Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Білім беру технологиясы ұғымы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Білім беру технологиясы ұғымы

библиотека
материалов


Білім беру технологиясы ұғымы

Тұрғанбаева Жарқынай Асанқызы

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

4 Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты


Д.Г.Левитестің пікірінше “білім беру технологиясы – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі”. Бірақ бұл – өте ауқымды анықтама. Оған тәрбиелеу технологиясы да, қарым-қатынас технологиясы да, оқыту технологиясы да кіреді.

Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин, П.Я.Гальперин, М.Кларин, Л.В.Занков т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Технология” термині алғаш рет 1904-50 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология – өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.

Педагогикалық сөздікте “педагогикалық технология – социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті”, -делінген.

В.П.Беспалько бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технологияның мынадай төрт басты шарттары орындалуы тиіс: а)педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы керек; ә)оқушының танымдың қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет; б)оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді; в)практикада оқу-тәрбие процесінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс деп атап көрсетеді және педагогикалық технология – практикада жүзеге асатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деген көзқарас білдірген.

Б.Т.Лихачев: “Педагогикалық технология – түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым. Педагогикалық технологияның мәні – шығармашылық қабілеттердің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу”, -деп түсіндіреді.

Ф.А.Фрадкин педагогикалық технологияны білімдік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, обьективті, көпнұсқалы әрекеті деп біледі. В.М.Монахов педагогикалық технология белгілі бір әрекеттің ретке келтірілуі, оны орындауға бағытталған жоспарлы нәтиженің анықталуы деген баға береді. ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша: “педагогикалық технология – бүкіл оқыту процесі мен білімді техникалық және адам ресурстарын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі”-дейді.

Г.С.Селевконың пікірінше “педагогикалық технология” үш түрлі: ғылыми, бейнелік және нақты өрісте көрінуі мүмкін.

Бірінші жағдайда, ол педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және оқыту әдістерін зерттеп, педагогикалық процесті жобалау бөлігі, аймағы;

Екінші жағдайда, ол процестің жүру алгоритмі, жоспарланған нәтижеге жетудің мақсат, мазмұм, әдістер мен құралдарының бірлігі.

Үшінші жағдайда, барлық жеке, заттық және әдістемелік құралдардың жұмыс істеп, жүзеге асуы болып табылады.

Сол себептен Г.К.Селевко педагогикалық технологияның құрылымына төмендегідей бөліктерді: а)тұжырымдық негіз; ә)мазмұндық бөлім: оқытудың жалпы және нақты мақсаттары, оқу материалдарының мазмұны; б)процессуалды бөлім-технологиялық процесс: оқу процесін ұйымдастыру; оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен түрлері; оқу процесінің диагностикасын кіргізеді.

М.В.Кларин “педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдістемелік құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс жасау реті”-деген пікір білдіреді. Н.Ф.Талызинаның пікірінше: “оқыту технологиясы – бұл оқу процесін нақты сипаттаудың, мұғалімге қойылған мақсатқа жетуде басшылыққа алынатынның нақ өзі”. Ж.Қараевтың пікірінше, технология дегеніміз – әдістемелік жүйемен сәйкес дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданылатын әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере алмайды. Д.В.Симоненко: “педагогикалық технология – білім берудің неғұрлым тиімді түріне қол жеткізу мақсатында оқыту процесін жоспарлау, қолдану мен бағалаудың жүйелі әдісі”-деп атап көрсетеді.

Мәселені зерттеуші ғалымдардың пікірін қорытындылай келе, бізге педагогикалық технология-педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процесті жобалаушы бір бөлшегі деген тұжырым жасауға тура келеді. Демек, ол-білім стандартында көзделген оқыту нәтижелерінеқол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін процесс.

Сонымен, педагогикалық технология – тиімді оқыту жүйелерін оқу процестерін жобалаумен айналысатын педагогикалық ғылымның бағыты.

Біріншіден, оқыту технологиясы – оқу аппараттарының пайда болып көрінуі, өзгеру, өңделу әдістерінің құралдары мен жиынтығы болса; екіншіден, оқыту барысындағы мұғалімнің оқушыға қажетті техникалық және ақпараттық құралдарды қолдана отырып, әсер ету жолдары туралы ғылым. Яғни, оқыту технологиясы – алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы.

Оқытудың мазмұны тұрғысынан қарағанда оқыту технологиясы – бірқалыпты жоспарлы ұйымдастырылған және оқытудың техникалық құралдарын толық және ішінара қолданылған оқу процесі мен білімді игеруді зерттеумен айналысады”, -деп жазды белгілі дидакт В.Оконь.

Демек, оқыту технологиясын оқу аппараттарын қалыптастырудың, өңдеудің, таратудың, қабылдаудың, сезінудің, есте сақтаудың және жаңғыртудың мақсатты дидактикалық процесі ретінде елестетуге болады. Оқыту технологиясы – педагогикалық тәжірибенің нақты жағдайында керемет оқу процесін жүзеге асырады, оқытып үйрету мен оқып-үйренудің ақиқат қызметін бейнелейді. Ендеше, оқыту технологиясы – оқу-іс әрекеті мен оқытуды ұйымдастырудың амал, әдіс, тәсілдерін қолдану теориясы.

Сонымен, педагогикалық технологияның өзіне тән ерекше сипаттарына төмендегілерді:

  • Оқытудың диагностикалық негізде қойылған мақсаттарын анықтау;

  • Оқу мақсаттарына жету кепілдігіне бағытталу;

  • Кері байланыс, ағымдағы және қорытынды нәтижелерді бағалау;

  • Оқыту әрекеттерін қайта жаңғыртуды жатқызады.

М.Чошанов “оқыту технологиясы” мен “әдістемелік жүйенің” негізгі айырмашылықтарын ажырап, диагностика, нәтижелілік, үнемділік, түзету сияқты педагогикалық технологияның негізгі белгілерін айқындап берді.


Қазiргi оқыту технологиялары.

Түсiндiрме сөздiк: “Технология – бұл қандай да болсын iстегi шеберлiктiң, өнердегi амалдардың жиынтығы”.

Б.Т.Лихачев: Технология – мақсат көздей әсер ететiн педагогикалық ықпал. Ол – технологиялық үрдiстi нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтiн бiрлiктердiң (өлшемдердiң) белгiлi бiр жүйесi және педагогикалық технология түпкiлiктi өзгермейтiн механикалық құрылым еме, қайта бала мен мұғалiмнiң үнемi механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалiмнiң үнемi түрленiп отыратын өзара қарым – қатынасының өзегi, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым. Академик В.М. Монахов: Технология – оқушы мен ұстазға бiрдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесiн ұйымдастыру және жүргiзу, бiрлескен педагогикалық әрекеттi жобалаудың жан – жақты ойластырылған үлгiсi.

М. Чошанов: Технология – дидактикалық жүйенiң процессуалды болiгi.

Беспалько: Педагогикалық технология – практикада iске асырылатын педагогикалық жүйенiң жобасы.

ЮНЕСКО: Педагогикалық технология – бүкiл оқыту үрдiсi мен бiлiмдi техникалық және адам ресурсын, олардың бiр- бiрiне өзара әсерiн, бiлiм берудегi формасын оңтайландыру мiндеттерiн ескере отырып меңгерудi жүзеге асырудың жүйелi әдiсi.

М.В.Кларин: “Педагогикалық технология – бұл қойылған педагогикалық мақсатқа қол жеткiзу жолындағы қолданылатын барлық қисынды iлiм амалдары мен әдiснамалық құралдарының жүйелi жиынтығы және жұмыс iстеу ретi”.

Бiздiң пiкiрiмiзше, педагогикалық үрдiс технологиясы мемлекеттiң қазiргi таңда бiлiм беру саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, iрiктелiп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдiс – амалдарының, дидктикалық талаптарының психологиялық – педагогикалық нұсқауларының жиыны.

Педагогикалық жүйе – белгiлi бiр қабiлетi бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсердi ұйымдастыруға қажет құралдар, әдiстер мен тәсiлдердiң өзара байланысқан бөлiгi.

  1. Технология - әдiстемелiк жүйенi жүзеге асыратын тиiмдi құрал.

  2. Әдiстеме жалпы мақсатқа, ал технология соңғы нәтижеге бағытталған.

Сонымен бiрге, технология әдiстемеден оқыту әрекеттерiн өңдеуге болатындығымен ерекшеленедi.

Оқыту технологиясы оқытудың тиiмдi жолдарын зерттеушi ғылым саласында, оқыту процесiнде қолданылатын әдiстер мен тәсiлдер, қағидалар және нақты оқыту процесi саласында маңызды функция атқарады. (Г.К.Селевко).

Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады.

Жалпы педагогикалық. Педагогикалық жүйе ұғымына синоним. Оған мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары, субъктiлерi мен объектiлерiнiң әрект алгоритмi кiредi.

Салалық (пәндiк). Бiр пән шеңберiндегi оқыту мен тәрбие мазмұнын жүзеге асыруға негiзделген әдiстер мен құралдар жиынтығы.

Локальдық (модульдiк). Жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру, дара қасиеттердi қалыптастыру және дамыту технологиясы, жаңа материалды меңгеру технологиясы, қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы, жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.

Салалық (пәндiк ) және локальдiк (модульдiк) деңгейлер оқыту әдiсiмен үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемдiк және сандық компененттерге, ал әдiстерде: мақсаттылық, мазмұндық, сапалық және вариативтiк - бағдарлық компоненттерге басым көңiл бөледi.

Оқыту технологиясын жетiлдiрудiң психо – педагогикалық бағыттағы негiзгi ой –тұжырымдары төмендегiше сипатталады:

  • Есте сақтауға негiзделген оқып бiлiм алудан, бұрынғы меңгергендердi пайдалана отырып, ақыл- ойды дамытатын оқуға көшу;

  • Бiлiмнiң статистикалық үлгiсiнен ақыл – ой әрекетiнiң динамикалық құрылым жүйесiне көшу;

  • Оқушыға орташа деңгейде бiлiм беретiн бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту;

  • Оқыту технологияларының дамыту тенденциясы психологиялық – педагогикалық бағытта былай сипатталады:

  • оқыту меңгерген бiлiмдi пайдалануға мүмкiндiк тудыратын ақыл – ойды дамыту процесi, ол таза ассациативтi бiлiм үлгiсiнен, ақыл – ой әрекетiнiң жүйелi құрылымына бағытталған.

  • Дифференциалды және дара оқыту бағдарламаларында бағдарланған.

  • Сыртқы мотивациадан iшкi адамгершiлiктi ерiктi реттеуге бағытталған.


Оқытудың технологиясын бағалау көрсеткiштерi:

  1. Әдiстердiң негiзгi оқыту мақсаттарына сәйкестiгi;

  2. Әдiстерiнiң оқыту мазмұнының ерекшелiктерiне сәйкестiгi;

  3. Оқушылардың психологиялық мүмкiндiктерiн ескеру;

  4. Оқушылардың бiлiмдiк және тәрбиелiк деңгейлерiн ескеру;

  5. Нақты сыртқы жағдайлар мен орта әсерiн ескеру;

  6. Түрлi әдiс қолданудағы мұғалiм мүмкiндiктерiн ескеру;

Педагогикалық технологияның ерекшелiктерi:

  1. Оқыту мақсаттарына толыққол жеткiзу кепiлдiгi мен оқыту нәтижелерiн дұрыс бағалау;

  2. Оқыту мақсаттарын диагностикалық тұрғыдан қоя бiлу;

  3. Оқушының оқу-таным iс-әрекетi мазмұны мен құрылымын айқындайтын оқу тәрбие үрдiсi жобасының болуы.

  4. Дидактикалық үрдiстердiң бүтiндiгi;

Әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiндегi педагогикалық технологияларының ғылыми философиялық негiзiн мыналар құрады:

Сциентизм – адамзат қоғамының мәдениет жүйесiнде ғылым мен техника ролiн даралап бағдарлау.

Табиғаттәндiлiк – адамның табиғи мүмкiндiктерiн ескерудi уағыздаушы көзқарас, адам мен табиғаттың үйлестiгiн басшылыққа алу.

Гуманизм (iзгiлiк ) – әлеуметтiк құбылыстары бағалау өлшемi – адамның жағадайы, қоғам, қағидасы –теңдiк, әдiлеттiлiк.

Теософия – дiни бағыттағы мектептердiң негiзi. Ол ұлттық педагогикадан терең аладыб жастарды жақсылық пен жамандық аражiгiн ашуға тәрбиелейдi.

Антропософия – адамның рухани құндылығын зерттеушi бағыт.

Прагматизм – тұлғаның интелектуалды және адамгершiлiк салалары оның табиғи жаратылысы жеке оның көрiнуi тек даралық ерекшелiктерiне байланысты. Олар адамгершiлiк салалары оның табиғи жаратылысы жеке оның көрiнуi тек даралық ерекшелiктерiне байланысты.

Олар адамгершiлiк салаларды қалыптастыру емес, табиғи берген қабiлеттi дамытуды өзiн - өзi реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейдi.

Экзистенциализм – адам өзiн - өзi жасаушы деген ойды басшылыққа алу.
















Оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған технологиялары


Оқушы мақсаттары мен құндылықтарының, оның iс-әрекетiнiң бiрiншi рөлiнiң және мұғалiм қызметiнiң оқу процесiн ұйымдастырушы ретiндегi екiншi рөлiнiң басымдылығының парадигмасы жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың әр түрлi типтерiнде өз көрiнiсiн тапты. Оқыту мұндай жағдайда оқушының өзiн iс жүзiнде көрсетуіне және оқытылатын пәндердi меңгеру барысында өзiнiң жеке қасиеттерiн дамытуға арналған оқушы мен мұғалiмнiң бiрлескен iс-әрекетi түрiнде түсiндiрiледi.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту парадигмасының негiзiнде әрбiр оқушының бiрегей мәнiн және оның оқу өрiсiнiң даралығын тану ниетi жатыр. Мұғалiмнiң рөлi бiлiм беру, бiлiктiлiктер мен дағдыларды сiңiруде ғана емес, оқушы өзiнiң жеке әлеуетiне сүйенетiн және оқытудың тиiстi технологиясын пайдаланатын пайдаланатын тиiстi бiлiм беру ортасын құруда болып табылады.

Оқушы жеке тұлғаға бағдарланған бiлiм беру жүйесiнiң нақ ортасында тұр, бұл өз кезегiнде педагогикалық процестiң технологиясын ұқыптылықпен жасауды талап етедi. Онда әрбiр оқушының ерекшелiктерi мен мүмкiндiктерi барынша есерiлiп, оның әлеуметтiк мүмкiндiктерiнiң ашылуына және дамуына жағдай жасалуға тиiстi.

Баланың даралық ерекшелiктерiн ескеру қажеттiгi туралы белгiлi кеңес психологтары Л.В.Выготский (баланың жақын маңдағы даму аймағанының теориясы), П.Я.Гальперин (ақыл-ой әрекеттерiн кезең-кезеңмен қалыптастыру теориясы), А.А.Льеонтьев (оқыту психологиясы) және басқа ғалымдар айтқан болатын. Алайда, сыныптық–сабақ беру жүйесiнiң жағдайында, педагогикада авторитарлық стиль үстем болып тұрғанда, бұл иделарды әрбiр оқушыға қолданудың мүмкіндігі болған жоқ.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту жағдайында мұғалiм оқу процесiнде өзгеше рөлге ие болып, өзгеше функцияны атқарады. Мұның мәнi дәстүрлi оқу жүйесiндегiден титтей де кем емес, бiрақ басқаша. Осыны дұрыс түсiну қажет. Егер дәстүрлi бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм оқулықпен бiрге негiзгi және неғұрлым бiлiктi бiлiм көзі, оның үстіне танымды бақылаушы субъект болатын болса, енді бiлiм берудiң жаңа парадигмасы бойынша мұғалiм оқушылардың дербес белсендi танымдық қызметiн ұйымдастырушы, бiлiктi кеңесшi және көмекшi рөлiнде бой көрсетедi.

Оның кәсiби бiлiктiлiгi оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн бақылауға ғана жұмсалмай, бiлiмдi тану мен қолдануда кездесетiн қиындықтарды бiлiктi iс-әрекеттердiң көмегiмен жеңу үшiн олардың iс-әрекетiн диагностикалауға бағытталуға тиiстi. Бұл рөл дәстүрлi оқытудағыдан гөрi анағұрлым күрделi, сондықтан да мұғалiмнен жоғары шеберлiктi талап етедi.

Бiлiм берудiң жеке тұлғаға бағдарланған мағынасы оқытудың барлық типiне енгiзiлуi мүмкiн. Мысалы, қашықтықтан оқыту өзiнiң негiзiне жеке тұлғаға бағдарлау әдiсiн енгiзсе де, енгiзбесе де болады. Жеке тұлғаға бағдар ұстау – кез келген оқу типi мен түрiнiң өлшемдiк белгiлерiнiң бiрi. Егер адамның (оқушының, мұғалiмнiң) табиғи, жеке бастық және даралық ерекшелiктерi бiлiм беру процесiн жобалау, жүзеге асыру және диагностикалау кезiнде ескерiлсе және оған әсер етуге қабiлеттi болса, бұл оқытудың гуманистiк тұрғыда жеке тұлғаға бағдарлануын бiлдiредi.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың басты мақсаттарының бiрi - оқушылар бiлiмiнiң дербес модельдерiн iске асырудың бiр мезгiлде жүргiзiлуi. Бұл үшiн әрбiр оқушыға барлық оқу пәндерiн меңгерудiң өзiндiк бiлiм алу өрiсiн жасау мүмкiндiгi берiледi. Оқушы оқытудың дара мақсаты мен мағынасына, оқытылатын пәндердi таңдауға, оқу материалынан озып кетуге және оны тереңдетуге, оқытудың қарқынын, нысандары мен әдiстерiн, әлемнiң жеке картинасын таңдауға құқылы болады.

Бiлiм берудiң жеке өрiсi – бұл бiлiм берудегi тиiстi iс-әрекет түрлерiн жүзеге асыру арқылы оқушының жеке әлеуетiн iске асыру нәтижесi. Жеке тұлғаға бағдарланған бiлiм берудi ұйымдастыру оқушылардың мынадай құқықтары мен мiндеттерiн iске асыруды мақсат етедi:

  • әрбiр оқу курсында, тақырыпта, сабақта жеке мағына мен мақсатты таңдау және табу құқығы;

  • iргелi ұғымдар мен категорияларды өзiндiк түсiну және түсiндiру құқығы; оқытылатын курстар бойынша тоқсанға немесе жылға арналған жеке бiлiм беру бағдарламаларын жасау құқығы;

  • оқытудың жеке қарқынын, бiлiм беру мiндеттерiн шешудiң нысандары мен әдiстерiн, бақылау, рефлексия тәсiлдерiн таңдау, өзiнiң жеке ерекшелiктерiн бiлудiң негiзiнде өзiнiң iс-әрекетiн өзiндiк бағалау құқығы;

  • оқытылатын пәндердi, шығармашылық зертханаларды және мектептiң базистiк оқу жоспарына сәйкес таңдау бойынша анықталған пәндер мен сабақтарды жеке таңдау;

  • оқу курстарының мазмұнын арттыру (озу және тереңдету); қосымша тақырыпты және пәндер бойынша шығармашылық жұмыстарды жеке таңдау;

  • әлемнiң жеке картинасы және әрбiр бiлiм саласы бойынша жеке негiзделген ұстаным құқығы.

  • Оқушының жеке бiлiм алу қызметiнiң негiзгi элементтерi: iс-әрекеттiң мағынасы (мен мұны не үшiн iстеймiн); жеке мақсат қою (таңданарлық нәтиже); iс-әрекет жоспары; жоспарды жүзеге асыру; рефлексия (өзiнiң iс-әрекетiн сезiну); бағалау; мақсатқа түзету енгiзу немесе қайта белгiлеу.

Жеке басқа бағдарланған оқыту өзiнiң мәнi бойынша оқушының интелектуалдық даму деңгейiн, оның осы пән бойынша дайындығын, қабiлетiн ескерiп, саралап оқыту тәсiлiн көздейдi. Бұл тәсiлдi iске асыру үшiн ең алдымен, педагогикалық технология саласындағы басымдықтарды белгiлеп алу қажет.

Педагогикалық инновациялар саласында әр түрлi бағыттардың арасында мыналар қойылған мiндеттерге неғұрлым барабар болып табылады:

  • ынтымақтастықта оқыту”.

  • жобалар әдiсi.

  • әр деңгейлi оқыту.

Бұл технологиялар негiзiнен оқушыларды жеке және саралап оқыту мен тәрбиелеу тәсiлiн көздейдi. Бiз бұл жағдайда қазiргi дидактиканың дамуындағы толып жатқан инновациялық бағыттардың iшiнен осы технологияларды мынадай екi себеп бойынша әдейi таңдап алдық:

Бiрiншiден, қазiргi сыныптық-сабақтың жүйе жағдайларында олар оқу процесiмен көбiрек үйлеседi, базалық деңгейге арналған бiлiм стандартымен және мемлекеттiк бағдарламалармен белгiленген бiлiм мазмұнына қатысы жоқ;

Екiншiден, бұл педагогикалық технологиялар өзiнiң философиялық және психологиялық мәнi жөнiнен ғана емес, сонымен бiрге адамгершiлiк астарлары жөнiнен де iзгi технологиялар ретiнде барлық оқушылардың оқу материалын ойдағыдай меңгеруiн, олардың интелектуалдық дамуын дербестiгiн, мұғалiмге, бiр-бiрiне деген адамшылық қарым-қатынастарын қамтамасыз етедi.


1.Ынтымақтастықта оқыту


Ынтымақтастықта оқыту, шағын топтарда оқыту Батыс Германияда, Нидерландыда, Ұлыбританияда, Австралияда, Израильде, Жапонияда кеңiнен пайдаланылады. Бұл технологияның негiзгi идеясы – әр түрлi оқу жағдайларындағы оқушылардың белсендi бiрлескен оқу қызметiне жағдай жасау. Оқушылар әр түрлi болады – бiреулерi мұғалiмнiң айтқандарын бiрден “қағып алады”, өздерi кез келген сұраққа дайын; ендi бiреулерi үшiн материалды түсiнуге уақыт қана емес, қосымша мысалдар, түсiндiрулер қажет. Мұндай балалар әдетте бүкiл сынып алдында сұрақ қоюға ұялады, ал кейде өздерiнiң нақты ештеңе түсiнбейтiнiн, сұрақты дұрыс қоя бiлмейтiнiн сезiнбейдi.

Егер мұндай жағдайда балаларды шағын топтарға (3-5 адамнан) бiрiктiрiп, оларға ортақ бiр тапсырма берiп, топтағы әрбiр оқушының осы тапсырманы орындаудағы рөлiн түсiндiрсе, онда әркiм өз жұмысының нәтижесi үшiн ғана емес (көбiнесе оларды енжар қалдыратын), бүкiл топтың нәтижесi үшiн жауап бередi. Мұның үлкен мәнi бар. Сондықтан нашар оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан мәселенiң мәнiсiн түсiнуге тырысады, ал жақсы оқитындар топтың барлық мүшелерiнiң, бiрiншi кезекте, нашар оқитын оқушының материалды меңгеруiне мүдделi болады. Сөйтiп бiрлесе күш жұмсаудың арқасында әрбiр оқушы материалды өзiне лайықты деңгейде меңгередi. Бұл – ынтымақтастықта оқытудағы ортақ идея.

Тәжiрибе бiрге оқудың оңай да қызықты екендiгiн ғана емес, оның әлдеқайда тиiмдi болатындығын да көрсетiп отыр. және оның тиiмдiлiгi оқушылардың академиялық үлгерiмiнен, олардың интелектуалдық дамуынан ғана емес, рухани, адамгершiлiк тұрғысынан жетiлуiнен де көрiнедi. Бiр-бiрiне көмектесу, кез келген проблеманы бiрлесiп шешу, табыстың қуанышын немесе сәтсiздiктiң өкiнiшiн бiрге бөлiсу – күлу, ән салу, өмiрге шаттану сияқты табиғи құбылыстар. Ынтымақтастықта оқытудың басты идеясы – бiрге оқу.

Ынтымақтастықта оқытудың көптеген әр түрлi нұсқалар бар. Мұғалiм өзiнiң iс -әрекетi арқылы бұл нұсқаларды шығармашылықпен түрлендiре алады. Бiрақ ол ынтымақтастықта оқытудың мынадай негiзгi принциптерiн қатаң сақтауы қажет:

  • мұғалiм оқушылар тобын сабаққа дейiн, психологиялық үйлесiмдiктi сақтай отырып құрады. Бұл ретте әрбiр топта мықты, орташа және әлсiз оқушы (егер топ үш оқушыдан тұратын болса), қыз бен ұл болуы керек. Егер топ бiрнеше сабақ бойы ұйымшылдықпен ынтымақтастықты жұмыс iстесе, олардың құрамын ауыстырудың қажетi жоқ (бұл базалық топтар деп аталады). Егер жұмыс қандай да бiр себеппен өнбейтiн болса, онда топтың құрамын сабақтан сабаққа ауыстырып көрген жөн;

  • топқа бiр тапсырма берiледi, бiрақ оны орындау кезiнде оған қатысушылардың арасында рөлдердi бөлiсу көзделедi (әдетте, рөлдердi оқушылардың өздерi бөлiседi, кейбiр жағдайларда мұғалiмнiң ұсыныс жасауы да мүмкiн);

  • бiр оқушының ғана емес, бүкiл топтың жұмысына баға берiледi (яғни бүкiл топқа бiр баға қойылады); бұл жерде оқушылардың бiлiмiне ғана емес, олардың бiрлескен күш-жiгерiне баға қойылатынын ескеру қажет (әркiмнiң өз “деңгейi” бар);

  • мұғалiм тапсырмаға жауап беруге тиiстi топтың оқушысын өзi таңдайды. Кейбiр жағдайларда бұл әлсiз оқушы болуы мүмкiн. Егер осы әлсiз оқушы топтың бiрлескен жұмысының нәтижелерiн жан жақты дәлелдеп, басқа топтардың сұрақтарына дәйектi жауап бере алса, онда мақсаттың орындалғаны.

  • Ынтымақтастықта оқыту топтағы әрбiр оқушының өзiне тиесiлi деңгейде оқу материалын меңгеруiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Сөйтiп, осындай бiрлескен iс-әрекеттiң арқасында оқушылардың барлығы да дербес рөлге ие болып, жеке жұмыс бөлiгiн алып, жоба қызметiне белсене қатыса алады.

Әркiмнiң жеке қосқан үлесiнен бүкiл жобаның табысы құралады. Бұл оқушыларды белсендi танмдық iс-әрекетке, бiлiм негiздерiн терең меңгеруге және жаңа ақпарат көздерiн iздестiруге талпындырады. Жобалардың, ынтымақтастықта оқытудың әдiстерiн пайдалана бiлу – оқытушының жоғары бiлiктiлiгiнiң, оның прогресшiл оқыту әдiстемесiнiң көрсеткiшi.

Постиндустриялдық қоғамда адамның өзгермелi өмiр жағдайларына бейiмделуiн көздейтiн бұл технологияларды ХХI ғасырдың технологиясына жатқызу тегiн емес.


ІІ.Жобалар әдiсі


Жобалардың әдiстерiн пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар:

  1. Iстiң шешiмi үшiн ықпалдастырылған бiлiмдi, зерттеушiлiк iзденiстi қажет ететiн зерттеушiлiк, шығармашылық мәнi бар проблема/мiндеттердiң болуы. Мысал үшiн әлемнiң әр түрлi аймақтарындағы демографиялық проблемаларды зерттеудi келтiруге болады. Жер шарының әр түкпiрiнен бiр проблема бойынша репортаждар сериясын жасау; қышықылды жаңбырлардың қоршаған ортаға әсерiнiң проблемасы және басқалар.

  2. Ұсынылатын нәтижелердiң практикалық, теориялық, танымдық мәнi. Бұл белгiлi бiр аймақтың демографиялық жағдайы, осы жағдайға әсер ететiн факторлар туралы тиiстi қызмет орындарына жөнелтiлетiн баяндама болуы мүмкiн; мысалы, әлеуметтiк саяси мәнi бар проблемаларды шешудiң мүмкiндiгi туралы ұсыныстар, ұсынымдар, көзқарастар; империялардың ыдырауына әсер ететiн факторларды зерттеу және басқалар.

  3. Бұрын әр түрлi салаларда алынған бiлiмдердi ықпалдастыруды көздейтiн оқушылардың дербес (жеке, қосарлы, топтық) iс-әрекеттерi.

  4. Жобаның мазмұндық бөлiгiн құрылымдау (кезеңдiк нәтижелердi көрсете отырып).

  5. Зерттеу әдiстерiн пайдалану: проблеманы, одан туындайтын зерттеу мiндеттерiн анықтау, оларды шешу гипотезасын ұсыну, зерттеу әдiстерiн талқылау, түпкi нәтижелердi ресiмдеу, алынған деректердi талдау, қорытынды жасау, түзету енгiзу, жобалық қорғау, тұжырымдар (бiрлескен зерттеу барысында “ми шабылуы”, “дөңгелек үстел” әдiстерiн, статистикалық әдiстердi, шығармашылық есептердi, тұсау кесерлердi және басқаларды пайдалану).

Жобалардың әдiстерiн қандай да бiр мәнi бар тақырып, бағдарламаның бөлiмi бойынша сабақта да (сабақтар сериясы), сабақтан тыс қызметте де пайдалануға болады.


ІІІ.Әр түрлi деңгейдегi оқыту


Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту туралы айта отырып, бiз сонымен бiрге саралап оқытудың әр түрлi нысандары мен түрлерiн естен шығармаймыз. Бiрiншi кезекте бiздi саралап оқытудың, жеке қасиеттер бойынша сырттай саралау, яғни оқушылардың жекеленген пәндерге деген қабiлеттерi бойынша саралап оқыту сияқты түрлерi қызықтырады.

Көбiнесе балалардың мұндай қабiлеттерi жасөспiрiмдер жасында (7-8 сыныпта) байқалады. Сондықтан да егер 7-8 сыныптарда оқушылардың қабiлеттерi мен мүдделерi дәл осы қабiлеттердi одан әрi дамыту тiлегiмен сәйкес келiп жатса, онда оларға мұндай мүмкiндiктi берген жөн. Әңгiме жекелеген пәндер бойынша алдын ала тестiлеудiң негiзiнде әр түрлi деңгейдегi – А, В, С топтарын құру туралы болып отыр. Тереңдетiп оқыту сыныптары емес, топтар. Басқаша айтқанда, балалар өз сыныптарында оқи бередi, бiрақ жекелеген пәндер бойынша сабақтарға олар өз топтарына барады, кiм А тобына, кiм В тобына, кiм С тобына.

Сонымен, математикамен айналысатын және техникалық жоғры оқу орнына бағдар ұстанған оқушы екенiн дайындық деңгейiне сәйкес С тобына (неғұрлым iлгерiрек) немесе В тобына, ал оған қиындық туғызатын тiл пәнi бойынша А тобына түсуi мүмкiн. Бiрақ, өз еркiмен ғана. Егер оқушы өте жоғары нәтижелер көрсетiп, одан да жоғары деңгейдегi басқа топқа өтуге тiлек бiлдiрсе, бүкiл оқу барысында кез келген сәтте сынақтар мен тестiлеу жүйесi iске қосылуы мүмкiн, онда оған мұндай мүмкiндiк берiледi. Осы мақсатпен әр түрлi деңгейдегi оқыту бағдарламаларын әзiрлеген кезде барлық топтарда оқытылатын сағаттар саны бірдей бiр тақырыпты ұсынған жөн. С және В топтары оқушыларының жақсы дайындығының арқасында осы тақырыптарды едәуiр тереңдетiп оқытудың мүмкiндiгiн көздеуге болады.

Мұны осы тақырыпқа қосымша материал енгiзу арқылы (шетел тiлiн оқытудағы ауызша сөйлеу мен оқытудың белгiлi бiр тақырыбы бойынша қосымша жағдайлар, табиғи-ғылыми цикл курстарындағы қосымша ұғымдар, т.с.с) немесе бiрқатар өзгеше сипатты күрделi мiндеттердi, зертханалық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды, жобаларды және басқаларды енгiзу арқылы да iске асыруға болады.

Тағы бiр фактордың – бiлiмдi бағалаудың үлкен маңызы бар. Жоғарыда айтқандай, бiз қабылданған оқыту тұжырымдамасына сәйкес, оқушының нәтижелерiн ғана емес, оның ынтасы мен күш жiгерiн бағалауды да әдiлеттi шешiм деп танимыз.


А тобы – бұл мектеп циклының барлық пәндерi бойынша бiлiм стандартымен белгiленген базалық деңгей. Егер оқушы осы стандартта жоспарланған бiлiм, бiлiктiлер мен дағдылар деңгейiне ойдағыдай қол жеткiзсе, онда ол жеткен нәтижелерiне сәйкес тиiстi баға алады. Егер ол бұдан да жоғары бiлiм деңгейiне жетуге ұмтылатын болса (бұл оның қашанда өз таңдауы), онда бiлiмге, бiлiктiлер мен дағдыларға қойылатын өте жоғары талаптарды ескере отырып, оны әдiл бағалауға болады. Үлкен жетiстiктерге жету үшiн оған көп күш-жiгер жұмсауға тура келедi, бiрақ та мұның барлығы оның қабiлет-қарымына сәйкес болуға тиiстi. Мұндай көзқарас, бәрiнен бұрын, балаларды бағаны ғана емес, алған бiлiмдi бағалауға үйретедi.

Тәжiрибе көрсетiп отырғандай, мұғалiмдер саралап оқыту тәсiлiнiң қажеттiгiн ертеден-ақ сезiнген болатын. Өйткенi, бұл тәсiл бойынша мықты оқушыларды назардан тыс қалдырмай, әркiмнiң және сыныптағы барлық оқушының қабiлеттерi мен мүмкiндiктерiне, олардың психикалық даму ерекшелiктерiне, мiнез-құлқына сәйкес, олардың дамып-жетiлуi үшiн қолайлы жағдайлар жасай отырып, үлгiрiмi төмен оқушыларға көп уақыт бөлуге болады.

Сонымен әр түрлi деңгейдегi оқыту дегенде бiз мынаны түсiнемiз. Оқу-тәрбие процесiн бұлайша ұйымдастыру кезiнде әрбiр оқушының мектеп бағдарламасының жекелеген пәндерi бойынша оқу материалын әр түрлi деңгейде (А,В,С) меңгеру мүмкiндiгi бар, бірақ оқушының iс-әрекетiн бағалаудың өлшемдерi ретiнде оның осы материалды меңгеру, оны шығармашылықпен қолдану жөнiндегi күш-жiгерi есепке алынуы және ол баланың тума қабiлеттерi мен жеке басының ерекшелiктерiне қарай, базалық деңгейден төмен болмауы керек.


ІV.Саралап оқыту


Саралап оқыту – оқу iсiн оқушылардың бейiмдiлiктерiн, мүдделерi мен байқалған қабiлеттерiн ескере отырып, бiрақ олардың жалпы даярлығының базалық деңгейiн төмендетпей ұйымдастырудың тиiмдi нысаны.

Саралап оқыту адамның қажеттiлiктерiмен мүдделерiн қнағаттандыру үшiн жағдай жасау арқылы оның барынша дамуына бағдар ұстай отырып, оқу процесiн iзгiлендiрдi.

Әлеуметтiк тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты қоғамның шығармашылық интелектуалдық, кәсiптiк әлеуетiн қалыптастыруға, қоғамның әрбiр мүшесiнiң мүмкiндiктерiн барынша толық пайдалануға ұмтылуға мақсаткерлiкпен әсер ету.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты - әрбiр адам басқа адамды дамытудың шарты және құралы болатын, “оқушы - мұғалiм” жүйесiндегi субъект – субъектiлiк қатынастарға көшуге қолайлы жағдай жасау. Бұл қатынастардың негiзiнде мұғалiммен оқушының олардың өзiн -өзi дамытуын қамтамасыз ететiн бiрлескен нәтижелi iс - әрекетi жатыр.

Дидактикалық тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – тұлғаны невилирлеуге қарсы әрекет ету мақсатымен оқушылардың жеке қабiлетiн ескере отырып ұйымдастырылатын оқыту әдiстерiнiң, нысандары мен құралдарының жиынтығын iске асыру арқылы әрбiр оқушының қызығушылығы мен қабiлеттерiн дамыту, қасиеттерiн ашу үшiн оңтайлы жағдай туғызу. Бұл мақсатқа жетудiң маңызы құралы оқушыларға таңдау мүмкiндiгiн беру болып табылады.

Әдiстемелiк тұрғыдан алғанда, саралап оқытудың мақсаты – мектептiң пiсiп жетiлген проблемаларын оқытуды сырттай (селективтi және элетивтi) және iштей (деңгейлiк) саралауға негiзделген жаңа әдiстемелiк жүйе жасау арқылы бiлiм стандарттарын (мiндеттi талаптар деңгейiн) сақтай отырып шешу.

Саралаудың қажеттiлiгi тұлғаның мүдделерiмен және құқықтарымен бiрлесетiн (әлеуметтiк психологиялық және әлеуметтiк педагогикалық алғыштар) қоғам қажеттiлiктерiмен туындайды, сол сияқты педагогикалық процестiң (педагогикалық алғы шарттың) сапасын жақсартуға тiкелей ұмтылудан келiп шығады.

Өндiрiс деңгейi жоғары қазiргi қоғамға толық орта мектеп бiтiргеннен кейiн өздерiнiңөмiрлiк мүдделерiнiң, тiршiлiк ету саласын анықтаған, ол туралы айқын түсiнiктерi бар және өмiр сүрудiң осы саласына қажеттi жеке қасиеттерiн дамытуға ұмтылған адамдар, өздерiнiң қарым-қабiлеттерiн барынша дамытқан, жоғары интелектуалдық және адамгершiлiк әлеуетке ие болған адамдар қажет.

Қазiргi ғылыми техникалық прогрестiң ажырамас бөлiгi болып табылатын ғылым мен өндiрiстi ықпалдастыру бүткiл қоғамның интелектуалдық әлеуетiн арттыруды қажет етедi. Әрбiр өркениеттi ел немесе өркениеттi болуға ұмтылатын ел, интелектуалдық әлеуеттi көбейту жалпы бiлiм беру деңгейiн арттырумен, тұлғаның шығармашылық күшiн дамытуға жәрдемдесумен, сондай-ақ дарынды баларға барынша қамқорлық жасаумен, олардың өз таланттарын жан-жақты дамытуға мүмкiндiк туғызумен байланысты екенiн бiлуi керек.

Ғылым мен техниканың дамуы және қоғамның әрбiр мүшесiнiң интелектуалдық деңгейі, оның кәсіптік біліктілігі өзара тығыз байланысты. Жоғары интеллектуалдық дамуға қол жеткiзген адамдардың күш-жiгерi ғылымды, өндiрiстi алға жылжытады, ал ғылым мен техниканың және өндiрiстiң жаңа, бұрынғыдан да жоғары деңгейi оларды басқаруға және олардың қуатын iске асыру үшiн өте жоғары деңгейдегi мамандарды тәрбиелеудi, яғни белгiлi бiр адамдардың тобының бiлiктiлiгiн ароттыруды және интелектуалдық дамытуды қажет етедi. Өз кезегiнде бұл бiлiм мен бiлiктiлiктiң беделiн арттыруға жәрдемдеседi. Әлемде жалпыға бiрдей орта бiлiм ғана емес, тiптi жалпыға бiрдей жоғары бiлiм алу мәселесi тұр.

Қазiргi дүниеде ХХ ғасырда туындаған ғаламдық проблемаларды (қоршаған ортаның бүлiнуi, ластануы, ядролық қарудың мол қорының жинақталуы және басқалар) шешу мiндетi тұр, олардың әрқайсысы адамзаттың өмiр сүруiне қатер төндiредi. Бұл мәселенi шешу барлық адамзаттың барынша күш-жiгер (ең алдымен интелектуалдық) жұмсауын қажет етедi.

Осы айтылғандардың бәрi қоғамның әрбiр мүшесiнiң интелектуалдық шығармашылық, адамгершiлiк әлеуетiнiң барынша дамуына деген қажеттiлiктерiне куа бола алады. Сонымен бiрге әрбiр адам өзiнiң қасиеттерi мен қабiлеттерiн, өзiндiк даралығын барынша дамытуға, жоғары деңгейде бiлiм алуға құқылы, өйткенi осының бәрi тұлғаның өзiн iс жүзiнде ойдағыдай көрсетуiне, жан- жақты ашылуына мүмкiндiк бередi.

Бiлiм берудiң жоғары деңгейi әрбiр адам меңгеруге тиiстi ақпараттардың айтарлықтай көлемiмен , интелектуалдық практикалық бiлiктердiң көптiгiмен, оның бойында қалыптасқан құндылықтар жүйесi мен тығыз байланысты. Ақпараттың қазiргi дүниеде жедел өсуi бiлiм берудiң мiндеттi базалық жағдайында белгiлi бiр салада мамандануға қажеттiлiктi туғыза отырып, оны әрбiр адамның толық көлемiнде меңгеруiне мүмкiндiк бермейдi.

Сараландыру – адамдардың жекеленген топтарына қатысты жеке көзқарасты iске асыруға бағытталған, оқытуды дараландырудың жеке көзқарасты iске асыруға бағытталған, оқытуды дараландырудың жеке жағдайы бұл топтар оқыту процесiнде әртүрлi негiздемелер (оқушылардың қабiлеттерi, мүдделерi, үлгерiмдерi, т.с.с.) бойынша құрылуы мүмкiн.Саралау кезiнде әртүрлi топтардағы оқыту процесi әр түрлi өтедi: бiлiм беру мазмұны ерекшеленедi, оқытудың қайсы бiр әдiстерiнiң, олардың нысандарымен тәсiлдерiнiң жетекшi рөлi, оқушылармен мұғалiмнiң өзара қарым – қатынас стилi өзгередi, т.с.с.

Батыс елдерiндегi саралау теориясы мен практикасының талдау кейбiр қорытындылау жасауға мүмкiндiк бередi:

  • Мектеп бiлiмiн педагогикалық және психологиялық тұрғыдан негiздей саралау бiлiм сапасын көтерудiң, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеудiң тиiмдi құралдары болып табылады;

  • Батыс елдерiнiң педагогикалық теориясымен мектептерiнiң практикасында интеллектуалдық қабiлеттердi мектепiшiлiк саралап оқытудың бiрден-бiр негiздемесi ретiнде танудан аулақтау байқалады;

  • әр түрлi метептердегi саралаудың вариативтiк сипаты, жыл сайын оқушылар құрамына байланысты өзгерiп отыратын оны iске асырудың икемдi процесi өзiн ақтайды;

  • бiлiм берудiң сараландырылған мазмұнында үш компонент бөлiнiп алынады: мазмұнында үш компонент бөлiнiп алынады: мазмұнның мiндеттi өзегi (60-70%), бiлiм мазмұнының кеңейтiлген және тереңдетiлген өзегi (15%) жалпы дамуға арналған факультативтiк үлгiдегi бiлiм мазмұнын (10-15%).

Әлемдiк практикада екi үрдiс байқалады. Оқытудың дәстүрлi дараландырған жүйесi бар елдерде (АҚШ, Ұлы Британия )ортақшыл үрдiстердiң өсуi байқалады, бұл сараландырылған мектеп түрлерiнiң санының қысқаруынан және халыққа бiлiм беру жүйесiнiң орталық органдарының орта мектептi бiтiрушiлер үшiн базалық бiлiм берудiң бiрыңғай стандарттарын жасауға ұмтылысынан көрiнедi.

Екiншi үрдiс мектеп пен ондағы бiлiм мазмұнын саралаудың түрлерi “жоғарыдан” қатаң регламенттелетiн елдерде (ГФР, Франция, Италия) байқалады.

Егер бiз бiздiң мектептiң тарихына көз жүгiртсек, онда сараландыру проблемасына назар аударудың қоғам өмiрiндегi айтарлықтай өзгерiстер кезеңiнде: 20–жылдары, ендi мiне 80–жылдардың аяғы – 90 жылдардың басында күрт өскенiн көремiз. Қоғамдық өмiрдi демократияландыру, толитарлық практикадан алшақтау қол үзу жалпы адамзаттық құндылықтарға, оның iшiнде ең асылы болып табылатын адам өмiрiнiң құндылығына оралу адамның iшiндеадамның жеке басын, тұлғаның қабiлеттерi мен бейiмдiлiктерiн барынша дамыту мiндетiн тағы да алға қояды.

Тұлғаның өмiрде өзiн iс жүзiнде көрсетуi, оның жан- жақты ашылуы мектептегi педагогикалық процестi ұйымдастырудың басты бағдары болмақ.

Соңғы жылдары қоғамдық өмiрде байқалған дағдарыс мектеп жағдайына да салқынын тигiзбей қалған жоқ. Көптеген проблемалар ұзақ уақыт бойы шешiмiн таппады: оқу жүктемесiнiң көбеюi, оқуға деген ынтаның төмендеуi, “жаман оқушылар болмайды, жаман мұғалiмдер бар” ұраны бел алып тұрған кездегi көптеген мұғалiмдердi үштiк қоюға мәжбүр еткен, бәрiн бiрдей үйретуге ұмтылған формализм мен процент қуушылық және басқалар.

Оқытуды саралау мектептiң көптеген проблемаларын шешу, оқу–тәрбие процесiнiң сапасын арттыру құралы ретiнде құралады.

Саралап оқыту үшiн оны жаңадан оқу - әдiстемелiк қамтамасыз ету қажет.

Саралап оқытуға арналған оқу - әдiстемелiк кешеңдердi (ОӘК) әзiрлеудiң негiзiнде олардың мынадай ерекшелiктерi алынған:

  • оқу, әдiстемелiк және дидактикалық оқу құралдарының құрылымы мен мазмұнына әр түрлi деңгейдегi тәсiл, ол бiлiм стандартында көзделген мiндеттi даярлық деңгейiне қол жеткiзу сияқты, оқушылардың бiлiм мазмұнын одан да жоғары деңгейде меңгеру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге қойылатын оның өзiндiк талаптары түрiнде ОӘК –тiң деңгейiнде iске асырылуға тиiстi iскерлiк тәсiл;

  • оқу ақпаратын берудiң тәсiлдерi мен нысандарына; оқу құралдарының дидактикалқ аппаратына; әдiстемелiк және дидактикалық оқу құралдарның сипаты мен мазмұнына; оқу процесiн материалдық – техникалық қамтамасыз етуге қойылатын оның өзiндiк талаптары түрiнде ОӘК –тiң деңгейiнде iске асырылуға тиiстi iскерлiк тәсiл.

Бұрын көрсетiлгендей, саралап оқыту адамдардың жекеленген топтарына қатысы жөнiнен жеке тәсiлдi iске асыруға бағытталған. Саралап оқыту, бiр жағынан алғанда жалпы бiлiм берудi кеңейтумен және тереңдетумен, екiншi жағынан – кәсiбилендiру элементтерiмен ұштастырылды.

Бағдарлы сыныптар, белгiлi бiр пәндердi тереңдетiп оқытатын сыныптар құру қайсiбiр дәрежеде балардың бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiн дамытуды, сонымен бiрге әркiмге терңдей бойлап, әрбiр жеке тұлғаның нәзiк психологиялық иiрiмдерiн дөп басып тауып, ескерiп отыру мүмкiндiгiн де жеңiлдетедi. Бұдан шығудың жолы – шағын сыныптар құру және оқу процесiн баланың даралығын дамытуға қайта бағдарлау, оның өзiн iс жүзiнде көрсетуiне, өзiн өзi тануына жағдай жасау.

Саралап оқыту жағдайында аса маңызды пробле,ма – жоғары бiлiктi мамандар проблемасы туындайды.

Саралап оқытуды ұйымдастырудағы тағы бiр проблема оқушылардың саралау алдындағы дайындығымен байланысты. Бұл проблеманың бiр қыры белгiлi бiр жасқа дейiн бiрқатар жалпы оқу дағдыларын меңгеруге, шығармашылық қызмет тәжiрибесi, терең базалық бiлiмi болуға тиiстi оқушыларды әрi қарай бiлiм алуға даярлау қажеттiгi болып табылады.

Сонымен мектепте саралап оқытуды ұйымдастыруға байланысты қаралған кейбiр мәселердiң өзi саралау проблемасының күрделiлiгiн, көп қырлылығын көрсетедi.


Сабақты жобалау мен құрастыру

Сабақты жобалау жолдары (А.Гузеев)

1.Сабақтың тақырып құрылымындағы орны;

2.Сабақтың үш жақты мақсатын айқын қою;

3.Оқыту нәтижелерін (тапсырмалар) жоспарлау;

4.Бастапқы жағдайды диагностикалық анықтау;

5.Оқытудың оңтайлы әдісін таңдау;

6.Оқытуды ұйымдастыру нысанын таңдау;

7.Сабақтың сызбалық құрылымын дайындау;

8.Қосымшаға арналған әдіс-нысанды жобалау;

9.Сабақты мазмұндық толықтыру;

10.Сабаққа қажетті оқыту құралдарын іріктеу;

11.Сабақты тиімді өткізу сызбасын ойлау;

12.Сәйкесті пед.техника тәсілдерін дайындау;

13.Сабақ имиджін жасау (өту орнын безендіру);

Сабақты дайындау сатылары (С.Манвелов)

1.Сабақ мақсатын қою.

2.Сабақ мазмұнын іріктеу.

3.Оқыту әдістерін таңдау.

4.Сабақ құрылымын анықтау.

Оқыту процесі

Оқыту процесінің буындары (В.Оконь)

  1. Оқушылардың оқыту мақсат-міндетін түсіну;

  2. Жаңа деректерді танып білу;

  3. Ұғымдар қалыптастыру;

  4. Ұғымдарды меңгеру, білімді жүйелеу;

  5. Теориядан практикаға өту;

  6. Шығармашылық-практикалық тапсырмаларды орындау;

  7. Оқыту нәтижелерін тексеру.

Оқыту процесі сабақ өту мен оқу процестерінің қосындысынан тұрады.

1.Мұғалім іс – әрекеті

  1. Мақсат пен міндетті түсіндіру;

  2. Жаңа деректерді таныстыру;

  3. Ұғымдарды игеруге басшылық;

  4. Заң-заңдылықтарды тануға басшылық;

  5. Практикаға өту процесіне басшылық;

  6. Практиканы (шығ-лық сабақ) ұйымдастыру;

  7. Игерілген білімдерді тексеру.

2.Оқушы іс – әрекеті

  1. Оқуға оң көзқарас;

  2. Жаңаны (нәрсе, оқиға) танып білу;

  3. Ұғымдар қалыптастыруды жалпылау;

  4. Заң – заңдылықтарды тану, білімді жүйелеу;

  5. Икемдік пен дағдыларды игеру;

  6. Нәрселер мен қоршаған ортада өзгеріс жасау;

  7. Өз жетістіктерін өздері бақылау.

Оқыту процесінің буындары (М.Махмутов)
  1. Жаңа материал қабылдап, жаңа білім алу;

  2. Ғылым заңдары мен ұғымдарын меңгерту;

  3. Білімді бекітіп, шеберлік-дағдыларды игеру;

  4. Білім, іскерлік және машықтарды қолдану;

  5. Білім, икемділік және дағдыларды тексеру.

Оқу процесінің кезеңдері (С. В. Иванов)

  1. Дайындық (тақырыпты зерттеуге кіріспе);

  2. Алғашқы әсер (восприятие);

  3. Ұғыну (осмысление);

  4. Бекіту;

  5. Практикада қолдану;

  6. Дағдылар қалыптастыру;

  7. Бақылау, тексеру және есепке алу;

  8. Қорытындылау, жалпылау, жүйелеу.

Сабақ кезеңдері (Лернер, Скаткин)

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Үй тапсырмасын тексеру;

  3. Бұрынғы білімдерді өзектендіру;

  4. Оқушыларға сабақ мақсатын таныстыру;

  5. Негізгі білімдерді игеруді ұйымдастыру;

  6. Түсінуді алғашқы байқау;

  7. Әрекет тәсілдерін игеруді ұйымдастыру;

  8. Білімді шығармашылықпен қолдану;

  9. Білімді жалпылау мен жүйелеу;

  10. Оқу нәтижелерін бақылау;

  11. Үйге тапсырма беру.


Сабақтың негізгі мақсаттары

Кезеңдік мақсаттар (Л.Ромадина)

1.Сабақтың басталуы;

2.Үй тапсырмасын тексеру;

3.Жаңа сабаққа дайындық;

4.Жаңа білім игеру;

5.Білімді алғашқы байқау;

6.Білімді бекіту;

7.Білімді жалпылау мен жүйелеу;

8.Білімді бақылау;

9.Сабақты қорытындылау;

10.Үйге тапсырма беру.

Кезеңге қойылатын талаптар

1.Кезең мақсаты (КМ);

2.Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны (МӘМ);

3.Оң нәтиже алу шарттары (ОНАШ);

4.Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері (ДМОК).


Сабақтың кезеңдік мақсаттары

1.Сабақтың басталуы

Кезең мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, білім игеруге дайындау.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың жалпы мақсатын ашу.

Оң нәтиже алу шарттары: талап қоя білу мен жігерлілік, дұрыс қарым-қатынас пен аз сөзділік, жинақылық пен нақтылық.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: оқушыларды іске қосудың тездігі, сынып пен құралдардың сабаққа толық дайындығы.

2.Үй тапсырмасын тексеру

Кезең мақсаты: оқушылардың үй тапсырмасын орындауының дұрыстығы мен түсініктілігін айқындау. Байқалған олқылықтарды жою мен білімді жетілдіру.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың білім деңгейлерін айқындау, оқушылар біліміндегі ортақ кемшіліктер мен олардың пайда болу себептерін анықтау, жою.

Оң нәтиже алу шарттары: тексерудің мақсатты бағыттылығы, көп оқушының білімін тексеруге мүмкіндік беретін әдістер-тәсілдер жүйесін қолдану.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: оқушылардың білім деңгейі мен ортақ кемшіліктерді аз уақыт ішінде анықтау, тексерудің дамытушылық сипаты.

3.Жаңа сабаққа дайындық

Кезең мақсаты: оқушыларды оқу-таным іс-әрекетіне дайындау, қажет білімдерді өзектендіру.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: сабақтың үш жақты мақсатын қою және оны қабылдау бағытындағы оқушылар әрекетін ұйымдастыру.

Оң нәтиже алу шарттары: үш жақты мақсатты айқын қоя білу мен оны қабылдау бағытындағы оқушылар әрекетін ұйымдастыру әдістерін меңгеру.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: мақсаттарды оқушылармен бірге құрастыру және оқушылардың оны қабылдау белсенділігі.

4.Жаңа білім игеру

Кезең мақсаты: зерттелетін деректер мен олардың мәні туралы түсінік және соның негізінде қажетті икемділіктер қалыптастыру.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: жаңа ақпаратты хабарлау немесе оқушылардың өз бетінше жаңа білім игеруін ұйымдастыру, оқушылардың жаңа материалды қабылдауы, ой елегінен өткізуі, жалпылауы мен сезінуі, жүйелеуі мен нақтылауы.

Оң нәтиже алу шарттары: оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйену, жеке көмек беруде дербес ерекшеліктерін ескеру, алынған білімді практикада қолдануды ұйымдастыру.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: оқушыларды белсенді іс-әрекетке тарту, оқушылар жауаптарының мазмұндылығы мен тереңдігі.


5.Білімді алғашқы байқау

Кезең мақсаты: игерілген жаңа білімнің түсініктілігі мен оны игерудегі олқылықтарды, сол арқылы келесі кезеңге көшу мүмкіндігін анықтау.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: оқушылардың негізгі білім мазмұнын түсінгендігін анықтау, игеруге қажетті білімнің толықтығын тексеру.

Оң нәтиже алу шарттары: оқушылардың ойлауын қажет ететін сұрақтарды қолдану, сыныппен тұрақты жұмыс, тексеру барысында олқылықтарды айқындау.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: оқушылардың игерілетін білімнің негізгі мазмұныны түсінуі, сыныптың жеке жауаптарды толықтыру мен бағалауға тартылуы, анықталған олқылықтардың жойылуы.

6.Білімді бекіту

Кезең мақсаты: игерілген білімдерді, өзара талқылаулар негізінде ой елегінен өткізе отырып, практикада жалпы және шығармашылықпен қолдану.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: негізгі ерекшелік-белгілерді көрсете отырып, оқушылардың игерген білімді қайта жаңғыртуы, нақтылауы.

Оң нәтиже алу шарттары: оқушылардың білімді қайта жаңғыртумен бірге, оны практикада қолдану іс-әрекетіне тартылуы, өзара балқылау арқылы білімді ой елегінен өткізуі.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: оқушылардың жаңа білімді қайта жаңғырта білуі, білімді практикада қолдана білуі, білім-біліктердегі олқылықтарды жою.

7.Білімді жалпылау мен жүйелеу

Кезең мақсаты: өзара байланыстарды анықтай отырып, пәнішілік және пәнаралық ұғымдар жүйесін жасау және оны игеру.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: оқушылардың жекелеген білім-біліктерін пәнішілік және пәнаралық ұғымдардың бүтін жүйесіне айналдыру

Оң нәтиже алу шарттары: мұғалімнің білімді жалпылауға, жүйелеуга бағытталған сұрақтер мен тапсырмалар бере білуі.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: оқушылардың жекелеген деректер ғана емес, заңдылықтар мен теорияларды білуі.

8.Білімді бақылау

Кезең мақсаты: игерілген білім-білік-дағдыларды терең және жан-жақты тексеру. Кемшіліктер мен олардың пайда болу себептерін анықтау.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: оқушылар білімінің толықтығы мен дұрыстығын, оларда қажет білік-дағдылардың қалыптасту барысын тексеру, кейдір оқушыларға тірек беру.

Оң нәтиже алу шарттары: оқушылардың пікір айтуына бағытталған дәстүрлі емес тапсырмалар мен нақтылау сұрақтарының болуы, оқушылардың бір-бірін толықтыруы.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: тексерудің кешенділігі мен жан-жақтылығы, оқушылар пікірлерінің толықтығы, мұғалім нұсқауларының нақтылығы.

9.Сабақты қорытындылау

Кезең мақсаты: білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау және білім-дағдылардағы типтік қателіктерді көрсету.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: типтік қателердің себептері мен оларды жою жолдарын көрсете отырып, сыныптың жалпы жұмысына толық сипаттама бере білу.

Оң нәтиже алу шарттары: типтік қателердің себеп-салдарын тез анықтау, жою жолдарын көрсете білу.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: талдаудың қысқалығы мен нақтылығы, алдағы әрекеттерге нұсқаулардың айқындығы.

10.Үйге тапсырма беру

Кезең мақсаты: анықталған білім игеру нәтижелері негізінде үйге білімді тоылқтыруға және тереңдетуге бағытталған тапсырмалар беру.

Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны: сыныптың жалпы жағдайы мен жеке ерекшеліктерді ескере отырып, жалпы және деңгейлік тапсырмалар беру, оны орындау барысы туралы нұсқаулар беру.

Оң нәтиже алу шарттары: үй тапсырмасының білімді тереңдетуге арналған мақсатты бағыттылығы, оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкестігі.

Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері: берілген үй тапсырмасының орындау барысы мен оны бағалау өлшемдерінің оқушылардың барлығына түсініктілігі.










Дидактикалық мақсаттар (Педагогика)

1.Білімдік.

2.Дамыту.

3.Тәрбиелеу.

Оқу мақсаттары (Блум)

1.Білу.

2.Түсіну.

3.Қолдану.

4.Талдау.

5.Жинақтау (синтез).

6.Бағалау.

Оқушының танымдық позициялары

1.Тыңдау арқылы дайын білімді алу.

2.Өздігінен жаңалық ашу.

3.Түрлі әсерді сезіну.

4.Бұйым немесе өнім жасау.


Білім игеру кезеңдері (Дидактика)

1.Есте сақтау, қайта жаңғырту.

2.Дағдылы жағдайда практикада қолдану.

3.Өзгерген жағдайда түрлендіріп қолдану.

Білім игеру деңгейлері (В.Беспалько)

А.Оқушылық.

В.Алгоритмдік.

С.Эвристикалық.

Д.Шығармашылық.

Білім игеру деңгейлері (Ж.Қараев)

А.Білу.

В.Түсіну, қолдану.

С.Талдау, жинақтау, бағалау.

Д.Зерттеу әдістерін қолдану.

Білім игеру деңгейлері (М.Жанпейісова)

А.Білу, түсіну.

В.Қолдану, талдау.

С-Д.Жинақтау, бағалау.

Білім сапалары

1.Дұрыстығы.

2.Толықтығы.

3.Әрекеттігі.

4.Түсініктілігі.

5.Жүйелілігі.

6.Беріктігі.


Оқыту әдістері

Проблемалық оқу (М.Махмутов)

1.Информациялық;

2.Орындаушылық;

3.Түсіндірушілік;

4.Репродуктивтік;

5.Нұсқаулық-практикалық;

6.Нәтижелік – практикалық;

7.Түсіндірмелі – оятушылық;

8.Ойланушылық;

9.Жартылай-ізденушілік;

10.Ізденушілік.

Дидактикалық мақсат (М.Данилов)

1.Білім алу әдісі;

2.Оқушылар икем-дағдыларын қалыптастыру әдісі;

3.Олардың алған білімдерін практикада және творчестволық істе пайдалану;

4.Оқушылардың білім-білік, дағдыларын тексеру мен бекіту әдісі.

Оқыту әдістері

Оқу процесін оңтайландыру бойынша

(Ю.К.Бабанский)

1.Сөзбен түсіндіру;

2.Көрнекілік;

3.Практикалық;

4.Репродуктивтік;

5.Ізденушілік.

Тану процесінің сипаты бойынша

(М.Скаткин, И.Лернер)

1.Түсіндірме-иллюстративтік (ақпарат-рецептік);

2.Репродуктивтік;

3.Проблемалық;

4.Эвристикалық (жартылай-ізденушілік);

5.Зерттеушілік әдістер.

Оқыту қызметінің құрамы бойынша

(М.Бершадский)

1.Модельдік (соңғы нәтиже).

2.Проблемалы (бастапқы жағдай, түпкі нәтиже);

3.Эвристикалық (аралық нәтижелер);

4.Бағдарламалық (алгоритмдер беру);

5.Түсіндірме-иллюстрациялық (толық кешен);


Білім игеру кезеңдері

1.Танысу;

2.Игеру;

3.Бекіту;

4.Дамыту.

Білім игерту пирамидасы

1.Түсіндіру арқылы (5 %).

2.Өзіндік оқыту арқылы (10 %).

3.Көрнекіліктер арқылы (30 %).

4.Топтық талқылату арқылы (50 %).

5.Тәжірибеде қолдандыру арқылы (75 %).

6.Басқаларға үйреткізу арқыоы (95 %).

Білім игеру пирамидасы

1.Өзіндік оқу арқылы (10 %).

2.Тыңдау арқылы (20 %).

3.Көзбен көру арқылы (30 %).

4.Тыңдау және көру арқылы (50 %).

5.Өзара талқылау арқылы (70 %).

6.Сезіну, бастан өткеру арқылы (80 %).

7.Үйрегенін өзгеге үйрету арқылы (95 %).


Оқытуды ұйымдастыру нысандары

Оқытуды ұйымдастыру (М.Бершадский)

І.Тура байланыс

1.Лекция;

2.Әңгіме;

3.Диктант;

ІІ.Кері байланыс

1.Семинар;

2.Практикум;

3.Емтихан;

4.Зачет.

ІІІ.Өзара белсенді әрекет

1.Семинар-практикум;

2.Әңгімелесу, пікірлесу;

3.Экскурсия, саяхат;

4.Консультациялық кеңес;

5.Сауалнам, сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру нысандары (В.Дьяченко)

  1. Жеке;

  2. Жұптық;

  3. Топтық, шептік;

  4. Ұжымдық.


Пайдаланылған әдебиеттер


Оконь В. Введение в общую дидактику. – М.: Высшая школа, 1990.

Манвелов С.Г. Конструирование современного урока математики. – М.: Просвещение, 2002.

Ромадина Л.П. Справочник для завуча. Орг.-методические и психо-педагогические материалы. – М.: Центр “Пед.поиск”, 2001.

Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспит. процесса. – М.: Просвещение, 1982.

Махмутов М.М. Организация проблемного обучения в школе. – М.: Просвещение, 1977.

Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: учебник для студ.педвузов: в 2 кн.– М.: Гуманит.Изд.центр ВЛАДОС, 1999. Кн.1: Общие основы. Процесс обучения.

Голубь Б.А. Основы общей дидактики. – М.Просвещение, 1996.

Бершадский М.Е., Гузеев В.В. Дидактические и психологические основания образовательной технологии. – М.: Центр “Пед.поиск”, 2002.

Онищук В.А. Урок в современной школе. – М.: Просвещение, 1981.

Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. М.: Педагогика, 1989.

Талызина Н.Ф. Управление процессом усвоения знаний. – М.: Изд.МГУ, 1985.










Краткое описание документа:

В настоящее время в педагогический лексикон прочно вошло понятие педагогической технологии. Технология – это совокупность приемов, применяемых в каком-либо деле, мастерстве, искусстве (толковый словарь). Есть множество определений понятия «педагогическая технология». Мы изберем следующее: это такое построение деятельности педагога, в которой все входящие в него действия представлены в определенной последовательности и целостности, а выполнение предполагает достижение необходимого результата и имеет прогнозируемый характер. Сегодня насчитывается больше сотни  образовательных технологий. Среди основных причин возникновения новых психолого-педагогических технологий можно выделить следующие:          -необходимость более глубокого учета и использования психофизиологических и личностных особенностей обучаемых;          -осознание настоятельной необходимости замены малоэффективного вербального  (словесного) способа передачи знаний системно - деятельностным подходом;          -возможность проектирования учебного процесса, организационных форм взаимодействия учителя и ученика, обеспечивающих гарантированные результаты обучения.          Почему никакие новации последних лет не дали ожидаемого эффекта? Причин такого явления немало. Одна из них сугубо педагогическая – низкая инновационная квалификация педагога, а именно неумение выбрать нужную книгу и технологию, вести внедренческий эксперимент, диагностировать изменения. Одни учителя к инновациям не готовы методически, другие – психологически, третьи – технологически. Школа была и осталась сориентированной на усвоение научных истин, заложенных в программах, учебниках и учебных пособиях. Все подкреплено господством власти учителя. Ученик остался подневольным субъектом процесса обучения. В последние годы педагоги стараются повернуться лицом к ученику, внедряя личностно-ориентированное, гуманно-личностное и прочее обучение. Но самая главная беда в том, что теряет притягательность  сам процесс познания. Увеличивается число дошколят не желающих идти в школу. Снизилась положительная мотивация учения, у детей уже нет и признаков любопытства, интереса, удивления, хотения – они совсем не задают вопросов.          Одна и та же технология может осуществляться различными исполнителями более или менее добросовестно, точно по инструкции или творчески. Результаты будут различными, однако, близкими к некоторому среднему статистическому значению, характерному для данной технологии.          Иногда педагог-мастер использует в своей работе элементы нескольких технологий, применяет оригинальные методические приемы, В этом случае следует говорить об «авторской» технологии данного педагога. Каждый педагог – творец технологии, даже если имеет дело с заимствованиями. Создание технологии невозможно без творчества. Для педагога, научившегося работать на технологическом уровне, всегда будет главным ориентиром познавательный процесс в его развивающемся состоянии.
Автор
Дата добавления 01.06.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров5320
Номер материала 118639060151
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх