Инфоурок Начальные классы КонспектыКонспект урока для начальных классов «Кітап - ақылшың»

Конспект урока для начальных классов «Кітап - ақылшың»

Скачать материал

Ашық   тәрбие сабағының  жоспары

ШҚО Семей қаласы

Прииртышский жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Спрбасова Жаннат Газизовна

 

Тақырыбы  Кітап - ақылшың.

Мақсаттары-оқушыға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру,зейінін шоғарландыру,шығармашылық қабілетін ,ой-өрісін дамыту,кітаптың адам өміріндегі маңызы ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру ,оқулықты құрметтей білуге ,ұқыптылыққа,адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрненілігі кітап көрмесі,даналық сөздер,жұмбақтар,ойын ( «Жалғастыр») ,көрініс

( «Кітап емханасы»)

 

Барысы

1 .Ұйымдастыру.                                                          

Оқушыларды сабаққа әзірлеу

Жұмбақ шешу

Сансыз ойлар бетімде,

Сайрап жатыр бар тілде.

Керекпін мен әр күнде,

Өшпейді бір әрпім де.

Бұл не?(Кітап)

 

 

Кітап

(Қонаққа кітап келеді)

Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де оны жақсы көремін.

 

Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Отырыңдар.Маған сый –құрмет көрсеткендеріңе рақмет.Көңіл-күйлерің қалай?

Бүгінгі сабақтың тақырбы-«Кітап-ақылшың».Ал,қане ,айтыңдаршы  бұл тақырыпты қалай түсінесіңдер?

-Ия,дұрыс,яғни білім, ақыл алу үшін мен өте қажетпін.

Кітап –адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап,оны ұрпақтан –ұрпаққа жеткізіп отыратын ,білім және тәрбие беретін құрал.Ол-адамзат жасаған ең ұлы кереметтің бірі.Кітаптың шығуы мен дамуы сол жазу өнерінің пайда болуымен байланысты болды.Ең бірінші дүниеге  қыш кітаптар,тас кітаптар,орама кітаптар келген.(слайдтар)

Одан кейін жарғақ теріге жазылған дүниеге келген.Бұл түркі халықтарының көне жазба ескерткіштері.

Мұғалім  Құрметті Кітап ақсақал.Біздің сынып балалары Сіз жайлы өлеңдер

жаттап ,деректер жинап алған еді .Енді сөз кезегін соларға берейік.

Темірлан

Сауатымды ашатын

Кітап-білім бұлағы.

Нұрын бізге шашатын

Ол-өмірдің шырағы.

 

Бекзат

Достарым,оқы ,ойна,

Оқу –білім саған пайда.

Кітабыңның шетін  жыртып,

Сияменен бояп қойма.

Ақерке

Әліппеде тізілген

Қырық екі әріп бар.

Тізілген сол ізімен

Өз кезінде танып ал.

Бақытжан

Әліппені біткенде

Кітапқа басқа көшесің.

Тез оқуға жеткенде

Білімді болып өсесің.

 

Аружан

Кел,балалар ,келіңдер,

«Оқулықты» көріңдер

Қане ,қарап шығыңдар,

Сурет сырын ұғыңдар.

Білім бар да ,оқу бар,

Оқығанды тоқыңдар.

 

Мұғалім

Халқымыз кітапты аса құрметтейді және оған үлкен мән береді.Кітапқа сүйене отырып  біз білім аламыз ,білімсіз ешқандайда жетістіктерге жете алмайсыз ,қазіргі кезде бәрі де оқумен,біліммен байланысты,бәрінің де білім алуға құқығы бар.

Білім таусылмайды.

Балалар! Білім ,кітап туралы қандай мақал білесіңдер?

Ал осы мақалдарды қалай түсінесіңдер?

Ойын «Жалғастыр»

...-таусылмайтын байлық.

Кітап-білім бұлағы,--------

Кітап------------қазына.

Өнерліге ---жауар.

Өнер-ағып  жатқан   ------------------

Білім-жанып жатқан шырақ.

 

Кітап көрмесімен таныстыру.

Кітап атаның өлеңі

Сендердің сауаттарыңды ашқан қай кітап?

-Әліппені,математика,дүниетануды  бір сөзбен қалай атаймыз?

 

Саған білім жемісін

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

 

Орманшының аялы

Алақаны өсірген

Сансыз ағаш саялы

Қағаз үшін кесілген.

 

Машинист боп жасынан

Дүбірлетіп даланы,

Сол ағашты тасыған

Білер ме ең көп ағаны?

 

Зауытта күні –түні

Қағаз жасап бағалы,

Қанша адам кім үшін

Маңдай тері тамады?

 

Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып,

Жылдар бойы қаншама

Жазады ұзақ толғанып.

 

Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

 

Әріп теру үшін де

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

 

Оқулықты мектебің

Берер саған теп –тегін.

Білмейсің-ау сен,бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Кітап атаның сұрағы-

Кітап қайда басылып шығады?

Кітапты баспадан шығару үшін ең алдымен не керек?

Кітап қағазы неден жасалады?

Ағашты қайдан алады?

Кітап жасау үшін қандай мамандар жұмыс жасайды?

Мұғалім

Кітапты шығару үшін көптеген адамдар  еңбек етеді.Солардың еңбегін бағалап,кітапты қалай ұстауымыз керек?

(Слайдта «Есіңе сақта !»

1.Кітапты ұқыпты ,таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шыығапма.

2 .Кітапты төсекте жатып ,ас ішіп  отырып  оқыма,кітап оқу ой еңбегін қажет етеді.Кітапты қалай болса солай оқыма.

3.Кітапты сызуға ,жыртуға болмайды.

4.Кітапханада шулауға болмайды,өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Жұмбақтар шешу

Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса –аттама

 

 

Топпен жұмыс

«Ой қозғау»

Топтама жасау

                                                          Кітап

 

 

Кітап –Отан байлығы  .Одан ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие ,үлгі өнеге  аламыз.Кітап-біздің рухани азығымыз.

 

Интербелсенді тақтада даналар сөзі.

Оларды дауыстап оқыту.

Артық ғылым –кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

         Абай

 

Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.

         М.Горький.

Кітапты сүйіңдер,ол өмірді нұрландырады.

     М.Горкий.

Кітап –көзі жұмыққа арзан, қөзі ашыққа –маржан.

 

 

Қорытынды

Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

  

Кітабың –сенің құралың,

Жағар білім шырағын.

Баса алмайсың еш қашан

Онсыз алға бір адым.

 

Кітадыңды құрметте,

Күтіп ұста,кірлетпе.

Кішілерге табыс ет

Дақ түсірмей бір бетке.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Конспект урока для начальных классов «Кітап - ақылшың»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Бұл сабақта оқушылар адам өміріндегі кітаптың маңыздылығы, құндылығы жөнінде ой қозғайды.

Оқушылар еркін сөйлеуге,топта жұмыс жасауға, өз білімдерін күнделікті өмірде пайдалануға үйренеді.

"Күнделікті өмірде алған білімдерінің келешекте қолдана алатындарына көздері жетеді.

бұл сабақта оқушылардың логикалық қабілеттерін арттыру үшін қызықты, заманға сай заманауи технологиялар пайдаланды.

Оқушылар кітап туралы қызықты өлеңдер оқып, кітаптың шығу тарихымен танысты.

Сабақта оқушылар терең білім алып, еліміздің ерте ғасырдағы өмірімен танысты. Әр кітап - Отан байлығы деген шешімге келді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 873 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2014 796
    • DOCX 248.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтишева Гулнар Газизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтишева Гулнар Газизовна
    Айтишева Гулнар Газизовна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32970
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 738 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 204 человека

Мини-курс

Психология обучения и развития детей: от садика до школы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе