Предпросмотр материала:
Сабақтың тақырыбы: Синтаксис тарауы бойынша қайталау сабағы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Синтаксис бойынша теориялық білімдерін практикада көрсету
Оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру ,сөздердің байланысу тәсілдері мен түрлерін меңгерту, оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру;
Дамытушылық: Тапсырма беру арқылы шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу, белсенділіктері мен қызығушылықтарын арттыру; Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушының жеке тұлғалық қабілетін ашу;
Тәрбиелілік: Елбасы жолдауын түсіндіру, ана тілін сүюге қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақ түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, тілдік талдаулар, іздендіру тапсырмалары
Көрнекіліктер: слайд, үлестірмелі карточкалар, мәтіндер.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалдарға шолу жасау
ІІІ. Жаңа сабақ
СИНТАКСИС![]()
|
|||
|
|||
![]()
![]()
![]()
Есімді
сөз тіркесі Құрмалас
сөйлем Жай
сөйлем Етістікті
сөз тіркесі тіркесі
1.Жолдауда Елбасымыз негізгі салалар бойынша басым бағыттарға тоқталды. 2.Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарын ұсынып, халқымыздың өмірін жарқын ете түсетін стратегиялық бағыттарды айқындап берді.
Басым бағыттары, бағыттарға тоқталды
Мәтінді мәнерлеп оқу, сөйлем түрлерін ажырату, сөздердің түрін анықтау
Сұлулық.
Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам жұлдызды аспанды тамашалайды, музыканың сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәндейді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады...
Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.
Көңіл бөледі, кереметтілігіне тамсанады
4 құрмалас сөйлем, 3 салалас құрмалас сөйлем, 1 сабақтас құрмалас сөйлем
Семантикалық карта
|
Салалас түрі жалғаулықтар |
Ыңғайлас |
Қарсылықты |
Себеп- салдар |
Түсіндірмелі |
Талғаулы |
Кезектес |
|
Да, де, та, те, және, әрі |
+ |
|
|
|
|
|
|
Сондықтан, себебі, сол себепті,өйткені |
|
|
+ |
|
|
|
|
Бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да |
|
+ |
|
|
|
|
|
Сонша,сол, сондай
|
|
|
|
+ |
|
|
|
Болмаса, әйтпесе,не болмаса я, яки |
|
|
|
|
+ |
|
|
Біресе,бірде, кейде |
|
|
|
|
|
+ |
|
|
Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.
саяси бағдарын, қатарына қосылуы, ол- келбеті
Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Асыл арман, елдің іргетасын, ақиқатқа айналдырып, ойып тұрып орын алатын
Баламалы тест (ия-жоқ)

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
«Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін, елдігіміз мәңгілік!-деп Елбасы айтқандай, еліміздің өсіп-өркендеуіне терең білімімізбен, болашаққа деген сенімімізбен үлесімізді қосайық! Ел болашағы-біздің қолымызда. ХХІ ғасырда дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар!
Профессия: Учитель начальных классов
В каталоге 7 450 курсов по разным направлениям