Инфоурок Классному руководителю Рабочие программы«Білім мен тәрбие -егіз ұғым» сайысы

«Білім мен тәрбие -егіз ұғым» сайысы

Скачать материал

          «Эрудит» интеллектуалдық ойыны -2012!

                     7-8 сыныптарға арналған

 

-Қайырлы таң қымбатты ұстаздар және оқушылар. Баршаңызға мәлім осы апта бойы мектебімізде «Ел ертеңі – бүгінгі мектепте» атты дәстүрлі білім апталығы өтіп жатыр, осы апталық аясында бүгін  сіздерге арнап өткізгелі отырған «Эрудит» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер.

 Мына ғасыр білімдінің ғасыры,

Сараланар адамзаттың асылы.

Қазақстан өркениет ел болса,

Заңды елімнің қуаныштан тасуы.

Мына заман білімдінің заманы,

Шәкірттердің таудай биік талабы.

Білімдіні анықтайтын сайыста,

Сайыскерлердің сәтті болсын қадамы – деп бүгінгі сайыскерлерімізді ортаға шақыралық.

Олар:  7 а сыныбынан ақылды Аружан, байсалды Бағдат,  7 б сыныбынан  мейірімді Мадина, дарынды Дәулет, 8 сыныптан математик Мұстафа мен нар жігіт Нұрболды қол соғып қарсы алайық.

Келесі кезекте бүгінгі білім сайысының сарапшыларымен таныс болайық.

Олар: Урбисенова Алия Қабдырахиқызы және Орынғалиева Сәуле Отарқызы, Жұмағалиева Нұрсұлу Ғиниятқызы.

 Ендеше бүгінгі ойын шарттарымен таныс болайық. Ойын барлығы 6 турдан тұрады.

1-тур: Бәйге бойынша барлығы 10 сұрақ оқылады, әр сұраққа 10 баллдан беріледі. Бұл кезең ой ашар болғандықтан еш ойыншы ойыннан шығарылмайды.

2 тур-«Жалғасын тап » бойынша 10 мақал оқылады, сол мақалдардың жалғасын тез, әрі қатесіз жалғастырған оқушыға 10 баллдан беріледі, бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

3-тур-«Кейіпкер келбет» бойынша ертегі кейіпкерлерінен 5 сұрақ оқылады, әр сұраққа 10 баллдан беріледі, бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

4-тур-«Қызықты деректер» бойынша қалған 4 оқушы 4 түсті ұяшықтарды таңдайды, сол ұяшықтарда орналасқан  4 түрлі пәннен берілген 3 сұраққа жауап береді, әр сұраққа 10 баллдан беріледі, бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

5-тур – «Кім көп біледі?» бойынша қалған 3 ойыншыға 3 әріп беріледі, сол әріптерге байланысты тапсырмалар орындалады. Бұл кезең 5 балмен бағаланады.,бұл турдан кейін ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығарылады.

6-тур – «Жорға» бойынша соңғы қалған 2 оқушыға 15 сұрақтан оқылады, әр сұрақ 1 баллдан бағаланады.

Ойын шарттары  түсінікті болса, назарымызды тақтаға аударалық. Тақтада үкінің суретін көріп тұрсыздар.

Үкі-қазақтар үшін  қасиетті құс. Оның қауырсындарындағы бедер – құранның құпияланып жазылған нұсқасы деген сеніммен, үкі қауырсынын үлкен табыс, бақыт  әкелсін деп ата-бабаларымыз сынға түскен әншілер мен жыршыларының бас киімі мен домбырасына таққан екен. Ал, қазіргі таңдағы интеллектуалдық  ойындарда  үкі – кемеңгерлік пен ақыл символы болып есептеледі.

Ендеше ойынымызды басталық.

 

1-тур: Бәйге. Назарларыңыз тақтада болсын. Бұл турда шапшаңдық қажет.

1.Балалар туралы жазылған Б.Соқпақбаевтың повесі. 

                                                   /Менің атым Қожа/

2.Алғаш қағазды ойлап шығарған ел.          /Қытай/

3.200 теңгенің 25% қанша теңге.              /50 теңге/

4.Жансыз заттардан құралған үйлесімді көркемсурет.                                       

                                                                        /Натюрморт/

5.”Миллион” сөзін қазақ арасына жеткізген ағартушы.                                      

                                                                       /Ы.Ал тынсарин./

6.Уақыттың ең кіші өлшем бірлігі.                   /секунд/

7.Жоқ өзінде бас та, қас та мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында          /Сызғыш/

8.Жарық түспейтін кеңістік                /Көлеңке/

9.Оқулық беретін орын.                       /Кітапхана/

10.Қазақстанда “Қызыл кітап қашан шықты? ”      /1977/

2 тур-«Жалғасын тап » бойынша 10 мақал оқылады, сол мақалдардың жалғасын тез, әрі қатесіз жалғастырасыздар. Есте сақтаңыз бұл турдан кейін ұпайы аз алғашқы ойыншы ойыннан шығарылады.

1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл.

2.Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

3.Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.

4.Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.

5.Бір елі ауызға, екі елі қақпақ.

6.Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.

7.Отыз күн оразаның бір күн айты бар.

8.Елу жылда ел жаңа.

9.Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

10.Алты жыл аш болсаң да, ата-салтыңды сыйла

 

Кезек сарапшыларда 1,2 турларды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз.

3-тур-«Кейіпкер келбет» бойынша ертегі кейіпкерлерінен 5 сұрақ оқылады.

 

1.8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері

                                       /Ер Төстік/

2.Алдар алдап кеткен Бізбикештің  әкесінің аты.              /Шықбермес Шығайбай/

3.Ол беске дейін ғана санау білетін.    /Буратино/              

4.Тайбурылдың иесі.   /Қобыланды батыр/

5.Мысықтың құйрығын алып қойған қыз.           /Мақта қыз  /                                  

 

 

Кезек сарапшыларда  3 турды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз.

4-тур-«Қызықты деректер» бойынша қалған 4 оқушы 4 түсті ұяшықтарды таңдайды, сол ұяшықтарда орналасқан  4 түрлі пәннен берілген 3 сұраққа жауап бересіз. Сонымен ұпайы аз оқушы ------------ таңдау кезегі өзіңде.Қай ұяшықты таңдайсың?

Кезек сарапшыларда  4 турды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз

 

5-тур – «Кім көп біледі?» бойынша қалған 3 ойыншыға 3 әріп беріледі, сол әріптерге байланысты тапсырмалар орындалады. Кезекпен әріп суыралық.

 

Кезек сарапшыларда  5 турды қорытындылап берсеңіз.

Сонымен бұл кезекте ұпайы аз оқушы ------------- қоштасамыз

 

 

6-тур – «Жорға» бойынша соңғы қалған 2 оқушыға 15 сұрақтан оқылады, әр сұрақ 1 баллдан бағаланады.

    1 –оқушы:

1.Әр адамның шағын Отаны   /отбасы/

2.Ең кіші төрт таңбалы сан.  /1000/

3.Жылдан  құр қалған жануар.  /түйе/

4.Адам денесінің тірегі не?  /қаңқа/

5.Көкжиектің неше тұсы бар?  /4/

6.Бес дұшпанды атаңыз.  /өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ/

7.7 Азиада өткен қалалар.  /Астана, Алматы/

8.Күйді орындаушы адам.  /күйші/

9.Ақан серінің тұлпарының аты.    /Құлагер/

10.Ақ алтын.  /Мақта/

11.Жеті күн.  /апта/

12.Абайдың әжесі  /Зере/

13.Ұя салмайтын құс.   /көкек/

14Біржанмен  айтысқан ақын қыз.   /Сара/

15.Заттың санын білдіретін сөз табы.   /Сан есім/

   

2 –оқушы:

1Ақ сүт берген аналардың анасы кім?  /әже/

2.Сөз басы не? / сәлем/

3.Отбасының пірі, қара шаңырақ қожасы кім?  /әке/

4.Қуанышты жаңалықты хабарлау  /сүйінші/

5.Ең зор байлық  /денсаулық/

6.Тауықтың түсіне кіретін дән.   /тары/

7.Семіздікті көтеретін жануар.  /қой/

8. Қара алтын.   /мұнай/

9.Махамбеттің жолдасы кім?   /Исатай/

10.Жігіттің үш жұрты.   /Өз, нағашы, қайын жұрты/

11. Күй атасы.  /Құрманғазы/

12.Заттың сынын білдіретін сөз табы.  /Сын есім/

13. Өз атын өзі шақыратын құс  /көкек/

14.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері.   / Т Әубәкіров/

15. 0-ден үлкен сандар   /оң сандар/

Қорытынды: 

Сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рахмет. Әрдайым білімімізді шыңдап жүрелік.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Білім мен тәрбие -егіз ұғым» сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

 Мақсаты: Мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері және ата-аналар арасындағы байланысты нығайта түсу, бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болуға, баланы біріге отырып, екіжақты тәрбиелеуге бағыт бағдар беру.Күтілетін нәтиже: Бір-бірімен үнемі тығыз қарым-қатынаста болып, балаға тәрбие беретін бірлескен ата-ана мен мұғалім.Кіріспе сөз:Баланы жастан бақпасан,Жамандықтан қақпасан.Қадірден жұрдай қасқа боп,Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей-ақ, баланың ыстық-суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда «Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап – қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана болып табылады. Сондықтан ата-ана мен ұстаздар және сынып жетекшілер арасында үзілместей жіпті берік байлау мақсатында, бүгінгі, «Атажұрт» интеллектуалды психологиялық ойынын ұйымдастырып отырмыз.Интеллектуалды психологиялық ойынға қатысушыларымен таныс болыңыздар (топтың аты, жоба қорғау):І  топ: «Арман» 4 сынып жетекшісі мен ата-аналарыІІ  топ: «Білім» 8 сынып жетекшісі мен ата-аналарыІІІ  топ: «Бақыт» 9 сынып жетекшісі мен ата-аналары             Бүгінгі ойынға қатысушыларымыздың айтқан пікірін тыңдап, өз бағасын беріп, сарапқа салатын, сарапшылар мен көрермендер дауысымен бағаланады. Ойын сарапшыларымен таныс болыңыздар:Ойын бағдарламасы:1 тур - «Қанат қақты» - ой жинақтау 2 минут.2 тур - «Самғау» -мақал – мәтелді жалғастыр. Ерекшеленген сөзді  орыс, ағылшын тілінде аударыңыз. (Қосымша көмек беріледі досыңызға қоңырау соғыңыз). 3 тур –  «Жұмбақтар» - жұмбақтың шешімін тауып 3 тілге аудару керек4 тур - «Шарықтау» – идеялар аукционы5 тур -  «Шырқау». Салт- дәстүрді сипаттау6 тур -  «Жер ұйық» - сұрақ жауап.  1 тур «Қанат қақты» ой жинақтау (плакат, фломастер). Ата-ана мен ұстаздарға плакат беріледі, бұл плакатқа төмендегі сұрақтарды қолдана отырып, сурет не схема арқылы өз ойын білдіреді.         Оқушы -  мұғалім – ата – ана арасындағы байланысты көрсете білу (Сурет – схема арқылы өз ойларын талдайды). 2 тур - «Самғау» Мақал – мәтелді жалғастыр.І топ: 1.                       Балалы үй базар,    /Баласыз үй қу мазар./2.          Атадан жақсы ұл туса,             Қар үстінде от жанар.            /Атадан жаман ұл туса,             Ат үстінде ит қабар./3.          Ақ жаулығы ананың —             /Ақ көрпесі баланың./4.         Ананың ойы ұяда,            /Баланың ойы қияда./5.                       Шәкіртсіз ұстаз – /тұл./ІІ топ:1. Ата – бәйтерек,   /бала – жапырақ./ 2. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,    Он бес жасқа дейін құлдай жұмса,    /Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас./3. Атадан жақсы ұл туса,    Елінің қамын жейді;    /Атадан жаман ұл туса,     Елінің малын жейді./4. Жалғыз баласы атқа шапса,     /Атасы ауылда тұрып      Тақымын қысады./5. Күш – білімде, /білім – кітапта./ІІІ топ: 1. Аш бала тоқ баламен ойнамайды,    /Тоқ бала аш болам деп ойламайды./2. Алты жасар бала алыстан келгенде,    /Алпыстағы ақсақал сәлем берер./3. Жақсы бала – сүйік, /жаман бала – күйік./4. Ағайын — алтау,    /Ана — біреу./5. Мектеп – білім тірегі,/ Ұстаз - оның жүрегі/Сергіту сәті:  «Балам – бағым» тренинг3 тур- «Жұмбақтар» - Жұмбақтың шешімін тауып 3 тілге аудару керек. 3 аударма-5, 2аударма-4, 1аударма-3 ұпай.4 тур – «Шарықтау» –  «Арманым – бақытым» тақырыбында идеялар аукционы. Топ мүшелеріне ақ парақ беріледі, параққа оң қолының суретін салып, алақанына арман – тілектерін жазып, «сиқырлы бәйтерекке» салады. Үздік идея бағаланады.5 тур - Шырқау. Ұяшықтарды таңдау арқылы салт дәстүрді сипаттау керек. Әр дұрыс нақты жауап 5 ұпай.6 тур - «Жер ұйық» сұрақ - жауап.  Жалпы тақырыпта сұрақтар қойылады, сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпайСұрақтар: 1.      Қазақ халқының ұлы ақыны? /Абай/.2.      Қазақстан қашан тәуелсіздік алды? /1991 жыл/.3.      Қазақстанның мемлекеттік тілі? /Қазақ тілі/.4.      Күн мен түннің теңесін күні? /22 наурыз/.5.      Қазақстанның алғашқы астанасы? /Ақмешіт/.6.      Жауынгер – жазушы Кеңес Одағының батыры. /Бауыржан Момышұлы/.7.      Төрт жылдан соң елімізде өтетін Халықаралық көрме. /ЕХРО – 2017/.8.      Қазақтың тамақ сақтауға арналған қапшығы /Аяққап/.9.      Ыдыс-аяқ сақтауға арналған зат /Кебеже/.10.  Қазақ тілінде неше әріп бар? /42 әріп/. Қорытынды. «Жүректен шыққан жылы сөздер..» сергіту сәті. Түрлі-түсті қағаздан қиылған кішкентай жүрекшелер таратылады. Барлығымыз да ата-анамыз мына жүрекшелерге өз баларыңызды қалай еркелетесіздер, қандай мейірімді сөздер айтасыздар, яғни жүректен шыққан жылы сөздеріңізді жазыңыздар. Үлкен жүректі тақтаға іліп, әрбір қатысушы жүрекшелердегі жазған сөздерін оқып үлкен жүрекке орналастырады.Қатысқандарыңызға көптен-көп рахмет! Сау болыңыздар!  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 462 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2014 1841
    • DOCX 17.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адаева Гулбану Жаулыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Адаева Гулбану Жаулыбаевна
    Адаева Гулбану Жаулыбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33826
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе