Инфоурок Начальные классы ПрезентацииМ.Дулатов.Байлық

М.Дулатов.Байлық

Скачать материал

Ана тілі 
Сабақтың тақырыбы:
М.ДУЛАТОВ. “БАЙЛЫҚ”.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға байлықтың не екендігін түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу. 
2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды ойлануға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу. 
3. Топпен жұмыс арқылы өз пікірін еркін айтуға үйрету. 
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. 
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, Венн диаграммасы, түртіп алу жүйесі, топпен жұмыс, болжау, көрнекілік стратегияларын пайдалану. 
Сабақтың көрнекіліктері: М.Дулатовтың портреті, ватман қағаз, сюжетті суреттер, қосымша кітаптар, карточкалар, т.б. 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
2. Үй тапсырмасын тексеру. 
Үй жұмысын тексеру: Мұзафар Әлімбаевтың “Сөз құдіреті” өлеңін 1, 2 оқушы мәнерлеп оқиды. Сонан соң 2, 3 тапсырма бойынша өздерінің жазған шығармаларын оқиды. Шығармаға сәйкес салған суреттерін айтып, әңгімелеп береді. Сыпайы, қатты сөздер туралы мақал-мәтелдер айтылады. Оқушылардың салған суреттерін түгел қабырғаға ілемін. 
3.Жаңа сабақ: Жаңа бөлім “Еңбек түбі – береке” атты тақырып туралы бірер сөз. Өткен бөлімді пысықтап өту, “Байлық” тақырыбын өтетіндігіміз және кіріспе бөлімінде еңбек туралы бірер сөз, автор М.Дулатов туралы айтылып өтіледі, портретімен таныстырамын. 
Қызығушылықты ояту: Ой қозғау: Байлық дегеніміз не? Оқушыларға уақыт беріледі. Өз ойын дәптерге жазу, оны серіктесімен бөлісу. Ортақ ойды тақтаға жазу байлықтың 2 түрін бөліп көрсетемін. 
Байлық

Материалдық: Рухани: Киімі, тамағы, төрт түлік малы, машина, ақша, доллар, дүние-мүлкі т.б. Ақыл-ой, денсаулық, қайрат-күш, білімі, өнері, еңбегі, спортпен айналысу т.б.

Өз ойларын қайталамай, бір-бірлеп айтып шығады. Оны тақтаға тізіп жазамын. Балалардың ойын білген соң оқулықтың 116-бетіндегі “Байлық” тақырыбына назар аударып, оқымас бұрын сюжетті, суреттерді магнитті тақтаға іліп, балаларды жаңа сабаққа әзірлеймін. Болжау стратегиясы бойынша сұрақ қойып, осы суреттің жаңа сабаққа байланысы бар екендігін түсіндіремін. Сурет бойынша балалар тіл дамытып, әңгімелейді. Сосын тақырыпты мәнерлеп оқып беремін. Өздеріне іштей оқытамын. Рольмен үш оқушы оқып шығады. Сонан соң сұрақ-жауаптар айтылады. “Түртіп алу жүйесі” стратегиясы бойынша + v - ? түсінбеген сөздерді белгілетіп, сөздік жұмысын жүргіземін. Мысалы: жарлы жігіт, мұңын шақты, қадірлі кісі, шәкірт т.б. сөздерге түсініктеме беріледі. 
Сергіту сәті: Ұзын құлақ, сұр қоян, 
Естіп қалып сыбдырды. 
Ойлы-қырлы жерлермен, 
Ытқып-ытқып жүгірді (қимылдармен орындайды). 
Мағынаны тану: топпен жұмыс. Оқушыларға сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. 
І топ: Жарлы жігітке сипаттама бер. Ұнай ма? Неге? 
ІІ топ: Ұстазға мінездеме бер. Ұқсағыларың келе ме? Неге? 
ІІІ топ: Бұл әңгіме туралы не ойлайсыңдар? 
ІV топ: “Еңбексіз күнің жоқ” дегенді қалай түсінесіңдер? 
V топ: Әңгіменің ұнаған жақсы жақтарын, ұнамаған жақтарын айтып бер. 
VІ топ: Егер сендер жарлы жігіт (орнында) болсаңдар не істер едіңдер? 
Топпен жұмыс талданып болған соң Венн диаграммасын құрамыз. Ол үшін өткен сабақтардағы Д.Исабековтың “Өкініш” әңгімесіндегі басты кейіпкер “Малқаржан” мен “Жарлы жігітті” салыстырамыз. Әңгімені еске түсіріп болған соң оқушыларға әр топқа ватман қағаз таратылады. Топтарға ватман қағаз таратылып, жалпы суреттер беріледі. Малқаржан мен Жарлы жігіттің ортақ 3 қасиетін және ұқсамайтын 3 қасиетін бөліп көрсетіп, шеңберге жазу. 
Ой толғаныс: Венн диаграммасы.

Малқаржан 
Жарлы жігіт

1. Кішкентай бала 1. Үлкен жігіт 
2. Әжесінің еркесі 2. Туған-туыстары жоқ 
3. Оқушы бала (2с) 1. Жалқау 3. Оқу бітірген, ақыл 
4. Қазіргі замандағы оқиға 2. Еріншек 
3. Ер бала тоқтатқан жігіт 
4. Бай мен жарлы 
заманында болған

Ұқсастығы/ Ұқсамайтын жақтары

Әр топ өз ойларын шеңберге жазады. Топ басшылары өз топтарының ойын айтады. Соңынан жалпы шеңберді оқушылардың ортақ ойымен толтырамын. Қалған оқушылардың еңбегі түгел тақтаға, қабырғаға ілінеді. Сабақты осылай қорытып болған соң әңгіменің де идеясы – еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатындығы, адам бойындағы жақсы қасиеттерді жетілдіріп отыру керектігін өздері және мұғалім айтып, пысықтайды. 
Сабақты қорыту: Өздері білетін мақал-мәтелдер айтылады. Байлық түрлері туралы. “Байлық дегеніміз не? Байлық дегеніміз ………” Көп нүктенің орнына әркім өз ойын тізбектеп жазады. 
Үйге тапсырма: “Егер мен жарлы жігіт болсам” атты әңгімені аяқтап, әркім өз шығармасын жазып келеді және мәтінді мәнерлеп оқу тапсырылады. 
Бағалау кезеңі.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "М.Дулатов.Байлық"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға байлықтың не екендігін түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу.

2. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларды ойлануға, өздері ізденіп, сұраққа жауап беруге жол ашу.
3. Топпен жұмыс арқылы өз пікірін еркін айтуға үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 284 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2015 1152
    • DOCX 15.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абаева Гулнур Кыдыралиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абаева Гулнур Кыдыралиевна
    Абаева Гулнур Кыдыралиевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39901
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 305 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 203 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Мини-курс

Введение в медиакоммуникации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы работы в After Effects

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе