Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / "Математикадан бақылау жұмыстарының жинағы" (6 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Математика

"Математикадан бақылау жұмыстарының жинағы" (6 сынып)

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifЛенин негізгі мектебі














6-сынып

Математика пәні бойынша бақылау жұмыстарының жинағы














Құрастырған: А.К.Косыбаева


















2015 жыл






Бақылау жұмысы №1

5-сыныпта өтілген тақырыптарды қайталау.


Мақсаты: Оқушылардың бесінші сыныпта игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

  1. Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады:

а) hello_html_m64b154a0.gif = hello_html_m5edaaeb4.gif; ә) hello_html_m7d5ac379.gif = hello_html_109512be.gif; б) hello_html_m6b90184f.gif = hello_html_m44b1841d.gif.


  1. Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жазыңдар:

hello_html_216e488b.gif

  1. 3. АВ кесіндісінің ұзындығы hello_html_78eb4e12.gifсм, СD кесіндісінің ұзындығы hello_html_m4db44a0c.gif см. АВ кесіндісі СD кесіндісінен қанша ұзын?

В

  1. Амалдарды орындаңдар:

1) hello_html_40a5dc8c.gif

2) hello_html_4648008a.gif

С

5. Пропорцияны шеш: hello_html_6d2f8314.gif


ІІ нұсқа

А

  1. Жұлдызшаның орнына қандай санды қойғанда бөлшектердің теңдігі сақталады:

а) hello_html_964528d.gif = hello_html_m4a93b246.gif; ә) hello_html_m22b329a2.gif = hello_html_m76ab700c.gif; б) hello_html_28a34399.gif = hello_html_m183b504d.gif.

  1. Бұрыс бөлшектерді аралас сан түрінде жазыңдар:

hello_html_4e495a38.gif

3. Ұзындығы hello_html_3e78e2c9.gifм сымнан hello_html_m1a985233.gif кесіліп алынды. Қалаған сымның ұзындығын табыңдар.

В

  1. Амалдарды орындаңдар:

1) hello_html_m7b5d7ab7.gif;

2) hello_html_m79a8dee4.gif.

С

5. Пропорцияны шеш: hello_html_23edc7e7.gif


6-сынып. Математика. Бақылау жұмысы №2


Қатынастар мен пропорциялар.


Мақсаты: Оқушылардың қатынастар және пропорциялар туралы игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.


І нұсқа

А

1. Қатынастарды қысқартып, оған тең қатынасты жазыңдар:

hello_html_m58632239.gif 36:20; 21:56.

2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

hello_html_m4cb74bfd.gif 12,5:15=х:6.

3. 16 кг қоспада 6,4 кг темір бар. Осындай неше килограмм қоспада 2,4 кг темір бар?

В

4. х-ті табыңдар

hello_html_m2a252f9a.gif

С

5. Пойыз 75 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, бірінші станциядан екінші станцияға 2 сағ 24 минутта келеді. Егер пойыз жылдамдығын 20%-арттырса, бірінші станциядан екінші станцияға бұрынғыдан неше минут ерте келеді?




ІІ нұсқа

А

1. Қатынастарды қысқартып, оған тең қатынасты жазыңдар:

hello_html_m374438ab.gif 36:30; 64:72

2. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

hello_html_4fa757a.gif 3:8=х:20

3. 9 кг қоспада 1,5 кг мыс бар. Осындай 1,8 кг қоспада қанша мыс бар?


В

4. х-ті табыңдар

hello_html_m3ef31c6a.gif

С


5. Пойыз 70 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, бірінші станциядан екінші станцияға 4 сағ 30 минутта келеді. Егер пойыз жылдамдығын 20%-арттырса, бірінші станциядан екінші станцияға бұрынғыдан неше минут ерте келеді?





6-сынып. Математика. Бақылау жұмысы №3


Шеңбердің ұзындығы, дөңгелектің ауданы


Мақсаты: Оқушылардың шеңбер ұзындығы және дөңгелектің ауданы туралы игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.


І нұсқа

А

1. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

1) hello_html_3b6ac090.gif; 2) hello_html_6207be7e.gif

2. 1,36 кг 16 сақина жасалады. 50 сақина неше килограмм металдан жасалады?

3. Картадағы 1 см кесіндіге Жер бетіндегі 5 км арақашықтық сәйкес. Картаның масштабын табыңдар.

В

4. Гүл егілген дөңгелек гүзардың жиегінің ұзындығы 15,7 м. Гүлзардың радиусын табыңдар.

5. 15,27,75,84,96 сандарындағы:

1) цифрлардың А жиынын элементтерімен жазыңдар;

2) жиынның элементтерінің санын көрсетіп, белгіленуімен жазыңдар.

С

6. Тісті екі тегершіктің бірі айналғанда, онымен тістері арқылы байланысқан екіншісі де айналады. Тісті тегершіктің біреуінің 56 тісі бар. Ол 35 рет айналғанда, екіншісі 40 рет айналады. Екінші тегершіктің неше тісі бар?


ІІ нұсқа

А

1. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:

1) hello_html_13c07ec1.gif; 2) hello_html_m6c2db6dc.gif

2. Өзенде ағыспен жүзген сал 5 сағатта 14 км қашықтыққа барады. Сал 8,96 км қашықтыққа қанша уақытта барады?

3. Картадағы 1 см кесіндіге Жер бетіндегі 7,5 км арақашықтық сәйкес. Картаның масштабын табыңдар.

В

4. Киіз үйдің табанының ауданы 78,5 м2. Киіз үйдің табанының диаметрін табыңдар.

5. 14,26,34,48,82 сандарындағы:

1) цифрлардың В жиынын элементтерімен жазыңдар;

2) жиынның элементтерінің санын көрсетіп, белгіленуімен жазыңдар.

С

6. Қайыс белдікпен байланысқан екі тегершіктің үлкенінің сыртқы шеңберінің ұзындығы 72 см. Үлкен тегершік 35 рет айналғанда, кіші тегершік 60 рет айналады. Кіші тегершіктің шеңберінің ұзындығын табыңдар.










6-сынып. Бақылау жұмысы №4 (І тоқсандық)

Рационал сандар.

Мақсаты: Оқушылардың рационал сандар туралы игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонышмен қатар С тобының кез келген 1 есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

1. Бірлік кесінді ретінде дәптердің 2 тор көзінінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар:

  1. координаталық түзуде А(-1), В(5) және С(-4) нүктелерін белгілеңдер;

  2. координаталары А,В және С нүктелерінің координаталарына қарама-қарсы сан болатын D, E және F нүктелерін белгілеп, оларды координаталарымен жазыңдар.

  1. Сандарды салыстырып, нәтижесін «<» немесе «>» белгісімен жазыңдар:

1) -3 және 0; 2) -4,9 және 2,7; 3) hello_html_917abbb.gif және -4.

3. Есептеңдер:

1) hello_html_43cbcb5.gif 2) hello_html_m16ebe881.gif 3) hello_html_m60bf61ad.gif


В

4. х-ті табыңдар:

1) hello_html_1ff9a444.gif 2) |4х|=20; 3) |х+7|=11.

С

5. Есептеңдер:

hello_html_1ee861f8.gif

ІІ нұсқа

А

1. Бірлік кесінді ретінде дәптердің 2 тор көзінінің ұзындығын алып, координаталық түзу сызыңдар:

  1. координаталық түзуде А(-2), В(3) және С(-5) нүктелерін белгілеңдер;

  2. координаталары А,В және С нүктелерінің координаталарына қарама-қарсы сан болатын К, L және Р нүктелерін белгілеп, оларды координаталарымен жазыңдар.

    1. Сандарды салыстырып, нәтижесін «<» немесе «>» белгісімен жазыңдар:

1) -5 және 0; 2) -8,2 және 3,1; 3) hello_html_m7fb41e3e.gif және -2.

3. Есептеңдер:

1) hello_html_20733e0.gif 2) hello_html_m502f4d7e.gif 3) hello_html_m47c40dbb.gif


В

4. х-ті табыңдар:

1) hello_html_m69c27f2f.gif 2) |3х|=21; 3) |х-9|=15.

С

5. Есептеңдер:

hello_html_m340af3b2.gif




5-сынып. Математика.

Бақылау жұмысы №5

Рационал сандарды азайту.


Мақсаты: Оқушылардың рационал сандарды қосу, азайту тақырыптары бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

  1. Есептеңдер:

1) 14+(-6); 2) - 3,6+(-5,7); 3) -1,2+(hello_html_m6af096a3.gif)+3.

2. х-ті табыңдар:

1) |х| - 9=15; 2) 2|x|=8; 3) |x|+3=5.


3. Координаталық түзудегі С және D нүктелерінің координаталары берілген. Бірлік кесінді 1 см-ге тең: 1) C (1); D (7); 2) C (-2); D(3) болса, CD кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

В

4. Өрнектің мәнін табыңдар:

1) а+(-0,9)+(hello_html_m20801ec0.gif), мұндағы а=0,4;

2) 5,2+(hello_html_m4451c425.gif), мұндағы а=hello_html_m1ee2eeb2.gif.

С

5. Теңдеуді шешіңдер:

(-х-6,3) – (-3,9) = 2,8

ІІ нұсқа

А

  1. Есептеңдер:

1) 18+(-9); 2) - 5,2+(-7,6); 3) -2,8+(hello_html_m1186098e.gif)+4.

2. х-ті табыңдар:

1) |х| - 7=16; 2) 5|x|=35; 3) |x|+6=10.


3. Координаталық түзудегі А және В нүктелерінің координаталары берілген. Бірлік кесінді 1 см-ге тең: 1) А (-1); В (3); 2) А (-2); В(1) болса, АВ кесіндісінің ұзындығын табыңдар.


В

4. Өрнектің мәнін табыңдар:

1) а+(-0,6+hello_html_m7d5ac379.gif), мұндағы а=hello_html_m34b96f15.gif;

2) 6,4+(hello_html_m3303c4c9.gif), мұндағы а=hello_html_854fb17.gif.

С

5. Теңдеуді шешіңдер:

(-х-5,2) – (-1,2) = 3,8






6-сынып. Математика. Бақылау жұмысы №6

Рационал сандарға амалдар қолдану

Мақсаты: Оқушылардың алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тақырыбы бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау, бақылау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

1. Есептеңдер:

1) 5,2-(-17); 2) hello_html_6800a3d7.gif; 3) -1,3: 0,26; 4) hello_html_62181d43.gif.

2. Координаталық түзудегі А және В нүктелерінің координаталары берілген. Бірлік кесінді 1 см-ге тең:

А(-1); В(3) болса, АВ кесіндісінің ұзындығын табыңдар

3. Теңдеуді шешіңдер:

-0,7 х +0,9= -0,5

В

4. Амалдарды орындаңдар:

hello_html_6a5572dc.gif

С

5. Үш күнде элеваторға 720 т астық қабылданды. Элеваторға екінші күні қабылданған астық бірінші күнгінің hello_html_3f7d5659.gif-іне тең, үшінші күнгіден 90 т-ға кем. Элеваторға бірінші күні неше тонна астық қабылданды?


ІІ нұсқа


А

1. Есептеңдер:

1) 4,8-(-1,9); 2) hello_html_7a6cdd50.gif; 3) -1,4: 0,35; 4) hello_html_me9a8346.gif.

2. С және D нүктелерінің координаталық түзудегі координаталары берілген. Бірлік кесінді 1 см-ге тең:

С(1); D(7) болса, СD кесіндісінің ұзындығын табыңдар

3. Теңдеуді шешіңдер:

-0,8 х +1,7= -0,7

В

4. Амалдаржы орындаңдар:

hello_html_1a376c9e.gif

С

5. Үш жүйекте 72 түп құлпынай бар. Екінші күні жүйектегі құлпынай түптерінің саны бірінші жүйектегінің hello_html_m7ef5b784.gif-іне тең, ал үшінші жүйектегіден 4 түпке кем. Бірінші жүйекте неше түп құлпынай бар?







Бақылау жұмысы №7 (ІІ тоқсандық)

Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру

Мақсаты: Оқушылардың рационал сандарға амалдар қолдану тақырыптары бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарып ықшамдаңдар:

ab+ас+аb; 2mn-3n; xy+3x; 6х+2х-7х

2. Теңдеудің түбірін табыңдар:

23х-(14+9х)=5х+13.

3. Атасы Шолпан мен Маржанның әрқайсысына 120 тг-ден ақша берді. Қыздар ойын билеттерін сатып алды. Шолпан 2 ойын билетін, Маржан 3 ойын билетін сатып алды. Шолпанда қалған ақша Маржандағы қалған ақшадан 4 есе артық болды. Ойын билетінің бағасы неше теңге?

В

4. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

1) 6х-(2,4-х)+(1,4х-5х); 2) hello_html_6d04cba1.gif.

5. Тік төртбұрыштың ені b см. Оның ұзындығы енінен 60%-ке артық. Тік төртбұрыштың периметрі неше сантиметр?

Есептің өрнегін жазып, өрнектің мәнін табыңдар. Мұндағы b=7.

С

6. Теңдеудің түбірін табыңдар:

hello_html_m4d045c12.gif

ІІ нұсқа

А

1. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарып ықшамдаңдар:

mx+my-mz; ny-4y; mx-5х; 3х-10х-6х.

2. Теңдеудің түбірін табыңдар:

43х-(29+13х)=14х+3.

3. Бірінші сөредегі кітап саны екінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық. Бірінші сөреден 28 кітапты алып, екінші сөреге қойғанда, 10 кітап артық болды. Алғашқыда екінші кітап сөресінде неше кітап болған?

В

4. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

1) 8х-(3,7-х)+(1,2х-5х); 2) hello_html_20a8980c.gif.

5. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см. Оның ені ұзындығының 60%-іне тең. Тік төртбұрыштың периметрі неше сантиметр?

Есептің өрнегін жазып, өрнектің мәнін табыңдар. Мұндағы а=8.

С

6. Теңдеудің түбірін табыңдар:

hello_html_m7f6348f8.gif








Бақылау жұмысы №6

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Санды теңсіздіктер

Мақсаты: Оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу және санды теңсіздіктер тақырыптары бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

  1. Теңсіздіктің қасиеттерін пайдаланып:

  1. 12>8 теңсіздігінің екі жақ бөлігінен де 5-ті азайтыңдар;

  2. 15<21 теңсіздігінің екі жақ бөлігін де 3-ке бөліңдер.

2. Теңсіздіктерді мүшелеп :

қосыңдар: 13>7 және 8>3;

көбейтіңдер: 2<7 және 8<10.

3. Мына теңсіздіктің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеп, сан аралығымен жазыңдар:

x>-7; 3≤х≤8.

В

4. Теңсіздіктерді мүшелеп :

қосыңдар : 3 а > 5 + 7b және 4a > 4b + 8

азайтыңдар : 25 > 18 және 7 < 15

бөліңдер : 35 > 27 және 9 > 7

5. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар:

А станциясынан шыққан пойыз В станциясына 3,5 сағатта жетеді. Егер пойыз жылдамдығын 20 км/сағ-қа кемітсе, ол сол аралықты 1 сағ ұзақ жүреді. А станциясы мен В станциясының арақашықтығын табыңдар.

С

6. Теңдеудің түбірін табыңдар:

hello_html_m65c0aad2.gif

ІІ нұсқа

А

  1. Теңсіздіктің қасиеттерін пайдаланып:

  1. 15>9 теңсіздігінің екі жақ бөлігінен де 4-ті азайтыңдар;

  2. 18<230 теңсіздігінің екі жақ бөлігін де 6-ға бөліңдер.

2. Теңсіздіктерді мүшелеп :

қосыңдар: 27>15 және 9>7;

көбейтіңдер: 12>7 және 13>5.

3. Мына теңсіздіктің шешімдерін координаталық түзуде кескіндеп, сан аралығымен жазыңдар:

x<9; 4≤х≤10.

В

4. Теңсіздіктерді мүшелеп :

қосыңдар : 4с<2+d және 8с<0,7+3d;

азайтыңдар 13<15 және 6 <3

бөліңдер: 56 > 42 және 7 > 4.

5. Теңдеу құру арқылы шығарыңдар:

Екі санның қосындысы 350-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші санның 60%-іне тең. Бірінші санды табыңдар.

С

6. Теңдеудің түбірін табыңдар:

hello_html_6bcffcf8.gif

Бақылау жұмысы №7

Жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы. Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі

Мақсаты: Оқушылардың жазықтықтағы түзулер және олардың орналасуы. Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі тақырыптары бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

1. а және b түзулерінің қиылысуынан пайда болған hello_html_m2d92da1e.gifжәне hello_html_17429d24.gif-тің градустық өлшемін табыңдар.

2. Координаталық жазықтықта А(3;2) нүктесін белгілеңдер.

Ох осіне қатысты А(3;2) нүктесіне симметриялы А1 нүктесін тауып, а b

оны координаталарымен жазыңдар.

3. Шеңбердің радиусы 25 см доңғалақ 100 рет айналғанда,

неше метр қашықтыққа барады? 400

В

4. Қайық көлде 5 км/сағ жылдамдықпен t сағат жүзді. Мұндағы t=1; 2;3. 2

Қайықтың қозғалыс графигін салыңдар. 3

5. Амалдарды орындаңдар:

hello_html_m21c508ca.gif

С

6. Берілген қашықтықта шеңбердің радиусы 15 см доңғалақ 36 айналым жасайды. Осы қашықтықта шеңберінің радиусы 18 см доңғалақ неше айналым жасайды?


ІІ нұсқа

А

1. с және d түзулерінің қиылысуынан пайда болған hello_html_24804690.gifжәне hello_html_17429d24.gif-тің градустық өлшемін табыңдар.

2. Координаталық жазықтықта А(4;3) нүктесін белгілеңдер.

Оу осіне қатысты А(4;3) нүктесіне симметриялы А1 нүктесін тауып, d с

оны координаталарымен жазыңдар.

3. Шеңбердің радиусы 50 см доңғалақ 150 рет айналғанда, 500

неше метр қашықтыққа барады?

В 2

4. Жаяу адам 4 км/сағ жылдамдықпен t сағат жүрді. Мұндағы t=1; 2;3.

Жаяу адамның қозғалыс графигін салыңдар. 3

5. Амалдарды орындаңдар:

hello_html_476db97a.gif

С

6. Берілген қашықтықта шеңбердің радиусы 24 см доңғалақ 45 айналым жасайды. Осы қашықтықта шеңберінің радиусы 36 см доңғалақ неше айналым жасайды?












Бақылау жұмысы №8 (ІІІ тоқсандық)

Функция. Санды теңсіздіктер. Симметрия (қайталау)

Мақсаты: Оқушылардың функция, санды теңсіздіктер, симметрия тақырыптары бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

1. Функция y=2х+1 формуласымен берілген.

    1. х=2 мәніне сәйкес у-тің мәнін;

    2. у= -1 мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар.

2. Велосипедші қаладан 7 км қашықтыққа барған соң одан әрі саяжайға қарай 200м/мин жылдамдықпен t минут жүрді. Велосипедшінің барлық жүрген жолының уақытқа тәуелділік функциясының формуласын жазыңдар.

3. Қабырғасы 4 см АВСD квадратын салып, оның А төбесі мен В төбесінің симметрия осін сызыңдар.

В

4. Сызықтық функция f(х)=1,5х+l формуласымен берілген. Егер: 1) f(2)=11; 2) f(6)=16 болса, l-дің мәнін табыңдар.

5. Теңсіздікті шешіңдер:

12(х-1)<5х+9


С

6. Тік төртбұрыштың ұзындығы х см, ені одан 4 см қысқа. Тік төртбұрыштың периетрі - р-ны х арқылы өрнектеп, р(х) функциясын формуламен жазыңдар

а) х=6 болғандағы р-ның мәнін табыңдар;

ә) р=12-ге сәйкес х-тің мәнін табыңдар.


ІІ нұсқа

А

1. Функция y=3х-2 формуласымен берілген.

    1. х=0 мәніне сәйкес у-тің мәнін;

    2. у= 4 мәніне сәйкес х-тің мәнін табыңдар.

2. Пойыз станциядан 25 км қашықтыққа барған соң 78 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Пойыздың барлық жүрген жолының уақытқа тәуелділік функциясының формуласын жазыңдар.

3. Қабырғасы 3 см АВСD квадратын салып, оның С төбесі мен В төбесінің симметрия осін сызыңдар.

В

4. Сызықтық функция f(х)=3х+l формуласымен берілген. Егер: 1) f(2)=14; 2) f(-2)=1 болса, l-дің мәнін табыңдар.

5. Теңсіздікті шешіңдер:

4(х+2)<5х+3.


С

6. Тік төртбұрыштың ені х см, ұзындығы одан 7 см ұзын. Тік төртбұрыштың периетрі - р-ны х арқылы өрнектеп, р(х) функциясын формуламен жазыңдар.

а) х=4 болғандағы р-ның мәнін табыңдар;

ә) р=13-ге сәйкес х-тің мәнін табыңдар.











Бақылау жұмысы №9

Сызықтық функция. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі

Мақсаты: Оқушылардың сызықтық функция, екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі тақырыптары бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

  1. у=2х+3 сызықтық функциясының графигін салыңдар. Графиктен мынаны анықтаңдар:

а) х=4 мәніне сәйкес у-тің қандай мәні сәйкес?

ә) х-тің қандай мәнінде у=5?

2. 5х-2у=10 теңдеуі берілген.

Төмендегі мәндер жұптарының ішінен осы теңдеудің шешімі болатындарын көшіріп жазыңдар:

1) х=2, у=0; 2) х=3, у=0; 3) х= -2, у= -10.

3. у=2х+l функциясының графигі А(-1; 4) нүктесі арқылы өтеді. l-дің мәнін табыңдар.

В

4. у= -0,5х+2 және у=х+5 функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтықта салып, олардың А қиылысу нүктесін тауып, оны координаталарымен жазыңдар.

5. 3х+5у=15 теңдеуінің шешімдері:

1) (5;у); 2) ( -5; у). у-ті табыңдар.

С

6. у=2х-4 сызықтық функциясының графигін салыңдар. Графиктен -5≤х≤3 анықталу аймағындағы функция мәндерінің аймағын сан аралығымен жазыңдар.

ІІ нұсқа

А

  1. у=3х+1 сызықтық функциясының графигін салыңдар. Графиктен мынаны анықтаңдар:

а) х=2 мәніне сәйкес у-тің қандай мәні сәйкес?

ә) х-тің қандай мәнінде у= -2?

2. 2х-3у=6 теңдеуі берілген.

Төмендегі мәндер жұптарының ішінен осы теңдеудің шешімі болатындарын көшіріп жазыңдар:

1) х=3, у=0; 2) х= -3, у= -4; 3) х= 6, у= -2.

3. у= -2х+l функциясының графигі А(-4; 4) нүктесі арқылы өтеді. l-дің мәнін табыңдар.

В

4. у= 0,5х+3 және у= -2х-2 функцияларының графиктерін бір координаталық жазықтықта салып, олардың В қиылысу нүктесін тауып, оны координаталарымен жазыңдар.

5. 7х+2у=14 теңдеуінің шешімдері:

1) (х;7); 2) ( х; 0). х-ті табыңдар.

С

6. у= 3х+6 сызықтық функциясының графигін салыңдар. Графиктен -2≤х≤5 анықталу аймағындағы функция мәндерінің аймағын сан аралығымен жазыңдар.

















Бақылау жұмысы №10

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу

Мақсаты: Оқушылардың екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу тақырыбы бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

  1. Теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешіңдер:

Бір жылқы мен бір сиыр 7 күнде 105 кг шөп жейді. бір жылқының 2 күнде жеген шөбін бір сиыр 3 күнде жейді. Әрбір күн сайын бір жылқы неше килограмм шөп жейді? бір сиыр неше килограмм шөп жейді?

  1. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:

hello_html_m26baa347.gif

  1. Есептеңдер:

-0,8*4 + 56 : 3,5 -5, 8.

В

  1. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер:

hello_html_11195be4.gif

  1. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:

hello_html_62ca70d0.gif

С

6. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер

hello_html_1edc48ed.gif

ІІ нұсқа

А

  1. Теңдеулер жүйесін құрып, оны алмастыру тәсілімен шешіңдер:

Екі тракторшы 6 күнде 84 га жер жыртты. Бірінші тракторшының 4 күнде жыртқан жері екінші тракторшының 3 күнде жыртқан жеріне тең. Тракторшылардың әрқайсысы бір күнде неше гектар жер жыртады?

  1. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:

hello_html_m7db79456.gif

  1. Есептеңдер:

-0,9*3 + 117 : 4,5 - 8,3.

В

  1. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер:

hello_html_m7f3fbae1.gif

  1. Теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіңдер:

hello_html_m358c9cd8.gif

С

6. Теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешіңдер

hello_html_50f7d6fe.gif

Бақылау жұмысы №11

6-сыныпта өтілген тақырыптар бойынша жылдық қорытында бақылау жұмысы

Мақсаты: Оқушылардың алтыншы сынып бойынша игерген білімдерін тексеру, бағалау.

Бағалау критерийі: Егер оқушы А тобының барлық есебін дұрыс орындаса, «үш» деген баға, А және В тобының есептерін орындаса, «төрт» алады. Сонымен қатар С тобының есебі дұрыс орындалса, «өте жақсы» деген баға қойылады.

І нұсқа

А

  1. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

1) (5а+2в)-(3а-в); 2) (х+у)-(х-у)-(у-х)

  1. Теңісіздікті шешіңдер:

4х – 5,7<3,9+х.

  1. Үшбұрыштың периметрі 24 см. Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 5:4:3 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

В

  1. Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін тауып, графигін салыңдар:

hello_html_m2c268f09.gif

  1. Есептеңдер:

hello_html_m212b6eb2.gif

С

  1. Теңдеулер жүйесін ықшамдап алып, оны ең тиімді тәсілмен шешіңдер:

hello_html_491d0fe.gif

ІІ нұсқа

А

  1. Жақшаны ашып, өрнекті ықшамдаңдар:

1) (4m+n) – (3m – n); 2) (m – n) – (m + n) – ( m – n).

  1. Теңісіздікті шешіңдер:

3х – 6,4<9,2+х.

  1. Үшбұрыштың периметрі 27 см. Оның қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 4:3:2 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларының әрқайсысының ұзындығын табыңдар.

В

  1. Функцияның графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін тауып, графигін салыңдар:

hello_html_m2b9170a7.gif

  1. Есептеңдер:

hello_html_m790adaf.gif

С

  1. Теңдеулер жүйесін ықшамдап алып, оны ең тиімді тәсілмен шешіңдер:

hello_html_m14e15185.gif


Автор
Дата добавления 25.12.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров4666
Номер материала ДВ-286378
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх