Инфоурок Химия Другие методич. материалыПрезентация по химии"Оқытудың белсенді әдістері –білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам"

Презентация по химии"Оқытудың белсенді әдістері –білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам"

Скачать материал

Оқытудың белсенді әдістері –білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам

                                    Жаржанова Гүлжазира Керейқызы

              Хромтау қаласы №5 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі

      Қазіргі  кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда.  ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.  

Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.  Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды.  

      Әлемдік озық  идеялар негізінде жасалынған жобалардың бірі –американдық-педагог ғалымдар ЧарльзТемпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу  мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Менің өз тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі – «Оқу  мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» арқылы дамыту бағдарламасының дамыту жобасының идеяларын сабақ беру практикасында қолдану тиімді деп ойлаймын. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы неден және қалай басталды? Қандай жағдай болса да тиімді аяқталып немесе әрі қарай жалғасын табу үшін не істеу қажет деген ой туындайды. Әрине оған сыни тұрғыда баға беріп отыру қажет.   «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» арқылы дамыту СТО жобасын енгізу нәтижесін бағалау1999 жылы басталды. Алғаш рет RWCТ оқушының анкетасы деп аталатын сауалнама құрастырылды./Сауалнама құрастырушы –С.Мирсейтова/ Сауалнама нәтижесі 2000 жылы «Дауыс пен Көрініс» журналында жарияланған. RWCТ-ағылшын тілінен аударғанда оқу мен жазу сыни тұрғысынан ойлау үшін дегенді білдіреді. Бұл-шыңдалған ойлау үлгісі. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының ең басты өлшем бірлігі – оның тиімділігі, нәтижелілігі, жаңашылдығы. ЧарльзТемпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу  мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы оқушы құзіреттілігін дамытуда маңызы зор екендігі дәлелденген.                        

 «Құзіреттілік – оқушының іс-әрекеттердің әмбебап тәсілдерін меңгерумен көрінетін білім жүйесі ,  ал құзірет дегеніміз - алға қойған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық,  оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әректке дайындығы» деп көрсетілген. Сонымен қатар, құзіреттілікті тәсілге де төмендегідей анықтама берілген: құзіреттілікті тәсіл – оқу процесінің түпкілікті құзіреттерді қалыптастыруға бағдарлануы, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу аясында білім сапасын қамтамасыз ететін білім беру мақсаттарын анықтаудың, білім мазмұнын іріктеудің, білім беру процесін ұйымдастыру мен бағалаудың жиынтығы. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін мұғалімнің құзіреттілік тәсілдерді меңгеруі, білім беру мазмұнын жетілдіру қажет екендігін ескере отырып, жаңа инновациялық әдіс-тәсілдердің ең тиімдісі- СТО дамыту жобасын пайдалану жоғары нәтиже береді деген болжам жасауға болады. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады.

Әр кезеңнің өзінің қызметі бар.   Қызығушылықты ояту –оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады,белсенділігі артады. Мағынаны тану кезеңі -мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады/жаңа сабақ түсіндіріледі/,оқушылар жаңа ақпаратты меңгереді. Әр кезеңде қолданылатын сратегиялар түрлері: Қызығушылықты ояту кезеңі/болжау кестесі,тірек сөздер,венн диаграммасы,миға шабуыл,топтастыру.т.б./ Алғашқы кездерде барлық сынып ұжымымен өткізуге болады. Мағынаны тану кезеңі пікір-талас,бағытталған оқу, INSERT түртіп алу, кубизм/. Ой толғаныс кезеңі/эссе,топтастыру,бес жолды өлең/. Миға шабуыл  стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының шығармашылың ойлау қабілетін жақсы дамытады. RWCT бағдарламасындағы «Болжау, кубизм, пікірталас» т.б. стратегиялар оқушыларды ойлаудың жоғары деңгейіне көтереді. Ең бастысы шыңға шығуға талпыну бірте-бірте оқушының қажеттілігіне айналады. Ол ешкімнің жетектеуінсіз танымдық талпыныстар жасауға үйренеді.

Мысалы Insert стратегиясы, ізденгіш адамды қалыптастырады.

Бұрыннан таныс мәлімет, «√»

Білмейтін ойы,

«–»

Жаңа танылған мәлімет, «+»

Таңқалдырып, сұрақтар тудырған ой, «?»

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс істеген кезде қарындашпен жай ғана түртіп белгі қойып отырады. Көрсетілген жүйемен жұмыс істеп үйренген оқушы мәтінді оқымастан бұрын дайындалады, судыратып оқып шықпай, ой маржандарын түю, әдемі бір сыр сақтайтын туынды әзірлеу үшін мән бере түсініп мағынасын ажырата оқиды.

      Химия пәні әрдайым сарамандық жұмыстар, демонстрациялық тәжірибелер арқылы ерекшеленеді ғой, ендеше «Болжау» стратегиясында қолданған тиімді. Мысалы: Активті металл натрий керосин ішінде сақталады, сумен әрекеттескенде реакция қалай өтеді, неге металл су бетінде жүгіреді? Білімі бар оқушы реакция нәтижесінде сутегі газы бөлінеді және газ туғызатын қысым әсерінен металл су бетінде жүгіреді деп жауап беруі керек, көп мөлшерде энергия бөлінеді, от шашып әрекеттесуі мүмкін:

                                        2Na + 2Н2О =2NaОН+ Н2↑ + Q

Ой толғаныс кезеңі –үйрену процесінің соңғы кезеңі. Оқушылар жаңа білімге қорытындылар жасайды,жаңа идеялар мен ұғымды шығарады. Өз шығармашылықтарын көрсете алады.Осы кезеңдер әр түрлі стратегиялар арқылы жүзеге асады. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы өз уақытында қолға алынған технология деп айтуға болады. Химия пәні күрделі жаратылыстану ғылымы, одан көп оқушылар үркеді, қорқады, психологиялық кедергі туындайды. Сол кедергіні жоятын барлық оқушыға өз мүмкіндігінше жауап беруге жағдай жасайтын әдіс. Химия пәнінде сабақтың қай бөлігінде болмасын аталған стратегияларды қолдануға болады. Оқушылардың танымдық қабілеті дамиды, әрбір оқушы жеке, жұпта, топта бірлесе отырып шешім қабылдауға, бірін-бірі сыйлауға, пікірлерін қорғай алуға үйренеді.

Осындай әдіс-тәсілдер арқылы өткізген сабақ жоспарының үлгілері мен слайдтары:

 Сабақтың тақырыбы: §18 Фосфор

Сабақтың мақсаты:

         а) Фосфордың атом құрылысы, физикалық, химиялық қасиеттері,

ерекшеліктері туралы жалпы мағлұмат беру, таныстыру.

б) Оқушыларға фосфордың аллотропиялық түр өзгерістері, алынуы, қолданылуы, табиғатта таралуы туралы түсінік бере отырып, химиялық білімдерін, ойлау қабілетін, танымдылығын, пәнге қызығушылығын арттыру.

в) Химиялық заттардың көптүрлілігі жайлы білуге, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын ажырата білуге, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге үйрету.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Венн диаграммасы, тірек-сызбалар, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, СТО стратегиялары.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, «Фосфор» тақырыбына суреттер (аллоптропиялық түр өзгерістері, химиялық қасиеттері, қолданылуы)

Сабақтың барысы

         І Ұйымдастыру

         а) Психологиялық дайындық

         ІІ Үй тапсырмасын тексеру

         І кезең – «Ой шақыру»

         (сұрақтар қою арқылы, топтастыру, өткен сабақтарға шолу)

         ІІ кезең - «Қызығуды ояту»

         а) кесте толтыру «+» белгісін қою

         б) Реакция өнімі қандай зат?

         (реакцияны шешу)

         в) «Миға шабуыл» сөзжұмбағы

         (сөзжұмбақ шешіледі, фосфор сөзі шығып, тақтаға жаңа сабақтың тақырыбын жазамыз.)

    ІІІ кезең – «Мағынаны табу»

     IV кезең – «Ой толғаныс»

а/(Оқулықпен жұмыс істеп, Венн диаграммасын толтырады).

 б/білімді тиянақтау

І Ұйымдастыру

а) Психологиялық дайындық

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

         І кезең – «Ой шақыру»

 кезең: - «Қызығуды ояту»

         а) кесте толтыру «+» белгісін қою

         б) Реакция өнімі қандай зат?

         (реакцияны шешу)

         в) «Миға шабуыл» сөзжұмбағы

Азот

NH4CI

NO2

HNO3

NO

NaNO3

NH4NO3

HNO2

KNO3

NH3

Тұздары

Қышқылдары

Оксидтері

Сутекті қосылыстары

 

(жаңа сабақтың жобасын құрып, кубизм әдісі арқылы талданады.)

Табиғатта таралуы

 

Қолданылуы

 
 

 

 

 

 


1.     Фосфорға сипаттама

Р V топ (А), ІІІ период

Ar (P)=31

Z (P)=15

Ядро заряды - +15, электрон саны - 15

2.     Атом құрылысы

              Р+15          

                     2e    8e   5e

                     1s   2s         2p         3s         3p                     3d               III

Графиктік                                                                                               P

формуласы:

Электрондық  формуласы: 1s2  2s2  2p6  3s2  3p3

3s         3p                     3d                                   V

                                                                                     3S13P33d1      P

 

Тотығу дәрежелері: +5, -3, +3, 0.

Фосфордың валентті электрондық конфигурациясы азоттікі тәрізді    ns2 np3. Бірақ азот атомына қарағанда фосфор атомының иондану энергиясы төмендеу және оның радиусы үлкен. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық қасиеттенің әлсіздеу екендігін көрсетеді. Сондықтан фосфор үшін -3 дәрежесі сиректеу. Ал +5 жиерек кездеседі.

Фосфор атомының азотпен салыстырғанда өлшемі үлкен, электр терістілігі аз, яғни бұл фосфордың бей Ме қасиетінің әлсіз екендігін білдіреді.

Оттекті қосылыстарында:     V                III

                                               P2+5O-25         P+32O-23

Сутекті қосылыстарында:     ІІІ

                                               P-3H+13

Фосфорды 1669 жылы неміс алхимигі Х.Бранд ашты.

Табиғатта таралуы: Жер қыртысында – 0,12 % кездеседі. Бос күйінде кездеспейді. Қосылыстардың құрамына кіреді. Көп тараған қосылыстарының бірі фосфорит, апатит. Фосфор олардың құрамында Са3(PO4)2 түрінде болады.

Маңыздылығы, физиологиялық әсері

                   Өсімдік дәнінде

                   Жануар сүтінде

Р                 қанның құрамында

                   Ми, жүйке ұлпаларында (5г)

                   Сүйекте (600г), етте (56г)кездеседі.

         Сүйектің қалыпты өсуіне әсер етеді. Жүйке жүйесін, ақыл-ойды күшейтеді. Фосфор жайында академик Ферсман былай деген: «Фосфор – ақыл-ой элементі». Адамда фосфор, кальций элементтерінің жетіспеуінен жүйке жүйесі дұрыс жұмыс атқармайды, сонымен сүйектің қалыпты өсуі тежеледі, тіс ауруы күшейеді.

         Физикалық қасиеттері.

Азотпен салыстырғанда Фосфор элементінің бейметалдық қасиеті әлсіздеу. Бейметалдық қасиетінің төмендеуі оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. (Р элементі жай зат ретінде бірнеше аллотропиялық түр өзгерістерін түзеді.) Аллотропиялық түр өзгерістерінің ішіндегі маңыздылары – ақ және қызыл фосфор.

 

 

         IV кезең – «Ой толғаныс»

(Оқулықпен жұмыс істеп, Венн диаграммасын толтырады).

Мұғалім толықтырып, қорытындылайды.

         Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеті олардың құрылысымен түсіндіріледі. Соның ішінде ақ фосфордың құрылысы толық зерттелген. Оның молекулалық кристалл торы бар. Ақ фосфордың молекуласы төрт атомды Р4 және үш қырлы пирамида тәріздес. Фосфордың әрбір атомы пирамиданың төбесіне орналасқан, кристалл торы молекулалы болғандықтан жеңіл, тез балқиды және ұшқыш, органикалық заттар жақсы ериді. Қызыл, қара фосфорда атомдық кристалл торы бар. Сондықтан органикалық еріткіштерде ерімейді, ұшпайды, улы емес.

Химиялық қасиеттері.

1)    Ақ фосфор қызыл Р-н химиялық қасиеттері бойынша да қатты ерекшеленеді. Мысалы ақ фосфор ауада жеңіл тотығады, өздігінен шығарады, химиялық энергияны тікелей жарық энергиясына тұтанады,  химиялық энергияны тікелей жарық энергиясына айналдырады,со ндықтан оны су астында сақтайды, қараңғы да жарық шығарады,

2)         6e           II+2IІI-3                                                 

2P0+3Z0nZn3P2          тотықтырғыш         

     6e                                                                              

3)    2P0+3CL02 →2P+3CL-13                                        

    10e

2P0+5Cl02→2P+5Cl-15                        тотықсыздан.         

    20e

4)    2P+5O2→2P+52O-25

    6e

5)    2P+3H2→2P-3H+13      тотықтырғыш

                         Тотықтырғыш                  тотықсыздандырғыш

         image1

 

Сәйкестендіру тест:

Zn3P2                салыстырғанда негіздік қасиеті әлсіз.

PH3                         зиянкес кемірушілерге қарсы қолданылады

NH3                  ерекше иісі бар, өте улы зат.

Қолданылуы  /тірек-сызба арқылы, экраннан түсіндіріледі/

Шырпының басына жанғыш заттар – күкірт пен KClO3 қоспасы желіммен отырғызылады. Қораптың жанына – қызыл фосфор мен шыны ұнтағы желіммен отырғызылады. Шырпының басын қорапқа үйкегенде, қызыл фосфор бертолле тұзынан (KClO3) от алып тұтанады./оқушылар тиісті реакция теңдеулерін жазады/

 

 /оқушылардың есте сақтауы тексеріледі/

VI кезең:1. Үйге тапсырма

               2.Оқушыларды бағалау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по химии"Оқытудың белсенді әдістері –білім беру үдерісіндегі әрекетшіл және құзіретті қадам""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 845
    • DOCX 741.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаржанова Гулжазира Кереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаржанова Гулжазира Кереевна
    Жаржанова Гулжазира Кереевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22343
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания химии в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 262 человека

Курс повышения квалификации

Методика реализации образовательного процесса и мониторинг эффективности обучения по дисциплине «Химия» в соответствии с требованиями ФГОС СПО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 574 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по химии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 352 человека

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек