Тақырыбы:
Наурыз -той
Мақсаты: Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін оқушы бойына
сіңіру.
Оқушыларды адамгершілікке,
инабаттылыққа, салауаттылыққа
тәрбиелеу
Безендірілуі: « Наурыз- той»
« Жыл басы құтты
болсын!» жазулары
Гүлдер, шарлар, ұлттық
киім киген оқушылар.
Өту формасы: Мектепішілік ашық шара, той-думан.
Барысы:
« Наурыз» әні
Р.Рымбаеваның орындауында ойнап тұрады.
Мұғалімнің
кіріспе сөзі. Шараның мақсатымен таныстыру
Шаттық шеңбері.
Ортаға шығып бір-біріне наурыз тілек айту.
1-бөлім Наурыз туралы 4-сыныптар өлеңдерін
оқиды.
1-оқушы: Аспанда
күннің нұры,
Мақпалдай
жердің түрі
Қуаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.
2-оқушы: Ойнаған
анау бала,
Көкорай жалын дала.
Егіндік егін еккен,
Ұзамай
болар жаңа.
3-оқушы: Келіпті
жылдың құсы,
Күнде шу көлдің тұсы.
Күн
жылы ызғары жоқ,
Жаз шығып, кеткен қысы.
4-оқушы. Боздаған
анау түйе,
Құлындап
жатыр бие.
Гүлдеуге бет алып тұр,
Қызарып қызыл шие.
5-оқушы: Үйден
шығып балалар,
Жаз болды міне десіп тұр.
Сағындырған жаз желі
Оңтүстіктен есіп тұр.
.
8-оқушы.Сумаңдап
су сай-сайдан,
Ағып жатыр сылдырлап.
Жас баладай алғашқы,
Сөйлеген күліп былдырлап.
9-оқушы: Адам
да, мал да өзінше
Жүр жадырап далада.
Жаңа жылды қарсы ап тұр,
Кәрі де, жас та, балада.
Ән: «Наурыз»
орындайтын Лаура.
2-бөлім: «Наурыз қоржыны»
Сұрақтар:-
Наурызкөже деген не?
-
Наурызкөжені қалай
дайындалады?
-
Наурызды неге жыл басы
дейміз?
-
Келіп кірген жыл не?
-
Наурызға қатысты қандай
ырымдарды білесің?
-
Ұлтымызды дәріптейтін
ойындарды атаңдар.
1 –сынып ұлттық ойындар көрсетеді
Ән: «Қазақтай ел
қайда» 4-сынып оқушыларының орындауында
-Қазақтың
салттарының бірі «айтыс» өнері. Айтыс өнері туралы
3сыныптың
өнерпаздары « Қыз бен жігіт айтысын» көрсетеді.
. Мұғалім:-
Наурызда тағы да бір үлкен дәстүр бар екен. Ол қандай іс
екенін
2-сыныптың оқушылары көрсетсін.
«Ағаш егу»
дәстүрін көрсетеді.
Ән: Елім менің
орындайтын Дана.
3-бөлім:Тойға
арналған шашулар.
Ойындар, концерттік
номерлер.
« Қара жорға»
биін барлықтары билейді
.
4 -бөлім: Мерекелік дастархан. « Наурыз көже»
ішу.
Қорытынды:
Наурыз мерекесі ұлттығымызды бейнелейтін ең құнды мерекеге
жататынын ұмытпаңдар.
Наурызда
айтылатын тілектер: Наурыз оң болсын!, Ақ көп болсын!,
Ел тоқ болсын!,Бәле
жала жерге енсін!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.