Инфоурок Информатика Другие методич. материалы: Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат,программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

: Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат,программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Скачать материал

 

Пәні: Информатика                   Сыныбы: «Б», «В»              Күні

Сабақтың  тақырыбы:Информатика.Ақпарат. Ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері.

Сабақтың   мақсаты 

  Білімділік:Ақпарат   көздерін,  типтері  мен  қасиеттерін  білуі  тиіс.

 Тәрбиелік: Тірі  табиғатта, техникада,  қоғам  мен  адам іс-әрекетінде                ақпараттарды  жеткізу, сақтау  және  өңдеудің   құндылығын  түсіну.

 Дамытушылық: Ақпарат  ұғымымен,  оның  түрлерімен  және өңдеу  

тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың   түрі   теориялық

Сабақ   көрнекілігі   Оқулық, жұмыс  дәптері

Сабақ   жүрісі  I.    Ұйымдастыру

                           II.Үй тапсырмасын сұрау       

                           III.  Жаңа  сабақ

                           IV.  Қорытындылау

                           V.   Үй тапсырмасын  беру

                           VI.  Бағалау

XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып  адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізу мүмкіндік жасайды. «Инормация» термині латынның  түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретінinformation сөзінен шыққан Информация алу дегеніміз- біздің қоршаған құбылыстар мен  нысандардың өзара  байланыстарын құрлымы немесе  олардың  бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен , информация- белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбы-лыс) туралы  таңбалар мен сигналдар  түрінде  берілетін мағлұматтар. Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т.б

Информатика  - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны  пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылым пән. Информатиканың негізгі обьектісі яғни оның  шикізаты мен беретін өнімі информация болып  саналады.Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ –де жұмыс істеудің ең  түбегейлі  атауларының бірі болып  есептеледі

Ақпарат» ұғымы  туралы  өтеміз. «Ақпарат»сөзі  латынның  түсіндіру,  баяндау,  мәлімет  деген  ұғымдарды  білдіретін   informatio  сөзінен  шыққан.  Бізді  қоршаған  әлемнің  ең  маңызды  мәні  зат,  энергия  мен  ақпарат  болып  табылады.  Зат  пен  энергия  сияқты  ақпараттың  да  мәні  өте  зор.  Оның  өсімдіктердің,  жануарлардың,  адам  мен  жалпы  адамзат  қоғамының  өміріндегі  мәні  олардан  кем  емес.

 

 

 

 

 

Ақпарат  бұл  тек  кітаптардан,  газет  мақалаларынан  немесе  берілген  жаңалықтардан  алынған  мәліметтер  ғана  емес,  күрделі  биологиялық  молекулалардың  құрылымында,  радиосигналдар  мен  кілт  рельфінде  сақталатын  мәліметтер  болып  табылады.

 дегенмен,  ақпарат  ұғымы  ғылымдар  шегінде  анықталмайтын  ұғым  болып  табылады. Бұл  ұғым  барлық  салаларда: философияда,  жаратылыстану  мен  гуманитарлық  ғылымдарда, биологияда,  медицина  мен  физиологияда,  адам  мен  жануарлар  психологиясында,  социологияда, өнерде, техникада, экономикада  және  күнделікті  өмірде  пайдаланылады. Ақпаратқа  үзілді-кесілді  анықтама  бере  алмаймыз.  Оны  қоршаған  дүние  туралы  және  онда  жүріп  жатқан  процестер  туралы  хабарлар  мен  мағлұматтар  деп  түсінуге  болады. Ақпарат – белгілі  бір  нәрсе  туралы  таңбалар  мен  сигналдар  түрінде  ұсынылатын  мәліметтер  тобы. Барлық  ақпараттарды  төмендегідей  бөлуге болады: қоғамдық-саясаттық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық.

Ақпарат  алмасу  үшін,  жолдаушы  мен  қабылдаушы  болуы  керек.  Хабар  жеткізуде  пайдаланылатын  құралдарды  ақпарат  жеткізу  арнасы  деп  атайды.Оған теледидар,  радио,  компьютерлік  желі, басылған  құжаттар  жатады. Үшіншіден,  адам  ақпаратты  өңдей  алады. Ақпаратты  өңдеу  деп – ақпарат  алуды,  оның  мазмұнын  өзгертпей,  ұсыну  түрін  өзгертуді,  алынған  ақпаратты  бір  ретке  келтіруді  және  жаңа  ақпарат  іздестіріп  толықтыруды  айтады. Сонымен  адам  ақпаратты  сақтай  алады,  өңдейді  және  жеткізе  алады.Бұл  жағдайда  адам  қандай  да  бір  әрекеттер  жасайды,  оларды  ақпараттық  процесс  дейдіАдам  ишарат,  ым  мен  дыбысты  қолдана  отырып,  ақпарат  беріп,  оны  кез  келген  сезім  мүшесі  арқылы  қабылдай  алады. Адам  қабылдайтын  ақпаратты  таңбалы  және  бейнелі  деп  екіге  бөлуге  болады.

 

Бекіту сұрақтары:

- «Ақпарат»  деген  сөз  қандай  мағына  білдіреді?

-Информатика дегеніміз не?

 

Үйге тапсырма:Информатика.Ақпарат

Бағалау.   Оқушыларды  үй  тапсырмасына  жауап  бергеніне  және  сабаққа  қатысына  қарап  бағалаймын

 

 

 

 

 

 

  Күні: 10,12.09.2013ж. Пәні: Информатика  Сыныбы: 6 «А», «Ә», «Б», «В» , «Г»

Сабақтың  тақырыбы: Ақпарат саны,ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті

Сабақтың   мақсаты  Ақпараттардың алуан түрлілігі және  оларды  өңдеудің

                    Білімділік:Ақпарат   көздерін,  типтері  мен  қасиеттерін  білуі  тиіс.

                    Тәрбиелік: Тірі  табиғатта, техникада,  қоғам  мен  адам іс-әрекетінде   

                                      ақпараттарды  жеткізу, сақтау  және  өңдеудің   құндылығын 

түсіну.

Дамытушылық: Ақпарат  ұғымымен,  оның  түрлерімен  және өңдеу  

тәсілдерімен таныстыру.

Сабақтың   түрі   теориялық

Сабақ   көрнекілігі   Оқулық, жұмыс  дәптері

Сабақ   жүрісі  I.    Ұйымдастыру

                           II.Үй тапсырмасын сұрау     

                           III.  Жаңа  сабақ

                           IV.  Қорытындылау

                           V.   Үй тапсырмасын  беру

                           VI.  Бағалау

Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Акпарат кабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі,

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.

  Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.

       Адам  ақпаратты  жеткізе  алады.  Ақпарат  алмасу  үшін  жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.

       Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
мазмұнын өзгертпей, ұ
сыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.

       Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық
про
цестер деп атайды.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат        қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш.

 

 

 

 

Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.

Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық    сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық. объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың акпаратгың көлемі деп - хабардың ұзындыгын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

1 бай=8 бит;

1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;

1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.

 Шешуі:

Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт

Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт

740:1024 = 0,722 Мбайт                                    

0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға  болады.

 

Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.

 

Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:6019символ 19 бсшт

19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт

 

Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт

Сабақты бекіту сұрақтары:

        Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.

        Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты
сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?

Үйге тапсырма: сөзжұмбақ құрастырып келу.

Бағалау.   Оқушыларды  үй  тапсырмасына  жауап  бергеніне  және  сабаққа 

                   қатысына  қарап  бағалаймын

 

 

 

 

 

 

 

 Пәні: Информатика  Сыныбы: «А», «Ә», «Б», «В» Күні 01.10,03.10.13 ж

Сабақтын тақырыбы: .Компьютердің  негізгі құрылғыларының міндеттері және

мүмкіндіктері

Сабақтын мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың

міндетімен таныстыру.ЭЕМ-нің мүмкіндіктерінкөрсету.Компьтердің негізгі

құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ-мен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын

дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар:компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды

оқулықтар.

. Сабақ  жүрісі  I.    Ұйымдастыру

                           II.Үй тапсырмасын сұрау

                           III.  Жаңа  сабақ

                           IV.  Қорытындылау

                           V.   Үй тапсырмасын  беру

                           VI.  Бағалау

Компьютер сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы.компьютер- деректерді бағдарламалап өңлдеуге арналған электрондар құрылғы .Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер,дыбыстар,графика және т.б.) ақпратты өндейді, әр түрлі технологиялық процесттерді ,деректер базасын және басқаларды басқарады.Бұл типті компьтерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады.Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК-сі. Бірақ. ДК-лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу  және адаммен қарым-қатынас жасауының негізгі принціптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельбдермен байланыстырылған бірнеше блоклардан тұрады.  Блоктардың номенклатуруасы әр түрлі болуы мүмкін,бірақ кез келген компьютержұмыс істеуі үщіе, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады.Оларға принтер, ыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының  басты элементі-жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры  мен  жедел жады  және т.б.  аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру  блогы, иілгіш  және қатқыл  дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.  ДҚ (дербес компьютер деп аталуының – бір-ақ адам қолданады) қазіргі кезде көпшілік арасында кең тарай бастады. Кез-келген компьютерлер бірнеше құрылғыдан тұрады.  Монитор, жүйелік блок, пернетақта, мультимедиа колонкасы, модем,  маус. Бұл құрылғылардың ең негізгісі Монитор, жүйелік блок, пернетақта. Компьютердің барлық құрылғылары оның артындағы ажыратып қосқыштар арқылы ажыратылады. Компьютердің процессоры мен  жедел жадысынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады.Олар: монитор, пернетақта,принтер, маус,  модем.Әрбір сыртқы құрылғы процессормен арнайы блоктар – адаптер немесе контролер арқылы жалғасады. Контролер немесе адаптердің міндеті – процессордан келіп   түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Описание: de57c725a415f98321038013528a20d0Описание: monitor_4

Монитор

Жүйелік блок-мұнда компьютердің негізгі  құрылғылары орналасқан. Компьютерді қосып өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіні оқитын CD-ROM орналастырылған.Жүйелік блоктың ішінде аналық плата, процессор, CD-ROM, бейнетақташа, дыбыс тақташасы мен т.б. бар.Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол  компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық  командаларды орындайды.  Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер  де пентиум деп аталады.

              Жүйелік  блок                 Описание: 53512

Енгізу құрылғылары: пернетақта, маус,джойстик,өлшеу аспаптары, сканер. Шығару құрылғысы – принтер, диспей, графопроектор.

    Пернетақта – компьютерге  ақпарат  енгізуге арналған  құрылғы Қазіргі компьютерлердің  пернетақтасында 101  немесе 105  перне  болады.

Описание: defender-ckm-30440-k1Описание: BS01183_

Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы.және т.б) компьютерге  Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі есіңнен шығарма:

         Пернелерді ақырын басу;

          Қатты соққылардан сақтану;

          Қолың таза және құрғақ болсын!

          Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды  енгізуге негізделген құрылғы.

Описание: p_050711_00536Тышқан (мышь)-бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  

 

 

 

 

 

 


Описание: 55021

Сия бүріккіш

 

 

Матрицалы принтер

 

Лазерлік принтер

 
Описание: HP_LJ_1018-01                                                                                                                  Описание: eps

 

 

Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы.

Описание: 49340_1Описание: kolonki_minОписание: 250776_4744

Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.Дыбыс колонкалары -дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы

Описание: pic_0011_5Құлақшын (наушникОписание: AN-883997микрофон

 

Описание: 4ДжойстикОписание: page14Модем

 

Сабақтыбекіту сұрақтары:

-         Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.                                                                 

-         Компьютердің жадының қандай түрлерін білесіңдер?

-         Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар.

-         Ақпаратты енгізу – шығару құрылғыларын ата.

-         Жадтың  сыртқы тасуыштарын сипатта.

-         -Монитордың  ажырату қабілеті дегеніміз не?

Үйгетапсырма:Дербес компьютер. Компьютерментанысу. Компьютердіңқұрылымы.

 Бағалау.   Оқушыларды  үй  тапсырмасына  жауап  бергеніне  және  сабаққа  қатысына  қарап  бағалаймын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы________________________________

Күні____________________________________

Сабақтың  тақырыбы: Ақпаратты жазу және санау.Ақпарат тасымалдаушылар

Сабақтың   мақсаты 

Білімділік:ОқушыларғаКомпьютер  жадының  түрлері.Ақпарат

тасымалдаушыларын   түсіндіру білімін  жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқуыларды алғырллықа  өз бетімен  жұмыс  істеуге  тәрбиелеу. 

Дамытушылық:  Оқушылардың  есте  сақтау  қабілетін  дамыту.

Сабақтың   түрі   теориялық

Сабақ   көрнекілігі   Оқулық, жұмыс  дәптері

Сабақ   жүрісі  I.    Ұйымдастыру

                           II.Үй тапсырмасын сұрау        

                           III.  Жаңа  сабақ

                           IV.  Қорытындылау

                            V.   Үй тапсырмасын  беру

                            VI.  Бағалау

Компьютердің ең маңызды компоненттерінің  бірі  оның  жады  болып  табылады.Компьютер  жадында  программалар  мен  мәліметтер сақталады.Компьютер жады ішкі  және  сыртқы  болып  екіге  бөлінед

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                   Компьютер жады схемасы

 

Ішкі жа Жедел жад  жылдам жұмыс істейді, ол сенімді және  өте берік.Тұрақты жад ақпаратты тұрақты есте  сақтайтын құрылғы

Сыртқы  жадКомпьютер сыртқы жадының  негізгі қызметі  үлкен көлемді ақпаратты (программалық , құжаттар ,ауди-және  бейне клиптер т.б) ұзақ  уақыт   сақтау болып  табылады,

Иілгіш магниттік дискілер ( floppy disk) корпусы пласмассадан жасалған қапта орналасады.Мұндай ақпарат тасымалдаушыны дискет деп атайды.

Қатты диск (РВВ-Hard Disk Drive) алмастырылмайтын дискілі  магниттік нинақтаушыға жатады.Дискілердің  жылдам  айналуына (7200 айн/ мин) байланысты қатты дискілердегі ақпаратты жазу және оқу жылдамдығы едәуір жоғары (300 Мбайт/с-қа жуық)

Оптикалық  дискілер –бұл оптикалық  дискілердің келесі буыны ол  цифрлық  мәліметтерді, оның ішінде қанықтылығы мен  тығыздығы жоғары  бейнелерді де сақтау үшін  пайданылады.

Флеш-жиннақтаушылар (флешка) –бұл мәліметтерді микросхемаларға жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадтың энергияға  тәуелсіз түрі.Флеш-жадты Фудзи Масуока 1984 жылы  Toshiba- да жұмыс  істеп  жүргенде кезде ашқан

                   Илгіш  магниттік  дискілер                               Қатты диск                      

                 Оптикалық  дискілер 

Төмендегі кесте ақпарат  тасмалдаушыларды сипаатттамалары  берілген.

Тасмалдаушы түрі

Тасымалдаушы сыйымдылығы

Мәлімет алмасу жылдамдығы (Мбайт/с)

Қауіп тудыратын жағдайлар

Иілгіш магниттік дискілер

1,44 Мбайт

0,05

Магниттік өрістер, қызып кету, физикалық әсерлер

Қатты магниттік  дискілер

Жүздеген Гбайт

300-ге жуық

Соққылар, жұмыс істеу барысыннда кеңістік бағытын өзгерту

CD-ROM

700 Мбайтқа дейін

7,8-ге дейін

Сызаттар, кірлеу

BD

54 гбайтқа дейін

432-ге дейін

 

Flash жады негізіндегі құрылғылар

16 гбайтқа дейін

USB1.0-1,5 

USB1.1-12

USB2.0-480

Ток күшінің артуы

DVD-ROM

17 гбайтқа дейін

21-ге дейін

 

 

Бекіту   сұрақтары:

1.Компьютер жады кандай түрлерге бөлінеді

2.Ішкі жад  неден тұрады?

Үй тапсырмасын  беру.

 Бағалау.   Оқушыларды  жауап  бергеніне  және  сабаққа  қатысына  қарап  бағалаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныбы________________________________

Күні____________________________________

 

Сабақтың  тақырыбы: Программалық  қамтамасыз етудің жалпы 

сипаттасасы және жіктелуі.

Сабақтың   мақсаты 

                            Білімділік:ОқушыларғаПрограммалық  жабдықтамалардың      

                            жіктеу және  жалпы сипаттамасын түсіндіру  білімін  жетілдіру.

                           Тәрбиелік: Оқуыларды алғырллықа  өз бетімен  жұмыс  істеуге  

                            тәрбиелеу. 

                             Дамытушылық:  Оқушылардың  есте  сақтау  қабілетін  дамыту.

Сабақтың   түрі   теориялық

Сабақ   көрнекілігі   Оқулық, жұмыс  дәптері

Сабақ   жүрісі  I.    Ұйымдастыру

                           II.Үй тапсырмасын сұрау     

                           III.  Жаңа  сабақ

                           IV.  Қорытындылау

                            V.   Үй тапсырмасын  беру

                            VI.  Бағалау

 

 Компьютердің  программалық жабдықтамалары  жүйелік программалар, қолданбалы  программалар  және  программалау  жүйелерінен  тұрады.Жүйелік  программалардың  ішіндегі ең  негізгісі  операциялық  жүүйе (ОЖ)  болып  табылады. ОЖ – компьютердің  мәліметтерді  өңдеу  жұмысын  ұйымдастыратын  программалар  жүйесі.Казіргі  кезде кең  тараған  жүйелер: Windоws 2000, Windоws XP, Windоws 7.

Қарым-қатынас жасау  тәсілі интерфейс  деп  те  аталады.Дербес  компьютерлерде  интерфейстің – командалық және  терезелік  деп  аталатын екі  тәсілі  бар.Командалық  интерфейсте адам  компьютермен ОЖнің  командалар  жиынының  көмегімен  қарым-қатынас жасайды.Интерфейстің  екінші бір  түрі – терезелік.Ол Windоws  типтегі ОЖ-де жүзеге  асырады.

Қолданбалы  программалар арнайы және  әмбебап деп екіге  бөлінеді.Арнайы программаларғак бухгалтерлер, жобалаушы, дәрігер сияқты саланың мамандары  пайдаланатын  программалар  жатады.Әмбебап программаларға мәтіндік және графикалық  редакторлар  электрондық кестелер, электрондық  пошта  программалары яғни пайдаланушылардың  үлкен  тобы үшін қажет  программалар жатады.Арнайы программаларға бухгалтерлер  жобалаушылар дәрігерлер сияқты бір  саланың  мамандары  пайдаланатын программалар жатады. 

Жүйелік программалық жабдықтамаларға драйвелер де кіреді.Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге  орнатылатын программалар.

Программалау жүйелерінің  пайдаланушыларын  программалаушылар деп атайды. Программалау тілдері  өте көп.Мысалы Паскаль,Бейсик, Си, Фортран,Кобол,Пролог т.б Осы  тілдердің көмегімен  программалаушылар  программалар жазып  және арнайы  жүйелердің  көмегімен олардың  реттеп  тексереді  және  оларды  пайдалануға  болатын түрге келтіреді. Пайдаланушының    тәжірибелігіне  оның   дағдыларына   және  компьютермен  жұмыс   істеу   кезіндегі  нақты  жағдайға байланысты програманы іске қосу немесе құжаттарды     ашу әртүрлі тәсілмен мысалы Менің компьютерім қапшығының  терезесі арқылы Бағыттаушы програмасымен немесе Іске қосу батырмасымен орындалуы  мүмкін.

 

Бекіту   сұрақтары:

1.ОЖ –нің  негізізгі қызметтерін атаңдар

2.Интерфейс дегеніміз не?

3.Программалау  жүйесі не үшін қажет?

 

Үй тапсырмасын  беру.

 Бағалау.   Оқушыларды  жауап  бергеніне  және  сабаққа  қатысына  қарап  бағалаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика.    Сыныбы: 7 «»

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйе  ұғымы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды

игерту бағдарламаларды

іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, 

                                   тиянықтылыққа үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-

абстракциялық   дамыту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьтер, оқулық, жұмыс  дәптері,

Сабақтың өту барысы;

                         1.Оқушыларды ұйымдастыру

                         2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру

                         3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                         4.Тапсырмаларды орындау

                         5.Сабақты бекіту

                         6.Үйге тапсырма беру

  Жаңа сабақ

Операциялық жүйе ДЭЕМ –нің  программалық  құралдарының  ажырамас  бөлігі  болып саналады.Әрбір адамға ЭЕМ –нің  барлық  құрылғыларын басқару мүмкіншілігін беретін, сол  бебепті басқа  программаларды аппаратанурамен байланысты жасаудан  босататын компьютерде жұмыс  істегісі келетін әрбір адамға өте қажет операциялық жүйенің яғни системаның (ос)  алатын орны ерекше болып есептеледіҚазіргі кезде Windows – барлық  дербес  компьютерлерге арналып  кең  тараған  операциялық  жүйе   Windows –тің кеңінен  таралуына себеп, оның  қолайлылығы, түсініктілігі, графикалық интерфейсі, бірнеше программалармен қатар  жұмыс  жасау  мүмкіндігі және жаңа  жабдықтардың автоматты  түрде  бапталуы  сияқты ерекше  қасиеттерін  атауы  болады.

 Windows бірнеше операциялық жүйелерді  біріктіреді, олар  бір –біріне  ұқсас  болғанмен  әр  түрлі  мүмкіндіктері бар және  әр  түрлі  мақсаттарға арналған.2010 жылдың  мамыр айында операциялық  жүйелер  аренасында жаңа  Windows 7 операциялық жүйексі  пайда болды.Кез келген сымсыз  желіге  қосу  мүмкіндігі үй желісінде  компьютерде  телехабар қарау  және  оны  жазып  алу,  файлдармен, фотосуреттермен және  музикамен оңай алмасу сонымен қатар  ойындар мен мультимедиа  файлдарындағы неғұрлым шынай және  тиімді  графика және т.б.

Жұмыс  істеудің  бастамасы.

Компьютердің  жүйелік  блогының  алдыңғы бетінде орналасқан Power  деп  аталатын қосу/ өшіру  батырмасын басып, оны  іске қосыңдар.Операциялық жүйе (ОЖ)  жүктеледі де, экранда Windows жүйесі жүктелуін  білдіретін  қыстырма  бет  пайда  болады.Экранда бір-бірі ауыстыратын  бірнеше қыстырма  бет пайда болуы  мүмкін.

Windows объектілері

Windows – графикалық  операциялық жүйе оның  негізгі объектілерге  терезе  мен белгішелер  түрінде бейнеленеді Windows –дің объектілерін әр  түрлі  құрылғылармен  басқаруға  болады, оның ең негізгісі- тышқан Тышқанның  құрлымы мен жұмыс істеу  принциптері  жоғарыда қарастырылды.

Тышқанның  көмегімен Windows –дің объектілерімен  төмендегі әрекеттерді  орындауға  болады: белгілеу, жылжыту, қосу, созу, ашу, жабу.Тышқанның сол жақ  батырмасын – негізгі, ал оң жақ  батырмасын көмекші батырма  дейді.

Пуск

Батырмасы            Белгішелер               Жұмыс  үстелі                 Тапсырмалар тақтасы

Жүйені жүктегеннен  кейін  жұмыс  үстелі.

 

Жүмыс үстеліWindows – тің объектілері  мен  басқару  элементтері орналасқан,Объект- олармен Windows жұмыс  істейтіндердің  барлығы.Мысалы  файл объектісінің  қасиеттеріне оның  атауы типі және  өлшемі құрылған  мерзімі  жаталыы.Белгішелердің тағы  бір түрі- бұл таңбашалар.Егер белгішелер өзі  объект болса, онда таңбашалар оның  бейнесін көрсетеді.Қапшық  (бума)-бұл  объектілер қоймасы.Қапшықтардыңішінде  тек файлдар, белгішелер, таңбашалар ғана емес, басқа қапшықтар да  болуы мүмкін.Қапшықтар ашық немесе жабық  болады.Жабық қапшық белгіше  түрінде, ал ашық қапшық терезе  түрінде  көрінеді.

Бекіту   сұрақтары: Сабағымды сұрақ жауаптар арқылы бекітемін

Үй тапсырмасын  беру. Операциялық жүйе  ұғымы

Бағалау.Оқушыларды  жауап  бергеніне  және  сабаққа  қатысына  қарап 

бағалаймын

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пәні: Информатика          Сыныбы: 7 «А » «Ә» «Б» «В»            Күні:

 

Сабақтың тақырыбы: Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері. Файылдар, бумалар және белгішелер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту бағдарламаларды 

                                    іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-абстракциялық   дамыту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс  дәптері,

Сабақтың өту барысы;

                         1.Оқушыларды ұйымдастыру

                         2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру

                         3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                         4.Тапсырмаларды орындау

                         5.Сабақты бекіту

                         6.Үйге тапсырма беру

Жұмыс үстелінің  терезесінде объектілерден  басқа  басқару  элементтері де болады.Оларға «Іске  қосу» (Пуск)  батырмасы, бас меню меню жолдарындағы  меню мен  командалар жатад.Команда деп осы команданың  белгішесіне  тышқан құсқағын апарып  шерткенде  орындалатын  әрекетті  айтамыз.

 

командалар

«Іске қосу»       Бас

батырмасы      меню         қапшықтар     Бағыныңқы  меню

 

Бас меню  WINDOWS XP   - де жұмысты осыдан бастау  керек.

Тышқанның негізгі батырмасына  оның әдетте сол жақ батырмасы алынады, ол сендердің оң қолдарыңның  сұқ саусағының  астында  болады.Ал қосымша  батырмаға  тышқанның оң  жақ  батырмасы жатады. Тышқанды шерту деп оның  нұсқағышын  қажетті  объектіге  орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасының  бір рет басуды және жіберуді айтады.Тышқанның оң жақ батырмасын басу  қажет болса, ол әрқашан айтылып отырады.Тышқанды екі рет  шерту деп- тышқанның  нұсқағышын керек объектіге орналастырып, оның сол жақ  батырмасын жылдам екі рет  басу және жіберуді айтады.

Созу әрекетті апаруға ұқсайды, бірақ мұнда ештеңе  орнынан  қозғалмайды , тек қана созылады.Егер меңзерді  терезенің  жақтауына  немесе  бұрышына, қойса, онда ол  қос бағдаршаға  айналады, сондан кейін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып  тышқанды оңға немесе  солға  қозғаса , терезе өлшемі өзгеред.

Тапсырмалар  тақтасы

Экранның  төменгі жағында жіңішке сүр жолақ бар  оны  тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп атайды

Мерзімі (датасы) активтелген Тапсырмалар тақтасы.

Тапсырмалар тақтасын  жылжытуға  болады.Ол үшін  тышқанның  нұсқағышын  тапсырмалар  тақтасының  бос  орнына  орналастырып оның сол жақ батырмасын шертіп және оны  жібермей  басып отырып, тапсырмалар тақтасының контурын қажетті орынға (жоғары, төмен,оңға солға) апарған соң  тышқан батырмасын  жіберу керек. Тапсырмалар тақтасының  оң жақ бұрышында  сағат орналасқан.Сағатты түзету  үшін, оны белгішесінде  тышқанның  сол жақ батырмасын екі рет шерту жеткілікті.

Дата мен уақыт  терезесі

Қолданбалар мен  қапшықтардың ашық терезелері

   Сағат

 

                       Активті емес        Активті                                                                           

                      Қолданбалар           қолданба

                      Батырмалары          батырмасы              Ашылған терезелері бар Жұмыс  үстелі

 

Бекіту   сұрақтары: Сабағымды сұрақ жауаптар арқылы бекітемін

Үй тапсырмасын  беру. Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және обьектілері

Бағалау.Оқушыларды  жауап  бергеніне  және  сабаққа  қатысына  қарап  бағалаймын

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Информатика:    Сыныбы: 6 «Б,В»                Күні:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игерту бағдарламаларды   іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен таныстыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянықтылыққа үйрету. Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін ,логикалық-абстракциялық   дамыту.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:компьтер, оқулық, жұмыс  дәптері,

Сабақтың өту барысы;

                         1.Оқушыларды ұйымдастыру

                         2.Үйге берілген тапсырманы түсіндіру

                         3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

                         4.Тапсырмаларды орындау

                         5.Сабақты бекіту

                         6.Үйге тапсырма беру

Тапсырмалар

1.Перне тақтасында  мыналарды теру керек: А В С Д Е Ж Е  , < = >abcdejz  , . : ; “ ” DERKLF /  & % $ !

2.Пернелермен фамилияңыз бет аты – жөніңізді, дүниеге келген кезіңізді және  тұратын мекен  жайыңызды (адрес) теріңіз.

3.Мына мәтінді теріп шығыңыз:

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары: процессор, жад (жедел және сыртқы) шеткері  құрылғылары . % *  ( ) - + 4 ! , 5

 

4.Мына мәтінді теріңіз:

Del  пернесі  курсор  үстіндегі таңбаны  өшіреді, ал BackSpace – курсор алдындағы (сол жағындағы) символды өшіреді, екеуі де  курсорды таңба  өшірілген соң солға бір орынға жылжытады  @  ( $  # & )

 

5Мына мәтінді теріңіз:

 ENTER   пернесі жолды теруді  аяқтап, курсорды  келесі жолдың басына көшіреді, ол пернелікте , немесе ET немесе ENTER, немесе RETURN  болып белгіленуі мүмкін. Home, End, Page Up 6 Page Down  6 5 4 : “ / ^ &

 

Сабақты бекіту.

Үйге  тапсырма, Бағалау.

 

 

 

Тапсырмалар

1.Перне тақтасында  мыналарды теру керек: А В С Д Е Ж Е  , < = > a b c  d e  j z  , . : ; “ ” D E R K L F /  & % $ !

2.Пернелермен фамилияңыз бет аты – жөніңізді, дүниеге келген кезіңізді және  тұратын мекен  жайыңызды (адрес) теріңіз.

3.Мына мәтінді теріп шығыңыз:

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары: процессор, жад (жедел және сыртқы) шеткері  құрылғылары . % *  ( ) - + 4 ! , 5

4. Мына мәтінді теріңіз:

Del  пернесі  курсор  үстіндегі таңбаны  өшіреді, ал BackSpace – курсор алдындағы (сол жағындағы) символды өшіреді, екеуі де  курсорды таңба  өшірілген соң солға бір орынға жылжытады  @  ( $  # & )

5 Мына мәтінді теріңіз:

 ENTER   пернесі жолды теруді  аяқтап, курсорды  келесі жолдың басына көшіреді, ол пернелікте , немесе ET немесе ENTER, немесе RETURN  болып белгіленуі мүмкін. Home, End, Page Up 6 Page Down  6 5 4 : “ / ^ &

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ": Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат,программа интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Пән аты: Информатика                     Сыныбы: 6 «А» «Ә» «Б «В»                        Күні  24.12.14 ж
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік процессорлар арқылы жалпы мағлұмат,программа 
интерфейсі. Құжаттарды құру және сақтау. Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері. Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Word мәтіндік процессорымен және мәтіндік
құжатжасаудың негізгі әрекеттерімен таныстыру. Құжаттарды жасауды 
және сақтауды үйрету;
Көрнекі құралдар: Компьютер (MS Word прогаммасы), тапсырма жазылған бетшелер. 
Сабақтың жүрісі: 
I. Ұйымдастыру: оқушылардың сабаққа қатысын және дайындығын қадағалау.
II. Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Модель дегеніміз не?
2. Статистикалық модель
3. Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
4. Модельдеудің неше кезеңі бар?
Диктант
Модель дегеніміз – ... ... , процесті немесе құбылысты ықщам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Қолданылу аймағына қарай модельдеу келесі түрде жіктеледі.
... ... - көрнекті оқу құралы, әр түрлі машықтандыруды, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін.
Тәжірибелік модель – жобалау объектісінің ... немесе өте майда объектілер үшін олардың ... көшірмесі болып табылады. Бұл модельдер – объектіні ... , қасиеттерін ... , зерттеу мақсатында қолданылады.
... ... ... – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады. 
Ойын моделдеріне - ... , ... , ... ойындар жатады.
... модель – шын мәніндегі нақты объектін өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады.
Модельді уақыт факторына байланысты ... және ... деп екі топқа жіктеуге болады.
... модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. 
... модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін ... көрсету мүмкіндігін береді. 
III. Жаңа сабақ.
MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа. 
MS Word іс жүзінде қазіргі мәтіндік процессорлардың барлық қажетті сапаларына ие:
§ құжаттарды құру және теру;
§ қаріптер жиынын пайдалану арқылы оларды форматтау;
§ кестелер, графиктер, математикалық формулаларды пайдалану;
§ емле ережесін тексеру және сөздерді автоматты тасымалдау;
§ іскер хаттарды, келісім-шарттарды, есеп беру формаларын және т.б дайындауға Шеберді (Мастер) және Шаблонды пайдалану
Сонымен қатар мәтіндік процессордың кемшіліктері де бар:
§ математикалық формулаларды енгізу күрделі;
§ растрлық графикаларға арналмаған.
Мәтіндік процессорларды бірнеше әдіспен іске қосуға болады:
1. Негізгі менюден Жіберу → Бағдарламалар→ Microsoft Office → MS Word командаларын орындау арқылы;
2. Жұмыс үстеліндегі таңбашасынан;
3. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен.
Мәтіндік процессордан шығу жолдары мынадай:
1. Файл → Шығу командаларын таңдау арқылы;
2. Alt + F4 батырмаларын қатар басу арқылы;
3. Word программасының атаулар жолының оң жақтағы жоғарғы жабу батырмасын басу арқылы.
Word терезесін жабу кезінде құжатқа енгізілген өзгерістер сақталмаса, экранға диалогтық терезе шығады. Осы диалогтық терезе арқылы біз файлдағы өзгерістерді сақтай аламыз.
Мәтіндік процессорды іске қосқан кезде экранда 1-суреттегідей терезе пайда болады.
Word терезесінің негізгі элементтері Office қосымшалары үшін ортақ болып табылады. Мұның жоғарғы бөлігінде негізгі меню орналасқан. Онда: Файл, Түзету, Түр, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама орналасқан.Жалпы терезе мынадай бөліктерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, «Стандартты» құрал-саймандар тақтасы, «Форматтау» құрал-саймандар тақтасы, сызғыш, жұмыс алаңы, бейнелеу режимін таңдау батырмаларынан, қалып-күй жолынан.
1-сурет
Жаңа құжатты құру.
Жаңа құжатты құру үшін Файл менюінен Құру (Создать) командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы белгісін басу арқылы ашамыз. MS Word құжаттары шаблондарының кеңейтілуі doc және таңбасымен белгіленеді. 
Құжатты ашу. 
Бар құжатты ашу үшін Файл менюінде Ашу командасын таңдау немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын шертуміз қажет, сонан кейін Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінен қажетті құжаты бар диск таңдалады.
Құжатты сақтау.
Құжатты сақтау үшін Файл менюінен Сақтау командасын таңдаймыз немесе «Стандартты» құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын шертеміз.
Құжатты бірінші рет сақтағанда Файл менюінен Қалай сақтау... командасын таңдаймыз, сонда мынадай Құжатты сақтау диалогтық терезесі пайда болады. 
Мұндағы Бума өрісінде дискіні, ал төмен орналасқан өрістен құжат сақталатын буманы, ал Файл типі (Тип файла) өрісінде құжат сақталатын форматты таңдаумызға болады. Ал Файл аты өрісінде файлдың атын жазамыз содан кейін барып қана Сақтау батырмасын басамыз.
Қайталап сақтау кезінде Құжатты сақтау диалогтік терезесі шықпайды. Құжат автоматты түрде сол файлда қайта сақталады.
Пішімдеу деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттерді айтады. Мәтінді енгізу кезінде символдарды пішімдеу режимдерін бірден беруге болады немесе бұл режимдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады. Пішімдеудің негізгі режимдеріне тоқталайық:
1. Символдарды пішімдеу. Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі пішімдеу панелінің батырмаларын пайдалану болып табылады. 
- “жартылай қарайтылған” (белгіленген мәтін жартылай қарайтылған символдармен рәсімделеді).
- “курсив” (белгіленгенді курсивпен безендіреді).
- “асты сызылған” (белгіленгеннің астын тұтас сызықпен сызады).
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат – Шрифт командасын орындау керек. Экранда одан қажетті праметрлерді таңдауға болатын Шрифт диалогтік терезесі пайда болады:
2. Абзацтық шегіністер. Әрбір абзац қызыл жолдан басталатын болады. Ол үшін Формат – Абзац командасын орындау керек. Сонда Отступы и интервалы активтендірілген қосымшасы бар Абзац диалогтік терезесі пайда болады. Сол терезедегі Первая строка жақтауын шерткенде нет, отступ, выступ деген тізім ашылады. Отступ тізімін шертіңдер де, на жақтауында арақашықтықты көрсетіп, ОК батырмасын шерту керек.
3. Туралау. Мәтінді оң жақ және сол жақ шекарасы бойынша, ортасы және беттің ені бойынша туралау үшін Аспаптар панеліндегі келесі батырмаларды қолданамыз:
- “по левому краю” (абзацты сол жақ шеті бойынша туралайды);
- “по центру” (абзацты бет шеттерінің ортасы бойынша туралайды);
- “по правому краю” (абзацты оң жақ шеті бойынша туралайды);
- “выравнять по ширине” (абзацты беттің оң және сол жақ шеті бойынша туралайды);
Немесе Формат – Абзац командасын орындау керек, Сонда Отступы и интервалы активтендірілген қосымшасы бар Абзац диалогтік терезесі пайда болады. Сол терезедегі выравнивание жақтауын шерткенде по левому краю, по центру, по правому краю, по ширине тізімі ашылады. Пішімдеудің қажетті түрін таңдап, ОК батырмасын шерту керек.
4. Жоларалық интервал – абзацтағы жолдардың арақашықтығы. Жолдардың арақашықтығын өзгерту үшін Формат – Абзац командасын орындау керек, Сонда Отступы и интервалы активтендірілген қосымшасы бар Абзац диалогтік терезесі пайда болады. Сол терезедегі межстрочный жақтауын шерткенде ординарный, двойной, полутарный, точно, множитель тізімі ашылады. Жодардың арақашықтығын өзгертуге қажетті түрін таңдап, ОК батырмасын шерту керек.
1- Тапсырма «Бетшедегі тапсырмалар»
1. Оқу білім туралы 3 мақал- мәтел жазып, мақал мәтелдерді абзацты оң жақ шеті бойынша туралап, мәтіннің түрін Times New Roman , өлшемін 14 шрифт, пішінін курсивпен безендіреді.
2. Абай Құнанбаевтың қыс өлеңінің бір шумағын абзацты ортасы бойынша туралап, мәтіннің түрін Times New Roman , өлшемін 14 шрифт, пішінін жартылай қарайтылған түрде безендіріңдер 
Сабақты бекіту: Оқушылар сабақты қорытындылау мақсатында бірнеше тест сұрақтарын ADSoft Tester бағдарламасы арқылы орындайды.
Оқушыларды бағалау: Тапсырманы орындаған оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 1. Microsoft word бағдарламасына 5 сұрақтан тұратын тест құру.
2. Microsoft word бағдарламасын оқып келу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 830 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2015 689
    • DOCX 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маркабаева Гулжамила Рзабеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69497
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 70 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Эволюция классической музыки до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе