Инфоурок / История / Рабочие программы / "Мен елімнің ертеңі" интеллтуалды сайысы
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 20 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 203 курсов со скидкой 40%

"Мен елімнің ертеңі" интеллтуалды сайысы

библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі

Тарих пәнінің мұғалімі Бабашева Райгүл Қайырсапақызы

Мен-елімнің ертеңі

(Не?Қайда?Қашан?зияткерлік сайысы)


Сабақтың мақсаты:

  • Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, болашаққа сеніммен қарайтын,XXI ғасырдың патриот,бәсекеге барынша қабілетті ойшыл,шығармашыл тұлға қалыптастыру.

  • Сайыс арқылы достыққа,топта жұмыс жасауға,бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге,олардың шешімін сыйлауға тәрбиелеу.


Түрі:Сайыс

Көрнекіліктер:Кабинетті іс-шараға байланысты безендіру,слайд.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет,Математика,География,Дене шынықтыру.

Іс-шараның барысы:

Ұйымдастыру.

Қайырлы күн,құрметті оқушылар,ұстаздар!Бүгінгі өткелі отырған сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіңздер!Сабағымызды бастамас бұрын қатысушыларымызды топқа бөліп алайық.Мына тұрған қағаздарды таңдап алыңыздар,кімге қай түс түссе,сол түс бойынша топқа біріге қалуларыңды сұраймын. (3 топқа отырғызу).

Топтың аты алдын ала белгіленіп қойған,олар-«Белес», «Асу», «Заңғар».Топ басшыларын таңдап алады.

Сабағымызды бастайық!Қатысушыларға сәттілік тілеймін!

1991 жылы еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы.Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық,саяси, әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра,көптеген елдерден әлдеқайда алда.Еліміздің аяғынан нық тұруы,ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы-қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.Бүгінгі Қазақстан-тек өзі орналасқан аймақта ғана емес,бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.

Сабақ Не?Қайда?Қашан? Интеллектуалдық сайысы түрінде өтеді және ол айналымнан тұрады.

1. «Зымыран сұрақтар»

2. «Білгенге маржан»

3. «Тарихыңды білесің бе?»

4. «Менің тарихи сөздігім»

5. «Шаһарлар тарихы»

6. «Бұл кім?»Саяси портрет

7. «Тәуелсіздік шежіресі»

Ұшқыр ой,ұтымды жауаптарына баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстыру.

1-айналым. «Зымыран сұрақтар»

Айналым шарттары мынадай-әр топ жеребе бойынша өз сұрағын таңдап алады да (Бір топқа-Не?Екінші топқа-Қайда?Үшінші топқа-Қашан? сұрағы түсуі керек),сол сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беріледі.Барлық сұрақтар-7.Оның әрбіреуі-5 ұпайға тең.Ең соңғы сұрағы кәде сұрақ деп аталады.Оны сендер өздерің қалаған топқа сыйлайсыңдар,егер ол топ жауап берсе,ұпайды алады,егер жауап бере алмаса,ұпай кәденің иесіне беріледі.Сұрақтар Тәуелсіздік алғаннан кейінгі оқиғалар туралы болады.Ойын шарты түсінікті болса,бастайық!


Қазақстанда 2004 жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламаның атауы:

«Мәдени мұра»бағдарламасы

2012 жылғы спорттық олимпиада қайда өтті?

Лондонда

ҚР қашан Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті?

2010 жылы

2

1992 жылы ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры дүниеге келді.Оның атауы не?

«Бөбек»

1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы қайда өтті?

Алматы

ҚР-ның ұлттық валютасы қашан айналымға енді?

1993 жылы 15 қарашада

3

Шетелде студент жастарды оқыту бағдарламасының атауы:

«Болашақ»

«Бәйтерек» монументі қайда орналасқан?

Астанада

Астана күні қашан тойланады?

6 шілдеде

4

1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда қабылданған заңның атауы :

«Тіл туралы заң»

2005 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың

80 жылдық мерейтойына орай тұрғызылған ескерткіш қайда орналасты?

Ақтөбе

«Қазақстан 2050»

стратегиялық жоспары қашан қабылданды?

2012 жылдың

14 желтоқсанында


5

Қазақстан,Ресей,Белорус елдері құрған одақ: Еуроодақ

Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала:Теміртау


Ақмола қаласы қай жылдан бастап Астана атанды? 1998ж.6 мамыр

6

2009 жылдан бастап жоғарғы оқу орнын бітіруші мамандар үшін елімізде қандай бағдарлама жүзеге асырылды? «Дипломмен-ауылға»

Бұрынғы Бозоқ қаласының орнында қазір қандай қала орналасқан? Астана

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан бекітілді?

1992 жылы 4 маусымда

Кәде сұрақтар

7

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 5 жыл толуына байланысты ескерткіш орнатылды.Ескерткіш атауы не?

«Тәуелсіздік монументі»

2006 жылы 11 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім қайда орындалды?

Ақ Орда резиденцисында


«Қазақстан 2030» стратегиялық жобасы қашан жарияланды?

1997 жылы қазанда


1-айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.


2-айналым. «Білгенге маржан»

Айналым шарты мынадай-кестеге қарап,қалауларың бойынша ұяшықтарды таңдап аласыңдар. Әрбір дұрыс жауап-5 ұпайға тең.Ескерте кететін бір жайт- «Олжа»сұрақтарын таңдайтын болсақ,ондағы сұрақ аукционға түседі.Ол сұраққа барлық топ жауап беруге болады

Не?

Кім?

1956 жылы желтоқсанның 9 Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды.

Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының 5-нші Премьер-Министрі, 2008 жылдың 4 сәуірінен бастап 2014 жылдың 22 қазанға дейін Астана қаласының әкімі ретінде қызмет етті. Қазіргі таңда ҚР Қорғансы министрі болып тағайындалды.

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

2009 жылы Астананың жаңа алаңында монумент

Бой көтерді.Ескерткіштің жалпы биіктігі-91 метр.Бұл еліміз егемендік алған 1991 жылды меңзейді.Монумент авторлары-мүсіншілер Нұрлан Далбай,Мұрат Мансұров және сәулетшілер Сәрсембек Жүнісов,Бақтыбай Тайталиев,Ерлан Жақыпбеков.

Ескерткіш діңгегінің ұшар басында киелі құс Самұрық бейнеленген.Ол қазақ халқының даму мен гүлдеп-көркеюге деген ұмтылысын көрсетеді.-

«Қазақ Елі»монументі

Нысан 2010 жылы шілде айының алтыншы жұлдызында ашылған болатын. 

Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Италия жерінде есімі дүние кеңінен танылған әйгілі сәулетші лорд Норман Фостердің қиялынан туған бұл баламасыз архитектуралық өнер туындысы сәні мен салтанатын жарастырып келе жатқан Астана келбетіне айшықты көрініс беріп тұр.  Оның биіктігі 150 метрді құрайды, аумағы - 127 мың шаршы метр. 

Ғимараттың орталығындағы кең алаң көрме және ойын-сауық шараларына арналған. 40 000 шаршы метр жайлы аумағы дәмхана, мейрамхана, кинотеатр мен дүкендерге берілген. 

"Хан шатыр" ойын-сауық орталығы

Қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту мақсатында Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған бұл топ 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды.Сол топтың аты-

«Ұлытау» тобы

2012 жылы Лондонда Қазақтың әнұраны 7 мәрте шырқалған болатын.

Тағы 6 өреніміз жеңіс тұғырына көтерілді.

Командалық есепте мемлекетіміз 12 орынды иеленді.

Әсіресе,ауыр атлеттер 4 рет алтын тұғырға көтеріліп,айды аспанға шығарды.

Олар кімдер?-

Зүлфия Чиншанло,Майя Манеза,Светлана Подобедова,Илья Ильин

Қайда?

«Мәдени мұра»атты мемлекеттік бағдарлама аясында Моңғолия,Батыс Қазақстан және Ресей Федерациясының Астрахань облысына халықаралық мәдениет танушылық экспедициялар ұйымдастырылған.Соның нәтижесінде 2000 жылы Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күлтегін балбалтас көшірмесі орнатылған.Күлтегін тас хатының көшірмесі қай оқу орнына орнатылған?

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар.

 орналасқан. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау. Қорық қайда орналасқан?

Алматы облысындағы Алакөл ауданында


ЭКСПО-2017-2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.2012 жылы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін 103 мемлекет дауыс берген,ал бельгиялық 44 дауыс жинаған Льеж қаласын шаң қаптырған ЭКСПО 2017 байқауы қайда ұйымдастырылған еді?

Францияның Париж қаласында

1992 жылы 2 наурызда

Қазақстан қай ұйымға мүше болды?

Біріккен Ұлттар Ұйымына

2000 жылы өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан 22-орынды иеленіп,

3 алтын,4 қола медальға ие болды.Жеңімпаздар қатарында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов,жеңіл атлетикадан Ольга Шишигина,боксшымыз Ермахан Ыбрайымов бар еді.Бұл олимпиада қайда өткізілді?

Аустралияның Сидней қаласында


Қашан?

Қазақстанда тұңғыш Президент сайлауы қашан өткізілді?

1991 жылы 1 желтоқсан

Алматыда Тәуелсіздік монументі мен Ж.Жабаев ескерткіші,Астанада Кенесары Қасымов,Абылай хан,Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би ескерткіштері қашан ашылды?

1996 жылы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған Халықаралық деңгейдегі Nazarbayev University жоғарғы оқу орны қашан ашылды? 2010 жылы

Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала»фильмі бүгінгі қазақ киноөнеріндегі ірі жетістік саналады.Бұл фильм қашан түсірілді?

2011 жылы

Астана мен Алматы қалаларында VII Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 32 алтын,21 күміс,17 қола,барлығы 70 медаль алып бірінші орынға шықты.Ол қашан өткізілді?

2011жылы


2-айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.


3-айналым «Тарихыңды білесің бе?»

Әрбір топқа 7 сұрақтан беріледі.Әрбір дұрыс жауап-1 ұпайға тең.

1-топқа.

1.Абылай хан өлтірген қалмақ (жоңғар)батырының есімін атааңыздар. Шарыш

2.Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында қандай атпен белгілі? Шаңды жорық

3.Бұқар жырау неше ханға кеңесші болған? 9 ханға

4.Асқан ақылдылығы мен тапқырлығы үшін бала кезінде-ақ «Бала би» атанған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы кім?

Сырым Датұлы

5.Өз елінің тәуелсіздігі жолында Парсы әскерлерін сусыз шөлге апарып ажал құштырған батыр кім? Шырақ

6.Теңгелер туралы ғылым: нумизматика

7.Қазақстан тәуелсіздігін тұңғыш мойындаған мемлекет: Түркия


2-топқа.

1.Үйсін билеушісінің лауазымы: гуньмо

2.Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасы: Түркістан

3.Семей бекінісі салынған уақыт:1718 жылы

4.1837-1847 жж.болған ұлт-азаттық көтеріліс: Кенесары Қасымұлы бастаған

5.Иран жазбаларындағы «сақ»сөзінің мағынасы: жүйрік атты турлар

6.Халықтардың әдет-ғұрыптарын,салт-дәстүрлерін зерттейтін ғылым: этнография

7. Қола дәуірінің Орталық Қазақстандағы ескерткіштерін ұзақ жылдар бойы зерттеген академик кім? Ә.Марғұлан


3-топқа.

  1. «Қыш құмыралар заманы» деп аталатын дәуір: неолит

  2. Арыстан баб кімнің ұстазы? Қожа Ахмет Яссауи

  3. Ұлы Жібек жолы қашан пайда болды? Б.з.б.II ортасы

  4. Сақ қоғамында патшалар қай қоғамдық топтан сайланды? жауынгерлер

  5. Отырарды 80 мың әскермен 5 ай жаудан қорғаған билеуші? Қайыр хан

  6. Адамзаттың ежелден бүгінгі күнге дейінгі басынан өткізген оқиғалары туралы ғылым: тарих

  7. «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» заманында «Елім-ай»әнін шығарған жырау: Қожаберген жырау


3-айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.



4-айналым. «Менің тарихи сөздігім»атты терминдер сайысы.

Шарты:әр топ кезек-кезек терминдер жасырылған ұяшықты таңдайды,соған сәйкес терминнің мағынасын түсіндірулері тиіс.Әрбір терминге дұрыс жауап бергендері үшін 1 ұпай беріледі.


1.Жатақтар-қазақтардың көшпелі қоғамының кедейленіп қайыршыланған отырықшы өмір салтын қабылдаған бөлігі.

2.Сюбашы-оғыздардың әскери қолбасшысы

3.Сардоба-құдық үстіне салынған ескерткіш

4. Інжу- Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлері

5. Азамат соғысы-бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік күрестің неғұрлым өткір формасы,бір-бірімен жауласушы жақтардың өкімет билігі үшін күресі.


6.Барымта-екі рудың бір-бірінің малын ұрлап алып кетуі немесе екі рудың,екі батырдың сайысқа түсуі.

7.Репрессия-мемлекет органдары қолданатын азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіру,жазалау.

8.Шаньюй-ғұн билеушісінің лауазымы

9.Алжир-Мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.

10. Харадж,баж,ұшыр-егіншілерге,малшыларға,қолөнершілерге салынған салық.

11.Ясса-Шыңғыс ханның заңдар жинағы.

12.Тотемизм-Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы.

13.Қағба-мұсылмандар құлшылық ететін қасиетті орын.

14.Энеолит-мыс тас ғасыры

15.Қазақ- «еркін», «кезбе», «мықты», «батыл».


4-айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.


5-айналым. «Шаһарлар тарихы».

Әрбір топ конверт таңдайды.Дұрыс жауап бергендері үшін 5 ұпай беріледі.

1-топқа.

1.XI ғ.бастап бұл қала Сыр бойындағы Қыпшақ мемлекетінің саяси және мәдени орталығына айналды.1219 жылы Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы қайсықан қолмен қаланы қоршап,қантөгіссіз берілуін талап етті.Қала тұрғындары Жошы жіберген елшіні өлтіріп,моңғол шабуылына ерлікпен қарсы тұрды.Жеті күн шайқастан соң жендеттер қала халқын түгел қырды.Қай қала туралы айтылады? Сығанақ


2. Ежелгі ғасырларда қала маңында көшпелі тайпалар - исседондар, сарматтар мекендеген. Орта ғасырда осы тұстан Шығыстан Батысқа қарай ең қысқа сауда жолы төселді. Қазақтар қаланы "Теке" десе, ал орыстар - "Яицкий городок" деп атаған. 1775 жылдан қазіргі атымен аталады?Бұл қай қала? Орал


2-топқа.

1.Жазба деректерде бұл қала VI ғасырдан бастап белгілі,VII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қала Ұлы Жібек жолының торабындағы орталық ретінде маңызды рөл атқарған.X ғасырда араб географы Әл-Макдиси бұл қаланың үлкен екенін атап өтеді.Бұл қай қала? Тараз



2. Орта ғасырларда бұл жерде теңіз айлағы – Кетікқала қалашығы орналасқан. Бекініс аумағында жүргізілген археологиялық қазбалар нәтижесі бойынша Кетікқала қалашығы 10 – 15 ғ-ларда Еуропамен Орталық Азияның экономикалық орталықтарымен сауда байланыстары болғанын айғақтайды.  1928 ж.Форт-Шевченкоға қала мәртебесі берілді.Бұл қаланың қазіргі атауы қалай? Ақтау


3-топқа.

1.Бұл XIX ғасырдың басында қоқандықтар тұрғызған бұрынғы шағын бекініс.Оны орыстар 1853 жылы жаулап алды.1925 жылдан қазіргі атымен аталады.Бұл қай қала? Қызылорда


2. 1640 жылы патша үкіметі ағайынды Гурьевтерге қалашық салуға рұқсат етеді. Қала үлкен қиындықтармен 1662 жылы салынып бітеді де, патша жарлығымен Гурьев аталады. Жергілікті қазақтар оны Үйшік деген. 1865 жылы уездік қала болды. 1992 жылы қала атауы берілді.Бұл қай қала? Атырау


5-айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.





6-айналым. «Бұл кім?»Саяси портрет

Әрбір топ конверт таңдайды Дұрыс жауап бергендері үшін 5 ұпай беріледі.

1-топқа:

1.Ол дала заңы негізін жасаған ұлы хан,өзінің билік еткен заманында қазақ қоғамы жоғары сатыға көтерілді.Халықтың этникалық құрылымы және территориясы толық біріктірілді.Хандық биліктің рөлі артты.Мемлекеттің жер көлемі де,халық саны бірнеше есе өсе түсті. Қасым хан


2.Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл, философиялогикаэтикаметафизикатілбілімі,жаратылыстанугеографияматематикамедицинамузыка салалары

нан 150-ге тарта трактат жазып қалдырған.Бұл кім? Әл-Фараби




2-топқа.

1.Ол Шығай ханның ұлы.Отан қорғау және оның бірлігі мен бүтіндігін сақтау жолында жасалған ұлы істермен бірге қазақ еліне ұлттық заң жүйесін жасау арқылы халық арасында әдет,әдеп,тәртіптік салт-дәстүрлер негізін одан әрі бекіте түсті.Ол қай хан?

Есім хан


2. Қолбасшы, мемлекет қайраткері. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Басқыншылық, тонаушылық соғыстары нәтижесінде Моғолстан, Ақ Орда, Хорезм, Каспий өңірі аймақтары, Иран, Ирак, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Ауғанстан, Үндістан, Египет, Бағдад, Сирия енген орасан зор империя құрды. Ол кім? Әмір Темір



3-топқа.

1.Жаугершілік заманда, бала күнінде Қыпшақ даласында тұтқынға алынып, жат жерде ерекше ерлігімен, асқан талантымен құлдықтан қайраткерлікке дейін көтерілген, қазақ тарихында аса ғажайып тұлға. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар.Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген екен. Қатардағы құлдан сұлтан дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

Бейбарыс сұлтан


2.Алаш қозғалысының жетекшісі,Алашорда үкіметінің төрағасы,аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,ғалым,публицист,аудармашы.Оның басты мақсаты қазақтардың дербес мемлекетін құру болды.Ол кім?

Әлихан Бөкейханов


6-айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.


7-айналым. «Тәуелсіздік шежіресі»

Әрбір топ тақырып таңдап 3 минут ішінде сол жөнінде әңгіме құрастырып,көрермендерге оқу.10 ұпаймен бағаланады.

  1. «Тарихқа деген құрметті қалай насихаттауға болады?»

  2. «Қазақстан-ата-бабам мұра етіп қалдырған мекен»

  3. «Елімнің болашағы-қазіргі жастар»


hello_html_m2b43ddef.jpg



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 20 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-151274

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"