Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара
  • Бейімбет Майлин «Бір түн»
    • pdf
    • docx
  • Ыбырай Алтынсарин «Бір уыс мақта»
    • pdf
    • docx
  • Бейімбет Майлин «Бір адам» II
    • pdf
  • Бейімбет Майлин «Бір адам» V
    • pdf
  • Бейімбет Майлин «Бір адам» III
    • pdf
  • Бейімбет Майлин «Бір адам» IV
    • pdf

Жоспар. Сыныптан тыс іс-шара Жануарлар әлеміне саяхат

Файл будет скачан в форматах:

  • pdf
  • docx
5099
8
06.02.2025

Материал разработан автором:

Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна

учитель биологии и химии

Разработок в маркетплейсе: 142
Покупателей: 425

Об авторе

Категория/ученая степень: Первая категория
Место работы: КГУ Атыгайская средняя общеобразовательная школа
Моя основная профессия – учитель биологии и химии. В прошлом году у меня доминировали уроки химии, и некоторые свои задачи я опубликовал в Интернет ресурсах. Стаж работы составляет -22 года. Тема самообразования: Формирование функциональной грамотности учащихся на основе межпредметной интеграции на уроке биологии и химии.
Подробнее об авторе

Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Алпысбаева Ляйла Мухаметкалымовна. Инфоурок является информационным посредником

Сыныптан тыс іс-шара: "Жануарлар әлеміне саяхат" Сынып: 5-8 сыныптар Мақсаты: Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету Экологиялық сауаттылықты дамыту Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ 1. Кіріспе бөлім (5 минут) Мұғалім сөзі: "Бүгін біз таңғажайып әлемге – жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз. Жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, олардың әрқайсысы ерекше және маңызды. Сіздерді қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар күтіп тұр!" Оқушыларды топтарға бөлу: "Жыртқыштар" (арыстан, қасқыр, жолбарыс) "Шөпқоректілер" (қоян, бұғы, піл) "Құстар" (қарлығаш, үкі, қыран) "Судағы тіршілік иелері" (балық, кит, тасбақа) 2. Негізгі бөлім 1-кезең: "Жануарларды тап!" (10 минут) Шарты: Әр топқа сипаттама беріледі, олар жануарды тауып, атап, оның қай классқа

Краткое описание методической разработки

Сыныптан тыс іс-шара: "Жануарлар әлеміне саяхат"

Сынып: 5-8 сыныптар
Мақсаты:

  • Оқушылардың жануарлар туралы білімін тереңдету
  • Экологиялық сауаттылықты дамыту
  • Командалық жұмыс пен шығармашылық қабілеттерін жетілдіру

ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

1. Кіріспе бөлім (5 минут)

Мұғалім сөзі:
"Бүгін біз таңғажайып әлемге – жануарлар әлеміне саяхатқа шығамыз. Жануарлар – табиғаттың бір бөлігі, олардың әрқайсысы ерекше және маңызды. Сіздерді қызықты тапсырмалар мен жұмбақтар күтіп тұр!"

Оқушыларды топтарға бөлу:

  • "Жыртқыштар" (арыстан, қасқыр, жолбарыс)
  • "Шөпқоректілер" (қоян, бұғы, піл)
  • "Құстар" (қарлығаш, үкі, қыран)
  • "Судағы тіршілік иелері" (балық, кит, тасбақа)

2. Негізгі бөлім

1-кезең: "Жануарларды тап!" (10 минут)

Шарты: Әр топқа сипаттама беріледі, олар жануарды тауып, атап, оның қай классқа 

Развернуть описание

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара

Скачать материал

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
 Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін артттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негізі болған мақал- мәтелдерді, жұмбақтарды оқып үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Барысы:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме?  Оқушылар, біз бүгін «Тіл- халықтың рухы» атты айлық бойынша өткізіліп жатқан қызықты ойын түрін көргелі отырмыз. Біз, балалар, «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойнының шартын білеміз. Алғашқы айналымда «мақалшылар» шығады.  Ал, енді іске сәт!

І кезек: «Мақалшылар» кезегі.

       Бұл кезекте үш ойыншы шығады. Олар ең бірінші өзіне ұнаған мақалдарын айтады. Содан кейін мен мақалды айтамын, оның жалғасын табасыздар.

1.     Сыйласуға жат жақсы,

Жыласуға өз жақсы.

2.     Байлықтың атасы- еңбек, анасы- жер.

3.     Жақсы жұмыс- жанға тыныс.

4.     Өмір – үлкен мектеп.

5.     Өнер- ағып жатқан бұлақ,

Ілім- жанып тұрған шырақ.

6.     Жоқтық ұят емес,

Тоқтық мұрат емес.

     7.Сөздің көркі- мақал,

        Жүздің көркі- сақал.

7.     Ағайын- алтау, ана біреу.

8.     Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,

Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.

9.     Ғылым- теңіз,

Білім- қайық.

  Жеңіліс тапқан ойыншы, яғни ұпайы аз ойыншы  ойыннан шығады да,                2 ойыншы  өз мақалдары бойынша жарысады. Біреуі жеңімпаз атанады.

ІІ кезек: «Көрермендер» кезегі.

   Сіздер білесіздер, мен бір сөз айтамын соған мақал құрайсыздар.

Тіс- тілдің қамалы.

Тіл- көңілдің кілті.

Сөз- қадірін білмеген өз қадірін білмейді.

Өнер- алды қызыл тіл.

Адам – болам десең, арыңды ақшаға сатпа.

Еңбек- өміріңді ұзартады.

   Міне, жеңімпаз анықталды. Көрермендер жеңімпазы сыйлығын алды.

ІІІ кезек: «Жұмбақшылар» кезегі.

    Мен жұмбақ айтам, жұмбақшылар оны шешеді. / Жұмбақшылар ортаға шығады/

1.     Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды.   / Жапалақ/.

     2.Сырты бүтін, іші түтін.   / Саңырауқұлақ/.

     3. Әшейінде біресің,

         Қарай қалсаң екеусің.            /Айна/.

     4. Тамға таяқ сүйедім.              /Шашбау/.

     5.Бір түкті кілем, бір түксіз кілем. /күн, аспан/.

     6.Қанаты жоқ ұшады,

        Аяғы жоқ жүреді.                       /Жел/.

     7. Қуыста қызыл әтеш билейді.  /От/.

     8.Бес ін, бес іннің аузы бір ін.      /Қолғап/.

      9. Көк лағым көген сүйрейді.         /ұршық/.

     10. Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

          Қонақтарды көңілдене сыйлайды.         /Дастарқан/.

     Жеңіліс тапқан ойыншы ойыннан шығады. Қалған екі ойыншы жарысады.

ІY кезек: «Көрермендер» кезегі.

    Мен жұмбақ жасырамын, олар жұмбақтың шешуін табады.

1.Ти десем, тимейді.

   Тиме десем тиеді. /Ерін/.

2.Қашсам- құтылмадым.

   Ұстасам- қолыма тұрмады. /Көлеңке/.

3. Аяғы жоқ жүреді,

    Сылқ- сылқ күледі.  /Су/.

4. Таңертең 4 аяқты,

    Түсте 2 аяқты,

     Кешке  3 аяқты.       /Сәби, жігіттік, қарттық кезең/.

5. Жаздай інге тығылып,

    Жатқан қызыл түлкіні,

    Құйрығынан суырып,

    Әкелді әжем бір күні.  / Сәбіз/.     

Y кезек: Ақырғы айналым. «Мақалшылар мен жұмбақшылар» сайысы.

    Мен жұмбақ жасырамын, оны жұмбақшы шешеді. Ал мақалшы шешуіне мақал құрайды. Құрай алмаса жеңіледі, ал жұмбақшы шеше алмаса, ол жеңілеі.

 Жұмбақ:

1.     Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. /аю/.

Мақал: Аюды үйреткен таяқ.

Жұмбақ:

2.     Ешкімде жемейді,

Тәтті екен демейді,

 Сарғайып түседі,

Үзіліп түседі.    / Жапырақ /.

Мақал: Түйені таныған жапырақ.

 Жұмбақ:

3.     Мұрты бар, сақалы жоқ,

Тоны бар, шапаны жоқ. /Мысық/.

Мақал: Мысық жоқта тышқан төбеде ойнайды.

Қайсысы жеңіледі, сол ойыннан шығады. Ал жеңімпаз марапатталады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" атты сыныптан тыс іс-шара"
Смотреть ещё 6 084 курса

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
 Оқушыларды өз ана тілін дамытуға, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін артттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің тұғыры мықты болуына негізі болған мақал- мәтелдерді, жұмбақтарды оқып үйрету. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Барысы:

 

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме?  Оқушылар, біз бүгін «Тіл- халықтың рухы» атты айлық бойынша өткізіліп жатқан қызықты ойын түрін көргелі отырмыз. Біз, балалар, «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойнының шартын білеміз. Алғашқы айналымда «мақалшылар» шығады.  Ал, енді іске сәт! деп бастап, түрлі тапсырмалар бердім.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 366 960 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 23.12.2014 755
    • DOCX 15.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аязбекова Зауреш Каримовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аязбекова Зауреш Каримовна
    Аязбекова Зауреш Каримовна

    учитель

    • На сайте: 10 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8086
    • Всего материалов: 5

    Об авторе

    Мен, Аязбекова Зауреш Каримовна, 1978 жылы 24 желтоқсанда Көкшетау облысы, Қызылту ауданына қараасты Жұмысшы ауылында дүниеге келдім. Біздің ауылда 9 жылдық мектеп қана болғандықтан, 11 жылдық мектепті көрші Өндіріс ауылындағы Өндіріс орта мектебінде жақсы оқып аяқтап шықтым. 1995 жылы бағым жанып, Ш. Ш. Уәлиханов атындағы мемлекеттік оқу орнының студенті атандым. Осы аталған оқу орнын 1999 жылы «жақсы» деген бағамен аяқтап шықтым. Алғашқы ұстаздық жолымды Аққұдық орта мектебінен бастадым. Аққұдық орта мектебінде көптеген ұлағатты ұстаздардан үлгі алдым. Отбасылық жағдайыма байланысты өзімнің 11 жыл білім алған мектебіме қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде қызметке орналастым. Білімім жоғары. Бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімімін. Осы мұғалімдік салада он алты жылға жуық қызмет атқарып қалыппын. Осы жылдар аралығында мектепішілік марапаттаулармен бірге аудандық марапаттауларға ие болдым. Атап айтсам, 2006 жылы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2007 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталдым. 2007 жылы облыс әкімінің ақшалай грантын иелендім. 2011 жылы аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталдым. 2010 жылы «Менің шығармашылымдағы ұлы тұлға шығармашылығы» С.Мұқановқа арналған шығармалар сайысына қатынасып, мақтау қағазымен марапатталдым. 2005 жылы тамыздық конференцияда «Мектептегі тәрбие» туралы баяндама оқыдым. Баяндама өте жақсы деп бағаланды. «Қазақ тілі тірегім, әдебиет - жүрегім» әдістемелік құралым бар. Жыл сайын аудандық тамыздық конференцияларда арнайы семинарларға белсене қатысып, өз тәжірибемен жас мұғалімдермен бөлісемін. Ауданда болып жатқан әр түрлі шараларға белсене қатынасуға құшынып тұрамын. Осы он алты жылдың ішінде неше түрлі қызық оқиғалар, әр алуан қылығымен тәнті еткен оқушылавр саны қаншама десеңші ай. Аудандық шараларға да менің оқушыларым өте жақсы белсене қатынасады. Мектепте өтетін іс шараларға да оқушыларым өте жақсы ат салысады. Оқушылардың арасында жүлдегер иегерлері де баршылық. Әр жыл сайын оқушыларым аудандық пәндік олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар, аудандық мәнерлеп оқуларынан да қалыс қалмаймыз, қатынасып тұрамыз. Атап айтасм, «Абай» оқуларынан әр жыл сайын оқушыларым ГРАН-ПРИ, І,ІІ,ІІІ орындарға ие болады. Сол сияқты «Махамбет» пен «Мағжан» оқуларынан да І,ІІ,ІІІ жүлделі орындарға ие болып жүр. Облыстық «Абай» оқуларынан бір оқушым жүлделі ІІІ оынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды. Сол сияқты облыстық «Мағжан» оқуларына да бір оқушым қатынасып, арнайы сертификатпен марапатталды. Әр жыл сайын оқушыларым аудандық пәндік олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болады. Бірыңғай ұлттық тестілеуден де оқушыларым жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Бұл - мен үшін үлкен мерей. Менің түйіндес мәселем: Жаңа технологияларды сабақ барысында қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру. 5-6, 9-11сыныптарына сабақ беремін. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың жаңаша әдістерінің бірі - электронды оқыту жүйесіндегі ақпараттарды өңдеп сабақтарда кеңінен қолданамын. Сабақты көбінесе топтық, ұжымдық жұмыс түрлерінде ұйымдастырамын. Жұмыстың бұл түрлері оқушыларды бірлесіп жұмыс істей білуге, жауапкершілікке, ынтымақ бірлікке тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушыға берілген білімді жинақтау, тиянақтау мақсатымен сабақ соңында шолу әдістерін енгізу оқушының сол сабақтан алған білім деңгейін байқаумен қатар, олардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін, тіл байлықтарын арттыруда тиімді әдіс екендігі анықталды. Тіл мен әдебиет сабақтарында оқытудың жаңа әдіс тәсілдері сабақ түсіндіру, жаңа сабақты бекіту, оқушының ойлау қабілетін дамыту және уақытты тиімді пайдалану кездерінде жақсы нәтиже береді. Білім меңгертумен қатар оқушыларды, ғылыми тақырыптарға, ақын жазушылардың өмірлері бойынша рефераттар жазып, баяндамалар жасауға үйрету оларды шығармашылыққа, ғылыми әдебиеттермен, оқулықпен жұмыс істей білуге және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар, түйінді мәселелерді шеше білуге, зерттеушілік жұмыстарымен, ғылыми жұмыстармен айналысуға тәрбиелеу.

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 363 025 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Мастерство влияния и успешных переговоров

4 ч.

Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Успешая команда: опросы, сторис

3 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методика обучения шахматам младших школьников

3 ч.

Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 6 084 курса