Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Каспийдің тірі алтыны
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Каспийдің тірі алтыны

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: Каспийдің тірі алтыны.

Сабақ мақсаттары:

1. Білімділік: Қазақстан байлығының бір түрі балықтар екенін, олардың тіршілігі, күтімі адам өміріне пайдасы туралы түсініктер беру. Каспий теңізі жайлы мағлұмат беру. Алған білімдерін жүйелеп бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

2. Дамытушылық: өз ойларын жеткізе білуге көзқарасын дәлелдей алуға машықтандыру. Шығармашылық ізденіске баулу. Сөйлеу тілін дамыту.

3. Тәрбиелігі: Қоршаған ортаның тынысым сырларына қызықтыру арқылы туған елін табиғатын сүйе білуге, оның байлықтарына қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, карта, суреттер, слайд.

Сабақ типі: Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды тыныштандырып, зейіндерін тұрақтандырып алу.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем

- Көктемнің келуімен табиғатта қандай өзгерістер болды?

- Көктемде жер қараяды, тіршілік басталады, күн ұзарып, түн қысқарды, еңбек басталды, құстар келеді, жасыл желек, шуақты күн. Мен сендерге көктемнің шуақты, жайдарлы күніндей көңіл-күй тілеймін.

ІІ. Өткен материалмен жұмыс.

- Үйге қандай тапсырма берілді?

- Көмірлі өлке Қарағанды және Қара алтын өлкесі Маңғыстау оқып мазмұндау.

І-топ Көмірлі өлке

ІІ-топ Қара алтын өлкесі


І-топ Көмірлі өлкен.

1. Қарағанды көмір кен орны қалай ашылды?

2. Тас көмірден қандай пайдалы заттар алады?

3. Тас көмірді жердің қойнауынан кімдер өндіреді?


ІІ-топ Қара алтын өлкесі.

1. Қара алтын деген не? Одан қандай заттар алынады?

2. Мұнайды қалай өндіреді?

3. Маңғыстау өңіріндегі жер қойнауында тағы да не кездеседі?

4. Бұл жер бұрын қалай атанған қазір ше?

- Еліміздің қай өңірін, қай аймағын алсақта жер үстінде, астын да байлық көздері тұрып тұр. Әр қалада түрлі шаруашылық санасы дамып өркендеуде. Ал бүгін елеулі өңірлер туралы білгендеріңді ортаға салдыңдар.



ІІ. Үй тапсырмасын бекіту.


hello_html_m62008942.gifпластилин кір жуатын заттар

hello_html_m498dd18a.gifhello_html_2921068e.gif

жhello_html_m2386317b.gifhello_html_m6324aed3.gifhello_html_m19ded5f6.gifhello_html_m7620f37e.gifер май Мұнай каучук

hello_html_51d2c5d1.gif

спирт бензин жағармай


- Міне мұнайдан қаншама адамға пайдалы заттар алынады екен. Осы мұнайдың ең көп шоғырланған жері Каспий теңізі екен. Теңізде мұнайдан басқа да байлықтар бар екен. Олар Каспийдің «тірі алтындары» балықтар.

- Бүгінгі біздің сабағымыз осы, Каспийдің тірі алтындары жайлы болмақ.

ІІІ. Жаңа сабақ. (слайд көрсету)

Каспий теңізі бірнеше мемлекеттермен шектеседі. Ресей, Азербайжан, Түркменстан, Иран, Қазақстан. (картадан көрсету)

Ертеде Каспий теңізінің тартылып кеткен табанына ел қоныстанып, балық және мал шаруашылығымен айналысқан. 1640 жылы ағайынды орыс көпестері Гурьев атымен аталған. Ал 1992 жылдан беру Атырау деп өзгертілді. Атырау қаласы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Теңіздің түбі де суы да байлыққа тұнып тұр. Теңіз түбіндегі тереңдіктен мұнай алынса суында өте бағалы алтынмен бағаланатын балықтар мол.

Жалпы әлемде балықтың 20000 мыңнан астам түрі бар. Ал Қазақстанның су ай айдынында 180 түрі бар. Каспийдің өзінде 97 түрлі балық бар. Олар бекіре, қызылбалық, сазан, шортан табан, майшабақ, ақмарқа т.б. Бекіре мен қортпа өте үлкен балықтар. Бұл балықтар 3 теңізде ғана кездеседі. Қортпа ұзындығы 6 м, бекіре 3 м. Олар уылдырықты көктемде шашады. Көктем мен жазда жылу мен жарық жеткілікті.

- Балық шаруашылығында балық аулап түрлі тағам дайындайды. Консербілейді, сүрлейді, тоңазытқыштарда сақтайды. Балық еті дәмді. Қара және қызыл уылдырықтарды шет елдіктер алтынмен бағалайды. Балық майының емдік қасиеті бар. Олан емдік дәрілер жасайды. Косметикалық кіремдер жасайды. Балық сүйегінен түрлі әшекейлер жасайды.

IV. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектей оқыту.

V. Дәптермен жжұмыс.

Мәтінде кездесетін балық аттарын теріп жазу.

VI. Бекіту сұрақтары.

«Балық аулау» ойыны.

Әр бір оқушы бір балықты таңдап алып артындағы сұраққа жауап береді.

1 балық: Каспий теңізінде қандай шаруашылық дамыған?

2 балық: Теңізде қандай балықтар тіршілік етеді?

3 балық: Балықтан алған қандай өнімді алтынға бағалайды?

4 балық: Атырау қаласы қандай теңіздің жағасында орналасқан?

5 балық: Каспийде балықтардың қанша түрі кездеседі?


Жұмбақ.

1) Айдында жүзеді.

Тірі күміс сүзеді (балықшы)

2) Өзі көк көлеңкесі жоқ. (теңіз)

Сонымен балықтың қандай пайдасы бар? Одан адамға қажетті қандай заттар алады?


уылдырығы

hello_html_md00d97.gif

сhello_html_13b6fe8e.gifүйегі еті

әhello_html_59712498.gifhello_html_m51b20a21.gifшекейлер Балықтар консерві

hello_html_m270ee3ee.gifhello_html_m71a5449a.gif

майы емдік дәрілер


VIII. Қорытындылау. Қазақстан жері түрлі қазба байлыққа толы. Бұл қазба байлықтар еліміздің мақтанышы оны үнемдеп пайдалану, қорғау әрбір адамның мүндеті.

IX. Үйге тапсырма: Каспий «тірі алтыны» оқу. Суды қорғау эссе жазу. Балық суретін салу.

Х. Белсенді оқушыларды бағалау, мадақтау.

Краткое описание документа:

Бұл сабақта Каспий теңізі балықтарының түрлері, тіршілігі жайлы түсінік қалыптасады.Қазақстандағы балықтардың түрлеріне тоқталады. Картамен жұмыс жасау арқылы шекаралас мемлекеттерді еске түсіреді. Балық аулау ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығы арта түседі. Балықшы кәсібі туралы ойлары талқыланады. Топтастыру статегиясы арқылы алған білімдерін жүйелеп, бірлесіп жұмыс жасауға қалыптасады. Балықтың пайдасы туралы,тұрмыста қолданылуы туралы ойларын жинақтайды. Бұл сабақта қоршаған ортаны қорғау, қамқоршы болуға тәрбиеленеді.
Автор
Дата добавления 29.03.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров671
Номер материала 45680032957
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх