«Халықтық IPO» – бұл бірегей
Бағдарлама, ол Қазақстан азаматтарына ірі ұлттық компаниялар акцияларын сатып
алуына, сондай-ақ олардың ықтимал пайдасының бір бөлігін алып қана қоймай,
сонымен қатар олардың дамуына қатысуға да мүмкіндік береді.
«Халықтық IPO» өзінің жалпы
түсінігінде мемлекеттің ұлттық байлығын олардың азаматтары арасында бөлу
дегенді білдіреді. Көптеген дамыған батыс елдері, мысалы, Ұлыбритания осындай
бағдарламаларды ойдағыдай өткізді.
IPO (Initial Public
Offering)
– «алғашқы жария ұсыныс» деп аударылады. Бұл термин қаржы операциясын
білдіреді, оның барысында компания алғаш рет кең жұртшылыққа өз акцияларын
сатып алуды ұсынады.
Халықтық – акция
ең алдымен жеке тұлғаларға – Қазақстан азаматтарына сатылады дегенді білдіреді.
«Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу
үшін барынша тұрақты компаниялар іріктелді, олардың басым көпшілігі өз
табысын елдің ішіндегі қызметі есебінен қалыптастырады, яғни әлемдік
нарықтардағы жағдайларға тәуелді емес.
Қатысушы компаниялар – бұл тұрақты
компаниялар, олардың акцияларының құны ұзақ мерзімді перспективада өседі. Бұл
тұрақтылық инвесторларды тартады, өйткені оларға деген сұранысты ұстап тұрады,
ал бұл бағаның да ұсталып тұратынын білдіреді.
2012 жылы «Халықтық IPO» Бағдарламасына «ҚазТрансОйл»
АҚ
қатысатын болады
2013 жылы –«KEGOC»
АҚ,
«Эйр
Астана» АҚ, «ҚазТрансГаз»
АҚ, «Самұрык-Энерго» АҚ,
«Қазмортрансфлот» ҰТКК» АҚ
2014 жылы – «Қазақстан
темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс»
АҚ
2015 жылы – «Қазатомпром»
АҚ,
«ҚазМұнайГаз»
АҚ
Қазақстан
үшін «Халықтық IPO» – бұл экономиканы дамытуға халықтың ақшаларын тарту
тәсілі.
Тартылған ақшаларды
ұлттық компаниялар өзінің одан әрі дамуына, қызметін жаңғыртуға және кеңейтуге
салуы мүмкін.
Одан басқа, «Халықтық IPO» қазақстандықтарды қор
нарығының қызметіне тарта отырып, өздерінің қаржы сауаттылығын арттыруға
ынталандырады. Халықтың белсенділігі ірі инвесторларды тартады, олар біздің
нарығымызға үлкен ақшалар әкеледі. Бұл біздің экономикамыз үшін принципиалды
маңызды.
« Халықтық IPO»
Бағдарламасы - бұл Қазақстан азаматтарына өзінше инвестициялар
Бұл капиталды
көбейтудің жаңа қаржылық құралы. Құралдардың әртүрлілігі өз қаржы жоспарларын
іске асыру үшін көбірек мүмкіндіктер береді.
Мысалы, қазіргі кезде
халық жинақтарының үлкен бөлігі банктік депозиттерде сақталады. Депозиттер
ақшаларды жақсы сақтайды, бірақ оның айтарлықтай көбейтілетіні туралы айтуға да
тұрмайды. Акциялар неғұрлым жоғары тәуекелдерге байланысты, бірақ сонымен қатар
олар неғұрлым жоғары пайда түсіруді қамтамасыз етуі мүмкін. Мысалы, депозиттер
бойынша ең жоғары ставка шамамен 8-9% тең, ал акциялар құны туралы айтатын
болсақ, «ENRC» АҚ акцияларының құны 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қыркүйекті
қоса алғандағы кезеңде 384% өсті. Яғни бірінші жағдайда әрбір салынған 1000
теңгеге біз 80-90 теңге аламыз, ал екінші жағдайда – 2840 теңге аламыз. Мысалы,
ENRC шынымен нақты, сіз қор биржасының сайтынан (www.kase.kz) алынатын статистикамен
таныса отырып бұған көз жеткізе аласыз. Алайда, акциялардың ықтимал жоғары
табыстылығының кері жағы да бар – тәуекелдер. Мысалы, «КАМАЗ» ААҚ акцияларының
бағасы 2011 жылдан бастап 2012 жылды қоса алғандағы кезеңде 46% төмендеп кетті.
Осы екі мысал – қор
нарығы оқиғаларының алуан түрлілігін құрайтын жеке жағдайлар. Оның ерекшелігі
осы алуан түрлілікте. Сіз, бейнелі түрде айтқанда, балықты тұнық суда, тыныш
айлақта аулай аласыз және бұл ретте шамалы, бірақ тұрақты түсіммен
қанағаттанасыз, сондай-ақ үлкен табысты іздей отырып, залалдарға тап болу
тәуекеліне бел байлап, ашық теңізге де шыға аласыз. Таңдау – бұл әр адамның
жеке ісі және оның болғаны да жақсы. Атап айтқанда таңдауды қор нарығы ұсынады,
ал «Халықтық IPO» - қор нарығымен танысу үшін жақсы
бастама.
лай «Халықтық IPO»
қатысушысы боласыз
Сіз «Халықтық IPO» Бағдарламасына
қатысуға шешім қабылдадыңыз ба? Осы сәттен бастап қаржы тілімен айтқанда
сіз «бөлшек инвестор» болып саналасыз. Әрине сіз «Халықтық IPO» қатысушы
компанияларынан тікелей акциялар сатып ала алмайсыз.
Сізге қаржы мамандары көмектесетін
болады – брокерлер, олармен қызмет көрсетулерді алуға тиісті шарт жасасқаныңыз
жөн. Бұл үшін оларға жеке басыңыздың куәлігін (немесе паспортты) және СТН-ді
ұсынуыңыз қажет. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҚК) деректері бойынша қазіргі
сәтте Қазақстанда 67 брокерлік компания тіркелген. Алайда жеке тұлғалармен
барлық брокерлер жұмыс істей бермейді.
Алғашқы қадам – білікті
брокер таңдау
Брокер таңдаған кезде мынадай
аспектілерге назар аударыңыздар:
• Брокерлік комиссия мөлшеріне (орташа
алғанда мәміле сомасынан 0,3 – 0,8% шегінде ауытқиды);
• Нарықтағы белсенділігіне (бұл
ақпаратты сіз www.kase.kz табасыз);
• Клиенттік сұрауларға ден қою
жылдамдығына (сұрауға ден қоюдың оңтайлы кезеңі – шамамен 1 сағат);
•
Ақпараттық-талдамалы жіберілімдердің
болуына, ол сізге қаржы нарығы туралы жедел деректерді жеткізеді
Екінші қадам – Орталық
депозитарийде жеке шот ашу
Брокерді таңдағаннан кейін сіз Орталық
депозитарийде жеке шот ашуыңыз керек.
Орталық депозитарий – бағалы қағаздарды
сақтау және есепке алу жөніндегі қызметтерді ұсынатын мамандандырылған
коммерциялық емес ұйым.
Орталық депозитариймен Шарт екі данада
жасалады. Шотты дүрлікпе басталып кеткенше және кезекте тұрмау үшін акцияларды
сату басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын ашқан дұрыс.
Маңызды! Егер сіз әлі де брокерлік
компаниялар бар шағын елді мекендерде тұрсаңыз, трансфер-агенттердің көрсететін
қызметін пайдаланыңыз, олар сіздің құжаттарыңызды жинауы және брокерге беруі
тиіс.
Трансфер-агент – өз
клиенттері арасында құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру бойынша қызметтер
көрсететін бағала қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Қазақстанда үш компанияның
трансфер-агенттік қызметке лицензиялары бар
• «ҚазПочта» АҚ
• «Қазақстанның Халық жинақтаушы банкі»
АҚ
• «Дос» ЖШС
Шарт жасасқаннан кейін Орталық
депозитарийде сіздің жеке шотыңыз болады. Осы шот биржада қаржы операцияларын
жүргізуге, яғни акцияларды сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Ақшаны өз
шотыңызға кез келген банкте немесе трансфер-агентте аударуыңызға болады.
Аударылғаннан кейін брокермен байланысқаныңыз және шотыңызға ақша түкенін
білгеніңіз жөн
Үшінші қадам –
роуд-шоуға бару
Бағдарлама басталар алдында
«Халықтық IPO» катысушы компаниялары барып өткізетін өз акцияларының
таныстырылымдары - «роуд шоу» өткізеді. Осындай таныстырылымдарда сіз компания
менеджментіне өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндік
беріледі.
Төртінші қадам
–акциялар сатып алу
Акциялар – бұл қаржы нарығының тауары
және акцияның кез келген тауары сияқты таныстырылымды қажет етеді.
Акцияларды шығару (эмиссия) бұқаралық
ақпарат құралдарында белсенді түрде алдын ала құлақтандырылады. Одан басқа,
сіздің брокеріңіз мыналарға:
• акцияларды сату процесінің басталуы
туралы сізге нұсқау беруге міндетті;
• қолыңызда бар қаражатқа қанша акция
сатып алуға болатынын түсіндіруге міндетті;
• сізбен жеке кездескен кезде, не
электрондық сауда платформасы немесе трансфер-агент арқылы екі данада акциялар
сатып алу туралы тапсырма алуға міндетті. Тапсырмада акциялар саны және оларды
сатып алған баға көрсетілуі тиіс;
•
эмитент-компаниямен сіздің атыңыздан
мәміле жасауға, одан кейін сізге сатып алғаны туралы хабардар етуге міндетті.
* Сауда электрондық платформа арқылы
операциялар жүргізу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ
Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚО) немесе Қазақстандық банкаралық
есептер қорынан алуларыңызға болады.
ЭЦҚ алу процесі туралы www.egov.kz
егжей-тегжей берілген.
Бесінші қадам –
инвестициялау стратегиясын таңдау
Инвестициялау мерзімі стратегияға
байланысты, оның сіз брокермен талқылағаныңыз орынды болып табылады. Тұтас
алғанда стратегия нақты жағдайға: бос ақшалай қаражат көлеміне, инвестициялау
мақсаты мен өз мақсатыңызға қол жеткізгіңіз келетін уақытқа сүйене отырып
анықталады. Брокерлерде әртүрлі жағдайларға әзірленген стратегиялар бар және
біз олармен осы мәселені алдын ала шешіп алуды табанды ұсынамыз. Сіз өз қаржы
жағдайыңыздың әртүрлі өзгешеліктерін талқылайсыздар және брокер сізге оңтайлы
стратегияны ұсынады.
Практика мыналарды:
• акцияларды кем дегенде бір жыл ұстаған
пайдалы екенін, бұл ретте инвестор (төлемдер жүргізілген жағдайда) дивидендтер
алуы мүмкін екенін көрсетеді.
• компания акционерлерінің жиналысына
қатысқан пайдалы екенін, бұл ретте сіз шешімдер қабылдауға жеке қатыса
алатыныңызды көрсетеді.
Алтыншы қадам – табыс
алу
Компания қаржы жылын оң нәтижелермен
жапты деп, ал оның акцияларының бағалық құны өсті деп болжамдайық. Сіздің
Орталық депозитарийдегі өз шотыңызға дивидендтер түседі (сізге қаражат түскені
туралы брокер хабарлайды) және де сіз қосымша табыс алу үшін оны сатуға шешім
қабылдадыңыз. Бұл жағдайда:
• брокерге акцияларды сатуға арналған
бұйрықты (тікелей және трансфер-агент арқылы) беру қажет;
• брокер бұйрықты алғаннан кейін сіздің
акцияларыңызға сатып алушы іздеуі, мәмілені ресімдеуі және ақшаны сіздің
банктік шотыңызға аударуы тиіс;
• брокер автоматты түрде аудару
сомасынан өз комиссиясы мен биржа комиссиясын (аудару сомасынан 0,01 %) есептеп
шығарып алады.
Акцияларда инвестициялау үнемі пайда
түсуіне кепілдік бермейтінін және салған қаражатты жоғалтып алу қауіпін де
тудыратынын есте сақтаңыздар. Жеке инвестор болып келе, егер қаржы нарығындағы
жұмыс ерекшеліктерін зейін қоя отырып, зерделесеңіз және ағымды жағдайды
тұрақты қадағалап отырсаңыз сіз табысқа және айтарлықтай кіріске ие болуыңыз
мүмкін. Өз біліктілігіңізді арттырыңыз және ақша табыңыз!
Жарияланды: 1 мамыр 2012
«Халықтық IPO-ға» акцияны иелене отырып
қатысу үшін қандай шешім қабылдау керек екенін тыңғылықты таразылай
отырып «үшін» және «қарсы», тәуекел және мүмкіндіктердің барлығын
бағалай білу қажет.
Кеңесші Сізге қажетті барлық сұрақтарыңызға жауап береді
8 800 080 5070 (тәулік бойы жұмыс жасайды, Қазақстан бойынша
сөйлесу тегін). Алматы қаласы үшін – 7 (727) 250 70 00
Бағдарлама сайтындағы ақпаратпен танысыңыз. www.halyk-ipo.kz.
«Халықтық IPO»: қатысу немесе қатыспау?
«Халықтық IPO» бағдарламасы аясында 2012 жылдың күзінде АҚ
«ҚазТрансОйл-дың» акциялары сатылады. Көптеген қазақстандықтардың
көкейінде бұл Бағдарламаға қатысу және қатыспау жөнінде сұрақ туындайды.
Басты мақсаттардың бірі, «Самрұқ-Қазына» Қоры және мемлекет алдында «Халықтық
IPO-ны» максималды анық және түсінікті түрде өткізу қажет.
Қазақстандықтар «Халықтық IPO-ның» мүмкіндіктерін біле отырып акцияны сатып
алар кезде тәуекелге бел бууға шешім қабылдау қажет.
Акционер үшін маңызды!
«Халықтық IPO» аясында Қазақстан Республикасының азаматтарының
мемлекеттік компаниялардан акцияларды сатып алу құқығы, сондай-ақ қазақстандықтардың
қызығушылығын тудыратын біздің елде жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді.
Акцияға иелену арқылы азаматтар акционер бола алады, былайша айтқанда компания
иесі және құқыққа ие болады, Қазақстан Республикасының «құнды
қағаздар нарықта» және «Акционерлер қоғамы туралы» Заңдарында
көрсетілген.
1. Акционер акциядан үлесақы алуға
құқылы
Мүмкіндіктер:
Жыл сайын компания өзінің акционерлері алдында жыл қорытындысы ретінде қаржылай
есеп береді. Акция иелері жалпы жиналыста түскен табыстың қанша бөлігін
компанияға қалдыру, қанша бөлігін үлесақы ретінде инвесторға беру керек екенін
шешеді.
Тәуекелділік:
Ал егер табыс болмаса? Акционер, компанияның иесі бола отырып, жеке
кәсіпкер тәуекелге бара отырып өзіне шешім қабылдайды, бұл деген пайда түспеген
жылы жеке кәсіпкер өзінің акциясынан үлесақы ала алмайды. Компанияның кірісі
кезінде жағымды және жағымсыз көптеген факторлар әсер етеді: нарықтағы
өзгерістерге әсерін тигізетін жағдай, бәсекелестердің әрекеті, технологиялардың
дамуы және т.б.
Одан басқа, кәсіпорын табыс алған күннің өзінде, акционерлердің жалпы
жиналысында үлесақыға төлем төлемеу туралы шешім қабылдауы мүмкін, керісінше
түскен барлық табысты дамуға жіберуі мүмкін.
2. Акционерлер компанияны басқаруға
қатысады
Мүмкіндіктер:
Акцияны сатып ала отырып, азамат компанияны басқару құқығына қатыса алады. Ол
оны акцинерлердің жалпы жиналысында дауыс жинау арқылы ала алады. Онда
кәсіпорынның жұмысы туралы маңызды шешімдер қабылданады. Одан өзге өз кезегінде
акционерлер заңға сәйкес компания таралып кеткен жағдайда мүліктің бір бөлігіне
ие бола алады.
Тәуекелділік:
Егер акционердің көп емес акция пакеті болатын болса онда оның «дауысы»
«естілмеуі» мүмкін. Алпауыт акционерлер орта акциянерлер үшін
қызықтырмайтын шешім қабылдауы мүмкін.
Бір жағдайды ескеру қажет: «Халықтық IPO-дан» стратегиялық маңызды кәсіпорындар
шықпай жатса, әрине, мемлекет сол компанияның пакеттеріне бақылау жасауды
жалғастырады. Бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еліміздегі экономиканың
дамуы үшін қажет.
Сатылымда акцияның 15 пайыз үлесі ұсынылатын болады.
3. Акцияны сатуға болады
Инвестициялау үлкен мерзімді уақытта көп көлемде пайда әкеледі. Өмірде көптеген
жағдайлар орын алады. Кез келген уақытта ақша қажет болған жағдайда не істеу
керек?
Акционер биржада акциясын сата алады. Сонымен қатар акция бағасы өсуі мүмкін
екенін және қайта түсуі де мүмкін екенін естен шығармау қажет.
Мүмкіндіктер:
Акция құнының өсуіне шек қойылмайды. Теория бойынша инвесторды қосымша пайдамен
қамтамасыз ете отырып акцияның құнын қолайлы нарық жағдайында компанияның
табысты қызметі барысында көп еселендіруі мүмкін.
Тәуекелділік:
Инвестор үшін негізгі тәуекел –акция құнының айтарлықтай төмендеуі. Одан ешкім
де сақтандырылуы мүмкін емес. Акцияны сату барысында өз құнынан төмен
сатылса зиян шегеді.
Акция құнының өзгеруі қысқа уақытқа созылуы мүмкін, өйткені кәсіпорын
қызметінің қандай да бір мәселесіне қатысы жоқ болғаны үшін.
Мұндай жағдайда бағаның қысқа уақыттық ауытқуына кәсіпқой кәсіпкерлер баға
тұрақталғанша күте тұруды ұсынады. Егер компанияның қызметіне жағымсыз
қиындықтар туындап жатса, оның өзінде шығын әкелген жағдайда да акцияны сатқан
жөн.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.