Сауат ашу
Тақырыбы:Ш,Й,О,Қ,Д,М,Б,С
дыбыстары мен әріптерін қайталау.
Мақсаты:Дыбыс пен әріпті ажырата білуге,дұрыс
айтуға баулу. Өтілген дыбыстар туралы балалар-дың білімдерін бекіту. Оқушылардың
ойлау қабілетін дамыту.Сөз,сөйлем құрауға дағдыландыру Таза,сауатты жазуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Кеспе
әріптер,буындар,ойындар,ертегі кейіпкерлері,жұлдызшалар
Өту барысы 1.Ұйымдастыру
кезеңі
2.Сәлемдесу. 3.Сабақтың
мақсатымен таныстыру
4.Үй
жұмысын сұрау
-Үйге
қандай тапсырма берілді?
-С
дыбысы мен әрпімен таныстық
-С
дыбысы қандай дыбыс,тағы қандай ерекшелігі бар? (дауыссыз,қатаң дыбыс)
-С дыбысы басында,ортасында,аяғында кездесетін
сөздерге мысал келтіріңдер.
-Енді кітабымызды ашып С дыбысына
байланысты сөздерді тізбектеп оқимыз.
-Сұраулы сөйлем туралы сұрау.
-Тақтадағы сөздерді оқыту
-«Саймандар» мәтіні бойынша сұрақ қою.
-Мәтінде неше сөйлем бар?
-Сөйлем қалай жазылады?
5.Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта осы уақытқа дейін өткен
әріптер мен дыбыстарды қайталаймыз
-Дыбыс дегеніміз не? -Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? -Дауыссыз дыбыс
нешеге бөлінеді?
6.«Орманға саяхат» жасаймыз.
Ең алдымен саяхатты орман емшісі
«Тоқылдақтың» тапсырмасымен бастайық .Ол үшін танысқан дыбыстарға
тоқталайық.Дауысты,дауыссыз дыбыстарды сандықшаға салайық
7.Келесі «Тасбақаның» тапсырмасын
орындайық .»Қай әріпті жоғалттым» ойыны.Тасбақа асықпай жүрем деп әріптерді
түсіріп алыпты.Соны табуға көмектесейік.
Ша...у, т...рғай, а...ран, қоша...ан,
...оп,ой...ақ, дор...а,ма...а.
8. «Түлкінің» тапсырмасы.Сөздік
диктант.Егер диктантты дұрыс жазбасақ түлкі тауықтың балапандарын жеп қояды.Сол
үшін қатесіз таза жазуға тырысайық.
Бала,сана,май,қар,тон,шашу. (Қатесін
тақтадан тексеру)
9. «Қоянның» тапсырмасы.Орны ауысқан
әріптер.Қоянға сәбіз жинауға көмектесеміз.
ЛҚА (ЛАҚ),СДО(ДОС),БАОТ(БОТА),АНЙА(АЙНА),АШАҒ(АҒАШ).
10. «Тиіннің»тапсырмасы.Тиінге жаңғақ
жинауға көмектесеміз
«Буыннан сөз құра»
БА НА
ША ТА
АР ҒА
ҚА ЛА
ДО ША
МА РА
11. «Құмырсқаның» тапсырмасы.Сөздерді
оқыту
12. «Кірпінің» тапсырмасы.Дыбыстық талдау
жасау.
Сағат,маса,дос.
13.Қорытындылау.
Бүгін сабақта не істедік? Сабақ сендерге
ұнады ма?
14.Бағалау.Мадақтау арқылы жұлдызшалар
тарату.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.