Инфоурок Всеобщая история Конспекты»1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалы» (8 сынып)

»1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалы» (8 сынып)

Скачать материал

8 - сынып

Сабақтың тақырыбы : 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

 

Сабақтың мақсаты : көтерілістің болу себебін және жеңіліске ұшырау салдарын түсіндіре

отырып , Кенесарының тұлғалық бейнесін таныту.

Дамытушылық: Таным қабілеттерін шыңдау,ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Тәрбиелік : Оқушыларға қазақ тарихын танытып білдіре отырып, елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы , слайдттар, тарихи кітаптар,кестелер мен сызбалар.

 

Сабақтың түрі : Ізденіс –жарыс сабақ

 

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу

 

Үй тапсырмасын сұрау: М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы «Шешендер жарысы»ойыны арқылы жүзеге асады.

 

Үйге : «Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы» деген тақырып берілген болатын . Біз сыныпты үш топқа бөлдік. Олар: «Атамекен», «Алаш», «Орда»топтары. Шешендер жарысы ойынының шартын түсіндіріп кетейін. Әр топтың өз шешендері шығып, өткен тақырып бойынша хабарлама жасайды. Шешендер өз деректері мен дәйектерін дәлелдеп, шебер баяндауы қажет. Қазылар алқасышешендердің шебер ,дәлелді сөйлеуін таразылайды. Берілетін уақыт әр оқушыға 5 имнут. Топ мүшелерінің қосымша деректер мен толықтырулар айтуға мүмкіндігі бар. Іске сәт!

Әр топтың оқушылары кестелер мен картаны қолданады.

Негізгі бөлім: Жаңа сабақ

Бас қатырғы базары. Қазір сіздермен бас қатырғы базарынан дұрыс шешімді тапқанда ғана жаңа сабақты бастауға мүмкіндік алмақпыз. Олай болса, сөзжұмбақты шешіп көрелік. Төрешілер болса қай топтың қанша сұраққа дұрыс жауап бергенін сараптайды.

 

1 Әбілхайыр қай жүздің ханы еді? /Кіші жүз /

2 Қазақтар 1731 жылы қай мемлекетті мойындады ? /Ресей /

3 17-ші ғасырда сауда – саттық орталығы болған қала ? /Орынбор/

4 Тәуке ханның шығарған заңы ? /Жеті жарғы/

5 Абылайханның лақап аты ? /Сабалақ/

6 Абылайдың замандасы, жананда болған жырау? /Бұхар/

7 Қазақ тарихын зерттеген орыс ғалымы ? /Рычков/

8 Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж басшысы? /Сырым/

 

Біз шешуші кілт сөзді таптық . Ол қазақтың өр тұлғалы батыры Кенесары Қасымұлы .

 

Бүгінгі сабағымызда 1837-1847жж аралығындағы көтерілістің болу себебін, несебепті жеңіліске ұшырағанын Кенесарының басшылығымен өрбіген осы көтерілістің қаншалықты маңызды болғанына тоқталамыз . / Слайдтармен түсіндіру/

 

Кенесары Қасымұлы / 1802-1847/ - Қазақтың соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілістің атақты басшысы.Арғы атасы Шыңғысханның Жошы деген баласынан тараған, Қазақтың даңқты ханы Абылайдың немересі. Абылай қалмақтың Хочу мерген ноянының қызы Топыштан Қасым сұлтанды көреді. Қасым сұлтанның баласы Кенесары қазақ халқының батыры, ержүрек ханы атанды. Ол Абылай атасына қатты еліктеген, ата жолын ұстанған. Жаужүрек батыр «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін» деп мәлімдеген.Көкшетау өңірінің тумасы халық бостандығы, азаттығы, тыныштығы үшін күрескен. Оның ұлы мақсатын қолдаған халық оны «Хан Кене» деп атаған.

 

Көтерілістің басталу себептері :

 

Абылай ханның немерелерінің бірі Саржан Қасымұлы отаршылыққа қарсы қазақтардың күресін басқарды. Оны Қоқан ханы 1836 жылы зұлымдықпен өлтірді.Бұл көтелістің жалғастырушысы Жоламан Тіленшіұлы болды. Оның басты мақсаты отаршылықпен басып алған жерлерді қазақтарға қайтару еді. Кенесары Ресейдің билеп- төстеу саясатын жете түсінді. Ағасы Саржанның көтерілісіне қатысқан Кенесарының қалыптасуына әкесі Қасым тікелей әсер етті. 1836 жылы Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан өзге бауырлары мен әке өліміне қайғырған Кенесарының ендігі мақсаты қоқандықтардың тепкісінен қазақтарды азат ету болды. Сонымен қатар Қазақстанның патшалық Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтау ,қазақ жерін бекіністерден, жаңа округтік билеулерден азат ету басты мақсатына айналды.

 

Көтерілістің қозғаушы күші:

Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары боды. Кейін белең алған ірі көтеріліске өзге ұлттар да қатынасты..

Көтерілісті: Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, тама, арғын, керей,шекті, жаппас, бағаналы, табын т.б. ірі рулар қолдап отырды. Көтеріліске қатысқан ірі ақсүйектер өз мүдделерін көздей отырып, жерді азат етуді көздеді.

 

Ұлт азаттық көтерілісіне қатысқан тұлғалар:

Көкшетау өңірінен Шыңғыс ұрпақтары: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым, Ақмола аймағынан : Күшік, Жанай, Жадай Айшуақұлдары, Қарқаралы, Баянауыл, Құсмұрын елді мекендерінен 80-нен аса сұлтан ,би,старшындар қатысты.

 

Көтеріліс барысындағы маңызды оқиғалар:

1837 жылы Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарына тұңғыш рет шабуылдау арқылы патша үкіметіне қарулы қақтығыс білдірді.

1838 жылы мамырда Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, бекіністі өртеп жіберді. Бұл ірі жеңіс еді. Осы жылы орта жүз қазақтарының біразы Кенесарыға қосылып, толыға түсті.

1841 жылы Кенесары қолы Ташкентке аттанды, бірақ ауру тарап, жорық жалғаспады.

Көтерілісшілер қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек , Ақмешіт бекіністерін азат етті. Бұл сарбаздарды рухтандырып жіберді.

1842 жылы Сібір әскери шебінің басшылығымен Сотников Кенесары жақтастарына шабуыл жасады. Бұл ауылдардың бірігуіне себеп болды.

 

1843 жылы Николай патша Лебедев бастаған 300 казак отрядын көтерілісті жаншуға жіберді. Кескілескен ұрыста екі жақ та көп шығынға ұшырады. Көтеріліске тойтарыс бере алмай 17 тамызда Орынбордан қимылға кіріскен Бизановтың тобы кері шегінді.

1844 жылы шілденің 21 –інде көтерілісшілер Ахмет Жантөреұлының тобын талқандады.

Осы жылдың аяғында Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі Би Баймұханбет Жаманшин генерал – губернатор Обручевтің хатын Кенесарыға табыстады. Бұл хат келіссөз жүргізу үшін жазылған еді.

1945 жылы сәірде Кенесарының аулына Долговтың сонан соң Герннің елшілігі келді. Алайда патша елшілерінің отарлау саясатын көздеп отырғанын түсінген Кенесары олардың талаптарына келіспеді.Ол қазақ жеріндегі барлық патша бекіністері жойылсын, алым-салық жинау тыйылсын,жазалаушы отрядтар аластатылсын деді. Осыдан соң келіссөздер тоқтап қалды. Патша үкіметі отарлау саясатын жалғастыра берді.

1841 жылы Кенесары біршама өзгерісті хандық басқару жүиесі арқылы енгізді.Ол «хандық сотты»енгізді.Қаржы мәселесі мен салық жинауды жолға қойды.Жер саясатына көңіл бөлген хан егіншілікке көшуді, сауда байланыстарын нығайтуды қолдап отырды.

Кенесарының жағдайы 1845 жылдың аяғында қиындай түсті. Бұхар , Қоқан хандықтарының Кенесарыға қарсы бірігуі жағдайды күрделендірді.Сонымен қатар оның әскерін Жетісу бойының қазақтарының біршамасы қабылдай алмады.Абылайдың баласы Сүйік сұлтанның жақтастары Ресей билігін мойындады, белгілі старшындар Құнанбай Өскенбайұлы мен Барақ Сұлтанбайұлы Кенесарыға қосылмады. Олардың ауылдарын ойрандаған Кенесарының әскеріне қарсы біршама беделді рулар Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды.

1846 жылы Кенесары қырғыздардан Қоқан хандығына бірглесіп көтерілуді сұрады. Бұл ұсыныс алайда жауапсыз қалды. Ел ішіндегі алауыздық Кенесарының әскерін әлсіретіп жіберді.

Көтерілістің жеңілу себебі:

1847 жылы Кенесары қырғыз жеріне басып кірді.Қырғыз ауылдарын жазықсыз қыруы оған қарсы өшпенділікті ұлғайтты.Тоқмаққа жақын Майтөбе деген жерде Кенесары әскері жеңіліс тапты, бұған Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің әскерінің ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі әсер етті.Бірқатар феодалдардың Кенесарыны қолдамауы, Ресейден жеңілдік алған сұлтандар мен билердің мемлекетті қалпына келтіруге мүдделі болмауы жеңілудің негізгі себебі болды. Қазақ рулары көтерілісті тек өз жерлерінде қолдап, Қоқандар мен қырғыздарға қарсы шықпады.Өзін қолдамаған ауылдарға көрсеткен озбырлығы да әскер қатарын сиретті.

 

Көтерілістің тарихи маңызы:

1837-1847 жж көтеріліс ірі қозғалыс болды. Үш жүзді біріктірген көтеріліс отаршылық езгіге қарсы бағытталды. Осы көтеріліс арқылы қазақтардың Ресей патшалығының отарлау саясатына қарсы күрескені тарихтағы маңызы бар оқиға болды.

 

Кенесары сағындырған сайын бабам

Ежелден бәрі есте жайың маған.

Ерлік пен жігерің бар оттай ыстық

Тағдырдың талқысынан тайынбаған...

 

Хан Кене туралы тарихи шығармалар өте көп жазылды. Солардың атаулылары:

1.         Ілияс Есенберлиннің «Хан Кене»тарихи толғамдары мен пьеса-дастандары

2.         Ермұхан Бекмахановтың «Хан Кене»тарихи монографиялық еңбегі.

3.         Жанұзақ Қасымбаев «Қазақ даласының билеушісі»еңбегі

4.Доскей Әлімбаевтың «Кенесары»поэмасы

5.Естай Мырзахметов «Сардаланың сардары»

 

Сіздер 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған тарихи көтерілістің жайына қанық болдыңыздар. Енді сайысты жалғастырамыз.

Сіздер қазір оқулықты басшылққа алып, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайсыздар. Төрешілер әр топтың дәл , нақты жауабын бағалайды.

1-тапсырма . Сызбаны толтырыңыздар.

 

Көтерілістің басталу себептері?

Мақсаты ?

Қозғаушы күші ?

Қамтылған аймақтар ?

Көтерілістің ұлттық құрамы ?

 

2. Кестені толтырамыз . Көтерілістің барысы жайлы жауаптарыңызды бересіздер, қазылар өз бағасын қояды. Қай топтан көбірек дұрыс жауап берілсе , сол топтың ұпайы артады.

 

Болған уақыты Оқиғалар       

Маңызы , ерекшеліктері

 

Алған білімімізді тексеру үшін графикалык диктантты орындайық..Мен сіздерге тақырып бойынша сұрақтарға дұрыс немесе бұрыс жауаптарды беремін. Егер жауап дұрыс болса, сіздер ^ деген белгіні белгілейсіз егер бұрыс жауап болса, --- деп белгілейсіздер.

Олай болса , іске сәт.

 

1.         Кенесары 1801 жылы туылды. /1802ж /

2.         Ол Абылайханның немересі. / дұрыс /

3.         Көтеріліс 1835 жылы басталды. /1837ж /

4.         Көтерілістің болу себебі отаршылық саясаты. /дұрыс /

5.         1840 жылы Сотников Кенесарыға қарсы шабуыл жасады. /1842ж /

6.         Ресей мен Кенесары арасында келіссөз орнамады. /дұрыс /

7.         Қырғыздар Кенесары әскерін қолдады. / жоқ /

8.         Көтеріліс Майтөбеде жеңіліс тапты. /дұрыс /

9.         Кенесары қазақтың соңғы ханы. /дұрыс /

10.       Көтеріліске тек қазақтар қатысты./ жоқ /

 

---^----^------^-----^^-------------------

 

Бұл белгі жүрек соғысын білдіретін кордиограммалық тексеру белгісіне ұқсайды. Отан- оттан да ыстық.. Олай болса Өз еліңіз бен жеріңізді жүрегімен сүйетін елжанды азамат боласыздар деген сенімдемін. Дұрыс жауапты тексереміз.

 

Топтарды қазылар шешімімен бағалау.

Үйге тапсырма : 1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. Жұмыс дәптеріндегі 3,5 тапсырмалар. Хронологиялық кесте жасау. Кенесары жайлы деректер жинау.

 

Қорытынды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "»1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалы» (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Абылай ханның немерелерінің бірі Саржан Қасымұлы отаршылыққа қарсы қазақтардың күресін басқарды. Оны Қоқан ханы 1836 жылы зұлымдықпен өлтірді.Бұл көтелістің жалғастырушысы Жоламан Тіленшіұлы болды. Оның басты мақсаты отаршылықпен басып алған жерлерді қазақтарға қайтару еді. Кенесары Ресейдің билеп- төстеу саясатын жете түсінді. Ағасы Саржанның көтерілісіне қатысқан Кенесарының қалыптасуына әкесі Қасым тікелей әсер етті. 1836 жылы Ташкент билеушісінің қолынан қаза тапқан өзге бауырлары мен әке өліміне қайғырған Кенесарының ендігі мақсаты қоқандықтардың тепкісінен қазақтарды азат ету болды. Сонымен қатар Қазақстанның патшалық Ресейдің құрамына кіріп үлгермеген жерлерінің дербестігін сақтау ,қазақ жерін бекіністерден, жаңа округтік билеулерден азат ету басты мақсатына айналды.   Көтерілістің қозғаушы күші: Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші –қазақ шаруалары боды. Кейін белең алған ірі көтеріліске өзге ұлттар да қатынасты.. Көтерілісті: Қыпшақ, төртқара, жағалбайлы, тама, арғын, керей,шекті, жаппас, бағаналы, табын т.б. ірі рулар қолдап отырды. Көтеріліске қатысқан ірі ақсүйектер өз мүдделерін көздей отырып, жерді азат етуді көздеді.   Ұлт азаттық көтерілісіне қатысқан тұлғалар: Көкшетау өңірінен Шыңғыс ұрпақтары: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым, Ақмола аймағынан : Күшік, Жанай, Жадай Айшуақұлдары, Қарқаралы, Баянауыл, Құсмұрын елді мекендерінен 80-нен аса сұлтан ,би,старшындар қатысты.   Көтеріліс барысындағы маңызды оқиғалар: 1837 жылы Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын Ақтау бекінісі казактарына тұңғыш рет шабуылдау арқылы патша үкіметіне қарулы қақтығыс білдірді. 1838 жылы мамырда Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, бекіністі өртеп жіберді. Бұл ірі жеңіс еді. Осы жылы орта жүз қазақтарының біразы Кенесарыға қосылып, толыға түсті. 1841 жылы Кенесары қолы Ташкентке аттанды, бірақ ауру тарап, жорық жалғаспады. Көтерілісшілер қоқан әскерлері орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек , Ақмешіт бекіністерін азат етті. Бұл сарбаздарды рухтандырып жіберді. 1842 жылы Сібір әскери шебінің басшылығымен Сотников Кенесары жақтастарына шабуыл жасады. Бұл ауылдардың бірігуіне себеп болды.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.06.2014 2604
    • DOCX 23.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байменова Қарлыға Сейталимханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 754687
    • Всего материалов: 231

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 331 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек