Қош келдің жаңа жыл!

Найдено 64 материала по теме

Қош келдің жаңа жыл! /Ертеңгілік/

    DOCX

Предпросмотр материала:

Қош келдің жаңа жыл!

 

Сахна әдемі безендірілген, сахнаға бұлғандаған түлкі кіреді

Түлкі:

Мен түлкімін, түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлаң, бұлаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Бәріңде маған жетпейсің

Алдымнан кесіп өтпейсің

Күніңді көріп ептейсің

/Шыршаға қарап/

-Шырша қандай әдемі, біра маған ешқандай шыршаны қажеті жоқ Онда аңдар көп болады, аяз атаның берген сыйлығына таласып, біреу құйрығымды басып кетіп жүрер. Оданда мен үйәме барып жатайын, құр қол кеткенше жүрген жерім қу мен ду ғой, аяз- атаның қапшығын ұрлап кетейін.

/Сахнаға қарша қыздың бейнесіндегі 2 жүргізуші, балалар кіреді/

Клара:  Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

                Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

                Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

                Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жанна: жүзімізде қуаныш,

Әр көңілде жақсылық.

Келе жатқан жаңа жыл,

 Әкелсін көп жақсылық.

Клара: Құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы, бөбектерім! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық тілеймін. жаңа жылға арналған жүрек жарды. лебізімен ортаға  балабақшамыздың меңгерушісі Жаңылсын Балтабай қызын сөз кезегін береміз.

Жанна:

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Аяз ата келген күні қуанғандай,

Балалардың қуанышы арылмасын.

Алдарыңызда балбөбек тобының бүлдіршіндері жаңа жылдық шыршаға арналғанан жырын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

Би: «балапандар».

Музыка әуенімен  екі қоян жүгіріп кіреді.

Ж. Клара: қояндар сендерге не болды?

Қояндар: бізді қасқыр қуып келе жатыр.

Біз аяз атаны қарсы алуға келдік,жолда қасқыр мен түлкі кездесіп, бізді қуды, содан қаша жөнелдік, қасқыр соңымыздан қалмайды, ал  түлкі болса басқа жаққа кетіп қалды.

/Музыка әуенімен ортаға ырсылдап, қасқыр кіреді, ол шыршаны айналып, қояндарға бас салады./

Жүрг: қасқыр сен қайдан келдің, бұл қай басынғаның? Жөніңді айт.

Мына қояндар саған не істеді? неге қуып жүрсің?

Қасқыр: түлкі оларды ұста деген соң қуа жөнелдім.

Жүрг:  Неге? Өзі қайда?

Қасқыр: өзі аяз атаны адастыруға кетті. Ал мен қояндардың ізіне түсіп, жеткен жерім осы болды.

Жүрг: О, қу түлкі жүрген жері щу түлкі,ол бір келеңсіздік тудырмаса жүре алмайды ау. Сен қазір балаларға қонақ болып қаласың.

Жүрг: балалар қасқырымыздың еш кінәсі жоқ қой, ендеше балалар қасқырдың көңілін көтерейік. Ал қасқыр біздің өнерімізді тамашала.

Би: «Қояндар»

/ Қояндар хатты алып орманға қарай жөнеледі./

Ал қояндар, сендер мына жедел хатты ормандағы аңдарға жеткізіңдер.

Ал енді ортаға  «Айгөлек» ортаңғы тобын шақырайық.

Тақпақтар:

Асылайым: шырша айналып әндетіп,

                     Би билейік сәндетіп.

                    Қандай жақсы жаңа жыл,

                    Өткізейік мәнді етіп.

Гүлдана:жаңа жылды бәрің мендей тойлаңдар,

Туған елге жақсы тілек ойлаңдар.

Қаңтар айы жаңа жылдай қабылдап,

Бұрқыраған боранымен ойнаңдар.

Сержан: жаңа жыл, жаңа жыл,

Кел далама, қалама.

Шыршамызды айналып,

Би билейік әндетіп.

Сабина: жасыл шырша жамылған,

Аасыл моншақ тағылған,

Келді сұлу шыршамыз,

 Көптен күтіп сағынған.

Теміржан:Безендіріп шыршаны,

                 Жыл қуантты баршаны.

                 Бал маскарад басталды,

                 Аяз биді қарсалды.

Мерхан: борандатып,аққарланып,

Аяз ата келеді .

Ақкөңілмен, пәк көңілмен,

Бізге сәлем береді.

Жүрг: балалар мерекеге кімдер жетіспейді?

Балалар: Аяз ата мен ақшақар.

Жүрг: әрине, балалар Аяз атамызбен Ақшақарымыз жетіспейді.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар. /хормен/

/Музыка әуенімен залға аяз атамен ақшақар кіріп келеді./

Аяз ата : Амансыңба ұлдарым,

Ақшақар: Амансыңба қыздарым.

Балалар:  Сәлеметсіз бе аяз ата, ақшақар.

Аяз ата:  Былтыр сіздерге келіп едік,

                Өнерлеріңді көріп едік,

                Өсіп қалыпты бойларың,

                Тамаша ғой ойларың,

                Құтты болсын балалар,

                Жаңа жылдық тойларың.

Жүрг: Қош келдіңіз аяз ата!

Қарсы аламын орын беріп,

Ән салыңыз бізбен бірге ,

Би билеңіз бізге еріп.

Бізде әсем әнде, биде бар Аяз ата отырыңыз сәл демалыңыз.

Балалар  бездің   аяз атамыз бен ақшақарымыз келді, ортамызда әсем шыршамыз тұр, енді бұл мерекені көңілді өткізу үшін не жетіспейді?

Балалар:  шырша шамдары жетіспейді.

Аяз ата: олай болса балаларбәріміз бірге  шырша шамын жағайық.

                  Қуант бізді, таңырқат,

                  Шамдарыңды жарқырат.

Ақшақар: балалар аяз ата сендерге мол сыйлықтар алып келді, сендердің қандай өнерлеріңіз бар.

Жүрг: балалар аяз атамыз бен ақшақарымызға өз өнерлерімізді    көрсетейік.

Тақпақтар:

Нұрайым: сылдырлаған моншағы,

                  Шыршамыздың мол шамы.

                  Жаңа жыл мен жайдары,

                  Жарқырайды жайнады,

                  Арайланды шыршамыз.

                  Айналамыз баршамыз.

Қолғанат: Сақалы аппақ күмістей,

                   Тістері аппақ күріштей.

                    Қызыл ала шапаны,

                    Сағындым аяз атаны.

Қарақат: Шыршамызда керемет,

               Ойыншықтары тағылған.

                Алыс жақтан келіп тұр,

                Аяз ата сағынған.

Мансур:келді міне жаңа жыл,

Тамаша жыр болса екен.

Бар баланы қуантып,

Бақыт құсы қонса екен.

Камила: Шыршаға бардық,

Әсем ән салдық.

Аяз атадан,

Сыйлықтар алдық.

Наргиза:  қош келдің жаңа жыл,

Жаңа өмір, жаңа нұр.

Шашу боп жанына,

Төгілсін ән мен жыр.

Рахман: Қуантып елді,

               Жаңа жыл келді.

               Өсетін болдым,

               Бір жасқа енді.

Әдемі:   Келді, келді жаңа жыл,

               Қуанып қарсы ала біл.

               Аяз ата сыйлығын,

               Алайық айтып жаңа жыр.

Бибіфатима: Жаңа жыл келді міне жерімізге,

                        Әкелсін құт береке елімізге.

                        Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

                        Қиындық жолатпасын бәрімізге.

Аружан: Аяз ата келіп тұр,

                Сый-сыйяпат беріп тұр.

                Балалардың өнерін,

                Ақшақарда көріп тұр.

Салихадин: Уақытты мол бөлеміз,

                      Қыс қызығын көреміз,

                      Сары аязда шыңдалып,

                      Шымыр болар денеміз.

Жүрг: жарайсыңдар балалар қане енді атамыз бен бірге ән айтайық.

Ән: «Шырша жыры»

Жүрг: ескі жылды шығарып салатын кез келді, енді ескі жылмен келер жылды жаңа жылымызды ортаға шақырайық.

Жылан : сәлеметсіңдерме балалар мен сендермен қоштасқалы келдім,

Ескі жылым есіркеп,

Жаңа жылым жарылқап.

 Елімде болсын тыныштық,

Бибіт күнім жарқырап,

Қоштасамын бүгін мен,

Сіздерді қимас көңілмен.

Жаңа жыл:

«Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбеленушісі  Шайхаден  Наргизаның ата ансының шыршаға арналған ән шашуын қабыл алыңыз.

Келесі «Балбөбек» тобының бүлдіршіндерінің  жорға биін тамашалаңыз.

Би: «Жорға»

Музыка әуенімен    

/шаналарын сүйреп қояндар кіреді./

Қояндар: бізге түлкі сыйлықтарды қайтарып берді.

Би: «Күшіктер»

Осы кезде түлкі ішін ұстап күліп келеді.

 

 Аяз ата:  Менің балаларға арнап әкелген сыйлықтарымды сен әкеткен болдың ғой, қайтар. Аяз атамен ақшақар  сыйлықты түлкі жасырғанын бірден сезіп, оны сыйқырлы таяғымен сыйқырлайды, осы кезде түлкі жалынып, мені қатырмашы сендердің сыйлықтарыңды тауып беремін – деп шырша астынан сыйлықты алып келеді.

Аяз ата мен ақшақар сыйлықтарын таратады.

Ән: «» Сапарбай Құралай.

Жүрг: Барлық әндер бір тілекке қосқан үн,

            Бақытты боп бастады жыл дастанын,

            Қуанышпен келді той боп, жаңа жыл.

            Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Жүрг: Осымен бүгінгі әсем шыршамызға арналған ертеңгілігіміз аяқталды, Сау болыңыздар.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

 

 

 

 

Краткое описание материала

Қош келдің жаңа жыл!   Сахна әдемі безендірілген, сахнаға бұлғандаған түлкі кіреді Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін Тұнып тұрған күлкімін Бұлаң, бұлаң құйрығым Текке өтпейді бір күнім Бәріңде маған жетпейсің Алдымнан кесіп өтпейсің Күніңді көріп ептейсің /Шыршаға қарап/ -Шырша қандай әдемі, біра маған ешқандай шыршаны қажеті жоқ Онда аңдар көп болады, аяз атаның берген сыйлығына таласып, біреу құйрығымды басып кетіп жүрер. Оданда мен үйәме барып жатайын, құр қол кеткенше жүрген жерім қу мен ду ғой, аяз- атаның қапшығын ұрлап кетейін. /Сахнаға қарша қыздың бейнесіндегі 2 жүргізуші, балалар кіреді/

Қош келдің жаңа жыл! /Ертеңгілік/

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Шевер Надежда Викторовна

воспитатель

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 520089
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 77
  • 520089
    просмотров
  • 77
    материалов
  • 0
    подписчиков

Об авторе

Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы , психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Шевер Надежда Викторовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: