұмыстың зерттелуі бірнеше кезеңнен

тұрады. Алғашқы кезең –бастау кезеңі. Бұл кезең-

де түрлі әдебиеттерді , интернет материалдарын

пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жанжақты

талдау жасалды. Екінші кезең эксперемент жұмыс-

тарының өткізілу кезеңі. Үшіші кезең алға қоған

міндеттерді шешудің бастамасы.

Зерттеу жаңалығы: салыстырма әдісі арқылы табанның диформациялануы

бірнеше кезеңге жіктелуі.

Қорытынды: Ғылыми жұмыстың қорытындысы бөлімінде зерттеудің

негізгі нәтижелері мен тұжырымдары баяндалып, әр

ауруды алдына алуға болатындығы туралы кеңес

беріледі.















Мазмұны:

I.Кіріспе бөлім-3бет

II. Негізгі бөлім.

2.1. Табан туралы түсінік.

2.2. Аяқ киімді дұрыс кие білмегендіктен, пайда болатын аурулар.

2.3. Адам денсаулығына зиян келтіретін аяқ киімдер.

III. Зерттеудің нәтижесі.

IV. Қорытынды бөлім.

V.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
























I.Кіріспе

Казіргі кезде бала болсын ,жас болсын, қария болсын бас , бел , омыртқа , қан тамыр, аяқ ауруларымен бірдей ауырады . Кей оқушылар дене шынықтыру сабақтарынан да босатылып , кей қыз келіншектер жасына жетпей беллім , аяғым деп тұрады . Неліктен осылай? деген сұрақ туады . Бұл сұраққа ортапед дәрігер жауап береді. Аяқ-киімнің адам өмірінде қаншалықты орны зор , денсаулығына қандай әсері бар екендігі туралы сөз қозғаймыз. Казіргі заман - аяқ-киімнің түр-түрін киюге мүмкіндік береді . Әрине жұрттың көп бөлігі пайдасы мен ыңғайлығына қарап емес , әсемдігіне қызығып сатып алады.

Аяқ киімді кию орнына байланысты бірнеше түрге бөлуге болады . Мерекегде киетін аяқ киім.

Жұмыс (оқу ) барысында киетин аяқ киім.

Жұмысқа (оқуға) барардағы, келердегі аяқ киім.

Серуенге шыққанда киетін аяқ киім

Спортпен айналысқанда киетін аяқ киім т.б.

Өкінішке орай адамзат баласы бұл аяқ киімді дұрыс киюге өзінен талап етпейді. Кейбір адамдар бір аяқ киіммен күні бойы, дәлірек айтсақ, бір аяқ киіммен 8 сағат немесе оданда көп сағат жүреді. Соңы не болатынына көзі жетпейді. Әскери медкоммисияда істеген дәрігер Жүрсін Кәрім:

«Мен ұзақ уақыт аудандық әскери комиссариатта күзде-көктемде әскерге шақырту мед комиссиясында қызмет еттім. Айтайын дегенім жастар арасында майтабан (плоскостопие) өте көп кездеседі. Соның себебінен қаншама жастарымыз әскер қатарына алынбай жатыр. Соның бәрі бала өсіп келе жатқанда аяқ киімді дұрыс таңдамаудан болатындығында. Қазір балалардың барлығы күндіз-түні спорт аяқ киімдерін кеды, кроссовкалардың түр-түрін киіп алады. Ондай аяқ киімдерді тек спортпен айналысқан кезде ғана кию керек емес па? Негізі адам өкшесі сәл биік аяқ киім киюі керек. Үнемі жалпақ

3

табан аяқ киім киген соң адам майтабанға айналады. Негізі ата-аналар

балаларының болашағын қадағалап, қандай аяқ киім кигеніне қарап отыруы керек»-деді

Ал табан сүйектері өте маңызды жұмыс атқарады. Дененің бүкіл салмағын көтереді, яғни табан сүйектері сәл доға келіп , жүргенде , секіргенде сертпе міндетін беріп тұрады. Табан- ауыртпалықты көтермей, өзгеріске ұшырайды. Әрине қазіргі жұрттың көбісінің киетін аяқ киімі қытайда шығарылатын аяқ киімдер. Қытайдың жай табаны, қазақты жалпақ табан қылмак.























4

II. Негізгі бөлім

2.1. Табан туралы жалпы түсінік.

Табан сүйектері өте маңызды жұмыс атқарады. Дененің бүкіл салмағын көтереді, яғни табан сүйектері сәл доға келіп , жүргенде , секіргенде сертпе міндетін беріп тұрады. Табан - бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектерден тұратын аяқтың төменгі бөлігі. Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық, сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Бақайшақтар бес ұсақ жұмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда — 17, жігіттерде — 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен қүралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады. Табан сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, ұзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруында да кері әсер етеді. Мұндай да жалпақ табан пайда болады. Жалпақ табанда баланың сымбаты бұзылады, қан айналысы нашарлап аяқ тез шаршайды. Жалаңаяқ жер басып жүру, бұлшық еттерді күшейтетін түрлі жаттығулар, спорт ойындары жалпақ табанның алдын алады, яғни оны болдырмайды, табан күмбезін дұрыс қалыптастырады.Табан күмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан бойжеткендерге 17-18 жасқа дейін биік өкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ киімдер табан



5

күмбезінің дұрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің өкшесі 1,5-2 см болғанда табан

күмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы дамиды.



























6

2.2. Аяқ киімді дұрыс кие білмегендіктен, пайда болатын аурулар.

Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды. Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі. Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады. Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтырытабаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады. Башпайдың қисаюы туралы не білеміз? Табан сүйегінің өзгеруі әйелдермен қатар жас

7

қыздарда кездесуде. Бұл томпақ сүйек не себепті пайда болады? Оның әдемі жүріс пен аяқ киім формасын өзгертпеуіне қалай қол жеткіземіз? Заманауи медицинаның барлық сұраққа айтар жауабы бар. Үлкен башпайдағы сүйектің деформациялануын тек косметикалық мәселе деп қарай алмаймыз. Ол тек ұсқынсыз көрініс сыйлап қоймай, үнемі ісіп тұрады және ауырады. Бұл томпақ - қыздардың сұлулыққа ұмтылуының нәтижесі. Ұсқынсыз сүйекті медицинада табан сүйегінің деформациялануы деп атайды. Шындығында ол жерде ешқандай төмпешік жоқ. Бір сүйектің ішке, екіншісінің сыртқа қарай өсуінен туындаған қисаю. Оны бірден емдемесе, уақыт өте келе жағдай нашарлап, сүйек қаттырақ қисая түседі. Бұл жағымсыз көрініс қана сыйлап қоймай, жүрген сайын аяқты ауыртады. Мұнымен қатар аяқ киім сатып алған кезде қиындық тудырады. Кейде оны артроз немесе тұздың жиналып қалуы деп те айтады. Нақты диагнозды ортопед дәрігер ғана рентген мен анализ нәтижесін көрген соң қоя алады. Ең сорақысы – аталған аурумен әйел адамдар ауырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әйел адамның бұл ауруға шалдығу саны ермен салыстырғанда 20 есе көп. Ал әйел адам биік өкше аяқ киім киіп, сымбаттысын көрсеткенін жақсы көреміз. Табан ауыртпалықты көтермей, өзгеріске ұшырайды. Бұдан өзге анадан қыз балаға жұғуы мүмкін. Мысалы, әжеңіз бен анаңызда дәл осы мәселе қиындық тудырса, болашақта сіздің қиналуыңыз ғажап емес. Аяқтағы төмпешік адам жасына байланысты пайда болады деп ойламаңыз. Көп жағдайда 12-15 жас аралығындағы қызда кездеседі. Ал 25 жасқа келгенде сүйек өсуін тоқтатып, төмпешік сол күйінде қалып қояды. Артық салмақ, ұзақ жүру, буын ауруы және маймақтық осы ауруды тудырады. «Қате» бұрыш қалай пайда болады?Аяққа артық салмақ түссе, ол қалай өзгереді деп ойлайсыздар? Табанның екі байланыстырушысы бар. Бұл байланыстырушылар табиғи амортизатордың қызметін атқарады. Яғни жүрген сайын сүйектің сынғыштығын төмендетеді. Егер аяққа түсетін салмақ бірдей болмаса, бұлшық ет әлсізденіп, байланыстырушы қызметін тоқтатады. Егер аяқтың

8

басы жалпайғанына қарамастан, тар аяқ киім киіп жүре беретін болсақ, келесі жағдай болады. Табанның бірінші сүйегі қалыпты орнынан жылжиды. Бұл жылжу «вальгусты бұрыштың» пайда болуына алып келеді. Интернет беттерінде жазып жүрген халық медицинасы, ванна, компресс, йод жолақтары сындылар көмектеспейді. Олар бар болғаны уақытша ауырсынуды басады. Егер аз ғана деформацияланған болса, ортопедиялық құрал көмектеседі. Мысалы, түнгі бандаж сүйекті қалпына келтіреді. Онымен күндіз жүруге болмайды, бірақ түнде киіп алсаңыз, ұйқыңызға кедергі жасамайды. Ал күндіз қолдануға арналған арнайы төсеме бар. Ол башпайдың аяқ киім ішінде дұрыс орналасуын қадағалайды. Аурудың кез келген кезеңінде ортопедиялық ұлтарақ кию қажет. Ол башпаймен қатар, буын мен омыртқаның дұрыс орналасуын қадағалайды. Заманауи ұлтарақтың қалыңдығы 2-3 милиметр ғана. Және небары 20-30 минуттың ішінде дайын болады. Хирургия жолымен өзгерту Хирургия - сүйектің қисаюын орнына келтірудің ең әсерлі әдісінің бірі. Бүгін оның 30-ға жуық тәсілі бар. Ауруханада отаны жабық күйінде өткізеді. Яғни бірнеше тесудің көмегіне жүгінеді. Отадан кейін бұрынғыдай гипс салмайды. Бастапқыда ортопедиялық аяқ киім киіп, балдақтардың көмегімен жүруге болады. Бұл ота тек сыртқы пішінін өзгертеді, жағдай қайталанбас үшін дұрыс аяқ киім киіп жүруге мәжбүр боламыз. Бұл ауруды емдеу үшін ең дұрысы – алдын ала емдеу шаралары. Яғни үнемі басы дөңгелек, ені кең, өкше биіктігі 4 сантиметрден аспайтын аяқ киім киіп жүру керек. Егер біз өкше аяқ киімді киіп үйреніп қалған болсаңыз, арнайы ұлтарақты ұмытпаңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік! Жалпақ табан — адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі. Табан ойысының жалпаюына байланысты: көлденең жалпақ табан және ұзына бойлай жалпақ табан болып ажыратылады. Біріншісінде табанға аяқтың 5 бақайшақ сүйегінің алдыңғысы ғана тірек болып, еденге (жерге) табанның басы ғана тимей тұрады. Ал екіншісінде

9

аяқты басқанда, табан толықтай еденге тиеді, ал ондай жағдайда табан ойысының белгісі де қалмайды. Жалпақ табандылықтың 0-ден 3-ші дәрежесіне дейінгі аяқ ізі. Жалпақ табанның іштен туа біткен және жүре пайда болған екі түрі болады. Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады. Жиі кездесетін түрі — жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т.б.), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т.б.), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т.б. жарақаттануынан болады. Жалпақ табан адам жүргенде тез шаршап, балтырытабаны, белі ауырады. Кешке қарай табаны ісініп, ертеңіне қайтуы мүмкін. Асқынған түрінде табан пішіні мен жүрісінде өзгерістер (кібіртіктеу, аяқты шалыс басу) пайда болып, аяқтың үлкен башпайы қисаяды. Аурудың белгісі біліне бастағанда ортопед-дәрігерге көріну керек. Ауруды алдын алу үшін спортпен айналысу, әсіресе, жүзумен көбірек шұғылдану керек; бірақ спорттың аяққа көп салмақ түсіретін түрімен (ауыр атлетика, жүгіру, коньки жарысы, т.б.) айналысуға болмайды. Жылы кезде құмда, борпылдақ топырақта жалаңаяқ жүрген пайдалы. Сондай-ақ, аяқ киімді дұрыс таңдаудың маңызы зор. Тар немесе кең, өкшесі 3 — 4 см-ден биік аяқ киім киюге болмайды. Арнайы ұлтарақ, массаж белгіленеді, асқынып кеткен түріне хирургиялық операция жасалады.











10

2.3. Денсаулыққа зиян аяқ киімдер.

Қытай аяқ киімдері денсаулыққа аса зиян. Тіпті адам өміріне де қауіпті. Қытай тауарларында адам ағзасына қатерлі улы химиялық қоспалар бар. Кейбір киімдердегі өткір иіс сол тауардағы улы заттардың  өте көп мөлшерде екендігін айғақтайды. Мамандар сапасыз киім-кешек, аяқ киімнің салдарынан адам 12 түрлі кеселге душар болуы мүмкін екендігін айтады. Жасанды теріден тігілген  аяқ киім буын, аллергиялық ауруларға шалдықтырумен қатар, қатерлі ісік ауруларының асқынуына да себеп. Сарапшылардың зерттеу қорытындысы осыны дәлелдеп отыр.

Еліміздегі бүлдіршіндердің 75 пайызы жалпақ табан дертіне шалдығыпты. Әскери борышын өтеуге жарамсыз жастардың басым бөлігі де майтабан ауруымен ауырады.  Мұның себебі — аяқ киімдердің анатомиялық параметрлері сәйкес келмейді.

Сапалы аяқ киім таза былғарыдан жасалуы керек. Талапқа сай болғандықтан да, олардың бағасын кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Ең сапалы өнім саналатын, нағыз итальяндық сапа ─ «Baldinini», «Nando Muzi», «Loriblu», «Marino Fabiani» кәсіпорындарының аяқ киімдерін ауқаттылар ғана алмаса,  жалпы жұртқа қолжетімді баға емес. Италияда жасалған киімдерді қатардағы қызметкер 4-5 жалақысын жинаса әзер алады. Орта дәулеттілердің бәрі бірдей 1 мың АҚШ долларына бағаланатын аяқ киімдерді ала бермейді.  40-70 мың теңге тұратын етіктерді қанағат  тұтады. Әрине, 20-30 мың теңгеге аяқ киім сатып алғандарына мәз болатындар да бар. Денсаулықты күту үшін қам жасауға осылайша әлеуметтік жағдай қолбайлау болады. Сосын халықтың басым бөлігі, амал жоқ, мүмкіндігіне қарай базарлардағы 300-500 теңгенің сүйретпелерін, 1500-4000 мың теңгенің жазғы аяқ киімдерін, 5-15 мыңға бағаланған етіктерді алуға мәжбүр. Көпшілік бір маусымда алмастырып киюге қос-қостап аяқ киім алмайтыны рас. Сол бір киім жұмысқа да, қонаққа да, базарға да, басқаға да киіледі. Әрине, онсыз да сапасыз аяқ киімдер мұндай «тірлікке» төтеп бермейді. Бір маусым түгілі, бір

11

айға жетпей киюге жарамсыз болып жатады. Тым сапасыз аяқ киімдерді жөндеуге етікшілер де ықыласты емес. Себебі, екі күннен соң-ақ киюге келмей қалатынын біледі. Ілекерге келтіріп, әйтеуір жөндей салуға клиент жоғалтып алудан қорқады. Тағы бір айта кетер жайт, жөндеудің құны сол аяқ киімнің жарты бағасы тұрады. Ескіні жөндеткенше, тағы біреуін сатып алғанды жөн санап, базарға тура тартамыз…

Егер отандық аяқ киім өндірісін дамытуға күш салынса, онда, ең алдымен, ел тұрғындарының денсаулығын сақтап қалуға айтарлықтай ықпал етер еді. Аты жеңіл болғанмен, өндірістің бұл түрінің жағдайы мәз емес.  Кезінде дүрілдеп тұрған аяқ киім шығаратын «Жетісу», киім тігетін «1 май»  фабрикалары (Алматы) жоқ. Шымкенттегі «Восход», Ақтөбенің, Қызылорданың аяқ киім фабрикалары да әлдеқашан жабылған.

Қазір елімізде тері өңдеу саласында 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 5-еуі ғана аяқ киім өндірісінде екен. Олардың өнімдері еркін саудаға шығарыла бермейді. Негізінен, арнайы тапсырмалармен ғана жұмыс істейді. Яғни олар қорғаныс саласының қызметкерлері, әскерилер және басқа да күштік құрылымдардағы мамандарға арнап аяқ киім тігеді. Жалпы, аяқ киім нарығында біздің өнімдердің үлесі ─ 3,5 пайыз.

Отандық тауарлар өндірісін жандандыру қажет. Мамандардың айтуынша, жеңіл өнеркәсіптің бағын ашу үш мәселеге байланысты: баға, салық, кеден қызметі. Теріні бояйтын бояулардан бастап, аяқ киімді жөндейтін материалдарға дейін шетелден тасымалданады. 2001 жылы қосылған құнға салынатын салыққа нөлдік ставка тағайындалғаннан кейін аяқ киім өндірісі күрт өскені соншалық, жеңіл өнеркәсіпті өркендетуде әлемдегі алдыңғы қатардағы елдердің қатарында тұрған Қытайдың өзі біздің жеңіл өнеркәсіптің болашағы зор екендігін мойындап қалған еді. Дегенмен, 2002 жылы жеңілдік алынып тасталғаннан соң, аталған сала бәз-баяғы қалпына келді. Отандық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіппен айналысқаннан гөрі шикізат өндіруді тиімді санауына салықтың артуы себеп болып отыр.

12

Мәліметтерге сүйенсек, Қытайдың әлемдік аяқ киім шығару саласындағы үлесі 60 пайызға дейін жеткен. Дүние жүзінде шығарылатын 10 миллиард жұп аяқ киімнің 6 милиардын Қытай өндіреді екен. Ал қазақстандықтар тұтынатын киімдердің 45-48 пайызы, аяқ киімдердің 75 пайызы — Қытай тауарлары. Аяқ киімдердің 10 пайызын ─ Ресей,  14 пайызын ─ Түркия, Италия, Германия, Нидерландия және басқа елдер импорттайды екен.

Гүлнар Сидашева терапевт-дәрігер:

Сапасыз аяқ киім денсаулыққа зиян. Себебі, анатомиялық параметрі сәйкес келмейді. Мысалы, кейбір аяқ киімнің табанында шұңқыр балады. Ол шұңқыр қатты ұлтарақпен жабылуы тиіс. Ал сапасыз аяқ киімдердегі ұлтарақ өте жұмсақ. Сондықтан баланың өкшесі төмен қарай түсіп кетеді. Мұның кесірінен майтабан, буын аурулары пайда болады. Жалпақтабан болғанда аяққа көп күш түседі. Науқас тез шаршайды.

Жасанды теріден тігілген аяқ киім венерологиялық аурулар жұқтырумен қатар, сыз өткізіп, аяққа суық тигізеді. Білуімше, аяқ киім әдемі көрінуі үшін тігушілер терінің астына паралон салады екен. Бұл материал ауа өткізбейтін болғандықтан, аяқ терлейді. Аяқ киімдердің табаны резеңкеден жасалатыны белгілі. Салқын ауа, тер, резеңкенің салдарынан адам ауруға шалдығады. Сапасыз аяқ киімнің кесірінен адамның жұмысқа қабілеті, өмір сүру белсенділігі төмендейді.  

Сарапшылар қытай тауарларының көбінде формальдегидтің қоспасы бар екенін анықтаған. Ал ол қатерлі ісік ауруын асқындырады.

Аяқ киімде зиянды заттардың бар екенін өткір иіс куәландырады. Неғұрлым иіс жағымсыз болған сайын, химиялық қоспа соғұрлым көп болады.

Үйге киетін жеңіл сүйретпелер де ағзаға зиян. Аяқ киімнің бұл түрі жалпақтабандықпен қатар, қатерлі ісік, қан тамырлары мен тері ауруларына шалдықтырады.

Жақсы аяқ киім, ең алдымен, табиғи былғарыдан жасалынуы керек. Сонымен қатар, ол аймақтың ауа райы ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Аяқкиім алуға

13

кешкісін немесе түс ауа бармаған жөн. Себебі бұл мезгілде адамның аяғы ісініп тұрады. Сондықтан, байқамай үлкен мөлшерлі аяқкиім алуыңыз мүмкін.

Зиянды улы химиялық заттар адам ағзасына тез сіңеді және оны кері қайтару мүмкін емес. Сондықтан, арзан аяқ киім аламыз деп, ең қымбат байлық — денсаулығымызға зиян келтіріп алмағанымыз жөн.


Жазғы мезгіл қыздар үшін аяқ-киімнің түр-түрін киюге мүмкіндік береді. Жай табан, өкшелі немесе ашық сандали… Ал олардың ішіндегі денсаулыққа зияндылары да бар екен.
Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ-киім түрі. Жаздың ең “хитовый” аяқ-киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да ыңғайлы… Алайда… Дәл суреттегідей аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол – “плоскостопие”-ге әкелуі мүмкін. Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын (осанка) қисайтуға апарады. Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы жоқ, аяқты дұрыс ұстамайтын аяқ-киімдерден аулақ болған жөн. Ал егер ыстық күнде ашық аяқ-киімсіз қалай жүреміз десеңіз, бұл “вьетнамка”-лардың да дұрыс түрін таңдай білген абзал. Ең бастысы аяқтың формасын қайталайтын, дұрыс иілген табаны бар аяқ-киім алу керек.
Ал екінші кезекте-биік өкшелі аяқ киімдер. Олардың аяқ ауыртатынымен бірге, ұзақ киіп жүру денсаулыққа да зиян. Жалпы өкшенің оптимальды размерлері – 2-4 см. екен. Ал максимальды биіктік- 6 см. болу керек. Сондай-ақ олар да аяқты мықты ұстап тұруы қажет. Каблуктың қалыңдау болғаны жақсы. биік өкше кигенде, сіз бар салмақты башпайыңызға түсіресіз. Кішігірім өкше башпайға түсетін күшті 22%-ға арттырса, 7 сантиметрлік өкше башпайға екі есе салмақ түсіреді екен. Алайда өкше кигенде, аяқтары ауырмай, өзін жақсы сезінетін қыздар болады. Мұны олардың табандарының

14

анатомиялық құрылымымен түсіндірсе болады. Қалай болғанда да, дәрігерлер 8 сантиметрлік өкшені аптасына екі-үш рет киюге ғана рұқсат береді. 
Ал күнделікті өкшемен тарсылдап жүретін қыздар мынандай қиындықтарды кездестіре алады. Башпай терісінің қатаюы. Өкше кигенде бар салмақ башпайға түсетіндіктен, бұл жерде қан айналымы бұзылып, тері қорғаныс ретінде қатайып кетеді. Үлкен саусақтың деформациялануы. Башпайға түскен күш табанның осы жерінің кеңеюіне әкеледі, үлкен саусақ кеңейіп, қасында сүйекше пайда болады. Башпай саусақтарының деформациялануы. Өкше шешпейтін қыздардың саусақтары аяқ киімнің ұшында қысылып тұрады. Осыған байланысты башпай саусақтары пішінін өзгертуі мүмкін. Саусақ ұштарының ұйып қалуы және жіліншек бұлшық еттерінің қақсауы. Белдің ауыруы. Биік өкшемен жүрген қыздың салмақ ортасы алдыға қарай ауытқиды. Сондықтан денені тура ұстап қалу үшін беліміз қосымша жұмыс атқарады. Осының әсерінен арқамыз ауырып, беліміз шаршайды. Әрине өкшедегі аяқ киім өте сәнді, тартымды көрінеді. Алайда оны күнделікті кимей, денсаулығыңыз жайлы да ойлағаныңыз жөн.


















15



III. Зерттеудің нәтижесі.

Кейбір аяқ киім нағыз қиындық тудыратын, денсаулыққа өте кері әсері бар аяқ киімдерге тоқталсам …

Бірінші орында – “вьетнамки” деп аталатын жай табан аяқ-киім түрі. Жаздың ең “хитовый” аяқ-киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да ыңғайлы… Алайда, аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол – “майтабандылыкка ” әкелуі мүмкін. Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын (осанка) қисайтуға апарады.

Менің сөзімді дәрігер дәлелдейді

Биік өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт кигендіктен нәтижесі қандай ?

өкшелі аяқ киімді ұзақ уақыт киюдің әсерінен омыртқааралық жарық (омыртқа арасында ет өсу, грыжа), бел аурулары,  буындардың жылжуы, сіңір созылу , варикоз, сколиоз (омыртқаның бір бүйірге қисаюы) сияқты ауруларга жиі ұшырайды. Биік және тар аяқ киім қан тамырларына қысым түсіреді.

Егер аяқтың басы жалпайғанына қарамастан, тар немесе биік өкшелі аяқ киім киіп жүре беретін болса, келесі жағдай болады. Табанның бірінші сүйегі қалыпты орнынан жылжиды.

Бұл жылжу «вальгусты бұрыштың» пайда болуына алып келеді.

Біздің мектепте осындай проблемамен жүрген төрт адамның жағдайын салыстырдық.

- Бірінші адамдікі: 20º-қа дейін жылжыған. Аса ауырмайды, тек эстетикалық жайсыздық тудырады.

-Екінші адамдікі: 20-30º-қа жылжыған. Ұзақ жүрген соң ауыра бастайды.

-Үшінші адамдікі: 30-50º-қа жылжыған. Аяқ киім таңдау қиындап, жүрген сайын ауырады.

16

-Төртінші адамдікі: 50º-тан жоғары өзгерген. Тыныш жатқанның өзінде де ауыра бастайды. Мұнымен қатар өзге саусақ деформациялана бастаған.





























IV. Қорытынды бөлім.

«Табан- денсаулық тірегі» -дейді ортапед дәрігерлер. Сондықтан жалпақ табанды асқындырмау керек. Ауруды дер кезінде алсаң, басқа да ауруларды алдына аласың. Майтабан - екінің бірінде кездеседі, Бірақ көбі жалпақ табанды қауіпті дерт деп қабылдамайды. Сөйтіп дененің ауыр салмағы серітпелі табанға емес бел мен омыртқаға түсіп, сай сүйегінді сырқырататын ауруға алып келетін біле бермейді.Біздің алған тақырып актуалды. Себебі қазіргі заман аяқ киімі негізінде екі түрге шектеулі. Бірі, жалпақ табанды аяқ киім, бірі, биік өкшелі аяқ киім. Әсірсе жас жас қыздар өте ерте каблукта тұрып , немесе денсаулыққа кері әсері бар балетки деген аяқ киіммен кезектестіріп киіп отырады. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасы табанның диформациялануы, сонымен қатар бел, аяқ ауруы жастарымыздың арасында көбиіп кеткендігі, аяқ киімнің әсерінен деп толық дәлелдей алдық.
















17







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.

2.

3.

5.

6.

7.

8.



















18

Автор
Дата добавления 24.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Научные работы
Просмотров196
Номер материала ДБ-051187
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх