Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыМен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Скачать материал

Күні: 01.09.2016ж

Cынып сағатының тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»

Мақсаты: оқушылардың патриоттық сезімін ояту; Отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу; Елбасын мақтан тұтып, еліміздің  рәміздерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сынып сағатының көрнекілігі: Презентация, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер, бейнематериал

Барысы

Кіріспе: Балалар, бүгін міне, 1 қыркүйек-Білім күні. Сендердің ойларың мен бойларың өсіп,  мектеп табалдырығынан 1-ші сыныпқа қадам басып отырсыңдар.  Қадамдарың құтты болсын! Еліміздің білімді де саналы азамат, азаматшасы болып өсіңдер!

Ал енді балалар, бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: Менің Отаным.

Әр адамның туып өскен жері, туған туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені бар.Біз оны Отан дейміз.

Ой қозғау:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы
- ҚР-ның халқы қай тілде сөйлеу керек?
- ҚР –ның халқы қазақ тілінде сөйлеу керек.
- Біздің тұңғыш президентіміз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мұғалім:  Көп аузынан түспейтін,

                   Отан деген немене?

                   Оның тұлға, түс кейпін,

                   Достым білгің келе ме ?

Ал енді балалар, Отан деген не, кім қалай түсінеді екен?

1 – оқушы:

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен

Қазақстан – туған ел

 2-оқушыОтан - сенің ата-анаң,

                 Отан – досың, бауырың,

                 Отан - өлкең, астанаң,

           Отан – аудан, ауылың.

 

3-оқушы

Отан- туған үйіміз,

Отан-туған жеріміз.

Отан-ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

 

4 -оқушы

Отан біздің атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

 

5- оқушы Бізді өсірер аялап,

Отан-қамқор саябақ.

Туған жерде толамыз,

Отанға қамқор боламыз

6-оқушы

Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» - деп өс жас қауым

Оны ардақтап сүйе біл!

-Олай болса қазір отанымыз жайлы бейнебаянға назар аударайық.  (Бейнебаян көрсету)

Мұғалім: Біздің Отанымыз кең байтақ. биік-биік таулары,көз тартар ғимараттары жетерлік. Еліміздің Ата заңы,рәміздері бар.

-Отанымыз астыққа бай. Жерінен қаншама қазба байлықтар өндіріледі.

-Елін қорғар ұландары бар.

-Елімізде достығы жарасқан ұлт өкілдері тұрады.

Кең жайлауына,шалқар-шалқар көлдеріне, шұрайлы жерлеріне қарасаң көз тоймайды.

 

Мұғалім: Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздігімізге  1991 жылы 16 желтоқсанда қол жеткіздік. Ал енді біздің балаларымыз тәуелсіздік жайлы  не ойлайды екен.

1-оқушы

Тәуелсіздік – достығымыз

2-оқушы

Тәуелсіздік – ел бірлігі

3-оқушы

Тәуелсіздік – ертеңіміз,

Ұрпақтармен жалғасатын.

4-оқушы

Тәуелсіздік – ата жолы,

Болашаққа нық басқан.

 

Мұғалім: Тәуелсіздігімізді тәу етіп, егемендігімізді ту етіп желбіреткенімізге биыл міне  25 жыл толғалы тұр. Осы жиырма бес жыл ішінде еліміз қаншама жетістіктерге жетті.

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі, ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар Мәңгілік елге айналмақ . Осындай Тәуелсіз еліміздің ең жас ұланы сендерсіңдер. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиістіміз.

 

1-оқушы

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені онда бәріміз де

Туып өмір сүреміз

2-оқушы

Сүйікті туған ел,

Шарықтап өсе бер!

Гүлденіп, көркейіп,

Өсе бер, өсе бер!

Қорытынды сөз: Еліміздің одан ары көркейіп дамуына өз үлесімізді жүрек жарды тілектеріміз арқылы білдірейік. 


1-оқушы

Тәуелсіздігіміз  мәңгілік  болсын!

 

2-оқушы

Жасай бер, Астананам!

 

3-оқушы

Өркендей бер, менің байтақ елім!

 

4-оқушы

Мен Отанымды сүйемін!

 

5-оқушы

Отаныммен мақтанамын!

 

6-оқушы   Өскенде Отанымды қорғаймын!

 

Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мен өз елімнің патриотымын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 495 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2017 2877
    • DOCX 19.3 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапабек Жаннұр Сарсенғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сапабек Жаннұр Сарсенғалиқызы
    Сапабек Жаннұр Сарсенғалиқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14520
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 526 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 110 человек

Мини-курс

Ключевые игроки и современные тенденции в развитии гостиничных сетей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек