Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы""Оқушылардың ынтасын арттыруда , бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі!

""Оқушылардың ынтасын арттыруда , бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі!

Скачать материал

ШҚО Көкпекті ауданы  Шұғылбай ауылы

«І.Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ

2014-2015 оқу жыл

Калбагаева В.К.

«Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық  жұмыстың тіиімділігі»

 

           «Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдылар беру болып табылады» делінген көшбасшы мұғалімдерге арналған нұсқаулықта.

Менің көшбасшы мұғалім ретінде бастаған алғашқы қадамдарыма мектеп әкімшілігі ерекше ықыласпен, зор ынтасымен қолдағанын өткізген коучингтерге үздіксіз қатысып, демеу болып отыруын, сабақтарға менімен бірге қатысып сараптауға қолдау көрсетіп жағдай жасағандығынан деп білдім.

 Оқушыларды оқыту мен мұғалімдерді дамытуда тәлімгерлік үдерісі мен коучинг үдерісін, Lesson study- зерттеу сабақтарын өткізу арқылы жүзеге асырдым. Өзгеріс енгізу қажет деп тапқан   «Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық  жұмыстың тіиімділігі» тақырыбын басшылыққа ала отырып, өзімнің   жұмыстарымның нәтижесін тексеру кәсіби сұхбат, сауалнама, кері байланыс арқылы анықтадым.

      Мұғалімдердің кәсіби дамумен оқу үдерістеріне қатысуға  ұйымдастыру және оларға  қамқорлық жасау үшін коучинг, тәлімгерлік тәсілдерінің тиімді екендігін байқадым. Коучинг кезеңінде сергіту сәттерін ұйымдастыруды, топқа бөлінудің әдіс- тәсілдерін, уақытты ұтымды пайдалануды көрсетіп, мұғалімдерге өз пікірлерін ашық айтуына жағдай жасадым. Кері байланыс жасағанда жазған ұсыныстар мен пікірлерін есепке ала отырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгертуде өткізетін келесі  коучингтерде аталған тақырыптар бойынша жұмыс жүргіздім.

     Құрылған топтың жұмыс кездерінде алаңсыз жұмыс істеуін ұйымдастырдым.

Нәтижесінде коучинг арқылы  мұғалімдер бағдарлама басымдықтарын  меңгеруге болатындығын білетін бола бастады. Барлық  мәселені бірлесіп шешуге болатындығын түсініп, ұғынды. Коучинг кезінде құрған ережелерін сақтап, топта жұмыс істеу кезінде бірін-бірі тыңдап, диалог орнату дағдыларын, ынтымақтастық орнатуды, бір-бірінің пікірлерін бағалауды, тыңдай білуді меңгерді. Кері байланыс арқылы ұсыныс жасауға болатынын, бір-бірінің пікірлерін бағалай алуға керектігін, ұсыныс-тілектерін жасырып жасқанбай-ақ ашық айтуға болатындықтарын түсінді.

          Бағдарлама модульдеріне байланысты коуч  мұғалімдерім  жаңа мәліметтермен танысып, оны өткізген коучингтеріне пайдалана отырып, өздерінің іс-тәжірибелерінің біршама жетіле бастағанын көрсетті.

     Жоспардың мақсатының нақты қойылуы, қолжетімді болуы  керектігін ұқтым. Мұғалімнің шеберлігі арқылы сол мақсатқа жетуде міндеттерді дұрыс қоя білуі  сияқты көшбасшы мұғалімге қажет қасиеттер мен дағдыларды өзімде жетілдіріп отырдым. Жоспар бойынша өткізетін жұмыстарымда уақытты ұтымды пайдаланып, мұғалімдерді   қызықтыру үшін жоспарға сай материалдарды ретімен дұрыс әрі тиімді пайдалануды жүзеге асыруда барлық жағдайларды қарастыру керектігі анықтала бастады. Кей жағдайларда өткізетін тақырыптарыма мұғалімдердің қызығушылықтарын арттыру үшін жоспардан тыс әрекеттер жасауға тура келетін кездер де болды. Ондай жағдайлардан креативті ойлау, жол таба білу арқылы шығу сияқты қабілеттерімді жетілдіріп отырдым. Мектептің дамыту жоспарын, желілік қоғамдастық жоспарларын бірнеше рет қайта құрып өз мектебімнің ыңғайына лайықтап жөндеп  құруды үйрендім. Өтілген іс-шараларға қатысты рефлексиялар, пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, кедергілерді жоюға сол мәселелерді шешуге өзгерістер енгізу арқылы коррекция жасау дағдыларын меңгердім  .

 Менің  тәжірибе кезінде құрған топпен бірге тәлім алушының орта мерзімді жоспарын құруды жүзеге асырдық. Бірлесе отырып жұмыс жасаудың тиімділігін топ мүшелері де ұғынып, ақылдаса, бірлесе істелген жұмыстардан үлкен нәтиже күтуге болатынын аңғардым..  .

    

 

                                 

      Зерттеу сабағының  «Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық  жұмыстың тіиімділігі» тақырыбын  басшылықа ала отырып  6-сыныпта тарих пәнінен өткен «Қола дәуірі» тақырыбындағы сабақ Lesson study-ға құрылды. Үш оқушыны таңдап, бақылауға алды. Ал енді 6-сыныпта тарих пәнінен өткен « Қола дәуірі » тақырыбындағы сабақ Lesson study-ға құрылды. Үш оқушыны таңдап, бақылауға алды.        

 Сабақ көңілді нотамен басталды. Бірден сергіту сәті мен топқа бөлінген оқушыларға топ ұрандарын қорғатты. Топта өздері бұрыннан білетін ұрандарын айтып, сабаққа әзірліктерін білдірді. Сабақ барысында оқушылар топ ережесін құрастырып, сол ережені өздері жақсы ұстана білді. «Балалардың іс-әрекеті  жұмыс барысында қалай болар екен»- деген ой мені  мазалады.

    Себебі, сабаққа қызығушылық танытқан мұғалімдер  көп қатысқандықтан  5- сыныптан енді ғана келген оқушылар жасқанып сөйлей алмай қала ма деп ойладым. Бірақ оқушылардың іс-әрекеттері, бір-біріне деген қарым- қатынасы әлдеқайда жоғары болды. Сабақтағы белсенділіктері топтық жұмыс кезінде көрініс тапты. Нашар оқитын  оқушылардың өздері топтық жұмыста бір-біріне көмектесіп, сабаққа белсенді араласып отырды.

       Мұғалімдер оқушылардың тапсырма орындау кезіндегі іс-әрекеттерін бақылап отырды. Оқушылардың өткізілген сабақ туралы пікірлері де жақсы болды. Сабақтың бұрынғыдан өзгеше өткендігін, бір-бірінен көп үйренгендерін, сыныптастарының бір-бірін жақсы түсіндіргендеріне риза екендігін айтып жатыр.  Сабақ соңындағы талдау барысында мұғалімдер орта деңгейдегі оқушының өз деңгейінен жоғары жұмыс істегенін, төмен деген оқушының да жұмысқа белсенді араласқанын байқағандарын айтып, болашақта осылай жұмыс жүргізіле берсе, белсенді топқа қосылуы әбден мүмкін екендігін айтты.

       Жалпы, жаңа сабақтың оқушылар үшін де, ұстаздар қауымы үшін де берері мол

болды. Осы 6-сыныпты жаңа бағытта зерттеп, дамыта беру мектептің басты

мақсаты болып табылады.

 Оқушылардың қызығушылығын арттыруда электронды оқулықтарды пайдалану оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, оқушыларды топқа бөлу, қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылған көрнекіліктердің талаптарға сай болуы, олардың белсенді жұмыс істеуіне сабақтарда АКТ- ны пайдалану өте тиімді болды. Оқушылардың топқа бөлінуінде кедергі болмады, зерттеуге алынған сынып еркін орналасады. Оқу мен оқытуды бағалауды жүзеге асыру мақсатында АКТ- дан дұрыс жауаптарды көрсету арқылы өздерін бағалатуды, критерийлар арқылы, бағалау парақтары арқылы топты, жекелеген оқушыларды, бірін-бірі бағалауға болатынын түсінді.     Кері байланыста оқушылар «маған сабақтар осылай өткені ұнады, сабақта белсенді жұмыс істедік», «топтық жұмыс жиі өткізілсе екен, себебі топтағы әр бала жұмыс жасадық», «әр сабақ осылай қызықты өтсе, оқуға қызығушылығымыз артады.»,  «Біздің сыныпта да осындай  сабақтар жиі өтсе», деген тілектерінен оқу үрдісіне оқытудың Жаңа бағдарлама тәсілінің әріптестерімнің сабақтарына біртіндеп еніп жатқанын сездім. Сәтсіз жағы: Сабақтар тек зерттеуге арналған  сыныптарда ғана өтпей басқа сыныптарда өткізсе. Оқушылардың жағдаяттардан шығуға төселмегендігі, ойларын ашық айта алмауы, жасқаншақтығы көп жағдайда кедергі болып сөйлеулеріне мүмкіндік бермеді. Зерттеу сабақтарын өткізуші мұғалімге АКТ- ні пайдалануда мүмкіндіктердің аз болуы салдарынан сабақта  толық пайдалана алмадық.

    «Желіні дамыту жүйесінің қатысушыларымен бірлесіп іс-шараларға белсенді қатысар, мысалы, мектептер бір-біріне барып, немесе кәсіптік дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар өткізе алады. Желі табысты болуы мақсатында директорлар бірлесіп оқуға белсенді қатысу үшін өздерінің әкімшілік кездесулері мен бағдарламаларынан тыс шыға алуы тиіс». (Мұғалімге  арналған  нқсқаулық 1 деңгей,54- бет) Ауылымыздың аудан орталығынан шалғайда орналасуы интернет жүйесінің төмендігі әріптестеріммен хабарласуыма көп кедергі келтіруі сәтсіз болғанымен, жақын маңдағы мектептермен  қоғамдастық құру кезеңінде іс- сапарларды ұйымдастыруда, мектептерге баратын коуч мұғалімдерді сабағынан босатуына, келген мұғалімдерді тамақтандыру мәселесінде мектеп директорының көрсеткен көмегіне қарап іс-тәжірибе алмастыруда желі құрудың тиімділігін, оны атқаруда, жүйелі жұмыс істеуіне мектеп әкімшілігінің қолдауы аса  қажет екендігін түсіндім. Мектептің бір ауысыммен ғана оқитыны коуч мұғалімдермен және тәлім алушымен жұмыс кезінде уақыттың тиімді пайдалануыма кедергі бола алмады. Алғашқы өткізген сабақтарында тәлім алушы мен коучтарым уақытты дұрыс пайдалана алмауы себебінен, мұғалімнің оқу уақытын пайдалануда алғаш жіберген олқылықтарын мейлінше азайту үшін АКТ- ны тиімді пайдалануды жүзеге асырдым. Тәлім алушыларыма «Таймер» таныстырылымын ұсынғаннан кейін  сабақтарда, коучингтерде де уақыт шегіне қарай жұмыс жасауды үйренді.

  Менің іс тәжірибе кезеңім жаңа оқу жылымен басталуы әдеттегідей                       ата-аналармен кездесіп, сұхбаттаса отырып олардың ықыласын жаңа арнаға бұра алдым, мектеп өміріне еніп жатқан өзгерістерге назар аударуларын жүзеге асырдым. 6 сынып оқушыларының ата- аналарының жаңа әдіс- тәсілмен өткізіліп жатқан сабақтарға тарта отырып мұғалім-ата-ана -оқушы арасындағы үштік одақтың арасында болатын алшақтықты азайттым дей аламын. Оны ата-аналардың   «Сізге алғысымыз шексіз», «Сіздерге шыдамдылық тілеймін. Жаңа технологияларды барлық сабақтарда қолданып, балалардың қызығушылықтарын арттыра беріңіз.  Жақсы оқушылар  мектебімізде  көбейе берсін», «Мен бұрынғы жиналыстарға қарағанда қазірге жиналыстар  өзгеше ұйымдастырылып өтуде,мүмкіндігімше келіп, ой бөлісуге тырысамын. Баламның сабағы да түзеледі деген ойдамын.» деген ата- ананың пікірімен танысқаннан кейін  ата -аналар тарапынан қолдау тауып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін көруге болады.

     Бастамашы топ құрамындағы мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдер туралы  алдыңғы деңгейлік курста  оқыған мұалімдер өткізген коучингтерінен алған білімі болғандығы, басқалардың «білсем, үйренсем, қолдансам» деген ниеттері бірлесіп жұмыс істеуге мықты негіз болды.

    «Зерттеу нәтижелері директордың проблемаларды анықтай білгені және мектепті жақсартудың тиімді стратегиясын әзірлеу деңгейінде оларды ұжымдық, сындарлы жолмен шешуді қамтамасыз етуге көмектескені аса маңызды екенің көрсетті.» делінген «Курсалды тапсырмалардың» 8- бетінде. Коучинг өткізу кезінде  Бағдарлама модульдері, оқу мен оқыту үдерісіне өзгеріс ену, енбеуі жайлы тақырыптарды қозғау арқылы сындарлы талқылаулар тууына мүмкіндік беретінін байқадым. Зерттеушілік әңгіме барысында ортақ бір мәселені шешуде, мұғалімдер сол мәселе төңірегінде  пікір алмасуына, талқылауына,  бір-бірін бағалауына бағыт бағдар бердім. Мысалы: Қазақ әдебиеті сабағында «Абай.Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ.» ,«Абайдың қара  сөздері»     тақырыбында   тәлім алушымның өзі АКТ  пайдалана отырып өткізілген сабақтар топтамасын бақылай отырып, сабақтардың мұғалім үшін маңызды екені, талдау барысында сабақ үдерісінде мынадай оң өзгерістер байқадым.

        6-сынып бойынша өткен сабақтардан кейінгі сауалнама қорытындысы.

 

 

Р/с

      Сауалдар қорытындысы

жеке

  жұппен

    топпен

1

«Маған сабақтар осылай өткені ұнады,

     сабақта белсенді жұмыс істедік».

 

2

12

14

2

«Маған сабақтар осылай өткені ұнады,

   сабақта белсенді жұмыс істедік».

 

3

13

15

3

«Әр сабақ осылай қызықты өтсе,

оқуға қызығушылығымыз артады.»,

3

10

14

 

Оқушылардың ынтасын арттыруда топтық  жұмыстың  тиімді болғаны белгілі болды:

·топ мүшелерінің ынтымақтаса жұмыс істеуін;

·топта талқылаудың болғанын;

·топ мүшелерінің ортақ келісімге келуін;

·бір-біріне түсіндіріп көмек көрсетуін;

·өз ойын еркін айтуға қол жеткізгенін;

·өз білімдерін критерий бойынша бағалай алуын;

·бағалау парағын қолдана алуын;

·критерий құрудың алғы  шарттарын үйреніп қолдана білді.

· 

Не сәтсіз өтті?

        -талантты және дарынды оқушылар тапсырмалар орындауда өздері топпен ақылдаспай жеке жұмыс жасауы;

·оқушылардың өздерін,  топ мүшелерін артық бағалауы байқалды;

 

   Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы  оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер қолдана білді.  

  Деңгейлік бағдарламалардың тиімділігіне коучингтерге қатысу арқылы әріптестерімнің сенімділіктері арта түсті,  жаңа әдіс-тәсілмен сабақ өткізіп, тәлім алушы мұғалімдерім де тәжірибелеріне өзгеріс енгізе бастады. Бағдарламаға қызығушылықпен қараған  жас мамандар: «Коучинг қашан өткізесіз, біз де қатыссақ»- дегендерін естіп, аз да болса түсінік қалыптаса бастағанын түсіндім.

Білімімнің кәсіби деңгейін көтеріп, әріптестеріме көмек қолымды созуда көшбасшылық рөлімді атқаруға әзірмін деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«І.Жансүгіров  атындағы орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқушылардың ынтасын арттыруда, бірлескен топтық  жұмыстың тіиімділігі»

                               (Аймақтық педагогикалық оқуда)

 

 

                                                                 Калбагаева В.К.

/Бірінші деңгей мұғалімі/

 

 

 

                                             2014-2015 оқу жылы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал """Оқушылардың ынтасын арттыруда , бірлескен топтық жұмыстың тиімділігі!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.02.2016 1784
    • DOCX 157.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калбагаева Вазира Кабдылгалимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11180
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование современных уроков истории

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 465 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек