Инфоурок Начальные классы Научные работыНаучная работа «Асық ойынының бала тәрбиесіне әсері»

Научная работа «Асық ойынының бала тәрбиесіне әсері»

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ «ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙІ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Секциясы:Психология, денсалық

Жоба тақырыбы: «Асық ойынының бала тәрбиесіне әсері»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Жұмысты орындаған:

 3-«А» сынып оқушысы

                                                                      Қадылбек Бекмырза

                                                                                   Жетекшісі:

Дырымбаева Гульнар Қадылбекқызы

                         Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы 2020 жыл

 

 

 

МАЗМҮНЫ

КІРІСПЕ………………………………………………………..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ  

Асық ойынының ерекшілігі мен пайдасы..........................................5

1.            Сақа таңдаудың өзі – өнер..............................................................10

2.            Асық ойнау негіздері, ойнау ережелері, түрлері.......................11

3.            Асық түрлері...............................................…………………….14

ҚОРЫТЫНДЫ......………………………………......... ...........25

ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінің 4-«А» сынып оқушысы Қадылбек Бекмырзаның «Асық ойынының бала тәрбиесіне әсері» атты ғылыми

жобасына

АННОТАЦИЯ

Зерттеу мақсаты:

1.Асық ойыны арқылы баланың мергендігін, шапшандығын, ептілігін, қырағылығын жетілдіретін және көздің көру қабілетін арттыруға пайдасы зор екенін насихаттау.

2. Асық ойынының түрін зерттеу.

Зерттеу өзектілігі: Кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет-кафе сынды зиянды ойьшдарына әуес болып барады. Ал асық ойынының осылардан артықшылығы, айырмашылығы өте көп екенін дәлелдеп насихаттау.

Қазіргі кезде балалар асық ойынын ұмытып барады,Сондықтан мен асық ойынының пайдасы көп екенін дәлелдегім келеді.

Халқымыздың осы асыл мұрасын атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық құндылықтарды кейінгі буын өкілдеріне насихаттау.

Зерттеу болжамы:Балалардың асық ойынына қьізьіғушылықтары артьш, мектептерде жарыстар өткізілсе. Сондықтан да асық сияқты ұлттық ойынымызды сақтап, оның әрі қарай ұрпақтан-ұрпаққа таралуы үшін қазірден бастап оған ата-бабамыздан қалған ұлттық өнер ретінде қарап, оның кеңінен насихмталуына, дамуына жағдай жасалу керек. Біз өзіміз асық ойынының қазақ халқына тиесілі екенін дэлелдеп, мектептерде жарыстар өткізіп, насихаттауымыз керек.

Зерттеу әдістері:

1. зерттеу бойынша әдебиеттер мен оқулықтарға зерттеу жүргізу, салыстыру, талдау  жасау, эксперимент жүргізу.

Зерттеу кезеңдері:

I.   кезең-дайындық: ғылыми жобаның тақырыбын анықгау, мақсатын, зерттеу болжамын құру, зерттеу және талдау үшін материалдар іріктеу.

II.     кезең- теориялық: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді оку және талдау жасау, бақылау жүргізу.

III  кезең-қорытынды: алған нәтижелерді сипаттап жазу, қажетті
нұсқауларды дайындау..

I. Кіріспе бөлім

Бірде ауылда балалардың асық ойнап жатқанын көрдім. Көрдім де, қызықтым. Олардың ойнап жатқандарына қарап тұрып қандай қызық ойын деп ойладым. Ол ойынның шартын түсініп олармен ойнай бастадым. Асық ойыны өте қызық ойын. Содан бастап асық жинау «менің хоббиім» болып кетті. Жерде бір асық жатса, дереу ештеңеге қарамай аламын да, үйдегі асықтарға қосып қоямын. Жинаудан жалықпаймын. Ауылға барғанда атам ман апамда маған асықтар жинап қояды. Менің қазіргі уақытта жинаған 100 ге тарта асығым бар. Мен асық ойынының қандай түрлері бар жэне қандай пайдасы барын білгім келіп, соны зерттегім келді. Асық - қазақ балаларының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Ауылдан щыққан қазақ балалары асыққа құмартып ойнаған. Өкінішке қарай, бұл күнде асық ойнайтын бала азайып, қалалы жердегі балалар мұндай ұлттық ойын бар екенін де ұмытып барады.

Ал негізіңде асық ойыны халқымыздың тұрмыс-салтының ажырамас бөлігі, ұрпақ тәрбиесінің бір құралы іспетті емес пе еді?! Асықтың қазақ халқының өмірінде өзіндік орыны болғанына мына мысалдар да бұлтартпас дәлел бола алады деп ойлаймыз. Бірінші мысал. Халқымызда «асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойынында кімнің сақасы алшысынан түссе, сол бірінші атады немесе басымдыққа ие болады. Яғни, асықтың алшы тұруы оның иесіне (балаға) сәттілік жолдас болып түрғанын білдіреді. Сондықтан, аталарымыз белгілі бір оқиғаға, болмаса жағдайға байланысты мерейлі болғанын қалайтын адамына осындай тілек айтқан. Бұл сөз қандай да бір даулы мәселеде, айтыс-тартыста, бәс тігілген сәттерде мерейі үстем шыққан немесе бастаған ісі игі жалғасын тапқан азаматтарға қарата: «асығы алшысынан түсті» деп те қолданылады.

Екінші мысал. «Қой асығы демегін, қолыңа жақса, құлжа (сақа) ғой». Бұл нақыл да қазақтың болашағынан үмітті балаға қаратып айтылатын сөзі. Бала деп жасытпай, сеніммен қарасаң, тэжірибеңмен бөлісіп, тәліміңді берсең, ол да ертең елдің жүгін арқалар азаматың деген мағынадағы үмітті меңзейді.

Обьективті болу үшін асыққа қарсы мысалды да келтіргенді жөн көріп отырмын. Қазақта «асық ойнаған -азар| доп ойнаған -тозар, бәрінен де оқу оқып, білім алған озар» (ертеректегі нұсқасында «қой бағып, құйрық-бауыр жеген озар») деген нақыл да бар. Оның балаларды білімге шақырған насихат тұрғысынан айтылғаны мэлім. Баланың асық ойынына құмартып, оқу-білімді естен шығармасы үшін айтылғандықтан, бұл сөздің де жаны бар. Бірақ біздің қоғамның қазіргі даму деңгейінде бұлай қауіптенуге ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын (қайта қазіргі қоғам балаларымызды компьютер ойындарына деген құмарлық дертінен қалай қорғау мәселесіне шындап бас қатыруы керек секілді).

Асық ойыны өзінің түрлеріне қарай баланың мергендігін, шапшандығын, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтындықтан, қатарынан озсам деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу аяқ-қолдың буын ауруларының алдын алады! Негізінен бұл ойындарды жастармен бірге ересектер де ойнаса, күш-қуаты арта түсер еді.. [1,19-25]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Негізгі бөлім

1. Асық ойынының ерекшелігі мен пайдасы.

Асық ойыны әу баста ежелгі түріктердің арасында кеңінен таралған. Сондай-ақ, асықты «астралаг» деп ежелгі Грецияда, ал «талус» деген атпен ежелгі Римде салт-дэстүріне нақышталған ойын ретінде санап әрі насихаттаған. Алайда, асық пен қазақтың үлттық ойыны деп санағанмен, мүны Орта Азияның халықтары, оның ішінде өзбек, қырғыз, тәжік т.б үлттар да әлі күнге дейін ойнап келеді. Оны біздің үлттық ойындармен салыстырсаңыз, аса ерекшелік байқалмайды. Ережесі, ойнау тэртібі бір болғанмен, әр халықтың табиғи болмысына жақын кейбір ерекшелігі анадайдан сезіліп тұрады ғой.

Бұл үшін асық ойынын мектеп ішінде үлттық спорт түрі ретінде насихаттауға (Білім және ғылым министрлігінен, білім департаменттерінен) рүқсат етілсе. Осыдан кейін бастапқыда бір-екі мектепте дене тәрбиесімен айналысатын мұғалімдерге асық ойынына бірнеше түрінің ережесі мен өткізу тәртібі жазылған арнайы нұсқаулық кітапшалар таратып, семинар-тренинг өткізу керек. Сосын дене тәрбиесі сабағында балаларға асық ойынының ережелері үйретіліп, тоқсандық бағдарламаның 1-2 сағатын асық ойынына арнау қажет деп ойлаймын. Балалар ережені үйреніп, асық атудың әдіс-тәсілдерін меңгерген кезде Наурыз және ҚР Қарулы күштері мерекесі, сондай-ақ «Жігіт сүлтаны» секілді мектепішілік шаралардың бағдарламасына енгізілуі тиіс. Бұл оның қан қыздыратын жарыс түрі ретінде мектеп ішінде кеңінен танылуына септігін тигізеді. Келесі қадам - асық ойындары бойынша мектепішілік жарыстар өткізіліп, қорытындысы шығарылса деп ойлаймын. Сонымен, бильярдты былай қойып, еуропа жұрттары мұз үстімен сырғаната лақтырған кеспек тасының алдын үйкелеп, нысанасына жеткенше ақ тер-көк тер болатын кёрлингі мен 20-30 қадам жерден домалатып жіберген добын ойлы -қырлы жазықпен діттеген жеріне дәл жеткізуді көздейтін, біздер үшін түсініксіз спорт түрлеріие тұтастай бір стадиондарды толтырып, тікелей эфирден таратып жатқанын көргенде, біздің асық оған қарағанда әлдеқайда қызықты ойын екен деген байламым беки түседі. Тек тиісінше көңіл бөліп, үлттық ойынымыздың осы бір түрін ауыл баласының ғана еншісіне қалдырмай, республикалық

дәрежедегі қызықты спорттың түріне айналдыру ісіне көп болып атсалысу керек. Бұл үшін асықты ұлттық ойынның түрі ретінде бір жүйеге келтіріп, ережелерін бекіту арқылы мектепішілік спорт ойындарының қатарында насихаттауды ұсынам. Өйткені аеық - қимыл-қозғалыстың ойыны. Ендеше оны салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында да насихаттауға болады. Бір байқағаным, бүгіндегі балалар ата-анасынан оқу-кұралға емес, осы компьютер ойындарына ақша сүрап жатады. Мұның соңы неге әкелетіні белгілі ғой. Сосын ол баланың тәбеті бірте-бірте құмар ойындарына да шабуы ғажеп емес. [2,38-42]

Бұл жерде асық ойыны мектепішілік ауқымды спорттық шараға айналғанда, патриоттық тәрбие де оның ажырамас бөлігіне айналады. Мұндай іс-шараның міндетті түрде жүргізушісі (оқушылардың өз ішінен сөзге жүйрік бір-екеуі немесе қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) болады. Патриоттық насихаттың негізгі салмағы да осы жүргізушілерге түседі. Жүргізушілер ойын бағдарламасын халқымыздың салт-дәстүрімен байланыстырып, жарыстың көрігін түрлі мақал-мәтелдермен, шешендік сөздермен өрнектей отырып қыздыруы тиіс. Қандай мектеп болмасын, осындай іс-шараға икемді оқушылар міндетті түрде табылады. Егер оны мектептерде спорттық ойынның бір түрі ретінде ұйымдастырып, дамыта алсақ, балаларға патриоттық тәрбие беріп, ойынға қатысқан өзге ұлт балаларының құлағына қазақ тілін де шым-шымдап сіңіре беруге болады.  «Қазақстан» үлттық телеарнасында балаларға арналған «Алтын сақа» бағдарламасының өзі үлттық ойындарды қайта жаңғыртуға үлкен септігін тигізіп жүрді. Демек, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан үлттық құндылықтарды кейінгі буын өкілдеріне насихаттауда осындай хабарларға зәру болып отырғандығымызды жасыра алмаймыз. Елімізде асықтан жарыс өткізуге неге болмасқа? Міне, осындай жарысты мектеп балалары арасында да ұйымдастырып, оны ары қарай дамыта берсек біраз жерге барар ма едік, кім білсін. Тек бір қалада ғана емес, республикамыздың түкпір-түкпірінен асықты ойнай білетін ойыншыларды жинап, үлкен қалааралық, облысаралық жарыстар ұйымдастырса, қуанар едім. Асық ойынын ауыл баласының еншісінде ғана қалдырмай, ұлттық спорт түріне көтерсек деген ұсынысым бар. Кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет-кафе сынды зиян ойындарына әуес болып барады. Ал асық ойынының осылардан артықшылығы, айырмашылығы өте көп. Кез келген ойын автоматына бас сұқсаң көбіне-көп қазақтың баласын кездестіресіщ, Біріншіден, бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп. Екіншіден, баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері белгілі бір жүйеде шектеліп қалады.

 

  Асық арқылы болашақты болжаған.

Асықтың астарында бір қасиетті күштің бар екені білінеді Асықтың тұла бойы құдіретті күшке тұнып тұр ғой. Сол себептен ертеде бақсы-балгерлер асық арқылы болашақты долбарлап, алдын-ала болжам да жасаған екен. Біз асықтың серісін - «Алтын сақа» дейтін болсақ, түріктер де осылай қастерлейді. Олар асыққа тек ойын ретінде ғана қарамай, жолының ашық болып, ілгері даму алдындағы жетістіктің нышаны іспеттес санап, құрмет тұтқан. Тарихи деректерден де асық арқылы талай дау-дамайдың шешіліп, соңьша нүкте қойылғанын да білеміз...

Мұндай оқиғалар көбінесе халық ертегілерінде жиі үшырасады. Мәселен, ертедегі көшпенділердің өзі асық арқылы жаугершілік заманда кімнің жеңіп немесе кімнің жеңілетіні туралы біліп отырған (С. Аманжолов. «Қазақ фольклоры».1927 жыл). Сондай-ақ, сол тұста үйсін мен найман руының жерге байланысты дауы да осы асықтың күшімен шешіліпті.

Күндердің күнінде найман руының жігіті Саржан би өзіне қарсылас адамның даулы мэселесін шешуге қолүтттын берген атақты Бүхар жыраумен аман-саулық сүрасуға келеді екен. Сонда менсінбей, бала санаған Бұқар жырауға ол былай депті. «Сіздің атаңыз Қаржас кезінінде асықтан жеңген атақты қүл болды. Бірақ үйсін тайпасы өзінің үрпақтарына мүрасын бөліп жатқанда ең кішісіне түк те қалдырмаған деседі. Енді бір шешімін табу керек деп дал болған әкесі балаларынан асықты иіруін өтініпті. Содан кейін бүл байлықтың иесі түгі жоқ Бұхар жыраудың атасы болған екен». Мұны жас жігіттен естіген Бұхар жырау өзінің жеңілгенін мойындапты деген де әңгіме бекер айтылмайды. Ал ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы үзілмей жалғасып келе жатқан асық ойыны - күш-жігерді жетілдіріп, дәлдікке, мергендікке үйретеді. Оның үстіне бұл ойындарды кез келген жерде, қалаған уақытыңда ақша төлемей-ақ ойнай бересің.

Әу баста қазіргідей қаптап кеткен казино секілді құмар ойындары аз кезде қүмарпаздар Алматыда асықтан чемпионат өткізген екен. Өзім де уақыт өте келе асық ойынының денсаулыққа пайдалы екеніне көзім жетті. Бір шетінен адам денесі қимыл-қозғалыс арқылы шынығып, шымыр болады. Екіншіден, жантазалығының сүлу болуына, адам баласына деген пэктіктің жоғары түруына экелетін сияқты. Сондықтан да, асық тек тазалықтьщ ойыны дер едім. Асық ойыны - балалардың ежелгі үлттық спорттық ойыны. Оны ойнау үшін балалар тақыр алаңға көлденеңінен түзу сызық сызады да, соны байлай тігілген кенейді кезектесіп сақамен ату арқылы мергендік сынасады. Кенейді кім коп атып салса, сол ұтады. Ең бастысы -«Сақаң» жақсы болса болды, сонда ұту мүмкіншілігің де арта түседі. Ол үшін қорғасынды молырақ құю керек. Асықтар әр түрлі болып боялады. Түсіне, көлеміне қарай әрқалай бағаланып отырады. Ал ең жеңіл кішкентай асықтарды боямаса да болады. Бұл асық ойындарының көздің көру   қабілетін   және   қолдың  ептілігін   арттыруға   пайдасы   зор.

 Бүгінде көп нәрсе өзгеріп, спортпен айналысу барлық жерде ақылы болып кетті. Бұған кейбір ата-ананың шамасы жетсе, бәзбіреулерінің мүмкіндігі шектеулі. Есесіне, жастар мен жасөспірімдер көшеде қаңғырып, бүзақылық не нашақорлықпен айналысып, саналарын улап жүр.

Асық ойыны халқымыздың тұрмыс-салты мен мәдениетінің ажырамас бөлігі, ұрпақ тәрбиесінің бір құралы іспетті болған еді. шапшаңдығын, ептілігін және қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қыльш сіңіреді. Мұның сыртында асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымьш жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Асық ойындары - балаларға керек ойындар. Құр босқа компьютер алдында телміріп, көзін, миын ауыртып, жүйкесін шаршатқанша, бір мезет асық ойындарьщ ойнауды үрдіске айналдырған дүрыс.

 

 2. Сақа таңдаудың өзі - өнер

Асық ойындарының кейбір түрлерінде сақа таңдап алу керек болады. Үйде ойналатын асық ойыны түрлерінде асыктың эдемісін сақа қылып алуға болады. Ал тақыр жерге шеңбер сызып, соның ортасына қаз-қатар тігілген асықтарды шеңберден атып шығару мақсат больш табылатын ойьшдарда асықтың мықтысын, салмақтысын сақа қылып алу керек. Сақа таңдаудьщ өзі - өнер. Алыстан атқан кезде асыққа тиген сақа орнында қалып, асықтардың бірнешеуін шеңбердің сыртына шығарып жібереді. Асық ойнауға әбден машықтанып алған зерек балалар, қажет болса, сақаны асықпен қоса шеңбердің сыртына шығарып та жібереді, кері де қайтара алады. Тіпті қажетті траекториямен сақасын шеңбердің ортасындағы (кондағы) асықтардың жанына жеткііеді-де. Бұл тұрғыда асық ойнау өнерінің кейбір сырлары (техникасы) бильярд ойынымен ұқсас та. Содан соң сақаға қорғасын қүю деген болады. Бұл - сақаны күшейтіп, ұту мүмкіндігін арттыру үшін жасалатын қарекет. Негізі, мүмкін болса, дала тағысы арқардың асығын сақа ретінде пайдаланған дүрыс. Арқардың асығы қой-ешкінікіне қарағанда үлкендеу әрі шымыр болады. Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші, алыстан (бірнеше метр жерден) көз үшында түймедей болып бұлдыраған асыққа сақаңды дәл тигізу нағыз мергендіктің белгісі емес пе?!

Үш   табан,   Шеңберден   шығару,   Тигізбекіл   немесе   көтеріспек

ойындарындағы бірінші шарт - кезек анықтау. Кезекті төреші анықтайды. Тереші - ойынның эділ жүруін қадағалаушы адам.

4.Асық түрлері

Аюбай Құралұлының «Ұлттық дүниетаным» атты оку құралында асық түрлері мен атаулары былайша түзілген.

1 .Кеней, кентай - асық ойынында үлайға тігілетін асық. «Кішкентай» сөзі «кіші» және «кентай» сөздерінен шыққан.

2.Сақа - асықтың ең үлкені, ірісі.

3.Ешкімер - ешкінің асығы.

4.Қойлақ - қойдың асығы.

5.Құлжаз - құлжаның асығы.

6.Топай, сомпай - сиырдьщ асығы.

7.Шүкейт - киіктің асығы.

8.Пүш - тәйке түспесін деп алшы жағы жонылған асық. «Пұшайман болу» дёген сөз осыдан шыққан.

Оңқай - малдың оң жақ аяғының асығы.

Солақай - малдың сол жақ аяғының асығы. Алшы, тәйке (тәйкі), бүге (бүк),

шіге (шік), оңқа, шоңқа, қынжы (жантай) деген атаулары бар.

Асықтың атауы мен түрлерін бір түгендеп алдық. Ал енді қандай асық

ойындары  бар?  Ойын  ережелері  қандай?  Осы  сауалды  қазақтың

этнобаянын біледі-ау деген бірлі-жарым азаматқа қойып көріп едім, көбісі

«асық ату», «ханталапай» дегеннен ары аса алмады.

Біз пәлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты

мәселенің бәрінің майын ішкен халықпыз. Өмір салтымыз, әдет-ғұрпымыз

төрт түлік малға мейлінше байланысты; қаншама атау, ұғым-түсінік,

таным мен пайым соған қатысты; одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де

жеткілікті. Иісі қазақ баласының қой асығын көрмегені жоқ шығар, сірә.

«Ақылы асса - аға қой,

Жасы кіші демеңіз.

Қолыңа жақса - сақа қой,

Қой асығы демеңіз», - деген ғой қазақ..

 «ТӨРТ АСЫҚ». Бұл ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт-бес жасар балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім бар екенін жэне әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді. Ойынға қосылған балалардың әрқайсысы бір асықтан иіреді. Кімнің асығы алшы түседі, сол бала ойынды бастайды. Қолға алған төрт асықты ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асық төрт түрлі болып түссе, ойынға қатысып отырған балалардан бір-бір асық алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. Тағы да торт асықты жерге ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асықтың төртеуі де не алшы, не тәйке, не шік, не бүк болып түссе, соның әрқайсысында да ойынға қатъшушы балалар ойынды бастаған балаға бір-бір асықтан береді. Ал алда-жалда төрт асықтың пішімі төрт түрлі немесе әртүрлі болып түссе, онда ойынды бастаған бала 4 асықты екінші балаға береді. Ол ойынды бірінші бала секілді қайтадан бастап жүргізе береді. Осылайша ойынға қатысып отырған балалар асықтарынан ұтылып біткенде ғана ойын тоқтатылады. Ұтыс есептеледі. Ұпай саналады. Ұтқан баланың асықтары көп болса, ол қалған балаларды қатарластыра сапқа түрғызады. «Бір-біріңді қуыңдар, кім ұстатпай кетсе, сол ойынды бастайды», - дейді. Сөйтіп ойын ары қарай жалғаса береді.

«АСЫҚ АТУ». Көбіне жаз және күз айларында ойналады. Ойынға әдетте 2 бала қатысады. Кейде одан да коп бола береді. Ойынға қатысатын баланың әрқайсысында өз сақасы болуы шарт. Сақа қойдың ең ірі асығынан таңдап алынады. Кей балалар сақа ауыр болсьга деп оған шік жағынан тесік жасап қорғасын қүяды. Ауыр сақа атқанға жақсы. Әрі асықтарға тигенде соққысының күштілігінен бірнеше асықты үшырып түсіреді. Сақаның жан-жағын ептеп тегістейді. Әсіресе, т,әйке жағы көбірек тегістеледі. Сақаньщ иірген кезде жэне атқан кезде алшы түсуіне көп нэрсе байланысты. Сон-дықтан сақасын сайлап алуға ойыншы бала қатты мән береді. Сақасы алшы түскен бала ойынды бірінші болып бастау мәртебесіне ие болады. «Асық ату» немесе оны «асық атыс» ойыны деп те атай береді, ойынды бастау үшін тегіс жерге арнаулы белгі салыіщцы. Сызық сызылады. Ол шеңбер түрінде, үш түрлі сызығы болады. Бірі - өріс сызығы, бірі - табан сызығы, үшіншісі - орта сызығы. Сол жерде, яғни өріс сызығында түрып балалар асықтарын иіреді. Өріс сызығы мен табан сызығының арасында кімнің асығы алшы түседі, ойынды сол бастайды. Орта сызыққа екі баланың асықтары тізіледі. Әр баланың үйінен алып келген 3-4 асығы болады. Ойынды бастаушы бала табан сызығын сол аяғымен басып тү_рып, оң қолындағы сақасымен орта сызықтағы асықтарды атады. Соққы неғүрлым күшті болса, тізілген асықтарды алысқа ұшырады. Өріс сызығынан екі-үш асықты сыртқа пвдғарып жіберсе, бала ол асықтарды үлып алған болып есептеледі. Егер бірнеше асық өріс сызығынан асып кете алмай, ортада қалып қойса, онда бала табан сызықты сол аяғымен басып түрып, сақасымен атып шығаруға тырысады. Ойын үстінде сақасы алшы түсе қалса, бала сол аяғын сол сақа алшы түскен жерге басып, өзіне қолайлы, ең жақын жерде түрған асықты атуға қақысы бар. Ал ойынды бастаушы бала ешқандай асықты атып шығара алмаса, ойынға екінші бала араласады. Ойын ережесі бэріне бірдей, жоғарыда аталған ретте жүреді. [4, 18] Орта сызыққа тізілген асықтарды эр бала өзінің асықтарын төрт бүрышты ойын сызығынан шығарып болғаннан кейін ғана ата алады. Үтқан асықтарын санап шыққасын, кім асығынан қанша үтылса, қанша рет өлең айтуы немесе төрт бүрышты ойын сызығын сонша рет айнала жүгіруі тиіс. Қазіргі қала балалары үтысқа тиын-тебен тігіп ойнайды.

«ХАН ТАЛАПАИ». Ойынға 5-10 бала қатыса береді. Асықтың көп болғаны жақсы. Көп асықтың ішінде біреуін қызыл түске бояйды. Сол асық   «хан»   болады.   Ойынды . бастайтын   бала   санамақ   арқылы айқындалады. Ол асықтың бэрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады. Егер «хан» бүк, шік, не тэйке түссе, ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сүқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дэл тигізуі қажет. Тигізген асықтарды ол өзіне алады. «Ханды» жатысы «хандыкіндей» ең соңғы асықпен ғана атып алады. Сондықтаң асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді. Ойын бастаушы баланың қолы басқа асықтарға тисе, сондай-ақ атқан асығы басқа асыққа барып тисе, ойынды келесі бала жүргізеді. Ал «хан» аліпы түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, «ханды» өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып есептеледі. Онда ойынды сол бала қайта бастайды.

«АТПАҚЫЛ» Мүны кей жерде «көтеріспек» деп те атайды. Бүл ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақасын иіріп, екіншісі сол сақаны атады. Егер сақаға дэл тигізсе, атқан баланы екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады. Осылайша екі бала бірінің сақасын бірі атып, бір-бірін кезек-кезек көтерісіп ойнай береді. Бүл ойын балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге үйретеді.

«ҚАҚПАҚЬІЛ» Бүл ойынның шарты бы лай: 1 асықты алақанға салып алып, жоғарыға жэймен лақтырып, асық қайтып түскенше алақанды төңкеріп, асықты қолдың сыртымен қағып алу керек. Содан соң қолдың сыртындағы асықты қайта лақтырып, төмен түсіп келе жатқанда алақанды ашып қалу керек. Осылайша, уысын бір ашып, қолдың сыртын бір тосып асықты қағып алуды «қақпақыл» деп атайды. Қол қимылдарын меңгерген бала кейін мал бағып, атқа мінгенде, асау үйретіп, жылқыға құрық лақтырғанда өте епті болады. Жылдам қимылдауға, шапшаң әрекет жасауға үйренеді.

«Қақпақыл» ойынын тереңдете ойнауға да болады. Ол үшін екі бала ойнаса, бірі асықты қағып алып түрады, екіншісі соны санап тирады. Мысалы, асықты 4 рет қағып алған бала кенет асықты жерге түсіріп алды дейік. Сол кезде ойынға екінші бала кіріседі. Ол асықты 3 рет қағып алғасын түсіріп алса, ойынды бірінші бала бастайды. Өйткені оның бір асығы артық. Ол 10 асықты қос уыстап түрып аспанға қарай атып жібереді де манағы тэртіппен қолының сыртын тоса қояды. Қолының сыртында екі асық тұрып қалса, оны қайтып алақанымен қағып алуы керек. Сонда ол жерден қосымша екі асықты таңдап алуға қақылы. Ал асықтар жерге түсіп кетсе, мүндай мүмкіндіктен айрылады. Қағып алғаны бар, таңдап алғаны бар: 4 асық болды делік. Бұл асықтар бастық асық боп есептеледі. Бала бүл 4 асықты бөлек бір жерге қояды. Осы төрт асықтың біреуін оң қолымен алып жоғары секіртіп жібереді де асық төмен түскенше жердегі үш аеықты алақанға салып, уысын ашып әлгі асықты тез қағып алуы керек. Осындай ретпен ойнап, асықтарды үтып ала береді. Ұтыс асықтардың ішінен бастық асықты жолдасына береді де «осы 1 бастық асықты 10 рет жерге түсірместен қағып ал» дейді. Кейде 15 рет жерге түсірмей қағып ал деп талап қояды. Оны орындаған бала ойын бастауға қақылы. Бүл шартты орындай алмаса, ойынды бастаған бала бірінші болып жалғастыра береді.

 

Асық алшы түспей, басқа ыңғайда түссе шіге үлысқа саналмайды. Екі бала кезек-кезек иіріп отырып, ойынды жалғастыра береді. Бүл ойын балалардың есте сақтау қабілетін арттырады.

«ХАНЖАППАЙ». Бұл ойынды 2-5 бала ойнауға болады. Ойынға екі бала қатысқан жағдайда ол мына ретпен жүреді. Екі баланың эрқайсысында 5 асықтан болуы керек. Олардың бәрі негізінен бір түстегі асықтар болғаны жөн. Он бірінші асық қана қызыл түске боялған болуы керек. Оны "хан" деп атайды. Әуелгі кезекте бір бала өзінің 5 асығын уыстап алып, жерге шашады. Алшы, тәйкі түскен асықтарды бір шетке қатарлап қояды да қалған асықтарды тағы шашады. Осылайша не алшы, не тэйкі түскендерін жинай береді. Екінші бала да осылай жасайды. Екеуі қанша алшы, қанша тәйкі алғандарын санайды. Кімнің алшысы көп болса, сол ойынды қайта бастайды. Ол барльщ 11 асықты уыстап алып, жерге шашып

жерді «қақпа» деп атайды. Сол қақпадан екі асық асып түсіп 3-ші асықтың жанына тағы бір сөкелек қою керек. Оны «мэйек» деп атайды. Егер төрт бала ойнаса, олардың қолдарында екі-екіден бір түсті асық болуы керек. Яғни, бір баланың қолында 2 қызьш асық, екінші баланың қолында 2 көк асық, үшінші балада 2 сары асық, төртінші баланың қолында 2 жасыл асық болуы қажет. Осы асықтар «бэйге асықтары» деп аталады. Осы 8 асықтан басқа эр балада тағы 20-дан қорын асықтар болуы керек. Бул қорын асықтардың түстері әр бала-дағы асық түсімен сәйкес келгені дүрыс. Асықты түгендеп алған соң эр бала қақпа түбіне бір-бірден қатарластырып 4 бәйге асығын тігіп қояды. Қолдарында қалған бір-бір бэйге асықтарын төртеуі қатар иіреді. Сонда қай баланьщ шығы алшы түссе, сол бала элгі төрт түрлі бәйге асықтарын уыстап алады да, жерге жайлап шашып жібереді. Жасыл асық алшы түссе, екі бәйге асығы жасыл түсті бала қақпа түбіндегі өзінің жасыл асығын бір асық бойы алға жылжытып қояды. [6,19]

Сөйтіп, төрт түрлі-түсті бэйге асықтарын жайлап жерге шашады. Енді сары асығы бар баланың сақасы алшы түссе, ол өз асығын алға жылжытады. Осы ретпен эйтеуір бір асық мэйекке жетеді. Сол кезде ойын тоқтатылады. Кімнің кімнш қанша асық үтқаны саналады. Сосын мәйекке жасыл асық бұрын жетсе, басқа асыктар мәйектен эртүрлі қашықтықта қалып қойса, онда жасыл асықты баланың үтысы:

1. Жасыл асықты балаға сары асықты бала 1 асық, көк асықты бала 4 асық, қызыл асықты бала 9 асық беруі керек. (1 + 4+ 9 =14). 2.Сары асықты баланың үтысы: сары асықты балаға көк асықты бала 3 асық, қызыл асықты бала 8 асық беруі керек. (3+ 8 =11).

3. Көк асықты баланың ұгысы: көк асықты балаға қыЦыл асықты бала 5 асық беруі керек. (5).

Үтысқа ие болған жасыл асықты бала ойын ережесі бойынша сары асықты баланы шақырып алады да «сен бір ауыз өлең айт» деп бұйырады. Ол бала өлең білмесе, асығын ала алмайды. Өлең айтып берсе ғана асығын қайтып алады. Мү_нан соң жасыл асықтың иесі көк асықты баланы шақырып, «сен төбеңці жерге қойып, 4 рет аударылып түс» деп бұйырады. Осылайша ол қызьш асықтың иесіне «сен бір аяғыңды көтеріп т^ьш, 9 рет секір» деп әмір береді. [7-16]

Сары асықтың иесі де осылай көк асыктың иесіне «сен бір аяғьщды көтеріп, мені 3 рет айналып шық» дейді. Сосын қызыл асыктың иесін шақырып, 8 қадам дөңгелек сызады да, осыны 8 рет жүгіріп айналып шық дейді.

Көк асықтың иесі 5 қызыл асығынан үлылған баланы шақырып алып, сен басыңды мойыныңның түбінен 5 рет ііналдыр дейді. Қойылған талапты орындаған балалар ғана асығын қайтарып ала алады.

«ОТЫЗ ҰРЫ, БІР ЕСЕГПІТТ». Бұл ойын таза есепке құрылған ойын. Мұны меңгерген бала тоғызқұ-малақ ойынын ойнауға қабілетті деп танылады. 30 ұры бір кісіні ұстап алады. Олардың заттары жоғала бастайды. Сонда ұрыны табу керек болады. Есепші айтады: «Мен ұрыны тауып берейін, бірақ менің дегенім болсын, қарсыласпаңыздар», дейді. Сөйтеді де, 30 ұрының қол ұстасып, дөңгелене тұра қалуын өтінеді. Сосын өзі біреуінің қасына барып, «сенен бастап санаймын» деп оны белгілеп кетеді. «Өзім де сендермен бірге тү-райын, есептен тыс қалмайын» деп бір жерден қол үхтасқан екі адамды айырып өзі тұрады. Ал енді 31 болдық дейді сосын. Менің ортаға шығып есеп жүргізуім керек қой. Өз орныма 1 тас қояйын, деп өз орнына бір тас қояды. «Сенен бастап санаймын» деген кісіден бастап, оңнан еолға қарай 10-ға дейін санайды да, 10-шы адамды «сен ұры емессің» деп дөңгелектен шығарып алып, екі қолы мен аяғын байлап

тастайды. Бүл адам шыққан жерден оңнан солға қарай тағы санайды да 10-шы адамды шығарып, байлап отырады. Осылай келе-келе есепшінің орнына қойылған тасқа жетеді.

- Есепші тасты қай жерге қойды, - деп балаға 31 асық береді. Бала соның шешуін табуы керек. Бұл ойын баланың есеп-қисапты тез меңгеруіне жәрдемдеседі. Зеректігін күшейтеді. Адалдыққа үйреніп, ұры-қарылықтан бойын аулақ ұстайтын болады.

Қалай болғанда да қазақ зерек, епті, ойға, есегшежүйрік халық қой. Әсіресе, асықтың баланың математикалық қабілетін арттыруға келгендегі рөлі ерекше. Мәселен, асық саны арқылы есепке жүйріктікке баулитын мына жүмбақты алайық.

Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнайды. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:

-  Қанша асық ұттың? - дейді.

-  Ол:

-  Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.

-  Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асығын түгендеп түрып.

-  Ең көп асық ұтылған мен болдым, - дейді бірінші бала. Кім кімге қанша асық үлылды? (Шешуі: екінші балада 10-2 = 8 асық. Бірінші балада 10-6 = 4 асық. Үшінші балада 10 + (2 + 6) = 18).

 

 

 


III. Қорытынды

Мен асық ойынын ойнағаннан бастап тез қимылдап, дүниетанымым кеңейіп, есепке жүйріктігім арта бастады. Мектепшілік олимпиададан орындар алып, «Малахит» интеллектуалды олимпиадасынан 1орын иелендім. Осы нәтижеге жетуіме асық ойынының әсері тиді деп ойлаймын. Біз жетекшіміз екеуіміз 3 сыныптардан сауалнама жүргіздік. Асық ойынына қызығамын, асық жинаймын, мүлде қызықпаймын деген сауалнама жүргізіп, мынадай нәтиже көрдім. Яғни, балалардың 50% қызықпаймын деді. Балаларды асық ойынына қызықтыру мақсатында мектепте, сыныпта сайыстар жиі өткізіліп  отырса, оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймын.Сондықтан бұл ойындарды қайта жаңғыртса қуанар едім. Елімізде асықтан жарыс өткізуге неге болмасқа? Қазір кейбір жоғары оку орындарында асықтан жарыс өтіп түрады екен. Тек бір қалада ғана емес Республикамыздың түкпір-түкпірінен асықты ойнай білетін ойыншыларды жинап, үлкен қала аралық, облыс аралық жарыстар үйымдастырылса жақсы болар еді. Әуелі біз Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттарға үлгі болу үшін, асық жарысын өзіміздің жаңа жыл- Наурызда дүркіретіп өткізсе жақсы болар еді.. Алматыда орналасқан Қазақстан спорт мұражайының ауласында алшысынан түрған үлкен асық бар. Онда үлкен әріптермен «Асығың алшысынан түссіндеген нақыл сөз жазылған. Спорт сүйер қауымға, ұлттық ойындарды жаңғыртамын дейтін жанкүйерлерге әмэнда асықтары алшысынан түрсын демекпін.

 

 

 

 

 

 

 

 


ПАЙДАЛАНЬІЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақтың салт дэстүлері мен әдет-ғүрыптары Сейіт Кенжеханұлы «Алматы» 1994 ж [1,19-25]

2.Жеті қазына Сейіт Кенжеханұлы «Алматы» 2000 ж [2,38-42] З.Қазақтың ұлттық ойындары А.Жүнісов «Алматы» 1994 ж [3,56-

4.«Қазақ фольклоры». А.Балыбаев «Алматы» 1996 ж

 [4, 18]

5.Ұлттық энциклопедия I том [5,98-101]

6.Ақжелкен №2 2008 [6,19]

7.Балдырған №7 2006 ж [7-16]

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа «Асық ойынының бала тәрбиесіне әсері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2021 767
    • DOCX 113 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дырымбаева Гульнар Кадылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 2 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12705
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 117 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе