Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииЖелтоқсан оқиғасы

Желтоқсан оқиғасы

Скачать материал
Скачать материал "Желтоқсан оқиғасы"

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, себептері мен...

    1 слайд

    Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, себептері мен сипаты Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту, 80- жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принціптерімен таныстыру; Тәрбиелік: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20жыл, 1986 желтоқсан оқиғасына – 25 жыл толуын оқушыларға айта отырып, Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлес ағаларымыздың батылдығын дәріптеу. Дамытушылық: Тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: СТО технологиясы бойынша құрылды. Сабақтың көрнекілігі: тірек – сызбалар, кесте, интерактивті тақта, бейне таспа.

  • Сабақтың барысы: І. Сабақ мына үш саты бойынша ұйымдастырылады: Қызығушылықты...

    2 слайд

    Сабақтың барысы: І. Сабақ мына үш саты бойынша ұйымдастырылады: Қызығушылықты ояту («1986жылғы желтоқсан оқиғасын» интерактивті тақта бойынша көрсету, сұрақтар қою) Мағынаны тану ( жауаптар іздеу, мәселені зерттеу) Ой – толғаныс немесе рефлексия ( ойлау үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау) Кіріспе: Жаңа дерек «Бетбұрыс алдындағы қалыптасқан жағдай» 80 - жылдардың басында КСРО – да аса ауыр әлеуметтік – экономикалық жағдай қалыптасты. Ел күрделі дағдарыс алдында тұрды. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы келеңсіз сипат алды. Халық шаруашылығындағы тоқырау құбылыстары, онда орын алған қарама-қайшылықтар мен кемшіліктерді айқын көрсетті, олар негізінен әміршіл-бюрократиялық жүйенің жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберген қателіктеріне байланысты болды. Мәселен, орта машина жасау, тиісті металдар, энергетика, металургия, суландыру және қорғаныс министрліктері республика аумағында өздерін нағыз «қожайын» есептеді, олар республика мен оның еңбекшілерінің мүдделерімен санаспады. Экономикалық отарлық бағытта қалыптасуына байланысты қажетті тауарлардың 60% республикаға КСРО – ның басқа аймақтарынан әкелінді.

  • Рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілі...

    3 слайд

    Рухани мәдениет құлдырады. Ұлттық мәдениетке менсінбей қараушылық қазақ тілінің жағдайына кері әсер етеді. Ана тілін білмейтін, тіліне, діліне, ұлтына менсінбей қарайтын мәңгүрттер тобы пайда болды. Бұрынғы – экономикалық жүйенің арнасымен алға қоғамды түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады.

  • Қызығушылықты ояту . (1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан үзінді интерактивті тақ...

    4 слайд

    Қызығушылықты ояту . (1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан үзінді интерактивті тақта арқылы көрсетіледі) «Білемін. Білгім келеді. Білдім.» - Балалар, желтоқсан оқиғасы туралы бұрыннан қандай хабарыңыз бар, толығырақ нені білгіңіз келеді? Ортаға ойымызды сала отырып, кестені толтырайық БілемінБілгім келедіБілдім Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.Шеруге қатысқандарды басып тастау үшін билік иелері жүргізген шаралар. М.Шаханов туралы Тәуелсіздік монументі туралы Осы оқиғаға қатысқан жерлес адамдар туралы.

  • Сол жылдары Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған кез еді. Қазақ тіл...

    5 слайд

    Сол жылдары Қазақстанда ұлтаралық қатынастар ушығып тұрған кез еді. Қазақ тілі мәртебесінің төмендетілуі, қазақ мектептерінің, бала-бақшаларының жабылуы, өзге ұлт өкілдерінің қазақтарды төмен санауы, Алматы қаласында қазақтардың баспанасыз жүруі – саналы жастардың намысын оятты. Осы кезде Қазақстан Орталық Партия Комитетінің 1-ші Хатшысы Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаевты орнынан алып оның орнына Мәскеуден ұлты орыс – Колбиннің тағайындалуы намыс отын өршіте түсті. Жастар, студенттер, жұмысшы жастар: «Ел мен жер біздікі, неге бізді басқа жақтан келген біреу басқарады?» деген сұраққа жауап іздеп алаңға шықты.

  • «Желтоқсанда үзілген жауқазын» 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңын...

    6 слайд

    «Желтоқсанда үзілген жауқазын» 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Брежнев алаңында не болғаны жайлы ? Қазақ жастары осы күндері қандай қианат, қиындықтар көрді ? Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды ? Қазіргі таңдағы осы қайғылы оқиғаның орны қандай ? -деген сұраққа өздеріңіз тапқан жауаптарыңызды ортаға салуға шақырамын. Сонымен сөз кезегі Қазақ жастарын қандай күш айдап барды ? (Тарихшылар, Желтоқсан құрбандары, тілшілер сарапшылар, әдебиетшілер т.б)

  • Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!

    7 слайд

    Тәуелсіздік құрбандары мәңгі ел есінде!

  • видео

    8 слайд

    видео

  • Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқса...

    9 слайд

    Желтоқсан – ел тарихы, ерлік тарихы Президент жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық Қаһарманы” атағы беріліп, ата – анасына “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболдарға “Ақтау жөніндегі анықтама” қағаздары берілді. Желтоқсан оқиғасына түбегейлі баға беру туралы комиссияның 24 томдық материалдары әзірленді. Құйынның құрбандарының ерліктеріне арналған “Аллажар” фильмі түсірілді. Алматы төрінен “Тәуелсіздік ескерткіші” бой көтерді

  • ІІ Мағынаны тану. Оқушылар тақырып бойынша белгілі бір ой қалыптастырғаннан к...

    10 слайд

    ІІ Мағынаны тану. Оқушылар тақырып бойынша белгілі бір ой қалыптастырғаннан кейін топтарға бөлініп болжам кестесін толтырады. 1 топ. ( тақырып бойынша себеп – салдарын анықтау) Жылы СебебіСипатыТарихи маңызы 1986 ж. 16-17 желтоқсанКОКП Орталық комитетінің нұсқауымен 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан КП Орталық комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП Орталық комитетінің хатшысы Г.Разумовский жүргізді. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі тұрды. Д.Қонаевтың орнына орталық өкіметінің ұсынысы бойынша Г.В.Колбинді сайлау ұсынылды. Шұғыл жиналған пленумға кеткен уақыт небәрі 18-ақ минутОндаған жылдар бойы қордаланып қалған келеңсіздіктер қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтып өрескел кемшіліктер ұлт мәселелерінің қатты шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды күрес жолына түсуге еріксіз алып келді.Әлемді елең еткізген 1986 жылғы Алматы оқиғалары қазақ топырағында ұлттың санасын, намысын жетелеген қайсар буынның келгенін әйгіледі. Желтоқсан оқиғалары Қазақстан тарихындағы естен кетпес аса-ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес одағына еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

  • Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға...

    11 слайд

    Берілген қосымша құжат деректері бойынша талқылап, төмендегідей қорытындыға келеді. 105 адам жауапқа тартылды, 99 – ы сотталды. 99-дың ішінде екі адам өлім жазасына кесілді, (Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов) кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырды. Алматы қаласы бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған. 12 ЖОО – ның ректорлары орындарынан алынған. 246 студент оқудан шығарылды. Алматыға арнайы жіберілген КОКП ОК саяси бюросының мүшесі М.С. Соломенцевтің нұсқауы байынша, КСРО-ның ақпарат құралдары бұл оқиғаларды «маскүнемдер мен нашақорлардың бұзақылық, ұлтшылдық арандату әрекеттері» деп түсіндірді. Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхамеджанова, Е.Сыпатаев сынды боздақтар, есіл ерлер мәңгілікке көз жұмды. 1986 жыл 16-17 желтоқсан М.Шахановтың 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 23 жылдығына орай «Жұлдыздар отбасы» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбайдың сұрақтарына жауабынан үзінді келтіреді)) 1996 жылы 16 желтоқсан күні Республика алаңына Тәуелсіздік монументі ашылды. Оның биіктігі 28 метр. Авторы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шот – Аман Ыдырысұлы Уәлихан. М.Шаханов бастаған комиссия желтоқсанның 17- сі Демократиялық жаңару күні деп жариялады. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасын есте сақтау үшін Республика алаңына ескерткіш тақта орнатылды.

  • ІІІ. Ой – толғаныс. 1. Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақса...

    12 слайд

    ІІІ. Ой – толғаныс. 1. Алған білімдерін қорытындылау, жинақтау, жүйелеу мақсатында «Блум жүйесі» бойынша талқылаймыз. ШарттарыТапсырмаТүсінік, саралау, мысалдар Білім Жаңадан қандай білім алдың?1986 желтоқсан оқиғасы туралы қосымша мәліметтер арқылы білімімді толықтырдым. Түсінік, ұғуБерілген білімді түсіндің бе? Немен дәлелдейсің?Түсіндім. Қоғамдық - әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер мен ұл мәселелерінің қатты шиеленісуі және республика бірінші басшысының ауыстырылуы пісіп-жетіліп тұрған жаппай наразылықтың ашық қарсылық білдіруіне түрткі болды. Қолдану Алған біліміңді неге қолданар едің?«Отан үшін отқа түс күймейсің» дегендей Қайрат, Ербол ағаларымдай ел намысын қорғайтын азамат боламын. Анализ Қабылдаған біліміңді саралай біл, маңызын дәлелде?Желтоқсан оқиғасы Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі. Бұл оқиға Қазақстанда жаңа еніп келе жатқан күрестің басы болды.

  • Синтез 	Алған біліміңді жинақта	Наразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси сип...

    13 слайд

    Синтез Алған біліміңді жинақтаНаразылық бейбіт шеру түрінде өтіп, саяси сипат алды, ол мемлекеттік құрылысты құлатуға бағытталған жоқ, бірақ республика басшылығы жастардың пікірлерімен санасуды жөн деп таппады. Сондықтан саяси наразылықты өкіметке қауіп төндіру деп бағалап, арандатушылық әрекеттерге жол берілді Баға Өзіндік баға бер Отаршылдыққа қарсы Қазақстан тарихындағы азаттық күрестің соңғы нүктесі деп айтуға болады. Тәуелсіздікке түрткі болған оқиға. КаррекцияНені ұға алмадың, жете түсінбедің, соны сарала.М.Шаханов туралы қосымша мәліметте орталық биліктің арнайы «Метель» атты жауыздық операциясы әзірленді делінген.. Не үшін? Мақсаты не? Әлде республика басшыларының саяси мәдениеттерінің төмендігі, күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолдарын таба алмауы, тек қара күшке сүйеніп үйренген әдетіне басуы себеп болды ма?

  • Сандар сыр шертеді...

    14 слайд

    Сандар сыр шертеді...

  • Жоңғар шапқыншылығы Ашаршылық (1930-1932 жыл) Репрессия (1937-1939 жыл) Ұлы О...

    15 слайд

    Жоңғар шапқыншылығы Ашаршылық (1930-1932 жыл) Репрессия (1937-1939 жыл) Ұлы Отан Соғысы (1941-1945 жыл) Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл). Тарихи 5 кезең:

  • 1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды. 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қаз...

    16 слайд

    1991 жылы 29 – тамызда Семей полигоны жабылды. 1991 жылы 16 - желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 2 – қазанда қазақ ғарышкері, Т.О. Әубәкіров ғарышқа ұшты. 1991 жылы 1 – желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды. 1992 жылы 2 – наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. 1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді. 1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды 1993 жылы 15 – қарашада Төл теңгеміз дүниеге келді. 1995 жылы 30 – тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды. 1997 жылы 10 – қазанда Ақмола қаласы Астана болып жарияланды. 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. 2002 – 2005 жылдар ауыл жылы болды. 2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, Ресейде Абай жылы болып жарияланды. 2007 жыл Дінмұхамет Қонаев жылы болып жарияланды. 2008 жылы Қазақстандағы Украина жылы болды. 2008 жыл Шығыс Қазақстанның экология жылы болып жарияланды. 2009 жыл Ана мен Бала жылы болып жарияланды. 2009 жыл Германиядағы Қазақстан жылы болды. 2010 жыл Жас жеткіншектердің даму жылы болып жарияланды. 2011 жылы 3 – сәуірде Елбасы Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды. 2011 жылдың 16-желтоқсаны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойы тойланады. 2012 жылдың 15-қаңтарында Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болады.

  • Елбасы – біреу, басқасы – тіреу.

    17 слайд

    Елбасы – біреу, басқасы – тіреу.

  • 18 слайд

  • видео

    19 слайд

    видео

  • Қорытынды: Мұғалім сабақты қортындылап, оқушыларды бағалап үйге тапсырма бер...

    20 слайд

    Қорытынды: Мұғалім сабақты қортындылап, оқушыларды бағалап үйге тапсырма беріледі. Кесте СұақтарАқиқатАңыз 1. Көтерілістің басталу себебі 2. Көтеріліс сипаты 3. Желтоқсан құрбандары 4. Құрбандарға тағылған кінә 5. Құрбандардың қазіргі таңдағы жағдайы.

  • 21 слайд

  • 22 слайд

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  мақсаты:Білімділік:   1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін, сипатын, қозғаушы күштерін, маңызын білдіру, ұлттық қатынастағы жылдар бойы қордаланған шиеленіс пен жүйенің ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныту, 80- жылдардағы пленумдар мен конференциялардың мазмұн-мағынасы, мәніне талдау жасау, қоғамдық саяси өмірдің іріп-шіріп бара жатқан принціптерімен таныстыру; Тәрбиелік:   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20жыл, 1986 желтоқсан оқиғасына – 25 жыл толуын оқушыларға айта отырып, Отанын сүюге, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; Желтоқсан оқиғасына қатысқан жерлес ағаларымыздың батылдығын дәріптеу. Дамытушылық:   Тақырыптың себеп-салдары байланыстарын табу, басты мәселені ажырата білуге және өз пікірін дәлелдей алу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Сабақтың түрі:                аралас сабақ Сабақтың әдісі:               СТО технологиясы бойынша құрылды. Сабақтың көрнекілігі:     тірек – сызбалар, кесте, интерактивті тақта,бейне таспа.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2014 3235
    • PPTX 1.2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қабажаева Айгерим Қазымқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қабажаева Айгерим Қазымқызы
    Қабажаева Айгерим Қазымқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4814
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1357 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 916 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов истории в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 399 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек