Инфоурок Начальные классы Рабочие программыКім? не? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік

Кім? не? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік

Скачать материал

Тақырыбы: Тақырыбы: Кім? не? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат және оны атауы

ұғымдардын қалай түсінетіндерін бақылау. Заттың атын,санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя   білуге дайындау. Балалардың ақыл - ой қабілетін, дерексіз ойлау дағдысын дамыту.

Көрнекі құралдар:   Оқушыларға'бұрынан таныс әртүрлі

заттар (ойыншықтар, оқу құралдары) немесе оларды түрлі түсті суреттері.

Сабақтың барысы:   I. Оқушылар зат және оның саны

туралы ұғымдарды қалай түсінетіндерін бақылау.

Бұл жұмыстың мәні мынада: оқушылар әрбір сөздің дыбыстардан құралатынын, ол сөздердің белгілі бір мағынаны білдіретінін бірінші кластан бастап-ақ үйрене бастайды. Бірақ өткен жылғы бұл проқесс негізінен сауат ашу мақсатында бағындырылған,


яғни заттың суретін көрсету арқылы оның атын білдіретін сөз құрамындағы дыбыстарды үйретуді көздеген еді. Ал ендігі мақсат керісінше: оқушаларды заттан оның атын білдіретін сөзді дерексіз ой арқылы бөліп алу дағдысына баулу. Бұл дағды қарапайым мысалдаор төңірегіндегі әңгіме, сұрақ - жауап тәсілдері арқылы қүалыптастырыылуы қажет. Мысалы:

-    Мынау не?
Оқушылар жауап береді:

-   Өшіргіш (қалам, сағат, кітап, т.б.). (Бұл сөздер әдетте
оқушыларға жақсы таныс деректі заттардың атауы болады).
Мұғалім балалар айтқан сөзді тақтаға жазып қояды да, сол

жазуды көрсетіп, тағы да сүрайды:

-   Ал мынау неше өшіргіш ?

Үш өшіргіш.

Оқушылар тақтадағы бұл жазудың әлгіде көрсетілген нақтылы затқа (өшіргішке) қатысты екенін біледі. Бірақ қалай қатысты екенін ажырата алмауы заңды нәрсе. Сондықтан Мұғалімнің міндеті — бү_л жазудың жай жазу емес, заттың өзі де емес, сол заттың атауы екенін үғындыра білу.

-         Жоқ, бұл өшіргіштің атын білдіретін сөз.
Осы үлгідегі мысал тағы да қайталанады:

-         Мынау'не?

-         Сағат.

-         Рас, сағат. Заттың өзі. Ал, енді осы заттың санын өздерін
айтқан атын тақтаға жазып қояйық. Бұл не болды сонда?

-         Сағаттың санын білдіретін сөз.

Оқушылар зат пен оның санын білдіретін сөздің аралығын ажыратқанша бұл мысалды бірнеше рет қайталауға болады. Соңынан сүарқ - жауап ауызша формаға ауысып, жұымсы барысын жеделдете түсу қажет. Бұл түхта кластағы заттар мен олардың аттары үлкен етіп жазылған үлестірмелі қима қағаздар кең қолданылады.

-         Мынау не?

-         Кітап.

-         Ал,  мынаунеше  кітап  ?  («кітап»  деген  сөз  жазылған
үлестірмелі екі
қима кағазды көрсетеді.)

-         Екі кітап.

Қорытынды:

-   Барлық заттың атын білдіретін сөз болады екен. Ол заттарды
сол аттарымен атаймыз. Кәне, класс ішіндегі, көшедегі
өздерін көріп Тұрған заттарды атаңдаршы?!

Оқушылар айта бастайды:

-   Тақта, парта, , ағаш, ....


II. Заттың санын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге дайындау.

Сабақ барысында бірінші мақсатты орындаудан екінші мақсатты игеруге әртүрлі жолмен көшуге -болады. Ең маңыздысы -бұл тұста оқушылардың психологиялық күйіне күш түспейтіндей болу керек. Ол үшін қарсы сұрақ қойылады:

-    Ал, енді осы класс ішінде өздерің білмейтін заттар бар ма?
Болса, оның атын білу үшін қалай сұрайсыңдар.

Класта мұндай заттың жоқ болуы да мүмкін. Ондай жағдайда мұғалім өзі әкелген көрнекі құралдардың бірін немесе суреттерді пайдалана алады. Мысалы, жемістер бейнелген суреттерді алайық. Алма, алмұрт, қара өрік, шие, апельсин, т.б. жемістердің (суреттегі) әрқайсысына алдымен мұғалім, содан соң оқушылар сұрақ қоя отырып, олардың бәрі де «не?» деген сұраққа жауап беретінін анықтайды. Берілген ұғымды орнықтыра түсу үшін оқулықтағы 142-жаттығу орындалады. Бұдан соң суреттер бойынша жұмыс жүргізуге болады. Мысальі, аңдар (аю, арыстан, қасқыр, қоян, түлкі, т.б.). Ал оқушылар сұрақты өздері қойып, жауабын өздері айтады:

-         Мынау не?

-         Аю

-         Неше аю?

-         Екі аю

-         Қасқыр...

Осындай үлгідегі ауызша жаттығудың үшінші рет қайталанған тұсында мұғалім оқушыларды ойландыратындай өзгеріс енгізу қажет. Мысалы, суреттерде, ауылшаруашылығы машиналарының (трактор, комбайн, жүк машинасы, автобус) немесе қала транспортының Тұрлері (автобус, трамвай, траллейбус, такси т.б.) бейнеленген.

Оқушылар алғашқы дағдылары негізінде сұрақ қойып, оған
өздері жауап бере бастайды:                          ;

-         Мынау не?

-         Автобус.

-         Мынау неше автобус ?

-         Төрт автобус

Осы мұғалім суреттердің арасынан үлкен планда бейнелеген автобус жүргізушінің немесе кондуктордың, не көше айырығындағы милиқионердің суретін көрсетеді. Адам бейнелеген суреттерге келгенде оқушалардың ойланып қалары анық. Ал алғашқы дағдысымен «Мынау не?» деп сұрақ қойып жатса, мұғалімнің өзі араласады.

-         Ойланыңдаршы, адамға бұл не деп айта ма екен?

-         Айтпайды.


-         Ал оларға қандай сұрақ қойылады?

-         Бұл кім?

Соңғы сұрақтың жауабын мұғалім айтса да, оқушылар айтса да бәрібір. Маңызы - оқушының ойлануы - кенеттен жаңалыққа кез болу.

Ары қарай суреттерді араластыра бастау қажет: парта, төменге есімі жазылған оқушы қыз, нан, ақ халат киген сатушы, .т.б

Суреттердің көмегімен оқушылардың сұрақ қойып, оған өздері жауап берген дағдылары орнығып, ойлау жылдамдықтары артқан кезде олдардың алған білімдерін қортындылауға болады.

Қорытынды: барлық заттардың, адамдардың аттары болады. Олар сөздермен аталады. Бұл сөздерге кім? не? деген сұрақтар қоямыз. Егер адам болса кім? — деген сұрақ , ол жансыз зат, жан-жануарлар болса, не? деген сұрақ қойылады. Заттар дара не бірнеге болса оларға Қанша? неше ? деген сұрақтар қойылады.

III. Пысықтау жаттығулары. Мысалы, оқулықтағы 143-жаттығу.

Қосымша жаттығу үлгілері. Жақшадағы көп нүктенің орнына Қанша? неше ? сұрақтарының тиістісін қойып, көшіріп жазыңдар.

Шана (•...), бала (...), жүргізуші (...)..

Қалаған уақыттың көлеміне сай оқушыларды ойлау қабілетін дамытатын, әрі өткен материалдарды байытатын жұмбақ шешу жұмысын жүргізу де артық болмайды. Мысалы:

1. Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.

(Қарбыз)

2. Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

(Кітап)

Мүнан кейін оқушыларға мақал- мәтел табу тапсырылды. Оқушылар тапқан мақал- мәтелдерден сан есімді тапты. Ол үшін оқушыларға әр тақырыптан мақал- мәтелдер табу тапсырылды.

1-ші топқа:

Туған жерге туың тік.

2-ші топқа:

Өнерді үйрен де жирен.

3-ші топқа:

Ырыс алды — ынтымақ.

4-ші топқа:

Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың.

Бес минуттан кейін әрбір топ өз жауаптарын берді:

1-топ:

1.   Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.

2.   Өз үйім - өлең төсегім.

3.   Ел ііиі - алтын бесік.

4.   Елінен безген ер оңбас,
Көлінен безген қаз оңбас.

5.   Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.

2- топ:

1.  Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.

2.  Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.

3.  Керекті тастың ауырлығы жоқ.

4.  Өнерліге өлім жоқ.

5. Жаман етікші біз таңдайды.
3 -топ:

1.  Бірлік болмай, тірлік болмас.

2.  Тозған қазды топтанған қарға алады.

3.  Бірлік түбі - тірлік.

4.  Теңге - тиынмен, ынтымақ - үйыммен.

5.  Көкектен шошыған бие оңбас
Көптен бөлінген үй оңбас.

4-топ:

1.   Суын ішкен қүдығыңа түкірме.

2.   Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.

3.   Бір елі ауызға екі елі қақпақ.
Ғалым алдыңда ауызыңды тый.

4.   Балапан үядан не көрсе, үшқанда соны іледі


5. Асырауын тапса, адам болар,

Оқуын тапса, білім қонар.

Оқушылар Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын. Алтау ала болса, аузыңдағы кетер, төртеу түгел болса,

төбедегі келер. Т.б. мақал- мәтелдер тапты. Бұл ойынның екінші кезеңінде әр топ бір-біріне жұмбақ жасырды. Қай топ көп жұмбақ тапса, бір ұпай қосылды, егер таба алмаса, бір ұпай алынды.

Бірінші топтың жұмбақтары:

1. Бір үйге көзсіз болып басыңды сүғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың

(Мектеп)

2. Ішегіне мүз қатқан
Өз - өзін мүздатқан

(тоңазытқыш)

(Ит- Т)

3. Егер И-ден бастасаң
Хайуанаттың Тұрімін
И-ді алып тастасан

Әріптердің бірімін. Екінші топтың жұмбақтары:

(Кірпі)

(Велосипед)

(П әріпі)

1.  Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай Тұр.

2.  Екі аяқты бір ізді,
Үстіне адам мінгізді.

3.  Үш шырпыдан бір есік
Құрастырып көр шешіп

Үшінші топтың жұмбақтары:

(Піл)

(Шам)

(Шаңсорғыш)

1.  Тышқаннан басқа батпаған
Бір шлангы төрт баған

2.  Ол жұмса көзін
¥йықтаймын өзім.

3.  Иректеп еденді иреңдеп келеді.
Шаң мен тозаңды қылғыта береді.


Төртінші топтың жұмбақтары:

1. Қыста ғана болады
Үстасаң қолың тоңады.

(Қар)

2. Төрде жатып шалқиған
Дәу қарын қампиған.

(Жастық)

3. Көрсетеді,
Сөйлейді,

Өзі ешкімді көрмейді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Кім? не? Қанша? неше ? сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы жалпы түсінік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по трудоустройству

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 016 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2015 8525
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулегенова Бакыт Курмангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45813
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 71 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе