Инфоурок Начальные классы Рабочие программы"Мәнерлеп оқу" үйірме жоспарлары І оқу тоқсаны

"Мәнерлеп оқу" үйірме жоспарлары І оқу тоқсаны

Скачать материал

Бекітемін:

 

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдерді жазу, жаттау

Сабақтың мақсатыбілімділік - мақал-мәтелдер жөнінде теориялық ұғым беру, ерекшеліктері мен белгілерін меңгерту, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктері және мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру; дамытушылық – қызықты грамматикалық тапсырмалар арқылы тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін таныту; тәрбиелік - мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: мақал-мәтелдер, сызбалар.

Сабақтың әдісі: оқыту, түсіндіру, сұрақ-жауап, оқушы пікірін тыңдау.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқу құралдарын түгендеу

ІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру.

Балалар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Ер есімі ел есінде», «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» десем бұл не? Мақал-мәтелдер. Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Мақал-мәтелдерді тақырыптық жағынан іріктеу, жинау

Сабағымыздың мақсаты: Мақал-мәтелдер жөнінде мәлімет алу, мақал-мәтелдер халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті екенін ұғыну, мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіну, мақал-мәтелдерді орынды қолдана алуға дағдылану.

Мақал – мәтелдің құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады. Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.

Мақал - мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты бір сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де бірінші бөлімінде себеп немесе шарт, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.

Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы – мағынасы ашық болмайды, ишарамен, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып қалады.

Мақал мен мәтелдің ерекшеліктерін көрсету.

Мақал

Мәтел

1

Құрылсы жағынан екі, үш бөлімді болады.

Әке – асқар тау, шеше – қайнар бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.

Көбіне бір бөлімді болып келеді.

Суға кеткен тал қарымайды.

2

Ой неғұрлым ашық айтылады.

Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы.

Ой–пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

3

Ақыл, өсиет түрінде келеді.

Бірлігі күшті ел озады,

Бірлігі жоқ ел тозады.

Көбіне эмоциялық реңк басым.

Қызым саған айтм, келінім сен тыңда.



Дағды мен іс-әрекетті жүзеге асыру.

Дәптермен жұмыс: 4-5 мақал мәтелді дәптерлеріне жаздыру

 

Карточкамен жұмыс: Жұппен, ауызша орындау  жұмысы.

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын айт:

Тіл тас жарады, тас жармаса...(бас жарады.)

Білгенің бір тоғыз,...(білмегенің тоқсан тоғыз)

Өнер алды - …(қызыл тіл)

Үлкенге - құрмет,(кішіге – ізет)

Қар жауады деп қуанба,...(артынан аязы болар)

Қыздың көзі...(қызылда)

 

Семантикалық картамен жұмыс (ауызша):

Мақал

Мәтел

Бас аман болса, бөрік табылады

+

Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар

+

Дария жанынан құдық қазба

+

Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер

+

Күш атасын танымас

+

Еңбек түбі – береке

+

Өнер алды – қызыл тіл

+

Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде

+

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл

+

Анасын танымаған, Алласын танымас

+

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады

+

 

Сергіту сәті:

Әрбір адам кімім?

Туысым, досым, жұрағатым.

Әрбір сабақ? Не істеу?

Үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім? Не?

Тірлік, тірек, адамдық.

Әрбір сөзім? Қандай?

Шындық, бірлік, адамдық.

Ой толғау . Оқушылар мақал-мәтелдерді тақырып бойынша айтады.

І қатар: «Білім» сөзіне мақал құрастыру

ІІ қатар: «Жүрек» сөзіне мақал құрастыру

ІІІ қатар «Ақыл» сөзіне мақал құрастыру

Сабақты қорытындылау: венн диаграммасы.

Мақал

Ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Мәтел

Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Ой неғұрлым ашық айтылады

Екеуі де халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Екеуі де ойды нақты жеткізуге көмектеседі. Екеуінін де орнын ауыстыруға болмайды. Екеуі де жақсылыққа бастайды.

Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Ой ишара түрінде тұспалдап беріледі.



Үйге тапсырма:

Оқушыларға жалпы тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Тақырыбы : Жұмбақтар, жаңылтпаштар 

Мақсаты :

Білімділік : Оқушыларға жаңылтпаш пен жұмбақ арқылы  оқушылардың

зерделілік, танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштау.

Дамытушылық : Өз беттерімен  ізденіс үрдісін , адамгершілік

дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік : Көпшілік алдында өзін- өзі еркін ұстауға , білімін кеңінен қолдана

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың  әдіс- тәсілдері : топпен жұмыс, жеке жұмыс, кестемен жұмыс,  «зымыран» ойыны

Көрнекіліктері : оқулық, «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы»

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа оқушыларды әзірлеу, оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Үй жұмысын пысықтау. 

Жаттап келген мақал-мәтелдерді сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ «Жұмбақтар, жаңылтпаштар»

Жұмбақ- адамның ой- өрісін, алғырлығын, білімін сынау үшін бір затты  не табиғат құбылысын тұспалдап айтатын ауыз әдебиетінің бір түрі.

Жаңылтпаш- адамның есте сақтау қабілетін арттырып , жылдамдық пен шапшаңдыққа  шыңдайтын  ауыз әдеиетінің бір түрі.

Мысалы : Бір нәрсе білмегенді  білгізеді,

                 Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.

                 Жалғанда әңгімесі  сондай  қызық,

                 Жаныңды  тыңдай  берсең  кіргізеді     (кітап)

Топ бала , топ бала ,

Ойнап жүр  топтала.

Зымырап  допты ала,

Қуады  көп бала.

ІҮ. Топпен жұмыс.Жұмбақтың шешуін шешеміз, оған мақал-мәтел ойластырамыз.

Ұрамыз  ол байғұсты  таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпен де.

Томпаңдап  жүгіреді  ұрған  сайын,

Басынан сипамайды  аяп пенде.

жауабы : доп

Асық ойнаған азар, допты қуған тозар, бәрінен де малды баққан  озар

Ү. Кестемен жұмыс.

І топқа                                         ІІ топқа                                ІІІ топқа

Музыка

 

 

тіл

Сүйек

 

 

таяқ

ізет

 

 

бала

әдеп

  өнер

қол

талғам

 әуен

сіңір

мәдениет

тамыр

тарих

1.Өнер алды- қызыл тіл   2. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді   3. Әдепті бала- арлы бала

ҮІ. Жаңа сабақты бекіту.  «Зымыран» ойыны

  Қағаздан ұшақ жасап, І топ  жаңылтпаш  жазып , келесі ІІ топқа зымыранды ұшырады. Топ бірігіп зымырандағы  жаңылтпашты оқып, жатқа  айтады. Зымыранға  жаңылтпаш жазып, келесі ІІІ топқа  ұшырады. Ол топта зымырандағы жаңылтпашты   оқып, жатқа айтып береді. І топқа  зымыранға жаңылтпаш жазып,  ұшырады . Ойын әрі қарай жалғасын табады. Оқушылар топпен бірге жұмыс жасайды. Жаңылтпашты жатқа  қатесіз  айтқан топ жеңіске жетеді.

І топ  жаңылтпашы : Есет атам ет асатар, ет асатса  бес асатар.

ІІ топ жаңылтпашы : Анау арал , қай  арал?

                                    Қайыңды арал , талды арал.

ІІІ топ жаңылтпашы : Үш  кіші ішік піштім, 

                                      бес кіші  ішік  піштім.

                                      Неше   кіші  ішік  піштім?

 

ҮІІ. Қорытынды бөлімі :

 Стикер арқылы  әр оқушының берген жауабына байланысты

 қызыл түсті стикер- «Өте жақсы»

көк түсті стикер- «жақсы»

сары түсті стикер- «қанағаттанарлық»

Әр топтың жинаған стикерлерін  есептеп ,  жеңімпаз топты табу.

ІХ. Үй тапсырмасы :

Әр оқушы  бес жұмбақ, бес жаңылтпаш жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Тақырыбы:Оқығанның - көзі ашық

Сабақтың мақсаты: 1.Әңгіменің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру. Оқушыларды білімділікке үйрете отырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

2.Оқушылардың ой- өрісін, ойлау қабілетін, ақыл- ойын, тіл байлығын, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту. Шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыру.

3.Кітапты ұқыпты, таза ұстауға баулу.

 

Сабықтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

(оқушыларды түгендеу)

3.Жаңа сабақ.

А) Қызығушылығын ояту.

«Ой қозғау» стратегиясы

Жұмбақтар шешіледі.

Көп әңгіме , өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Мен де жақсы көремін. (Кітап)

Бір қойым бар, қаны жоқ,

Қанатының саны жоқ.

Адаммен сөйлесер

Ақылы бар, жаны жоқ.

Тілі бар да, үні жоқ,

Өзін адам түсінген,

Жүрегі бар, қаны жоқ,

Сөйлей туған ішінен (Кітап)

 

Ә) Мағынаны ажырату, тани білу.

«Түртіп алу» жүйесі бойынша оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Әңгімені оқушыларға оқу, тиісті белгілерді қойып анықтау.

V- сәйкес келу

-мен ойлағаннан бері

+ – жаңа ақпарат

?- таңғалдым

-кітап адамның досы екендігі;

-әжемнен көп жақсы нәрселерді үйренемін;

Білімнің бізге тигізер пайдасын білдім.

Кітаптан, газет-журналдан көп ақыл, ақпарат аламыз.

Оқығанның көзі ашық.Оқымаған

 адам соқыр

болады.

Мәтінді оқып болған соң, жеке, топта, жұпта талдап оқып, талдайды..

  1. Сөздік жұмысын жүргізу.

Күкірт- сарғыш, қоңырқай түсті тұтанғыш зат.

Әңгімені жекеленген оқушыларға түсіне отырып оқыту. Үш оқушыға рөлмен бөліп оқыту. Анық және қатесіз оқуға назар аудару.Әңгіменің мазмұнына сай сұрақтар қойылады.

Әңгіменің басты кейіпкері-Жанна қандай мақалды оқыды? (Оқығанның көзі ашық.Оқымаған адам соқыр)

  • Әкесі мақалдың мағынасын қалай түсіндірді?(Оқыған адам көп біледі.Көзінің ашық болатыны содан, ал оқымағанның дүниеден хабары аз болады. Бұл адамды соқырмен тең етеді)
  • Жанна қолына жағылған сияның дағын кімнің ақылының арқасында кетірді? (Әкесінің)
  • Білімқұмар баламен дос болғың келе ме?(Ия)

 

5.Сабақты қорытындылау.

А) Ой толғаныс

«Менің білегендерім» атты тақырыпқа ойларын айтқызу. Бір-бірін тыңдау, толықтыру, жинақтау.

«Бес жолды өлең» стратегиясы

  1. Кім? Бала
  2. Қандай? Білімді, тәртіпті, ақылды
  3. Не істеді? Болды, үйренді, оқыды.
  4. Сөз тіркесі. Бала білімді, бала үйренді, бала оқыды.
  5. Айжан білімді, ақылды болды.
  6. Үйге тапсырма: «О, мен қандай білімді болдым»деген тақырыпта әңгіме құрап, айту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

Сабақтың тақырыбы: «Туған жер», «Отан» туралы өлеңдер
Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.
Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: күннің және гүлдердің, ауылдың көрікті жерлерінің суреттері, Қазақстанның қалаларының суреттері.

Сабақтың жүру барысы
1. - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
«Туған жер», «Отан» туралы өлеңдер деп аталады. Бүгін сабақта біз Отанымыз, туған жеріміз жайлы тақпақтар айтамыз, талқылаймыз. Туған жеріне әр адам қалай қамқорлық жасауы керек екені жайлы ой қозғаймыз. Табиғаттың әдемілігіне тағы да бір назар аударамыз.
Жалпы, туған жерін сүймейтін адам кем - де кем. Ендеше, қазір бәріміз бір - біріміздің қолымызды ұстасып, үндеместен жанымыздағы достарымыздың туған жерге деген ықыласын, алақандарымыз арқылы сезініп көрейік. (Сезіндік пе?)
- Енді бойымыздағы әсерімізден арылмаған күйі «Құлпыра берші, кең дала!» атты өлеңді бәріміз қосылып айтайық.
- Құлпыра берші, кең дала!
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін
(- Балалар, сендерге рахмет айтамын. Енді орындарың отырыңдар. )

2. Әңгімелесу.
а) ә) Сұрақтар қою:
- Сендердің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар?
- Сендер Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Неліктен осы аталған жерлеріңді көрікті жерлер, ғажап жерлер деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптарын түйіндеу

3. Дәптермен жұмыс: «Отан», «Туған жер» туралы өлеңдер жаздыру

 «Отан» Ермек Өтетілеуұлы

Отанды біз атамекен                        Отанды әркім анасындай

Деп аялап атаймыз,                          Қастерлейді, қолдайды.

Өйткені оны мекен еткен                Өйткені Отан баласындай

Бабамыз бен атамыз.                        Бізді асырап, қорғайды.

Отанды жас, кәріміз де                    Отан деген – атамекен,

Тәған жер деп сүйеміз.                    Отан деген – туған жер.

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

 

«Туған жер» Қуандық Шаңғытбаев

Туған жер, алтын бесігім,              Туған жер, алтын босағам,

Тербеттің мені төсіңде.                  Аттандым сенен қияға.

Жүреді сенің есімің                        Апам мен Отан – қос анам,

Мәңгі де бақи есімде.                     Қондырған мені ұяма.

 

Жүреді мәңгі есімде                      Туған жер, алтын мекенім,

Көгорай далаң, тауларың.             Бақытым сенсің аңсаған.

Жайылған аспан төрінде               Мәңгі де бақи өтемін

Жұлдызың, тұнық таңдарың.        Қарыздар болып мен саған.

4. Жүректен – жүрекке.
Сөйлемдерді өз ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
- Мен туған жерді сүйемін, өйткені.......
- Мен туған жерді қорғаймын, өйткені...
- Мен туған жерімді мақтан етемін, өйткені...
Мен табиғатты қорғаймын, өйткені...
Мен туған жерімді ғажайып деймін, өйткені...

Қорытынды:

Оқушылар мұғалім соңынан мына өлеңді қайталайды.
Қазақстан, туған жерім - киелім,
Қастерлеймін басымды да иемін.
Табиғатың - таптырмас жан байлығым,
Бәрін - бәрін аялаймын, сүйемін.

 

Үйге тапсырма: Өлеңнің біреуін жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы : Ұстаз 
Мақсаты :
Білімділігі :Оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсіндіру,негізгі идеяны ашу. Оқиғаның мазмұнын айтуға төселдіру.Топта жұмыс істей білу, өзбетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау. 
Дамытушылық : Балалардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтып, дәлелді сөйлеп,дисскусия жүргізе білуге үйрету. 
Тәрбиелік:Ұстаздың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
Әдіс –тәсілдері : Сұрақ –жауап, әңгімелеу,
Сабақтың барысы :

 І . Ұйымдастыру кезеңі 
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
2. Психологиялық дайындау. 
ІІ. Жұмбақ 
Шәкіртке жанашыр, 
Мейірман кім жаны асыл? 
(Ұстаз) 


Ұстаз туралы өлең, мақал –мәтел , тақпақ айту. 


Жаңа сабақ бойынша мағлұмат беру. 
Ұстаз болу - жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы. 
Ұстаз болу- мінездің күншуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы. 
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына , құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. 
«Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің де, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі. Ұстазсыз нақты өмірдің тұтқасын ұстау мүмкін емес. 
ІІІ. Дәптермен жұмыс. 
Күлімдеген,                                           Әрбір жастың-

Күнім деген,                                          Қарлығаштың

Қамқор болған ұстазым.                      Көңіл сырын дәл басқан.

Жаны жайсаң,

Жйдары жан,                                        Талаптанып,

Ұғындырған сөз сазын.                       Қанаттанып,

                                                               Өмір сырын ұғамыз

Бәрін білген,                                         Білім алып,

Білім берген                                          Тұлғаланып,

Жас ұрпаққа талмастан.                      Азамат боп шығамыз.


ІҮ. Сабақты бекіту 
     Ұстаз сендерге несімен ұнайды? 

Ү. Үйге 
Өлеңді жаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев өлеңдерін жаттау
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, кеңейту және қазақ поэзиясының асқар биігі Абайдың шығармашылығын құрметтеу.

Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы:Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,елестеу, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Абай өлеңдері арқылы адамгершілікке, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:Абай Құнанбаев суреті,
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап ,топпен жұмыс
Түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы .

Ұйымдастыру.

оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

2. Жаңа сабақ

Абай атамыз туралы не білеміз? Оқушылар біртіндеп шығып жазады.

Ақын аудармашы ойшыл сазгер

ұстаз      Абай      кемеңгер

қарасөз шебері  сыншы  қоғам қайраткері  табиғат жыршысы

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул - Жаппар, кейін Ахмет - Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады.

 

Дәптермен жұмыс

 

Бүгін Абайдың төмендегі өлеңдерін жазып алып, жаттаймыз.

 

1.Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

 Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.

 

2. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

 Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың - жалын, артың - мұз,

 Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйгі алма.

 

Өлеңдердің мағынасын түсіндіру

Сөздік жұмысын жүргізу

 

Үйге тапсырма: жаттау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы:  Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдері. «Адамдық борышың», «Бір Аллаға сыйынған адам өлмес»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың  Шәкәрім  шығармашылығы  бойынша
білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына  талдау арқылы  жете  түсінік беру. Өлеңдердің негізгі  тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді  қолданып жеткізе білу дағдыларын  қалыптастыру.  Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып,оқушылардың  бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Ашық ойлар.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті

Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ барысымен,мақсатымен таныстырамын.
Үй тапсырмасын сұрау.
Абай өлеңдерін сұрау
Шәкәрім туралы түсінік беру

(Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.
Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ беәнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.
Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.

Жаңа сабақ . Шәкәрім шығармаларының тақырыбы — адамгершілік. «Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы туралы түсінік.
«Адамдық борышың», «
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес» өлеңдері мәнерлеп оқылады.
1.«Адамдық борышың»
Адамдық борышың-
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта оны біл.
Талаптан да білім мен өнер үйрен,
Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшін,
Нәпсіңе билетпе
Басыңның бағы үшін.
Өміріңді сарп қыл

Өлгеніңше,
Жоба тап ,

Жол көрсет,
Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,
Қауымға келмейсің,
Барыңды,

Нәріңді
Тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!

 

2.Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.

Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.

Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.



Негізгі тақырыбы-адамзат міндеті.

Идеясы-артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Түсіндірме сөздік.
Мансап-атақ
Нәпсі-жаман іс
Тұл-ешнәрсесі жоқ
Ғибрат-үлгі
Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы-халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтарданаулақ болу.
Өлеңді тізбекпен оқимыз.

Дәптермен жұмыс.

Адамдық борыштарды жазамыз.
1.адал еңбек ету
2.білім мен өнер үйрену
3.келешекке жол көрсету
4.үлгі болатын іс қалдыру

Тақтамен жұмыс:

Балалар, адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жазайықшы.

Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері
Білімді                                                         мақтаншақ
арлы                                                             білімсіз
еңбекқор                                                      мансапқор
шыншыл                                                      айлакер
өнерлі                                                           жалқау
жомарт                                                         өсекші
ата ананы сыйлайды                                  өтірікші
сараң

                                                 Кестемен  жұмыс

Абай

Шәкәрім

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Адамдық борышың»

Пайда көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мақтанға салынба,

Мансаптың тағы үшін.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Жоба тап, жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт-осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Ақ жолдан айнымай,

Ар сақта, оны біл.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз, өнерсіз,
Болады ақын –тұл.

Сабақты бекіту
1. «Ақ жолдан айныма»сөз тіркесінің мағынасы қандай?

2.Ақын «шын бақыт» деп нені көрсетті?

3.Адамдық борыштарды ата.
4.Қандай істерден аулақ болу керек?
Қорытындылау.

Үйге тапсырма. «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Өлеңге талдау жасау

Сабақ мақсаты: 
1. Өлеңдердің идеялық мазмұнын түсіндіру, талдап оқуға үйрету.
2. Бірлесіп  жұмыс жасауға баулу, оқу-білімге, еңбекшілдікке шақыру, өмірден өз орнын таба білуге тәрбиелеу.
3. Тіл дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру,  шығармашылық жұмыс түрлеріне баулу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру, сөздікпен жұмыс, сұрақ-жауап

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы тексеру

Абайдың және Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа сұрау

Жаңа білімді меңгерту

-Балалар, бүгін біз, өлеңді талдап үйренеміз. Ол үшін өздерің жаттаған, жаңа ғана айтып өткен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін мысалға алайық.

Алдымен өлең туралы мәлімет білуіміз керек.

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
1894 жылы жазылған, негізгі түпнұсқасы  4 тармақ, 12 шумақтан тұрады. Біз тек 4 шумағын жаттадық. Бүгін алты шумағын қарастырамыз.Мағыналық құрылымы жағынан  төрт бөлікке бөлінеді.

 


Әсемпаз болма әрнеге,

 Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

 Әділет, шапқат кімде бар,

 Сол жарасар туғанға.

 Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың - жалын, артың - мұз,

 Барар едің қай жаққа?

 Пайданы көрсең бас ұрып,

 Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйгі алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,

 Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

 Азапқа қалма езбеден.

Акырын жүріп, анық бас,

 Еңбегің кетпес далаға.

Ұстазтық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса;

Күнді уақыт қызартып,

 Көкжиектен асырса;

Күңгірт көңілім сырласар

Сүрғылт тартқан бейуаққа,

Төмен қарап мүңдасар,

 Ой жіберіп әр жаққа.

Өткен өмір - қу соқпақ,

Қыдырады талайды.

Кім алдады, кім тоқпақ

Салды, соны санайды,

 Нені тапсаң, оны тап,

Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді

Ұлып жүртқа қайтқан ой

 Өкінді, жолың бекінді,

 Әуре болма, оны қой.

Ермен шықты, ит қылып,

Бидай шашқан егінге.

 Жай жүргенді уерд қылып,

 Тыныш өлсеңші тегінде.


 

Өлеңді талдай оқытып, әр шумақтың мағыналық құрылымдарын анықтатып, жазғызамын.

1 шумақ

Ақын адам алдына нақты міндет қояды, оған белгілі бір игі іс атқару парызын жүктейді.

2-3 шумақ

Сол міндетті орындауға, істі атқаруға қажетті адамгершілік ізгі қасиеттер көрсетіледі. 

Қайрат, ақыл бір болып, әділет пен шапағат шет қалса, адамгершілік негізі кемелденбей, өмірі бағдарсыз, баянсыз өтетіндігі туралы ой  тұжырымдалады.

4-5 шумақ

Адамгершілік кемелдікке  жетуге ниет еткен  кісінің қандай жаман  қылықтардан бойын  аулақ салуы парыз екендігі көрсетіледі.

6-шумақ

Адамгершілік кемелдікке  жетуге ниет қылған  адамның  қандай  жақсы қылықтарды әдет етуі қажеттілігі туралы ғақылымен аяқталады. Бұл шумақ алдыңғы  шумақтардың қорытындысы, түйіні.

 

Өлең құрылысына талдау

Әсемпаз болма әрнеге,                 а 8 буын                                                          

Өнерпаз болсаң арқалан.              б 8 буын                                                                               

Сенде бір кірпіш дүниеге,            а 8 буын                                                                       

Кетігін тап та, бар қалан.              б 8 буын

2  бунақ, 8 буын, шалыс ұйқай

 

Ақырын жүріп, анық бас,             а 8 буын                                                          

Өнерпаз болсаң арқалан.              б 8 буын                                                                              

Сенде бір кірпіш дүниеге,            а 8 буын                                                                       

Кетігін тап та, бар қалан.              б 7 буын

2 бунақ, 7-8 буын, шалыс ұйқас

Өлеңнің идеялық мазмұнымен жұмыс
–         Өлеңді мәнерлетіп оқыту
–         Түсініксіз сөздермен жұмыс
Шапқат /шапағат/-мейірім, жәрдем, көмек                                                                   

Ез /езбе/- мезі ету                                                                                                    

Әсемпаз- көрсеқызар, қызғаншақ                                                                    

Майданға түспей-еңбектенбей

 

Сабақты қорыту: Шәкәрімнің адамдық борышың өлеңінің алғашқы шумағына талдау жасату

Үйге тапсырма: Өздері жаттаған, білетін кез-келген бір өлең шумағына талдау жасап келу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекітемін:

 

«Мәнерлеп оқу» үйірмесі

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш Президент күніне арналған өлең жырларды мәнерлеп оқу

Мақсаты: Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы » еңбегі  туралы  жан-жақты  түсінік қалыптастыру,тақырыбы мен идеясын түсіндіру.

Дамытушылығы:- жеке тұлғаның зияткерлік дамуын өз бетінше іздену, шығармашылық ізденісін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға Елбасының  халықа сіңірген еңбегін, ерлігін жүргізген саясаттын  үлгі ету, оқушылар бойына  демократиялық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Н.Ә. Назарбаевтың ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі, суреттер

 

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы тексеру

Өлеңге талдау жүргізу

Жаңа білімді меңгерту

-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі

Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата – 1991 жылдың 16 желтоқсанынан алыстатып барады.

Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел.

«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді Президент.

«Ой қозғау»

“Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ ” дегенді қалай түсінесіңдер?

“Егемендіктің ертеңі зор” түсінігіне сипаттама беріңдер.

Елбасының ұлағатты сөздері

«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман». 
*** 
«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді». 
*** 
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны». 
*** 
«Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек». 
*** 
«Жұмыс істегісі келгендердің бәрі жұмыс табады және бір емес, екі жұ­мыс тауып, еңбекақы алу мүмкіндігі бар. Тек ниет болуы керек». 
*** 

Елбасы туралы өлеңдерМаралтай ЫБЫРАЕВалтай ЫБЫРАЕВ.алтай ЫБЫРАЕВ

Маралтай Ыбыраев

http://old.abai.kz/sites/default/files/maraltaiibiraev1.jpg

ТҰЛҒА

Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады.
Нұрсұлтан Назарбаев.

Оттан сақтап, оқтан қорғар берен боп,
Не болса да пешенемнен көрем деп.
Елің үшін түстің талай додаға,
“Күн астынан орын тауып берем!” – деп.
Емен құсап ерек біткен еренім,
Көз жетпеске ой жеткізген төрелім.
Сертке ұстаған семсер сынды жарқылдап,
“Халқым үшін жаным құрбан!” – деп едің.
Ірікпестен лықсып келген сезімді,
Жасырмастан жасқа тұнған көзіңді.
(Ұмытқан жоқ, ұмытпайды бұл халық!)
“Айналайын, елім!” – деген сөзіңді.
Қызғанады-ау, кейбіреулер бағыңды,
Ардақтауға ары жетпей нар ұлды.
Сіз жасаған еркін, бейбіт қоғам бұл –
Шүберекке түйіп жүріп жаныңды.
Атажұрттың керегесі керіліп,
Оғыландар атқа қонды тебініп.
Армандаған, Сіз аңсаған дәуірдің,
Көкжиегі көз ұшынан көрініп.
…Бас иесіз көрген қызық мәнсіздей,
Ел бақытты Елтұтқасы бар Сіздей.
“Ер қадірін ел біледі”, – деуші еді,
Ел қадірін Ер біледі дәл Сіздей!!!

 

Сабақты қорыту

Өлеңнің мағынасын түсіндіру

Үйге тапсырма

Жаттау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мәнерлеп оқу" үйірме жоспарлары І оқу тоқсаны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2016 2141
    • DOCX 61 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конырова Гулнара Губайдоллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3774
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Мотивационное сопровождение учебного процесса младших школьников «группы риска» в общеобразовательном учреждении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека