Инфоурок Математика Другие методич. материалыОтчет на тему В3 есебі Топтық танстырылымға қатысу туралы рефлексивтік есеп

Отчет на тему В3 есебі Топтық танстырылымға қатысу туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

 

В3 есебі

Топтық  танстырылымға қатысу  туралы  рефлексивтік  есеп.

         Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамдарды жылулық және жолдастық қарым-қатынастарға жетелейді (МАН 4-бет, Маслоу).

        «Мен» тұжырымдамасы өмiрдiң нақты кезеңдерiнде дауды шешуге және шынайы дүниенiң мәнмәтінінде шеберлікке ұмтылатын құзыреттiлiктің белсендi компоненті ретінде қабылданумен қатар, тұлғаның әлеуметтік мәнмәтіндер мен институционалдық құралдар аясындағы өткен және ағымдағы тәжірибесімен өзара қарым-қатынаста қалыптасқан әлеуметтік өнім ретінде қарастырылады (МАН, 25 бет).

        Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, мәселен, талқылау, дебат, ынтымақтастық, білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады (МАН, 30-бет).

    Александер (2004) білім берудегі әңгімелесуді – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады (МАН, 39-бет).

    Осы жоғарыда келтірілген ғалымдардың ой-пікірлері маған өз қызметіме сыни тұрғыдан қарауға негіз болды. Курс барысында мен жаңа әріптестерді тауып қана қоймай олармен пікір алмасу және ой қорғауды үйрене алдым. Біз бұл нәтижеге топтық жұмыстар және ынтымақтастық арқылы қол жеткіздік. Бұл жағдайда негізгі жұмыс жасау тәсіліміз сыни тұрғыдан ой қозғап пікір айту болды. Енді осы топтық таныстырылымдарға тоқталайын.

Алғашқы  топтық жұмыстар ұйымдастырылғанда әрбір топ мүшесі бірден белсенділік таныта қойған жоқ. Кейбір тыңдаушылардың бірінің көлеңкесінде бірі қалып жатқан тұстары да кездесіп отырды. Ал уақыт өте келе әрбір  топ мүшесі топтық жұмысқа атсалысудың маңызды екендігін ұғынып, жоғары белсенділікпен араласа бастады. Топқа бөлінудің өзі түрлі формада іске асырылып отыратын.  Мәселен, бірде математикалық амалдар аттарымен топқа біріксек, ал келесіде түстермен, апта күндерімен, жыл мезгілдерімен, төрт- түлік аттарымен т.б.  тәсілдерді пайдалана отырып, топқа біріктік. Топтық жұмыстарда топтық ережелер маңызды. Топтық жұмыстарда әркім өзіне тиесілі рөлді өз дәрежесінде атқаруымен ғана шектелмей,  сол тақырып бойынша   әрбір тыңдаушы құнды пікірін көрсетуге тырыса білді.

22 - сәуір күні апта күндері бойынша алты топқа бөліндік. Мен «Сәрсенбі» тобында болдым. Менімен бірге топта Дәрігүл, Кәмшат, Әлия, Ұлдаш, Өмірбек болды.  «Іс әрекетті зерттеу» тақырыбы бойынша Де Бононың ойлау қалпақтары әдісін пайдаланып топтарға тапсырмалар берді. Біздің тобымызға «Қызыл қалпақ» берілді, яғни  «Іс әрекетті  зерттеу» кезіндегі сезінетін эмоциялар, сезіктер және интуициялық болжамдар, барлық эмоцияларды бекіту тапсырылды. Бұл тапсырма бойынша топ болып пікірлесе отырып, әсерлерімізді жазып, топ атынан мен сөйледім.

 

23 - сәуір күні топта «Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабаққа жеті модулді ықпалдастыру» тақырыбында жеке тапсырма берілді. Бес слайд жасау тапсырылған болатын. Ол жұмыс бойынша топта жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге топтан таңдалған бес сабақ түсті. Олардың бірі менің «Бөлшекті бөлшекке бөлу» тақырыбы бойынша сабағыма жасаған таныстырылымым болатын. Мен сабағымда жеті модулді қалай ықпалдастырғаным туралы таныстырылымымды қорғадым. Келесі сабақта сол  жәрмеңкеге түскен топ мүшелері аттарымен «Сара», «Гүлфазит», «Ақбаян», «Әлия» топтары  болып бөліндік. Бұл топтарға «Әріптестермен кеңесу» тақырыбында 3 - ресурс бойынша

1.     Тапсырманы орындау кезінде Сіз не үйрендіңіз?

2.     Тапсырманы орындау кезінде Сізге қандай қиындықтар бетпе-бет келуге тура келді?

3.     Тапсырманы орындау кездескен қиындықтарды қалай еңсердіңіз?

4.     Тапсырма мен бағдарламаның жеті модулінің идеялары арасындағы байланысты қалай құрдыңыз?

5.     Сізге орындауда қиындық тудырған тапсырманы тағы да орындау қажет болса, оны қалай өзгерткен болар едіңіз?

6.     Тапсырманы орындау нәтижелерін портфолиоға қосу қажеттігі бар деп ойлайсыз ба?

7.     Сіздің  портфолиодан осы тапсырма бойынша Бағдарлама идеясын түсінгендігіңізді неден көруге болады?

сұрақтарына жауап  қамтылған 3 слайд жасауға тапсырма берілді. Таныстырылымды топ болып бірігіп, пікірлесе отырып жасап, топ атынан мен қорғап шықтым.

24-сәуір күні математикалық төрт амал аттарымен «Қосу», «Азайту», «Бөлу», «Көбейту» болып төрт топқа бөліндік. Мен «Бөлу» тобында Арайлым, Светлана, Перуза, Мереке, Әлия, Руслан әріптестеріммен бірге болдым. Топқа «Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру» тақырыбы бойынша 3–ресурс сұрақтарын қамтитын 5 слайд жасауға тапсырма берілді. Топ болып бірігіп слайд жасадық. Топ атынан Арайлым қорғады.

         25-сәуір күні «Word», «Excel», «Paint», «Access» топтарына бөліндік. Мен «Word» тобында Камшат, Арыстанбек, Дархан, Райхан, Руслан, Әлия болдық. «Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету» тақырыбында 3-ресурс бойынша 5 слайд жасадық. Топта барлығымыз бірігіп слайд жасадық. Топ атынан Камшат қорғады.

 

29-сәуір күні түстер бойынша төрт топқа бөліндік. Мен «Жасыл алма» тобында болдым. Топ мүшелері:  Перуза, Еркінбек, Дәрігүл, Нұржан, Мақпал, Камшат. «Түсіну дәрежесін бағалау» тақырыбы бойынша постер жасадық. Әркім тақырып бойынша өз ой-пікірлерін жеке  плакатқа түсіріп, топта  біріктірдік, топ атынан Еркінбек қорғады.

30-сәуір күні төтр түлік аттары бойынша топтарға бөліндік. Мен «Қамбар ата» тобында болдым. Топта «Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме» тақырыбы бойынша 3 слайдтан тұратын таныстырылым жасадық. Мен топ мүшелерінің пікірлерін, ойларын жинақтап слайд жасадым. Топтың атынан Нұргүл таныстырылымды қорғады.

 

2-мамыр күні Гүлфазит, Перуза, Дәрігүл, Ұлдаш, Өмірбек, Нұргүл әріптестеріммен бірге «Ынтымақ» тобында болдым. Топен «Өзін-өзі реттеу» тақырыбы бойынша 3 - ресурспен жұмыс жасадық. 5 слайд жасап, топ атынан Ұлдаш қорғады.

 

3-мамыр күні Айгерім, Мақпал, Арыстанбек, Лаура, Нұргүл, Өмірбек әріптестеріммен бірге «Бүлдірген» тобында  болдым. «Бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар» тақырыбы бойынша 3 - ресурсты пайдалана отырып 5 слайд жасадық. Мен топта слайд жасауға көмектестім. Топ атынан Айгерім таныстырылымды қорғады.

 

4-мамыр күні  «Сын тұрғысынан ойлауды бағалау» тақырыбы бойынша топта 3 слайдтан тұратын таныстырылым жасадық. Топ жыл мезгілдерінің атымен аталды. Топта Арай, Ержан, Гүлфазит, Өмірбек, Мақпал, Гүлзат, Нұргүл әріптестеріммен бірге «Көктем» тобында болдым.  Топта таныстырылымды бірге жасап, топ атынан Ержан қорғап шықты.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екінші бетпе-бет кезіңде топтық жұмыстың үлкен маңызы бар екенін ұғындым. Топтық жұмыстың арқасында өз ойыңды айта аласын, өзгенің ойын тыңдайсын және де бір тақырып төңірегінде талқылау жүргізілгенде топ болып бір шешімге келесің. Бірлесіп жұмыс жасау кезеңдерінде ғана мұғалімдердің білім берудегі, оқушылардың білім алудағы жетістіктері еселене түсетініне көзім жетті. 

Ойымды қорытындай келе,  білім беру үдерісінде топтық  жұмыстар жүйелі, нақты ұйымдастырылып, орындау нәтижесі толыққанды қадағалынып отырылса, әрбір топтық жұмыстың  оқыту үдерісін байыта түсетініне сенімім мол.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші негізгі деңгей,2012ж

2. Бірінші «Бетпе – бет» кезеңіндегі «Білім беру платформасының» материалдары 

3. Ғаламторлық ақпараттар  www cpm.kz  сайтынан алған материалдар

4.Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy.[Культура и педагогика.] Wiley-Blackwell 5.Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным.] University of Cambridge Faculty of Education.

6.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

7.Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning.[Тестілеу, қызық-тыружәнебілімберу.]University of Cambridge Faculty of Education.

8. ШакировР.Х., БуркитоваА.А., ДудкинаО.И. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау// «Оценивание учебных достижений учащихся.Методическое руководство/Сост.. – Б.: «Билим», 2012).

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Отчет на тему В3 есебі Топтық танстырылымға қатысу туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 1017
    • DOCX 10 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Енсепова Сара Махамбетжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Енсепова Сара Махамбетжановна
    Енсепова Сара Махамбетжановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21593
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развивающие математические задания для детей и взрослых

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по математике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 325 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 546 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе