Инфоурок Начальные классы Научные работыКембридж бағдарламасы бойынша "Диалогтық оқыту"

Кембридж бағдарламасы бойынша "Диалогтық оқыту"

Скачать материал

«Диалогтік оқыту» әдісін қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін дамыту

 

Мадреймова Райхан Джалгасбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі
Қазан негізгі мектебі

Балаға күштеп білім беруден гөрі,
баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.
К.Д.Ушинский

   Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр. Жаңа технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажеттісін  қолдана алу бейімділігін талап етеді. 

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Нейл Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зертеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше өз сабақтарымда  «мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы» арасындағы диалог пен әңгімелесу шығармашылықпен тиімді өтетіні, оның өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасатыны тәжірибе жүзінде байқадым.
Выготский танымдық дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмаларды орындаған уақытта жанындағы адамдардың көмегіне сүйенеді. Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер(2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.

Аталған ғалымдардың еңбектерінде диалог құруға арналған стратегия ретінде «Талқылау жөніндегі серіктестерді» пайдалану «талқылау жөніндегі серіктес» бөлінетінін айтады.  Жалпы оқушылардың қиын тапсырмаларды орындауда қиындықтар туындайтыны белгілі болды. Қиын тапсырмалардың мөлшерін алдын ала анықтау керектігі белгілі. Ендеше, оқушыға қалай оқытудың жолын үйретіп, кері байланыс арқылы оны қайта сұрау керек. Олар: оның оқи, жаза білуі, дауыстап айтуы, естіп, көзімен көруі, қабылдауы, қайтадан айтып беруі т.б. оқушылардың есінде ұзақ сақталады.

Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Осыған орай  оқушыларға білім беру үшін ауызша сұрақ-жауаптар пен кері байланысты қамтамасыз ететін «түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау» сұрақтарды жиі қолданып отыруыма  қажет екенін білдім.Қабілеті әр түрлі оқушылар үшін сұрақтарды шектеп отырдым. Балаларды барынша мұқият оқыту үшін сұрақтар қою техникасын анықтадым. Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:
- бірден көп сұрақ қоймау.
- оқушыларға ойлауға уақыт беру.
- орынсыз сұрақтар қоймау.
- ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.
- оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.
- оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.
Оқушының оқуын сұрақтарға берген жауаптар негізінде бағалау мүмкін болды. «Жақсы сөз-жарым ырыс» демекші оқушыларды әр тапсырманы орындағаннан кейін мадақтап,  ризашылығымызды «бағдаршам», «шапалақтау», «екі жұлдыз, бір тілек», «бір сурет, бес сөз» сияқты формативті бағалап отырсақ, оқушының күш-жігері молайып, жұмысқа құлшынысы оянады.

Өткізген сабақтарымда оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі - аффективті (эмоционалды) сезім арқылы ортақ проблемаларды бірге шешіп, екі оқушы бірге қорытындылайды.  Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсады, ынталанды, ойларымен бөлісті, пікірлесті, білімді бірлесіп алды, өз білімдерін толықтырды.

* Тапсырма беріліп, оны орындағанда  проблеманы шешуде өз идеяларын ортаға салып, талқылайды, оған  баға береді, және ұжымдық білім мен түсініктері қалыптасады. Топпен жұмыс жүргізгенде әңгімелеріне қарай ой-пайымдаулары айқындалып, олардың топ алдында, жұрт алдында сөйлеу мәдениеттері қалыптасады. Тыңдап қана қоймай, оқушылар тапсырманы белсенді орындайды,ынтасы артып, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары артатындығы байқалды.
Білімді бере салу оңай, ал оқушыны ізденуге үйрету қиынырақ, ізденіс барысында түйінді мәселелерді бекітуде сыни ойлауды, өз қызметіне сынмен қарауды үйрету қажет. Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін жауапты реакция мен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Бұл ұсыныстар менің сабақтарымда да болғанын айтқым келеді, әрбір сабақ соңында жауаптарына қарай оқушы білімін бағаладым. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының   жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым. Сабақтан кейін оқушының жеткен жетістіктерін айтып мадақтау, қолдау, топ ішінде ізденістеріне табыс әкелгеніне, сәтті орындағандарына өзара баға беріп отырдым. Кез келген тапсырмалар орындау кезінде оқушыларға өз пікірлерін білдіріп, талқылау үшін шамалы уақыт беру керек екенін ескердім. Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.

Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі.Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол. Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.

Ал, кейбір оқушыларды сырттай бақылағанда  олардың тапсырманы орындауларында өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланбағанын көруге болады.  Себебі, ондай оқушылар көмекті сырттан күтеді. 1934 жылдың өзінде-ақ Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екендігін  баса айтты. Сондай-ақ, олардың сөздік қорларын молайта түсуде, одан әрі дамуына мұғалімдер мен құрдастарының көмегі қажет. Диалогтік оқытудың сабақ беруде маңызы зор. Сұрақтың нақты, дәл және анық болып құрылуы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынуы жақсы нәтижеге жетудің бір жолы болып табылады. Оқушы топпен жұмыс жүргізгенде берілген тапсырмаларды   бірлесе отырып, оны бір-біріне  түсіндіре отырып орындаса,  сөздік қорлары дамиды.

Менің ойымша диалогтік оқыту  тәсілін  ауызша дүниетану  және  әдебиеттік  оқу сабақтарында қолданған өте тиімді, нәтижелі болатын сияқты.Бұл жерде тақырып толық талданады,әркімнің өз идеясы,пікірі  бағаланады, бір біріне сұрақ қойып үйренеді,айтқандарын дәлелдейді, келісімге келуге ұмтылады ұжымдық түсініске қол жеткізеді.

Әдебиеттік оқу  сабағы.Сабақ мақсатына  көп көңіл бөлу керек екенін байқадым. Қиылған  суретті құрастыру арқылы   сынып оқушылары екі топқа бөлінді.

Әр топқа өзін-өзі бағалау парақтарын  бердім. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтты. Диалог арқылы оқытуда оқушылардың сыныптастарымен  әңгімеге түсу кезінде белсенділіктерінің артып,  өз ойларын қорытындылап, анық жеткізе алатындығы көрінеді. Оқушылар әңгімені түсініп оқып, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасадым. Талдау  кезеңінде проблемалық сұрақтар арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру  мақсатында оқушыларға мәтіннен әркімге әсер еткен жері туралы өмірмен байланыстыра өз ойларын ауызша айтуға тапсырма бердім. Оқушылар:  « Әр адам бір-біріне дос-бауыр, ауылдас,сондықтан  бір-бірімізбен  достық, сыйластық қарым-қатынаста болуымыз керек» , «Ауылдық жерде тұрамыз, сондықтан үлкендермен, ауылдың адамдарымен амандасу керек, «кімнің қызы» демесін  деп,  менің атам  үйде  айтып  отырады»  деді, «амандасу керек себебі бұл тәртіп пен тәрбиеге жатады» деп қысқаша өз ойларын  айтты. Бұл жерде әр бала сабақтың тақырыбын өмірмен байланыстырып, отбасындағы тәрбие  туралы  айтты. Оқушылар сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге,өмірмен байланыстыруға  тырысты. Бағалау кезінде әр оқушы өзінің  істеген ісіне баға беріп түсіндірді. Не себептен  ол  2, 1 немесе 3 деген  ұпай  қойғанын айтты, осы жерде олар шындықпен өздерінің  тарапынан  жіберілген кемшіліктерін тауып  келесі кезде  жібермеуге  тырысатыны  байқалды.

Үй тапсырмасын  тексеруде   топтар  бір-бірінің  сұрақтарына  жауап  берді. Мерсер    сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылар мен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. 

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану аясында менің сабағымда оқушылар арасында бір бірін тыңдауға, сыйлауға, ынтымақтастық қарым-қатынастың негізі қаланды.Өз ойын ашық еркін айтуға, пікір алмасуға өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға , менімен еркін сөйлеп, пікір алмасуға үйренді. Достарының ойын тыңдай отырып мәселені шешу жолдарын іздеп  қиыншылықтардан шығуға талпынды. Сабақта постермен жұмыс жасағанда топтағы балалардың бәрі дерлік өз пікірлерін дәлелдеп жазып қорғағанда бір-бірінен қалыспай жауап берді.  Бұл әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,топпен жұмыс жасағанда  балалардың өзгергенін байқадым. Жалпы оқушылардың қабылдауы мен білім деңгейі әр түрлі болғандықтан,олармен жұмыс жүргізу тәсілдері де әр түрлі болуы керек.Оқытудың жаңа әдіс тәсілдері оқушылардың өздігінен бірлесіп жұмыс істеуін бір-бірі үшін жауапкершілікті сезінуге, бір бірінің еңбегін бағалай білуге,сыйласым мен үйлесімдікке дағдыландырады.  Өзін-өзі реттеуге, өзін оқушы ретінде  сезіне білуге,  пәнге деген қызығушылығын  арттыру, мәдениетті  сөйлеуге дағдыландыру,оқушылардың сөздік қорын байыту. Бір-біріне көзқарастарын  өзгертуді, сыйластық  достық қарым-қатынас, еркін сөйлеуге, жауап беруге құлшындыру, ұялшақтық, жасқыншақтық сезімдерді жоюға бағыттау.

Диалогтік оқыту тәсілінің дұрыс жүргізілуі  сабақтың өту барысына ықпал жасайды.

«Неғұрлым бала диалогке жиірек түссе, солғұрлым оның тілді игеруі жылдамырақ іске асады» деп ойлаймын.Сөйлеу кезінде бала тілі жаттығып, дамиды. Сөздік қоры молаяды. Бірақ, бұл жерде жалғыз ғана баланың талпынысы аздық етеді деп ойлаймын. Ол үшін баланың ата-анасының да, жақын туыстарының да көмегі қажет. Олар балаға «тілдік орта» жасауы керек деп ойлаймын.Бұл мәселені шешу де оңай болып табылмайды.Көп уақытты, қарқынды еңбекті, достары мен құрбыларының көмегін, оқушылармен кері байланысты қажет етеді. Өйткені, біз бастауыш сынып оқушыларынан  сұрақтарды дұрыс құрастырып, қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беруге,  проблемаларды  жан-жақты талдап, қорғай алуын талап етеміз, соны күтеміз.

Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімін,өйткені күнделікті сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы пікір алмасу да байланыс та сол диалог  арқылы  жүзеге асады,алайда осы диалогтік оқыту әдісі мұғалімнің тиімді пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады .  
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді. Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
- оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Болашақта осы курста алған білімімді одан әрі жалғастырамын.Өзімнің      әріптестеріме осы тәжірибені дұрыс  қолдануға  бағыт- бағдар  беріп  отырамын.Сондықтан осы жаңа  өзгерістерді әріптестерімнің тәжірибесіне енгізуге ұжым болып жұмыс істейміз деп ойлаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Проблемалық диалог.

Сабақтың атауы:Жылу сүйгіш өсімдіктер. Суыққа төзімді өсімдіктер.

Өткен сабақтарымызда ылғал сүйгіш және суыққа төзімді  өсімдіктер туралы өттік.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына сөзжұмбақ арқылы табамыз.

1. Үсік алғанда көрсетілетін бірінші көмек.

Дене үсіген кезде тері ағара бастайды. Ондай жағдайда бірден қолғаппен не болмаса алақанмен ағарған жерді қызарғанша ысқылау керек.

2.Түтіліп,үйіліп жатқан мақтаға ұқсайтын, олар біріге келе түнеріп будақ жаңбыр бұлтына айналады.

3.Жердің өсімдік өсетін бетуі құнарлы қабаты.

4.Адам денесін қозғалысқа келтіретін мүше

 

ы

С

қ

ы

л

а

у

 

б

У

д

а

қ

 

 

т

о

п

Ы

р

а

қ

 

 

Қ

а

ң

қ

а

 

 

1.Шындыққа сынақ жүргізу арқылы көз жеткізу, танып білу.

2.Ауада ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғырлануынан жер  бетіне не түседі?

3.Өте үлкен биіктікте шамамен 6 км  ұсақ су ьамшылары қатып, мұз кристалдарына айналады, және бұл бұлттан жауын-шашын жаумайды?

4.Терінің негізгі қызметі

 

т

ә

Ж

і

р

и

б

е

 

ш

а

р

б

Ы

 

 

 

ж

е

Л

 

қ

о

р

ғ

а

н

У

 

              

 

 

Сабақтың мақсатын тақырыбына қарап оқушылар ашып тастайды.

Шығармашылық тапсырма:

Шығармашылық жұмыс, әрі сабақты қорытындылау: «Өсімдіктер» тақырыбына кесте толтырып, асты сызылған өсімдіктер жайлы қысқаша  мәлімет жазу.

 

Өсімдіктер

Ылғал сүйгіш

Құрғақшылыққа төзімді

Жылу сүйгіш

Суыққа төзімді

Жарық сүйгіш

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 Жантақ, Мақта, Бидай, Мақта,ЖүгеріЖолжелкен,Өгейшөп,

қоңыраубасСұлы,арпаАсқабақ,Күріш,Жүгері,қиярсүттігенБақбақ,қоңырбас

 

 

 

 

Өсімдіктер

Ылғал сүйгіш

Құрғақшылыққа төзімді

Жылу сүйгіш

Суыққа төзімді

Жарық сүйгіш

Беде,

Бақбақ,

қоңырбас

Жантақ,

сүттіген

Мақта,

Асқабақ,

Күріш,

Жүгері,

қияр

Бидай,

Сұлы,

арпа

Мақта,

Жүгері

Жолжелкен,

Өгейшөп,

қоңыраубас

 

 Мәліметті жазып үлгерген оқушылар оқып береді.

Сабақты бекіту: «Ия, жоқ» ойыны.

Шалқан суыққа төзімді. Иә

 Арпа құрғақшылыққа төзімді. Жоқ

Бой бір қарыс, Сақалы екі қарыс. Бұл-пияз Жоқ Ұзын мұрты сарылар Қойынында наны бар. Бұл-бидай. Иә

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кембридж бағдарламасы бойынша "Диалогтық оқыту""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 665 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 921
    • DOCX 970.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мадреймова Райхан Джалгасбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91163
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 560 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 494 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 129 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 181 человек

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе