Инфоурок Начальные классы ПрезентацииПрезентация сценария новогоднего праздника "Жана жыл"

Презентация сценария новогоднего праздника "Жана жыл"

Скачать материал

Жаңа жыл мерекесі

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.

 

1-жүргізуші:

-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2- жүргізуші:

·                                 Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

1-жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа  тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың.

Көргендер де көрмеген де арманда.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

2-жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.

Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

1-жүргізуші:

·                                 Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.

2- жүргізуші;

·                                 Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

/Ортаға қазақ  биімен “Айгөлек” тобы/

1-жүргізуші:

Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті ұстазы  Мира Жұмабекқызына, береміз.

2- жүргізуші:

- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы ата –аналар комитетінің төрайымы Сапаркүл апайға  беріледі.

1-жүргізуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Ұлу   жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

”Жаңа жыл” әні

2- жүргізуші:

-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші:

·                                 Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.

·                                 Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.

·                                 Аяз ата келеді Ақшақармен,

·                                 Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./

Аяз ата:

Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,

Нарына нарық заман мінгескен ел.

Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,

Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, Ата!

Аяз ата:

Уағалейкумассалаум, балам!

2-жүргізуші:

Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.

Аяз ата:

·                                 Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?

1-жүргізуші:

-  Күріші майысып билеген,буырқанып мұнайы гүрлеген Сыр өңірі Қызылорда қаласындағы № 7 орта мектепке келдіңіз

Аяз ата:

- Бәрекелді, балам! Сыр өңірі  ән мен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?

2-жүргізуші:

- Әрине, ата! Қазақтың  шырайын кіргізер бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.

Аяз ата:

-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.

/Боз жорға   биі/

1-жүргізуші:

-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?

2-жүргізуші:

            Олай болса, ортаға «Балапан»ән тобын шақырамыз

1-жүргізуші:

- Сіздердің алдарыңызда Россия  өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар!  

Би: “Моряктар1а қыздары мен ұлдар тобы

2-жүргізуші:

-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда  «Балдәурен» ән тобы  

 

1-жүргізуші:

- Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./

2-жүргізуші:

- Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті әнге береміз «Дос болайық бәріміз»

1-жүргізуші:

-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Қоян” жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?

Аяз ата:

- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, қоян келсін...

/қоян жылы шығады./

Қоян жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.

Аяз ата:

·                                 Иә, Қоян  қайда тарттың?

Қоян жылы:

- Тарих қайнауына. Осы жерде Ұлу  бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде ұлу  жылы келеді./

Жаңа жыл:

- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, Қоян аға! Армысың, Ақша қар.

Аяз ата:

- Бар бол балам.

Қоян жылы:

·                                 Уагалейкумассалам, сен бала Ұлумысың?

Жаңа жыл:

- Дәл өзімін.

Қоян жылы:

- Айналайын келші, бір иіскейін. Ал, ұлужан ! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.

Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.

Жаңа жыл:

- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.

Қоян жылы:

- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!

1-жүргізуші:

Қош, өткен жыл!

Қош келдің Жаңа жыл.

2-жүргізуші:

·                                 Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

1-жүргізуші:

-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кез  де келді ғой деймін.

Аяз ата:

·                                 Болар, болар...

Уа!!!

Мен батамды берейін,

Үстем болсын мерейің

Әрқашанда бұл елге,

Қуанышқа келейін.

Жақсылық елден кетпесін,

Жамандық, келіп жетпесін.

Қызыр болсын жолдасың.

Әруақтар қолдасын!

Қара ниет дұшпаның,

Бұл жалғанда оңбасын.

Аман болсын, мал басың,

Адал болсын жолдасың.

Бейбітшілік заман болсын.

Ел іргесі аман болсын.

Осы айтқаным қабыл болып,

Батам менің тәммам болсын!

Әумин!

Жаңа жылдарың құтты болсын!!!

Барлығы бірге:

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл әні орындалады.

Кеш соңы бимен ұласады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация сценария новогоднего праздника "Жана жыл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 202 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.09.2015 1023
    • DOCX 60.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кенжебаева Галия Пирмахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кенжебаева Галия Пирмахановна
    Кенжебаева Галия Пирмахановна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5602
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс повышения квалификации

Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 524 человека

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе